Әкімшілік құқықтың субьектілері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Студенттің өзіндік жұмысы
Ф 11.01-2020
1-баспа 25.06.2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

___________________________________ ________________________________фак ультеті

___________________________________ _____________________кафедрасы

КУРСТЫҚ Жұмыс

___________________________________ _____________________________пәні бойынша

Тақырыбы: Әкімшілік-құқықтық нормалар мен қатнастар

Білімгер: ______________________ Тобы________ ____ _________________
аты-жөні қолы
Жетекші____________________________ _____ ________________________
қызметі аты-жөні
Қорғауға жіберілді ____________________20____ж. __ ___________________
қолы

Жұмыс қорғалды _________________20__ж. бағасы __________________
жазбаша
Комиссия мүшелері: _________________________ __ ____________________
аты-жөні қолы

______________________________ ___ _________________
аты-жөні қолы

Тараз 20___
Студенттің өзіндік жұмысы
Ф 11.01-2020
1-баспа 25.06.2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
___________________________________ ________________________________ кафедрасы
__________тобының білімгеріне ______________________________курст ық жоба (жұмыс)
аты-жөні
ТАПСЫРМА
___________________________________ _______________________________ пән бойынша
1. Тақырыбы___________________________________ __________________________________
2. Тапсырманың арнайы нұсқауы ___________________________________ ________________
___________________________________ _____________________________________________
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула - ры (жұмыстары)
Орындау кестесі

Көлемі, %
Орындау уақыты

4. Графикалық материалдарының тізімі (сызулардың масштабы келтіріледі)

5. Жобаның (жұмысты) жинақтау мерзімі

6. Қорғау

Кафедра мәжілісінде бекітілген ___________________20___ ж. хаттама № ______
Жетекшісі:______________________ __ _______________ ___________________ ______
қызметі қолы аты-жөні
Тапсырманы орындауға қабылдадым _______________20___ж. ____________________

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. ӘКІМШІЛІК - ҚҰҚЫҚ ТҮСІНІГІ, НОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Әкімшілік құқықтың түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Әкімшілік - құқықтық нормар ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..9
1.3 Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

2. ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ ... ... .12
2.1 Әкімшілік-құқықтық қатынастардың ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 12
2.2 Әкімшілік-құқықтык қатынастардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.3 Әкімшілік құқықтың субьектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .22

КІРІСПЕ

Әкімшілік-құқықтық нормалар - бұл мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін мінез-құлықтың мемлекет белгілеген жалпыға міндетті ережелері. Әкімшілік құқықтық нормалармен тиісті мінез-құлықтың белгілі бір нұсқасы беріледі, яғни нормаларда көзделінген шарттарды сақтау кезінде ерік беріледі (рұқсат етіледі), яғни белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салынады. Әкімшілік-құқықтық нормалар, негізінен, атқарушы өкімет органдарының ұйымдастырылуын және қызметін реттеуге есептелінген. Олар осы органдардың құрылымын, олардың билігінің өкілетті көлемін, қызмет тәртібін т.б. белгілейді. Әкімшілік-құқықтық нормалары, сондай-ақ әкімшілік құқықтық қатынастардың басқа да субъектілеріне бағытталған (азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге басқаларға) тәртіп ережелерінен тұрады. Әкімшілік-құқықтық нормалардың көп түрлілігіне бөліп қарайды. Материалдық және іс жүргізушілік әкімшлік-құқықтың нормаларды мазмұны бойынша айырады. Материалдық нормалар азаматтардың, атқарушы өкімет органдарының басқалардың әкімшілік құқықтық жағдайын бекітеді (құқық субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, мемлекет органдарының мәртебесі). Іс жүргізушілік нормалары әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық міндеттемелерді іске асыру тәртібін, сондай-ақ үкіметтің атқарушы органдарының нормативтік актілерді шығару рәсімін белгілейді. Құқық субъектілерінің тәртібіне ықпал ету әдістемелері бойынша міндеттейтін, тыйым салатын және уәкілдендіретін әкімшілік құқықтық нормаларға бөледі. Міндеттеуші нормалар субъектіге белгілі бір әрекет жасау міндетін қояды.
Мысалы, қызметкерді жұмыска қабылдау кезінде мемлекеттік органның басшысы бұйрық шығаруға міндетті. Тыйым салушы нормалар құқық субъектісіне не ана, не мына әрекеттерді жасауға тыйым салудан тұрады. Мысалы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс әкімшілік құқық бұзушылық белгілеріне жататын әрекеттер жасауға тыйым салулардан құралған.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар - бұл әкімшілік құқықтың нормаларымен ретке келтірілетін мемлекет басқару өрісіндегі қоғамдық қатынастар.
Өз кызметі процесінде атқрушы билік органдары мүдделері бірдей болмайтын көпшілік субъектілермен әрекеттеседі. Осы субъектілер қатынастары әкімшілік құқықтың пәні болғаны ұшін, олардың жалпы жүріс-тұрысының ережелерін, соларды қолдану тәртібін, сондай-ақ қатынастардың үйлескен жүйесін табу мақсатқа сәйкес.

Табиғи талап, қатынастардың екі тарапы да әкімшілік құқықтың субъектілері болып, заң алдында тең болуы және оның талаптарын орындауы тиіс.
Әкімшілік құқық субъектілерінің жалпы императивтік (сөзсіз,үзілді-кесілді) жүріс-тұрыс ережелерін орнатуда және қамтамасыз етуде , заң нормаларымен бекітілген құқықтық қатынастардың тұрақтылығында мұқтаждық әкімшілік құқық қатынастарының өктем табиғатына себепші болады.
Солай етіп,әкімшілік-құқықтық қатынастардың өктем табиғатына субъектілердің әр түрлі мүдделері мен мұқтаждықтарын реттеу қажеттілігі себепші болады. Мысал, жалпы міндетті жол әрекет қағидаларын енгізу өмірдің талабы десек болады, өйткені оларды жеке адамдар арасында жасалатын келісімдер арқылы орнатудың мүмкіндігі жоқ.
Субъектілердің заң алдында теңдігіне карамастан, заңды орындауға бағытталған әкімшілік - құқықтық қатынастар пайда болуының бастамашысы болып басқару органдар немесе қарау сипаттағы өкілеттіктерге ие лауазымды адамдар тұрады. Дегенмен, әкімшілік бақылаудың қағидалары осы жөндегі қатынастардың екі тарапына да бірдей тиесілі: олар бақылаудагы адаммен де, олардың сакталуын қадағалаушы полиция қызметкерімен де орындалуы тиіс.
Әкімшілк-құқықтық қатынастардың нормаларын бұзу мемлекет алдындағы жауапкершілікке әкеп соғады, ал туындайтын тартысулар мен басқа мәселелердің шешілуі , әдетте, әкімшілік тәртіппен жүзеге асырылады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі уақыттағы Қазақстандағы әкімшілік-құқықтық нормалар мен қатынастардың құрлымын қарастыру және талдау жасау болып табылады. Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
Әкімшілік құқықтық нормалар ұғымына сипаттама беру;
Әкімшілік құқықтық қатынастың ұғымына сипаттама беру;
Әкімшілік құқық қатынастарының құрылымына талдама жұмыстарын жүргізу;
Әкімшілік-құқықтық нормалар мен қатынастардың түрлері мен субъектілеріне жалпылама сипат беріп, тоқталу болып табылады.
Курстық жұмыстың объектісі - әкімшілік құқықтық қатынастары және оның субъектілері болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталмыш тақырыпқа жазылған курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ӘКІМШІЛІК - ҚҰҚЫҚ ТҮСІНІГІ, НОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1 Әкімшілік құқықтың түсінігі

Әкімшілік құқық -- Казақстан Республикасы кұкык жүйесінің ең үлкен және күрделі салаларының бірі. Ол коғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің басқару қызметінің процесінде пайдаланатын және мемлекеттік аппараттың тәртіптеелген бірізділік жұмысын қамтамасыз ететін аса маңызды тәсілдердің бірі больш табылады.
Қоғам өмірінің аса манызды жақтарын кұкықтык реттеу қандай да болмасын мемлекеттің ажыратылмас элементі екеңдігі ежелден белгілі. Мемлекет әкімшілік-құқыктық нормалар арқылы өзінің өкілетті органдары атынан қоғамның қажеттерін қанағаттандыру және де азаматтарының өміріне қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету үшін экономикалық және әлеуметтік-мемлекеттік мәні бар аса маңызды ұйымдық шараларды жүзеге асырып отырады.
Мемлекеттік басқаруды жетілдіруде, оньң тиімділігін және мелекеттік органдардың қабыддаған шешімдері үшін азаматардың алдындағы жауапкершіліктерін арттыруды әкімшілік құқық маңызды құрал рөлін атқарады. Оның көмегімен қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарының басым көпшілігін қамтитын мелекеттік басқару саласында Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуы қамтамасыз етіледі. Әкімшілік құкық азаматгардың мемлекетті басқаруға қатысуларыньң құкыктық және ұйымдық нысандарын бекітеді, Өкілетті органдар мен лауазымды адамдар үшін де, сондай-ақ қатардағы азаматтар үшін де тиісті мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережелерін тағайындайды. Оның көмегімен Казақстан Республикасында қүкыктык мемлекет құрудың міндеті шешіледі, және әкімшілік- құқықтық қатынастарға барлық қатынасушылардың құқұтық мәдениеті қалыптасады.
Әкімшілік қүкық нормалары экономика саласында (өнер-кәсіп, күрделі құрылыс, ауыл шаруашылығы мен аграөнеркәсіп комплексі, көлік пен байланыс, коршаған табиғи орта мен табиғи ресурстар, сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, халыкқа тұрмыстык кызмет көрсету), әлеуметтік-мәдениеттік құрылыс (білім, денсаулык сактау, мәдениет, ғылым, әлеуметтік қорғау, дене тәрбиесі және спорт), әкімшілік-саяси қурылыс (корғаныс, ұлттық қауіпсіздік, сыртқы істер, әділет, ішкі істер) саласында мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруға байланысты пайда болатын басқару катынастарының үлкен комплексін, тобын реттейді.
Қазіргі кезендегі әкімшілік құкықтың негізгі проблемаларьңың бірі - өкіметтін орталық органдары мен жергілікті органдарының арасындағы біріне-бірінің бағыныстылығы мен өзара бірлесіп іс-кимыл жасаудың жаңа қатынастарын кұру проблемасы болып отыр.
Бұл проблеманың маңыздылығы және оны шешудін түбегейлі нақтылы жолдары Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халкына Қазакстан - 2030 жолдауында тұжырымдалып, ерекше атап айтылған.
Құқық корғау мәніндегі әкімшілік құралдардьщ, яғнн мемлекеттік басқару саласьшдағы зандылық пен тәртіптілікті сақтауға жасалатьн бақылау-қадағалау қызметінін маңызы арта түсуде.
Прогрессивтік кайта күру барысында қабыдданған зандардын барлығы бірдей және барлық жерде түгелдей орындала бермейтіндігі, оларды теріс пайдаланушылыктың кездесетінін де, мемлекеттік аппаратқа терең тамыр жайған құқықтык мойынұсынбаушылык сияқты кеселдер айтарлықтай нұксан келтіруде.
Қазіргі кезде ең бір қауіпті құбылыс - бұл қоғамдык өмірдің барлық салаларына барған сайын дендеп еңе бастаған сыбайлас жемқорлық. Ол қоғамнын барлық салаларына, мемлекеттімң конституциялық негіздеріне катер төңдіреді.
Сондықтан мемлекеттж баскару қызметінде жағымсыз факторларды жою және билік пұрсаты мен кызмет бабын теріс пайдаланудан сақтандыру жөнінде соңғы жыддары қабылданған қүкыктық актілердің, оның ішінде, Қазақстан Республикасының қылмыстык кодексінің, Ұлттық қауіпсіздік ту ралы. Сыбайлас жемқорлыкка қарсы күрес туралы зандардын ерекше маңызы бар.
Казіргі кезендегі ғылымда Әкімшілік құкық терминінің әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. Мысалы, оқулык әдебиеттерде әкімшілік құқық - тиісті мемлекеттің құкық жүйесінің дербес саласы деп айтылған, ал жалпы түрде әкімшілік құкықты - басқару құқығы деп айтуға болады делінген.
Энциклопедиялық сөздік Әкімшшк құқык деген терминді мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдык катынастарды ретейтін құқык саласы деп атаған. Оның нормалары басқару апаратының ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібін, лауазымды адамдар мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Заң энциклопедиясы әкімшілік құқықтың (ағылшынша adminis trative faw) ұғымын мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру және оның атқару-өкім ету қызметінін процесінде пайда болатьін қоғамдык катынастарды реттейтін құкық саласы ретінде аныктаған.
Сонымен, әкімшілік құқықты сипаттайтын аса маңызды белгілері мына төмендегідей:
біріншіден, әкімшілік құқык - құкықтың дербес саласы;
екіншіден, ол мемлекеттік басқару саласында қалыптасатын
коғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылады;
үшіншіден, әкімшілік күкыктың негізгі мазмұны Қазақстан Республикасы мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының лауазымды адамдарының және азаматтарының басқару қызметі болып табылады.
Әкімшілік құқық мемлекеттік басқару саласында пайда болатын (қалыптасатын), дамитын және тоқталатын коғамдык, қатынастарды ғана реттеуге арналған.
Барлық осы тәрізді қоғамдық қатынастар қалай болғанда да мемлекеттік баскару органдарың, яғни атқарушы органдардың аткарушылык-өкім етушілік кызметін жүзеге асыру процесімен байланысты.
Әкімшілік құқық экономикалық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси құрьлысқа басшылық жасау туралы мемлекеттік басқарудың міндеттерін жүзеге асыруға байланысты Қоғамдық қатьнастардың белгілі бір тобына ғана ерекше көңіл аудара отырьш, арнайы бағыттау арқылы өзінің реттеушілік ықпалын тигізеді. Сонымен бірге бұл қоғамдык катынастар мемлекеттік басқару органдарының басқару функцияларын жүзеге асыру барысында пайда болады.
Сонымен, әкімшілік құқықтың пәнін шын мәнісінде басқарушылық қогамдық қатынастар құрайды.
Реттелінетін қатынастардың барлық қатысушылары үшін занды түрде міндетті болып табылатын әкімшілік құкык нормаларында бекітілген мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережелерін тағайындау жолымен мемлекеттік басқару сатасындағы қоғамдық катынастарды құкықтық реттеу жүзеге асырылады. Мемлекет осындай ережелерді тағайындай отырып, шын мәнінде, баскару функцияларын жүзеге асырудың және осыған байланысты пайда болатын қатынастардың құқықтық тәртібін орнатады.
Нақтылы қоғамдық катынас басқарушьшык болып табылады, сондықтан да мына төмендегі жағдайларда әкімшілік құқықтың реттеу ыкпалына тап болады. Біріншіден, оған мемлекеттік баскарудың тиісті органы (лауазымды адамы) міндетті түрде қатысқан жағдайда. Екіншіден, бүл орган басқару қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттің өзіне берген уәкілдігін нақтылы іске асырған жағдайда.
Мемлекеттің атқарушы органдары қатысушы болатын кез келген коғамдық қатынастардың бәрі бірдей басқарушылық болып табылмайтынын айту керек. Бұл органдар құқықтың басқа салаларьшың нормаларымен реттелінетін іс-қимылдарды атқара алады. Мысалы, олар мүліктік мәмілелер жасай алады. Бүл сияқты іс-қимылдар азаматгық құқық нормаларымен реттеледі. Олар осы органдардың қалыпты жұмыс істеуін камтамасыз ету үшін шаруашылык және қаржылық қызмет аткарады және өзінің мәні бойынша баскарушылык болып табылмайтын басқа жұмыспен айналысады.
Сонымен, тиісті орган атқарушы-өкім етуші кызметті тек нақтылы жүзеге асырған кезде ғана осы сияқты шын мәніндегі басқарушылық болып табылатын қоғамдык қатынастар пайда болады, сондықтан да әкімшілік- құқыктық реттеуге жатады. Мемлекеттік басқару тәжірибесі мына төмендегі коғамдык қатынастарды баскарушылықтың қатарына жатқызуға болатындығын дәлелдеп отыр:
а) мемлекетгің атқарушы органдарының арасындағы олардың иерархиялық (сатылық) бағынысты тәртібі бойынша қатынастар.
Мысалы, Қазакстан Республикасы Үкіметі мен салалык министрліктердің, олардын аймақтық органдарының, мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың арасындағы өзара қарым-қатынастар.
б) біріне-бірі бағынысты емес әртүрлі мемлекеттік баскару органдарының арасындағы қатынастар. Мысалы, зан жүзінде тең құқылы Кдзакстан Республикасының екі министрлігінің, тен құкылы жергілікті аткару органдарының және баскалардың арасындағы катынастар;
в) мемлекеттік баскару органдарының, және оларға бағынысты мемлекетгік кәсіпорындар мен ұйымдардың арасындағы қатынастар. Мысалы, Қазакстан темір жолымен оның бағынысьндағы еншілес мемлекеттік кәсіпорындардың арасындағы қатынастар;
г) мемлекеттік баскару органдарымен және әртүрлі мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың; акционерлік қоғамдардың, шаруашылык серіктестіктердің және басқалардың арасындағы катынастар;
д) мемлекеттік басқару органдарымен және қоғамдык бірлестіктердің арасындағы қатынастар;
е) мемлекетгік баскару органдарымен және Кдзакстан Республикасы азаматтарының арасындағы катынастар; Мысалы, кала әкімшілігі мен шағым берген азаматтың арасындағы қатынас.
Барлық аталған және Қазақстанда реформа кезеңінде пайда болуы мүмкін баскадай коғамдық қатынастарға мемлекеттік басқару органы міндетті түрде қатысады. Мемлекеттің атынан өкілдік ететін және оның еркін білдіретін ондай органның катысуынсыз баскарушылық қоғамдык катынастар пайда болуы мүмкін емес. Сол себепті екі азаматтың арасындағы катынастарды басқарушылық деп айтуға болмайды, өйткені олардың ешқайсысына басқа біреуіне катысты биліктік өкілеттілік беріл-меген.
Занды тұлғалар мен адамдардың арасындағы шарттық катынастар да өздерінің мәні бойынша баскарушылық болып саналмайды және көпшілігінде олардың негізіне мүліктік, жер туралы, қаржылық және басқа катынастар жатады.
Баскару органы да, мемлекеттік (мемлекетгік емес) кәсіпорын да, мекеме мен ұйымда, сондай-ақазаматта басқару катынастарының екінші тарабы болуы мүмкін, бұл баскарушылық қоғамдық катынастар пайда болатын жағдайларға толығынан сәйкес келеді.
1.2 Әкімшілік - құқықтық нормар ұғымы

Басқа құқық салалары сияқты, әкімшілік құқық та заңды нормалардан тұрады. Жалпы пән мен әдістерді біріктіру нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормалар институты құрылып, осы негізде толық бекітілген салааралық жүйе калыптасады. Әкімшілік норма түсінігі негізінен мынадай мағынада қолданылады:
1) заңды ережелермен басқару.
2) жариялық мүдде негізінде бекітілген ережелер арқылы басқару-
Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық, халық билікті тікелей республикалык референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. (ҚР Конституциясы 3-бап, 1,2 - тармақ). Әдебиетте билік түсінігініц мәні - құқық негізінде өз еркін басқа субъектілер арқылы орындату. Ертеде әкімшілік құқықтық нормалар жалпы міндеттеуші сипатта болып, билікті белгілі бір орталықтан басқару керек деген пікірге келді, себебі мемлекет қызметі біртұтас жүйе деп саналды. Атқарушы биліктің институттарын құруда белгілі бір мақсатқа жету үшін әкімшілік құқықтық нормалар көмегімен модельді ситуациялар туындайды. Яғни:
- субъектілердің құқықтары мен кепілдіктерін құқық көмегімен бекіту мен дамытуды талап ету;
- өркенниетті нысанда даулы конфликтілерді шешу негізінде билік құрылымын күшейту (мысалы, соттық реформаны жүргізу барысында сот ролі мен ықпалын күшейту).
Әкімшілік құқық нормалары атқарушылық билікті жүзеге асырудың күрделі процесстерімен байланыста болады. Биліктің шоғырланған сипаты билік пен бағыныштылық арасындағы қатынастан көрініс табады. ҚР Конституциясын сәйкес биліктің бірден бір көзі халық болып табылады, ол билікті тікелей өз өкілдері немесе арнайы құрылған органдар арқылы жүзеге асырады. Әкімшілік құқықтық нормасы - мемлекеттік басқару аясындағы қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметті жүзеге асыру процесінде пайда болатын басқару сипаты бар қатынастарды реттейтін Қазақстан құқығының нормасы. Әкімшілік құқық нормасының белгілері:
* Заңдық нормалардың бір түрі; oo Мемлекеттік - билік сипаты бар; oo өкілетті субъектілер қабылдайды; oo формалды белгіленгендігі;
* құрылымдық құрылуы; oo жалпы міндетті болуы;
* мемлекеттік басқару аясындағы (атқарушы билік механизмінің қызмет атқару аясындағы) қатынастарды және өзге де аялардағы басқару сипаты бар қатынастарды реттейді;
* мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етіледі. Әкімшілік құқықтық нормалардың құрылымы мыналар:
* Диспозиция - тиісті мінез- құлықтың ережесі бар норманың бөлігі, әкімшілік құқық субъектілері соны қолдануы керек.
* Гипотеза - нақты шарттарды көрсететін норманың бөлігі, солар болғанда норма әрекет етеді. oo Санкция - диспозицияны бұзғанның нәтижесінде пайда болатын жағымсыз салдарларды көрсететін нормалардың бөлігі.
Әкімшілік құқық нормаларының түрлері:
1. Реттейтін пәні бойынша-материялдық, процессуалдық болып бөлінеді;
2. Құқықтық функциялары бойынша - реттейтін, қорғайтын болып бөлінеді;
3. Нұсқаманың мазмұны бойынша - міндеттейтін, тиым салатын, уәкілдік ететін болып бөлінеді.
4. Кеңістікте қолданылуы бойынша - республикалық, аймақтық, әкімшілік аумақтық бөліністік болып бөлінеді.
5. Тұлғалар тобы бойынша - жалпы күші бар, арнайы болып бөлінеді.
Әкімшілік-құқықтық нормалар дегеніміз -- міндетті немесе кейде ерікті түрде мемлекеттік басқару органдарымен қабылданган, ( яғни. атқарушы және заңды) атқарушы билік саласында қоғамдық қатынастарды реттеуші ереже.

1.3 Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері

Әкімшілік құқық нормалары белгілі бір критерияларға байланысты жіктеліп (классификацияланып), бірнеше түрлерге бөлінеді.
Әкімшілік құқық нормаларының ең күрделі түсінігі, яғни мәні мен мазмұнын ашатын негізгі
критерилер мыналар:
а) мазмұны;
б) субъектілердің мінез-құлқына әсер ететін әдістер;
в) белгілі бір мақсатты тағайындау;
г) белгілі бір ортада қолданылуы;
д) заңды күші;
г) қолданылу шегі (белгілі бір аймаққа, уақытқа, субъектілер тобына қолданылуы).
Әкімшілік құқық нормалары мазмұны бойынша:
1. материалдық (қаржылық) нормалар
2. процессуалды болып екіге бөлінеді.
Материалдық нормалар - азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін, атқарушы билік органы мен ұйымдарды біріктіретін ережелер. Мысалы: атқарушы билік органдары субъектілерінің қоғамға, тұлғаларға көрсететін заңды түрдегі құзіреті.
Процессуалды нормалар - мемлекетпен бекітіліп, санкцияланған материалдық нормаларды жүзеге асыру барысында және мемлекепік басқару органдарының жаңа императивті актілерді шығарумен сипатталады. Процессуалды нормалардың материалдық нормалардан айырмашылығы:
а) өзінің тағайындалуымен, яғни материалдық нормалар субъектілерінің әкімшілік-кұқықтық мәртебесін тағайындаса, ал проссуалдық нормалар олардың орындалуы мен міндеттелуін заңды түрде жүзеге асырады;
б) талап ету, яғни процессуалды нормалар, ең алдымен материалдық нормалардың орындалуын талап етеді;
в) іске асыру, ягни әкімшілік-құқықтық материалдық нормалардың қабылдануын, олардың жүзеге асырылуын талап ету арқылы іске асыру.
Процсссуалды нормалар материалдық нормалар сияқты классификациялау дәрежесіне байланысты жіктеледі. Мысалы: заңды күшіне байланысты, белгілі бір ортаға, яғни салаға байланысты және т.б.
Субъектілердің мінез-құлқына әсер ететін әдістер:
1. міндеттеуші;
2. тыйым салушы ;
3. өкілдік беруші әкімшілік-құқықтық нормалар болып бөлінеді.
1. Міндеттеуші әкімшілік-кұқықтық нормалар - тұлғаның белгілі бір ережелердің орындалуын міндеттеп, талап етуі.

2. ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Әкімшілік-құқықтық қатынастардың ұғымы

Әкімшілік-құқықтық қатынастар - бұл мемлекеттік басқару аясында калыптасатын және әкімшілік-құқық нормалары арқылы реттеліп отыратын қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастарға қатысушыларға белгілі бір құқықтар мен міндеттер беріледі және олар құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Атқарушы билік органдары, мемлекеттік қызметкерлер, қогамдық бірлестіктер, кәсіпорындары, мекемелер мен азаматтар әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Құқық субъектілерінің арасында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқықтың сала және ғылым ретіндегі даму тарихы
Халықаралық құқық қайнар көздері
Басқарудың әкімшілік құқықтық нысандары және әдістері
Әкімшілік құқықтың пәні және жүйесі
Әкімшілік құқықтың пәні
Әкімшілік құқықтың пәнінен дәрістер
Әкімшілік құқықтық қатынастары
Әкімшілік құқықтық нормалар ұғымы
Әкімшілік құқықтық қатынастар туралы ақпарат
Әкімшілік құқық ғылым және құқық саласы ретінде
Пәндер