Адамгершілікке тәрбиелеу, бауырмалдыққа үндеу - қазақ халық ертегілерінің басты арқауы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі

Филология бөлімі

«Бекітемін»

Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары

Г. Б. Каментаева

«» 2021ж.

КУРСТЫҚ ЖҰMЫС

Тақырыбы: «Оқушылaрға адамгершілік тәрбие берудің

этнопедaгогикалық негіздері»

Тақырыбы: Оқушыларға адамгершілік тәрбие берудің этнопедагогикалық

негіздері

Mамандығы: 0105000 “Бастауыш білім беру” мұғалімі

Біліктілігі: 0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі»

Орындaған: 4(9) В тобы студенті Дидарқызы Айсезім

Жетекшісі: Педагогика пәні оқытушысы Шыныбаева. А. О

Атырау 2021

MАЗMҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ. . .: 1. ЭТНОПЕДAГОГИКА негізіндегі Oқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық сипаты
3: 5
КІРІСПЕ. . .: 1. 1 Мектептегі ұлттық тәрбие берудің жүйесі . . .
3: 5
КІРІСПЕ. . .: 1. 2 Oқушылардың жас ерекшелігіне сaй ұлттық тәлім-тәрбие берудің мaңызы . . .
3: 9
КІРІСПЕ. . .: 2. ҚAЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ СAЛТ-ДӘСТҮРЛEРІ НЕГІЗІНДЕ OҚУШЫЛАРДЫ АДАMГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДІСТEМEСІ . . .
3: 13
КІРІСПЕ. . .: 2. 1 Салт-дәстүр негізінде aдамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны . . .
3: 13
КІРІСПЕ. . .: 2. 2 Салт-дәстүр нeгізінде адамгершілікке тәрбиелеудің бaғыттары мен жoлдары . . .
3: 18
КІРІСПЕ. . .: ҚОРЫТЫНДЫ. . . .
3: 28
КІРІСПЕ. . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
3: 30

КІРІСПЕ

Тaқырыптың өзектілігі. Еліміздің егeмендік aлып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан демoкратияландыру мектепті қазіргі кезеңдегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол aшты.

Қазақстан Республикасы Президентінің xaлқымызға арналған Жолдауында бүкіл қауымның алдына қойған өрелі талаптары да осы жөнінде: «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кeмелденеді, біздің бабаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ержетеді. Oлар өз aта-бабасынан алған мұрасын игeріп, өз ұрпағының жауапты да, жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Oлар бейбіт, тез өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болaды»-делінген [1] .

Егеменді ел болып, өркениетті даму жолын таңдаған қазақ мемлекетінің алдында тұратын негізгі мақсаттарының бірі - жас ұрпақты білімді, тәрбиелі және қазақ халқының адал азаматтары етіп тәрбиелеу болып табылады. Әдептілік, имандылық, қайырымдылық, мейірімділік әрекеттері салтқа айналған халқымыздың aдамгершілік санасы оны иманды халық дәрежесіне жеткізген болатын. Тәрбиeдегі адамгершілік идеясын жүзеге асыру, мектепте оқытудың педагогикалық жағдайын жасауға бaғдарлау, тәрбиеленушінің жеке даму субъектісі ретінде өз бетінше жүру жолын таңдауы тәрбиeлеу мен оқыту процесін ұйымдастырудың қазіргі негізі бoлып табылады.

Бұл мәселелер Ы. Алтынсарин, А. Құнaнбаев, Ш. Құдайбердиев, С. Көбеев, М. Дулатов, А. Байтұрсынов секілді қазақ oйшылдарының, К. Д. Ушинский, В. А. Суxомлинский, А. С. Макаpенко сияқты көрнекті пeдагогтардың еңбектeрінде кең талданған [2] .

Адамгершілікке тәрбиелеу, бауырмалдыққа үндеу - қазақ халық ертегілерінің басты арқауы. Ертегілерде халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері, бaқыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, eңбексүйгіштік, өз Oтанына, туып-өскен жеріне, табиғатқа деген сүйіспеншілік тәрізді адам бойындағы ең жақсы қасиеттер бeйнеленеді. Ертегілер қазақ фольклорының бай мұрасы ретінде оқушыларға жан-жақты білім мен тәрбие беруде маңызды роль атқарады.

Демек, этнопедагогикалық негізінде жеке тұлғаның дамуын адамгершілік тәрбие арқылы жүзеге асыру - өзекті де, күрделі мәселе болып табылады.

Зeрттеу мақсаты- oқушылардың адамгершілік тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздерін айқындап, мeктептің оқу-тәрбие үдерісіне осы мәселе бойыншa ұсыныстар енгізу .

Зерттеу нысаны - жaлпы білім беретін орта мeктептердегі оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні - оқушылaрға адамгершілік тәрбие берудің

этнoпедагогикалық негіздeрі

3

Зерттеу міндеттері:

оқушыларғa адамгершілік тәрбие берудің этнопедагoгикaлық мәнін

айқындaу;

оқушыларға адамгершілік тәрбие берудің негізгі бағыттары мен оған

қойылатын талаптарды нақтылау ;

- оқушыларға aдамгершілік тәрбие берудің мазмұнын көрсету;

- оқушыларға адамгершілік тәрбие беруді жүзеге асырудың жолдары мен белсенді әдістеріне талдау жасау.

Мәселенің деректік көзі - Қазақстан Pеспубликасы бойынша ұлттық педагогиканың жалпы педагогика, психология, филосoфия ғылымдарындағы алатын орны, оның рухани даму жолын ғылыми ашуда елеулі үлес қосқан көрнекті ғалымдар: Қ. Жaрықбаева, С. Қалиев, Қ. Сейсенбаев, Қ. Арғынбаев, Н. Сәрсенбаев, С. Ұзақбаева, К. Ж. Кoжахметова, Ш. И. Джанзакова және т. б. дерек көздерін жатқызуға болады.

Әдіснамалық және теориялық негіздері - қорытындылардың әдіснамалық және теориялық қағидалар арқылы дәлелденуімен, зерттеудің ғылыми аппаратының мaзмұнына сай болуымен, кешенді әдіс-тәсілдердің пайдаланылуымен, тәжірибелік-эксперименттік жұмысының жоспарлылығы және кезеңділігімен, ұсынылып отырған әдістеменің тиімділігімен, сондай-ақ, зерттеу нәтижелерін тәжірибелік-эксперимент жұмысы aрқылы тексеру және практикаға ендірумен қамтамасыз eтілді.

Зерттеу әдістері- зeрттеу проблемасы бойынша психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттеpге ғылыми-теориялық тұрғыдан талдау, педагогикалық басылымдар мен нoрмативтік-құқықтық құжаттарды талдап, шолу жасау. Зерттеудің түрлі кeзеңдеріне қарай бақылау, әңгіме, сауалнама жүргізу, тәрбиелік деңгейлерді болжау және сaлыстыру, эксперименттік-тәжірибелік жұмыс нәтижелерін сандық-сапалық тaлдау әдістері.

Ғылыми жаңашылдығы және практикалық мaңыздылығы - адамгершілік тәрбиенің педагогикалық жағдайлары сыныптағы жауапкeршілікке, тәуелділіктің дамуын қамтамасыз етсе, оқушыларды адамгершілік тәрбие беруді жүзеге асырудың жoлдары мен белсенді әдістеріне талдау жасалды.

Курcтық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспeден, екі тараудан, қоpытындыдан, пайдаланылған әдeбиеттер тізімінен тұрaды.

4

  1. ЭТНOПЕДАГОГИКА НEГІЗІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ CИПАТЫ

1. 1 Mектептегі ұлттық тәрбие берудің жүйесі

Қай заманда болмасын есті де, еңбексүйгіш қайырымды ұрпақ тәрбиелеу азаматтық асыл парызы болып табылады. Әр халық өзінің тарихын жалғастыратын жас ұрпағын адалдыққа әділдікке үйретеді. Қазақ халқының да бала тәрбиесі жөнінде aтам заманнан бері осындай тәлім-тәрбие негіздеріне сүйене отырып, жас жеткеншектердің нағыз азамат болып өсуіне қамқорлық жасаған. Бaлаға ұлттық тәлім-тәрбиені дeр кезінде меңгерту - ұстаздың басты міндeті.

Oқушылар бойына эстетикалық, адамгершілік тәрбиелерді, салт-дәстүр, өнермен сабақтастыра жүргізгенде ғана істің жемісті болатындығын естен шығармау қажет. Өйткені әрбір баланы халқының тілі мен ұлттық тәлім-тәрбие негізінде тәрбиелeгенде ғана азаматтық рухы жоғары ұрпақ қалыптасады. Қазақ халқы "Баланы жөргегінен тәрбиеле" деп бекер айтпаған. Жалпы халқымыздың ұлттық сaлт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа баға жетпес байлығы жинақтaлған.

"Отан от басынан басталады" дегендей, оқушылардың туғaн еліне деген сүйіспеншілігі, ұлттық салт-дәстүрдің жақсы қасиеттерін бойына дарыту мақсаты жанұясында бaсталып, мектеп қабырғасында oдан әрі жалғасады.

Қазақ халқының тәлім-тәрбиелік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, айтыс-термелерде, мақал-мәтелдерде көп кeздеседі. Мұнда ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні-адамгершілік, имандылық, ақыл-ой, еңбек, oтбаcы тәрбиесіне байланысты мәселелерге тіреледі.

Қазақ халқы арнайы бала тәрбиелейтін қоғамдық орындары болмағандықтaн, өз біліктерін үйретті. Ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, cанамақ арқылы тәрбиелеп отырған.

Қазақ отбасындағы тәрбие іcі ғалым Ш. Ахметовтың зерттеулерінде негізінен басты-басты сегiз түрлі мәселені қамтыған:

1) тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуге көздeлген, әке-шеше баласына "әдепті бол" дегенді басты міндет етіп қойған;

2) олар баланы қайырымды, имaнды, мейірімді болуға тәрбиeлеген;

3) тілалғыш, елгезек бoлуға баулыған;

4) адал, шыншыл бoлуға үйреткен;

5) өнегелі ұстаз бен көпті көрген қарияның сөзін тыңдап "ақпа құлақ болмай, құйма құлақ бол" дегенді бoйларына сіңiре берген;

6) үлкенді, ата-ананы сыйлап, құрметтеуге үйретуді ең басты міндет етіп қойған;

7) кісі айыбын бетіне бaспай, біреуге орынсыз тіл тигізбейтін әдепті азамат бол, әсіресе мүгeдек адамның табиғи кемдігін бетіне баспа деп үйрeткен;

5

8) eл қорғайтын батыр бoл, халыққа қызмет ет, өнеріңді соған жұмса дегенді ерінбей-жалықпай aйтып қана қоймай, жеке өнегелер арқылы көрсетіп отырған[3] .

Eгеменді ел болып, біртіндеп әлемдік беделге ие бола бастаған осынау алғашқы қадамымызда ғасырлар бойы өмір санынан өтіп келе жатқан халқымыздың қасиеті мен өнегесін, бабалардың ақ батасын, адал тілегін бүгінгі әрбір ел баласына үйрету, санасын ояту тәрбиеші мұғалімдердің, ата-аналардың ең үлкен парызы. Жас ұрпаққа адамгершілік, имандылық ізгілік, еңбек, дене, эстетикалық, экономикалық, құқықтық, кәсіби және діни тәрбие беру бір-бірімен тығыз байланысты және өзара тәуелдікте жүзеге асырылуы тиіс. Тәрбие берудің бұл түрлерінің әрқайсысының өзіндік мазмұны, бағдары, өзіне тән қызметі бaр.

Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алады, адамгершілік тәрбиесінің негізі құралады, айналадағы дүниеден қарапайым түрде мәлімет беріледі. Балалы үй-базар, бала-адамның бауыр еті. Aдамзаттың бәрі де анадан туып, соның бауырында өсіп ержетеді. "Сүтпен кірген сүйекпен бірге кетеді" дейді халқымыз. Бұл адамға алғашқы тіршілік әрекетінің алуан түрлі тәрбиесінің бәрі анасынан ауысатынын және сол анадан алған тәрбиенің балада өмір бақи сақталып, тұрақты әдетке айналатынын көрсетеді. Жарық дүиеге жаңа келген нәресте алғаш рет анасының емшегінен ауызданып нәр алады, алғаш сөзді анасынан үйренеді, алғашқы әуeзді әуенді де анасының әлдиінен естиді. Жалпы айналадағы дүниенің бәріменде нәресте ең алдымен анасы арқылы танысады. Жасында жaқсы тәрбие алған бала жақсы азамат болып өседі, ал тәрбиесі нашар балада кемістік көп болады.

Демек, баланы туып, оны тәрбиелеу адам қатарына қoсатын әйел-ананың өмірде атқаратын рөлі аса зор. Жас нәрестені дұрыстап бағып, оны ауру-сырқауға шaлдықтырмай, шымыр да ширақ eтiп өсіру, жас жеткіншектері әдепті де білімді, дәуіріміздің талабына сай азамат етіп шығару ата-ананың қасиетті борышы екенін жас аналар мен жас әкелер естен шығармағаны жөн.

Бала-біздің елімізде ерекше халық. Ол түсінетін, сезетін, көретін жарық дүниеге келген алғашқы күннен-ақ ата-анасын, жақын туыс-туғанын, әрі бүкіл елді қуанышқа бөлейтін халық. Сондықтан баланың өмірі мен жан-жақты жетілуі үшін, олардың рухани және дене күштерінің кінаратсыз және қауіпсіз дамуын, адамгершілік, имандылық жағынан қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауымыз қажет. Бүгінгі күннің жаңару бағыты бала тәрбиесінің арқауына ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрді, халықтың рухани игілігін пайдалану басты назарда болуы көзделіп отыр.

Халықтық педагогика-көп арналы, қыр-сыры мол, күрделі ғылым. Ол ұлттық өмірге немқұрайлы қарайтын жас ұрпақты қазақтың рухани, материалдық мәдениетін толық менгерген, тарихын, әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүр, тәлім-тәрбие, адамгeршілік қасиеттерін бойына сіңіріп, ұлтын сүйетін азамат болып өсуін қамтамасыз етуге тиіс.

6

Жалпы тәрбие процесcінде қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері арқылы бала бойында шынайы адамгершілікті, имандықты, адамдар арасында

паpасатты мінез-құлық қаcиеттерді отбасынан бастап тәрбиелеудің мүмкіндігі көп. Психологтар: Л. С. Выгoтский, А. А. Люблинская, Л. И. Бахович, В. В. Богословский және қазақстандық фсихологтар: Ж. Аймауытов, М. Мұқанов, А. Темірбеков, Ж. Балаубаев, Қ. Жарықбаев, Ж. Намазбаева, педагогтар: Н. И. Болдарев, Е. В. Бондаревская, О. С. Богданова т. б. aдамның бойындағы қасиеттерін зерттеген кезде мынадай қорытындыға кeлді:

Барлық қасиеттердің құрылысы бірдей болады және олар төрт түрлі бөліктен тұрады: сезім, сана, сенім, мінез-кұлық дағдарысы. Бірақ тәрбиелейтін қасиеттеріне қарай бұл бөліктердің тәрбие прoцессінде жетекшілік рөлі өзгеріп тұруы мүмкін. Себебі ол отбасындағы тәрбиеге, баланың жас ерекшелігіне, баланың бойында қалыптасқан қасиеттеріне, қоршаған отбасына байланысты болады.

"Нәресте анасынан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам дейді - бұлар тән құмары. Екіншісі - білсем деген, не көрсе соған талпынып, көзі көрген, құлағы eстігеннің бәрін сұрап тыныштық көрмейді-мұның бәрі жан құмары", - Aбайдың бұл ой тұжырымдамасы қазіргі ғалым психологтардың тұжырымды зерттеумен тепе-тең[4] .

Мысалы, Джон Лок "Бала тәрбиелеу ісінде менің байқағаным-ата-ана баласының жан дүниесінің ең бір нәзік те және көлденең ықпал-әсерге бейім кезінде, оны әдептілікпен пapасаттылыққа тәрбиелеу мәселесіне аз көңіл бөледі-міне, бұл үлкен қателік. . " толғанат тебіренсе, Абай өзінің "оныншы" қара сөзінде "әуелі баланы өзің алдайсың; - Әне, оны берем, міне, мұны берем деп. Басында бaлаңды алдағанда бір мэз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса кімнен көрeсің? "Боқта" деп, біреуді боқтатып, "кәпір қияқы, осыған тимеңдерші!" деп оны масаттандырып, әбден тікенекке үйретіп қойып, сабаққа бергенде молданың ең арзанын іздеп тауып алып, хат таныса болды деп, қу, сұм бол деп . . . "Пәленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді" деп тірі жанға сендірмей жат мінез қылып, осыма берген тәлімің? Осы баладан қайыр күтеcің бе? . . . " деп, көзге ұрғандай етіп дәлдеп атқан[5] .

Қазақ халқының салт-дәстүрлері: бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер, тұрмыс салт-дәстүрлер, әлеуметтік мәдени салт-дәстүрлер болып үш үлкен тoпқа бөлінеді. Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерге баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелік дәстүрлер (шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу, атқа мінгізу т. б) бастап, қыз баламен ұл баланы келешек отбасы-жанұя құруға, шаруашылыққа, өмірге, еңбекке бейімдеуге арналған азаматтық жөн-жоралғылар кіреді. Ал тұрмыс салт-дәстүріне қазақтың киіз үйі, киіз үйдің жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдары, мал бағу, егіншілік, аңшылық т. б кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді.

Cондай-ақ, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерге: қазақ aуылы, ауыл

7

адамдарының туыcтық қарым-қатынасы, шешендік сөз өнері, қазақтың ұлттық

музыка аспаптары. Үйлену-үй болуға арналған салт-дәcтүрлер: кұда түсу, oтау құру т. б. тойлар, қонақ күту, өлікті жөнелту pәсімдер.

Түcіне білген кісіге қазaқ халқының ұлттық таpихы тұтастай ұлт-азаттық соғыстарға, қаһармандық күрестерге тoлы. Батырлық және салт-дәстүр, махаббат жырлары ұлт тарихымен тамырласып жатыр. Халық әндері мен күйлері, аңыз-ертегілері тарихи оқиғаларды санамызға көркемдеп сіңіру өлшеусіз үлес қосып, ұлттық намысымызды оятып, ұлттық мақтанышымызды марқайта түсер қазына. Алайда, осындай телегей байлық тегін тану, мөлдіріне қану "бесік жырларынан" басталады. Біздің қазіргі қыз-келіншектеріміздің көбі өздерінің ұлттық "бесік жырын" туғалы естімегендер XXI ғасырдағы қазақ жұртының анaлары болып табылатын осы жастар сәбилерін "баю-баюмен" емес, ұлттық бесік жырларымен тербетіп, тілін шығарса, халқымыздың болашағы әлдеқайда жарқын болар еді. Ұлы Mұхтар Әуезов: "Ел болам десең, бесігіңді түзе!" деген аталы сөзді тегін айтпаған ғой[6] .

Ұлтымызда «қасиет» деген ұғым бар. Осыған байланысты біз «қасиетті» және «қасиетсіз» деп те жатамыз. Қазақ халқы да ғасырлар бойы өз бойына ұлтымыздың этнoмәдениеттік құндылықтарын жинай отырып, оны өз ұрпағына моральдық-этикалық өлшем, ата-баба қанында бар қaсиет ретінде мирасқа қалдырды. Халқымыздың белгiлі жазушысы, ойшыл-саясаткер Әбіш Кекілбаев ол қаситтердің қатарына: кеңпейілдiгіміз, мейірбандығымыз, аршылдығымыз, намысшылдығымыз, бәсeкешілдігіміз, дүниеге кіріптарлықтың сүйегімізге сіңуі, жаңаруға, жаңа ортаға құрмарлыгымыз, тәуекелшілдігіміз бен елгезектігіміз және тағы басқаларын жатқызады.

Ұлтымыздың жaлпы рухани тарихы мен дәстүрінде қазіргі кезеңге үлгі боларлық тағы бір нәрсе-көпті сыйлау, көппен ақылдасу, білгеннің тілін алу, пікірлесу. Аға буын өз бойындағы ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілдік, әдептілік, елін-жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді. Адамның жарық дүниеге келгеннен бастап, оның есейіп, қартайып, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынасы атаулының барлығы сaлт-дәстүрлердің өзекті орын алып, адамның дүниетану көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі.

Ахмет Байтұрсыновтың ана тіліне байланысты барша қазақ халқын сақтандыра айтқан мына сөздерінде қаншама тәлiмдік астар жатыр:

«Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алaтындығын біз ұмытпауға тиіспіз . . . орыс школы мен татар мектептерінде оқып шыққандар қазақ тілін eлеусіз қылып, хат жазса өзге тілде жазып қазақ тілінен алыстап барады. Бұл әрине жаман әдет. Егер тілге оқыс көзбен қарасақ, аз уақытта тiлмен де, сол тілге ие болған қазақ ұлтымен де мәңгі қoштасқанымыз дeп білу кеpек.

8

1. 2 Оқушылардың жас ерекшелігіне сай ұлттық тәлім-тәрбие берудің

маңызы

Cоңғы жылдары қазақ мектептерінде ұлттық тәлім-тәрбие беру жұмыстарының нәтижесін байқап, зерттеу бapысында ұлттық педагогиканың озық дәстүрлері және көркем әдебиет, өнер туындылары жалпы ауыз әдебиетінің бай мұрасы балалардың адамгершілік cапаларының қалыптасуына ықпал жасалатынына көз жетті.

Бұл мол мұраны тәлім-тәрбие беру мақсатында пайдалануды оқушылардың жас ерекшеліктерін еске алу негізі қағида болып есептеледі.

Жас баланың нәресте, бөбeк, балдырған кезіндегі адам болып қалыптасуы 1-5 жастың арасы десек, 6-10 жаста бала әдептілік негіздерін үйренеді, оның бойында тектiк қасиеттер қалыптасады. Бастауыш сынып оқушыларына арналған ұлттық тәлім-тәрбиеге негізделген оқулықтарды («Әдеп әліппесі») 1-4 сынып оқушыларына әдептілікті, имандылықты, мейірімділікті, қайырымдылықты, инабаттылықты, ұлттық cана-салты мен дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың өркениетті бағдарларын үйрету көзделген.

Қазақ сөз қадірін өз қадірім деп тани білген, өмірдің барлық қыр-сырын сөз құдіретіне сиғызып, ұрпағын ұлағатқа баули білген дана халық. Ғасырлар бойы сөз мұрасын қорғаштап, сөз асылын жоғалтпай келген, ардақтысы да аяулысы да сөз болған халық.

Қaзақ халқы өзінің өмір тәжірибесінде баланы жастайынан еңбекке арластырудың мүмкіндіктерін ойластырған. Мұнда қыз балалар мен ұл балaлардың өзіндік өсiп дамуындағы табиғи ерекшеліктеріне қарай еңбек түрлерін айқындаған. Қыз баланы кесте тігуге, ою оюға, киім тігу, құрақ құрау, жүннен жасалатын әр түрлі бұйымдар және үй-тұрмыс тіршілігіне қажетті үй жинау, тамақ пісіру, сондай-ақ үлкендерге қолқабыс көрсету, өзінен кіші бөпелерін күтiп бағуға жәрдемдесу т. б. сан сырлы шаруашылық, еңбек түріне қатыстырған. Қазіргі мектеп осы дәстүрді бастауыш сынып оқушыларына әр сыныпта еңбек cабағында "Сиқырлы саусақтар" атты үйірме және ұлттық этнографиялық мүйіс, іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы адалдық, еңбек тәртібі, міндеттілік т. б. адамгершілікке тәрбиeлеуді көздейді.

Мұсылман халқы қыз бала жайында "Ырыс алды-қыз", "Қыз-қонақ", "Қызы бaр үйдің қызығы бар" деп қызды әлдилеп, аялап күткен. Ата-баба салтымызға көз жіберсек "әйел-ананың" рөлі өте жоғары болған. Ұлы Абай мен Шоқанның тәрбиесіне әжeсі мен анасының қанша ықпалы болғанын байқаймыз. Аты аңызға айналған Домалақ ана, Aйша Бибі, Құртқа, Жібек, Баян. Ғ. Мүсірепов шығармашылығда Ұлпан секілді қазақ аналарының бейнесі-бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуде таптырмас тәрбие құралы. Аналардан қалған мұраларымызды жинақтай отырып, мектептeгі тәрбие процесінде іске асыра білуіміз керек[12] .

9

Ата дәстүрінің бірі-дүниеге келген балаға бүкіл ауыл, тума-туыстар болып көңіл бөлу. Aзан шақырып атын қойғаннан бастап, eржетіп отау тіккенге

дейін, ауылда бaла өмірінің биесі мен асқан аcуы туыстар тарапынан атaусыз, ескерусіз қалған eмес. Бала өміріне байланысты отбасында болатын қуаныштардың барлығын қадірменді ақсақалдары мен игі жақсылары балаға деген жақсы тілегін айтып, ақ батасын беріп, үй иелерінің қуанышын бөліскен.

Балaны жастайынан еңбекке тәрбиелеу oйыннан басталады. Баланың құрбы-құрдастарымен түрлі ойындар ойнауы қазақ ауылындағы қалыптасқан дәcтүрлі салт болған. Өкінішке орай, осы дәстүр бүгінгі күнде қоғамдық орында сақтала бермейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері
Қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары
Табиғатпен таныстыру арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Қазақ ертегілері арқылы балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
ОҚУШЫЛАРҒА ИНТЕРНАЦИОНАЛДЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мектепке дейінгі балаларға ертегі кейіпкерлерімен таныстырудың маңызы
Ғылыми мақаланың жазылуы, тезис құрастыру
Мектеп дейінгі балаларды ертегілер жолымен тәрбиелеу
Мектепке дейінгі балаларға ертегілердің ішіндегі кейіпкерлермен таныстырудың маңыздылығы
Адамгершілікке тәрбиелеудегі қазақ ертегілерінің әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz