Доспамбет жыраудың өмірбаяны


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

«APEC PetroTechnic жоғары колледжі»

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Доспамбет жырау

Дайындаған: Колтумов Дәурен

Тобы: Эс 1-20б

2021-2022 жыл

2021-2022 жыл

Жоспары:

  • Доспамбет жыраудың өмірбаяны
  • Оның балалық шағы және шығармашылығы
  • Қорытынды

Мақсаты:

  • Осы жоспарда қарастырылған, яғни Доспамбет жыраудың өмірбаяны мен оның балалық шағы және шығармашылығы туралы толық мәлімет беру.

Доспамбет жырау

Доспамбет жырау Доспамбет жырау (1490, қазіргі Ресей Федерациясы, Ростов облысы, Азау қаласы - 1523, Астрахан маңы) - жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болған. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Тайпааралық ұрыстардың бірінде қаза тапты.

Балалық шағы

Доспамбет - жорықшы жырау, талай шайқастарда ерлік көрсеткен батыр. Доспамбет жыраудың (ХУІ ғ. ) есімі кезінде бүкіл Ноғайлы Ордасы мен Дешті қыпшаққа мәшһүр болған. Доспамбеттің тегі ноғайлыдан. Өзін «Аймедет ер Доспамбет» деп атайды. Туған жері Дон құйылысындағы Азов шаһары. Жырау кіші Орданы мекендеген билеуші әскери шонжар отбасында дүниеге келген. Өз ортасы, заманындағы білімді, тәрбиелі адам болған, Дешті Қыпшақты аралаған, Стамбул, Бақшасарйды болған. Доспамбет - жауынгер жырау. Ол 1523 жылы Астрахань түбінде қаза тапқан.
Доспамбет - «садақ толы сагез оқты бората атқан» батырды, «алты құлаш ақ найзасымен» жауын шаншыған қаһармады, Еділдің бойын ен жайлап, бейбіт тұрмыс кешкен заманды өз толғауларына өзек еткен. «Айнала бұлақ басы Тең» - бұл ұзақ толғауды өмірімен қоштасар сәтте шығарған. Толғауда жырау өз өміріне қорытынды жасайды, өзін-өзі дәріптейді. Өмірдің өтпелілігін «Дүниенің басы - сайран, түбі - ойран» деген сөздермен береді. Толғауда өмірден кетіп бара жатқан жанның ұлы арманы, ел-жұртына деген өшпес, қуатты махаббатының мұңы нәзік лиризммен беріледі. Жыраудың жалт еетіп өте шыққан жасындай өміріне риза екенін (қол бастауы, ару сүюі, тлпар мініп, дулыға киюінен) байқаймыз. Доспамбеттің «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Арғымаққа оқ тиді», «Айналайын ақ Жайық», «Тоғай, тоғай, тоғай су» деп басталатын толғауларында жаугершілік заман келбеті айқын байқалады. Ол Кіші Ноғай ордасының әскери шонжарлар отбасынан шыққан. Доспамбет Бақшасарай мен Стамбұл қалаларында болып, жақсы білім алған. Отыз жылдай ғана өмір сүрген ақын ұрпақтарына өзінің құнды поэтикалық шығармаларын қалдырған. Оның өлеңдерінде жауынгерлердің жорықтары мен ерліктері жырланған. Батырларға тән ар-ождан мен намыс үшін күрескен жауынгерлерді керемет суреттей білген.

Шығармашылығы

Доспанбет жырау | Әдебиет порталы Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат-мақсаты, түсінік-талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады. Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады. Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды (“Айнала бұлақ басы таң”, “Тоғай, тоғай, тоғай су”, “Азау, азау дегенің”, “Арғымаққа оқ тиді”, “Қоғалы көлдер, қом сулар”, “Айналайын, Ақ Жайық”, т. б. ) . Жырау өткен өмірді жырлағанда туған ел, өскен жерге деген ыстық махаббатын келер ұрпақ болашағымен байланыстыра сипаттайды. Олардың да ертең еліне қорған, тірек болуын қалайды. Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық рухты бәрінен биік қояды. Ол серілік пен сақилықты, дарқандықты, қонақжайлылықты ата-бабадан келе жатқан асыл дәстүр ретінде дәріптейді. Доспамбет жырау шығармалары қазақ поэзиясы тарихында өзгеше көркемдігімен, екпінді ырғағымен ерекшеленеді. Жырау айтайын деген ойының қуатын еселеп арттыру үшін қайталауларды жиі қолданады. Сөйтіп, оларды ұтымдылықпен пайдаланып, ойдың әсерлілігі мен өткірлігін күшейте түседі. Доспамбет жыраудың ерлік пен елдікке үндейтін толғаулары Бұқар жырау, Махамбет сынды өзінен кейінгі ақындарға елеулі әсер еткені байқалады. Бұл дәстүр толыса, кемелдене келе жаңа сипатқа ие болды. Доспамбет жыраудың шығармалары толық жеткен жоқ. Көпшілігі жорық үстінде қолма-қол айтылған. Ел жадында сақталғандары ғана бізге жеткен. Осы азғана жырларының өзінен-ақ оның жырды түйдек-түйдегімен ағытатын дауылпаз жырау болғаны аңғарылады. Доспамбет жыраудың жырлары ертеректе Османов “Ноғай уа құмық шығырлары” (СПб., 1893) атты жинағына енген. Кейін В. В. Радловтың “Халық әдебиетінің үлгілері” (1896) деген жинақта басылды. “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1967), “Алдаспан” (1971), “XV - XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы” (1982), “Бес ғасыр жырлайды” (1985), т. б. сан алуан хрестоматия, жинақтарда үздіксіз жарияланып келді.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет

  • https://kk. wikipedia. org/wiki/Доспамбет_жырау
  • https://www. uniface. kz/interfacts/index. php?post=article&id=180
  • https://itest. kz/kz/ent/qazaq-adebieti/zhyraular-poeziyasy/lecture/asanqajhy-qaztuhan-dospambet-shalkiiz-tolhaulary
  • http://ulagat. com/2020/12/21/Доспамбет-жырау
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыраушы тұлғалар
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Жүсіп Баласағұн (1020- ) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері
Ноғайлы әдебиеті
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАНЫМДАР БАСТАУЫ
Қазақ хандығы кезіндегі жыраулар
Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар шығармашылығындағы тарихи мәселелер
Қазақ поэзиясында жырау - ақынның ерекше ежелгі түрі
Жалпы мектептегі музыка сабағында жыршы-жыраулардың алатын орны
Доспанбет жырау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz