Табиғи апаттардың көздері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КЕ АҚ І. ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІ
РАХЫМБЕКОВ А. Ж.
ТАБИҒИ АПАТТАРДАН САҚТАНУ ТӘСІЛДЕРІ
6В11201 "ӨТҚ және ҚОҚ" БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУ ҚҰРАЛЫ
ТАЛДЫҚОРҒАН 2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ТАБИҒИ АПАТТАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ
1. 1 Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар . . . 5
1. 2 Көшкіндер, сел, опырулар . . . 13
1. 3 Дауыл, су тасқындары, сеңдер . . . 20
1. 4 Табиғи апат сипатындағы Қазақстан . . . 26
2 РЕСЕЙДЕГІ ТЕХНОГЕНДІК ЖАҒДАЙ
2. 1 Табиғи апаттардың көздері . . . 31
2. 2 Өндірістік орындарындағы талаптар . . . 39
Қорытынды. . . . 43
Қолданылған әдебиеттер . . . 44
КІРІСПЕ
Оқулықтың өзектілігі - жер бетіндегі адамзат тұрмысындағы үй жайларын, мекемелерді, өндірістік нысаналарды, табиғи апаттардан сақтану, жарақаттану деңгейі, кәсіби ауыруларға, мүгедектікке ұшырау көбінесе жұмыс беруші тарапынан жүргізілетін жұмыстарға және мемлекеттік бақылаудағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының орындалмауына, сонымен қатар еңбек, экологиялық, төтенше жағдайлар саласындағы заңнамаларды қадағалау бағыттарын ашып көрсетуде.
1980- ші жылдары дамыған елдерде еңбекті қорғау жөніндегі заңнама дерлік қалыптасты. Халықаралық қауіпсіздік және қауіпсіздік туралы ХЕҰ 155 конвенциясында "Еңбек гигиенасы және қауіпсіздік" туралы (1981), 4-бапта осы саладағы ең маңызды құжаттарға айналды. Мұнда конвенцияға қол қойған әр ел, "ұлттық шарттарға және практиканы әзірлеу, жүзеге асыру және мезгіл-мезгіл саласындағы келісілген еңбек қауіпсіздігі, еңбек гигиенасы және өндірістік орта" ұлттық саясатты қайта қарау туралы айтылады.
Оқулықтың мақсаты - нысаналардағы табиғи апаттардан сақтануды, еңбекті қорғаудың нормативтік - құқықтық базасының құжаттарын зерттеп, олардың өмірдегі жетекшілікке алыну маңыздылығын заманауи тұғырдан салыстыра сараптау.
70-80 жылдардағы ірі өнеркәсіптік апаттар саясаткерлер мен дамыған елдердің өнеркәсіпшілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерге деген көзқарасын қайта қарау керек екенін көрсетті. Өнеркәсіптік техногендік апаттардан сақтану қауіпсіздігінің пайда болуы мен айқын қажеттілігі өнеркәсіп саласының ерекше мәселелерін еңбек те, экологиялық та нормаланбайтын реттейтін қауіпсіздік құқығымен қорғайтын заңдаркерек екенін көрсетті. 80-ші жылдары өнеркәсіп өндірісі бойынша қауіпсіздік заңнама тек ЕЭҚ-дағы елдерінде ғана емес, АҚШ, Канада, Жапонияда да дами бастады.
Оқулықтың ғылыми маңыздылығы - тәуелсіз еліміздің өндіріс, мекеме нысаналарындағы еңбекті қорғаудағы нормативтік - құқықтық заңдарының өнеркәсіптік саласында табиғи апаттардан сақтану қауіпсіздік шығындарын азайтып, персоналдың даярлық деңгейін және біліктілігін арттырудағы тиімді жүйесін құруды анықтау.
Қазіргі уақытта Қазақстанда табиги қауіптердің ұлғаюымен байланысты объективті үрдістер жалпы экономикалық дағдарыспен күрделене түсуде, бұл өндірістерді қайта құрудың баяу қарқынына, ескірген жабдықтарды жөндеу және ауыстыру мерзімдерінің артта қалуына, авариялардың алдын алу және оқшаулау жүйелерінің қанағаттанарлықсыз жай-күйіне, мамандар мен персоналдың даярлық деңгейін және біліктілігін төмендеуіне әкелді.
Оның болмауы әртүрлі мемлекеттік басқару органдарының функцияларын бөлу, мемлекет пен кәсіпорындардың меншік иелері арасындағы жауапкершілік, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде әртүрлі министрліктердің, ведомстволар мен қадағалау органдарының іс-қимылдарының келіспеуіне әкеп соғады.
Оқулықтың іс-тәжірибелік маңыздылығы - қазіргі уақытта Қазақстанда төтенше жағдайдағы табиғи қауіптердің ұлғаюымен байланысты объективті үрдістер жалпы экономикалық дағдарыспен күрделене түсуде. Сондықтанда нысаналардағы еңбекті қорғаудың нормативтік - құқықтық базасының құжаттарын заманауи талаптарына сәйкестендіру арқылы - кейбір өндірістерді қайта құрудың баяу қарқынын, ескірген жабдықтарды жөндеу және ауыстыру мерзімдерінің артта қалмауына, авариялардың алдын алу және оқшаулау жүйелерінің қанағаттанарлықсыз жай - күйін түзететін білікті мамандарды дайындау жүйесін арттыруда.
Елдің экономикасы табиғи ресурстарды бастапқы өңдеу салалары мен өндірістерінің жоғары үлес салмағымен сипатталатындықтан, қызметкерлерді кәсіби, экологиялық және табиғи-климаттық тәуекелдердің күрделі үйлесімінен әлеуметтік қорғаудың тиімді тетіктерін қалыптастыру мәселесі ерекше өзекті болып табылады.
Оқулықтың міндеттері:
- әдебиеттерге шолу жасай отырып, қоршаған ортаны қорғаудың өзекті сұрақтарын қарастыру;
-халықтың денсаулық деңгейін қалыптастыруда қоршаған орта факторларының ролін анықтау;
- зерттеу әдістері арқылы ауаның құрамын және ауаның шаңдануын анықтау;
- табиғи апаттардың қоршаған ортаға әсері мен қауіптілігі, яғни «Байқоңыр» космодромы - Ракета тасушылардың қоршаған ортаға тигізетін әсері мен қауіптілігі және Семей полигоны - ядролық сынақ аймағының экологиялық зардаптарын талдау осы жұмыстың міндеттері болып саналады.
Еңбекті қорғау жөніндегі заңнама көпшілік жағдайда XIX ғасырда дамыған өнеркәсіптік елдерде өнеркәсіптік революция басталуымен тұспа-тұс келді. Еңбекті қорғау жөніндегі заңнама қалыптастыру процесі XX ғасырда қалыптаса бастады. Ресейде1902 жылы XIX ғасырдың басында "Жазатайым оқиғалардан зардап шеккен жұмысшыларға сыйақы төлеутуралы" заң енгізілді. 1919 жылы Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) пайда болды. Өз қызметінде алғаш рет (ХЕҰ) еңбекті қорғау мәселелеріне басты назар аударыла бастады.
Өндірістік табиғи апаттардан жарақаттану деңгейі көбінесе жұмыс беруші тарапынан жүргізілетін жұмыстарға және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының орындалуын мемлекеттік бақылауға ғана емес, сонымен қатар еңбек, экологиялық заңнаманың, Төтенше жағдайлар саласындағы заңнаманың негізгі нормативтік-құқықтық актілерін білмеуіне, сондай-ақ белгілі бір дәрежеде өнеркәсіптік кәсіпорындар санының өсуіне, өндірісте жұмыс істейтіндердің санына және басқа да факторларға байланысты.
1 ТАБИҒИ АПАТТАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ
1. 1 Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін:жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт. Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40пайызы келеді екен, 20 %-тропикалық циклондары, 15% жер сілкінісі ал қалған 20 %-зілзаланың басқа түрлері. Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш көлінің таяздауына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай - бұл табиғи апаттардан (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны), табиғи өрт, эпидемия мен эпизоотиядан, ауылшаруашылық өсімдіктері мен ормандардың аурумен және зиянкестермен зақымдануынан туындайтын төтенше жағдай. Ел аумағының әртүрлі табиғи, таулы геологиялық және геодинамикалық жағдайлары оның табиғи апаттарға ~ жер сілкінісіне, су тасқынына, селге, желге, көктайғаққа, қар көшкініне, дауылға, орман және дала өртіне, тем-ператураның шұғыл төмендеуіне, қарлы боранға, эпидемия мен эпизоотияға ұшырауын анықтайды[1-3] .
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай адам тіршілігі басталғаннан бері қауіпін төндіруде. Табиғи катастрофалардың әсерінен жер шары бойынша әр 1 адам өлуде. Табиғи катастрофалардың қысқа мерзімде үлкен аумақтағы елді мекенді құртып жіберуге дейін мүмкіншілігі бар. Ол өзінің күтпеген жерден болатындығымен қауіпті. Табиғи катастрофаның тағы да бір қауіптілігі - оның болғаннан кейінгі салдары. Табиғи катастрофа болғаннан кейін ол жерде эпидемиялық аурулар, аштық т. б. жағдайлар орын алуы мүмкін. Табиғи төтенше жағдайдың орын алуына антропогендік әсердің де ықпалын айта кеткен жөн.
Барлық табиғи катастрофалардың бір бірімен байланысы бар. Атап айтқанда, жердің сілкінуі мен цунамидің, тропикалық циклондар мен су тасқындарының. Жердің сілкінуінен өрттер, газдардың атылуы платинаның жарылуы орын алып, ол оқиғалар да өздерінің күшті әсерлерін тигізіп жатады. Вулканның атқылау жайлауды ластап, жан-жануарлардың өлуіне, аштыққа соқтырып жатса, екінші жағынан атмосфералық ауаныда ластайды. Ал көшкіндер (паводок) жер асты суларын ластап, құдықтарды уландырып, инфекциялық ауруларды ұшқындырады. Осыған орай табиғи стихиялық құбылыстардың бір-бірімен байланысын қарастырып көрейік.
Табиғи катастрофадан қорғану әрекеттерін жоспарлай отырып, оның зардабын азайтуға болады. Табиғи төтенше жағдайдан қорғаудың негізі болып апаттың себебі мен механизмін ғылыми түрде зерттеп, білуге болады. Табиғи апаттың орын алу процессін біле отырып оның қандай мөлшерде, қандай болатын екенін болжауғада болады. Ал уақытылы және дәл болжап, апаттан қорғаудың тиімді жолдарын қарастыруға, шығынды барынша азайтуға мүмкіншілік жасайды.
Табиғи қауіп қатерден қорғау активті және пассивті болып бөлінеді. Активті қорғауға инженерлік техникалық құрылымдар салу, құбылыс механизмін инвентаризациялау, табиғи объектілердегі құрылымдар мен құрылыстарды реконструкция жасау. Пассивті қорғауға панаханаларды пайдалану. Көп жағдайда табиғи апаттан қорғану кезінде активті және пассивті әдістерді бірге пайдаланады.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың өздері сан алуан. Сондықтан туындау себептеріне (жағдайларына) орай оларды: геологиялық, метеорологиялық, гидрологиялық (гидрометеорологиялық), табиғи өрттер, жаппай аурулар топтарына бөледі.
Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қауіпі бар. Бұл аймақта 6 милионнан астам халық тұрады, 27 қала 400-ден астам елді мекендер бар. Еліміздің 40 пайызға жуық өндірістік әлеуметтік осы аймақта жоғарыланған.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау обылыстары мен Алматы қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының 30% -ы шоғырланып, түрғын үй қорының 35%-на жуығы орналасқан, Республика халқының 40 % -ы тұрады.
1 Сурет. Жер сілкінісі
Жер сілкінісі қауіпі бар аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өнеркәсіп орындары, жасанды және су қоймалары, жарылғыш және улы материялдар қоймалары орналасқан. Түрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген объектілерді кейбіреуінің бұзылуы, оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келіуі мүмкін. Инженерлік желілер мен комуникациялардың жер сілкінудің салдарынан бұзылуы аса қауіпті[4-9] .
Жер сілкінісі - бұл, негізінен, геофизикалық себептерден туындайтын жерастылық дүмпулер мен жер бетінің тербелістері. Жер бетіндегі топырақ қабаты тербелісінің қарқындылығы бойынша жер сілкіністерін жіктеу 5-кес-теде ұсынылған.
Жер сілкінісінің тікелей салдары үрей болып табылады, бұл кезде адамдар қорқыныштан өздері және айналасындағылар үшін ақылға сыйымсыз, қауіпті әрекеттер жасайды және өзін-өзі құтқару мен өзара көмек шараларын саналы түрде ұйымдастырып, жасай алмайды. Үрей әсіресе адамдар шоғырланған жерлерде: ұйымдарда, кәсіпорындарда, оқу орындары мен бала-бақшаларда, жатақханаларда, ортақ пайдаланылатын орындарда ерекше қауіпті.
Адамдардьщ жарақаттануы мен опат болуы, негізінен, қираған ғимараттардан, құрылыстардың сынықтарынан және құлаған заттардан, сондай-ақ үйінділердің астында қалу мен аз уақытында көмек көрсетілмеуден орын алады. Жердің қозғалысы адамдардың құрбан болуына өте сирек жағдайларда ғана тікелей себеп болады. Сондай-ақ жер сілкінісі салдарынан туындайтын екінші реттік факторлардан (өрт, өнеркәсіп және көлік апаты, зақымданған инженерлік және энергетикалық желілер) да зардап шегуі мүмкін.
Құрбандардың көпшілігі күшті тербелістер әсерінен ғимараттардың, құрылыстардың шайқалуы, қирауы кезіндегі заттардың, әйнектердің, тастардың, қабырғалардың және т. б. құлауының нәтижесі болып табылады. Адамдардың жарақаттануы мен опат болуының себептері сан алуан болған кездің өзінде, жер сілкінісіне алдын ала байыппен дайындалып, іс-әрекеттерді ойластырып және бірқатар ұсыныстарды орындаған кезде зардап шегушілер санын айтарлықтай азайтуға болады.
Әрбір жер сілкінісінен қорқа бермеу керек. Салыстырмалы түрде әлсіз жер сілкіністері (5 балға дейінгі), әдетте, залал келтірмейді. Алайда егер мҰндай жер сілкінісінде тербелістер күші бірден немесе біртіндеп 5-6 балға жетсе, онда есте ұстау керек - бұл қауіпті белгі. Әдетте, бұл тербелістер (оқиғалардың 1/3-і) 7 және одан да көп балға жете отырып, күшейе түседі.
Егер 8-9 балдық жер сілкінісі басталса, онда 5-6 балдық дүмпулер пайда болған сәттен бастап ең күшті тербелістерге дейін, яғни ғимараттың қирау қаупі туындағанға дейін 12-20 секунд қана өтеді. Неғұрлым күшті тербелістер, әдетте, бірнеше ондаған секундқа созылып, ғимаратты қатты шайқайды. Одан кейін тербелістер, шамамен 30 секунд және одан көбірк уақытқа бәсеңдейді. Ғимараттың берікілігін( осы уақыттағы орналасқан орнын) және аталған уақыт шамасын (12-20 сек) есепке ала отырып, күшті жер сілкінісі кезінде саналы әрекет тәсілін таңдауға болады не ғимарат ішіндегі салыстырмалы түрдегі қауіпсіз орынға бару, не тезірек шығып кетуге әрекеттену[10-13] .
Ең қарапайым жағдайлардағы: үйде, жұмыста, көшеде, кинода, театрда және т. б. жер сілкінісі кезінде халықтың алдын ала ойластырылған әрекет ету тәртібі нәтижелі және шұғыл қимылдарға жағдай жасайды. Алайда нақты мән-жайдың барысына орай оны кез келген уақытта өзгертуге дайын болу керек. Жер сілкінісі туындаған жағдайда тиімді және ұтымды іс-әрекеттерге барып, зардап шегушілер мен құрбандардың санын азайту мақсатында сейсмикалық қауіпті аудандардың тұрғындары мынадай іс-шараларды орындауы тиіс:
- төтенше жағдайдағы іс-әрекеттер жоспарын алдын ала белгілеу және жер сілкісінісінен кейін отбасының жиналатын жері туралы келісу, қажет болған жағдайда құтқару қызметін, медициналық көмекті, полицияны шақыру үшін телефондар тізімін жасау;
- электр сымдары, су және газ құбырларының жай-күйін үнемі тексеріп тұру. Отбасының барлық ересек мүшелері пәтердегі, подъездегі, үйдегі электр, газ және су көздерін жабуға, сондай-ақ зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге машықтанған болуы тиіс;
2 Сурет. Цунами салдары
-ең қажетті заттарды (бұйымдарды) : қоректендіргіштері (батарейка) бар радиоқабылдағыш, консервілік өнімдер мен ауызсудың 3-5 күнге есептелген қоры; отбасының созылмалы аурулары бар науқас мүшелеріне қажетті дәрілер жиыны және таңу материалдарының жеткілікті қоры салынған алғашқы медициналық көмек қорапшасы; тасымалдаушы электр қолшамы; құм толтырылған шелек; автомобилъдік өрт сөндіргіштерді (оны пайдалануды алдын ала үйренген жөн) және т. б. алдын ала дайындау жане оларды отбасы мүшелерінің бәріне белгілі жерде сақтау;
- құжаттарды оңай қолжетімді жерде, мүмкіндігінше пәтер кіреберісіне жақын тұста сақтау. Рюкзактың болғаны да мақсатқа лайық болмақ: онда колшам, шағьн балта, сіріңке, тамақ, дәрі қорапшасы, балауыздар, ауыстыратын киім мен аяқкиім (маусым бойынша) болуы тиіс; гараж бен бақшалық шағын үй бар болса, оларды жер сілкінісінің алғашқы күндері баспана ретінде пайдалануға болады. Сол жерде азық-түлік қоры мен киімді сақтаған тиімді;
- шкафтарды, баспалдақтарды, сөрелерді, стиллаждарды қабырға мен еденге берік етіп бекіту; жиһаздарды ұйықтайтын жерлерге құламайтындай етіп орналастыру; бөлмелерден шығатын жерлерді, есіктерді жабу; сөрелердегі немесе жиһаздың үстіндегі (аятресольды қосқанда) ауыр заттарды мықтап бекіту немесе төменге түсіру;
- сөрелерді ұйықтайтын орындардың, кіреберіс есіктердің, пештердің, раковиналардың, унитаздардың үстіне орнатпау; ыдыстар қойылған сөрелердің алдыңғы бөлігін жабу, люстралар мен люминесцентті шам-шырақтарды сенімді бекіту;
- пәтерге кірер жерге, дәліздерге, баспалдақтарға заттарды үймеу;
- оңай тұтанатын заттар мен күйдіргіш сұйықтықтары бар сыйымдылықтарды сенімді бекітіп, тербеліс кезінде құламайтындай, сынбайтындай жерде сақтау;
- мезгіл-мезгіл жаттығулар (дайындықтар) өткізу. Балалардың, қарт адамдардың, мүгедектер мен науқастардың қауіпсіздігін арттыруды ойластыру;
- дүмпулердің тоқтауын күтуге болатын неғұрлым қауіпсіз орындарды (пәтерлерде, жұмыста, жұмыс орнына жақын жерде) алдын ала анықтау; негізгі ішкі қабырғалардағы ойықтар (терезе мен есік жақтаулары), ішкі негізгі қабырғалармен құрылған бұрыштар, баған мен қаңқа арқалығының астындағы жерлер. Отбасының барлық мүшелері пәтердегі аталмыш қалқа жерлерді естерінде сақтауы тиіс;
- ұйықтайтын жерді үлкен терезелердің, әйнек қабырғалардың жанына орналастырмау.
Құлаған заттар мен сынықтардан қорғайтын мықты берік үстелдер мен кереуеттердің асты да паналайтын орындар қызметін атқарады. Ересектер болмаған кездегі күшті дүмпулерде балаларды аталмыш жерлерге тығылуға үйретуі қажет. Қатты жер сілкінген кездегі оңтайлы шешім - бұл ғимаратты тастап шығу, сондықтан ең күшті тербелістер мен дүмпулерге дейінгі 15-20 секунд есебімен қозғалыс жолын алдын ала белгілеп алу қажет[14-16] .
Жер сілкінісінің түнде де болу мүмкіндігін есепке алу қажет. Есіктер мен сыртқа шығатын орындар адамдардың көп шоғырланатын жері болады, сондықтан ғимараттан жылдам шығуға кедергі келтіреді. Мұндай жағдайда эвакуация 1-қабаттағы терезе ойықтары арқылы да жүзеге асырылады. Кәсіпорындарда, мекемелерде, оқу орындарында жер сілкінісі кезіндегі қауіптілікті төмендету бойынша алдын ала шаралар әзірленіп, қабылдануы тиіс. Төртіп пен барлық жағдайдағы жоғары жауапкершілік жер сілкінісі орын алған жағдайдан қорғау шараларына дайындықтың ең үздік көрсеткіші болып табылады.
3 Сурет. Вулканның атқылауы
Сейсмикалық қауіпті аудандардағы әрбір мекемеде жер сілкінісі жағдайына жауапты тұлғалар және олардың міндеттерінің тізбесін көрсететін төтенше шаралардың айқын жоспары болуы тиіс.
Кәсіпорындар мен мекемелердің ғимараттарында, үй-жайларында дәліздерді, өтпелерді, басқыш алаңшаларын және ішкі есіктерді босату қажет. Ауыр шкафтар мен сөрелерді қабырғаларға сенімді бекіткен жөн. Ауыр зат-тарды жоғары сөрелерге орналастыруға болмайды. Әрбір қызметкер электр шаппаларының, өрт және газ крандарының орналасқан жерлерін білуі тиіс. Күшті жер сілкінісі кезінде халық үшін күтпеген мән-жайлардың қалыптасуы мүмкін. Мүмкін болатын жарақаттар мен адам шығындары олардың төтенше жағдайға әзірлігі мен іс-әрекеттеріне байланысты болады. Мұндай жағдайларда сабыр сақтауға тырысу қажет. Жер сілкінісінен қорғануға мүмкін болатын барлық шараларының ішіндегі ең үздігі - үрейге бой алдырмау.
Егер ғимаратты жылдам тастап шығу (мүмкіндігінше алғашқы 15-20 сек) мүмкін болса, онда бірінші осы әрекетті орындау қажет. Ғимараттан жүгіріп шыққаннан кейін, одан қашығырақ ашық жерге, электр сымдарынан, ернеулерден, әйнектерден қауіпсіз қашықтыққа кету (құланды жетпейтін аймақ - ғимарат биіктігіне тең қашықтық) . Егер жағдай ғимаратты тастап шығуға мүмкіндік бермесе, онда алдын ала таңдалған, салыстырмалы түрде қауіпсіз орынды паналау керек. Көпқабатты үйде есікті баспалдаққа қарай ашып, босағаға тұруға болады. Егер есіктің ашылуы қиындаса, онда қорықпау керек. Бұл ғимараттың қисаюынан болады.
Кез келген ғимаратта терезелерден қашығырақ, ішкі негізгі қабырғаларға жақынырақ тұру қажет. Әйнекті қабырғалардан қауіптенген жөн. Жер сілкінісі басталысымен отты өшіру керек. Жерасты дүмпулері кезінде немесе жерасты дүмпулерінен кейін сіріңке, балауыз жағуға, тұтатқыш пайдалануға болмайды. Есіктерде кептеліс жасауға және 1-қабаттан жоғары орналасқан терезеден, әйнегі бар терезелерден секіруге болмайды. Аса қажеттілік туындаған кезде әйнекті орындықпен немесе аласа орындықпен, еш мүмкіндік болмаса арқамен сындыруға болады[17-19] .
Ғимараттан шыққан кезде лифт пайдалануға тыйым салынады. Қалыптасқан кез келген әрекет ету керек, артық асығу мен әбігерленуте жол бермеген жөн. Автокөлікте келе жатқанда жер сілкінісі басталса, көліктерге бөгет жасамайтын жерге тоқтап, машинада қалу керек. Жер сілкінісінен кейін:
- жарақаттың жоқтығына көз жеткізу, айналадағы адамдарды қарап шығу және қажет болса, оларға көмек көрсету. Егер ауыр жараланғандарға аса қатер (өрт, құрылыстың құлап түсуі және т. б. ) төнбесе, онда орнынан қозғамау;
- жеңіл үйіндінің астына түскен адамдарды босатып алу. Бұл ретте абай болу керек. Егер оларға қосымша немесе медициналық көмек қажет болса, онда көмекті күткен дүрыс;
- балалардың, науқастардың, қарттардың - көмекке мұқтаж жандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, оларды тыныштандырған жөн;
- телефонды өте қажет болған кезде ғана пайдалану, өйткені телефон желісі аса жүктемеленген болады;
- су құбырын, газ, электр желілерін тексеру. Егер электр желісінде зақымдану байқалса, онда оны ажырату керек. Газдың шығуы иіс бойынша тексеріледі. Егер гадың шығып жатқаны анықталса, онда барлық есіктер мен терезелерді ашу, үй-жайды дереу тастап шығу және болган оқиға туралы тиісті қызметтерге хабарлау керек. Суқұбырлық желілер зақымданған кезде ақауды реттеуге асықпау керек және суды пайдалануды тоқтатқан дұрыс, өйткені су зақымданған болуы мүмкін. Суды тек қайнатқаннан кейін ғана пайдалануға болады.
- Кәрізді пайдаланбас бұрын, оның ғимарат, жертөле шектеріндегі құбырларының ақаусыздығына көз жеткізу қажет.
- Ашық отты пайдалануға болмайды. Тұтану ошақтары бар болса, оларды сөндіру қажет. Егер мұның сәті түспесе, онда дереу өртке қарсы қызметпен байланысу керек.
- Баспалдақпен түсіп келе жатқанда оның беріктігін тексерген жөн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz