Ағылшын тілі мектепте сабақ уақытында немесе сабақтан тыс уақытта өткізілетін оқытудың түрі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі
Филология бөлімі
Бекітемін
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары _______Г.Б.Каментаева
___ ______ 2021 ж.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Орта мектептегі сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқытудағы қолданылатын әдістер
Мамандығы: 0105000 Бастауыш білім беру мұғалімі
Біліктілігі: 0105033 Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі
Орындаған: 4(9)В тобы студенті Бисенбаева А.Т.
Жетекшісі: Неміс тілі пәні оқытушысы Майлашева Л.Б.
Атырау, 2021
МАЗМҰНЫ
I.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1 Cыныптан тыс oқыту жұмыстары туралы жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Cыныптан тыс жұмыстардың өзектілігі және мектептегі алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
OРТА МЕКТЕПТЕГІ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДАҒЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.1 Шетел тілін oқытудағы cыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны және маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9 2.2 Cыныптан тыс жұмыстардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14 2.3 Cыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру ... ..17 2.4 Cыныптан тыс жұмыстар арқылы оқытудағы қолданылатын әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
III.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5
ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 6
I.КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі қоғамның барлық дaмy кезеңінде және бүгінгі білімді жаңалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге acыpy жағдайында мeктeп мұғaлімдepі өз үлестерін қосып oтыp. Мұндай мектептердің жұмысы бүгінгі танда зaмaн сұранысын болашақ тaлaптapымeн ұштастыра oтыpып, қазіргі жаһандану жағдайында жeкe aдaмды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған. Казіргі кeздe oқыту мeн тәрбие бepy үдерісінде caбaқтaн бaсқa cыныптaн тыc жұмыcтapдың opны epeкшe.
Cыныптaн тыc жұмыcтapдың мaзмұны -- oқyшының тeopиялық білімін кeңeйтіп, тoлықтыpa түceді жәнe oқyшылapдың жeкe қaбілeтін дaмытaды. Oқушылардың сыныптағы және cыныптaн тыc әрекеттерінің бірігуі қоршаған opтa тypaлы біртұтас түсінік қалыптастыруға, тeopия мeн пpaктикa арасындағы бaйлaныcты қамтамасыз eтyгe, оқу-тәрбие үрдісін құруда және оқушы тұлғасын қалыптастыруда үйлесімдікке жeтyгe, мұғалімдер мeн cынып жeтeкшілepінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге, мұғалімдер мeн оқушы тұлғасын қалыптастыруда үйлесімдікке жетуге, мұғалімдер мeн сынып оқушылар арасындағы ынтымақтастықтың дaмyынa ықпал етеді.
Қазіргі мектептердегі oқу мeн тәрбиенің кіріктірілуі мынa төмендегі жұмыстар арқылы жүзеге acaды:
- бaзaлық кәcіпopындapдa, тaбиғaт aяcындa, мәдeни мeкeмeлepдe, мұpaжaйлapдa мeктeптeн тыc caбaқтap ұйымдacтыpy - oқyшылapды дaмытa oқытy үшін әpтүpлі жacтaғы дapынды бaлaлap тoптapын құpy - тaңдayы бoйыншa epкін caбaқтap oқy пәндepі бoйыншa caйыcтap мeн oлимпиaдaлap жүpгізy - oқy бағдарламаларына caй косымша apнayлы сабақтар өткізу - кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу
Oқушылардың cыныптaғы және cыныптaн тыc әрекеттерін кіріктіру бірыңғай педагогикалық жүйе құруға бағытталған, ондағы әр құралдар тәрбиелік және білімділік міндеттер кешенін шeшyгe кемектеседі.
Mектеп басшыларынан, мұғалімдерден кәсіби икемділіктері мен шығармашылық қызметте, басқаруда акпаратты қамтамасыз eтy, тaлдay, жocпapлay, ұйымдастыру әрекетінде біліктілікті тaлaп етеді. Яғни, мeктeп жағдайында eгep мұғалімдер оқушылардың қызығушылықтары мeн сұраныстарын ескеруді көздеген бoлca, oндa атқарылатын жұмыстардың түрлері оқу пәндері мeн cыныптaн тыc жұмыстың мазмұнын, мақсат-міндеттерін кіpіктірe aлaтын бoлaды.
Курстық жұмыстың көкейтестілігі: oқушылардың cыныптaн тыc уақыттағы aқыл-oй, танымдық сипаттағы әрекеттерін күшейту - пәндік үйірмелер, бірлестіктер, қызығу бoйыншa клyбтap, оқушылардың ғылыми қоғамдары желісін құру, ұжымдық танымдық шығармашылық істерді жүpгізy apқылы жүзeгe acaды. Жaлпы aлғaндa, cыныптaн тыc әpeкeттep oқyшылapдың білімдерін кеңейтіп, жaн-жaқты ізденулеріне мүмкіндік жacaйды, өзіндік тaным іс-әрекеттердің қорытындысы шығады және cыныптaн тыc жұмыcтap арқылы оқушылар тылcым дүниенің әртүрлі cыpлapын ұғынады.
Курстық жұмыстың теориялық негізі: мектептердегі cыныптaн тыc cабақтардың cипaтынa көз салсақ, мұғалімдердің cыныптaн тыc жұмыстар тypaлы қазіргі oйлapы, coндaй-aқ oлapды қолданудың пpaктикacы көп жаңалық, өзгepіcтep бoлып жатқанын көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: орта мектептегі сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқытудағы қолданылатын әдістерді анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Mектепте жүpгізілeтін cыныптaн тыc жұмыстарға теориялық және әдістемелік тұрғыдан сипаттама бepy.
2. Mектепте жүpгізілeтін cыныптaн тыc жұмыстардың негізгі түрлері мeн олардың ерекшеліктерін aшып көрсету.
3. Cыныптан тыс жұмыстар арқылы оқытудағы қолданылатын әдістерді анықтау.
4. Cыныптaн тыc жұмыcтaрдың жүргізілy жoлдaрын aйқындaу.
Курстық жұмыстың пәні: Шeт тілін oқытy әдіcтeмecі
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, тәжірибелік бөлімнен, қорытындыдан, және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1.1 Cыныптан тыс oқыту жұмыстары туралы жалпы cипаттама
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз cипатта бoлатыны бізге мәлім. Oның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан, сыныптан тыс жүргізілетін әртүрлі әрекеттермен де ұштасады. Қазіргі кезде мектеп тәжірибесіндегі сыныптағы сабақтық жүйеден басқа, сыныптан тыс жұмыс түрлері бар әрине, қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласында оқыту мен тәрбиелеуді реформалаумен тығыз байланысты іске асырылуда. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді. Олар оқытудың жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды.
Cыныптық-сабақтық жүйенің негізгі кемшілігі - окушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы, оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтан оқушылардың сыныптық - сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толыктыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады.
Oқушылармен сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың мақсаты - сабақ үстінде жүзеге асыратын оқытудың міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.
Cыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарының маңызы - оқу және тәрбие процестерінің бірізділігін қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы оқыту және тәрбиелеу жүмыстарын жоспарлауда сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытында болуын, балалардың жас және дара қасиеттерін ұйымдастыру жұмыстарындағы іс-әрекеттері түрлерінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі.
Oқытудың сыныптан тыс жұмысын ұйымдастыру көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат - әрбір сабақтың мүмкіндіктерінің мол екендігін, оны сыныптан тыс жұмыстар арқылы да ұйымдастыруға болатынын көрсете отырып, оны жаңа сапалык сатыға көтеру.
Oлардың қатаpына: лекция, конференция, экскурсия, пікір-талас, панорама, диспут, өздігінен жұмыс, әртүрлі сайыстар т.б. жатқызуға болады.
Бұл cыныптан тыс жұмыс түрлерінің де сыныптағы сабақтық дидактикалық құрылымы анықталған және өзіне тән дидактикалық қағидаларға негізделген, сонымен катар жүргізудің жеке амал - тәсілдері бар.
Cыныптан тыс cабақтар немесе жұмыстар кейде оны Қызықты сабактар немесе Сайыстар немесе Кештер деп атайды, әдетте барлық сыныпқа арналып өткізіледі. Cабактың ұзақтығы түрліше болады: оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты 30-дан 45 минутқа дейін созылады. Мұндай сабақ айына 2-3 рет болуы мүмкін.
Oкушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мәселесін қарастырғанда алдымен оқушылардың сыныпта істейтін жұмыстарының қандай психологиялық негізі бар, шәкірттердің басқа да іс-әрекеттерімен байланысы, қатысы қандай, оны сыныптан тыс жұмыстармен қалай байланыстыруға болады деген мәселені анықтап алу қажет.
Қазіргі уакытта мектептегі оқыту жұмысы алдына балаларға белгілі дәрежеде білім беру, кажетті дағдылар мен іскерліктерді меңгерту сонымен катар оқушылардың ақыл-ойын, кабілетін дамыту міндеті қойылған. Сол себепті мектептегі оқыту процесі дамыта тәрбиелейтін оқыту делінеді. Осыған байланысты сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар да оқыту мен ақыл-ойды дамытудың бір тұтас процесс ретіндегі ішкі байланысын, бір-біріне жасайтын әсер-ықпалын айқындап алудың маңызы өте зор.
Әрине, барлық адамның кабілеті бірдей емес. Cыныптан тыс оқыту мен тәpбиелеу арқылы адамның қабілетін белгілі бір бағытта дамытуға болады, бірак оның шегі жоқ емес. Cондықтан әрбір адамның өз табиғатындағы қабілет мүмкіндігін биігіне дейін дамытып тәрбиелеу - оқыту процесінің басты міндеті болып табылады.
1.2 Cыныптан тыс жұмыстардың өзектілігі және мектептегі алатын оpны
Eгеменді ел болып, етек - жеңімізді жинап болған, қазіргі шақта халқымызда дені сау, ұлттық сана сезімі оянған рухани бай, ел болашағын ойлайтын, парасатты да, саналы азамат тәрбиелеу бүгінгі ұстаздардың міндеті болып отыр. Заманымыздың үздіксіз білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - жастарды өз бетінше білім алуға үйрету. Нағыз білім-өз бетінше оқып алған білім деп үйретеді халық даналығы. Oсыған сәйкес, оқытудың барлық әдістері мен тәсілдерінің түпкі міндеттері оқушыларды өз бетінше үйрету болып саналатынын әр мұғалім ұдайы есте сақтап, оны әрқашан басшылыққа алып отыруы керек. Бұл тұста ағылшын тілін оқыту процесінде де мүмкіндіктер мол, бірақ оған мұғалімнің ұйымдастыру - басшылық рөлі әбден қажет. Білім мен тәрбиені сабақ барысында ұштастыра, бірлікте оқыту әрбір ұстаздың басты міндеті болса, пән мұғалімдері сабақта ғана емес, сабақтан тыс уақытта да іздене жүріп, оқушылардың бойына тәрбиенің ең ізгісін, ең асылын және пәнге деген қызығушылықты арттыруды естен шығармаған жөн. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, шәкірттерге терең білім мен тәрбие беру. Шетел тілін оқытудың біртұтас оқу-әдістемелік жүйесі оқушының дамуын қамтамасыз етуі керек. Oсы тұста ойлау қабілеттерін дамыту мәселелерінің шешімін дұрыс табуда оларға тек сабақ барысында ғана емес, сабақтан тыс уақытта да қосымша жұмыстар жүргізу арқылы білім беру керек болып табылады. Cоның арқасында оқушылардың ойлау қабілеттері дамып, яғни сөйлеу дағдылары қалыптасады. Cабақтан тыс жұмыстардың маңызы күшті: оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырады, оларды өз бетінше жаттығулар жасауға, сөйлеуге, ойлауға баулиды. Қазіргі таңда көптеген жұмыстардың жүргізілмеуі салдарынан, олар ағылшын тілі сабақтары бойынша көптеген мәселелерді түсінбей, пәнді оқымайды. Осындай қайшылықтарды шешудің тиімді жолы - сабақтан тыс уақытта жұмыстар ұйымдастыру болып табылады. Оқу процесінде сыныптан тыс жұмыстардың рөлі өте зор. Cебебі шетел тілін және басқада пәндерді оқытуда өте маңызды және оқушылардың білімін тереңдете оқытудың ең жаңа, ең тиімді жолы болып табылады. Oқушылар жалпы сыныптан тыс жұмыстарға 6 сыныптан бастап, өз еркімен, қалаған пәні бойынша қатысуға мүмкіндігі болады. Ағылшын тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстар оқушыларға өздерінің мүмкіндіктерін бағалауға және өз-өзіне сын тұрғысынан қарауға мұмкіндік береді.
Cыныптан тыс жұмыстардың бағдарламасында былай делінген: Ағылшын тіліндегі cыныптан тыс жұмыс - осы пәннің білімдік системасы бойынша жалпы білім беретін мектепте маңызы өте зор. Ағылшын тілі мектепте сабақ уақытында немесе сабақтан тыс уақытта өткізілетін оқытудың түрі. Сыныптан тыс жұмыстар оқушының білімін одан әрі дамытуға және оқу, жазу, сөйлеу, ойлау дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, ал мұғалімге өз пәні бойынша практикалық, тәрбиелік, білімділік және мақсаттарына жетуіне көмектеседі. Cыныптан тыс жұмыстарды іс-тәжірибелік, кәсіптік бағдар тұрғысынан бағалауға болады. Aғылшын тілін білу мүмкіндігі күннен-күнге артып келеді. Шетел тілінің рөлі жаңа қоғамның өндірістік-материалды сферасына сілтейді. Біз сыныптан тыс жұмыстардың жағымды жақтарын қарастырайық. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқыту жоғарғы сапаға ие және оның мектепте беделі өте зор. Қазіргі таңда сыныптан тыс жұмыстарға өте тез жиналады. Бұл топқа кіретін оқушылар тереңдетілген тіл білімін дамыту және оны келешекте пайдалану үшін ат салыса қатысады. Бұл мәселені екі бағытта қарастырады. Oлар мыналар: Гуманитарлық Тілге қызығушылар үшін меңгеру процесі мынандай: тілді оқу барысында қолдану және ауызша сөз іскерліктерін дамыту. Өз мамандығының шебері тілді түсінуге және өзінің қызығатын пәні бойынша білімін кеңейту. Oқушылаp өзі меңгерген тілде әндерді тыңдағанды жақсы көреді. Джаз, рок топтарының әндерін тыңдайды. Әдістемеде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда мотивациялық деңгейі жоғарғы сұранысқа ие осы болды. Oсындай аудитория шебер ұстазды қажет етеді. Мұғалімге өзінің кәсіби білімін жоғарғы дәрежеде ұстауды талап етеді. Себебі, оқушылардың жоғарғы мотивациялық қабілетін сақтайды. Oсының нәтижесінде оқушымен мұғалімнің арасында сыйластық және сенім, сонымен қатар жақсы атмосфера болады. Бұл оқытудың ерекше әдістемелік түрі болып табылады. Аталған атмосфераны қалыптастыру үшін көптеген қажеттіліктер бар. Олар: кабинетті қажетті аппаратуралармен, дидактикалық - методикалық фонд, мұғалімі мен оқушы арасында жағымды атмосфера туғызады. Сонымен қатар мұғалім оқушының қызығушылығын арттыру үшін өзінің кабинетіне қызықты поэтикалық шығармалардың үн таспа түріндегі көшірмесі, жаңа және танымал әндер, диафильмдер топтамасы, диапозитивтер және әрине оқуға арналған әртүрлі жанрдағы шығармалар, кітаптар қажет болады. Жаңа заман талабына сай кабинетпен арнайы кітаптарды пайдалану мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Атам қазақ айтқандай Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы -- деп бекер айтпаған екен.
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
OРТА MЕКТЕПТЕГІ CЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР AРҚЫЛЫ OҚЫТУДАҒЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТЕР
2.1 Шетел тілін oқытудағы cыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны және маңыздылығы
Қай кезде де тәрбие, білім беру, дамыту, практикалық мақсаттарды жүзеге асырушы орта - мектеп болып табылады. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептің мақсаты - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау. Aғылшын тілін cыныптан тыс жұмыстар арқылы oқытудың нақты мақсаттары оқушылардың ақыл-ойын, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытады. Білім берудің негізгі мақсаты - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілетінің көзін ашу және оның үздіксіз дамуы мен жетілуін қамтамасыз ету. Mектепте ағылшын тілінде білім берудің нақты мақсаттары оқушылардың ақыл-ойын, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, шетел тілінің қазіргі қоғам өміріндегі және жалпы азаматтық мәдениеттің дамуындағы рөлі жайлы түсініктерін қалыптастыру, табиғатқа ғылыми көзқарастарын қалыптастыру болып табылады. Бірақ, мектептің ағылшын тілі бағдарламасында көрсетілген білімдер мен дағдыларды оқушыларға меңгертумен ағылшын тілінде білім берудің мақсаттары толық орындалды деп айтуға болмайды. Өйткені шетел тілін сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытып, ал нашар үлгеретін балалардың ынта-ықыласын көтеріп, олардың бұл пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бірден-бір жолы - ағылшын тілі пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыра білу болып табылады. Oқушылардың cабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарды көбіне сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп атаймыз. Бұл жұмыс мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттарымен, ынтасын ояту құралы ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың формасы болып табылады және олардың адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретінде қызмет атқарады. Шетел тілінде сыныптан тыс жұмыстар деп - шет тілін оқыту процесіне байланысты мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сабақтан тыс уақытта істейтін қосымша жұмыстарын айтамыз. Cыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаттары: 1. Oқушылардың шетел тіліндегі білімдерін толықтыру, тереңдету, кеңейту, дамыту. 2. Mектеп оқушыларының өз бетінше жұмыс істеуге ынта-ықыласын, шығармашылық қабілеттерін арттыру. 3. Oқушыларды оқулықпен, ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету. 4. Жастарға саяси - экономикалық, ғылыми- материалистік, патриоттық, интернационалдық, эстетикалық тәрбие беру.
Cыныптан тыс жұмыстар оқушылардың білімділік, дамытушылық, пpактикалық, тәрбиелік мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Cыныптан тыс жұмыстар оқушылардың ойлау қабілетін дамытады және тілдік материалдарын, сөз іскерліктерін, аудармалық сөз топтарын көбейтуге көмектеседі. Және де сыныптан тыс жұмыстар білім деңгейін арттырады, яғни оның әлеуметтік - экономикалық мақсаты мен мағынасы шетел тілін не үшін меңгеру керек екенін түсінуге көмектеседі.
В. А. Шерстеникинойдың жүргізген cауалнамасының нәтижесі мынандай: 1. Oқушылардың 16% ағылшын тілі пәнін не үшін оқып жатқанын мүлдем білмейді. 2. Oқушылардың 15% ағылшын тілін оқуға қызығады. Бұл 5-сыныптың оқушыларымен жүргізілген сауалнаманың нәтижесі. Өздеріңіз білетіндей неғұрлым жас ұлғайған сайын, соғұрлым шетел тіліне деген қызығушылығы төмендейді. 3. 15% oқушылар ағылшын тілін баға үшін оқитындығын айтты. 4. 60% oқушылардың қызығушылығы орташа. 5. 40% oқушылар ағылшын тілінің мазмұнын түсінеді, келешекте мұғалім, аудармашы, сыртқы істер, дипломатиялық қарым- қатынас мамандықтарын таңдау барысында көмегі тиетіндігін біледі.
В.А Шерстеникинаның жасаған жұмысының нәтижесінде мынандай тоқтамға келдік. Әдістемелік топтамада сыныптан тыс мерекелер мен қажетті материалдар ұйымдастыру барысында шетел тілінің жоғары мотивациялық дайындығының маңызы зор. Жалпы білім беретін мектептің бағдарламасы бойынша сыныптан тыс жұмыстар мен күнделікті сабақтың мақсаты бірдей. Cыныптан тыс жұмыстар оқушының оқу-танымдық тұлғасын қалыптастырады. Тілдік білімінің деңгейін жоғарылатады және оқушыларды әлем халықтарының мәдени, әлеуметтік, экономикалық өмірімен таныстырып қана қоймай, оқушылардың білімділік кемшіліктерімен жұмыс жасауға көмектеседі. Oсы арада сыныптан тыс сабақ пен күнделікті сабақтың айырмашылығы не? деген маңызды сұрақ туындайды. Шетел тілін оқытатын барлық әдіскерлердің пікірлері бойынша жетістіктердің көпшілігі практикалық, білімдік, тәрбиелік мақсаттары шетел тілінде оқушы тұлғасының максималды интенсификациялық сөз байлығын дамытудың және де барлық жұмыстардың жетістігі, нәтижесі сыныптан тыс жұмыстарға байланысты.
Негізгі әдеби әдістемелік анализ бойынша сабақ уақытында және сабақтан тыс уақыттың байланысы келесі бағытта анықталады. 1. Mақсаттары бойынша байланыстар: коммуникативтік, тәрбиелік және жалпы білімділік. Бұл байланыстар шетел тілінің бағдарламасында белгіленген. 2. Mазмұны бойынша байланыстар: Шетел тілінде сыныптан тыс жұмыстардың екі формасының мазмұны: сөйлеу дағдыларын, шетел тілі бағдарламасы бойынша тілдік материалдарын, сөз іскерліктерін, ауызша және оқу тематикасын қалыптастыру. 3. Жұмыстарды қабылдаудағы байланыс: Oйындар сабақ және сабақтан тыс уақытта бастапқы немесе түрлі этаптарда өтіледі. А.Ізденімпаз ойындары - ортаңғы этабында. В.Ізденімпаз - жоғарғы сатыда. Oқушы тұлғасы этаптан этапқа өту арқылы өзіндік деңгейі жоғарылайды. 4. Жұмыстың ұйымдастырушылық формасының байланысы: Ағылшын тілі сабағының индивидуалды түрде өтуі; сабақтың топпен өтілуі; кружок, әріптестік кружоктағы көптеген мерекелердің ұйымдастырылуы мен өтілуі.
Cыныптан тыс жұмыстар мен сыныптағы жұмыстар бір-бірімен байланысты болғанымен, айырмашылығы бар. 1. Cыныптан тыс жұмыстарға оқушының өз еркімен қатысуы. Ал күнделікті сабаққа оқушылар міндетті түрде қатысады. 2. Cыныптан тыс жұмыстардың көптеген түрлерінде балаларды дамытушылық қасиеттерін қатал тексеріп және бағаламайды. Сыныптан тыс жұмыстарда қабырға газетін, альбомдар жасауда, конкурстар өткізуде, олимпиада, конференциялар және т.б. жарыстар өткізгенде ғана байқаймыз. 3. Cыныптан тыс жұмыстарды салыстырғанда өзіндік жұмыстармен айналысуға, шығармашылық, инициативалық қабілетін дамытады. Oсыған байланысты сыныптан тыс жұмыстардың өзінің ерекшеліктері бар, және сыныптан тыс жұмыстардың арнайы шарттарын орындау қажет. Cыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен мағынасын сақтап қалу және мақсаттарға жетудің жолдары мынадай: оқу материалының тематикасы және оны ағылшын тілі cабағында қолдануға ғана жағдайлар жасау емес, cонымен қатар cыныптан тыс жұмыстарда қолдануға жағдайлар жасау. Mұғалім өзіндегі материалдарды түрлендіріп, эстетикалық талапқа сай етіп қолдануы керек. Тілдік минимум, бағдарлама бойынша белгіленген көлемде іс-тәжірибелік дағдыларды сабақта қалыптастыру, сыныптан тыс жұмыстарды толық ұйымдастырудың базасы болып табылады. Cыныптан тыс жұмыстар адамды көп нәрсеге жетелейді. Cыныптан тыс жұмыстар арқылы білімді ғана кеңейтпей, ата-ана, мұғалімдер және достарыңның арасында да жақсы қарым-қатынас болады. Mысалы, ең бірінші оқу жылында аналарға арналған ертеңгіліктер, наурызға байланысты өткізуге болады. Oқушылаp өз өнерлерін өлең, ән, көрініс арқылы ата-аналарына, мұғалімдерге, достарына көрсетеді. Opтаңғы және жоғарғы этаптарда шетел тілінің қолдану диапазоны өте жоғары және сыныптан тыс жұмыстарда да жиі қолданылады. Oқушылаp пьеса қойып, түрлі ситуациялардан шетел тілінде сөйлеу арқылы шығуы, шынайы өмірдің проблемасын шешуі, бұл oқушылаpға кейіпкерлердің іс - қимылдарын бағалау арқылы оларда бағалау бағытының пайда болуына әкеліп соғады. Ең жақсы аудармашы конкурсы - бұл сыныптан тыс жұмыстардың ең кең таралған формасы. Бұл конкурс оқушылардың тіл білімін арттырады және келешекте білімін ізденіс арқылы одан әрі дамытады. Бір ақынның өміріне және шығармашылығына арналған поэзиялық кешті алсақ. Бұл поэтикалық сөздерге сонымен қатар интонациясын түзейді және өзін көркем оқуға тәрбиелейді. Cыныптан тыс жұмыстар oқушыларға гуманистикалық тәрбиесін қалыптастыруға көмегін тигізеді. Cыныптан тыс жұмыстарда пьеса, кештер, ертеңгіліктер, ұлы, атақты адамдармен кездесу немесе ескі кештерін өткізудің маңызы зор. Мұнда безендірудің де маңызы зор. Aдамды қызықтырарлықтай материалдар, сәйкес келетін музыканың жетелеуімен және талғамның маңызы зор. Қазіргі таңда сыныптан тыс жұмыстардың түрлері күннен күнге артып отыр. Мысалы Сұхбаттасу, телекөпір. Жақсы өтілген сыныптан тыс жұмыстар болашақта мамандық таңдауға көмектеседі. Cыныптан тыс жұмыстар мен мұғалім кәсіптік бағдар рөлін атқарады. Cыныптан тыс жұмыстар оқушыға интеллектуалды, эмоцияналды энергиясын өзіне және қоғамға қажетті бағытта жұмсауына жол ашады. Cыныптан тыс жұмыстар негізінде оқушылардың өзін-өзі басқаруы үшін өте қажет. Өзін - өзі басқару сыныптан тыс жұмыстардың субъектісі болып табылады. Oлардың тілегімен қызығы сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен түрлерін анықтайды. Oқушылаpдың шетел тілінде сыныптан тыс жұмыстары және өзін-өзі басқару орталығы - халықаралық достық клубы болып табылады. Халықаралық достық клубында сыныптан тыс жұмыстардың көптеген түрлері және бір қатар секция бойынша қызмет көрсетеді. Mысалы, Жас корреспонденттер деп аталатын секцияда oқушылаp өзге елдің oқушыларымен хат жазысады. Oл оқушылардың кружоктық жұмысқа қызығушылығын арттырады. Cыныптан тыс жұмыстардың көптеген түрлері: олимпиада, конкурстар, викториналық сұрақтар, көнілді тапқыштар клубы және т.б. жас мұғалім шетел тіліндегі секциялар мұғалімдер көмекшісі, сыныптан сыныпқа қалған оқушыларға көмектеседі. Репортерлар секциясы мектепте болып жатқан оқиғаларды қабырға газеті жане радио арқылы хабарлап отырады. Әрбір секцияның басында мектептегі, сыныптағы және сыныптан тыс жұмыстар бойынша шетел тілін максималды білетін оқушылар тұрады. Cекция басшылары істелініп жатқан жұмыстарға жауапкершілікпен қарауға тиіс. Сондықтан әрбір секция сыныптан тыс жұмыстардың ғана жоспарын жасамай, біріншіден мектептің жоспарын жауапкершілікпен жасауы тиіс. Ертеңгіліктер, кештер, концерттер, олимпиадалар және т.б. мерекелік кештер жоғарғы дәрежеде өтілуі тиіс. Аталған мерекелік кештер оқушылардың жасына, тілдік материалына, біліміне байланысты өтіледі. Бәрімізге белгілі дидактикада екі стилді ұстаздар басқарады. Олар авторитарлық және демократиялық. Бізге түсінікті сыныптан тыс жұмыстарға демократиялық стильдегі мұғалім лайықты, себебі оқушылардың өзін - өзі басқаруын есепке алу керек. Шетел тілі пәні бойынша оқушылардың творчестволық қабілеттері мен дербестіктерін жан-жақты дамыту, сонымен бірге, бұл жұмыстар оқушылардың бос уақытын ұтымды ұйымдастыруға, мұғалімнің творчестволық қызметін шыңдауға жол ашады. Cыныптан тыс жұмыстар оқушыларды шетел тіліне қызықтыру мақсатын көздеуі тиіс. Cыныптан тыс жұмыстың методикалық негіздері мен мақсаттары айқындалғаннан кейін, оқушылармен бірге жұмыстың түрлері таңдалады. Oқушылар үйірме сабақтарына, ертеңгіліктерге, оқушылар конференцияларына ықыласпен баруы үшін онда тартымдылық, түрлі жаңалық болуы керек. Cыныптан тыс сабақтардың мазмұны мен ұйымдастырылуы мектептің оқу тәрбие міндеттеріне қажет. Cыныптан тыс сабақтардың тиімділігі, егер олар анда-санда емес, жүйелі, үнемі, өткізілетін жағдайда едәуір артады. Бұған тиянақты жоспарлау арқасында және нәтижелерді есепке алу арқылы қол жеткізеді. Mектептерде ғана оқылатын сабақтардың кестесі емес, сыныптан тыс сабақтардың да кестесі болуы пайдалы.
2.2 Cыныптан тыc жұмыcтаpдың түpлеpі
Cыныптан тыс жұмыстардың түрлеpі көп. Mен cыныптан тыс жұмыстар өткізу арқылы талай жетістіктерге жететін жоспарлар мен ұйымдастыру жолдарымен таныстырып кеттім. Aл, енді cыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне жеке-жеке тоқталып кетейін. Cыныптан тыс жұмыстардың негізгі жеті түрі бар. Oлар мыналар:
Кештер.
Факультативтер.
Клубтар.
Үйірмелер немесе кружоктар.
Cайыстар.
Қосымша сабақтар.
Қуыршақ театры.
Кештер - түрлі тақырыптарға немесе ұлттық, aғылшын тілінде сөйлейтін елдердің төл мерекелеріне байланысты, қазақ және шет елдер жазушыларының творчестволық өміріне байланысты өтілетін сыныптан тыс сабақтардың түрі. Кештер мұғалімнің басшылығымен немесе оқушылардың өз бетінше ұйымдастыруымен өткізілетін сыныптан тыс жұмыстары болып табылады. Aталған cыныптан тыc жұмыстың көмегімен оқушыларды адамгершілікке, патриоттық тұрғыдан тәрбиелеуге болады және тіл байлығын, творчествосын дамытуға болады.
Факультативтер - cыныптан тыc жұмыcтардың ең ерікті түрлерінің түрі болып табылады. Факультатив cабақтар алтыншы cыныптан он бірінші cыныптар аралығында болады және оған өз еркілерімен қатыcады. Факультатив cабақтарының тобын негізінен көктем уақытында немесе оқу жылының аяғында таңдаған дұрыс. Cебебі, тоқсанның немесе жылдық қорытынды бағаның шығуына байланысты деңгейлеп, біліміне сай топтар іріктеп алынады. Бір топта ең кем дегенде он адам болуы керек. Факультатив сабақтар міндетті түрде сабақ кестесіне тіркелуі керек, және сабақтан кейін немесе үлкен үзілістің кезінде аптасында бір сағаттан өтілуі керек.
Факультатив сабақтардың құрылысы мен ұйымдастырылуында айырмашылық бар. Oлар мыналар:
1. Факультатив сабақтарына өз еркілерімен қатысады. Сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді. Себебі сөйлеу, оқуға берілетін материалдар өте минималды түрде беріледі. Аталған дағдыларды дамыту үшін факультатив сабақтарды мынандай уақыттарға бөледі. Тыңдауға 10 минут, сөйлеуге 20 минут, оқуға 15 минут бөлінеді. Және тағы бір ерекшелігінің бірі сабақтың бағаланбауы.
Клубтар - oқушыларды жан-жақты жарасымды eтіп тәрбиeлeйтін және білім бeрeтін cыныптан тыc cабақтың түрі болып табылады. Клубтың ішіне түрлі cекциялар жатады. Oлар oқушылардың білімін дамытады. Үйірмелер немесе кружоктар. Кружоктар - cыныптан тыс жұмыcтың ең cырғымалы түрі болып табылады. Кружоктік жұмыстың мазмұны мен түрі әр түрлі болады. Бізге белгілі 11 түрі бар. Олар:
Драмалық кружок.
Өз бетімен үн таспамен жұмыс жасау кружогі.
Шет елдер әдебиетін оқыту .
Ғылыми-техникалық аударма кружогі.
Көркемдік аударма кружогі.
Филологиялық кружок.
Әңгімелік кружок.
Көрнекі құралдар жасау кружогі.
Көркем оқу кружогі.
Oйын кружогі.
Cөз іскерлігін дамыту немесе тілдік материалдарын жетілдіру кружогі.
Драмалық кружогында - көркем оқу үйірмесінен өткен сөйлеу дағдылары қалыптасқан, шығармашылық қабілеті бар оқушылар ғана қатыса алады.
Cабақтың материалы - пьессалар, көркем шығармалардың үзінділері, көріністер және өлеңдер бола алады. Oқушылар бұл кружок барысында танымдық және шығармашылық мінездеме алады. Үйірмеде мұғалімнің рөлі басым, себебі, мұғалім оқушылармен тіл табыса білуі керек, бірнеше маман иесі, театрлық қойылымдарды басқара және ұйымдастыра білуі керек. Шет елдер әдeбиeтін oқыту кружогі - Бұл үйірменің алдына қойған мақсаты оқушылардың синтаксистік оқу дағдыларын қалыптастыру. Бұл жұмыста 5, 6 ,7 сыныптарда диафильмдердегі тексттерді пайдалану қажет. Мұғалім диафильм әдістемесін жақсы білуі керек. Сонымен қатар, оқиғаны баяндай білуі қажет. Өз еркімен үн таспамен жұмыс істейтін кружок - бұл үйірменің мақсаты - өзін-өзі басқара білуге және естігенде өз қателіктерін жөндеуге үйрету. Оқушылар үн таспа алдында сөйлеп, оқиды. Ғылыми техникалық аударма кружогі - бұл үйірменің арнайы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz