Сақтау шартының жекелеген түрлеріне азаматтық-құқықтық сипаттама
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Сақтау туралы жалпы ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1. Сақтау шартының түсінігі, түрлері және элементтері ... ... ... ... ... ..6
1.2. Сақтау шартының мазмұны. Сақтау шарты бойынша жауапкершілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2. Сақтау шартының жекелеген түрлеріне азаматтық.құқықтық сипаттама
2.1. Тауар қоймасында сақтаудың азаматтық.құқықтық реттелуі ... ... ...36
2.2.Сақтаудың басқа да арнайы түрлерін құқықтық реттеудің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:

1.2. Сақтау шартының мазмұны. Сақтау шарты бойынша
жауапкершілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .19
2. Сақтау шартының жекелеген түрлеріне азаматтық-құқықтық сипаттама
2.1. Тауар қоймасында сақтаудың азаматтық-құқықтық реттелуі ... ... ...36
. 2.2.Сақтаудың басқа да арнайы түрлерін құқықтық реттеудің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .49
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
Кіріспе
Бүгінгі таңда қоғамда сақтау шарты өте кең тараған шарттардың бірі
болып отыр. Оның себебі, азамат өз үйінің табалдырығын аттай сала,
қоғамдық орындарға барған сәтте-ақ заттарды сақтауға тапсыру қажеттілігі
туындайды. Сонымен қатар, біз әдетте мән бермесек те, бұндай жағдайларда
азамат үшін шарт еркіндігі көбінесе елеулі түрде шектеледі. Білім беру,
медициналық, басқа да мекемелерде, ұйымдарда, театрларда т.б. сырт киімді
міндетті түрде киімілгішке тапсыру туралы талаптар белгіленеді. Дүкендерде
(сауда орындарында) сөмкелерді, кейстерді т.б. осыған ұқсас заттарды
сақтауға тапсыру талап етілуі мүмкін.
Сақтау мәселелерін зерттейтін кейбір теориялық қайнар көздерде
көрсетілгендей, сақтау қызмет көрсетудің ерекше бір түрі, сондай-ақ
азаматтық-құқықтық міндеттемелердің ішіндегі қызметтердің барынша кең
тарағандардың бірі болып табылады.
Жалпы пайдалану орындарында (базарларда) сауда-саттықты жүзеге
асыратын кәсіпкерлер базарларға тиесілі орындарда сақтау қызметтерін
пайдалана алады. Тұтастай алғанда, шағын кәсіпкерлік субъектілері (сауда
фирмалары) үшін өздерінің тауарларының сақталуын қамтамасыз ету үшін
сақтаумен кәсіби түрде айналысатын субъектілердің қызметін пайдалану
тиімдірек болуы мүмкін. Бұл аталған кәсіпкерлерге сақтау қоймаларын салу
(сатып алу), жалға алу үшін, оларды күзетуге, сондай-ақ қоймалық
қондырғыларды алуға елеулі сомаларды жұмсауға мәжбүр бола отырып, өздерінің
айналым құралдарын мұздатпауға мүмкіндік береді.
Кейде сақтау қажеттілігі заң талаптарына сәйкес туындайтын жағдайлар
да болады. Мысалы, тыйым салынған мүлікті, мұралық мүлікті, мүлікті кеден
қоймаларында сақтау т.б.
Заттардың белгілі бір түрлері тиісті жағдайлары бар, заттардың
сақталуын қамтамасыз ете алатын, оларды сақтауға қабылдау мен қайтарудың
тиісті режимін қамтамасыз ететін сақтаушыларда ғана сақталына алады. Әрине,
бұндай жағдайларда да заттарды сақтауға берудің қажеттілігі туындайды.
Басқаша айтқанда, сақтау бойынша міндеттеменің пайда болуы түрлі
себептермен байланысты болуы мүмкін және ол тек сақтау шарты негізінде ғана
туындамайды.
Аталған жағдайлар сақтау мәселесінің тек күнделікті өмірдегі ұсақ
көріністерін ғана береді. Алайда, осының өзінен-ақ біз сақтау институтының
өмірімізде қаншалықты кең таралғандығын, оның маңызын көре аламыз. Бұл
тұрғыдан алғанда, әрине, сақтау шарты бүгінгі таңдағы өте өзекті
мәселелердің бірі екендігі даусыз.
Менің осы тақырыпты таңдаудағы мақсатым – қоғамдағы сақтау шарты
бойынша қатынастардың қазақстандық заңнама бойынша реттелуін, азаматтық
құқықтық айналымдағы олардың ерекше ролін ашып көрсету болып табылады.
Аталған мақсаттарға сай мен алдыма келесідей міндеттерді қойдым:
1. міндеттемелердің бір түрі ретіндегі сақтау шартының азаматтық құқықтық
сипаттамасын беру;
2. сақтау шарты бойынша қатынастардың бүгінгі қоғам өміріндегі орнын
көрсету;
3. сақтау шартының мазмұнын ашу;
4. сақтау шарты бойынша туындайтын жауапкершіліктің ерекшелігін айқындау;
5. ломбардта сақтаудың құқықтық реттелуіне сипаттама беру;
6. банкте сақтаудың ерекшеліктерін көрсету;
7. көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтаудың ерекшеліктерін ашу;
8. ұйымдардың киімілгішінде сақтаудың реттелуін талқылау;
9. қонақүйде сақтаудың ерекшеліктерін көрсету;
10. секвестр ұғымына түсінік беру;
11. тауар қоймасында сақтаудың басқа сақтау нысандарынан ерекшелігін
көрсету.
Көрсетілген міндеттерге байланысты дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі
бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде дипломдық жұмыстың мақсаты, жұмыс тақырыбының бүгінгі таңдағы
маңызы, зерттелу деңгейі, жұмыстың құрылымы туралы сөз болады.
Екі тараудан тұратын негізгі бөлімнің бірінші тарауы Сақтау туралы
жалпы ережелер деп аталады, онда сақтау шартына жалпы түсінік беріліп,
оның мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын талаптар, сақтау шартының түрлері
туралы, оның элементтері туралы сөз болады. Сондай-ақ бұл тарауда сақтау
шартынан туындайтын жауапкершіліктің ерекшелігі туралы айтылады.
Сақтау шартының жекелеген түрлеріне азаматтық-құқықтық сипаттама
деп аталатын екінші тарауда бүгінгі азаматтық айналымда белгілі сақтау
шартының түрлеріне, атап айтсақ, ломбардта, банкте, көлік ұйымдарының
сақтау камераларында, ұйымдардың киімілгішінде, қонақүйде, даулы заттарды,
тауар қоймасында сақтаудың құқықтық реттелуіне жан-жақты сипаттама
беріледі.
Қорытындыда мен сақтау шарты бойынша қатынастарға қатысты осы жұмысты
жазу барысында өзімнің түйген ойларымды ортаға салдым.
Енді тақырыптың зерттелу деңгейіне келер болсақ, бұл тақырып бүгінгі
таңда барынша кең зерттелген мәселелердің қатарына жатады. Себебі, жоғарыда
атап көрсеткеніміздей, сақтау шарты қоғамда мейлінше кең тараған
мәмілелердің бірі, біз онымен күнделікті өмірде ұшырасып отырамыз.
Сондықтан, заң шығарушы тарапынан бұл жағдай ескеріліп, заңнамалық деңгейде
реттелуі азаматтық кодексте көрінісін тапқан. Ал ғылыми тұрғыдан
зерттелуіне тоқталсақ, негізінен отандық азаматтық құқық оқулықтарында
бөлек тарау ретінде жан-жақты зерттелген. Сонымен қатар жұмысты жазуда
Г.А.Жайлин, А.П.Сергеев, Ю.К.Толстой, М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин,
А.Г.Диденко, М.И.Брагинский сияқты қазақстандық және ресейлік ғалымдардың
еңбектерін арқау еттім.
1. Сақтау туралы жалпы ережелер
1. Сақтау шартының түсінігі, түрлері және элементтері
Сақтау деп аталатын азаматтық-құқықтық институт – мейлінше кең
қолданылу аясына ие қатынастардың бірі. Күнделікті тұрмыстық өмірде, сол
сияқты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде мүлікті сақтаумен
байланысты қатынастардың бұлайша кең таралуы мына жағдаймен түсіндіріледі:
заттың иесінде сол заттың сақталуы мен тұтастығын қамтамасыз ету
қажеттілігі жиі туындап отырады. Бұл ретте затты мейлінше нәтижелі сақтау
үшін оны басқа тұлғаға, яғни сақтаушыға беру мақсатты сипатқа ие болады.
Бұндай қатынастар әдетте сақтау шартының негізінде пайда болады.
Оларды құқықтық реттеу 39-тараумен жүзеге асырылады. Аталған тарауда
құқықтық нормалардың үш тобы қарастырылады: сақтаудың барлық түрлеріне
қолданылатын жалпы ережелер, сақтаудың жекелеген түрлерін реттейтін
ережелер және тауар қоймасында сақтауды құқықтық реттейтін ережелер.
Сонымен қатар, сақтау аралас шарттың элементі ретінде көрінуі мүмкін.
Бұл ретте тараптардың келісімінен немесе аралас шарттың мәнінен өзгеше
туындамаса, сақтау туралы 39-тараудың ережелері қолданылады. Мүлікті
сақтау бойынша қатынастардың пайда болу негіздері ретінде сондай-ақ заттың
сақталуын қамтамасыз ету бағытынан басқа бағыттардағы азаматтық құқықтық
шарттардың жекелеген түрлері (сатып алу-сату, мердігерлік, тасымалдау,
комиссия т.б.) де бола алады. Бұндай жағдайларда заттарды сақтау бойынша
міндеттер дербес мәнге ие болмайды, сондықтан олар тиісті шарттар туралы
ережелермен реттеледі, оларға 39-тараудың ережелері қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 768-бабының 1-
тармағында сақтау шартының түсінігі келтірілген: сақтау шарты бойынша бір
тарап (сақтаушы) оған екінші тараптың (жүк берушінің) берген затын сақтауға
және бұл затты сақталған күйінде қайтаруға міндеттенеді. Сақтау шарты зат
сақталуға берілген кезден бастап жасалған деп есептеледі [1:768].
Анықтамадан көретініміздей, сақтау шарты нақты шарттардың
категориясына жатады. Яғни бұл шартты жасалған деп тану үшін оның елеулі
талаптарын келісуден басқа, сақтаушыға затты іс жүзінде беру қажеттігін
білдіреді. Аталған ереже жалпы сипатқа ие.
Сонымен бірге сақтау шартының консенсуалды сипатын да жоққа шығаруға
болмайды. Бұндай шарт бойынша сақтаушы келешектегі белгіленген мерзімдерде
жүк берушіден затты алу міндетін қарастырады. Бұндай шарт бойынша
тараптардың құқықтары мен міндеттері шарт жасалған кезден бастап пайда
болады [2:385]. Заңнан тікелей туындайтындықтан, сақтауды өзінің кәсіби
қызметінің мақсаттарының бірі ретінде жүзеге асыратын коммерциялық немесе
коммерциялық емес ұйым (кәсіби сақтаушы) сақтаушы ретінде көрінетін шарт
қана консенсуалды сипатқа ие бола алады.
Негізінен, сақтау шарты ақылы шарт болып табылады. Азаматтық кодексте
бұл туралы тікелей айтылмайды, бірақ оның нормаларын жүйелі түрде талқылау
арқылы осындай қорытындыға келуге болады. Бірақ бұл көзқарасты барлық
ғалымдар бірдей қолдай бермейді, алайда нақ осы көзқарас талқыланып отырған
мәселе бойынша заң шығарушының кеңес дәуіріндегі қалыптасқан ескі
ұстанымнан бас тартқандығын көрсетеді. Сонымен қатар, тәжірибеде, әсіресе
азаматтар арасындағы қатынастарда, сақтау бойынша ақысыз қызмет көрсету өте
кең тараған.
Ал сақтау шарты өзара сипатқа ие бола ма немесе біржақты шарт па
деген мәселелерге қатысты әдебиеттерде әуелден-ақ түрліше пікірлер
қалыптасқан. Сақтау шарты ең алдымен жүк берушінің мүдделеріне қарай
жасалынса да, бұл шарт бойынша құқықтар мен міндеттер, сақтау шарты ақысыз
және нақты болса да – екі тарапта да болады. Әрине, бұл жерде ол құқықтар
мен міндеттер тараптардың арасында тең бөлінеді деп айтуға болмайды,
себебі жүк беруші шарттың негізгі мақсатын ескере отырып, сақтаушыға
қарағанда дәстүрлі түрде біршама үлкен мүмкіндіктерді пайдаланады. Бірақ,
жүк берушіде кем дегенде екі міндет, атап айтсақ, сақтау шығындарын өтеу
бойынша және сақтауға тапсырылған затты алу бойынша міндеттер барлық
жағдайларда жүктеледі.
Сақтау шарты қызмет көрсетулер туралы шарттардың қатарына жатады,
алайда ол кейде күмән да туғызуы мүмкін [3:44]. Осы шарт түрлеріне жататын
басқа шарттардағы (экспедиция, тапсырма, комиссия, ақылы қызмет көрсету
т.б.) сияқты, сақтау шартында сақтаушы қызметіндегі пайдалы нәтиженің
заттық сипаты болмайды. Сақтау шартының пәні болып сақтаушының өзіне сеніп
тапсырылған мүлікті сақтауды қамтамасыз ету бойынша қызметінің өзі
танылады. Заттың тұтастығы мен оның тұтынушылық қасиеттерін сақтау сақтау
шартының пәні емес, мақсаты болып табылады. Сақтаушы аталған мақсатқа қол
жеткізуі үшін өзіне байланысты барлық шараларды қолға алуы тиіс, бірақ бұл
мақсатқа қол жетеді деген кепілдік бере алмайды. Басқаша болған жағдайда
мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну тәуекелі жүк берушіде
емес, сақтаушыда болар еді.
Сақтау шартының басқа азаматтық-құқықтық шарттармен ұқсастықтары бар
және сақтау шартын солардан ажырата білу керек. Аренда және ссуда
шарттарымен ұқсастығы – зат басқа тұлғаның уақытша иелігіне өтеді және шарт
мерзхімі аяқталған соң сақталған күйінде қайтарылуы керек. Олардың
арасындағы басты айырмашылық бұл шарттардың мақсаттарының әртүрлілігінде
жатыр. Егер сақтау бойынша зат жүк берушінің мүддесі үшін сақтаушыға заттың
сақталуын қамтамасыз ету мақсатында берілсе, аренда мен ссуда бойынша
қатынастар затты жалға алушының немесе ссуда алушының пайдалануы мақсатында
қалыптасады.
Сақтау шарты мен заем шарты арасындағы айырмашылықтар да сол негіздер
бойынша жүзеге асырылады. Бұның қажеттілігі сақтауға түрлік белгілерімен
айқындалатын, сонымен қатар басқа жүк берушілердің немесе сақтаушының
өзінің ұқсас заттарымен араласатын заттар берілген кезде туындайды. Екі
жағдайда да мүлікті қабылдаған тарапта нақ сол мүлікті емес, сол түрдегі
және сападағы заттың тең мөлшерін беру міндеті болады. Бірақ салыстырылып
отырған шарттар түрлі мақсаттарға бағытталған: сақтау шартында қызмет жүк
берушіге бағытталады, ал заем шартында мүдделі тұлға болып ең алдымен
борышқор танылады. Сондықтан, бірінші жағдайда ақылы шарт бойынша
көрсетілген қызмет үшін затты беруші, яғни жүк беруші төлесе, екінші
жағдайда – затты алушы, яғни заемшы төлейді. Сонымен қатар, сақтаушы мен
заемшы мүлікке түрлі құқықтарды алады: сақтаушы әдетте мүлікке билік ету
құқығына ие болмастан, заттың меншік иесінің немесе басқа да жүк берушінің
мүддесіне қарай іс жүзінде уақытша үстемдікті ғана жүзеге асырады, ал
заемшы мүліктің меншік иесіне айналады және, сәйкесінше, оны пайдалану мен
оған билік ету бойынша шектелмеген мүмкіндіктерге ие болады [4:606].
Сақтау шарты күзет қызметін жүзеге асыру шартына біршама жақын,
осыған байланысты кейде тәжірибеде оларды қателесіп бірдей деп жатады.
Шындығында да, бұл екі шарт, негізінен, бір мақсатқа жетуге, атап айтсақ,
мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталады. Бірақ бұл мақсат оларда
түрлі құралдармен қол жеткізіледі: бұл үшін сақтауда мүлік сақтаушының
иелігіне беріледі, ал күзет қызметін жүзеге асырған кезде мүлік меншік
иесінің иелігінен шықпайды. Мүлік иесі күзет қызметін жүзеге асыру үшін
мамандандырылған ұйымды тартады. Бұл ретте мүліктің меншік иесі мен күзет
ұйымының арасында туындайтын қатынастар сақтау туралы ережелермен емес, 33-
тарауда баяндалатын өтелмелі қызмет көрсету туралы нормалармен реттеледі.
Бұдан әрі де көптеген айырмашылықтарды келтіруге болады. Мысалы, ереже
бойынша, сақтауға тек қозғалатын мүлік қана беріледі, ал күзет қызметі тек
жылжымайтын мүлікке немесе жеке тұлғаларға қатысты жүзеге асырылады; күзет
қызметін жүзеге асырған кезде клиентке көптеген қосымша міндеттер мен
шектеулер жүктеледі; күзет қызметінің мақсаты әдетте мүлікті ұрланудан,
жойылудан немесе бүлінуден сақтауды қамтамасыз ету болып табылады т.б.
Сонымен бірге, сақтау шартын басқа азаматтық-құқықтық
міндеттемелердің құрамдас бөліктері болып табылатын мүліктің сақталуын
қамтамасыз ету бойынша міндеттерден ажырата білу керек. Атап айтсақ, бұндай
міндетті заң мердігерге, тасымалдаушыға, комиссионерге, және басқа да
міндеттемелердің қатысушыларына жүктейді. Бұл және осыларға ұқсас барлық
жағдайларда тараптардың өзара қарым-қатынастары сақтау шарты туралы
нормалармен емес, тиісті шарттар туралы ережелермен реттеледі.
Сақтау шартының түрлері. Азаматтық құқық теориясы дәстүрлі түрде
сақтау шартының бірнеше түрлерін ажыратады. Оларды оқып-тану заңмен
белгіленген сақтау туралы ережелердің табиғатын жақсырақ түсінуге септігін
тигізеді. Шарттың жекелеген түрлерін жан-жақты талдап жатпастан, сақтаудың
түрлерін бөлудің маңызды негіздерін көрсетумен шектелсем деп едім, себебі
оларға тоқталатын болсам, жұмыстың келесі тарауында міндетті түрде
қайталанатын болар едім. Ең алдымен заң қарапайым сақтау мен сақтаудың
арнайы түрлерін бөліп қарастырады. Сақтаудың қарапайым түрі сақтау туралы
жалпы ережелермен реттеледі, себебі бұл ережелер мүліктің жекелеген
түрлерін сақтау ерекшеліктеріне, сақтаудың түрлі негіздері мен шарттарына
қатысты сақтаушы мен жүк берушінің дәстүрлі қарым-қатынастарына
негізделген. Азаматтық кодекстің ережелеріне сәйкес, бұл жалпы ережелер
сақтаудың арнайы түрлеріне АК-пен және өзге де заңдармен өзгеше
белгіленбеген жағдайларда қолданылады. Сақтаудың жекелеген түрлеріне
мүлікті тауар қоймасында сақтау, ломбардта сақтау, банкте сақтау, көлік
ұйымдарының сақтау камераларында сақтау, ұйымдардың киімілгіштерінде
сақтау, сондай-ақ секвестр (даулы заттарды сақтау) жатады. Азаматтық
кодексте тікелей көрсетілген сақтаудың осы түрлерімен қатар, оларға
сақтаудың кейбір басқа түрлерін де, соның ішінде нотариалдық депозитті,
жеке тұлғаларға тиесілі мәдени құндылықтарды мұражай мекемелерінде сақтауды
да жатқызу керек. Сақтаудың аталған түрлерінің әрқайсысы сақтау бойынша
қызметтерді көрсететін тұлғалардың қызметінің спецификасынан туындайтын
өзіндік ерекшеліктері бар.
Сақтауға берілетін заттардың түріне байланысты регулярлы және
иррегулярлы сақтау шарттары қарастырылады. Регулярлы сақтау шарты бойынша
(латынша regulare – дәстүрлі, қалыпты) сақтауға жеке-дараланған зат немесе
түрлік белгілермен айқындалған зат беріледі, бұл ретте шарт мерзімі
аяқталған соң нақ сол мүліктің қайтарылатындығына кепілдік беріледі
(мысалы, бағалы қағаздардың нақ сол данасын беру, нақ сол ақша купюрасын
беру т.б.). Иррегулярлы (латынша irregulare – қалыпты емес, өзгеше, ерекше)
сақтау шарты басқа жүк берушілердің немесе сақтаушының нақ сондай түрлі
немесе нақ сондай сапалы заттарымен араласып кетуі мүмкін болатын мүлікке
қатысты жасалады. Жүк берушіге тек сол түрдегі және сол сападағы тең немесе
тараптар келіскен заттарды қайтаруға ғана кепілдік беріледі. Бұндай
шарттар, әдетте, мұнай базаларымен, элеваторлармен, көкөніс сақтаушылармен
т.б. жасалынады.
Сақтаушы ретінде кім болып отырғанын ескере отырып, кәсіби және
кәсіби емес сақтауды бөліп қарастыруға болады. Кәсіби сақтау ретінде сақтау
қызметін өзінің кәсіби қызметінің бір түрі ретінде жүзеге асыратын кез-
келген коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйым көрсететін сақтаудың
түрін танимыз. Егер де сақтау мндетін басқа коммерциялық емес ұйым немесе
жеке тұлға алатын болса, бұндай сақтауды біз кәсіби емес деп танимыз.
Бұндай бөліністің мәні мынада: кәсіби сақтаушыға заң кәсіби емес
сақтаушымен салыстырғанда қатаңырақ талаптар қояды, соның ішінде кәсіби
сақтаушының жүк беруші мүлкінің сақталуына қатысты жоғары жауапкершілік
көзделеді.
Сақтау шартының қандай жағдайларда жасалуына байланысты қарапайым
және төтенше шарттарды бөліп қарастыруға болады. Сақтаудың бірінші түрі
азаматтық айналымның қалыпты жағдайында жасалады және бұндай жағдайда жүк
беруші өзінің кіммен шарттық қатынастарға түсіп отырғандығын бағалау
мүмкіндігін иеленіп қана қоймайды, сонымен қатар осы қатынастарды тиісті
дәрежеде рәсімдеу мүмкіндігін де пайдаланады. Бірақ, кейде мүлікті сақтауға
тапсыру қажеттілігі кенеттен, төтенше жағдайларда туындауы мүмкін. Мысалы,
табиғи апат жағдайында, соғыс қимылдары кезінде, ауыруы жағдайында т.б. Бұл
жағдайларда меншік иесі өз мүлкін тіпті танымайтын тұлғаға, әрі шартты
жазбаша рәсімдеместен беруге мәжбүр болады. Бұндай шарттар ерте рим
құқығының өзінде ерекше топқа бөлінген еді (depositum miserabile – қайғылы
сақтау). Рим құқығы бұл жағдайда сақтаушыға мүліктің сақталуы үшін
жоғарылатылған жауапкершілікті жүктеген болатын [5:514]. Қазақстандық және
ресейлік азаматтық құқық бұндай шарттар үшін олардың жасалуы фактісін
дәлелдейтін куәларды тарту мүмкіндігі бөлігінде жеңілдік жасайды.
Аталғандармен қоса, шарттан туындайтын сақтаумен қатар, заң негізінде
туындайтын сақтау да бар. Әңгіме сақтау міндеттемесі заңда көрсетілген
жағдайлардың орын алуынан туындайтын жағдайлар туралы болап отыр.
Сақтаудың бұндай түрлерінің мысалы ретінде олжаны сақтау, мұралық мүлікті
сақтау, қараусыз жануарларды сақтау, тапсырыс берілмеген тауарды сақтау
т.б. бола алады. Сақтаудың бұндай түрлерін басқа азаматтық-құқықтық
міндеттемелердің құрамдас бөлігі болып табылатын мүлік сақтау бойынша
міндеттерімен шатастырмау керек және оларға сақтау шарты туралы ережелер,
егер заңда өзгеше белгіленбесе, қолданылады.
Сақтау шартының элементтері. Сақтау шартының тараптары болып сақтаушы
мен жүк беруші танылады. Жүк беруші ретінде кез-келген жеке немесе заңды
тұлға болуы мүмкін. Бұл ретте жүк беруші тапсырылатын заттың меншік иесі
болуы міндетті емес, кез-келген құзырлы тұлға (арендатор, тасымалдаушы,
мердігер т.б.) жүк беруші ретінде көріне алады. Кейбір жекелеген
жағдайларда мүлікті сақтауға тек белгілі бір тұлғалар ғана бере алады
(мысалы, тек сол қонақүйде тұрып жатқан азамат). Сақтаушы ретінде жеке
тұлғалар, сонымен қатар заңды тұлғалар көрінуі мүмкін. Бірақ оларға заң
белгілі бір талаптар қояды. Азаматтар үшін, ереже бойынша, толық әрекет
қабілеттілік қажет, себебі жартылай және шектеулі әрекет қабілетті тұлғалар
ұсақ тұрмыстық мәміле түсінігіне саятын сақтау шарттарын ғана жасаса алады.
Заңды тұлғаларға келетін болсақ, олардың кез-келгені, егер бұған олардың
құрылтай құжаттарында тікелей тыйым салынбаса, мүлікті сақтауға қабылдауға
құқылы. Сонымен бірге сақтау шартының жекелеген түрлерін жасау үшін
(мысалы, ломбардта сақтау) немесе мүліктердің жекелеген түрлерін сақтау
үшін (мысалы, радиоактивті заттарды сақтау) арнайы лицензияның болуы талап
етіледі.
Шарттың пәнін сақтау бойынша сақтаушының жүк берушіге көрсететін
қызметтері құрайды. Қызметтің өзінің объектісі болып кеңістікте орын
ауыстыруға қабілетті әртүрлі заттар көрінеді. Қозғалмайтын мүліктерге
қатысты сақтау шарты, заң құжаттарында тікелей көзделген жағдайларды
қоспағанда, әрине, жасалына алмайды. Бұндай ерекшелік ретінде секвестрді
атауға болады [1:790].
Жоғарыда атап көрсеткенімдей, сақтауға жеке-дараланған заттар да, сол
сияқты туыстас заттар да тапсырыла алады. Соңғы жағдайда сақтау кезінде
заттардың басқа жүк берушілердің немесе сақтаушының заттарымен араласып
кетуі мүмкін. Шарт мерзімі аяқталған кезде жүк берушіге оның өзі сақтауға
тапсырған заты емес, сондай түрі және сондай сападағы тең немесе тараптар
келіскен мөлшері қайтарылады.
Сақтаудың бұл түрін сараптаған кезде осы араласқан мүліктің меншік
иесі кім болады және оның кездейсоқ жойылуы бойынша тәуекелді кім көтереді
деген сұрақ туындайды. Қолданыстағы Азаматтық кодекс бұл сұрақтың тікелей
жауабын бермейді. Бірақ, сақтау шартының мүлікке меншік құқығын беруге
бағытталмағандығын ескере отырып, барлық жүк берушілер олардың сақтауға
тапсырған мүлкінің санына байланысты бұндай мүліктің меншік иелері ретінде
көрінеді деген ой түйіндеуімізге әбден болады. Олар, сәйкесінше, мүліктің
жойылу тәуекелін өздері атқарады, бірақ бұл жағдайдың үлкен тәжірибелік
мәні жоқ, себебі иррегулярлы сақтау негізінен кәсіби сақтаушылармен жүзеге
асырылады, ал олар өз кезегінде кінәға қарамастан, мүліктің сақталуына
жауап береді.
Сақтау шартында мерзім, ең алдымен, сақтаушы затты сақтауға міндетті
болатын уақыт кезеңін білдіреді. Сақтау шарты нақты бір мерзімге жасалынуы
мүмкін (мерзімді сақтау шарты), сол сияқты мерзім көрсетілмей, яғни жүк
беруші затты талап еткенге дейін де жасалынуы мүмкін (мерзімсіз сақтау
шарты). Бірақ мерзімді сақтау шарты бойынша да жүк беруші шартта көзделген
мерзім аяқталмаса да, кез-келген уақытта алып кете алады. Сақтау шартын,
егер жүк берушінің тарапынан шартты елеулі түрде бұзу орын алмаған болса,
сақтаушының бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзуға болмайды. Жүк беруші
жүкті талап еткенге дейін мерзімге жасалған сақтау шарты бойынша сақтаушы
осындай жағдайларда әдетте қолданылатын мерзім өткен соң бұл үшін ақылға
қонымды мерзім бере отырып, жүк берушіден затты қайтарып алуды талап етуге
құқылы.
Қарастырылған мерзімдермен қатар, сақтау шартында басқа да мерзімдер
болуы мүмкін. Осылайша, консенсуалды сақтау шарты үшін сақтаушы мүлікті
сақтауға алуға тиіс болатын кезді нақты айқындау үлкен маңызға ие болады.
Шартта көрсетілген мерзімде сақтаушы жүк берушіден затты қабылдаудан бас
тартатын болса, ол шартты бұзған деп есептеліп, бұл үшін жауапкершілікті
көтеруі тиіс. Шартта көзделген мерзімде мүлікті сақтауға тапсырмаған жүк
беруші де шартты бұзды деп есептеліп, егер заңмен немесе шартпен өзгеше
көзделмесе, сақтаушының алдында келтірілген залалдар үшін жауап береді.
Бірақ ол міндеттемені заттай орындауға, яғни затты сақтауға тапсыруға
міндетті емес, ал сақтаушының қызметінен бас тарту ақылға қонымды мерзімде
жасалған болса, ол сақтаушыда туындаған залалдарды өтеуден де босатылады.
Шарттың баға тәрізді элементі тек ақылы сақтау шарттарында ғана
болады. Сақтаушының қызметінің құны тараптардың келісімімен айқындалады,
бірақ өте жиі реттерді қызмет құны қолданыстағы тарифтер мен ставкалардың
негізінде белгіленеді. Егер шарт мерзімінің аяқталуынан кейін жүк беруші
сақтаудағы затты қайтарып алмаса, ол сақтаушыға затты одан әрі сақтау үшін
мөлшерлі ақысын төлеуге міндеттенеді. Бұл ереже сондай-ақ жүк беруші затты
шарт мерзімі аяқталғанға дейін алуға мәжбүр болғанда да қолданылады.
Тәжірибеде затты шартта көзделген мерзімнен тыс сақтағаны үшін жиі реттерде
жоғарылатылған төлемдер алынады.
Сақтау шартының нысаны сақтау шартының ерекшеліктерін ескере отырып,
мәмілелерді жасасу нысаны туралы Азаматтық кодекстің жалпы ережелеріне
бағынады.
Заңды тұлғалар бір-бірімен және азаматтармен жасасатын сақтау
шарттарымен бірге, төмендегі аталған шарттар да жазбаша нысанда жасалынуы
тиіс:
1. егер сақтауға тапсырылатын заттың құны заңмен белгіленген ең төменгі
жалақы мөлшерінен кем дегенде 10 есе асатын болса, азаматтар
арасындағы сақтау шарттары;
2. сақтауға тапсырылатын заттардың құнына және шартқа қатысушылардың
құрамына қарамастан, сақтаушының затты сақтауға қабылдау міндетін
көздейтін сақтау шарттары.
Сонымен бірге сақтау шартының жай жазбаша нысаны заттың сақтауға
қабылданғанын сақтаушы жүк берушіге төмендегідей куәландырса сақталған
болып есептеледі:
- сақтау туралы қолхат, түбіртек, куәлік немесе сақтаушы қол қойған
өзге де құжат;
- заттың сақтауға қабылданғандығын куәландыратын нөмірлік жетон
(нөмір) немесе басқа да белгілер, егер заттардың сақтауға
қабылданғандығын растаудың бұндай нысаны заңмен не басқа да құқықтық
актімен көзделген болса немесе сақтаудың бұл түрі үшін дәстүрлі
болса.
Сақтау шартының нысаны туралы заң талаптарын орындамаған жағдайда ҚР
Азаматтық кодексінің 153-бабымен көзделген салдарлар орын алады. Оған
сәйкес, мәміле жарамсыз болып қалмайды, бірақ дау туған жағдайда тараптарды
мәміленің жасалғандығын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлік айғақтармен
растау құқығынан айырады. Алайда тараптар мәміленің жасалғанын жазбаша
немесе өзге, куәгерлік айғақтардан басқа, дәлелдермен растауға құқылы
[1:153]. Бұл ережеден, алайда, маңызды мәселе туындайды: егер шарттың
жасалу фактісінің өзі дауланбай, тек сақтауға қабылданған затпен
сақтаушының қайтарған затының бір зат екендігі туралы дау туындаған болса,
шарттың жай жазбаша түрін сақтамау тараптарды куәгерлік айғақтарға сүйену
құқығынан айырмайды.
Зат сақтауға төтенше жағдайлар кезінде берілген болса, жоғарыда
аталған ережелер қолданылмайды. Табиғи апаттар, өрт, аяқ астынан ауыру,
басып алу қаупі жағдайларында сақтау шартының жазбаша түрін сақтау барлық
жағдайларда мүмкін бола бермейтіндігін ескеріп, заң затты сақтауға беру
фактісін дәлелдеу үшін куәлік айғақтарға жол береді. Сақтау аралас шарттың
элементі ретінде көрінуі мүмкін. Бұл ретте тараптардың келісімінен немесе
аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса, сақтау туралы 39-тараудың
ережелері қолданылады.
Мүлікті сақтау бойынша қатынастардың пайда болу негіздері ретінде
сондай-ақ заттың сақталуын қамтамасыз ету бағытынан басқа бағыттардағы
азаматтық құқықтық шарттардың жекелеген түрлері (сатып алу-сату,
мердігерлік, тасымалдау, комиссия т.б.) де бола алады. Бұндай жағдайларда
заттарды сақтау бойынша міндеттер дербес мәнге ие болмайды, сондықтан олар
тиісті шарттар туралы ережелермен реттеледі, оларға 39-тараудың ережелері
қолданылмайды. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 768-бабының
1-тармағында сақтау шартының түсінігі келтірілген: сақтау шарты бойынша бір

Анықтамадан көретініміздей, сақтау шарты нақты шарттардың категориясына
жатады. Яғни бұл шартты жасалған деп тану үшін оның елеулі талаптарын
келісуден басқа, сақтаушыға затты іс жүзінде беру қажеттігін білдіреді.
Аталған ереже жалпы сипатқа ие. Сонымен бірге сақтау шартының консенсуалды
сипатын да жоққа шығаруға болмайды. Бұндай шарт бойынша сақтаушы
келешектегі белгіленген мерзімдерде жүк берушіден затты алу міндетін
қарастырады. Бұндай шарт бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері шарт
жасалған кезден бастап пайда болады [2:385].
Заңнан тікелей туындайтындықтан, сақтауды өзінің кәсіби қызметінің
мақсаттарының бірі ретінде жүзеге асыратын коммерциялық немесе коммерциялық
емес ұйым (кәсіби сақтаушы) сақтаушы ретінде көрінетін шарт қана
консенсуалды сипатқа ие бола алады. Негізінен, сақтау шарты ақылы шарт
болып табылады. Азаматтық кодексте бұл туралы тікелей айтылмайды, бірақ
оның нормаларын жүйелі түрде талқылау арқылы осындай қорытындыға келуге
болады. Бірақ бұл көзқарасты барлық ғалымдар бірдей қолдай бермейді, алайда
нақ осы көзқарас талқыланып отырған мәселе бойынша заң шығарушының кеңес
дәуіріндегі қалыптасқан ескі ұстанымнан бас тартқандығын көрсетеді. Сонымен
қатар, тәжірибеде, әсіресе азаматтар арасындағы қатынастарда, сақтау
бойынша ақысыз қызмет көрсету өте кең тараған. Ал сақтау шарты өзара
сипатқа ие бола ма немесе біржақты шарт па деген мәселелерге қатысты
әдебиеттерде әуелден-ақ түрліше пікірлер қалыптасқан.
Сақтау шарты ең алдымен жүк берушінің мүдделеріне қарай жасалынса да,
бұл шарт бойынша құқықтар мен міндеттер, сақтау шарты ақысыз және нақты
болса да – екі тарапта да болады. Әрине, бұл жерде ол құқықтар мен
міндеттер тараптардың арасында тең бөлінеді деп айтуға болмайды, себебі
жүк беруші шарттың негізгі мақсатын ескере отырып, сақтаушыға қарағанда
дәстүрлі түрде біршама үлкен мүмкіндіктерді пайдаланады. Бірақ, жүк
берушіде кем дегенде екі міндет, атап айтсақ, сақтау шығындарын өтеу

жағдайларда жүктеледі. Сақтау шарты қызмет көрсетулер туралы
шарттардың қатарына жатады, алайда ол кейде күмән да туғызуы мүмкін [3:44].
Осы шарт түрлеріне жататын басқа шарттардағы (экспедиция, тапсырма,
комиссия, ақылы қызмет көрсету т.б.) сияқты, сақтау шартында сақтаушы
қызметіндегі пайдалы нәтиженің заттық сипаты болмайды.
Сақтау шартының пәні болып сақтаушының өзіне сеніп тапсырылған мүлікті
сақтауды қамтамасыз ету бойынша қызметінің өзі танылады. Заттың тұтастығы
мен оның тұтынушылық қасиеттерін сақтау сақтау шартының пәні емес, мақсаты
болып табылады. Сақтаушы аталған мақсатқа қол жеткізуі үшін өзіне
байланысты барлық шараларды қолға алуы тиіс, бірақ бұл мақсатқа қол жетеді
деген кепілдік бере алмайды. Басқаша болған жағдайда мүліктің кездейсоқ
жойылу немесе кездейсоқ бүліну тәуекелі жүк берушіде емес, сақтаушыда болар
еді.

қалыптасады. Сақтау шарты мен заем шарты арасындағы айырмашылықтар да сол
негіздер бойынша жүзеге асырылады. Бұның қажеттілігі сақтауға түрлік
белгілерімен айқындалатын, сонымен қатар басқа жүк берушілердің немесе
сақтаушының өзінің ұқсас заттарымен араласатын заттар берілген кезде
туындайды. Екі жағдайда да мүлікті қабылдаған тарапта нақ сол мүлікті емес,
сол түрдегі және сападағы заттың тең мөлшерін беру міндеті болады. Бірақ
салыстырылып отырған шарттар түрлі мақсаттарға бағытталған: сақтау шартында
қызмет жүк берушіге бағытталады, ал заем шартында мүдделі тұлға болып ең
алдымен борышқор танылады. Сондықтан, бірінші жағдайда ақылы шарт бойынша

оған билік ету бойынша шектелмеген мүмкіндіктерге ие болады [4:606]. Сақтау
шарты күзет қызметін жүзеге асыру шартына біршама жақын, осыған байланысты
кейде тәжірибеде оларды қателесіп бірдей деп жатады. Шындығында да, бұл екі
шарт, негізінен, бір мақсатқа жетуге, атап айтсақ, мүліктің сақталуын
қамтамасыз етуге бағытталады. Бірақ бұл мақсат оларда түрлі құралдармен қол
жеткізіледі: бұл үшін сақтауда мүлік сақтаушының иелігіне беріледі, ал
күзет қызметін жүзеге асырған кезде мүлік меншік иесінің иелігінен
шықпайды. Мүлік иесі күзет қызметін жүзеге асыру үшін мамандандырылған
ұйымды тартады. Бұл ретте мүліктің меншік иесі мен күзет ұйымының арасында
туындайтын қатынастар сақтау туралы ережелермен емес, 33-тарауда
баяндалатын өтелмелі қызмет көрсету туралы нормалармен реттеледі.
Бұдан әрі де көптеген айырмашылықтарды келтіруге болады. Мысалы,
ереже бойынша, сақтауға тек қозғалатын мүлік қана беріледі, ал күзет
қызметі тек жылжымайтын мүлікке немесе жеке тұлғаларға қатысты жүзеге
асырылады; күзет қызметін жүзеге асырған кезде клиентке көптеген қосымша
міндеттер мен шектеулер жүктеледі; күзет қызметінің мақсаты әдетте мүлікті
ұрланудан, жойылудан немесе бүлінуден сақтауды қамтамасыз ету болып
табылады т.б.

Азаматтық құқық теориясы дәстүрлі түрде сақтау шартының бірнеше
түрлерін ажыратады. Оларды оқып-тану заңмен белгіленген сақтау туралы
ережелердің табиғатын жақсырақ түсінуге септігін тигізеді. Шарттың
жекелеген түрлерін жан-жақты талдап жатпастан, сақтаудың түрлерін бөлудің
маңызды негіздерін көрсетумен шектелсем деп едім, себебі оларға тоқталатын
болсам, жұмыстың келесі тарауында міндетті түрде қайталанатын болар едім.
Ең алдымен заң қарапайым сақтау мен сақтаудың арнайы түрлерін бөліп
қарастырады. Сақтаудың қарапайым түрі сақтау туралы жалпы ережелермен
реттеледі, себебі бұл ережелер мүліктің жекелеген түрлерін сақтау
ерекшеліктеріне, сақтаудың түрлі негіздері мен шарттарына қатысты сақтаушы
мен жүк берушінің дәстүрлі қарым-қатынастарына негізделген. Азаматтық
кодекстің ережелеріне сәйкес, бұл жалпы ережелер сақтаудың арнайы түрлеріне
АК-пен және өзге де заңдармен өзгеше белгіленбеген жағдайларда қолданылады.
Сақтаудың жекелеген түрлеріне мүлікті тауар қоймасында сақтау, ломбардта
сақтау, банкте сақтау, көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау,
ұйымдардың киімілгіштерінде сақтау, сондай-ақ секвестр (даулы заттарды
сақтау) жатады. Азаматтық кодексте тікелей көрсетілген сақтаудың осы
түрлерімен қатар, оларға сақтаудың кейбір басқа түрлерін де, соның ішінде
нотариалдық депозитті, жеке тұлғаларға тиесілі мәдени құндылықтарды мұражай
мекемелерінде сақтауды да жатқызу керек. Сақтаудың аталған түрлерінің
әрқайсысы сақтау бойынша қызметтерді көрсететін тұлғалардың қызметінің
спецификасынан туындайтын өзіндік ерекшеліктері бар. Сақтауға берілетін
заттардың түріне байланысты регулярлы және иррегулярлы сақтау шарттары
қарастырылады. Регулярлы сақтау шарты бойынша (латынша regulare – дәстүрлі,
қалыпты) сақтауға жеке-дараланған зат немесе түрлік белгілермен айқындалған
зат беріледі, бұл ретте шарт мерзімі аяқталған соң нақ сол мүліктің
қайтарылатындығына кепілдік беріледі (мысалы, бағалы қағаздардың нақ сол
данасын беру, нақ сол ақша купюрасын беру т.б.). Иррегулярлы (латынша
irregulare – қалыпты емес, өзгеше, ерекше) сақтау шарты басқа жүк
берушілердің немесе сақтаушының нақ сондай түрлі немесе нақ сондай сапалы
заттарымен араласып кетуі мүмкін болатын мүлікке қатысты жасалады.
Жүк берушіге тек сол түрдегі және сол сападағы тең немесе тараптар
келіскен заттарды қайтаруға ғана кепілдік беріледі. Бұндай шарттар,
әдетте, мұнай базаларымен, элеваторлармен, көкөніс сақтаушылармен т.б.
жасалынады. Сақтаушы ретінде кім болып отырғанын ескере отырып, кәсіби және

түрін танимыз.
Егер де сақтау міндетін басқа коммерциялық емес ұйым немесе жеке
тұлға алатын болса, бұндай сақтауды біз кәсіби емес деп танимыз. Бұндай
бөліністің мәні мынада: кәсіби сақтаушыға заң кәсіби емес сақтаушымен
салыстырғанда қатаңырақ талаптар қояды, соның ішінде кәсіби сақтаушының жүк
беруші мүлкінің сақталуына қатысты жоғары жауапкершілік көзделеді. Сақтау
шартының қандай жағдайларда жасалуына байланысты қарапайым және төтенше
шарттарды бөліп қарастыруға болады. Сақтаудың бірінші түрі азаматтық
айналымның қалыпты жағдайында жасалады және бұндай жағдайда жүк беруші
өзінің кіммен шарттық қатынастарға түсіп отырғандығын бағалау мүмкіндігін
иеленіп қана қоймайды, сонымен қатар осы қатынастарды тиісті дәрежеде
рәсімдеу мүмкіндігін де пайдаланады. Бірақ, кейде мүлікті сақтауға тапсыру
қажеттілігі кенеттен, төтенше жағдайларда туындауы мүмкін. Мысалы, табиғи
апат жағдайында, соғыс қимылдары кезінде, ауыруы жағдайында т.б. Бұл

жоғарылатылған жауапкершілікті жүктеген болатын [5:514].
Қазақстандық және ресейлік азаматтық құқық бұндай шарттар үшін
олардың жасалуы фактісін дәлелдейтін куәларды тарту мүмкіндігі бөлігінде
жеңілдік жасайды. Аталғандармен қоса, шарттан туындайтын сақтаумен қатар,
заң негізінде туындайтын сақтау да бар. Әңгіме сақтау міндеттемесі заңда
көрсетілген жағдайлардың орын алуынан туындайтын жағдайлар туралы болап
отыр. Сақтаудың бұндай түрлерінің мысалы ретінде олжаны сақтау, мұралық
мүлікті сақтау, қараусыз жануарларды сақтау, тапсырыс берілмеген тауарды
сақтау т.б. бола алады. Сақтаудың бұндай түрлерін басқа азаматтық-құқықтық

Сақтау шартының тараптары болып сақтаушы мен жүк беруші танылады. Жүк
беруші ретінде кез-келген жеке немесе заңды тұлға болуы мүмкін. Бұл ретте
жүк беруші тапсырылатын заттың меншік иесі болуы міндетті емес, кез-келген
құзырлы тұлға (арендатор, тасымалдаушы, мердігер т.б.) жүк беруші ретінде
көріне алады. Кейбір жекелеген жағдайларда мүлікті сақтауға тек белгілі бір
тұлғалар ғана бере алады (мысалы, тек сол қонақүйде тұрып жатқан азамат).
Сақтаушы ретінде жеке тұлғалар, сонымен қатар заңды тұлғалар көрінуі
мүмкін. Бірақ оларға заң белгілі бір талаптар қояды. Азаматтар үшін, ереже
бойынша, толық әрекет қабілеттілік қажет, себебі жартылай және шектеулі
әрекет қабілетті тұлғалар ұсақ тұрмыстық мәміле түсінігіне саятын сақтау
шарттарын ғана жасаса алады.
Заңды тұлғаларға келетін болсақ, олардың кез-келгені, егер бұған
олардың құрылтай құжаттарында тікелей тыйым салынбаса, мүлікті сақтауға
қабылдауға құқылы. Сонымен бірге сақтау шартының жекелеген түрлерін жасау
үшін (мысалы, ломбардта сақтау) немесе мүліктердің жекелеген түрлерін
сақтау үшін (мысалы, радиоактивті заттарды сақтау) арнайы лицензияның болуы
талап етіледі. Шарттың пәнін сақтау бойынша сақтаушының жүк берушіге
көрсететін қызметтері құрайды. Қызметтің өзінің объектісі болып кеңістікте
орын ауыстыруға қабілетті әртүрлі заттар көрінеді. Қозғалмайтын мүліктерге

атауға болады (ҚР Азаматтық кодексінің 790-бабы).
Сақтауға жеке-дараланған заттар да, сол сияқты туыстас заттар да
тапсырыла алады. Соңғы жағдайда сақтау кезінде заттардың басқа жүк
берушілердің немесе сақтаушының заттарымен араласып кетуі мүмкін. Шарт
мерзімі аяқталған кезде жүк берушіге оның өзі сақтауға тапсырған заты емес,
сондай түрі және сондай сападағы тең немесе тараптар келіскен мөлшері
қайтарылады. Сақтаудың бұл түрін сараптаған кезде осы араласқан мүліктің
меншік иесі кім болады және оның кездейсоқ жойылуы бойынша тәуекелді кім
көтереді деген сұрақ туындайды. Қолданыстағы Азаматтық кодекс бұл сұрақтың
тікелей жауабын бермейді. Бірақ, сақтау шартының мүлікке меншік құқығын
беруге бағытталмағандығын ескере отырып, барлық жүк берушілер олардың
сақтауға тапсырған мүлкінің санына байланысты бұндай мүліктің меншік иелері
ретінде көрінеді деген ой түйіндеуімізге әбден болады. Олар, сәйкесінше,
мүліктің жойылу тәуекелін өздері атқарады, бірақ бұл жағдайдың үлкен
тәжірибелік мәні жоқ, себебі иррегулярлы сақтау негізінен кәсіби
сақтаушылармен жүзеге асырылады, ал олар өз кезегінде кінәға қарамастан,
мүліктің сақталуына жауап береді. Сақтау шартында мерзім, ең алдымен,
сақтаушы затты сақтауға міндетті болатын уақыт кезеңін білдіреді. Сақтау
шарты нақты бір мерзімге жасалынуы мүмкін (мерзімді сақтау шарты), сол
сияқты мерзім көрсетілмей, яғни жүк беруші затты талап еткенге дейін де
жасалынуы мүмкін (мерзімсіз сақтау шарты). Бірақ мерзімді сақтау шарты
бойынша да жүк беруші шартта көзделген мерзім аяқталмаса да, кез-келген
уақытта алып кете алады.
Сақтау шартын, егер жүк берушінің тарапынан шартты елеулі түрде бұзу
орын алмаған болса, сақтаушының бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзуға
болмайды. Жүк беруші жүкті талап еткенге дейін мерзімге жасалған сақтау
шарты бойынша сақтаушы осындай жағдайларда әдетте қолданылатын мерзім өткен
соң бұл үшін ақылға қонымды мерзім бере отырып, жүк берушіден затты
қайтарып алуды талап етуге құқылы. Қарастырылған мерзімдермен қатар, сақтау
шартында басқа да мерзімдер болуы мүмкін. Осылайша, консенсуалды сақтау
шарты үшін сақтаушы мүлікті сақтауға алуға тиіс болатын кезді нақты
айқындау үлкен маңызға ие болады. Шартта көрсетілген мерзімде сақтаушы жүк
берушіден затты қабылдаудан бас тартатын болса, ол шартты бұзған деп
есептеліп, бұл үшін жауапкершілікті көтеруі тиіс.
Шартта көзделген мерзімде мүлікті сақтауға тапсырмаған жүк беруші де
шартты бұзды деп есептеліп, егер заңмен немесе шартпен өзгеше көзделмесе,
сақтаушының алдында келтірілген залалдар үшін жауап береді. Бірақ ол
міндеттемені заттай орындауға, яғни затты сақтауға тапсыруға міндетті емес,
ал сақтаушының қызметінен бас тарту ақылға қонымды мерзімде жасалған
болса, ол сақтаушыда туындаған залалдарды өтеуден де босатылады.

негізінде белгіленеді [9:337]. Егер шарт мерзімінің аяқталуынан кейін жүк
беруші сақтаудағы затты қайтарып алмаса, ол сақтаушыға затты одан әрі
сақтау үшін мөлшерлі ақысын төлеуге міндеттенеді. Бұл ереже сондай-ақ жүк
беруші затты шарт мерзімі аяқталғанға дейін алуға мәжбүр болғанда да
қолданылады. Тәжірибеде затты шартта көзделген мерзімнен тыс сақтағаны үшін
жиі реттерде жоғарылатылған төлемдер алынады.

шарттарымен бірге, егер сақтауға тапсырылатын заттың құны заңмен
белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем дегенде 10 есе асатын болса,
азаматтар арасындағы сақтау шарттары, сақтауға тапсырылатын заттардың
құнына және шартқа қатысушылардың құрамына қарамастан, сақтаушының затты
сақтауға қабылдау міндетін көздейтін сақтау шарттары жазбаша нысанда
жасалынуы тиіс.
Сонымен бірге заттың сақтауға қабылданғанын сақтаушы жүк берушіге
сақтау туралы қолхат, түбіртек, куәлік немесе сақтаушы қол қойған өзге де
құжат, заттың сақтауға қабылданғандығын куәландыратын нөмірлік жетон
(нөмір) немесе басқа да белгілер, егер заттардың сақтауға қабылданғандығын
растаудың бұндай нысаны заңмен не басқа да құқықтық актімен көзделген болса
немесе сақтаудың бұл түрі үшін дәстүрлі болса, сақтау шартының жай
жазбаша нысаны сақталған болып есептеледі

құқығынан айырмайды. Зат сақтауға төтенше жағдайлар кезінде берілген болса,
жоғарыда аталған ережелер қолданылмайды. Табиғи апаттар, өрт, аяқ астынан
ауыру, басып алу қаупі жағдайларында сақтау шартының жазбаша түрін сақтау
барлық жағдайларда мүмкін бола бермейтіндігін ескеріп, заң затты сақтауға
беру фактісін дәлелдеу үшін куәлік айғақтарға жол береді.
2. Сақтау шартының мазмұны
Сақтау шартының мазмұнын оның талаптарының жиынтығы құрайды, ол
талаптардың арасында шарттың нысаны туралы талапқа ерекше мән беріледі.
Сақтау шартының нысаны – жүк беруші тапсырған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz