Балаларда сурет салудың техникалық дағдыларын қалыптастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЖСС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Мектепке дейінгі бөлім
Мектепке дейінгі пәндер ПБК-сы
Омарова Саяжан

БАЛАЛАР БАҚШАСЫНДАҒЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ІС-ӘРЕКЕТІ -БАЛАЛАРҒА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫН ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАБЫЛДАТУ ЖОЛДАРЫ

Курстық жұмыс

Ғылыми жетекші
Ж.К.Мантугелова
Мектепке дейінгі педагогика және жеке әдістемелер оқытушысы

Нұр-Сұлтан 2021 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. БАЛАБАҚШАДАҒЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Балабақшада бейнелеу өнерінің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 5
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығармаларды эстетикалық тұрғыдан қабылдату жолдары мен көркем шығарманы дамыту функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

II.БАЛАЛАР БАҚШАСЫНДАҒЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ІС-ӘРЕКЕТІ АРҚЫЛЫ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫН БАЛАЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ҚАБЫЛДАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ТӘЖІРБИЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМІ
2.1 Бейнелеу өнері оқу қызметінде көркем шығармаларды тиімді пайдалану әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.2 Сурет салу арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ГЛОССАРИЙ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
ЗЕРТТЕУ БАРЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

КІРІСПЕ
Бейнелеу өнері дүниені көзбен көріп,түйсіну негізінде бейнелейтін өнердің бір саласы.Балабақшада бейнелеу өнерімен шұғылдану -болмысты танудың тиімдң құралы болып табылады және сонымен бірге көзбен көрп,қабылдау,қиялдау,кеңістікті елестете білу ,есте сақтау сезімін және басқа психикалық процесстердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі.Мектеп жасына дейінгі балалардың ең сүйікті әрекеттері сурет салу, мүсіндеу, жапсыру. Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнеріндегі дәстүрден тыс сурет салу техникасы туралы түсінігі қалыптасып, көркемдеп бейнелеуге және өзінің сол затқа қатынасын жаңа оймен бере білуге дағдыланады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі шығармашылық қабілеттің дамуы мектеп жасына дейінгі балаларда бейнелеу өнерінде пішін және бояуды сәйкестендірудің басқа жолын іздеуі. Көркемдік шығармашылық әрекет баланы көңілсіз жағдайдан шығарып, жүйкеге түскен салмақты түсіріп, эмоциональды көңіл-күй туғызады. Сондықтан балабақшада баланың басты әрекеті ретінде бейнелеу өнерін енгізген маңызды. Бала сурет сала, қия және желімдей келе, бірінші кезекте өзі үшін субъективті жаңа бұйымды алады. Бала үшін мұның маңызы зор. Балалар суретшілер тәрізді жасамаса да, мектепке дейінгі кезеңде бірнеше көркем бейнені жасай алады. Осының өзі оның жеке тұлға болып дамуында із қалдырып, нағыз шығармашылықтың тәжірибесін меңгеріп, оны болашақта пайдалана білетіндей болады.
Зертеудің өзектілігі: Балаларды бейнелеу өнерінің әдіс-тәсілдеріне үйрету -эстетикалық тәрбиенің ең басты міндеті болып саналады.Бейнелеу өнері балалардың эстетиклық сезімін,көркемдік талғамын оятып,шығармашылық қабілетін дамыту үрдісін көрсетеді.Бейнелеу әрекеті үрдісінде балалар бірқатар іскерліктер мен дағдыларды меңгереді,заттар мен қоршаған әлем құбылысын талдауға үйренеді.
Зертеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалармен, бейнелеу өнерін ұйымдастыру және бейнелеу өнерінің әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Балаларда сурет салудың техникалық дағдыларын қалыптастыру.
2. Балаларды сурет салудың әртүрлі дәстүрден тыс тәсілдерімен таныстыру.
3. Балаларды сурет салудың әртүрлі дәстүрден тыс тәсілдерін пайдалана отырып, өзіндік қайталанбас бейне жасауға үйрету
Зертеу пәні: Оқу ақпаратын тарату (Бейнелеу өнері және оқыту әдістемесі)
3
Зерттеу нысаны: Мектеп жасына дейінгі балалар.
Зерттеу жұмысының болжамы: Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға бейнелеу өнері арқылы эстетикалық білім мен тәрбие берілсе, көркем шығармалардың мазмұны әдістемелік тұрғыдан негізделіп іс жүзінде тәжірибеге енсе балаларға бейнелеу өнері арқылы білім беру тиімді болар еді.
Зерттеудің теориялық маңызы: Мектеп жасына дейінгі балаларға бейнелеу өнерін ұйымдастыру және өткізу әдістемесі бойынша жаңа әдіс-тәсілдерді қарастыру, әдебиеттермен танысу, мәліметтер жинақтау. Балабақшада баланың басты әрекеті ретінде бейнелеу өнерін енгізген маңызды болып саналатындықтан , балалардың эстетикалық сезімін, көркемдік талғамын оятып, шығармашылық қиялын дамыту үрдісін белгілі жүйеде көрсетеді. Зерттеудің практикалық маңызы: Мектеп жасына дейінгі балаларға бейнелеу өнерінің әдіс-тәсілдерін қолдану бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, талдау, сараптама жасау.
Зерттеудің құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан,негізгі мәселені қарастырған бөлімдерден қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымша, глоссарийден тұрады.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері: Ғылыми әдебиеттер, баспасөз материалдары, отандық ғалымдардың еңбектері, озат тәжірибелер қолданылды.
Зерттеу орны: Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Шахтерское селосы,
Қ. Шайменов атындағы ЖОББМ КММ.

4
I. БАЛАБАҚШАДАҒЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Балабақшада бейнелеу өнерінің маңызы.
Бала ес біле бастағаннан-ақ өзі жете түсінбесе де жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, мәселен, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі балалардың қызөығушылығын туғызады. Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жәй ғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады.
Бейнелеу өнері балалардың эстетикалық сезімін, көркемдік талғамын оятып, шығармашылық қиялын дамыту үрдісін белгілі жүйеде көрсетеді. Бейнелеу әрекеті үрдісінде балалар бірқатар іскерліктер мен дағдыларды меңгереді, заттар мен қоршаған әлем құбылыстарын танып түсіне бастайды.
Балалардан шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін бейнелеу өнерінің орны ерекше болып табылады. Балабақшада балалардың ең сүйікті әрекеттері сурет салу, мүсіндеу, жапсыру кезінде заттар мен құбылыстар туралы түсінігі қалыптасады, көркемдеп бейнелеуге және қиялы дами түседі.Мектепке дейінгі кезеңдегі шығармашылық қабілеттің дамуы мектеп жасына дейінгі балаларда бейнелеу өнерінде пішін және бояуды сәйкестендірудің басқа жолын іздейді. Көркемдік шығармашылық әрекет баланы көңілсіз жағдайдан шығарып, жүйкеге түскен салмақты түсіріп, жақсы көңіл-күйді туғызады. Балабақшада баланың басты әрекеті ретінде бейнелеу өнерін енгізген маңызды болып саналады. Бала сурет сала, қия және желімдей келе, бірінші кезекте өзі үшін субъективті жаңа бұйымды алады. Бала үшін мұның маңызы зор. Балалар суретшілер тәрізді жасамаса да, мектепке дейінгі кезеңде бірнеше көркем бейнені жасай алады.
Балалардың бейнелеу шығармашылығы - баланың қоршаған ортадағы шынайылықты суреттеуі, мүсіндеуі, құрастыруы, өзінің бақылағандарын, қиялындағыны бейнелеуі. Қоршаған ортамен таныстыру арқылы баланың түсінігі мен білімін кеңейту шығармашылығын дамытудағы негізі болып табылады. Бейнелеу өнері балаларға зейін қойып бақылауға, қарауға, нақты және толық түсінік алуға көмектеседі. Мысалы: ағаштың суретін салу үшін, оны қарау, бөліктерін ажырату, атай білуі, жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерін көре алуы және сипаттай білуі керек. Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының дамуындағы сурет салудың алатын орны ерекше. Мысалы, балабақшадағы сурет салу түрлері: заттық, мазмұндық, сәндік. Заттарды бейнелеуге үйретуде салатын затты әсерлі түсіндіре білу қажет.
5
Сурет салу техникасына үйрету мен бейнелеу әсерлі құралдарын қолдану арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамытуға болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығының бірінші белгісі қоршаған орта заттары мен объектісімен таныстыруда тәрбиеші оның негізгі пішінін салыстыруға, ұқсастығын ажыратуға үйретіледі. Сол себептен бала бір заттың түрліше пішінін суретін салуда, мүсіндеуде және жапсыруда басқаша бейнелеудің амалын меңгереді. Балалар еркін түрде сурет салуда, басқа заттың ұқсас пішінін беруде қолданады. Сурет салуда түзу, қисық, үзік, жіңішке, қалың сызықтың түрлі амалын бала өзінің ойымен заттар мен құбылыстардың бейнесін беруде пайдаланады. Мысалы: бала құстың аузын ашып қояды, бұл оның ойынша ән айтып тұр дегенді білдіреді. Осындай жолдар арқылы бала бейнелеу әрекетінде еркін шығармашылық мүмкіндігін көрсетеді. Мектепке дейінгі балаларда болатын шағырмашылықтың екінші белгісі - затқа жаңа қызмет беруі. Баланың затпен әрекетінде байқалатын құбылыс, бір затты екінші заттың орынбасары ретінде қолданып, қиялында таза образын жасап алуы. Сол сияқты бейнелеу әрекетінде де көз алдына елестету арқылы жаңа бейнелер құрастырады. Бала сурет салуда бейнелеу іс-әрекеті арқылы жас ерекшелігіне сай, қоршаған ортаны өзінің бейнелеу тәсілдерімен суреттеуге талпынады. Бала қоршаған ортаға деген саналы қарым-қатынасын, адамдар арасындағы қатынастарға, табиғатқа, жануарлар әлеміне қатысты өз ойларын сөзбен немесе сурет түрімен бейнелеуге тырысады. Мысалы: оқу қызметінде балаларды қоршаған ортаның әсемдігін, пішіні мен түсін, заттардың әдемілігін бағалай білу тәсілдерін қолданған жөн. Әсемдікті көру, түстердің ғажап әлемін ашу, әрбір қимылды музыкалық үзінділерден есту-бейнелеу өнерінен сабақ берудің негізгі мақсаты шығармашылықты қалыптастыру. Баланың алғашқы қадамы олардың эстетикалық қабылдауымен, есінде қалғанын елестете сурет салуымен эмоциялық түсінгіштігімен байланысты. Сурет салу кезінде баланың құрылым, көлем, затты кеңістікте дұрыс орналастыру, түстерді таба алу дағдыларымен бекітіледі. Ең маңыздысы, баланың сурет салуда алғашқы біліктілігі қалыптасады. Сурет салу барысында салыстыру, жалпылау үрдістері қатар жүріп жатады. Сонымен бейнелеу өнері ойлау, байқау қабілеттерін дамытып, қалыптастырады. Бейнелеу өнерінің әр кезде де эмоциялық өңделуі жоғары болады. Эмоциялық бастауды дамытпай, талғампаздықты, қиялдауды, көз алдына елестетуді, армандай білуді, шығармашылықты қалыптастыру мүмкін емес. Бейнелеудің мазмұндық ерекшеліктері оның елестету, қиялдау, көру, кеңістікке, түске, пішінге деген сезгіштік сезімді дамытуға бағытталуында.
6
Шығармашылық тұлғаны қалыптастыру - қазіргі кезеңде педагогикалық теория мен іс-тәжірибеде маңызды міндеттердің бірі.

1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығармаларды эстетикалық тұрғыдан қабылдату жолдары мен көркем шығарманы дамыту функциялары
Эстетикалық қабылдау сезіммен, тебіренумен тығыз байланысты. Әсемдікпен кездесуден туатын қалтқысыз қуаныш, эстетикалық сезімнің бір ерекшелігі болып табылады.
Эстетикалық қабылдау кезінде белгілі бір эмоциялар пайда болады, сондықтан тәрбие балалардың эмоционалдық саласын қалыптастыру үшін қолайлы болуы керек, себебі баланың эмоционалдық саласының байлығы оның рухани байлығын көрсетеді. Олардың өнер туындыларын толыққанды қабылдау қабілетін қалыптастыру аса маңызды. Бұл үшін балаларға қарапайым теориялық дайындық қажет. Бұл бейнелеу өнері, музыка, мүсін эстетикалық тәрбиелеуде ерекше маңызға ие. Қалыптасқан эстетикалық талғамдар, эстетикалық идеал, әсемдікті бағалау қабілеті адамға әсемдіктің мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Әдемі қабылдау, оны талдай отырып, бұрын белгілі және белгісіз адаммен салыстыра отырып, ол тиісінше оны бағалайды. Осындай эстетикалық ойлау деңгейі ақыл-ой тәрбиесіне, ойлау операцияларын жүзеге асыруға байланысты. Эстетикалық қабылдауды дамытумен қатар, эстетикалық тәрбие үдерісінде оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамытумен қатар қоршаған шындыққа эстетикалық көзқарасты қалыптастырады, өйткені бала табиғат сұлулығымен, мәдениет ескерткіштерімен ғана емес, оларды сақтау және қорғау керек.
Мектеп жасына дейінгі балалар оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасында балаларды көркем шығармалармен таныстыруды арнайы сабақтар жүргізумен де, сабақтан тыс уақыттарда да (ойнап жүргенде, сахналық ойын көрсету уақытында, кітаптар бұрышында т.б.) жүргізуді ұсынады. Арнайы сабақтарды тәрбиеші балаларға оқып немесе әңгімелеп бере алады. Оған кітаптан оқып беруге де, жатқа айтуға да болады.
Мұндай сабақтар өткізудегі міндеттердің бірі - балаларды дауыстап оқушыны немесе әңгіме айтушыны тыңдай білуге үйрету. Басқаның сөзін тыңдап үйренгенде ғана балаларға оның мазмұны мен формасын есте сақтау қабілеті жетіледі, әдеби тілдің нормаларын үйренеді.
Өте кішкентайлар мен кішірек жастағы балаларға тәрбиеші негізінен жатқа (тақпақтарды, қысқа өлеңдерді, әңгімелерді, ертегілерді) айтады, ал орта және ересек топтағы балаларға көлемі едәуір өлең түріндегі және прозалық ертегі, әңгіме, повестерді кітаптан оқып береді. Тек прозалық шығармалар - ертегі, әңгіме, повестер ғана әңгімеленеді.
Балаларға арналған көркем шығармаларды жаттап алу, оны мәнерлеп оқи білу - тәрбиешінің сол мамандықты жетік меңгергендігінің басты белгісі.

7
Балаларды көркем шығармамен таныстыру сабақтарын олардың жас айырмашылықтарына байланысты жүргізуді тәрбиешілер әртүрлі ұйымдастырады:
өте кішкене балалардың әрқайсысымен жеке-жеке немесе екі-алты адамнан тұратын топтарға бөліп өткізеді;
кішірек жастағылар тобын оқығанды немесе әңгімелегенді тыңдай білу үшін екіге бөліп өткізеді;
орта және ересек топтағы балалармен сабақ бір мезгілде әдеттегі орында өткізіледі.
Оқу үстінде керек болатын көрнекі құралдарды: ойыншықтарды, суреттерді, портреттерді балаларға үлестіріп беретін суретті кітапшаларды және тағы басқаларды тәрбиеші сабақ басталмас бұрын әзірлеп қояды.
Оқып беру немесе әңгімелеп беру - үйрету сипатында болу үшін, кішкене жастағы балаларды сөйлеуге машықтандырған кезде қолданылатын ережелерді толық сақтап отыру қажет, яғни балалар тәрбиешінің даусын естумен бірге оның жүзін, бет қимылын, артикуляциясын көріп отыруға тиіс.
Бір сабақта бір жаңа шығармамен бірге балалар бұрын естіген бір-екі шығарма қоса оқылады. Балалар бақшасында шығарманы бірнеше рет қайталап оқу міндетті. Балалар өздері білетін әңгімелерді, ертегілерді, өлеңдерді қайталап тыңдауды ұнатады. Эмоциялық толқыныстарды қайталау балалардың қайта меңгеруіне себепші болады, яғни кейіпкерлердің қылығын, оқиғаларды тереңірек ұғынуына көмектеседі. Балалардың өте кішкене күннен бастап-ақ өзіне ұнамды кейіпкерлері, жақсы көретін шығармалары бола бастайды, сондықтан да шығарма қайталап оқылған сайын, сол кейіпкерлермен қайта кездесу оларды өте қуантады.
Мәнерлеп оқу дегеніміз - оқып тұрған шығармаға көзқарасыңды интонация арқылы білдіру, оқылған мазмұнды оның эмоционалдық ықпалы жағынан бағалау болып табылады.
Тіл үйрену заңдылықтарының бірі - сөздің эмоционалдық мәнерлілігін баланың түсінуі екенін еске сала кетейік. Интонациялық мәнерді бала ішкі түйсік арқылы ұғынады.
Сондықтан тәрбиешінің мәнерлеп оқуы - бұл бір жағынан, оқылған көркем шығарманың бар әсерін балаларға түгел жеткізу әдісі болса, екінші жағынан - балалардың сезімдерін жетілдіру мен дамыту әдісі.
Белгілі жастағы балалар психикасының эмоциялық дамуының интонация құралдары арқылы жеткен белгілі бір дәрежесі тәрбиешіге балалардың алдағы жаста лексика мен грамматиканың мәнерлеу құралдарын ұғындыруға көмектесуге мүмкіндік береді.
Тәрбиешінің мәнерлеп оқуға дайындалуы тексті дикторша оқып шығудан тұрады: тәрбиеші өзін бір уақыт оқылған тексті тыңдаушы орнына қойып, тыңдаушыны не қиналтатынын түсінуге тырысады да, олардың тектсі дұрыс қабылдауын жеңілдететін әдістерді іздестіреді.
Көлемі шағын көркем шығармаларды тәрбиеші бір сабақта қатарына бірнеше рет оқиды.
8
Сабақ шамамен төмендегі тәртіпте өтеді:
1. Шығарма тексі мәнерлеп оқылады.
2. Балаларға өздері естіген кішкене әдемі шығармадан алған эстетикалық сүйсіну сезімімен арылуға азғана уақыт береді де, тәрбиеші олардан тағы қайталап оқу керек пе, - деп сұрайды.
3. Тәрбиеші олардың тілегін орындап, тексті тағы қайталап оқиды. Осылайша үш-төрт рет қайталап оқуға болады, алайда ол балаларды жалықтырмауға тиіс. Егер балалар сәл жалыға бастаса оқуды дереу тоқтатқан жөн. Негізі бұл шығарманы басқа бір уақытта қайталап оқыған дұрыс, сонда балалар оны зор ынтамен тыңдайды.
Көлемді көркем шығарманы бір сабақта түгелдей қайталауға болмайды: текстің ең басты жерлерін ғана қайталап оқыған жеткілікті. Өтіліп жатқан шығармадағы маңызды тұжырымдамаларды, қызғылықты суреттерді, негізгі эпизодтарды қайталап оқудағы мақсат - оның этикалық және эстетикалық мазмұнын, демек, оның тілін жақсырақ меңгеру.

II. БАЛАЛАР БАҚШАСЫНДАҒЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ІС-ӘРЕКЕТІ АРҚЫЛЫ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫН БАЛАЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ҚАБЫЛДАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ТӘЖІРБИЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМІ
2.1 Бейнелеу өнері сабағында көркем шығармаларды тиімді пайдалану әдістері

Бейнелеу өнері ең алдымен балалардың эстетикалық, адамгершілік, еңбексүйгіштік, ойлау қабілеттерін дамытады деген қорытындыға келдім. Дәстүрден тыс сурет салу әдістерін қолдану балалар мен ересектер арасында мазмұнды, құнды қарым - қатынастың негізін қалайды. Көркем шығармашылық іс әрекет қуанышты, көтеріңкі көңіл - күй тудырады, жағымды эмоциялық жағдайды қамтамасыз етеді. Дәстүрден тыс сурет салу әдістері балалардың ұсақ қол қимылын дамытады, сондықтан оқу жылының басынан бастап - ақ оларды әр сабақта қолдану өте пайдалы. Баланың саусақтары бірден икемге көніп кетпейді, қылқаламмен дәл, нақты сызықты бірден түсіре алмайды. Ұсақ және дәл қимылды дамыту балаға тек өз ағзасын сенімді басқару үшін ғана керек емес. Қолдың ұсақ қимылы миды және оның бақылағыштық, талдаушылық, бұйырғыштық қабілетін дамытады. Мен өз тобымда дәтүрден тыс жіппен, тамшуырмен, мауесекпен, гратаж, балауызбен, сүтпен және сулау тәсілдерін қолдандым.

9
Осының ішінде сулау тәсілімен сурет салар алдында, қағазды таза сумен жалпақ қылқаламның көмегімен жуып алып, қағаз кеппей тұрып түстерді кезек - кезек қағаз бетіне тамызу немесе сүйкеу керек, бояу қағаз бетіне сумен бірге жайылады. Түстерді салатын суретіміздің тақырыбына сай алуымыз керек. Балалар Алтын күз тақырыбына сулау тәсіліп пайдаланып сурет салған кезде, сары, қызғылт сары, көк, қоңыр түстерді пайдаландық. Бояу сулы қағазға жайылып, ағаштың бейнесі, бұлттың бейнесі сумен бірге қағаз бетіне түсті де ағаштың жапырақтары өте әдемі болып шықты. Бұл тәсілді қолданған кезде балалар өздерінің салған суреттеріне таңдана қарап, сурет салуға деген қызығушылықтары артты. Мектепке дейінгі түрлі жастағы топтарда бейнелеу өнерінің өткізілуі сабақтарда балалар шығармашылығын дамыту үшін оқып үйретудің сан- алуан әдістері және ең алдымен балалар дербестігін, белсенділігін, өмір құбылысын көркемдік тұрғысынан қабылдау әрқашанда дара, әрі таңдамалы. Оның негізіне әсемдікке эмоция білдіру жатады. Бала әрқашанда табиғаттағы, заттық дүниедегі, өнердегі әсемдікке, адамдардың мейірбан сезіміне үн қосады. Мұның өзіне сәбидің басынан кешкен қуанышының, талпынысының, толғанысының маңызы зор деп білеміз.
Дәстүрден тыс сурет салу техникасы пайдаланылған бейнелеу іс-әрекеті түрлерінде балалар түрлі жабдықтардың сапасы мен мүмкіндіктері туралы терең білім алады, эстетикалық эмоциялық сезімдері дамиды, еңбекке деген талпынысы артып, шеберлік ерекшеліктерін меңгеру тілегі ынталандырылады.
Бала шығармашылығының көрініс беруі-бала дамуының басты белгісі.
Мүмкіншіліктері шектелген балалар әлемі көп төзімділікті, сабырлылықты, ізденімпаздықты талап етеді. Өйткені бұл балалар өз құрбы құрдастарына қарағанда психологиялық даму жағынан кешеуілдеген балалар. Психологиялық процестердің тежелуінен олардың ойлау, сөйлеу, ес, зейіндері толықтай жетілмеген, қол-қимыл үйлесімділігі жоқ болып келеді.
Күнделікті өмір барысында тек сурет салуда ғана емес, жапсыру және мүсіндеу іс әрекетінде тыс әдіс-тәсілдерді шығармашылықпен қолдану арқылы балалардың іс-әрекетке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, сол іс-әрекетпен айналысуды дамыту, үнемі қолданысына енгізуге жұмыстанып отыру керек.
Мысалы: мүсіндеу іс-әрекетінде ермексазбен қатар қосымша түсті тұзды қамырмен жұмыстар, көркемдеу мақсатында тастанды құрал-жабдықтарды қолдана отырып моншақтар, түйреуіш ілгектер, бұрандалар, түсті тастар қолдану жұмыстар ұйымдастырылып отырады.

10
Бұл дәстүрден тыс сурет салу, мүсіндеу, жапсыру тәсілдері балаға қоршаған ортадан алған әсерін жеткізе білуге мүмкіндіктер ашады.
Бейнелеу өнерімен айналысу бала үшін қуанышты, шабытты еңбек. Оған баланы мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Бірақ бейнелеу өнерінің жаңа мүмкіндіктерін біртіндеп аша отырып, сәбиді ынталандыру, және қолдау өте қажет.
Бейнелеу өнерін ұйымдастырғанда дәстүрден тыс ықпал жасау балаларды таң қалдырады және ынталандырады. Баланы шығармашылыққа итермелейді. Ұжымдық жұмыс машықтарын тәрбиелейді. Балалар тек сурет салып, мүсіндеп, жапсырып қана қоймайды, олардың тілі ұсақ-қол қимылдары да қоса жетіледі. Ал, ұсақ - қол басындағы нерв талшықтарының өз дәрежесінде дамуы, ол бала тілінің даму жолы. Тек балабақша төңірегінде ғана қалып қоймай отбасы жағдайында ол жалғасын табуы қажет. Ол үшін бала жұмыстары фотоға түсіріліп олардың: немен, қандай құралмен, жұмыс жасап отырғандарын жариялап ата-аналарға көрсетілуі тиіс. Бала, балабақшадағы жасаған, көрген білгенін үйде міндетті түрде қайталайды.
Дәстүрден тыс сурет салуға үйретудің міндеттері:
Көркем іс-әрекетке деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыру.
Дәстүрден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ересектер тобындағы сурет салу
Үйретудің ойындық тәсілдері
Естиярлар тобында сурет салу
Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы балалардың шығармашылығын қалыптастыру
«Мектеп жасына дейінгі балаларды мазмұнды суретке үйрету»
Балауыз бояуымен бояу өнері
Бейнелеу өнерінің қысқаша тарихы
Бейнелеу өнерінің әдістемелік негіздері
Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнеріне үйретудің дидактикалық принципі
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері сабағы арқылы қиялын дамыту
Пәндер