Махмұд Қашқари жайлы ақпарат



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті

Реферат

Түркі тіл білімінің қөрнекті өкілі
Махмұд Қашқари еңбектерінің маңызы қандай

Орындаған: Жүнісбай Аружан
Қабылдаған: Қоңырова Ақбота
Тобы: 105 топ

Алматы 2021
Жоспар:
1) Махмұд Қашқари жайлы ақпарат
3
2) Махмұд Қашқаридың еңбектері мен маңызы
4-5
3) Әдебиеттер тізімі:

6

1) Махмұд Қашқари жайлы ақпарат

Махмұд Қашқари (Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед) 1029 -- 1101 жылы өмір сүрген түркі ғалымы. Ол Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы Барсхан қаласында дүниеге келген. Түркінің тұңғыш тіл маманы Қарахан әулеті билеген мемлекеттің орталығы Қашқарға ауысып, білім мен дәріс алған. Оның аты жөніне осы Қашқар атты жерге байланысты шыққан болатын.
Ол энциклопедиялық тұрғыдан өте білімді және жан-жақты болған. Оның ойлап тапқан жүйесі Еуропада қолданысқа енген болатын. Еуропа өзі үшін Махмұд Қашқариды ашты, әлем таныған тіл маманы екенін түсінді. Егер Харизми алгебраның салушысы болса, Махмұд Қашқари тіл білімінің негізін салушы.
Негізінен Махмұд Қашқаридың еңбектері әртүрлі тілдерде жазылған, мысалы түркі, араб және парсы тілдерінде еңбектер жазған. Махмұд Қашқаридыың тіл білімі мен әдебиетке байланысты көлемді және күрделі екі ғылыми еңбегі бар. Біріншісі, Жавохирун-нахв фи луғотинт турк атты еңбегі. Бұл еңбегі түркі тілдерінің синтаксисі мен қағидалары жайында, бірақ бұл кітап бізге жетпеген.
Екінші еңбегі, барлығымызға белгілі Диуани лұғат-ат-түрік (Түркі сөздерінің жинағы) еңбегі болып табылады. Бұл сөздік ғалымның ең әйгілі еңбектерінің бірі болып табылады.
Махмұд Қашқаридың айтуынша, ол барлық тайпаларды, ауылдар мен аймақтарды айналып шықты. Түркілердің, оғыздардың, ягмалардың, қырғыздардың және т.б. тілдерін үйреніп, нақты зерттеді. Оның игергені сонша, барлық тайпалардың тілінде сөйлей алды. Осы зерттеулер арқылы, ол өз сөздігін жасады.
2) Махмұд Қашқаридың еңбектері мен маңызы

2) Жалпы Диуани лұғат-ат-түрік (Түркі сөздерінің жинағы) атты сөздікті ұлы тіл маманы 1072-1074 жылдары Бағдат қаласында жазған болатын. Негізі, осы сөздіктің қолжазба нұсқасы 638 беттен тұрады. Сонымен қатар, сөздіктің 9000-нан астам түркі сөзінің араб тіліндегі түсіндірме-аудармалары бар. Бұл кітапты тарихи мәдениеттік, этнографиялық және лингвистикалық материалдар жиналып, біріктірілген.
Алдымен, еңбектің неге осылай аталғанын айтып кетейін. Осы еңбектің атауынан түркі тілі сөздігінің жинағы дегенді білдіретінін байқауға болады. Осы жайлы Диуанында : Маған шексіз абырой, сарқылмас түгесілмес қайнаркөз болсын деген тілекпен осы кітапты жазып шықтым да, бір Тәңірге сиынып, оған Диуани Лұғат ат Түрік түркі тілдері сөздігінің жинағы деп ат қойдым, деп жазады. Осы сөздерден барлық түркі тілдерінің ортақ қасиеттері мен айырым белгілері анықтап, түркі жазба әдеби тілінің грамматикасы жайлы жазғанын түсінуге болады. Менің ойымша, сөздік өз аты затына сай дұрыс қойылған деп есептеймін.
Жазып кеткенімдей, бұл атақты сөздік болып табылады. Себебі, түркінің тұңғыш тіл маманы көптеген түркі ұлыстар және тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, зерттеген болатын. Яғни айтқанда, сөздікте орта ғасырдағы тайпалардың бәріне ортақ 6000 нан астам төл сөз бен жеке тайпаларға қатысы диалект сөздер бар. Бұл осы сөздіктің аса маңызды тақырыбы болып қаралады.
Сонымен қатар, сөздікте тек қана тіл мен әдебиетке байланысты ғана емес, сол ғасырлардағы ру-тайпалардың, халықтардың әдет-ғұрпы, салт-санасы, наным-сенімі және т.б. аса бағалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махмұд Қашғари еңбектеріндегі түріктер туралы тарихи мәліметтер
Махмұд Қашқари өмір жолы
Махмуд Қашқари ілімінің тарихи маңызы (1030-1090)
Махмуд Қашқари ілімінің тарихи маңызы
Топтастырушы сөздіктер
Қос тілді сөздіктер
Ортағасыр ғұламаларының тәрбие тағылымдары
Бұрынғы көрнекті ойшылдар мен ғұламалар
Махмұд Қашқаридің өмірі мен шығармашылығы
Қазақ тілі мен түркі тіліндегі жалғауларды мысалдар арқылы салыстыру
Пәндер