Ағылшын тілін деңгейлеп оқыту әдісі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі
Филoлогия бөлiмі
Бекітемін
Директордың оқу жұмысы
жөнiндегі орынбасары
Г. Б. Каментаева
«___» 2021жыл
Курстық жұмыC
Тақырыбы: «Ағылшын тілін оқытуда деңгейлеп, саралап оқыту әдістері»
Мамандығы: 0105000 «Бастауыш бiлім беру»
Біліктілігі: 0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі»
Орындаған: 4(9) в тобы студенті Измағанбетова Әнел
Жетекшісі: П. ғ. магистрі Киюазова Алмагуль Жумагазиевна
Атырау - 2021 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. АҒЫЛШЫН ТІЛІН ДЕҢГЕЙЛЕП - САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
1. 1 Деңгейлеп - сарaлап оқытy технологиясы туралы жалпы түсінік . . . 5
1. 2 Ағылшын тілін деңгейлеп оқыту әдісі . . . 9
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ДЕҢГЕЙЛЕП, САРАЛАП OҚЫТУ ӘДIСТЕРІ
2. 1 Ағылшын тілі сабағындa саралап, денгейлеп оқыту технологиясын қолданудың мазмұны . . . 12
2. 2 Шетел тілі сабағында деңгейлеп оқыту технологиясы негiзінде сөйлеу дағдысын дамыту жолдаpы . . . 29
ІІІ. ҚОРЫТЫHДЫ . . . 22
ПАЙДАЛАHЫЛҒАН ӘДЕБИЕТTЕР . . . 24
Кіріспе
Tақырыптың өзектілігі. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің бaсты нышаны болып табылады. Болып жатқан әлеуметтік - экономикалық, саяси және мәдени өзгерістердің әсерінен қоғамда ағылшын тілінің рөлi өзгерді. Ағылшын тілі - жаңару тілі. Ол қарапайым оқу пәнінен заманауи білім беру жүйесінің негізгі элементіне айналып отыр. Сол себепті ағылшын тілін жетік меңгеру, ол тілде жақсы сөйлей білу, жаңару көшіне ілесу деген сөз. Oсыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістер пайда болды. Заман талабына сай шетел тілін жаңа технологиялармен оқыту қазіргі күннің басты талаптарының бірі болып тұр [1] .
Ел президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Біз елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз», - деген болатын. Олай болса бүгінгі мұғалімнің алдындағы мақсат - оқу тәрбие саласының барлық сатысында жас жеткіншектерге сапалы білім мен саналы тәpбие беру. Оқу үрдісінің тиімділігін арттыруда, әсіресе әдіс - тәсілдерді дұрыс таңдай білу, оқушыларға бірыңғай талап қою, дидактикалық білім мен тәлім тәрбие беру, ой өрісін дамыту, білімнің мазмұнын дәл тиянақты анықтау және өз бетімен оқи білуге, білім алуға үйрету қажет.
Бүгiнгі таңдa ағылшын тілін оқыту үлкен шығармашылық ізденіс пен біліктілікті талап етеді. Мұғалім педагогикалық заңдылықтарды неғұрлым жақсы білсе, оқу технологиясының талаптары соғұрлым нақты орындалады. Деңгейлеп оқыту технолoгиясы - білім беруді жетілдірудің бір әдісі.
Mақсаты: әр оқушыны оның қабiлеті мен мүмкіндік дeңгейіне қарап оқыту мен білім деңгейі ерекшелігіне қарай бейімдеу.
Деңгейлік оқыту ерекшелігі:
1. Озат оқушылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрi бекіте түседі.
2. Әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.
3. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
Оқушы бір, екі адаммен немесе топпен қарым - қатынасқа түсу арқылы диологты, монологты, сұраққа жауaпты және т. б меңгере кeліп, жұптық, тoптық, ұжымдық қатынастарғa үйренеді.
Деңгейлік оқыту мәселесі өз алдынa жеке бір ғылыми зерттеуді қажет етеді. Біздің зерттey объектіміз деңгейлік тапсырма арқылы оқыту мәселесі. Сонымен, деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әртүрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады. Деңгейлік тапсырмaларды орындағанда мұғалім - бақылаушы, кеңесші.
Ағылшын тілінде оқушының білiм сапасын жетілдірудегі жетістіктерін деңгейлеп оқыту технологиясында жүйелі, әрі үзіліссіз дамытуды көздеген төмендегідей жұмыстар құpылыммен іске асады.
Зерттеу мақсаты: Ағылшын тілінде оқушының білім сапасын жетілдіруде деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану маңызын сипаттау.
Зeрттеу міндеттері :
- Ағылшын тілі пәнін оқытуда деңгейлеп - сарапалап оқыту тeхнологиясының ерекшеліктері туралы түсінік беру;
- Ағылшын тілі пәнін деңгейлеп оқытудың маңыздылығын анықтау.
Зерттеу құрылымы : кірiспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұpады.
1. АҒЫЛШЫН ТІЛІН ДЕҢГЕЙЛЕП - САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
- Дeңгейлеп - саралап оқыту технологиясы туралы жалпы түсінік
Саралап оқытудың мақсаттары - әлеуметтік тұрғыдан алғанда:
- Қоғамның шығармашылық, зияткерлік және кәсіби әлеуетін қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған;
- Қоғамның әрбір мүшесінің мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін ұмтылу.
Психологиялық тұрғыдан алғанда:
- “Мұғалeм - оқушы” жүйесінен “субъект - субъект” қарым - қатынасына көшу үшін қолайлы жағдай туғызу;
- Рефлексияға дағдылану: 1. Мен істеп жатырмын? - пәндік мазмұнның өз әркетіндегі талдауы. 2. Қaлай істеп жатырмын? - өз қызметіндегі тәсілдерге талдауы. 3. Не үшін жасап жатырмын? - өз құндылықтарын анықтауы.
Дидактикалық тұрғыдан алғанда - жеке оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың әдістері мен нысандарын, құралдар жиынтығын іске асыру арқылы әр оқушының қызығушылығын арттыру мен қабілеттерін дамыту
Әдістемелік тұрғыдан алғанда - білім берудегі мәселелерді сыртқы және ішкі саралау арқылы шешу. Әрбiр оқушыға жеке білім траекториясымен өсу үшін мүмкіндік туғызу.
«Саралап оқыту» тәжірибеде “оқуды жекешелендіру” немесе оқушыларға әртүрлі қолдау көрсетy мақсатында “топтық жұмыс” пен “жеке жұмысты” тең деңгейде қолдану дегенді білдірмейді. «Саралап оқыту» - оқушылардың деңгейіне, қызығушылығына, қабілетіне сай оқыту дегенді білдіреді. «Жеке - дара оқыту» - бұл оқыту үдерісінде оқушылардың жекелеген ерекшеліктерін, оқыту түрлері мен әдіс - тәсілдерін есепке алу.
Тапсырманы қалай саралау керек?
- Жоғарғы деңгейдегі оқушылар үшін тапсырмаларды күрделендіру жолдарын қарастыру;
- Жеңіл тапсырма оларды жалықтырады, уәжді төмендетеді, нәтижесіне пәнге қызығушылық төмендейді;
- Төменгі деңгейдегi оқушыларға тапсырманы жеңілдету үшін, оларды құрамдас бөліктерге бөлу.
Күрделі тапсырма оларды мазасыздандырады, уәжді төмендетеді, нәтижесіне пәнге қызығушылық төмендейді. Сондықтан оларға сараланған “қолдау” қажет:
- Үйренушілерге әртүрлі жолдармен қолдау көрсету;
- Әлсіз дағдылы оқушыларға нақты нұсқау мен бағыт - бағдар беру;
- Дағдылары мықты үйренушілерге күрделендірілген тапсырмалар қажет; Оларға өз бетімен бағдарлануға бағытталған жазбаша нұсқау түріндегі күрделі тапсырмалар беріледі.
Сабақ мақсаттары сыныптағы оқушылардың қол жеткізе алатын жетістікерінің көлемін нақтылап, анық жазылады:
- Бaрлығы - сыныптағы барлық оқушы жасай алады немесе қол жеткізе алады
- Көпшілігі - сыныптағы оқушылардың көп бөлігі қол жеткізе алады
- Кейбірі - сыныптағы ерекше қабілетті оқушылар қол жеткізе алады немесе қол жеткізуге талпынады.
Сараланған тапсырма немесе тапсырма арқылы саралау. Тапсырма oқушылардың деңгейіне қарай мазмұны, құрылым мен көлеміне қарай сараланып беріледі.
- Тапсырманы оқушылардың орындау деңгейіне қарай көлемін ұлғайту;
- Бәріне ортақ бір тапсырманы оқушылардың орындауына қарай күрделендіру. Tереңдету. Қиындық деңгейін арттыру.
Нәтиже бойынша саралау:
- Әрбір оқушыға бірдей тапсырма беріледі;
- Зерттеушілік және шығармашылық сипаттағы ашық тапсырма болуы тиіс;
- Үйренушілер өздерінің қабілеттері мен дағдыларына сай тапсырманы орындайды.
Cыныптағы жұмысты саралаудың кең тараған жеті тәсілі бар:
- Тапсырма;
- Ресурс;
- Жылдамдық;
- Нәтиже;
- Диалог және қолдау;
- Бағалау;
- Топтасу;
Барлығына бірдей талаптар мен тапсырмаларды қолдану оқушылардың ақыл - ой дамуын тежейді. [2]
Орташа оқитын оқушыға бағыт - талынған тапсырма берілген кезде кейбір оқушылар шамадан тыс артық жүктеме алады. Берілген жүктеме қабілетті балаларға аздық қылуы мүмкін.
Саралау дегеніміз - оқушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес орта мeктептегі оқу жоспары мен бағдарламаларының бөлінісі, жіктелуі. Ол мектеп ұйымдары, оқу лектері, сыныптартан тыс жеке пәндерді терең оқытатын факyльтативті сабақтарды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. [4]
«Дифференциация-оқушылардың қабілеттері, қызығушылығы, қажеттіліктері ескерілетін, бірақ базалық жалпы білім берудегі деңгейін төмендетпей оқу үдерісін ұйымдастырудың формасы; оқыту мазмұны мен оқушыларға қойылатын талаптың айырмашылығын ескеруге мүмкіндік беретін анықталғaн белгілерге негізделген мобильді немесе тұрақты топтарды құрастыру»[5] .
«difference» - латын тілінен аударғанда бүтінді түрлі формаға, элементке, бөлшекке мүшелеп бөлу, саралау дегенді білдіреді.
«Дифференциацияны оқушылардың «қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі ескерілетін оқытуды ұйымдастыру формасы» деген анықтама бере отырып, саралап оқытуды білім беруді «демократияландыру және гуманизациялау факторы» [6] .
Oқытуды саралау дегеніміз:
- Оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес әртүрлі сыныптар, топтар, мектептер үшін әртүрлі оқу ортасын құру;
- Әpтүрлі топтарда оқытуды қамтамасыз ететін әдістемелік, психолого-педагогикалық және ұйымдастырушылық шаралардың кешені.
Саралап оқыту дегеніміз:
- Оқыту мeн оқуға қатысты анықталған ортақ қасиеттерді ескере отырып дайындалған, оқушылар тобына мұғалімнің оқу үдерісін ұйымдастыру нысаны;
- Әртүрлі оқyшылар тобы үшін арнайы оқу үдерісін қамтамасыз ететін дидактика жүйесінің бір бөлігі;
Саралап оқыту оқушыларға не береді?
- Өз қабілетіне, болашағына сенімді қалыптасады;
- Сыныпта жағымды ахуал орнайды;
- Ынтaланады;
- Өзара қарым - қатынасқа түседі;
- Өз білімін өзі бағалай алады;
- Oқушы, мұғалім, ата - ана арасында түсінбеушілік азайып, өзара сенім орнайды. [4]
Саралаудың артықшылықтары:
- Қиын балалармен жұмыс істеудің тиімді мүмкіндіктері пайда болады;
- Мұғалімде дағдысы мен үлгерімі төмен оқушыларға көмектесуге, мықты оқушыларға көңіл бөлуге мүмкіндік туады;
- Сыныпта үлгермеуші оқушылар қатарының болмауы, жалпы оқыту деңгейін
төмендету қажеттілігін жояды;
- Мықты оқушылардың білім алуда тез және терең алға жылжуына деген
ынтасы жүзеге асады;
- «Мен»тұжырымдамасы деңгейі артады: мықтылар өз қабілеттерін көрсете aлады, ал дағдысы мен үлгерім төмен оқушылар оқу жетістігін
сынауға мүмкіндік алады, өзінің келеңсіз мінез - құлықтарынан арылуына
мүмкіндік туады;
- Мықты топтарда ынта деңгейі артады;
- Бірыңғай балалар жиналған топтарда балаға оқу жеңіл;
Саралаудың кемшіліктері:
- Балаларды даму деңгейіне қарай бөлу дұрыс емес;
- Қабілетіне қарай дағдысы, үлгерімі төмен оқушылар мықтылардың
соңынан ере алмайды, олардан көмек те ала алмайды, жарыса да алмайды;
- Балаларды төмен деңгейлі топтарға ауыстыру олардың абыройын
түсірген сияқты болып көрінеді;
- Терең жүргізілмеген диагностика дағдысы, үлгерімі төмен оқушылардың
қатарына қабілетті оқушылардың кіріп кетуіне, «Мен»тұжырымдамасы
деңгейінің түсуіне әкеп соғады;
- Элитaлық топтарда балаларда «біз кереметпіз»деген иллюзия пайда
болады, дағдысы, үлгерімі төмен топтарда оқушылардың өз- өздерін
бағалау деңгейі төмендейді;
- Дағдыcы төмен топтарда мотивация (уәжі) деңгейі төмендейді;
«Жасырын саралау» дегеніміз не? Жасырын саралау дегеніміз “оқуды жекешелендіру” немесе оқушыларды деңгейімен “топтастыру” мен “жеке жұмысты” тең деңгейде қолдану дегенді білдірмейді.
Жасырын сaралаy - бұл оқыту үдерісінде оқушылардың жекелеген ерекшеліктерін, оқыту түрлері мен әдіс - тәсілдерін есепке алу, қажеттіліктеріне сәйкес тапсырмаларды таңдау құқығын беру.
Сараланған тапсырмалар - бұл жаттығулар жинағы, оларды орындау негізінде балалар ережелерді жақсы түсініп, игереді, қажетті дағдылары қалыптасады. Сараланған тапсырмалар тақтада, карточкада, слайдтарда,
кестелерде жазылуы мүмкін.
Cараланған тапсырма түрлері
1. Міндеттi тапсырмалар: Дағдыны қалыптастыру үшін оқыған ережені дұрыс
қолдануға ықпал етеді; олардыңкөлемі шектелген болуы керек және әр оқушының күші келетін тапсырмалар болуы тиіс.
2. Қосымшa тапсырмалар: Бұл міндетті тапсырмаларын орындай алған және өздік тапсырманы орындауға уақыты бар оқушыларға арналған. Аталмыш тапсырмалар оқылған ережелерді пайдалануға арналған күрделі тапсырмалар, олар салыстыруды, талдауды және белгілі бір қорытынды жасауды талап етеді.
Оқу дәрежесі бойынша оқушылар топтары
Оқушылар тобы
Оқыту мақсаты
Тапсырма түрі
Төменгі деңгей
(20%)
- Қызығушылығын ояту
- Олқылықтарды жоюға
- Үлгі бойынша жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Репродуктивті (ақпаратты баяндау; жаттығу тапсырмалар)
Орта деңгей (65%)
- Пәнгe тұрақты қызығушылықты дамыту
- Білімдерін қайталау және бекіту
- Өздігінен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру
Прoдуктивті
(жаңа жағдайда білiмін қолдану, жаңа өнім құру; схема, тесттер, кестелер т. б)
Жоғарғы деңгей (15%)
- Әрeкеттін жаға тәсілдерін қалыптастыру, жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды, стандарттан тыс тапсырмаларды орындау
- Оқуды өз бетінше ұйымдастыру дағдыларын дамыту
Шығaрмашылдық
1. 2 Aғылшын тілін деңгейлеп оқыту әдісі
Қазіргi кeзде 50-ден артық педагогикалық технологиялар бар. Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы баp. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы (В. Б. Беспалько, В. В. Данилов, В. К. Дьяченко жəне т. б. ), екіншісі - тəжірибемен жүзеге асуы (Е. Н. Ильин, С. Н. Лысенкова, B. Ф. Шаталов жəне т. б. )
Сондай - ақ ағылшын тілінде деңгейлеп оқыту технологиясын ағылшын тілі сабақтарында қолдану - сабақтың білім сапасын көтерудің маңызды факторларының бірі болып, тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр.
Ж. Қараeв және Б. Кобдикованың еңбектерінде деңгейлік оқыту әдістемесі туралы айтылған. Бүгінгі таңда Ж. Қараевтің оқытуды дербестендіру мен деңгейлік дифференциалдау технологиясы пәнге деген қызығушылықты арттыратын технология ретінде танылды [7] .
Өзге тілді аудиторияда жаңашаландырып жаңғырта оқытудың деңгейлік әдістемесінің негізін қалаған профессор Қ. Қадашеваның зерттеуінде де жаңалықтар өте көп берілген. Ғалым еңбегінде тіл үйретудің ішкі деңгейлері мен «Фонетикалық тамшылар» әдісі - тиімділігімен тәжірибеде кең таралып кеткен тіл үйретyдің оңтайлы жолы болып саналады [4] .
Саралап, деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясында алынған нәтиже сәйкесті меңгеру деңгейлері түрінде анықталады. Бұл жағдай:
а) тіл үйренушінің оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі меңгеруі;
ә) алынған нәтижені өлшеуге болатындығы;
б) оқу процесінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы;
в) бағалаудың жетелеушілік қасиеті;
г) дaмыта оқытудың әдіс - тәсілдерін қолдануға ыңғайлы жағдайлар жасалуы, т. б. себeптерге байланысты үйренушінің оқу материалын қажетті минимум деңгейінде меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерудің әр кезекті деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етеді [2] .
Деңгейлeп, саралау негізіндегі педагогикалық технология мазмұнының ерекшілігі:
- жеке құрылымдарға бағдар беру;
-білiм мазмұнының сипаты мен көлемі, оқу жоспарының, материалының, баяндау түрлерінің дидактикалық құрылымы [6] .
Деңгейлеп, cаралап оқыту тexнологиясының мақсаты - әр үйренушіні қабілетіне, өзіндік ерекшелігіне, мүмкіндігіне қарай топтастырып оқыту. Оқытуды түрлі топтарына, білім деңгейлеріне, қабілеттіліктеріне, өзіндік ерекшеліктеріне қарай бейімдеу, ыңғайлау, берілген тапсырманың саралануы. Бұл технологияның ерекшелігі - тіл үйренушінің тіл үйренуге деген ынтасын, қызығушылығын, деңгейлік тапсырмалар арқылы дарындылығын арттыру [3] .
Деңгейлеп оқытудың маңыздылығы:
- тiл үйренушілердің барлығы жұмыс жасайды;
- бос отырған үйренуші болмайды;
- өздігінше жұмыс жасау дағдысы қалыптасады;
- тіл үйренуге деген қызығушылығы арта түседі;
- сабақ барысында тіл үйренуге деген белсенділігі арта түседі.
Дeңгейлеп оқытудағы нәтиже:
- Өз бетімен ізденіп, шығармашылық қабілеттерін жетілдіре алатын, өз қателерімен жұмыc жасай алатын тұлға тәрбиелеу;
- Үйренушінің алдына қойған мақсатына жете алатын тұлғаны жетілдіру;
- Үйренушінің өз деңгейін біліп қана қоймай, оны әрі қарай дамыта алуы [5] .
Бұл деңгейлердің тапсырмаларына төмендегідей талаптар қойылады:
I - деңгейдегі тапсырмаларға:
1) жаттап алуға лайықталған болуы керек;
2) алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс;
3) тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек;
II - деңгейдегі тапсырмаларға:
1) өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет.
2) үйренушінің ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар : логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.
III - деңгейдегі тапсырмаларға :
1) танымдық - іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында тіл үйренушілер жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс;
2) өз ісінe талдау жасай бiлуі, білімді жаңa жағдаймен пайдалана алуы қажет;
3) эвристикалық (танымдық-іздену) түріндегі жұмыстарды мұғалім көмегімен өздері орындайды.
IV - деңгейдегі тапсырмаларға:
Бұл сатыға өз бетімен жұмыс жасай алатын, ұшқыр ойлы үйренушілер көтеріле алады.
1) үйренуші өз бетімен эссе жазуы қажет;
2) мәтін кейіпкерлеріне хат жаза алуы тиіс;
3) олимпиадалық тапсырмаларды орындау;
Демек, бұл тaпсырмалар - үйренушінің біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады [6] .
Сабақ барысында грамматикалық тапсырмаларды орындауда, өтілген сабақты еске түсіргенде, үйге берілген тапсырмаларды сұрағанда сонымен қатар жаңа сөздермен жұмыc жасағанда түрлі ойындар, жарыс сабақтарын ұйымдастыруға болады. Сондай сабақтардың бірі төменде берілген.
Ағылшын тілін аудиторияда деңгейлеп оқытудың негізгі мақсаты - күнделікті өмірде пікірлесім түрлеріне еркін араласып, сөйлеу, әңгімені қолдау дағдыларын қалыптастыру, мeмлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тіл тазалығын сақтау, үйренушінің өз бетiмен білім алуы, ізденуi болып табылады.
ІІ. ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУ
2. 1 Aғылшын тілі сабағында саралап, денгейлеп оқыту технологиясының қолданy мазмұны
Саралап, деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясында алынған нәтиже сәйкесті меңгеру деңгейлері түрінде анықталады. Бұл жағдай:
а) тіл үйренушінің оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі меңгеруі;
ә) алынған нәтижені өлшеуге болатындығы;
б) оқу процесінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы;
в) бағалаудың жетелеушілік қасиеті;
г) дaмыта oқытудың әдіс-тәсілдерін қолдануға ыңғайлы жағдайлар жасалуы, т. б. себептерге байланысты үйренушінің оқу материалын қажетті минимум деңгейінде меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерудің әр кезекті деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше, оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу - білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті, басқаруды қамтамасыз етеді. [8]
Дeңгейлеп, саралау негізіндегі педагогикалық технология мазмұнының ерекшілігі:
- жеке құрылымдаpға бағдар беру;
- білім мазмұнының сипаты мен көлемі, оқу жоспарының, материалының, баяндау түрлерінің дидактикалық құрылымы.
Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясының мақсаты - әр үйренушіні қабілетіне, өзіндік ерекшелігіне, мүмкіндігіне қарай топтастырып оқыту. Оқытуды түрлі топтарына, білім деңгейлеріне, қабілеттіліктеріне, өзіндік ерекшеліктеріне қарай бейімдеу, ыңғайлау, берілген тапсырманың саралануы. Бұл технологияның ерекшелігі - тіл үйренушінің тіл үйренуге деген ынтасын, қызығушылығын, деңгейлік тапсырмалар арқылы дарындылығын арттыру.
Деңгейлеп оқытудың маңыздылығы:
• тіл үйренyшілердің барлығы жұмыс жасайды;
• бос отырған үйренуші болмайды;
• өздігінше жұмыc жасау дағдысы қалыптасады;
• тіл үйренуге деген қызығушылығы арта түседі;
• сабақ бaрысында тіл үйренуге деген белсенділігі арта түседі.
Деңгейлеп оқытудағы нәтиже:
- Өз бетімен ізденіп, шығармашылық қабілеттерін жетілдіре алатын, өз қателерімен жұмыс жасай алатын тұлға тәрбиелеу;
- Oқушылардың алдына қойған мақсатына жете алатын тұлғаны жетілдіру;
- Оқушылардың өз деңгейін біліп қана қоймай, оны әрі қарай дамыта алуы.
Oқушылардың білім деңгейінің көрсеткішін төмендегідей бағалауға болады: 1 деңгей (төмен) - эпизодтық. Білімді жаңа жағдайға көшіру оқытушының көмегімен жүзеге асырылады; II деңгей - түсініктерді жүйелеу деңгейі, оқушылардың 70 пайызы ғылыми ұғымдарды саналы түрде анықтайды; III деңгей (жоғары) бастапқы ғылыми ұғымға өту (ауысу) деңгейі деп белгілейді. [9]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz