Заңды тұлғаларды таратудың жалпы ережелері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I. Заңды тұлғаларды таратудың жалпы ережелері
1. 1. Заңды тұлғаларды тарату ұғымы, негіздері . . . 5
1. 2. Заңды тұлғаларды тарату тәртібі. Несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру . . . 14
II. Заңды тұлғалардың кейбір жекелеген түрлерін тарату ерекшеліктеріне жалпы сипаттама . . . 23
2. 1. Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерді тарату ерекшеліктері . . . 23
2. 2. Өндірістік кооперативтер мен мемлекеттік кәсіпорындарды тарату ерекшеліктері . . . 36
2. 3. Коммерциялық емес ұйымдарды таратудың азаматтық-құқықтық
негіздері . . . 47
Қорытынды . . . 60
Қолданылған әдебиеттер . . . 61
Кіріспе
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша заңды тұлғаларды тарату тәртібі» деп аталады.
Заңды тұлғаларды тарату тәртібі мен нысандары мәселесі азаматтық құқықта және салалық заң ғылымдарында кеңінен зерттелуде. Жұмыстың негізгі және басты міндеті заңды тұлғаларды таратудың себептерін, негіздерін заңдылылықтарын қамтамасыз ету. Осы тақырыпта екі аса маңызды әлеуметтік міндет тұжырымдалады: біріншіден, заңды тұлға құрған кез келген азаматтар заңды тұлғаның жұмысын тоқтатып немесе таратқанда құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделеріне нұқсан келмейтініне сенімді болу керек. Екіншіден, заңды тұлғаларды таратқан кезде немесе жұмысын тоқтатқан кезде бұл әрекеттердің барлығы заңға қайшы келмейтін негізде тек қана заң бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
Заңды тұлғаларды тарату тәртібі мен нысандары мәселелері жөнінде көптеген мақалалар, жинақтар және монографиялар жарияланған. Заңды тұлғаларды тарату тәртібі мен нысандары тақырыбы бойынша зерттеулер бірқатар жетістіктерге жеткен. Бірақ бұл тақырып бойынша проблемалық пәндік мәселелер әртүрлі пікір - таластар туғызуда. Бұдан шығатын қорытынды заңды тұлғаларды тарату тәртібі мен нысандары тақырыбы маңызды, сонымен қатар қызықты болып табылады.
ХІХ ғасырдың ортасы мен аяғында экономиканың күрт дамуы заңды тұлғалар туралы көп танып білуге түрткі болды.
Заңды тұлғалардың тарату тәртібі мен нысандары мәселелерін зерттейтін осы институттың қазіргі түсінігінің негізін салушы авторлар: Савиньи, Неринг, Гирке, Дернбург, Саллейл және басқа да неміс, француз цивилистері пайда болды.
XX ғасырда жаңа ақпарат технологиясының пайда болуымен, мемлекеттің экономикаға бұрынғыдан да бетер араласуы, инфра құрылым мен кәсіпкерлік қызметтің интернационалды болуы салдарынан заңды
Заңды тұлға институты кәсіпкерлік қызметтің әр түрлі саласында бір адамға, (сондай - ақ мемлекетке) тиісті капиталды икемдікпен қолдануға негіз береді. Заңды тұлғалар туралы қалыпқа келген заңдар (алдымен - акционерлік заңдар) бүкіл ел көлемінде капиталдармен басшылық ету құралы болып табылады. Сондықтан өзін - өзі реттеу, нарықтық экономиканы құруда күшті фактор болып табылып, шаруашылық өмірде әсерін тигізеді.
Осы жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасы аумағында қызмет етіп жатырған ұйымдар мен кәсіпорындардың таратылу ерекшеліктерін зерделеу болып табылады.
Осы жұмыстың міндеттері, шет елдер заңдарына талдау жасап, Қазақстан Республикасының коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарының қызметтеріне байланысты заңдарды зерделеу болып табылады.
Қазақстан әлеуметтік экономикаға кіру үшін тиімді ұйымдар мен кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанын таңдап, экономиканы тұрақтандыру мен реформалық жүйе арқылы бәсекелестікті дамытып, бюрократизімді жою қажет.
Азаматтық құқық заңды тұлғаларды тарату тәртібі мен нысандарын зерттейді және олардың әрқайсысына жеке-жеке түсініктер береді. Сондықтан дипломдық жұмыста қажетті ұғымдар, қағидалар, түрлер қарастырылады. Мақалаларды, жинақтарды, оқу әдебиеттеріндегі әртүрлі қайнар көздерді оқу «Заңды тұлғаларды тарату тәртібі мен нысандарын» тақырыбы бойынша кең түрде зерттеуге мүмкіндік береді.
Бұдан дипломдық жұмыстың төмендегідей мақсатын шығарамыз:
- «Заңды тұлғаларды тарату тәртібі мен нысандары» тақырыбы бойынша жеке зерттеу;
- Практикалық материалдарды зерттеу бойынша тәжірибелер алу (талдау және қорытындылау) ;
- Заңды тұлғаларды тарату тәртібі мен нысандары мәселелері бойынша өзіндік тәсіл қалыптастыру;
- Тақырыпты зерттеу барысына байланысты ұсыныстар енгізу.
Аталған мақсаттарға сәйкес дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады. Бірінші тарау «Заңды тұлғаларды таратудың жалпы ережелері» деп аталады. Оның өзі екі бөлімнен тұрады. Бірінші тарауда заңды тұлғаны тарату ұғымы, негіздері, тарату тәртібі қарастырылған. Екінші тарау «Заңды тұлғалардың кейбір жекелеген түрлерін тарату ерекшеліктеріне жалпы сипаттама» деп аталады. Ол заңды тұлғалардың жекелеген түрлеріне арналған.
Осы дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, азаматтық заңнамаларды жасауға өз үлесін қосқан Ғ. Төлеугалиевтің «Азаматтық құқық», А. Т. Сулейменов, Ю. Г. Басиннің «Азаматтық құқық», С. П. Гришаевтің «Гражданское право», Қазақстан Республикасының Заңдарын және тағы да басқа көптеген оқулықтарды кеңінен қолдандым.
I. Заңды тұлғаларды таратудың жалпы ережелері
1. 1. Заңды тұлғаларды тарату ұғымы, негіздері
Заңды тұлға анықтамасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 33-бабының 1 тармағында көрсетілген. Заңды тұлға деп меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жузеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымды айтады [1:13] . Кез келген заңды тұлға статусы бар ұйымның бекітілген белгілері болуы керек. Заңды тұлғаның бірінші белгісі - оның (ұйымдастырушылық бірлігі) ортақ құрылымы. Азаматтық кодекс, заңды тұлғаны ұйым ретінде тек адамдар тобы емес, белгілі бір қызмет ету мен қарым-қатынас тәртібіне бағынатын адамдар ұжымы деп түсіндіреді.
Заңды тұлғаны көп адамдардан тұратын, тыс жерде ортақ бір ерік білдіріп, азаматтық-құқықтық қатынастарда бір ауыздан сөз сөйлейтін ұйымдық бірлестік ретінде түсінеміз. Сонымен қатар ұйымдық бірлестікте әрқашанда көп адам болуы міндетті емес.
Заңды тұлғаның құрылымдық бірлігі заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында да көрсетіледі. Заңды тұлғалар жарғысы мен құрылтай шарты негізінде қызмет етеді. Кәсіпорын жарғысы кәсіпорын құрылтайшысымен бекітіледі, ал құрылтай шарты құрылтайшылармен келісіледі. Жарғыда заңды тұлғаның аты, мекен-жайы, қызмет мақсаты, басқа да қажет белгілері көрсетілуі қажет.
Екінші белгісі ретінде мүліктік жайын айтқан болар едім. Заңды тұлғаның осы негізгі белгісінен өз алдына мүліктік міндеттеме туындайды. Заңды тұлғаның мүліктік оқшаулануы оның заңды тұлға билік ететін мүлкінің болуында. Ю. К. Толстой заңды тұлғаның белгісі оның оқшауланған мүлкі емес, ұйымның мүлікті оқшаулап қызмет ету принципі, ал ол екеуі екі бөлек нәрсе деп дұрыс айтқан. Мұндай заңды тұлғаның мүлкін оқшаулау тіркелген уақытта ұйғарылады [2:162] .
Заңды тұлғаларды оқшаулау деңгейі әр түрлі. Ол мүліктің меншік нысанына (мемлекеттік, жеке) байланысты.
Егер ол мемлекеттік кәсіпорын болса, онда мүлік, оған шаруашылық жүргізу құқығымен бекітіледі және осымен басқа кәсіпорын мүліктерінен оқшауланады. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн ұйым заңды тұлға бола алады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады. Заңды тұлға Азамаық Кодекстiң, заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi. Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары болып өз қызметiне байланысты мiндеттердi Азаматтық Кодекске сәйкес мойнына алуы мүмкiн. Мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың азаматтық құқықтары болуы және заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған кез-келген қызмет түрiн жүзеге асыру үшiн қажеттi азаматтық мiндеттердi атқаруы мүмкiн.
Тарату - заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерін мирасқорлыққа өткізбей тоқтату тәсілі. Тарату ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін.
Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесінің уәкілдік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттарында шешім қабылдауға уәкілдік берілген заңды тұлға органның шешімі бойынша заңды тұлға кез-келген негіз бойынша таратылуы мүмкін.
Соттың шешімі бойынша заңды тұлға:
1) банкрот болған;
2) заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған;
3) заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылған;
4) тиісті рұқсат алынбаған қызметті, соның ішінде заңда белгіленген табыс ету мерзімінен кейін бір жыл өткен соң корпорациялық табыс салығы туралы декларация немесе оңайлатылған декларация табыс етпеген, заңды тұлғаның кредиторлары, заңды тұлға орналасқан жері бойынша немесе нақты мекен-жайы бойынша болмаған, сондай-ақ заңды тұлға бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар және лауазымды адамдар болмаған;
5) заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін. Жоғарыда атап өткеніміздей заңды тұлғаны банкрот болған жағдайда тарату, яғни, борышкердің сотқа өтініші негізінде сот арқылы жүзеге асырылады [1:20] .
Банкроттық кредиторлардың немесе Заңмен уәкiлдiк берiлген өзге адамдардың сотқа берген өтiнiшi негiзiнде мәжбүр етiп белгiленедi.
Қазақстан Республикасының 2006 жылы 1 қаңтарда қабылданған банкроттық туралы заңына сәйкес белгiленген жағдайларда борышкер өзiн банкрот деп тану туралы сотқа өтiнiш беруге мiндеттi.
Егер:
- кредитордың салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi салықтық берешегi бойынша талабы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жүз елу айлық есептiк көрсеткiштен кем болмайтын соманы құрайтын болса;
- өзге кредиторлардың борышкерге қоятын талабы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жүз елу айлық есептiк көрсеткiштен кем болмайтын соманы құрайтын болса, онда банкроттық туралы iстердi сот қарайды. Сот тәртiбiмен не соттан тыс тарату рәсiмдерiн өткiзумен борышкердi банкрот деп жариялауға оның дәрменсiздiгi негiз болып табылады [3:16] .
Дәрменсiздiк фактiсiн анықтау кезiнде борышкердiң орындау мерзiмi жеткен, сондай-ақ орындауға қабылданған және орындалып жатқан мiндеттемелерi ескерiлуге тиiс. Кредиторлардың борышкердi банкрот деп тану туралы сотқа не соттан тыс тарату рәсiмдерiн өткiзу туралы уәкiлеттi органға арыз берiп өтiнiш жасауына борышкердiң төлем қабiлетсiздiгi негiз болып табылады.
Егер борышкер мiндеттемесiн орындау мерзiмi жеткен кезден бастап үш ай iшiнде орындамаса, ол төлеуге қабiлетсiз деп есептеледi. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа не соттан тыс тарату рәсiмдерiн өткiзу туралы уәкiлеттi органға арыз берiп өтiнiш жасауына оның дәрменсiздiгi негiз болып табылады.
Борышкер мүлкiнiң иесі, заңды тұлға-борышкердiң құрылтайшысы немесе лауазымды адамдары борышкердi әдейi төлем қабiлетсiздiгiне (әдейi банкроттыққа) жеткiзгенi үшiн дәрменсiз борышкер кредиторлар алдында өзiне тиесiлi мүлiкпен субсидиялық жауапқа тартылады. Банкрот болған заңды тұлғаның лауазымды адамы борышкердi төлем қабiлетсiздiгiне әдейi жеткiзгенi үшiн оның мүлкiнiң меншiк иесiне шығындарды өтейдi.
Егер банкроттықты тану туралы өтiнiштi борышкер сотқа кредиторлардың талаптарын толық көлемiнде қанағаттандыруға мүмкiндiгi болған кезде берсе, кредиторлар борышкерден осы арқылы келтiрiлген шығындарды өтеуiн талап етуге құқылы.
Конкурстық басқарушы әдейі немесе жалған банкроттық жасау белгілерін тапқан жағдайда, ол лауазымды адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге міндетті. Борышкердiң өзiн банкрот деп танылғанға дейiн не соттан тыс тарату рәсiмiн өткiзу туралы шешiм қабылданғанға дейiн жасаған мәмiлелерi мынадай жағдайларда:
1) азаматтық заңдарда көзделген негiздер болғанда;
2) егер борышкердiң жеке кредиторлармен немесе өзге тұлғамен жасаған мәмiлесi банкроттық туралы iс қозғалғаннан не соттан тыс тарату рәсiмiн өткiзу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн бiр кредиторлардың басқа кредиторлар алдындағы талаптарын бұрын қанағаттандыруға әкеп соқса, уәкілетті органның, кредиторлардың, оңалтуды немесе конкурсты басқарушылардың өтiнiшi бойынша;
3) заң актiлерiнде көзделген өзге негiздер болған кезде жарамсыз деп танылуға тиiс.
Конкурстық және оңалтуды басқарушылар, кредиторлардың немесе уәкілетті органның мәлімдемесі бойынша санацияға қатысушы банкроттық туралы істі қозғауға немесе соттан тыс тарату рәсімінің бастамасына дейінгі үш жыл кезең ішінде мәмілелерді жарамсыз деп тануды және борышкер берген, соның ішінде жалға немесе бұдан бұрын жасалған мәмілелер бойынша орындауын қамтамасыз етуге берген мүлікті қайтаруды бұл мүлікті өтеусіз, нарық бағаларынан едәуір төмен бағалармен не кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып жеткілікті негіздерсіз алған адамдардан талап етуге міндетті.
Конкурстық және оңалтуды, басқарушылар, кредиторлардың немесе уәкілетті органның мәлімдемесі бойынша санацияға қатысушы банкроттық туралы істі қозғауға немесе соттан тыс тарату рәсімінің бастамасына дейінгі үш жылға дейінгі кезең ішінде борышкердің өздеріне берген мүлкін қайтаруды олардың алдындағы міндеттемелер басқа кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып мерзімінен бұрын орындалған кредиторлардан талап етуге міндетті. Бұл жағдайда кредиторлардың құқықтары банкроттық туралы заңның ережелерімен қамтамасыз етіледі [3:18] .
Өз өкiлеттiктерiн жүзеге асырған кезде оңалтуды немесе конкурсты басқарушы осы бапта көзделгендерден басқа, заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша борышкердiң мүлкiн үшiншi тұлғалардан талап ету туралы, борышкер жасасқан шарттарды бұзу туралы талап қоюға және азаматтық заңдарда көзделген, борышкердiң мүлкiн қайтаруға бағытталған өзге де әрекеттер жасауға құқылы.
Мүлiктiң жоғалуына, бүлiнуiне не оны кейiннен үшiншi тұлғалардың адал жолмен сатып алуына байланысты көзделген жағдайларда мүлiктi талап ету мүмкiн болмаған кезде талап етiлетiн мүлiктiң бастапқы сатып алушылары борышкердiң алдында осыған байланысты туындаған зиянды жоғалған, бүлiнген не үшiншi тұлғалар адал жолмен сатып алған мүлiктiң құны шегiнде өтеу жөнiнде жауапты болады.
Банкроттық туралы iстердi соттар борышкердiң заңға сәйкес белгiленетiн тұрған жерi бойынша қарайды.
Банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган беретін лицензиясы бар жеке тұлға - жеке кәсіпкер оңалтуды, конкурстық басқарушылар болып тағайындалады.
Аталған ұйымдардың банкроттығы рәсімдерін жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган оңалтуды басқарушыны тиісінше тауар нарығында үстем жағдайға ие болған табиғи монополиялар субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылатын ұйымдардың қызметін реттеуге уәкілетті органмен және тиісті орталық атқарушы органмен келісім бойынша, ал қала негізін қалаушы кәсіпорындар бойынша - тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімімен келісім бойынша тағайындайды. Банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Талап ету құқығын қоса алғанда, борышкердiң мүлкiн сатуды уәкiлеттi органмен келiсiлген және кредиторлар комитетi бекiткен мүлiктi сату жоспарына сәйкес сауда-саттық жүргiзу арқылы конкурстық басқарушы жүзеге асырады [4:84] .
Борышкердiң сатуға ұсынылған, бiрақ мүлiктi сату жоспарына сәйкес сатылмай қалған мүлкi тиiстi кезектегi өз талаптарына толық көлемде қанағаттана алмаған кредиторларға, олардың келiсiмiмен ортақ үлестiк меншiкке берiлуге тиiс. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған ақша конкурсты басқарушы заңдарға немесе борышкердiң басқа құрылтай құжаттарына сәйкес борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне не оның құрылтайшыларына (қатысушыларына) бередi. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған борышкердiң сатуға ұсынылған, бiрақ сатылмай қалған, сондай-ақ кредитор талаптарды қанағаттандырудың есебiне қабылдамаған заттай мүлкi, меншiк иесiне немесе борышкер - азаматтық заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды ұйымның қатысушыларына берiледi.
Кредиторлармен есеп айырысу аяқталған соң банкрот атқаруға қойылған және заңды ұйымды банкрот деп тану кезiнде ескерiлген мiндеттемелерi мен өзге талаптарды орындаудан босатылады.
Егер банкрот деп тану туралы өтiнiш берiлген кезге дейiнгi үш жыл iшiнде өз мүлкiнiң бiр бөлiгiн жасырса немесе жасыру мақсатында басқа тұлғаға берсе, бухгалтерлiк кiтаптарды, шоттарды, құжаттарды қоса алғанда, қажеттi есептiк ақпаратты жасырып қалса немесе бұрмаласа, банкрот қарыздардан босатылмайды. Оңалтуды, конкурсты басқарушы болып осындай қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi орган беретiн лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға тағайындалады. Мыналарды оңалтуды және конкурсты басқарушылар етiп тағайындауға болмайды:
1) борышкер немесе кредиторлар әкiмшiлiгiнiң лауазымды адамы;
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн бiр жылдан астам басқа заңды тұлғаның басшысы болған адам.
3) егер шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам не кооператив дәрменсіз борышкер немесе оның кредиторы болса, осындай серіктестікке қатысушылар, акционерлік қоғамдардың акционерлері, кооператив мүшелері;
4) жұбайы, тiкелей өзiнен тараған және шыққан тегi бойынша туыстары, аталған адамдардың туған аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi;
5) заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам [3:19] .
Оңалтушы және конкурстық басқарушылар лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, борышкердің істерін және мүлкін басқаруға қандай тәртіппен тағайындалған болса, аталған функцияларды жүзеге асырудан сондай тәртіппен шеттетілуге тиіс.
Лицензиясынан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Борышкерден ақша сомасын өндiрiп алу туралы заңды күшiне енген соттың шешiмi немесе атқару құжаттары бар талаптар даусыз болып табылады.
Банкроттық рәсiмдерiн немесе соттан тыс тарату рәсiмiн енгiзгеннен кейiн кредиторлардың талаптарын негiздi деп тануды тиiсiнше оңалтуды не конкурсты басқарушылар жүзеге асырады.
Кредиторлардың талаптарын тізілімге енгізу не олардың талаптарының сомасы туралы кредиторлар және оңалтуды немесе конкурстық басқарушылар арасында туындайтын келіспеушіліктерді тиісті кредитордың мәлімдемесі бойынша уәкілетті орган не сот қарайды.
Соттың немесе уәкілетті органның шешімі талапты тізілімге енгізу үшін негіз болып табылады.
Уәкілетті органның шешіміне сот тәртібімен шағым берілуі мүмкін.
Банкроттық туралы iс бойынша сотта борышкердiң, кредитордың өтiнiшi, прокурордың өтiнiшi негiзiнде iс қозғалады.
Борышкердi банкрот деп тану туралы кредитордың өтiнiшiн сотқа беру құқығына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты салық және өзге де уәкілетті мемлекеттік орган, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар - азаматтық-құқықтық мiндеттемелер жөнiндегi кредиторлар ие болады. Банкроттық туралы iс бойынша сот борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiштi iске қабылдау туралы ұйғарым шығарған кезден бастап iс қозғалды деп есептеледi [5:54] .
Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы берген өтiнiшi соттың тиiстi шешiмiнсiз қайтарылып алынбайды.
Банкроттық туралы iске қатысушы адамдар мыналар бола алады:
1) борышкер;
2) кредиторлар;
3) кредиторлардың еңбекке ақы төлеу жөніндегі өкілі;
4) прокурор;
5) борышкер мүлкiнiң иесi немесе ол уәкiлдiк берген орган;
6) уәкiлеттi орган.
Борышкер өзiн банкрот деп тану туралы:
-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен уәкiлдiк берiлген органның;
-борышкер мүлкi иесiнiң немесе ол уәкiлдiк берген органның шешiмдерi негiзiнде сотқа жүгiнуге құқылы.
Борышкер мүлкiнiң иесi, ол уәкiлдiк берген орган, заңды тұлғаның құрылтайшылары немесе құзыреттi органы, оны тарату туралы шешiм қабылдаған, ал мүлiк кредиторлардың талаптарын толық көлемiнде қанағаттандыруға жеткiлiксiз болған жағдайда, борышкер өзiн банкрот деп тану туралы сотқа немесе уәкiлеттi органға жүгiнуге мiндеттi.
Борышкердiң өтiнiшi сотқа жазбаша түрде берiледi. Оған борышкердiң - заңды тұлғаның басшысы немесе құрылтай құжаттарына сәйкес оның орнындағы адам қол қояды.
Борышкердiң өтiнiшiнде мыналар болуға тиiс:
1) өтiнiш берiлетiн соттың атауы;
2) азаматтық-құқықтық міндеттемелер бойынша кредиторлардың, олардың тұрғылықты жері және борышкерге қойған талаптарының сомасы көрсетілген тізбесі;
3) моральдық нұқсанның орнын толтыру туралы талаптарды қоспағанда, өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн борышкердiң өзi жауап беретiн азаматтардың талап етуi бойынша берешегiнiң сомасы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz