Ағылшын тілін оқытудағы қазіргі заманғы әдістемесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды Bolashaq жоғарғы колледжі

Курстық жұмыс
Пәні: Педагогика
Тақырыбы: Ағылшын тілін оқытудағы қазіргі заманғы әдістемесі

Орындаған: Жумаадан Айнур
Тексерген: Сұлтанбекова А.Қ

Қарағанды 2020

ЖОСПАР

КІРІСПЕ3
1. Оқыту технологиялары5
1.1.Жаңа педагогикалық технологиялар5
1.2.Қазіргі заманғы жаңа оқыту әдістерінің құрылымы мен түрлері8
2.Ағылшын тілі сабағында қазіргі заманғы оқыту технологиясын қолданудың әдістері17
2.1 Жаңа технологиялар арқылы оқушылардың сөздік қорын, дұрыс оқу, сауатты жазу мен аудару кабілеттерін дамытуға ықпал жасау17
2.2 Ағылшын тілін оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру21
ҚОРЫТЫНДЫ25
Қолданылған әдебиеттер тізімі27

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Ағылшын тілін оқытудағы қазіргі заманғы әдістер.
Қазіргі таңда еліміздің білім жүйесінде оқыту процесін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Орта білім берудің басты мақсаты -- әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық - саяси өмірге белсенді араласуға дайын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету болып отыр. Осы мақсатқа жету үшін педагог алдымен білім мазмұнының даму тенденцияларымен оқу процесін ұйымдастыруда қолданылатын білім берудің жаңа технологияларын білу керек.
Мемлекет келешегі мектептің қандай негізде құрылуына байланысты. Қазіргі таңда ұрпақ таңдауына шексіз мүмкіндіктер берілген. Бүгінгі білім алушы болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабылетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр.
Сондықтан да, жаңа мазмұнды білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға үйрету, қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі проблеманы шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр.
Қазақстан Республикасының 2016 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады деп атап көрсетілгені осыған орай, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе әлеуметтік-педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.
Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру оқыту үрдісінде оны ұтымды пайдалану уақыт талабы болып отыр. Өйткені, жеке адамның рухани дамуынсыз өркениеттің дамуы да мүмкін емес (В.Беспалько). Ағылшын тілін белсенді оқытудың бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Ағылшын тілін белсенді оқытуда педогогикалық технология - бұл оқу процесін ұйымдастыру және өткізу барысындағы білім алушылар мен мұғалімдер жайлы жағдай туғызудың біріктірілген педогогикалық қарым-қатынастың барлық жағдайларды ойлап қарастырған моделі (В.М.Монахов). Жаңа педогогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер және әдістемелердің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының формалары мен әдістерінің жиынтығы.
Курстық жұмыстың мақсаты - ағылшын тілін белсенді оқытуда қазіргі заманғы технологияны қолдану жүйесiндегi тiл дамытудың бiрден-бiр маңызды түрi болып табылатын оқудың мағынасын, мазмұнын және ролiн анықтау.
Курстық жұмыс болжамы. Қазiргi адамның өмiрiнде белсенді оқыту елеулi орын алатыны айқын. Егер кiтаптар - ақпарат көздерi болған жағдайда, онда белсенді оқыту - осы ақпаратты меңгеру процесi болып табылады. Осылайша, адамның күнделiктi және мәдени өмiрiнде белсенді оқыту мен оқу басты құрал болады.
Курстық жұмыстың зерттеудiң нысаны. Орта мектептегі ағылшын тілін оқытудағы қазіргі заманғы әдіс тәсілдерін қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы мақсатқа сай кiрiспеден, екі тараудан және қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бiрiншi тарау Оқыту технологиялары деп қарастырылған. Мұнда ағылшын тілі сабағында қазіргі заманғы оқытудың технологиясының анықтамасы және оның тiл дамытудың түрлерімен байланысы; ағылшын тілі сабағында қазіргі заманғы оқыту технологиясының маңыздылығы анықталды.
Екiнші тарау Ағылшын тілі сабағында қазіргі заман оқыту технологиясын қолданудың әдістері Жүргiзiлетін педагогикалық тәжiрибе және алынатын нәтижелердiң талдауы қарастырылады.

1. Оқыту технологиялары
1.1.Жаңа педагогикалық технологиялар
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
XXI ғасырда әлемдегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Дүние жүзіндегі инновациялық процестердің барлығы кез - келген мемлекеттің экономикалық дамуының жоғары деңгейін қаматамасыз етумен бірге, ғылыми-техникалық ілгерілуін де едәуір жылдамдатады. Өйткені, мемлекет дамуының негізі болып табылатын инновациялық саясат кез - келген бәсекеге қабілетті мемлекеттегі ғылым дамуының бағытын анықтайды. Сондықтан да ғылыми - техникалық процесс бүкіл әлемде инновациялық процесс - ұғымымен тығыз байланыста болуды талап етеді. Инновациялық процесс жаңа бір өнімнің алынуын білдіреді де, ол идеяның пайда болуынан бастап, оның коммерциялық тұрғыда жүзеге асырылуына дейінгі ұзақ жолды қамти отырып, әр түрлі қарым - қатынастар (өндіру, алмасу, тұтыну) кешенін өз қарамағына алады[1,5].
Қазiргi кезеңде әртүрлi елдердiң арасында нарық қатынасы нығайып, адам өмiрiндегi ақпараттар алмасу өскен сайын шетел тiлiн оқып -- үйренудiң де маңызы өсе бастады. Қазiргi кезеңде адам негiзiнен шетел тiлдерiндегi көркем әдебиеттер, публицистикалық, арнайы әдебиеттер және газеттер мен журналдарды оқуды үйренiп, араласа бастады. Ал мұның өзi сәйкестi бiлiктiлiк пен дағдыны талап етедi және бұл қасиеттер өздiгiнен қалыптаспайтыны белгiлi. Жаңа белсенді білім беру технологиясының принциптері - оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады.
Сонымен қатар, білім алушылардың өз бетімен жұмыс жасауларын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамутуда жаңа педогогикалық технологияларды пайдалану және оның тиімді әдістемесін жасау өзекті мәселеге айналып отыр.
Ағылшын тілінде белсенді оқыту технологияларының оқыту үрдісіндегі жүйесі - мақсат, мазмұн, әдіс-тәсіл, амал -- жол екендігін ұмытпаған жөн. Себебі, жаңа педагогикалық технология ұстаз шеберлігін жетілдіруге ықпал жасап, шәкірттің ойлау қабілетін ұштала түсуінен әсері мол, сонымен бірге әлеуметтік рухани жан дүниесінің маңыздылығын іріктеуге, ізгілікті жағын дамытуға бағыттайды және өзінің психологиялық даралық сипатын анықтауға ниеттендіреді.
Бүгінгі таңда танымал болып отырған оқыту технологияларын белсенді түрде қолдана білсек, жаңа мазмұнды білім беру процесі нәтижелі және оның сапалық көрсеткіштерін арттыру қиынға соқпас еді. Олай болса оқытуды ізгілендіру жағдайында, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін -- өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады. Адам баласы сәби кезiнен бастап айналадағы дүниенiң түрлiлiгi мен қайталанбас болмысын танып үйрене бастайды. Сәби оны көзiмен көру, сезу және ойлау қабiлеттерi арқылы танып, зейінiне тоқиды. Сондықтан да әлем, өмiрге ендi ғана араласа бастаған кiшкентай сәби көзiмен қарағанда, ол бiр үлкен, әдемi де бай әлем секiлдi. Ал кiшкентай бала оқып-үйрене бастағаннан кейiн айналадағы қоршаған ортаға жаңаша көзқараспен қарай бастайды. [5].
Соңғы кездерi ұлтаралық қатынастардың кеңеюi, радио, кино, теледидар сияқты бұқаралық ақпарат құралдарының кең тарауына мүмкiндiк туғызып отырған, шетел тiлiн үйренудiң бiрден-бiр негiзгi объектiсi болып табылатын ауызекi тiлге ерекше назар аударылып жүргенiне қарамастан, қазiргi адам өмiрiнде ана тiлiнде және шетел тiлiнде белсенді оқудың алатын орны ерекше деуге болады
Білім беру мекемелерінің алдына қойып отырған мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жеке тұлғаға жүйелі, нақты білім беру. Алайда, инновациялық педагогикалық технологияларды қажетті деңгейде қолдану және осы арқылы жеке тұлғаның білім деңгейін, шығармашылық қабілетін қоғамдық сұранысқа сай қалыптастыру барлық білім беретін мекемелердің дағдылы ісіне айнала қойған жоқ. Әлі де болса көптеген оқу орындары оқыту процесін ұйымдастыру мен жүргізуде оқытудың дәстүрлі әдістері мен тәсілдерін пайдаланумен шектелуде.
Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану оқу процесін сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларды енгізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып, әрбір білім мекемесінде өзіндік даму жолын табуға, әрбір мұғалімге өзінің әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізер еді. Сондықтан қазіргі кезеңде оқытудың инновациялық технологияларын оқу орындарының практикасына белсенді түрде ендіру - қоғам талабы.
АҚШ пен Батыс Европада XX - ғасырдың екінші жартысынан бастап оқыту процесінің технологиясын жасау бағытындағы ізденістер белсенді түрде жүргізіле бастады. Осы уақытта оқыту үрдісіне техникалық құралдардың енуіне байланысты білім берудің технологиясы - термині кеңінен қолданыла бастады. Кейінірек, түрлі техникалық құралдарды қолдану әдістері жөніндегі еңбектердің ықпалымен бұл терминдер педагогикалық технология - деп атала бастады. 60-шы жылдардың ортасында технологиялық әдіс шет елдерде кеңінен қызу талқылана бастады. Мұнда негізгі екі бағыт көзге түсті. Біріншісі, бұрынғыша технологиялық әдісті, техникалық құралдарды қолданумен байланыстырылса, екіншісінің құрамында оқу процесінің өзін ұйымдастырудағы технологиялық әдістер дами бастады да педагогикалық технология оқытудың технологиясы - деген термин пайда болды [3].
60-шы жылдардың аяғы, 70-ші жылдардың бас кезінде АҚШ, Англия, Франция, Италия, Жапония т.б. көптеген елдерде оқытудың технологиясын жасау, дамыту жұмыстарымен айналысатын мекемелер жұмыс жасай бастады. Дегенмен, оқыту процесі білім беру процесінің бір ғана бөлігі болып табылатындықтан, оқытудың технологиясы терминінің мағыналық аясы өте тар. Мұндай олқылық тәрбиенің технологиясы, дамыту технологиясы, қалыптастыру технологиясы - ұғымдарына да тән. Қазіргі кезеңде батыста білім беру саласындағы технологияны белгілеу үшін білім беру технологиясы - ұғымы пайдаланылып жүр. Осы ұғымның ғана мейлінше аясы кең, білім берудің түрлі салаларында (басқаруда, материалдық жабдықтауда, қаржыландыруда, біліктілікті арттыруда, кадрлар даярлауда, түрлі оқыту мекемелеріндегі оқыту процесіңде және т.б.) қолданылатын кез келген технологияны қамти алады. Сондықтан, білім беру технологиясы - терминін бүкіл білім беру жүйесін технологияландыру заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пәнге қатысты қолданған дұрыс болар еді. Бірақ, әзірше бұл термин көп жағдайда тек мектептегі оқыту процесі төңірегін сипаттауда ғана қолданылып жүр [4,369].
Білім беру технологиясы - ұғымын мұғалімдер мен оқушылардың білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып, арнайы ұйымдастырылған өзара қарым-қатынас процесі технологиясы ретінде қолданамыз. Білім берудін технологиясына -- оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады.
Педагогикалық технологияларға барлық елдер ғалымдары қызығушылық танытуда. Шетел зерттеушілері педагогикалық технологияны психология, әлеуметтік философия, басқару және мақсат қою теориясы, техника, қарым-қатынас, аудиовизуалды білім беру және кибернетика элементтерінен тұратын пәнаралық конгломерат ретінде қарастырады.
Сонымен, педагогикалық технологияны -- оқыту үрдісін түгелдей қолдану және бағалау, сол сияқты, білімді адамдар мен техника ресурстарын ескеру арқылы білімді игеру, және осы жолда тиімді түріне жету үшін оларды жоспарлаудың жүйелі әдісі ретінде қарастыруға болады.
Білім берудің технологиясы педагогикалық пән ретінде дидактикадан кейінгі орынды алады. Оқытудың технологиясын -- қолданбалы дидактика десе де болады. Бір сөзбен айтқанда, оқытудың технологиясы - оқыту іс - әрекетінін әдіс-тәсілдері мен құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы. [11].
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру тұлғаның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бірден - бір жолы. Осы жолда педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа технологиясы іс-әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Оның дәстүрлі оқыту технологиясынан ерекшелігі мынада:
- білім алушы тұлғаның интеллектуалды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы;
- білім алушы мен мұғалімнің белсенділігінің сәйкес болуы;
- мұғалім мен білім алушының өзара қарым - қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігі.
Оқытудың дамыту функциясы білім алушы тұлғасын жетілдіруге бағытталған арнайы дайындалған кейбір оқыту технологиясында, әдістемелік жүйелері мен әдістерде жүзеге асырылады. Оларға бүгінгі өркендеп келе жатқан жаңа сипаттағы жаңа технологияларды жатқызуға болады. Олар: Дамыта оқыту технологиясы, Модульдік оқыту технологиясы, Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы т.б. жатады.
Қорыта айтқанда, инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан білім алушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етеді.

1.2.Қазіргі заманғы жаңа оқыту әдістерінің құрылымы мен түрлері
Қазақстан Республикасының Тілдерді дамытудың 2010 - 2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі талабы - мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу. Өзге ұлт өкілдері бөлімдерінде оқытылатын ағылшын сабақтарының мақсаты - тіл үйренушілердің сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрылысын меңгерту, ағылшын тіліне тән дыбыстарды айтып, сөз ішінен ажырата білуді үйрету. Тіл үйренушілердің білімін арттыру үшін сабақта оқытудың жаңа технологияларын қолдана білу керек.
Адамның үнемі ізденіске, жаңалыққа ұмтылуы ол физиологиялық құбылыс, ал заманауи технологиялардың қоғамымыздың түрлі салаларында орын алып, дамуы бүгінгі күннің талабы. Инновациялық технологиялар қалай және қайдан пайда болады? Ол өркениетті елдердің бірін бірі тануы, байланысы, білім саласы бойынша тәжірибе алмасуынан болады. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарастар пайда болып, оқытудың технологиясы, яғни инновациялық оқыту технологиялары өмірге келді. Инновация термині ағылшын тілінің innovation деген сөзінен шыққан, аудармасы жаңалықты енгізу. XIX ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болған, яғни бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді. [23,308].
Қазіргі таңда жаңа педагогикалық технологиялар түрлері өте көп. Оларды тиімді етіп шет тілі сабағында қолдану мұғалім шеберлігіне байланысты. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып отырған ортақ міндет - тілді коммуникативтік бағытта оқыту. Ондағы мақсат оқушылардың өз ойларын жеткізумен шектеліп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алмасуға үйрету, өз жұмысына, топтағы немесе жұптасқан оқушының жұмысына, жауабына сыни тұрғыдан ойлап талдау жасай алу, өз ойын қорытындылай білу, интерактивті жұмыс жүргізу.
Interactive ағылшын тілінен аударғанда ортақ белсенділік деген мағынаны білдіреді. Инновациялық оқыту технологиялардың білім беру жүйесін дамыту ісіне берері мол. Оларды қолдану оқушының өздігінен сабаққа дайындалу деңгейін арттырады; оқу үдерісін жүргізуді қызықты етеді; шығармашылық жағынан бұрын болмаған кәсіби дағдыларды қалыптастырып, жаңа мүмкіндіктер туғызады.
Бұл курстың бірінші бетпе-бет кезеңінде Кембридж тәсілі бойынша оқытылатын бағдарламаның мақсаты, міндетімен, бағдарламаның жеті модулімен таныстырылады.
Олар: 1. оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; 2. сыни тұрғыдан ойлауға тәрбиелеу; 3. оқыту үшін бағалау және оқудағы бағалау; 4. оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану; 5. талантты және дарынды балаларды оқыту; 6. оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу; 7. оқытудағы басқару және көшбасшылық
Кембридж бағдарламасының әдістерімен жұмыс жүргізу барысында әр сабақта оқушылар әртүрлі тәсілмен топқа бөліне отырып, сабақ тақырыбын ашады. Алдымен әр сынып оқушыларымен топтық ереже құрылып алынады. Осы ережеге бағына отырып, уақытты тиімді пайдалануға, өз ой пікірін ашық айтуға, барлық оқушының сабаққа қатысуына көңіл бөлінеді. [23,209].
Топтық жұмыс барысында сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Тақырыпты оқушылар топтаса отырып бір - біріне түсіндіреді, ешқандай оқушы қалыс қалмайды. Постермен жұмыс барысында үлгерімі нашар оқушылар сурет салып, бірі бояп, енді бірі күтпеген ой тастап, өздерін әр қырынан көрсетеді. Бұл әдісте сонымен қатар жетелеуші сұрақтар қоя отырып, барлығының өз ойын, пікірін жеткізуіне мүмкіндік береді, әр оқушының пікірі құнды екенін ұғындыруға, бір - бірінің пікірін бағалауға тәрбиелейді. Үлгерімі орташа немесе нашар оқушылар білім деңгейі, қабілеті жоғары оқушыдан кейін қайталаса да өз ойын айтып, сабаққа қатысуы бір қадам болса да ілгерілейтінін байқауға болады.Сабақ соңында қолданылатын стратегия шығу парағын оқи отырып, оқушылардың жымиған және мұңайған смайликтің тұсына сабақ барысы, өз пікірі жайлы ашық жазғандары арқылы келесі сабақты қалай жоспарлау керектігін, жіберген қателіктерді түзетуіге көмегін тигізіп отырады.
Интерактивтік оқыту технологиясын ағылшын тілі сабағында қолданудың тиімділігі жоғары. Бұл технологияның ерекшелігі - оның білімді меңгеруде, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, яғни, жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл т.б.) қалыптастыруда алатын орны. Сонымен қатар бұл әдіс ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ, тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі бекіту, қарым - қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады.
Сонымен қазіргі қоғам талабына сай,оқыту процесін тиімді ұйымдастыру үшін жаңа технологияларды қолдану керектігі сөзсіз. Оқытушының әдістеме түрлерін әр сабақтың қоятын мақсатына сай талғап,шеберлікпен тиімді қолдануы студенттердің қызығушылығын арттырып, тілге қабілетін, өзіндік ізденістерін дамытуға ықпал етеді. Жаңа технологияларды қолдану барысында студенттердің пәнге ынтасы, белсенділігі артып, білім сапасы тереңдейді. Ізденімпаздық, дербес ойлау, өзіндік қорытындылау қабілеттері дамиды.
Оқу жүйесіне оқытудың жаңа технологиясын енгізу дегеніміз студенттерге дәріс берудің бұрынғы түбін түбегейлі өзгертіп жаңарту деген сөз. Ұстаздар қауымы оқулықты немесе оқытатын материалды қайта қарап шығып, барлық тарауларды жинақтап, топтап 7-12 сағаттық ақпараттық жүйелерге салып оның ішінде аудио жазбаларға схемаға (үш бөлімнен тұратын: кіріспе, диалогтық бөлім, қорытынды) түсіреді. Схемаға енген тақырыптарды тірек сызбасына түсіреді. 7-12 сағатқа арналған сабақтардың негізгі түйіні тірек сызбадан аудио түрінде көрініс алады.
Мұғалім тірек сызбасы арқылы сабақтың кіріспе бөлімінде алдағы өтілетін сабақтарға түсініктеме жасап түсіндіреді.
Тірек дегеніміз баланың көз алдында жаңа тапсырманы түсіндіру кезінде болады, (сызба, кесте,сызу, сурет, картина) түрінде беріледі. Әр оқытушының өз тірек жүйесі бар. Әр студенттің белсенді әрекет етуіне әсер етеді. Нақты дағдыларын, түсініктерін қалыптастыруға көмектеседі. Студенттер тірек арқылы өз жауаптарын құрастырады. Студенттерді механикалы жаттап алудан аулақтандырады. Есте сақтауына күш түсірмейді, қорқыныштан айырады, танымдық қызығушылықтарын арттырады.
Диалогтық бөлімінде сабақтың бірнеше типі мен түрлері қойылған. Оқытушы тапсырманы жеңілден ауырлата отырып, тапсырманы беру мақсатын бірінші, екінші, үшінші деңгей дәрежесінде құрып әкеліп білім алушыларды жұпап, топтап оқытады. Негізгі мақсат студенттердің өз беттілік жұмыстарын дамыту, олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын материалдарды тиянақты, тапсырмаларға қарай топта меңгерген білімді бағалау, өз білім деңгейін бағалау, студенттердің өз бетінше, қауымдасып, кеңесіп жұмыс істеулеріне мүмкіндік туғызу.
Бұрынғы стандартты сабақтар бойынша сабақта мұғалім түсіндіреді, 2 немесе 3, 4 студент ғана орнынан тұрып жауап беру, одан кейін жаңа сабақ түсіндіру, оны бекіту болса, бұл жаңа технологияда студенттердің өз бетімен оқуы негізгі мәселе болып отыр. Мұғалім студенттерді бірнеше топқа (А, Б, С, Д) бөледі. Әр топқа аудио сұрақтар арқылы танымдық қабілеттерін дамытатын материалдар береді. Барлық студенттерге жұмыла қарауға, тапсырманы орындауға уақыт беріледі. Берілген уақытта топтағы студенттер өзара сөйлесіп, кеңеседі. Тексеру әдісінің түрлері арқылы мұғалім немесе студенттер өздерінің бағалауы арқылы топтарға баға қойылады. Бір сабақта 10-15 тапсырма беріліп, бірлесе орындау арқылы,жарыс ойындары, іскерлік ойындары, дәріс алу ойындары, проблема тудыру ойындары арқылы тапсырмалар орындалып, талданып, білімі бағаланады. Бірлесіп жұмыс жасауда студенттердің өзара сыйластық, шығармашылық, дәлелдеп беруі қажеттіліктері қанағаттандырылады. Студенттер еркін сөйлеп, дәлелдеп, ашық сөйлеуге үйренеді, дайындығы мен жеңіп шығуы арқылы олардың қызығушылығы артады. [15,198].
Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әр түрлі сабақ формаларын (топтық, топтық-жеке және жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар т.б) қолдану-оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағдыларды қалыптастыру мақсатында, кейіннен-алынған білімді талдау, бекіту және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады. 3,4-ші сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі.
ІІІ-ші деңгей-білім стандарттарының талаптарына сай қарапайым білім мен түсініктер деңгейіндегі тапсырмалар ("жеңілдетілген" стандарт), ІІ-ші деңгей-стандарт талаптарына сай алған білімдерін талдау және қолдану деңгейіндегі тапсырмалар ("стандартты"), І-ші деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне-интеллектуалды және креативті дарынды балаларға арналған шығармашылық пен ізденушілік сипаттағы тапсырмалар ("стандарттан жоғары").
Оқушылар кез -- келген деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең -- кезеңімен орындау міндетті емес.
Оқушы тапсырманы өзінің орындай алу шамасына қарай таңдауға ерікті. Жеңілдетілген деңгей тапсырмаларын орындау білім деңгейі төмен оқушыға кейіннен жоғарырақ деңгей тапсырмаларына көшуге мүмкіндік береді. Тапсырмаларын оқу модулінің орта кезеңінен-ақ орындап болған оқушылар, қалауы бойынша, мұғалімге көмекші бола алады. Олар -- кеңесшілер, жүргізушілер, т.б. ролдерді атқара алады.
Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формасы бойынша әр оқушы өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен немесе оның құрылысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырады.
Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі - бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдысын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Шетел тілін оқытудағы жаңа әдістерді қолдану гипотезасы:
Егер оқу-тәжірибе процесі grape seed технологиясы арқылы өткізілсе, онда оқу динамикасы жағымды мінез алады.
Егер оқушы + оқушымен + топпен + ұжыммен + мұғаліммен қатынаста болса, егер сөйлесу сабағы үстінде тапсырманың жеңілдігі мен күрделіге қарай бірнеше іс-әрекет формалары ауысып отырса, егер әр оқушы әр сабақта тыңдап, жазып, көріп және оқу материалын сатылай меңгерсе, онда жаңа әдістер жалпы білім сапасын, сабақтың тиімділігін жоғарлатуға, жеке тұлғаның өзін-өзі реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді[18,301].
Нәтижесінде:
Шетел-тілінен пәнінен білім сапасы жоғарылайды;
Оқушыны психологиялық кедергіден, ренішті жағдайдан құтқарады;
Шығармашылық және танымдық қабілеттері дамиды.
Практикалық тиімділігі:
Технология бойынша құрылған әдістемелік нұсқаларды басқа мұғалімдер қолдана алады.
Модульдік технологияның мүмкіндігі:
Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру - ең негізгі әдістемелік мәселе. Қазіргі заманғы әдістер арқылы оқыту осы мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жолы. Жаңа әдістермен оқыту технологиясының тиімділігі: 1) қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі; 2) оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, 3) барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу осы әдістердін барлығы аудио жазбалар видео сабақтары және оқушылардын үй жұмыстарына берілгін видео диологтарын құрастыру нәтижесінде орындалады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республикалық білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ сьезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі - шығармашылық тұрғыдан бәсекелестікке сай үш тілді жетік меңгерген, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны оқытып - тәрбиелеу деп атап көрсетті. Бұл жерде негізгі ролді білім беру жүйесі алып отыр. Ағылшын тілі осы айтылған үш тілдің бірі болғандықтан оны оқытуға да көбірек назар аударуда. Сондықтан оны үйретуде тиімді әрі нәтижелі әдіс - тәсілдер қолданылуда.
Ағылшын тілін GrapeSEEDәдісі арқылы оқыту 3 жастан 12 жасқа дейінгі балаларда жүргізілгенде, ең әуелі оларға тапсырмалар беріледі. Бұл әдіс оқудың қағидаттарына негізделген шет тілдерін және ағылшын тілін үйретуде қолданылатын өте тиімді әдістеме болып табылады. Бұл әдісті қолдану барысында оқушылар мәліметтерді тез есінде сақтайды, егер ойын түрінде жүргізілетін болса тек ойлау қабілеті ғана емес, онымен қосы физикалық қозғалыста болады.
GrapeSEED әдісін ең алғаш рет американдық миссионер Паул Броман Жапония балаларына ағылшын тілін үйрету мақсатымен ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін ойлап тапты. 1950 жылы ол Жапонияға қоныс аударып, сол жерде мектепке дейін балаларды дайындайтын орталық ашады. 1967 жылы бұл орталық Miyagi MeySen Academy деген атау алып, Sendai, Miyagi Prefecture деген қаласында мектеп болып ашылды. 2009 жылы бұл әдіс Оңтүстік Кореяда таныстырылып, 2011 жылдан бері оқушыларға ағылшын тілін үйретудегі негізгі әдіс ретінде қолданылуда. Қазіргі кезде бұл әдісті 270 - тен астам балабақша, мектептер мен тіл орталықтарында қолдануда. 2012 жылдан бастап әлемнің 16 елінде қолданыла бастады: Албания, Әзірбайжан, Бразилия, Қытай,Индия, Индонезия, Жапония, Малайзия, Монголия, Миянма, Ресей, Непал,и Оңтүстік Корея және басқа бірқатар елдердерде.
Бұл әдіс арқылы оқушылар өздерінің сөздік қорын сөздерді жекелеп жаттау арқылы емес, күнделікті қолдану, яғни қарым - қатынас жасап, өз ойын білдіріп, жаңа нәрсе үйренуге талпыну арқылы жетілдіреді. Мұғалімдер оқушылардың сөздерді айту барысында оқушылардың сөздерді дұрыс айтуын, екпін, тонды сөзге дұрыс түсіруін қадағалайды. Сонымен қатар фонетиканы , оқу мен жазуды үйретуде тиімді жолдарды қарастырады.
Жаңашыл педагогтар оқушының жеке тұлғалық қасиетін барынша құрметтеп, оның шығармашылық қабілеттер мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамыта отырып, ағылшын тілін жетік меңгертуде. 2008 жылдан бастап Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технолгиясының стратегиялары сабақтарда қолданыла бастады.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ақпаратты қабылдаудан басталып шешім қабылдаумен аяқталатын ойлаудың күрделі процесі.
Бұл әдістің барлық жастағы оқушыға кез келген мазмұнға сәйкес сыни тұрғыдан қарап екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдап сапалы шешім қабылдап отыру. СТО - оқушылардың мәтінмен жұмыс дағдыларын дамытуға ауызша және жазбаша тілдің барлық түрін қарым-қатынас дағдыларын меңгертуге бағытталған технология.
Сабақтың құрылымдық кезеңдері 3 кезеңнен тұрады:
І. Brainstorming (Ой қозғау)
Бірінші кезеңде сабақта ой қозғау мақсатында сұрақтар дайындалады. Өтілген сабақтар бойынша оқушылар сұрақтарға жауап беру мақсатында өтілген материалдардан сұрақтар дайындалады. Сонымен қатар жаңа тапсырмалардан да оқушылардың деңгейлеріне сәйкес сұрақтар қойылады. Бұрынғы білетін материалдарын жаңа ақпараттармен толықтырады.
ІІ. INSERT мағынаны тану кезеңі.
Бұл кезеңде оқушылар бір тақырып төңірегінде бар білетіндерін ортаға салып, мұғалім қойған сұрақтың мәнін ашуға тырысады. Мысалы, мұғалім
What do we know ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияны пайдалану
Ағылшын тілін оқытудың құрылымы
Шет тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша оқу құралы
Дағдыларды дамытуға арналған подкасттарды студенттерге оқыту, сөйлеу және тыңдату
Шетел тілі сабағында аутенттік мәтіндерді қолдану
Жоғары сыныпта ағылшын тілін оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану
Шет тілін оқытудың принциптері
Шет тілінің қарым - қатынас құралы ретінде сөйлеу дағдыларын оқыту әрі дамыту процесі
Берілетін материалдар көлемі
Шет тілін оқытудағы Еуропалық деңгейлер жүйесіне сипаттама
Пәндер