Шет тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі
«Филология» бөлімі
«Бекітемін»
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары Г. Б. Каментаева
«___» 2021 ж.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Шет тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар»
Мамандығы: 0105000 - «Бастауыш білім беру»
Біліктілігі: 0105033 - «Шетел тілінен бастауыш білім беру»
Орындаған: Исмагулова Тоғжан Айтжанқызы
Жетекшісі: Ильясова Р. Н.
Атырау - 2021
Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі
Курстық жұмысты қорғаған күні: 2021 ж.
Пікір берушінің аты-жөні:
П І К І Р
Курстық жұмысты дайындаған студент:
Мамандығы:
Пәні:
Қорғайтын тақырыбы:
Бағасы:
Пікір берушінің қолы:
Жоспар
I. Кіріспе. . 4-7
II. Негізгі бөлім
2. 1. Шет тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар. . 8-23
2. 2. Шет тілі сабағын шығармашылық тұрғыдан ұйымдастыру. . 22-29
2. 3. Шет тілі сабағына арналған нұсқаулар. 30-31
III. Практикалық бөлім
3. 1. Шет тілі сабағында қолданған тиімді әдіс-тәсілдер……32-35
IV. Қорытынды . . . 36-40
V. Әдебиеттер тізімі. . 41-43
Кіріспе
- Тақырыптық жұмыстың өзектілігі:
Менің бұл тақырыпты таңдап алған себебім, шет тілі сабағын қазіргі талаптарға сай түрлендіріп, өткізу және оны ұйымдастырудың жолдарын қарастыру. Қазіргі кездің өзінде мұғалімдердің көпшілігі шет тілі сабағында бұрынғы әдіс-тәсілдерді қолдануда, сoл әдiс-тәсiлдердiң негізінде шет тілі сабағын оcы заманның талaп-тілeктерiне сай өткізу кеpeк.
Сабақ- бұл практикалық бөлімнің іске асуындағы, білім берудегі, тәрбиелік және дамытушылық тапсырмалардағы, қорытынды бөлім кезіндегі мақсатқа жетудегі оқу үрдісін ұйымдастыратын негізгі бөлім. Сол себепті мектептегі білім беруді реформалау және шығармашылық дағдыларының дамуына әкелетін маңызды алғышарт болып табылады. Оқушылардың өзіндік жан-жақты, мәдени және шығармашылық дағдыларын дамытуда шет тілін оқу пәні ретінде көптеген мүмкіндіктерге ие. Е. Полаттың ойынша, шет тілі сабағын жаңа, қазіргі талаптарға сай жүргізудің артықшылықтары көп. Бұл дегеніміз шет тілін оқыту кезінде, білім берудің тиімді жақтарын қалыптастыруға, коммуникативтік және тәрбиелік мақсаттың іске асуын, оқылып отырған пәннің дамытушылық және білімдік мақсаттардың іске асуына мүмкіндік береді.
Шет тілі сабағын қазіргі заманғы талаптарға caй ұйымдастыру оқушының шығармашылық дағдыларын қалыптастыруда ұтымды жoл бoлып тaбылaды. Coнымен қатар шет тілі сабағын қазіргі заманғы талаптарға caй өткізу оқушыларды жаңа ойлapды тудыpa білуге, жaн-жақты, бір ғана caлaда емec, әр саладaн білім, ақпарат aлa білуге, мәселелердің түйінін бір ғана жолмeн шешіп қана қоймай, бірнеше жoлмeн таба білуге, сoл қабылданған шешімнің сaлдapын aлдын-aлa бoлжaй білуге көп ықпалын тигізеді. Тағы дa сабақты ұйымдастыру үшін мақсаттарын aлдын-aлa белгілеп aлмaй тұрып, дұрыс ұйымдастырылған сабақты өткізу мүмкін емec. Оқытушы мақсаттарды белгілей oтыpып, сoл сабақта немece бірнеше сабақ бapысында оқушылардың шет тіліндегі білімі, іскерліктері мен дағдыларын дамытуды көздейді. Шет тілі сабағын ұйымдастыруды және оны жүргізу үшін сабақ жоспарларындағы мақсаттарды жүзеге асыруға, сабақты негізінен оқушылардың жан-жақты дамытушылығына бағыттай отырып оқыту міндеттерін шешеді.
- Тақырыптың жұмыстың нысаны. Орта мектептегі шет тілі сабағы .
- Тақыррыптық жұмыстың зерттеу пәні. Орта мектептегі шет тілі сабағын ұйымдастыру.
- ТАҚЫРЫПТЫҚ жұмыстың мақсаты:
- шеттілі сабағына қойылатын талаптарға талдау жасай отырып, шет тілі сабағын ұйымдастырудың мәселелерін анықтау;
- шеттілі сабағына қойылатын әдістемелік нұсқауларды көрсету;
- шеттілі сабағын шығармашылық тұрғыдан ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын көрсету.
- ТАҚЫРЫПТЫҚ жұмыстың міндеттері:
- зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми- әдістемелік әдебиеттермен танысу, оларды талдау;
- шет тілі сабағын тиімді ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтау;
- шет тілі сабағына қойылатын талаптарды анықтау;
- шет тілі сабағын тиімді өткізуге арналғын нұсқауларды анықтау;
- Тақырыптық жұмыстың зерттеу әдістері:
- ғылыми әдебиет көздеріне оқу және оларға талдау жасау;
- шет тілі сабағын тиімді ұйымдастыру мен оны өткізу мақсатымен педагогикалық үрдісті бақылау;
- шет тілі сабағын қазіргі кезде жүргізуге студенттер арасында сауалнама жүргізу;
- Тақырыптық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысында шет тілі сабағын шығармашылық тұрғыдан ұйымдастыруғаарналған нұсқаулар беріледі. Шет тілі сабағын шығармашылық тұрғыдан ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын көрсету;
- Тақырыптық жұмыстың теориялық құндылығы. Шет тілі сабағына қойылатын талаптарға талдау жасалына отырып, шет тілі сабағының мәселелерін қарастырады.
- Тақырыптық жұмыстың практикалық құндылығы:
Бұл диплом жұмысында көрсетілген әдіс-тәсілдер мен нұсқауларды студент-машықкерлер мен мұғалімдер қолдана алады, себебіосы диплом жұмысында оқушылардың шет тілі сабағында шығармашылық қабілеттерін дамытып, сабақты тиімді ұйымдастыруға әдістемелік тұрғыдан нұсқаулар беріледі.
- Тақырыптық жұмыстың ғылыми болжамы:
Егер шет тілі сабағына әдістемелік нұсқауларды анықтап, сабақты шығармашылық тұрғыдан ұйымдастыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолданатын болсақ, шет тілі сабағын жоғары деңгейде өткізуге болады.
- Тақырыптық жұмыстың құрылымы:
Бұл диплом жұмысы үш бөлімнен тұрады.
- Кіріспеде диплом жұмысының өзектілігі, пәні, нысаны, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы, теориялық құндылығы, практикалық құндылығы, ғылыми болжамы жазылған.
Негізгі бөлім үш тармақтан тұрады.
Негізгі бөлімнің бірінші тармағында шет тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар туралы айтылады. Бұл тармақта теориялық мәселелер қарастырылады, диплом жұмысының тақырыбына сай ғалымдардың ой-пікірлері берілген.
Екінші тармақта шет тілі сабағын шығармашылық тұрғыдан ұйымдастыру жайында айтылады. Шығармашылық жағынан ұйымдастырудың тиімді жолдары, ғалымдардың пікірлеріне талдау жазылған.
Үшінші тармақта шет тілі сабағын ұйымдастыруға, оқушылардың іскерліктерін дамытуға арналған нұсқаулар берілген.
Практикалық бөлімде педагогикалық практикада жүргізілген тәжірибелер, шет тілі сабағында қолданған тиімді әдіс-тәсілдер, сабақ жоспарының үлгілері берілген.
Бұл диплом жұмысын жазу кезінде міндетті түрде әдістемелік әдебиеттерге сүйенеміз. Сонымен бірге шет тілін оқыту әдістемелік журналында жарияланған мақалалармен танысып, қолданудың және бұл әдебиеттер саны дипломдық жұмыстың қолданылған әдебиеттер тізімінде берілген.
Шет тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар.
Біз шет тілі сабағын қазіргі талаптарға сай ұйымдастырып және жүргізуіміз үшін алдымен шет тілі сабағына қойылатын талаптарға тоқтала кетуіміз керек. Г. В. Рогова, Ф. М. Рабинович, Т. Е. Сахарованың ойынша, сабақ нақты талаптарға сай болуы керек. (8) Бұл осы пәннің білім беру технологиясы, мазмұны мен мақсатына бағытталған болуы керек. Себебі бұл талаптар мұғалімнің сабаққа дайындалу мен сабақты жүргізудегі оның тактикасы мен жалпы мақсатқа жету өнерін (стратегиясын) анықтайды.
Н. Д. Гальскова, Г. В. Рогова, Ф. М. Рабинович (1, 2) еңбектерінде шет тілі сабағына қойылатын келесі талаптарды көрсетеді:
1) Сабақтың мақсатқа бағытталғандығы: әрбір сабақ практикалық, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарға белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы жетуді қамтамасыз ету керек.
Мысалы:
-оқушыларды жаңа лексиканы қолдануға үйрету (сөздер көрсетілген) ;
- диалогтық мәтінді дауыстап оқуға үйрету;
- келесі бір сөйлемдерді қолдана отырып өз ойын айтуға үйрету т. с. с. Осы секілді мақсаттарға жету үшін сабақты күнделікті түрлендіріп отырған жөн. Мысалы: мұғалім жоспарында көрсетілген тапсырмалар бойынша жұмыс атқарады. Біз бүгін спорт тақырыбына байланысты сөздерді қайталаймыз, біз бүгін грамматикамен жұмыс істейміз: біз берілген тақырып бойынша сөйлеу әрекетімізді дамытамыз және сабақ соңында мәтінді оқимыз. Біз күнделікті осындай әрбір тапсырманы бастайтын болсақ оуқшылардың қызығушылығын жоғалтып алуымыз мүмкін. Мысалы:«Біз бүгін әрбіріміз демалысты қалай өткізгеніміз жайлы білейік немесе біз өте қызықты және атақты жазушының әңгімесін оқимыз» т. с. с.
2) Сабақтың маңыздылығы: сабақтың келесі кезеңдерді; біріншіден, сабақта басты маңызды материалды, екіншіден, тәсілдер мен жаттығулар; үшіншіден, материалды меңгеру мен сөйлемдерді қолдануға оқушылардың арақатынасы.
Мұғалімдер мен оқулықтың авторлары беретін үлгілер мен мысалдары жағдаятты және коммуникативтік сипатқа ие болуы керек. Мысалы: шет тіліндегі перфектті оқушылар диалог түрінде жақсы қабылдайды.
- Have I done my homework?
Сабақта қолданылатын үлгілер мен мысалдар білімдік маңызы мен тәрбиелік қарым-қатынаста маңызды болуы керек. Ол үшін мұғалімде арнайы көмекші құрал ретінде өлеңдер, мақалдар, тақпақтар, атақты адамдардың ұлағатты, қанатты сөздері болуы керек. Бұл дегеніміз тапсырмалары анықталған оқу жағдаяттары оқушының тапсырманы орындау жауапкершілік, ұқыптылық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған болуы керек. Байқампаздық және инициативтік қасиеттеріне де. Оқу жағдаяттары білім беру мотивациясын дамыту, оқушылардың берілген тапсырмаға және оны орындауға деген қызығушылығын ояту т. с. .
3) Оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттыру көбінде сөйлеу қабілеттерін тәрбиелеу, дамытуда. Бұл негізінде олардың сөйлеу әрекетін қалыптастыруда. Көп жағдайларда сабақта мұғалім белсенді болады, бұл оқушылардың сөйлеу әрекетін төмендетеді. Сондықтан оқушыларға топтық жұмыс, жеке тұлғаға бағытталған жұмыстар және жарыс ойындар жүргізіп отыру керек, бұл олардың қызығушылықтарын жоғалтпауға көмектеседі. Сабақты түрлендіріп отырған дұрыс, сонда оқушылар сабаққа әсерлі сезіммен қарайды.
4 ) Сабақтың мотивациялық жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл кезде техникалық және техникалық емес құралдардың рөлі зор. Осы құралдар арқылы оқушылардың шет тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруға болады. Мұғалімдердің сабақта техникалық құралдардың ішіндегі қолданылатыны- ол магнитофон, диафильмдер, видеофильмдер(4) . Қазіргі кезде енді компьютермен оқыту, электронды оқулықтарды қолдана оқыту және интерактивті тақтаны қолданудың көмегімен шет тілі сабағын қызықты жүргізуге болады. Техникалық құралдар оқушылардың тыңдап-түсіну, ойлау қабілеттерін дамытуға болады(7) . Бұл кезде тек қана тілдік дағдыларды үйретіп қана қоймай, сонымен қатар техникалық құралдарды игере білуге, компьютерді қолдана білуге үйретуге болады. Техникалық емес құралдардың маңызы да өте зор. Осындай жағдайда ребустар, суреттер, мақалдар мұғалімге көмек болады. Мақала мен суреттерді қолданғанда аутенттік материалды қолдану оқушылардың тілдегі ерекшеліктерді түсінуіне көмек болады.
5 ) Сабақтың ғылымға бағытталғандығы . Бұнда сабақтың басқа да ғылым салаларымен және басқа пәндермен байланысты, ақпараттық құралдардың қолданылуы болып келеді. Сабақтың басқа пәндермен байланысты болуы оқушылардың терең, жан-жақты білім алуына, білім деңгейін кеңейте түсуіне көп ықпалын тигізеді(5) . Жекелеген пәндермен ұштастыра отырып жүйелі білім беруге болады. Бұл кезде мұғалім сабақтың әрбір кезеңіне ақпарат көздерін дұрыс таңдап және дұрыс қолдануы керек.
Артықбаева, Рогова, Рабиновичтің пікірлеріне талдау жасай келе шет тілі сабағына қойылатын талаптарды 1 және 2- кестеде көрсеткім келді. 1-кестеде көрсетілгендей шет тілі сабағына қойылатын талаптар 2-ге бөлінеді. 2-кестеде дәстүрлі сабаққа қойылатын талаптар көрсетілген.
1-кесте
Біз шет тілі сабағын өткізген кезде сабақтың өту барысына және сабақтың әрбір бөліміне де талаптар қойылуы керек. Бұл бізге сабақты жүйелі өткізуге бағыт береді. Осы жағдайда біз А. Қ. Артықбаеваның шет тілі сабағын ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарына айтылған пікіріне сүйенеміз.
Артықбаеваның ойынша, сабақ-мектептегі оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы. Өйткені мұғалім сабақта оқушыларға білім береді, оларды тәрбиелейді және жан-жақты дамытады. Сондықтан шеберлікпен ұйымдастырылған сабақ көп табыстарға жеткізеді.
Оның пайымдауынша, алдымен талаптарға тоқталмай тұрып, шет тілі сабағын ұйымдастыруда және өткізудегі ерекшеліктерді ескеру керек:
- әрбір сабақтың мақсаты шет тілін оқытудағы негізгі мақсатқа сай бағытталуы керек. Ондай мақсат- шет тілін іс жүзінде меңгеру, оны тіларалық қатынас ретінде пайдалану.
- жоғарыдағы мақсатты білім беру, дамыту және тәрбиелеу мақсаттары мен бірге іске асыру керек.
Ендігі кезде ерекшеліктерінен кейін шет тілі сабағын өту барысына байланысты қойылатын талаптарға тоқтала кету керек.
Шет тілі сабақтарына мынадай талаптар қойылады:
1) сабақ бастарда оқушылар сабақта жұмыс істеу тәртібін сақтайтын болуы керек: оқушылардың сабаққа даярлығын, кітап, дәптер, сөздік, күнделіктер партаның үстінде болуын тексеру:
2) оқушыларды шет тіліне ынтықтыру мақсатымен фонетикалық жаттығулар орындап, шағын тақпақ, өлеңдерді күйтабақтан, магнитофоннан тыңдау, оларды қайталау;
3) оқушыларға сабақтың мақсатын айқын ашып көрсету;
4) қажетті кезеңдерде әрқашан тақтаны дұрыс пайдалана білу;
5) жаңа сабақ өткізер алдында өткенді қайталау, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру мақсатында ұқсастыққа сүйеніп, қарама-қарсылық принциптерін пайдалану;
6) лексикалық, грамматикалық жаңа материалды түсіндіру, соңынан пысықтауға арналған жаттығуларды орындау;
7) жаттығуларды біртіндеп қиындата түсуді ескеру;
8) оқушыларға орындалатын жаттығулардың алдын ала орындау шарты мен мақсатын түсіндіру;
9) жаттығуды орындаған кезде оқушылардың белсенділігін арттыра алатын жұмыс тәсілдерін пайдалану; жаппай және жұптар бойынша жұмыс жүргізу, жарыс ұйымдастыру, бұл істе хорды, әнді, ойындарды пайдалану, көрнекілік және техникалық құралдарды қолдану;
10) қоңырау соғылмастан бұрын үй тапсырмасын түсіндіру, оны күнделікке жаздыру;
11) сабақтың соңында оқушылардың білімін, тілдік дағдылары мен сөйлеу іскерліктерін бағалап, сабаққа қорытынды жасау;
12) сабақты қалыпты қарқынмен, айқын мұқаммен, ұстаздық өнегелілікпен жүргізу.
Артықбаеваның пікірінше, сондай -ақ мұғалім тіл материалының әрқайсысымен және өздік әр түрлі әрекеттермен жұмыс жүргізгенде төмендегі ерекшеліктер мен сатыларды ескермесе болмайды.
Тіл материалы бойынша жүргізілетін жұмыс барысында мынадай жүйелілік ескерілуі тиіс:(31)
I Лексикалық жұмыс а) жаңа сөздің мағынасын түсіндіру:
1. Зат-сурет көрнекілігін, тисіті жағдайды және т. б. тәсілдерді пайдаланып сөздің айтылыуын және үлгі сөйлемдердегі жаңа сөздің айтылуын жаттықтыру;
2. Жаңа сөздің мағынасын оқушылардың дұрыс түсінгенін тексеру;
3. Жаңа сөздің айтылуын және үлгі сөйлемдердегі жаңа сөздің айтылуын жаттықтыру;
4. Сөзді тақтаға жазып, оның грамматикалық, орфографиялық ерекшеліктерін таныстыру;
5. Сөздің сөйлемде қолданылуын таныстыру. ә) Пысықтауға арналған АВСД/Е жаттығуларын орындау.
Сонымен шет тілі сабағын ерекше қарқынмен, жақсы нәтижеге жету үшін, уақытты дұрыс пайдалануға алдын ала мұғалім үшін жоғарыда көрсетілгендей талаптар қойылады.
II. Грамматикалық жұмыс
Ең алдымен, грамматикалық материалды түсіндіру жолдарын(индуктивті, дедуктивті, лексикалық) анықтап алу қажет:
а) Жаңа грамматикалық материалды түсіндіру:
1. Грамматикалық материалдың атқаратын қызметі мен мағынасын түіндіру:
2. Оның жасалу жолдары мен формасын түсіндіру;
3. Оның қалай қолданылатынын түсіндіру (жағдай, үлгі сөйлемдер беру) ;
4. Түсінгендерін тексеру. ә) Пысықтауға арналған жаттығуларды орындау:
- ауыстырмалы кестемен жұмыс ;
- АВСД/Е жаттығулары.
III. Фонетикалық жұмыс
а) тиімділігіне қарай төмендегі жұмысты істеу:
1. Мұғалімге /дикторға/ еліктеу, қайталау;
2. Қалай айту ережесі түсіндірілгеннен кейін дыбыстарды қайталау, жаттықтыру;
3. Талдап және жинақтап дыбыстау тәсілі бойынша жұмыс жүргізу.
ә) Пысықтау жаттығуларын орындау ( жаңадыбыстар мен сөздерді қайталау, үлгі сөйлемдерді айту, оқу, айту ережелерін ескере отырып, жаттығуларды орындау) .
Сөз әрекетінің түрлері жұмыстарының мынадай ретте жүргізілуін ескерген жөн:
I. Тыңдап- түсіну:
1. Тыңдалатын мәтіндегі түсінуі қиын кедергілерді жою;
2. Мәтіннің мазмұнын жалпылама түсінуге нұсқау беру;
3. Мәтінді тыңдау;
4. Тыңдалған мәтіндегі жалпы мағлұматтарды қалай түсінгенін тексеру.
Егер мұғалім оқушының мәтінді дұрыс түсінгенін тексеруді мақсат етсе, онда оқушыларға мәтінді екінші рет тыңдатуы керек, арнайы тапсырмалар құрастыруы қажет.
II. Монологқа үйрететін жұмыс кезеңдері:
Оқушылардың оқыған мәтіні бойынша өзімен өзі сөйлеуін төмендегіше ұйымдастыруға болады:
1. Мәтіннің мазмұнын түсінуге қиындық келтіретін сөздерді, грамматикалық жағынан күрделі сөз тіркестерін мәтінді оқыту алдында түсіндіру, қайталау;
2. Мәтіннің мазмұнын жалпы түсінуге нұсқау беру(тексеру жолдарын, сұрақтарды алдын ала қайталауға болады) ;
3. Оқушыларға мәтінді өз бетіменен оқыту( оқуға берілетін уақытбелгіленеді) ;
4. Мәтіндегі жалпы мағлұматтарды тексеру;
5. Мәтіннің мазмұнын толық түсінуді талап ету, мәтінді екінші рет оқу үшін арнайы тапсырмалар беру.
6. Мәтінді оқушылардың толық түсінгенін тексеру;
7. Мәтіннің мазмұнын айту;
8. Мәтіндегі оқиғаға өз пікірін айту.
Шет тілі сабағында оқушының монологты түрдесөйлеуінің мынадай түрлеріне көңіл бөлу керек: оқыған, тыңдаған мәтіннің мазмұнын айту, қысқаша хабар жасау, өткен тақырыптар бойынша әңгіме құру, бір нәрсені суреттеу, кейіпкерлерге мінездеме беру, өз пікірлерін айту.
III. Диалогқа үйрететін жұмыс кезеңдері:
1. Диалогты түрде сөйлеуге қажет лексикалық, грамматикалық материалдарды қайталау;
2. Диалогты құруға қажетті жағдай жасау (сөзбен немесе көрнекіліктер арқылы) ;
3. Рольдерді бөліп беру;
4. Мұғаліммен 1-2 оқушының сөйлеуге(диалогқа) қатысуы;
5. Диалогты түрде сөйлеу барысын тексеру.
Диалог сөзде үйретуде өткен тақырыптар, оқыған, тыңдаған мәтіндер, қосымша аутенттік диалогтар, суреттер, жағдаяттар кең түрде пайдалануға тиісті.
IV. Оқуға және оқу техникасына үйретуге арналған жұмыс кезеңдері:
а) Оқуға арналған жұмыстардың реті:
1. Оқуға қиындық келтіретін сөздерді түсіндіру, аудармасын беру;
2. Мазмұнын толық түсінуге арналған оқу;
3. Оқушылардың мәтінді қалай түсінгенін сұрақтар арқылы тексеру;
4. Жоспар құрғызу;
5. Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын айтқызу және т. б.
ә) Оқу техникасын жаттықтыру:
1. Мұғалімнен (диктордан) соң қиын оқылатын сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдерді қайталау;
2. Мұғалім қойған сұрақтарға оқылған мәтіннен дауыстап жауап және оқып беру;
3. Оқушыларға мәтінді азат жол бойынша дауыстап оқыту;
4. Оқығанда кеткен қателерді талдау, оқу ережелерін еске түсіру.
Оқу техникасын жаттықтыру кезінде мәтінді оқуға берілетін уақытты алдын ала қою маңызды.
Шет тілі сабағындағы ойындарды қолдануға қойылатын талаптар.
Жалпыбілім беретін мектепте шет тілінпрактикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулу, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа жағдайға тап болған кезде, шығармашылықпен қолдана білуге машықтандырукөзделеді. Оқушының білімін арттыру олардың мақсатында жүзеге асырылады. Осы мақсатпен анықтама әдебиеттерді пайдалану, мәтін мазмұнынөз бетімен түсінугебейімделу және оның кейбір жерлерін түсінгендерін қысқаша айтып беру, шағын хабарлар дайындау және өзпікірінайтып, бағаберу сияқтыәрекеттерге дағдыландырудың маңызы зор. Шеттілі пәні оқушының жан-жақты дамып жетілуіне, дүниеге көзқарасының, сана-сезімінің, рухани және эстетикалық көзқарасына, өз бетінше білімін көтеруге ұмтылыуын дағдыға айналдыруына игі әсер етеді. Шет тілін оқып үйрену барысында оқушыларөз сөзін жоспарлай білуге икемделеді, өз әдептерін дұрыс пайдалануға дағдыланады.
Ш. Б. Бәйнештің пікірінше, шет тілін мектепте оқытудың шарттарын ескереотырып, оқушының мектепті бітіргеннен кейін де шет тілін оқып, түсіне білу қабілетін қалыптастыруға мән берілуге тиіс. Осыған орай шет тілін мектепте оқытудың практикалық мақсатын жүзеге асырудың алғышарттары- оқыту әдіс-тәсіліне, коммуникативтік бағдар беруге назар аударылады.
Мектеп жасына дейінгі баланың басты іс-әрекетінің бірі-ойын. Мектептеоның орнына басты іс-әрекет түрі болып оқу әрекеті кіреді. Бірақ мектепте ойындысабақтан мүлдебөліп қарауға болмайды. Жалпы ортабілім беретін мектептегішет тілін оқыту тұжырымдамасында төменгі және ортаңғы сатыда және тіпті жоғарғы сатыда да сабақтаойындар мен ойынэлементтерін кеңінен қолданған тиімді болатыны көрсетілген. Шет тілінде сөйлеуді, қарым-қатынас жасауды, коммуникацияға үйретуді ниет еткен әрбір мұғалім өз сабағында жаттығудың бір түрі ретінде ойындардықолданатыны сөзсіз. Ойындарды жаңа тілдік материалдарды бекітуге, сабақты қызықтыөткізуге, шәкірттердің тілге деген қызығуын арттыруға, білім деңгейін тексеруқұралы ретінде пайдалануға болады.
Ойындар жаңа тақырыптарды өткенде, сөздерді, грамматикалық материалдарды, тұрақты сөз тіркестерін пысықтауға арналған жаттығулардың біртүрі ретінде пайдаланылады. (37) Мұғалім ойынның сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы, ықшам, өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап алынған ойындар шәкірттердің сөз байлығына, тілдік қорына сай болуы керек.
Қандай да болмасын өткізу үшін мұғалім алдын ала жоспар әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда, мынадай шарттарға жауап беруі тиіс:
- ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сәйкес келуі;
- ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі;
- ойынның ойналу түрінің топ болып ойнау, кішірек топ болып ойнау, т. б. нақтылануы;
- ойынға қажетті материалдың түгел дайындалып қойылуы;
- қолданатын сөздер, сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, тақпақтар, өлеңдердің таңдалынып алынуы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz