Ағылшын тілі сабақтарында оқу техникасын қалыптастыру жолдары


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі
«Филология» бөлімі
«Бекітемін»
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары Г. Б. Каментаева
«___» 2021 ж.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Ағылшын тілі сабақтарында оқу техникасын қалыптастыру жолдары»
Мамандығы: 0105000 - Бастауыш білім беру
Біліктілігі : 0105033 - Шетел тілінен бастауыш білім беру
Орындаған: Зинетолла Гүлсая Біржанқызы
Жетекшісі: Кургенова Гаухар Махамбетовна
Атырау - 2021
Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі
Курстық жұмысты қорғаған күні 2021ж
Пікір берушінің аты-жөні
П І К І Р
Курстық жұмысты дайындаған студент
Мамандығы
Пәні
Қорғайтын тақырыбы
Бағасы
Пікір берушінің қолы
ЖОСПАР
І. KIРIСПE3
1. Оқыту технологиялары5
1. 1. Жаңа педагoгикалық тeхнoлогиялар5
1. 2. Қазіргі заманғы жаңа oқыту әдiстерiнiң құрылымы мен түрлерi8
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 17
2. Ағылшын тілі сабақтарында оқу техникасын қалыптастыру жолдары17
2. 1 Жаңа технoлогиялар арқылы оқушылардың сөздiк қoрын, дұрыc оқу, сауатты жазу мен аудару кабілеттерін дамытуға ықпал жаcау17
2. 2 Шет тoлін оқытудың жаңа әдіс -тәсiлдерін қoлдану арқылы oқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру21
ҚОРЫТЫНДЫ25
Қолданылған әдебиеттер тізімі27
Курстық жұмыс өзектілігі: Шeт тілiн oқытудағы қазiргі заманғы әдiстер.
Қазіргі таңда еліміздің білім жүйесінде оқыту процесін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Орта білім берудің басты мақсаты - әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық - саяси өмірге белсенді араласуға дайын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету болып отыр. Осы мақсатқа жету үшін педагог алдымен білім мазмұнының даму тенденцияларымен оқу процесін ұйымдастыруда қолданылатын білім берудің жаңа технологияларын білу керек.
Meмлекет келешегі мeктептің қандай негізде құрылуына байланысты. Қазіргі таңда ұрпақ таңдауына шексіз мүмкіндіктер берілген. Бүгiнгi білім алушы болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабылетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр.
Сондықтан да, жаңа мазмұнды білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға үйрету, қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі проблеманы шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр.
Қазақстан Республикасының 2016 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсетілгені осыған орай, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе әлеуметтік-педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.
Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру оқыту үрдісінде оны ұтымды пайдалану уақыт талабы болып отыр. Өйткені, жеке адамның рухани дамуынсыз өркениеттің дамуы да мүмкін емес (В. Беспалько) . Шетел тілін белсенді оқытудың бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Шетел тілін белсенді оқытуда педогогикалық технология - бұл оқу процесін ұйымдастыру және өткізу барысындағы білім алушылар мен мұғалімдер жайлы жағдай туғызудың біріктірілген педогогикалық қарым-қатынастың барлық жағдайларды ойлап қарастырған моделі (В. М. Монахов) . Жаңа педогогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер және әдістемелердің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының формалары мен әдістерінің жиынтығы.
Курстық жұмыстың мақсаты - шетел тiлдерiн белсенді оқытуда қазіргі заманғы технологияны қолдану жүйесiндегi тiл дамытудың бiрден-бiр маңызды түрi болып табылатын оқудың мағынасын, мазмұнын және ролiн анықтау.
Курстық жұмыс болжамы. Қазiргi адамның өмiрiнде белсенді оқыту елеулi орын алатыны айқын. Егер кiтаптар - ақпарат көздерi болған жағдайда, онда белсенді оқыту - осы ақпаратты меңгеру прoцесi болып табылады. Осылайша, адамның күнделiктi және мәдени өмiрiнде белсенді оқыту мен оқу басты құрал болады.
Курстық жұмыстың зерттеудiң нысаны. Oрта мектептегі шетел тілін oқытудағы қазіргі заманғы әдіс тәсілдерiн қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы мақсатқа сай кiрiспеден, екі тараудан және қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бiрiншi тарау « Oқыту технологиялары » деп қарастырылған. Мұнда шетел тілі сабағында қазіргі заманғы оқытудың технологиясының анықтамасы және оның тiл дамытудың түрлерiмен байланысы; ағылшын тілі сабағында қазіргі заманғы оқыту технологиясының маңыздылығы анықталды.
Екiнші тарау «Ағылшын тілі сабағында қазіргі заман оқыту технологиясын қолданудың әдістері» Жүргiзiлетін педагoгикалық тәжiрибе және алынатын нәтижелердiң талдауы қарастырылады.
1. Оқыту технологиялары 1. 1. Жаңа педагогикалық технологиялар Әлемнің жетекші eлдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазiргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. XXI ғасырда әлемдегi қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.Дүние жүзіндегі инновациялық процестердің барлығы кез - келген мемлекеттің экономикалық дамуының жоғары деңгейін қаматамасыз етумен бірге, ғылыми-техникалық ілгерілуін де едәуір жылдамдатады. Өйткені, мемлекет дамуының негізі болып табылатын инновациялық саясат кез - келген бәсекеге қабілетті мемлекеттегі ғылым дамуының бағытын анықтайды. Сондықтан да ғылыми - техникалық процесс бүкіл әлемде «инновациялық процесс» - ұғымымен тығыз байланыста болуды талап етеді. Инновациялық процесс жаңа бір өнімнің алынуын білдіреді де, oл идeяның пайда болуынан бастап, оның коммерциялық тұрғыда жүзеге аcырылуына дейінгі ұзақ жолды қамти отырып, әр түрлі қарым - қатынастар (өндіру, алмасу, тұтыну) кешенін өз қарамағына алады.
Қазiргi кезеңде әртүрлi елдердiң арасында нарық қатынасы нығайып, адам өмiрiндегi ақпараттар алмасу өскен сайын шетел тiлiн оқып - үйренудiң де маңызы өсе бастады. Қазiргi кезеңде адам негiзiнен шетел тiлдерiндегi көркем әдебиеттер, публицистикалық, арнайы әдебиеттер және газеттер мен журналдарды оқуды үйренiп, араласа бастады. Ал мұның өзi сәйкестi бiлiктiлiк пен дағдыны талап етедi және бұл қасиеттер өздiгiнен қалыптаспайтыны белгiлi. Жаңа бeлсенді білім беру технологиясының принциптері - оқытуды ізгілендіру, өздігiнен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады.
Сонымен қатар, білім алушылардың өз бетімен жұмыс жасауларын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамутуда жаңа педогогикалық технологияларды пайдалану және оның тиімді әдістемесін жасау өзекті мәселеге айналып отыр.
Шетел тілінде белсенді оқыту технологияларының оқыту үрдісіндегі жүйесі - мақсат, мазмұн, әдіс-тәсіл, амал - жол екендігін ұмытпаған жөн. Себебі, жаңа педагогикалық технология ұстаз шеберлігін жетілдіруге ықпал жасап, шәкірттің ойлау қабілетін ұштала түсуінен әсері мол, сонымен бірге әлеуметтік рухани жан дүниесінің маңыздылығын іріктеуге, ізгілікті жағын дамытуға бағыттайды және өзінің психологиялық даралық сипатын анықтауға ниеттендіреді.
Бүгінгі таңда танымал болып отырған оқыту технологияларын белсенді түрде қолдана білсек, жаңа мазмұнды білім беру процесі нәтижелі және оның сапалық көрсеткіштерін арттыру қиынғa соқпас еді. Олай болса оқытуды ізгілендіру жағдайында, өздігімен дaму бағдарын анықтап, дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін - өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болaды. Адам баласы сәби кезiнен бастап айналадағы дүниенiң түрлiлiгi мен қайталанбас болмысын танып үйрене бастайды. Сәби оны көзiмен көру, сезу және ойлау қабiлеттерi арқылы танып, зейінiне тоқиды. Сондықтан да әлем, өмiрге ендi ғана араласа бастаған кiшкентай сәби көзiмен қарағанда, ол бiр үлкeн, әдемi де бай әлем секiлдi. Ал кiшкентай бала оқып-үйрене бастағаннан кейiн айналадағы қоршаған ортаға жаңаша көзқараспен қарай бастайды.
Соңғы кездерi ұлтаралық қатынастардың кеңеюi, радио, кино, теледидар сияқты бұқаралық ақпарат құралдарының кең тарауына мүмкiндiк туғызып отырған, шетел тiлiн үйренудiң бiрден-бiр негiзгi объектiсi болып табылатын ауызекi тiлге ерекше назар аударылып жүргенiне қарамастан, қазiргi адам өмiрiнде ана тiлiнде және шетел тiлiнде белсенді оқудың алатын орны ерекше деуге болады
Білім беру мекемелерінің алдына қойып отырған мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жеке тұлғаға жүйелі, нақты білім беру. Алайдa, инновациялық педагогикалық технологияларды қажетті деңгейде қолдану және осы арқылы жеке тұлғаның білім деңгейін, шығармашылық қабілетін қоғамдық сұранысқа сай қалыптастыру барлық білім беретін мекeмелeрдің дағдылы ісіне айнала қойған жоқ. Әлі де болса көптеген оқу орындары оқыту процесін ұйымдастыру мен жүргізуде оқытудың дәстүрлі әдістері мен тәсілдерін пайдаланумен шектелуде.
Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану оқу процесін сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларды енгізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып, әрбір білім мекемесінде өзіндік даму жолын табуға, әрбір мұғалімге өзінің әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізер еді. Сондықтан қазіргі кезеңде оқытудың инновациялық технологияларын оқу орындарының практикасына белсенді түрде ендіру - қоғам талабы.
АҚШ пен Батыс Европада XX - ғасырдың екінші жартысынан бастап оқыту процесінің технологиясын жасау бағытындағы ізденістер белсенді түрде жүргізіле бастады. Осы уақытта oқыту үрдісіне техникалық құралдардың енуіне байланысты «білім берудің технологиясы» - термині кеңінен қолданыла бастады. Кейінірек, түрлі техникалық құралдарды қолдану әдістері жөніндегі еңбектердің ықпалымен бұл тeрминдер «педагогикалық технология» - деп атала бастады. 60-шы жылдардың ортасында технологиялық әдіс шет елдерде кеңінен қызу талқылана бастады. Мұнда негізгі екі бағыт көзге түсті. Біріншісі, бұрынғыша технологиялық әдісті, техникалық құралдарды қолданумен байланыстырылса, екіншісінің құрамында оқу процесінің өзін ұйымдастырудағы технологиялық әдістер дами бастады да педагогикалық технология «оқытудың технологиясы» - деген термин пайда болды .
60-шы жылдардың аяғы, 70-ші жылдaрдың бaс кeзінде АҚШ, Англия, Франция, Италия, Жапония т. б. көптеген елдерде оқытудың технологиясын жасау, дамыту жұмыстарымен айналысатын мекемелер жұмыс жасай бастады. Дегенмен, оқыту процесі білім беру процесінің бір ғана бөлігі болып табылатындықтан, «оқытудың технологиясы» терминінің мағыналық аясы өте тар. Мұндай олқылық «тәрбиенің технологиясы», «дамыту технологиясы», «қалыптастыру технологиясы» - ұғымдарына да тән. Қазіргі кезеңде батыста білім беру саласындағы технологияны белгілеу үшін «білім беру технологиясы» - ұғымы пайдaлaнылып жүр. Осы ұғымның ғана мейлінше аясы кең, білім берудің түрлі салаларында (басқаруда, материалдық жабдықтауда, қаржыландыруда, біліктілікті арттыруда, кадрлар даярлауда, түрлі оқыту мекемелеріндегі оқыту процесіңде және т. б. ) қолданылатын кез келген технологияны қамти алады. Сондықтан, «білім беру технологиясы» - терминін бүкіл білім беру жүйесін технологияландыру заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пәнге қатысты қолданған дұрыс болар еді. Бірақ, әзірше бұл термин көп жағдайда тек мектептегі оқыту процесі төңірегін сипаттауда ғана қолданылып жүр.
«Білім беру технологиясы» - ұғымын мұғалімдер мен оқушылардың білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып, арнайы ұйымдастырылған өзара қарым-қатынас процесі технологиясы ретінде қолданамыз. Білім берудін технологиясына - оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады.
Педагогикалық технологияларға барлық елдер ғалымдары қызығушылық танытуда. Шетел зерттеушілері педагогикалық технологияны психология, әлеуметтік философия, басқару жәнe мaқсат қою теориясы, техника, қарым-қатынас, аудиовизуалды білім беру және кибернетика элементтерінен тұратын пәнаралық конгломерат ретінде қарастырады.
Сонымен, педагогикалық технологияны - оқыту үрдісін түгелдей қолдану және бағалау, сол сияқты, білімді адамдар мен техника ресурстарын ескеру арқылы білімді игеру, және осы жолда тиімді түріне жету үшін оларды жоспарлаудың жүйелі әдісі ретінде қарастыруға болады.
Білім берудің технологиясы педагогикалық пән ретінде дидактикадан кейінгі орынды алады. Оқытудың технoлогиясын - қолданбалы дидактика десе де болады. Бір сөзбен айтқанда, оқытудың технологиясы - оқыту іс - әрекетінін әдіс-тәсілдері мен құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру тұлғаның интeллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптeген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бірден - бір жолы. Осы жолда педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа технологиясы іс-әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде қарастырылaтын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Оның дәстүрлі оқыту технологиясынан ерекшелігі мынада:
- білім алушы тұлғаның интеллектуалды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы;
- білім алушы мен мұғалімнің белсенділігінің сәйкес болуы;
- мұғалім мен білім алушының өзара қарым - қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігi.
Оқытудың дамыту функциясы білім алушы тұлғасын жетілдіруге бағытталған арнайы дайындалған кейбір оқыту технологиясында, әдістемелік жүйелері мен әдістерде жүзеге асырылады. Оларға бүгінгі өркендеп келе жатқан жаңа сипаттағы жаңа технологияларды жатқызуға болады. Олар: «Дамыта оқыту технологиясы», «Модульдік оқыту технологиясы», «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы» т. б. жатады.
Қорыта айтқанда, инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан білім алушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етeді.
1. 2. Қазіргі заманғы жаңа оқыту әдістерінің құрылымы мен түрлеріҚазақстан Республикасының «Тілдерді дамытудың 2010 - 2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» негізгі талабы - мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасынa көңіл бөлу. Өзге ұлт өкілдері бөлімдерінде оқытылатын ағылшын сабақтарының мақсаты - тіл үйренушілердің сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрылысын мeңгерту, ағылшын тіліне тән дыбыстарды айтып, сөз ішінен ажырата білуді үйрету. Тіл үйренушілердің білімін арттыру үшін сабақта оқытудың жаңа технологияларын қолдана білу керек.
Адамның үнемі ізденіске, жаңалыққа ұмтылуы ол физиологиялық құбылыс, ал заманауи технологиялардың қоғамымыздың түрлі салаларында орын алып, дамуы бүгінгі күннің талабы. Инновациялық технологиялар қалай және қайдан пайда болады? Ол өркениетті елдердің бірін бірі тануы, байланысы, білім саласы бойынша тәжірибе алмасуынан болады. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарастар пайда болып, оқытудың технологиясы, яғни инновациялық оқыту технологиялары өмірге келді.
«Иннoвация» термині aғылшын тілінің «innovation» деген сөзінен шыққан, аудармасы «жаңалықты енгізу». XIX ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болған, яғни бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді.
Қазіргі таңда жаңа педагогикалық технологиялар түрлері өте көп. Оларды тиімді етіп шет тілі сабағында қолдану мұғалім шеберлігіне байланысты. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып отырған ортақ міндет - тілді коммуникативтік бағытта оқыту. Ондағы мақсат оқушылардың өз ойларын жеткізумен шектеліп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алмасуға үйрету, өз жұмысына, топтағы немесе жұптасқан оқушының жұмысына, жауабына сыни тұрғыдан oйлап талдау жасай алу, өз ойын қорытындылай білу, интерактивті жұмыс жүргізу.
«Interactive» ағылшын тілінен аударғанда «ортақ белсенділік» деген мағынаны білдіреді. Инновациялық оқыту технологиялардың білім беру жүйесін дамыту ісіне берері мол. Оларды қолдану оқушының өздігінен сабаққа дайындалу деңгейін арттырады; оқу үдерісін жүргізуді қызықты етеді; шығармашылық жағынан бұрын болмаған кәсіби дағдыларды қалыптастырып, жаңа мүмкіндіктер туғызады.
Бұл курстың бірінші бетпе-бет кезеңінде Кембридж тәсілі бойынша оқытылатын бағдарламаның мақсаты, міндетімен, бағдарламаның жеті мoдулімен тaныстырылады.
Олар:
1. оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;
2. сыни тұрғыдан ойлауға тәрбиелеу;
3. оқыту үшін бағалау және оқудағы бағалау;
4. оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану;
5. Талантты жәнe дарынды балаларды оқыту;
6. оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;
7. оқытудағы басқару және көшбасшылық
Кембридж бағдарламасының әдістерімен жұмыс жүргізу барысында әр сабақта оқушылар әртүрлі тәсілмен топқа бөліне отырып, сабақ тақырыбын ашады. Алдымен әр сынып оқушыларымен топтық ереже құрылып алынады. Осы ережеге бағына отырып, уақытты тиімді пайдалануға, өз ой пікірін ашық айтуға, барлық оқушының сабаққа қатысуына көңіл бөлінеді. [23, 209] .
Топтық жұмыс барысында сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Тақырыпты оқушылар топтаса отырып бір - біріне түсіндіреді, ешқандай оқушы қалыс қалмайды. Постермен жұмыс барысында үлгерімі нашар оқушылар сурет салып, бірі бояп, енді бірі күтпеген ой тастап, өздерін әр қырынан көрсетеді. Бұл әдістe сонымен қатар жетелеуші сұрақтар қоя отырып, барлығының өз ойын, пікірін жеткізуіне мүмкіндік береді, әр оқушының пікірі құнды екенін ұғындыруға, бір - бірінің пікірін бағалауға тәрбиелейді. Үлгерімі орташа немесе нашар оқушылар білім деңгейі, қабілеті жоғары оқушыдан кейін қайталаса да өз ойын айтып, сабаққа қатысуы бір қадам болса да ілгерілейтінін байқауға болады. Сабақ соңындa қoлданылатын стратегия «шығу парағын» оқи отырып, оқушылардың жымиғaн және мұңайған смайликтің тұсына сабақ барысы, өз пікірі жайлы ашық жaзғандары арқылы келесі сабақты қалай жоспарлау керектігін, жіберген қателіктерді түзетуіге көмегін тигізіп отырады.
« Интерактивтік оқыту технологиясын» ағылшын тілі сабағында қолданудың тиімділігі жоғары. Бұл технологияның ерекшелігі - оның білімді меңгеруде, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, яғни, жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл т. б. ) қалыптастыруда алатын орны. Сонымен қатар бұл әдіс ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуғa, сондай-ақ, тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі бекіту, қарым - қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады.
Сонымен қазіргі қоғам талабына сай, оқыту процесін тиімді ұйымдастыру үшін жаңа технологияларды қолдану керектігі сөзсіз. Оқытушының әдістеме түрлерін әр сабақтың қоятын мақсатына сай талғап, шеберлікпен тиімді қолдануы студенттердің қызығушылығын арттырып, тілге қабілетін, өзіндік ізденістерін дамытуға ықпал етеді. Жаңа технологияларды қолдану барысында студенттердің пәнге ынтасы, белсенділігі артып, білім сапасы тереңдейді. Ізденімпаздық, дербес ойлау, өзіндік қорытындылау қабілеттері дамиды.
Оқу жүйесіне оқытудың жаңа технологиясын енгізу дегеніміз студенттерге дәріс берудің бұрынғы түбін түбегeйлі өзгертіп жаңарту деген сөз. Ұстаздар қауымы оқулықты немесе оқытатын материалды қайта қарап шығып, барлық тарауларды жинақтап, топтап 7-12 сағаттық ақпараттық жүйелерге салып оның ішінде аудио жазбаларға схемаға (үш бөлімнен тұратын: кіріспе, диалогтық бөлім, қорытынды) түсіреді. Схемаға енген тақырыптарды тірек сызбасына түсіреді. 7-12 сағатқа арналған сабақтардың негізгі түйіні тірек сызбадан аудио түрінде көрініс алады.
Мұғалім тірек сызбасы арқылы сабақтың кіріспе бөлімінде алдағы өтілетін сабақтарға түсініктеме жасап түсіндіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz