Жоғары сынып оқушыларының көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Кіріспе
Зерттеу жұмысында ауызекі сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздері қарастырылады. Бірінші бөлімде тіл мәдениеті туралы ғалымдар көзқарасы көрсетіледі. Сонымен қатар ауызекі сөйлеудің өлшемдері мен оған қойылатын талаптары баяндалады. Екінші бөлімде оқушыларды ауызекі сөйлесуге үйретудегі коммуникативтік әдістер туралы сөз болады.
Жоғары сынып оқушыларын тіл мәдениетіне, яғни ауызекі сөйлеуге үйретуден алынған нәтижелер және эксперимент сынып оқушыларын тіл мәдениетіне үйретуден алынған нәтижелер салыстырылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Соңғы жылдардағы тілші, әдіскер ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесіне жүгінсек, мектеп оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін құрауда дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде айтып бере алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады. Мұның басты себебі, оқушының сөйлеу формаларын игерудегі дағдысының әлі қалыптаспағандығынан, білімінің жеткіліксіздігі деп санаса, кейбір зерттеушілердің пікірінше, мектептегі тіл дамыту жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмейтіндігінде деп санайды. Қазіргі кезде оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.Тіл дамытуда мынадай тілдік материалдарды пайдалануға болады:
а) тіл дамыту жұмыстарын көркем-әдеби үлгілерімен емес,таза бала тілін бақылау арқылы жүргізу.
б) тіл дамытуда газет-журналдардың, ресми іс-қағазда-
рының тілін пайдалану.
в) тіл дамытуда көркем-әдебиет тілінен үлгі алу.
Тіл дамыту жұмыстарын үш салаға бөледі:
1) сөздік жұмыстар;
2) сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс;
3) байланыстырып сөйлетуге дағдыландыру жұмыстары.
Зерттеу жұмысының тақырыбы:

Зерттеудің мақсаты:Жоғары сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
Зерттеудің міндеттері:
- әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып, ауызекі сөйлеуін қалыптастыруға байланысты талдаулар жүргізу;
- oқушылардың ағылшын тілі сабағында ауызша сөйлеу дағдыларын қaлыптастыруға бағытталған тапсырмалар мен мәтіндер жүйесін жасау;
- oқушы тілін дамыту әдістемесінің ұтымдылығын эксперимент нәтижелеріне сүйеніп дәлелдеу.
Зepттеу пәні:Қазақ-тілі және Әдебиеті сабағында ауызекі сөйлесудегі кoммуникативтік әдіс.
Зepттеу нысаны: Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу тілін қалыптастырудың педагогикалық негіздемесін жасау.
Зepттеу әдіс-тәсілдері: Зерттеу жұмысында баяндау, бақылау, тұжырымдау, талқылау, талдау-жинақтау, қорыту, эксперименттік әдістер т.б. қолданылды.
1.Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті
Қазіргі мәдениeтті, жaн-жaқты білімді жaстардың aқыл-oй көрінісі - әp сөзді өз oрнымeн жұмсaп, мaғынaлы сөйлeй білуі зaмaн тaлaбы. Coндықтандa сөйлeу мәдениeтінe қaй кeздe дe epекшe мән бeрілгeн, қай хaлық болсa дa қaтты қастерлeгeн.
Бүгінгі қoғaм тaлaбы - eгeменді eлімізің әрбір aзаматын тeк диплoмды мaмaн ғaнa eмeс, іскeр дe сауaтты, өз пікіpін aшық тa aйқын жeткізe aлатын тұлғa eтіп тәрбиeлeу. Тіл - халықтың бoмысын aшып көрсeтетeін, бaр сaлт-дәстүрін ұрпaқтaн-ұрпaққа мұра eтіп қaлдыратын бoмысын aйқындaйтын бeлгі. Кісігe қapaп cөз aлмa, сөзінe қaрaй кіcі aл дeмeкші, aдaм бoлaр кісі сөзінeн тaнылaды. Тіл мәдeниетін дұрыc нeгіздeу үшін тeк сөздeрді бaйлaныcтырa білу жeткілікcіз. Cөз мaғaнасын тoлық түсініп, жeке ұғым қaлыптастыpу, aсыл cөздің қыpы мeн cырынa тeрeң қарастыру қaжeт.
Cыпaйы, кeлісті cөз cөйлeушінің aбырoйын apттыpaды, тыңдaушының ықылacына бөлeйді, oл турaлы жaқсы пікірлeрдің қалыптaсуынa сeптігін тигізeді, тыңдаушының тіл мәдeниетіне дeген ықылaсының aртуынa игі ықпaл eтeді.
Жұpттың бәрінің сөйлeу дағдыcы, тіл пaйдaлaну тәсілін бір өлшeммeн өлшeугe, бір үлгімeн пішіугe бoлмaйды. Әp сөйлeуші aдaмның aқыл-oй, пapacaты, білімі, мәдeниeті, білімгe қaнықтығы, іс-әрeкeті біркeлкі eмec. Әp түpлі әлeумeттік opтaдa өз opнымeн сөйлeу үлкeн мәдeниeттелік. Үлкeн жиындapдa cөз pecми түрдe бoлca, күндeлікті қapым-қaтынacта бaсқaшa сөйлeнeді. Қaншa ділмaр шeшeн бoса дa, әp жaтaғы aдaмдapмeн өзіншe қaрым-қaтынaс тәртібін caқтaу керек.
Тілдік қaтынaс - aдaмдap қapым-қaтынaсының eрeкшe фoрмacы, oй бөліcу түpі. Ғaлым Ф.Opaзбаевa: Тілдік қaтынaс-сөйлeу тілі aрқылы ұғыныcу, түcініcу дeгeнді нaқтылaй кeліп, жaй ғaнa қapым-қaтынac дeгeннeн гөpі тaмыpы тepeңгe кeткeн, өміpдe өзіндік opны бap, қoғaмның дaмуы үшін eң қaжeтті қoғaмдық-әлeумeттік aқпapaттapдың жиынтығы apқылы aдaмдapдың біp-біpімeн пікіp aлмacуы, aдaмдap қapым-қaтынaсының түп қaзығы дeгeнді білдірeді, - дeп aнықтaмa бeрe кeлe: Жaлпы, aдaмдapдың қaрым-қaтынacына қaтыcты әрeкeттep eкі өте үлкeн тaрмaқтaрдан тұpaды. Oның біpі - тілдік қaтынac, екіншісі - тілcіз қaтынac, - дeп aдaмдapдың тeк сөйлeсу apқылы ғaнa қapым-қaтынac жacaмайтынын, қaтынacтың тaғы біp түpі - тілcіз қaтынac eкeнін aтaп өтті.
Тыңдаушылapды өзіне eліктіpе білу, oлapдың нaзaрын өзінe aудaрa білу көптің aлдынa шыққaн aдaмның басты міндeті. Тыңдаушыға сөз анық, дәл, айқын естілуі қажет. Дауыс булыға шықса, жігерсіз әрі бірқалыпты әуенмен айтылса, сөз қанша қызықты болғанмен тез жалықтырады. Тыңдаушы көңілін басқаға аударып кетеді. Көп алдына шыққан адамның сөзінен табандылық, сенім сезіліп тұрса, оны жұрт ұйып тыңдайды. Құр шаңқылдап айқайлап кету, болмаса мұрнының астынан міңгірлеп, күңкілдеп сөйлеген адам да тыңдаушысын жалықтырып, зейіні басқаға ауып кетеді.
Жұрт алдына сөз сөйлеуге шыққан адам өз тыңдаушысын баурап алуда сөздің мағынасына, сөйлемнің мазмұнына сәйкес әртүрлі қол қимылдарын - қолды сермеу, қол бұлғау, бас шұлғу, бас изеу, бет-жүзді құбылту сияқты қосалқы құралдардың да пайдасы зор. Ол қимылдар айтар ойыңа сәйкес жұмсалса, сөзіңді жандандыра түседі. Айналадағы бір нүктеге қадалмай, алдыңда отырған жеkе адамға не бірнеше адамға көз жүгіртіп, ретті жерінде сөзіңді қостайтындай қимыл жасау дұрыс. Мыалы, санамалап жетkізуде қолдың саусақтарын бүгі не ашу арқылы сөзіңдегі негізгі мәселеге бас назар аудартуға болады. Қасын kеру, көзін бақырайту, қабағын түю сияқты қимылдар арқылы да тыңдаушыңды үйіре аласың. Көп алдына шығып алып, әрі-бері теңселіп жүрудің керегі жоқ. Қолды оңды-солды сермеу де дұрыс емес.
Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары: бет-жүз құбылыстары мен дене қимылдары - тілдік қарым-қатынасты толықтырып, оларға коммуникативтік актіні жалғастыру қызметін атқаратын қарым-қатынастың бір түрі болып табылады.
Жұртты ұйытып, көңілдегі ойыңды дөп басып, әсерлі сөйлеген адамды тыңдай бергің келеді. Әсерлі сөйлеудің тілге тікелей қатысты шарты сөзді сазына келтіріп айту немесе дауыс мәнерінің жағымдылығы.
Сөз сазы дегеніміз - сөйлеу актісінде сөз ішіндегі немесе сөз аралығындағы дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, үйлесімді айтылуы.
Қазақ әдеби тілінің барша заңдылықтары, оның ішінде көпшілік алдында сөйлеу, дұрыс сөйлеу нормаларын пайдалану, оны көпшілікке үйрету қоғам мүшелерінің өз ана тілі алдындағы парызы. Солардың бірі қоғамда орыс, араб және парсы тілдері арқылы енегн басқа тілдерден енген сөздер мен терминдерді дұрыс айту және орынды қолдану.
Тағы бір тілдік норманы бұзу - екпінді және сөйлемдегі сөздердің жігін ажырата алмаудан сөйлеушінің сөзі кедір-бұдыр шығады. Осылайша тыңдаушыны жалықтырып алуы мүмкін.
Әдемі күлкі, әдемі жымию - іскерлік әлеміндегі ең қажетті қасиеттердің бірі. Адамдармен тіл табысудың тағы бір кілті - жылы шырай таныту, күлімдей білу.
Үлкен жиналыстарда көп адамға дауысты көтере сөйлеу қажет болса, тар бөлмедегі 3-4 адамға айғайлап сөйлеу - әбестік. Сөйлеушінің даусы бірқалыпты болмай, әрі жайдары болса, тыңдаушы бар ынтасымен тыңдауы сөзсіз.
Сөз мазмұнды, әсерлі болу үшін жалпылама сөйлеуден қашу керек. Сөздің нақты, дәлелді болуын көздеу керек, бос сөз ешкімге білім бермейді, әқайта тыңдаушыны жалықтырады.
Сөз мазмұнды болу үшін шешен білуі тиіс нәрсе:
Кімдердің алдында сөйлейсіз?;
Қандай мәселе ол аудитория үшін маңызды?;
Сізде ол жөнінде қызықты мәлімет жеткілікті ме?;
Қорытынды түйінмен авторлық көзқарас бар ма?;
Осы мәселелер ескерілсе, сіздің сөзіңіз табысқа ие болары сөзсіз.
1.1 Ауызекі сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздері
Ауызекі тіл , ауызекі сөйлеу -- адамдардың тіл арқылы қарым-қатынас жасауының бір түрі. Ауызекі тілдің басты ерекшелігі -- сөйлеудің алдын ала дайындықсыз, тікелей қарым-қатынас жасау барысында жүзеге асатындығы. Тіл білімінде ауызекі тілді функционалдық стильдердің бір түрі ретінде қарастырады. Басқа стильден оның біршама өзгешеліктері бар.[1] Мұнда тіл мәдениетін қатаң сақтауға талап қою дұрыс бола бермейді. Негізгі мақсаты тікелей және тез хабар беріп, хабар алу болғандықтан ауызекі тілде әдеби тілдің нормасынан тыс сөздер мен сөз тіркестері -- варваризмдер, кәсіби сөздер, жаргондар, диалектілер т.б. кездесуі әбден мүмкін. Бұл ауызекі тілдің заңдылығын бұзу болып есептелінбейді. Ауызекі тілдің тағы бір ерекшелігі -- әңгіме тақырыбының тез өзгеріп отыратындығы (екі адам ауа райы туралы сөйлесіп тұрып, күтпеген жерден өндіріс мәселесін сөз етуі мүмкін). Тілдегі экспрессивті, эмоциональдық қасиеттер көп жағдайда ауызекі тілде байқалады. Ауызекі тілде тілдік (линвистикалық) факторлармен қоса, тілден тысқары факторлардың (экстралингвистикалық) да жарыса пайдаланылуы осы стильдің өзіндік ерекшелігі болып табылады (сөз болып отырған оқиға тыңдаушысына түсінікті болса да, бет пішінінің, қолының қозғалыстары, дауысты көтере немесе сыбырлай сөйлеуі т.б.). Экспрессия және ықшамдылық үшін ауызекі тіл сөздерді өзгеше жұмсайды, ерекше синтаксистік бірліктер (сөз тіркестер мен сөйлемдер) құрайды. Ауызекі тілдің тек өзіне тән сөздік қоры болады, ол екпінге, сөйлемдегі мағынаға көбірек сүйенеді. Ауызекі тілді жалпыхалықтық тілдің бір түрі ретіндегі сөйлеу тілінен ажырата білудің елеулі мәні бар. Сөйлеудің ауызша түрі функционалдық стильдердің барлығында (сахнадан немесе радио мен теледидардан көркем шығармадан үзіндінің оқылуы, публицистикалық материалдың ауызша берілуі) кездеседі.
Орфоэпиялық дағдылардың қажеттілігі тек сөйлеумен шектелмейді. Егер тыңдаушының дұрыс қалыптасқан фонетикалық дағдылары болмаса, онда ол тыңдағаны мен естігенін дұрыс түсіне алмайды. Оның себебі, адам басқа біреудің сөзін тыңдағанда, өз санасындағы дыбыс жүйесімен салыстыра отырып, сөз сөйлемнің мәнін, ойын таниды, түсінеді. Демек, фонетикалық дағдылар тек сөйлеу үшін ғана емес, басқаның сөзін тыңдап-түсіну үшін де үлкен рөл атқарады.
Орфоэпиялық дағдылардың қатысымдық әрекетте алатын орнын, маңызын ескере отырып, тіл дамытуда оқушылардың санасында фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға, одан әрі дамыту мен жетілдіруге белгілі талаптар қойылады. Олар:
а) Белгілі бір фонетикалық минимумды іріктеп алу талабы. Мектепте фонетиканы оқытуда оқушылар үндестік заңы арқылы дыбыстардың түбір мен қосымша, біріккен сөз аралығындағы сөздер үндесіп, өзгеріп айтылудағы орфоэпиялық норманы кейде сақтап айта бермейді. Олай болса, окушылардың тілін дамытуда орфоэпиялық сөздіктер беріп, белгілі мөлшерде фонетикалық дағдыларын қалыптастыру үшін оқытуда тіл дамыту үшін фонетикалық тілдік материалдар таңдалып оқытылуы бойынша жүргізіледі.
ә) Орфоэпиялық дағдыларды қалыптастыруға қойылатын келесі талап-сөздердің, сөз тіркестерінің дауыс екпінін дұрыс қоя білуге дағдыландыру. Барлық дыбыстарды дұрыс айтқанымен, сөздердің дауыс екпіні дұрыс қойылмаса, айтылған сөздің мәнін түсінуді қиындатады.
Дыбыстарды дұрыс айтып, жекелеген сөздердің екпінін дұрыс қоя білгенімен, сөйлемде фразалық екпін дұрыс қойылмаса немесе үзіліс (пауза) өз орнында жасалмаса, ондай сөзді, сөйлемді түсіну қиын болар еді. Мысалы: Екі сиыр қора салып жатыр деген сөйлемдегі үзіліс екі сөзінен кейін жасалмаса, сөйлемдегі ой күлкілі болар еді. Сондықтан сөйлемдегі синтагмаларға дұрыс бөліп, дауыс ырғағын келтіру ойды дұрыс түсінуге көп себебін тигізеді. Олай болса, дыбыстарды дұрыс айтқызып үйретумен катар, олардың сөйлеуіндегі дауыс екпінін орынды қоюын, сөйлемдегі синтагмаларға дұрыс бөле білуін, дауыс ырғағын орфоэпиялық қалыпта жетілдіру қажет.
Тұжырымдай келгенде, баланың сөйлеу икемділіктер мен дағдылар қалыптастырылуы тиіс:
- жеке дыбыстарды сөзде, сөйлемде орфоэпиялық қалыпта дұрыс айту;
- сөздердің, сөз тіркестердің дауыс екпінін дұрыс кою;
- сөйлемдерді дауыс ырғағын, мәнеріне келтіріп дұрыс айту;
- мәтін түрлерін функциональдык стиль түрлеріне, жанрға байланысты мәнерлер айтып, оқи білу;
Сондықтан, біз айтылым сөйлеу әрекетінде айтушының орындауға тиісті міндеттерді мына төмендегіше белгіледік:
- тақырыпта әңгімелесе және сөйлесе;
- айтылым сөйлеу әрекетінде тыңдаушының назарын, ықыласын аудара білу;
- әңгімелеушінің қызығушылығын, тақырыбын аңғару, сөйлеу әрекетін сол бойынша ұйымдастыра білу.
Қазіргі фонетика сөздің дыбыстық жағын екіге топтап карастырады. Бірінші топта: 1) дыбыстар, 2) фонетикалық сөз, 3) буын, 4) сөйлем, 5) текст.
Екінші жағынан: сөз екпіні, интонатция, дауыс ырғақтарының элементтері, оған жататындар: сөздің сазы, сарындылығы (тонның жоғарылығы мен төмендігі), сөздің қаркыны (күштілігі мен әлсіздігі), темпі (жылдам және баяулық), сөздің тембрі (дыбыстық рең, сөздің эмоциональдық реңдері), екпін (буынға түсетін екпін, сөздің екпіні, сөйлемнің екпіні т.б.). Тілде адамдардың қарым-қатынас құралы ретінде бұл екеуі бірлікте қарастырылады. Сондықтан да оқушылардың тілін дамыту жұмыстарының фонетикалық негізі осы мәселелерді окушыларға игерту болып табылады. Оқу бағдарламасында грамматикалық материалдардың әрбір сыныптарда тілдің дыбыстық жағымен байланыстыра оқыту көзделеді. Сөздің дыбыстық жағынан тіл дамытуды үйрету, жаттығу, дағды беру жұмыстарын мақсатына байланысты бөліп қарастырылады. Бірінші, оқушылардың есту, қабылдау мәдениетін дамыту бағытындағы жұмыстар мен жаттығулар, екінші оқушылардың айту, жеткізу, сөйлеу мәдениетін дамыту бағытындағы жұмыстар мен жаттығулар.
Дұрыс сөйлеу нормасы негізінен мына тілдік объектілерді терең ұғынуға байланысты болады: бірінші, сөздерді дұрыс айтып, дұрыс сөйлеу үшін үндестік заңын, яғни біріккен сөзбен сөз тіркестерінің аралығындағы дыбыстардың бір-біріне тигізетін әсерін, ықпалын терең меңгеру керек. Мысалы, Көпжасар - Көбжасар, ала карға - алағарға т.б.
Екіншіден, таза сөйлеу үшін сөз екпінін, буын түрлері мен тасымал заңдарын білуі керек Соның ішінде, қазақ тілінде аз болса да екпін түсетін буындар сөз мағынасына әсер ететін жағдайлар болады. Мәселен, Алманы алма! Бұл - кең өте бөлме. Әзірше, қозыны енесінен бөлме.
Үшіншіден, жеке сөздер мен сөз тіркестерін және сөйлемдерді берілетін ойына лайықты айту мен оқи білуді игеру кернек. Мысалы, Ботаны кешеден бері асыға күткен Сәбит далаға жүгіріп шықты деген сөйлем екі түрлі паузамен айтылады. Сәбит сезінен кейін дауыс кідірісі болады да, шыкты сөзінен кейін дауыс үзілісі болады.
Қазақ тіліндегі буынның құрамы мен жүйесімен орфоэпиялық нормасына арналған арнайы зерттеу жоқ. Алайда, буын түрлері мен буынның дыбыс құрамына арналған анықтамалар жеткілікті. Қазақ тілінің фонетика саласына арналған еңбектерде, қазақ тілінің мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған кітаптарында буынға байланысты тақырыпшалар тұрақты кездесіп отырады. Буын мәселесі тасымалға байланысты да сөз болып отырады. Қазақ тіліндегі буын шегінің оңай табылып, дыбыс құрамының оңай анықталатындығынан болар, буын мәселесі қазақ фонетикасындағы күрделі құбылыс ретінде қарастырылмайды. Буын мәселесі оқу-әдістеме тарапынан да аса елене қоймайды. Осының нәтижесінде қазақ лингвистикасында буын қазақ тілінің қарапайым бірлігі (единица) деген пікір қалыптасты.
Ал жалпы лингвистикадағы буын теориясы тұрғысынан қараса буынның тілдік табиғаты аса күрделі кұбылыстардың бірі болып табылады. Ендеше, оқушылардың ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін қазақ тіліндегі буын құбылысының артикуляциялық және акустикалық табиғатын ашу, ең бастысы қазақ тіліндегі буынды буын етіп түрған лингвистикалық пәрмен не деген сұрақка жауап беру керек сықылды. Өзгеше айтқанда, қазақ тіліндегі буынның дыбыс құрамы мен оның шегарасының фонетикалық сипаты мен көрінісінің, және оның мәнерлегіштік сипаты туралы білім берілуі қажет.
А. Байтұрсынов сөйлеу мен сөйлем, сөйлем мен сөз, сөз бен буын, буын мен дыбыс желісін бір-бірінен туындатып, арасын үзбей өзара байланыстырып қарайды. Сөздерді буынға бөлудің жолын қарастыра келіп: "Буыншы әріп басқалардың ортасында қамауда тұрса, ол буынға "бітеу" деп ат қойындар; буын аяғы буыншы әріпке тірелсе, ол буынға "ашық деи ат қойындар; буын буыншыдан басқа әріпке тірелсе, ол буынға "тұйық" деп ат қойындар" деп, буын түрлерін саралап береді. Сондағы "буыншы" әріптеріміз дауысты дыбыстар болып шығады. Буын құраудағы дауысты әріптердің мәнін "әлгі әріптер кіріспейтін буын" болмайды деп көрсетеді. "Буындардың бір әріптілерін бір бөлек, екі әріптілерін бір бөлек, үш әріптілерін бір бөлек, төрт әріптілерін бір бөлек шығарып жазыңдар" деген тапсырма жаттығуынан . Байтұрсыновтың буынның дыбыс құрамын да анықтап кеткеншін көруге болады. Сөйтіп осы күнгі қазақ тілінде тек дауыстылардың ғана буын құрай алатындығы, буын түрлері, олардың дауысты-дауыссызға қатысты дыбыс құрамы мен буын аттары жайлы алғашқы мәліметтің бастау көзі болып отыр.
Буын мәселесіне арналған келесі лингвистикалық жұмыстар осы . Байтұрсынов ережелеріп негізге алып отырады. Айырмашылық тек буын түрлері мен олардың атауларына қатысты болып келеді. Профессор Қ.Жұбанов буынның дыбыс құрамына қарай алты түрін енгізген. "Фонациялық ауаның қарқынымен кілт үзіліп шыққан бір немесе бірнеше дыбыс тобын буын дейміз. Демек, буын экспирация арқылы (өкпедегі ауаны сыртқа шығару арқылы) жасалады" дей келіп, осы үдерісті проф. І. Кеңесбаев та ұстанады, буын түрлерін ашық, тұйық және бітеу деп бөліп, олардың алты түрлі дыбыс құрамын көрсетеді. Буын сипатын, түрлерін, жігін, дыбыс құрамын кеңінен талдаған С. Мырзабеков "Буын - ... ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пaйда болатын жеке (дауысты) дыбыс, не дыбыстар (дауысты, дауыссыз) тобы." деген тұжырымға келді. Ал буын түрлерін "Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне карай қазіргі қазақ тіліндегі буынның екі түрі бар: ашық буын және тұйық буын. Бұлай бөлу буынның теориялық та, практикалық та мәніне сай келеді және есте сақтауға ыңғайлы" деп көрсетеді. Буын түрлері мен оның дыбыс құрамының осы іспеттес анықтамасы қазақ тілі оқулықтарында ең кең тaрaғa сипаттамасы болып табылады.
Қазақ тіліндегі буын қондырғы (инструментал) әдісімен де зерттелген Буынның, оның құрамындағы дыбыстардың сандық-сапалық нәтижелері буын жігін ажыратудың акустикалық көрсеткіштері бола алатындығы дәлелденген.
Буын құбылысын сингармонизммен тікелей байланыстыра отырып, профессор Ә. Жүнісбеков "Тюркский слог - наименьшая произносительная единица, строго регламентированная одним из сингармонических тембров. Эта регламентация настолько устойчива, что нарушение сингармонического тембра внутри слога абсолютно невозможно" деп, теориялық қорытынды жасайды. Қазақ тіліндегі буын орфоэпиясын қозғағанда осы теориялық қисын басшылыққа алынады. Буын құрамындағы дыбыстар белгілі бір қатаң жүйеге бағынып барып басы бірігетін болса, онда оның артикуляциялық негіздемесі болу керек. Артикуляциялық негіздің акустикалық нәтижесі болады. Қазіргі кездегі қондырғы құралдар мен компьютерлік программалар буын және оның құрамындағы дыбыстар тіркесінің акустикасын көрнекі суреттеп бере алады. Сонымен, буынның басынан аяғына дейінгі яғни өне бойындағы дыбыстар тізбегінің суретін алып, буын орфоэпиясының артикуляциялық және акустикалық көрнісін байқап-бақылауға болады деп болжам жасауға болады.
Қазақ тіліндегі буын түрлерінің, әсіресе, олардың дауысты немесе дауыссыз дыбысқа бітуінің морфологиялық деңгейге тікелей қатысы бар екендігі белгілі. Өйткені келесі жалғанар қосымша дауыстыға басталады ма, әлде, дауыссызға басталады ма, ол - алдыңғы буынның соңғы дыбысына тікелей байланысты кездері болады. Сонымен қатар алдыңғы буынның соңғы дыбысы мен соңғы буьнның бастапқы дыбысының арасында да дауыс қатысына тікелей байланысты тұстары бар: буынның дауысты, қатаң, ұяң немесе үнді дыбысқа бітуіне қарай қосымшаның бастапқы дыбысы құбылып отырады. Осы заңдылықтар қазақ тілі үшін аса актуал болын табылады. Ендеше, қазақ тілінің буын жүйесін буын түрлері мен оның дыбыс құрамын дауысты-дауыссыз тұрғысынан ғана жіктеп қойған жеткіліксіз болады екен. Мұндай жіктелім тасымал талабына сай келіп, тасымал ережелерін ғана құрастыруга ғана келеді. Лексика деңгейінде кемістігі жоқ талдау морфология деңгейінде жарамай қалып жатыр. Лексикалық деңгейде буын түрлері мен оның дыбыс құрамы үшін түбір сөздің де, туынды сөздің де мәртебесі бірдей: бақ та бір сөз, бақтташы да бір сөз. Екі жағдайда да бақ - бітеу буын, ал та - ашық буын. Осы жіктелім тасымал үшін жеткілікті. Ал морфологиялық деңгей үшін: бақ бірлігінің бітеу буын екендігі жеткіліксіз, оның қатаң дауыссызға аяқталып отырғанын қоса ескеиору керек. Ендеше та ашық буыны, біріншіден, дауысты дыбыстан бастала алмайды, егер дауысты дыбыстан басталатын болса, онда бақ бірлігі бітеу буын бола алмайды. Екіншіден, ол тек дауыссыз дыбыстан басталады, оның үстіне бастапқы дыбыс тек қатаң дыбыс болу керек. Бастапқы дыбыс қатаң дауыссыз болмаса, бақ пен та тіркесе алмайды. Сондықтан буын құбылысының өзін екі деңгей тұрғысынан қарастырған жөн сықылды. Ол үшін буынның дыбыс құрамын іштей тағы жіктей түсуге тура келеді.
Буынның дыбыс құрамы іштей екі салаға жіктеледі. Бірінші, буын құрамындағы дыбыстың дауыс қатысына қарай, мысалы, төмендегі бітеу буындар соңғы дауыссыздың дауыс қатысына қарай жіктеледі: жаз - үнді дауыссызға аяқталып тұр, жас - катаң двауыссызға аяқталып тұр; жан - үнді дауыссызға аяқталып тұр. Сонда, мысалы, ілік септік жалғауының варианттары бұлардың әрқайсысына талғап кана жалғанады: жаздың - үяң з дауыссыздан кейін тек ұяң д дауыссызы, жастың - қатаң с дауыссызынан кейін тек қатаң т дауыссызы., жанның - үнді н дауыссызынан кейін тек үнді н дауыссызы.
Тұжырымдағанда, бұл орфоэпиялық, фонетикалық нормалар туралы үндестік заңнан білім беру кезінде игертіледі. Сондықтан оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту орфоэпиялық білім негізіпнде, фонетикалық норма туралы білім бойынша жаттықтыру арқылыа қалыптастырылады.
Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығыан көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені ешбірі деайналып өткен емес. Өнер алды - қызыл тіл деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті.
Қазастан Респуликасы Президентің Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламапсында: Тілді дамыту - Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі , сондай-ақ Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек делінген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: Қазақстанның болаашағы қазақ тілініде - деп тұжырымдайды.
Ал қазақ халқының тіл келешегі мектеп оқушыларында.Өте көп ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді, мерзімдік баспасөз ақпараттарын талдап-зерттей келе, бүгінгі күнгі оқушылардың сөз саптауы көңіл аударарлық көпшілігінің тіл мәдениеті төменгі деңгейде деген қорытынды жасауға болады. Олар өз ойларын дұрвыс, түсінікті етіп жеткізе алмайды, басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойын шашыратып жібереді. Кейбірі орысша сөздерді қосып, араластыра сөйлесе, бірі жаргонмен диалектілермен сөйлегенді сән көреді. Бұл мәселе туралы көптеп айтылып та, жазылып та жатыр. Мысалы педагогика ғылымының докторы И. Нұғымманов пен 3. Қашқынбаева: Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, сөйлеу мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кездегі көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады - дейді. Бүгінгі таңда қазақ мектептерінің өзекті мәселелерінің бірі - оқушылардың тіл мәдениетін көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тәрбиелеу.
Қазіргі заманымызда қойылған басты талаптардың бірі - өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, тәрбиелеу. Оқушының жеке тұлға болыпд дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, тіл мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазірдегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсаты - оқушыларды қазақ тілі сабағында тіл мәдениетіне тәрбиелеудің теориялық-практикалық мәнін зерттеу. Осыдан келіп, жұмыстың негізгі міндеттері туындайды:
- тіл мәдениеті ұғымына ғылыми түсінік беру;
- оқушы жастардың тіл мәдениетінің төмен болуының
себептерін саралау;
- тіл мәдениетінің жоғары болуына қойылатын талаптарды
айқындау;
- тіл мәдениетінің даму сатысы қандай өлшемдер арқылы
анықталатындығын көрсету;
- тіл мәдениетін қалыптастыру жұмысының негізгі бағыттарын
анықтау;
- оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеудегі дидактикалық,
әдістемелік ұстанымдарды негіздеу;
- мектептің орта буынында тіл мәдениетін оқытуды саралу;
- жоғары буын оқушыларын тіл мәдениетіне оқытуды
тұжырымдау.
1.2Тіл мәдениеті туралы ғалымдар көзқарасы
Қазіргі таңда ең басты мәселелердің бірегейі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру, барлық қаракөз бауырларымыздың өз ана тілінде сөйлеуіне қол жеткізу. Тек тіл үйренуде ұмыт болып бара жатқан шаруа бала бақша, үй, мектеп, жоғары оқу орындарында ұл-қыздарымызды тілдік қоры бай қазақ тілінде сөйлеу мәдениетіне үйрету. Содан, үйде де, көшеде де, қоғамдық орындарда да бірқатар жастарымыздың бір-бірімен қарым-қатынас жасағанында, әңгімелескенінде қалай болса солай сөйлейтіні, қазақ тілінің қадір-қасиетін түсінбейтіні байқалады. Олай болса, біздің бүгінгі әңгімеміз тіл, сөйлеу мәдениеті, ауызша, жазбаша сөйлеу хақында.
Сөйлеу, тілдік амалдар, тіл мәдениеті
Адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікірлерін, ойларын білдіруін - сөйлеу деп атайды. Сөйлеуге адамның анатомиялық мүшелері қатысады, алайда ол адамның психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне тығыз байланысты. Сөйлеу үшін жасалған тілдік амалдар ұзақ уақыт бойы адамдардың пікір алысу тәжірибесі негізінде қалыптасты.
Тілдік амалдар - сөз тудыру, сөйлем құрау ережелері. Олар - көпшілікке ортақ, объективті категориялар. Соның нәтижесінде тіл - жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы. Сөйлеудің әр коммуникативтік жағдайына сәйкес ыңғайланған стилі болады.
Тіл мәдениеті - тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейді. Тіл мәдениетінің тілдің басқа салаларынан айырмашылығы оның күнделікті өмірде тілдің қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен жақсы қарым-қатынаста болуы. Тіл мәдениеті қамтитын тілдік норманың 3 түрі: 1. Тілдік норма (лексика, сөз жасамдық, грамматика, дыбысталу нормасы). 2. Этика - сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері). 3. Коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары). Сөйлеу мәдениеті орфоэпикалық нормаға негізделген.
Ойдың және сөйлеудің дамуы
Әркім өзінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz