Ағылшын тілін оқыту құралдары


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. Дүтбаева атындағы Атырау Гуманитарлық колледжі
Филология бөлімі
«Бекітемін»
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары Г. Б. Каментаева
«___» 2021 ж.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ағылшын тілінде оқуға үйрету жолдары
Мамандығы: 0105000 «Бастауыш білім беру»
Біліктілігі : 0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі»
Орындаған: 4(9) А топ студенті Саясатова Н. Қ.
Жетекшісі: Ағылшын тілі пәні оқытушысы Кургенова Г. М.
Атырау, 2021
ЖОСПАР
I. КІРІСПЕ. АҒЫЛШЫН ТІЛІ ӘЛЕМДІК ТІЛ РЕТІНДЕ . . . 3
1. 1. Ағылшын тілін оқыту, оның әдістері . . . 5
1. 2. Ағылшын тілін оқытудың формалары мен әдістері . . . 6
1. 3. Ағылшын тілін оқыту құралдары . . . 8
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚУҒА ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ
2. 1. Ойын элементтерін ағылшын тілі сабағында қолдану . . . 14
2. 2. Ағылшын тілін оқытуға арналған ойындар . . . 20
III. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 29
Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі
Курстық жұмысты қорғаған күні 2021ж
Пікір берушінің аты-жөні
П І К І Р
Курстық жұмысты дайындаған студент
Мамандығы
Пәні
Қорғайтын тақырыбы
Бағасы
Пікір берушінің қолы
КІРІСПЕ
Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше . Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру - бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды.
«Біз үштілділікті дамыту қарқынын үдетіп отырмыз» Бұл ойдан шығарған дүние емес, қажеттілік. Қазірдің өзінде қазақстандықтардың 20 пайызы ағылшын тілін меңгерді. Яғни, үш тілді меңгеру, білу - бұл жаһандық әлемге жолдама деген сөз. Бұл адамның өмірдегі табыстылық, жетістік принцпі. Жаһандық әлемде біздің балаларымыз «Планета азаматы» болады. Сондықтан да олар әлемнің кез келген өңірінде жұмыс істеп, күнін көре алатын болады. Яғни, бүгінгі күрделі әлемде біздің балаларымыз өздерін «судағы балықтай» сезінуі керек, біз соған жағдай жасап жатырмыз», - деді Н. Назарбаев. Осыған байланысты, жақсы білім беруді мақсат тұтқан әрбір оқытушы жолдауды қолдай отырып студентің ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып, дамытып отыру керек. Ағылшын тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Студенттердің ағылшын тілін біліп ғана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуге көп көңіл бөлінеді. Ағылшын тілін оқытудағы білімділік мақсаты - шетел тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым-қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты - өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауғай алуды қалыптастыру. Оқытушы шеберлігінің өзегі - тіл байлығымызды дәлірек айтсақ, ойды жүйелеуге қажет сөздік қорының деңгейімен және сөйлеу мәдениетіміз бен сабақтас екендігін байқар едік. Ол үшін оқытушы біріншіден, өзі тілді еркін білуі қажет. Екіншіден - студент түсінікті тілде сабақ алуы қажет. Демек түсінікті тілде білім беру кәсіби біліктілікті қалыптастырудың қағидалық аксиомасы екендігін әр кез басшылыққа алуға тиістіміз.
Әлемдік ғаламдандырудың өткізгіші, ғаламдандыру тілі болып танылған ағылшын тілін білу - ағылшын тілді елдермен тиімді байланысқа түскен әлемдік деңгейде өз орнын ойып тұрып ала бастаған Қазақстан үшін қажеттілік. .
Елбасы «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек» - деген. Демек, ағылшын тілін білмей, заман талабына лайықты, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға толық қол жеткізе алмаймыз. Іргелес мемлекеттерден анағұрлым ілгері тұрған Қазақстан қазіргі жетістіктерімен шектеліп қалмау үшін де көптілділікке ұмтылуда. Өйткені, еліміздің біліктілігі мен сауаттылық деңгейін әлемге танытып, алпауыт мемлекеттермен тереземізді теңестіру мүмкіндігіне жетелейтін қадамдардың маңыздысы - көптілділік.
Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Мектеп жасына дейінгі балаларды шет тіліне оқытуда коммуникативтік құзыреттілік негіздері біртіндеп дамиды. Ерте жаста ағылшын тілін меңгеру келесі аспектілерді құрайды: Мұғалімнің ағылшын сөздерін фонетикалық тұрғыдан дұрыс қайталай білуі, яғни есту зейінін, фонетикалық есту және дұрыс сөйлеуді кезең-кезеңмен қалыптастыру; Ағылшын сөздігін меңгеру, жалпылау және бекіту; Күрделі емес грамматикалық құрылымдардың белгілі бір санын игеру. Оқу іс-әрекетінің әдістемесі лингвистикалық мүмкіндіктердің жас және жеке ерекшеліктерімен байланысты және оларды дамытуға бағытталған болуы керек.
Зерттеу жұмысының пәні - балаларды ерте жастан шет тіліне оқыту әдістемесі.
Зерттеу жұмысының мақсаты - бастауыш сынып оқушыларын оқытуда ағылшын тілін оқытудың әдістері мен оқыту техникасын қолдануды қарастыру.
Зерттеу жұмысының мақсатына сай мынадай міндеттер алға қойылды:
-ағылшын тілін меңгертудің тиімді жолдарын анықтау;
-оқушылардың білімін тереңдетіп, тілді үйренуге деген ынтасын көттеру;
-балалардың тыңдау сөйлеу, жазу және оқу қабілетін дамыту;
-сөздік қорды кеңейту;
Зерттеу құрылымы: кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. АҒЫЛШЫН ТІЛІ - ӘЛЕМДІК ТІЛ РЕТІНДЕ
1. 1. Ағылшын тілін оқыту, оның әдістері
Ағылшын тілі - дүниежүзілік тіл. Бірақ, алғаш ретотарлауды бастаған голландықтар мен испандықтар. Ал, олардың тілі неге әлемдік тілге айналмады? Өйткені голландықтар біздің тіл көркем, әуезді, сендер грамматиканы білмейсіңдер, тілді бұзасыңдар, - деп отар елдерді өз тілінде сөйлетпей қойған. Ағылшын тiлi пәнiнiң басты мiндетi - шәкiрттердiң тiлдiк қарым-қатынас жасай алу бiлiктiлiгiн жетiлдiру. Ағылшын тілін оқыту барысында белгілі бір әдістемені қолдану әр түрлі шарттарға байланысты болып келеді. Ең бастысы ағылшын тілін оқытудың алдына қойылатын мақсаты. Сонымен қатар ағылшын тілін оқып-үйренуге бөлінген уақыт, сағат саны да белгілі бір әдістемені қолдануға ықпал етеді. Шет ел тілін оқып-үйретуде шәкірттердің жас ерекшелігі де әдістеме таңдауда ескерілуге тиіс. Оқыту шарттарының ішінде оқыту мақсаты аса маңызды рөль атқарады.
Адамзат тарихында білім берудің әр алуан әдіс-тәсілдері әзірленген. Соның ішінде оқыту әдістеріне келесілер жатады: логикалық ойлау; рольдік ойындар; тізбектеу әдісі; проблемалық оқыту; проекттілік (жобалау) әдісі; миға шабуыл; анализдеу; пікір таластыру; сұрақ-жауап; шығармашылық қалыптасу әдісі; интерактивті әдістер; коммуникативтік; витагендік әдіс; іс-әрекеттік және аралықтан (қашықтан) оқыту әдісі. Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады. Сондай-ақ ағылшын тілі грамматикасының кейбір ерекшеліктері түсіндіріледі. Көрнекілік әдісі - сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі әрі жиі қолданылады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эстетикалық талаптарға сай әрі екі немесе үш түстен болуы керек. Бұл әдістің сөздік қорды дамытуда орны бөлек. Келесі әдіс - сұрақ-жауап әдісі. Бұл - балалардың тілін дамыту үшін манызды әдістің бірі. Қай сынып болсын, сабақтың қай кезеніңде болсын қолдануға қолайлы, өте белгілі де тиімді әдіс. Практикалык әдіске ойын элементтері бойынша тіл үйрену кіреді. Дидактикалық ойындар оқушылардың білімін бекітіп, сөздік қорын молайтады. Оқытушы ойынның тәртібін білмейтін балаға үйретеді, түсіндіреді. Рөлге бөліп ойнайтын ойын баланың ойын өз бетінше тұжырымдап айтуына көмектеседі.
Интерактивтік деген сөз энциклопедияда көрсетілгендей, интеракция деген ұғымнан келіп шығады. Ал интеракция жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетке бір-біріне кезегімен әсер етуі. Бұл әдіс, әсіресе, сұхбат құруда оқушылардың белсенділігін арттырады, бірігіп жұмыс істеуге үйретеді. Олардың ізденуін, шығармашылық пен әрекет етуін қамтамасыз етеді. Интеракция кезінде оқушылардың істі ұйымдастыра білу қабілеттері де көрінеді. Интерактивті әдіспен сабақ өткізу кезінде оқытушы кеңесші, серіктес рөлін атқарады. Ал топ белсенді түрде әрекет ете отырып, бірін-бірі қолдау, толықтыру арқылы сұхбат құруға үйренеді.
Оқыту процесі, әсіресе, тіл үйрету өте күрделі де қиын жұмыс. Ол ақпараттарды жүйелеу мен қабылдаудан, таным мен түсініктен, бақылау мен анықтаудан, өңдеу мен салыстырудан, есте сақтау мен ізденуден тағы басқалардан тұрады. Оқыту процесі жыл сайын толығып, жаңарып отыратындықтан, қазіргі тіл үйренушіге қойылатын талап та, жауапкершілік те арта түседі. Соңғы кездері оқушылардың мүмкіндіктерін ашып, белсенділігін арттырып, қызығушылығын оятуға арналған жаңа әдіс-тәсілдер қалыптаса бастады. Ол тәсілдер тіл үйренушінің дербес танымдық белсенділігін арттыратын жаңаша оқыту әдістемесі.
Жаңаша оқыту әдістемесі дегеніміз - тілді жаңа озық технологиялармен оқыту деген сөз. Ал бұл озық технология бұрыннан келе жатқан әдістерді өңдеу, жөндеу, талдау арқылы жетілдіру, жаңа жолдарды іздестіру, сол бағытпен жұмыс істеу дегенді білдіреді. Жаңаша оқытудың көздейтін мақсаты оқыту процесін үйрету емес, тіл үйренушіге ерік беру, таңдау жасату, оған бағыт-бағдар беру, бақылау арқылы оның қабілеті мен мүмкіндігін ашу. Сондай әдістеменің бірі - белсенділікті арттырып оқыту. Бұл әдістемеге рольдік ойындар, өрнектеу, диаграмма арқылы тіл үйрету, іскерлік ойындар т. б. жатады. Бұл әдістемені пайдалану кезінде жаңа техника құралдары: аудио-бейне құралдар, әр түрлі көрнекі құралдар, компьютер, лайдпро, кодоскоптар қолданылып, үйренушінің тіл үйренуге қызығушылығын арттырады. Ақпараттар жиынтығын жақсы қабылдайды, белсенділігі жоғарылайды, өз бетінше естігенін, көргенін, байқағанын, бойға сіңіргенін ойда қорытады.
Әрбір тілдің ағартушылық мәні өте маңызды болып келеді. Кез-келген тіл сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетінің тікелей көрсеткіші. Оқушылар жаңа тілді үйрену үшін сол елдің халқы туралы хабардар болуы, өз ойын дұрыс әрі анық жеткізе алуы керек. Бұл - тілді оқытудың ағартушылық мақсаты.
Оқытудың тәжірибелік мақсатын түсіну үшін шет тілі пәнінің ерекшеліктері және білімдік қасиеттерімен таныс болу абзал. Бұл пәнді оқытуда білім алушы шет тіліндегі атауларын, құбылыстарын үйренеді. Үйрену ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру шет тілін игерудің тәжірибелік мақсаты болып табылады. Демек, оқушы шет тілін ауызша және жазбаша түрде пайдалана білуі керек.
1. 2. Ағылшын тілін оқытудың формалары мен әдістері
Тілдер әрқашан да мектепте, колледж және университеттерде оқуға міндетті пәндер қатарына кірді. Әрине, уақыт өте келе тілдерді, оның ішінде ағылшын тілін оқыту мен үйренуге деген әрқилы көзқарастар пайда болды - жаңа заттар қосылды және бір заттардан бас тартылды. Жалпы шет тілін үйретуде алуан түрлі әдістер бар.
- Грамматикалық-аударма әдісі(grammar-translation) Бұл тілді оқытудың ең көне тәсілі, алайда қазірдің өзінде өз маңыздығылығын жоғалтқан емес. Атауынан көрініп тұрғандай, бұл әдістің негізі грамматиканы зерттеу және аудармамен тығыз жұмыс жасау болып табылады. Қазіргі уақытта көптеген оқу орындары коммуникативті техниканың пайдасына осы әдістен бас тартқанымен, ол әлі күнге дейін кем ішінара қолданылады.
- Аудио-тілдік әдіс(audiolingual method) Бұл әдіс мінез-құлық постулатына негізделген, әр түрлі заттарды үнемі қайталау арқылы үйренуге және есте сақтауға болады деген. Ол материалды ауызша беруді және мұғалімнің жетекшілігімен әртүрлі лексикалық және грамматикалық құрылымдарды бірнеше рет қайталауды қамтиды.
- Тікелей әдіс(direct method) Бұл әдіс 1900 жылдары Франция мен Германияда әскери адамдарға шет тілінде қарым-қатынас жасауды тез үйрету үшін пайда болды. Оны табиғи әдіс деп те атайды. Бұл аудио-лингвистикалық тәсілге біршама ұқсас, өйткені ол әртүрлі құрылымдарды бірнеше рет қайталауды және өңдеуді қамтиды. Алайда, басты айырмашылық - бұл тіл индуктивті түрде ұсынылады, яғни мұғалім студенттерге ережені түсіндірмейді, керісінше, оларды тілдік материал негізінде түсінуге және шығаруға көмектеседі. Сондай-ақ, аудиолингвальды және тікелей әдісте оқытушы тек зерттелетін тілді қолданады, ана тілінде сөйлемейді.
- Толық физикалық әдіс(total physical response) Бұл әдіспен кіші жастағы оқушылармен - мектеп жасына дейінгі балалармен және кіші сынып оқушыларымен жақсы жұмыс істейді. Сабақта командалар мен тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге асады, мысалы: "Stand up!"- "Stand!», «Close the door!". Осылайша, студент уақыт өте келе күрделене түсетін қарапайым сөз тіркестерін есте сақтайды.
- Үнсіз әдіс(the silent way) Бұл әдіс оқушылардың тәуелсіздігіне көп көңіл бөледі: мұғалім, аты айтып тұрғандай, іс жүзінде сөйлемейді (мысалы, грамматикаға егжей-тегжейлі және ұзақ түсінік бермейді) . Оның орнына ол студенттерді бағыттайтын көмекші рөлін атқарады. Өткен лексика мен грамматика үнемі қайталанады. Көбінесе студенттер зерттелген материал бойынша ресми тест жазбайды; оның орнына мұғалім олардың жетістіктерін сабақтан сабаққа бағалайды.
- Лексикалық тәсіл(the lexical approach) Мұнда лексиканы зерттеу бірінші орынға қойылады. Бастапқыда ең жиі қолданылатын сөздер мен лексикалық құрылымдардың тізімі анықталады және зерттеу барысында біртіндеп, қарапайымнан күрделіге ауысады. Грамматикаға басқа әдістерге қарағанда аз көңіл бөлінеді
- Тапсырмаға бағытталған оқыту(task based learning) Бұл әдісте тіл үйрену кез-келген коммуникативті тапсырманы орындауға негізделген. Мысалы, мұғалім студенттерге "мейрамханада"тақырыбында диалог ойнау тапсырмасын береді. Жұпта немесе топта студенттер оны тек лексикалық және грамматикалық құралдарды қолдана отырып орындайды. Содан кейін тапсырманы сәтті орындау үшін қандай тіл қажет екендігі талданады, мұғалім студенттерге қажетті лексика мен грамматиканы береді, содан кейін ұқсас тапсырма жаңа тілдік құралдарды қолдана отырып орындалады.
- Қауымдастық әдісі(топтық жұмыс) (community language learning) Топтағы студенттердің жұмысына негізделеді; олар бір-біріне көмектеседі және бар тілдік біліммен бөліседі. Мұғалім қайтадан мұғалім емес, көмекші ретінде әрекет етеді.
- Коммуникативті әдіс(communicative language teaching) Қазіргі уақытта коммуникативті әдіс ең танымал. Оның негізінде, аты айтып тұрғандай, қарым-қатынас: оқытушымен студенттер, жұптардағы немесе топтардағы студенттер немесе бүкіл топ бірге. Оқытудың негізгі міндеті - студенттерге грамматиканы мұқият үйренудің немесе мәтіндерді аудара білудің орнына қарым-қатынас жасауды үйрету. Оқытушының оқушылармен қарым-қатынасы толығымен немесе толығымен оқытылатын тілде жүргізіледі. Оқушылардың қарым-қатынасы кез-келген түрде көтермеленеді; сөйлеуде қателер немесе дәлсіздіктер болса да, олар қарым-қатынас процесі сияқты қатты маңызды емес.
1. 3. Ағылшын тілін оқыту құралдары
Оқыту құралдарына оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру мен өткізу үшін көмек ретінде қолданылатын техникалық және техникалық емес құрал -жабдықтар, заттар жатады.
Мұғалім әрбір құралды қайда, қашан, қалай қолдануы және қандай нәтиже жетуге болатынын білгенде ғана құралдың пайдалы қолданылуына қол жеткізе алады.
Оқыту құралдарын топқа бөлу. Орта мектепте қолданылатын оқыту құралдарын мынадай топқа бөлуге болады:
1. Пайдаланылуына байланысты негізгі және қосымша
2. Оқушыға немесе мұғалімге арналған
3. Ақпаратты қабылдау түріне байланысы есту, көру, көріп есту
4. Техниканы пайдаланылуына байланысты техникалық және техникалық емес
негізгі оқыту құралына оқу-әдістемелік кешені: оқулық, мұғалімге арналған оқулық жатады. Бірақ, оқулық пен мұғалім кітабын пайдаланылғанда техникалық оқыту құралдары өте қажет.
Мысалы, 2 және 3 сыныпқа арналған оқу-әдістемелік кешенінде оқулықпен бірге дыбыстық жазба да бар.
Ал 4 және 5-сыныпқа арналған грамматиканы пайдалану ағылшын тілінің дыбысталуының айтылу дағдыларын үйретіп тыңдау және оқуды дамытады. Қосымша оқыту құралдарына компьютерлер мен бейне материалдар жатады.
Сонымен қатар, ағылшын тілі кабинетіндегі барлық құралдар қосымша құрал болып есептеледі.
2-сыныптадағы негізгі құралдарға-бағдарлама, мұғалім кітабы, оқулық, дыбыстық жазбалар, дидактикалық карточкалар жатады.
4-сыныпта- бағдарлама, мұғалім кітабы, оқулық, пластинкалар жинағы, көрнекілік жинағы, көрнекілік құралдар: суреттер, грамматикалық таблицалар, диафильмдер, кинофрагменттер, лингафондық практикум жатады.
5-сыныпта - бағдарлама, мұғалім кітабы, оқулық, пластинка,, көрнекіліктер жатады.
Қосымша құралдарға осы оқу-әдістемелік кешеніне кірмеген, міндетті емес құралдар : транспаранттар, кодоматериалдар, диафильмдер, тарату материалдары, ойыншықтар, т. б. заттар жатады.
1. Бағдарлама - бұл мұалімнің белгілі бір сыныпта жұмыс жүргізу үшін қолданылатын мемлекеттік құжаты. Мұғалім бағдарламаның түсініктемесін ұқыпты оқып, оқытудың мақсаты, мазмұнын біліп алу керек. Мысалы, 1985 жылғы түсініктемеде оқыту ауызша түрде жүргізіледі деген.
Бағдарламада оқушылардың сыныпта өзіндік жұмыс жүргізуін, олардың сыныпта тыс жұмытарына көңіл бөлінеді. Егер бағдарламада тіді оқыту бағыты өзгерсе, онда оқыту әдістемесі де згеруі тиіс.
Түсініктемеден кейін бағдарламаның өзі беріледі, онда оқытудың тақырыптары(үлгі) және оқытудың түрлеріне қойылатын талаптар көрсетіледі.
2. Екінші маңызды құрал - мұғалімге арналған кітап. Бұл оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын беретін құрал. Жұмысқа кіріспес бұрын, мұғалім сабақ жүргізуге қажетті қағидаларды анықтап білуге тиіс. Сабақтың мақсаты мен мазмұнын анықтағаннан кейін, қандай құралман жұмыс жасайтындығын анықтакп алады. Құралдардың керегін таңадап, болмаса өз бетімен әзірлеуі тиіс. Содан кейін мқғалім кітаптың түгел мазм ұнымен түгел танысыуы керек. Онда әр тоқсандағы жоспар құрады. Мұғалімдік кітапты әр ұстаз әр түрлі жүргізеді. Мысалы, кейбіреулер бұл кітапты пайдаланбайды, сабақ жоспарын өздігінше құрады. Басқалары кітапты қолданғанда өзгертулер енгізеді. Бұл дұрыс емес. Немесе кітапты қолданып бәрін кітаптағыдай әзірлейді де, белгілі бір сабақтың ерекшеліктерін ескермейді. Бұл да толық дұрыс емес.
Кітапты қолданудың ең дұрыс түрі - оны толықтырып, сынып оқушыларының ерекшелігі мен қабілетін ескеріп, жоспар жасау. Оны тәртіппен кітап толықтырылса, оқытудың негізгі құралдары таңдалады.
3. Оқулық - ағылшын тілін оқытудың негізгі құралы. Ол белгілі бір сыныпқа арналған оқу-әдістемелік кешенінің жүйесін қалыптастырады.
Мысалы, 4 немесе 2 -сыныпқа арналған оқулықта оның ауызша оқуға негізделгені көрсетілген. 4-сынып оқулығының бірінші бөлімі ауызша кіріспе бөлім суреттерімен берілген. Ал 2- сыныпта тапсырмалары бар суреттермен берілген және қосымша дыбыстық жазбалары бар.
Оқулықтың негізгі бөлігі бөлімдерден (Units) тұрады. әр сабақтың құрылымы сөйлеуге үйретуді қалыптастыру жолдарын көрсетеді. Мысалы, 2-сынып оқулығындағы әр Units-тің бірінші бөлігі ауызша сөйлеуге арналған (Look and say), екінші бөлігі оқуғ (Read), үшінші бөлігі жазуғ (Write), ал төртінші бөлігі үй тапсырмасына (Home work) арналған.
Мұғалім оқушыны кітаппен таныстыруы керек: белгілерді түсіндіріп, сөздікпен жұмыс істеуді үйрету. Оқушы кітабын жақсы пайдалана білсе, ағылшын тілін өзіндік оқуға мүмкіндік болады.
4. Оқуға арналған кітап ағылшын тілін оқуға үйренуге арналған құрал. Үйге тапсырмалар беру өте қажет. Қосымша мәтіндерді оқу тәжірибелік, тәрбиелік, ағартушылық, дамытушылық бағыттарымен берілген. Оқу мәтіндерінің ерекшеліктері оқуға қызықтырады, сол үшін оқудың тұрақтылығын және оны бақылауды сақтау керек. Мәтіндердің әдістемелік ерекшеліктері бар., олардың соңында тапсырмалар мен сұрақтар беріледі.
5. Дыбыстық жазба (таспа) . Шет тілін оқытуда дыбыстық жазбаның орны ерекше. Ол оқу құрамына кіреді және елтанушылық, лексикалық мәтіндер арқылы немесе әртүрлі диалогтар түрінде беріледі.
Сабақты ойын түрінде өткізу, көрнекі құралдарды, кесте, сызба, карта, тақырыптық суреттерді, аудио-видео құралдарын, интерактивті тақтаны пайдалану оқушылардың есте сақтау, көру, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыратыны сөзсіз. Ағылшын тілін үйретуде тілдік материалдың маңызы зор. Тілдік материалға фонетика, лексика, грамматика кіреді. Оқушыларға фонетикалық материалдарды меңгерту үшін жаңылтпаштар, тақпақтар, өлеңдер жаттатылады. Дыбысталуы, айтылуы ұқсас дыбыстарды өткенде мысал келтіріп немесе оқушылардың қате жібермеуі үшін дұрыс жұмыстар жүргізілуі керек. Мысалы, дыбыстарды балалардың дұрыс дыбыстауы үшін біріншіден оны жеке, екіншіден және кейінгі кезекте сөз тіркесінің құрамында бірізділікті сақтай отырып тыңдату қажет. (үнтаспаға жазылған әріптердің дыбысталуы, магнитафонмен тыңдатамын)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz