Сүрлемдік жүгері дақылын суғару ерекшелігі


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫММИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ӘОЖ Қолжазба құқығында
«Орман, жер және су ресурстары» факультеті
ТУРАРОВА ГАУХАРЖУМАХАНОВНА
Қазақстанның оңтүстік шығысында мал азықтық дақылдарды суғару технологиясы
6М081000 - «Жерді мелиорациялау, бапту және қорғау»
мамандығы бойынша
ауылшаруашылығы ғылымдарыныңмагистрі акедемиялық дәрежесін алуға ұсынылған диссертация
Ғылымижетекшісі: а. ш. ғ. к., аға оқытушы Набиоллина М. С.
Рецензент: г. ғ. к., Алимкулов С. К.
Алматы, 2014 ж.
МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер . . . 3
Анықтамалар . . . 4
Шартты белгілер мен қысқартулар . . . 5
РЕФЕРАТ . . . 6
1 КІРІСПЕ . . . 10
1. 1 Тақырыптың өзектілігі . . . 10
1. 2 Төгінді суларды ауыл шарушылығында пайдалану . . . 18
1. 3 Алматы облысы, Талдықорған өңірінің табиғи климаттық жағдайы . . . 29
1. 3. 1 Ауа райы. . . . 29
1. 3. 2 Жер беті, жер асты сулары . . . . … . . . 30
1. 3. 3 Гоелогиялық, гидрологиялық және топырақ жағдайы . . . 32
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 33
2. 1 Жұмыстың мақсаты және шешілетін мәселері . . . 33
2. 1. 1 Тәжірибе схемасы…. . . . 33
2. 1. 2 Тәжірибе әдістемесі . . . 35
2. 2 Жүгерінің биологиялық ерекшелігі . . . 39
2. 3 Төгінді суларжәне олардың егін суғаруға жарамдылығына ирригациялық баға беру… . . . 40
2. 4 Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелері …… . . . . . . 40
2. 4. 1 Суармалы танаптарға берілетін төгінді судың жүктеме қалбы………. …. 46
2. 4. 2 Құлқайыр дақылын төгінді сумен суғару режимі және оның өсуін бақылау . . . …. . 49
2. 4. 3 Сүрлемдік жүгері дақылын суғару ерекшелігі …. … . . . . . . 56
2. 4. 4 Сүрлемдік жүгерінің өсуі мен дамуы . . . . 57
2. 4. 5 Төгінді сумен суғарылған сүрлемдік жүгері өнімін бағалау ……. ………. . 61
2. 4. 6 Төгінді судың жүгері дақылы өніміне тигізетін әсері ……. 63
2. 5 Төгінді сумен суғарудың экономикалық тиімділігі…… . . . 65
3 ҚОРЫТЫНДЫ…. . ………. . . . . ……. 67
4 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………. . 69
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл диссертацияда келесі нормативті құжатқа сілтемелер берілді:
1. Правила эксплуатации земледельческих полей орошения. (утв. Минздравом СССР 17. 11. 1975 n 1370-75)2. Санитарные правила устройства и эксплуатации земледельческих полей орошения. № 3226-85 от 26. 03. 85.
АНЫҚТАМАЛАР
Өзен - өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су.
Төгінді су -зауыттар мен фабрикалардан, тұрғын үйлер мен мекемелерден және қыстақтардан бір рет пайдаланылынып, ластанып шығатын су.
Суғаружүйесі - су көзі, бас саға, бас (магистральды) канал, шаруа аралық каналдар, шаруа танап каналдары, гидротехникалық, құрылымдар, жолдар, екпе ағаштар, коллекторлар, көпір өткелдер және оларды пайдалануға арналған құралдар мен жабдықтар.
Суғару жүргісі - әр дақылдың қай мезгілде, неше рет суғарылып, қанша мөлшерде су қажет ететінін айтады.
ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
ТПСЖ- төгінді суларды пайдалану жүйесі
МШД -максималды шекті деңгей
ПӘК - пайдалы әсер коэффициенті
БОКС - биологиялық оксидациялы контактылы стабилизациялық тоған
ШРМ - шекті рауалды мөлшер
ЕСС - еркін су сиымдылығы
л - литр
м - метр
мкм - микрометр
мг - милиграмм
млн. - миллион
млрд. - миллиард
мм - милиметр
км - километр
кг - килограмм
ц -центнер
т - тонна
рН - сутектік көрсеткіш
РЕФЕРАТ
Ключевые слова: сточные воды, химический состав, ирригационная оценка, орошение, годовая норма, нагрузки, водопотребление, качество продукции, урожайность, коэффициент водопотребления, мальва, кукуруза на силос, очистка механическая, микроклиматический коээфициент.
Объем и структура диссертации: диссертационная работа состоит из введения, пять разделов, заключения, списка использованных источников, содержит 76 страниц компьютерного текста, иллюстрирована тремя рисунками и 20 таблицами.
Публикации:
1. Набиоллина М. С., Турарова Г. Ж. Төгінді суларды топырақ арқылы тазарту негізі. Ізденіс №3., 2013ж. 295-298б.
2. Зубаиров О., Набиоллина М. С., Турарова Г. Ж. Сүрлемдік жүгеріні төгінді сумен суғару жүйесі. Ізденіс №1(2), 2014. 152-155б.
3. Набиоллина М. С., Турарова Г. Ж. Құлқайыр дақылын төгінді сумен суғару. Ізденіс. №1, 2014. 182-186б.
4. Набиоллина М. С., Турарова Г. Ж. Исследования очистительной способности почвы при различных нормах нагрузки. Международная конференция, Белоруссия, г. Минск 06. 11. 2013.
Объект исследования: Подготовленные сточные воды г. Талдыкоргана и сельхозяйственные земли учебного хозяйства.
Место проведения НИР. Казахский национальный аграрный университет, кафедра «Водные ресурсы и мелиорация»
Цель работы. Разработка технологии орошения сточными водами кормовых культур, как мальва и кукуруза на силос. Доказать возмолжность выращивания в этой зоне нетрадиционных культур.
Результаты работы.
1. Проведен литературный обзор по использованию сточных вод в странах СНГ и зарубежом;
2. Выявлен химический состав сточных вод Талдыкоргана и дана ирригационная оценка пригодности их для орошения;
3. Разработана методология определения нормы нагрузки, полей орошения;
4. Подобран и обоснован видовой состав кормовых культур (кукуруза на силос и мальва) ;
5. На опытных участках исследован и разработан режим орошения мальвы, кукурузы на силос, при поливе сточными водами с установлением нормы нагрузок полей орошения;
6. Определен суммарное водопотребление сельскохозяйственных культур и данны их расчеты методом водного баланса А. Н. Костякова;
7. При этом режим орошения для мальвы установлен методом Данильченко Н. В., а кукурузы на силос методом водного баланса;
8. Выявлено влияние орошения сточными водами на рост и развитие мальвы и кукурузы на силос, на урожайность и качество продукции.
9. При этом отрицательных влиянии не установлено, по качеству продукция отвечает требованиям изоотехническим нормам предъявляемый к грубым и сочным кормам в странах СНГ;
10. Использование сточных вод является экономически выгодным мероприятием, сточные воды дают прибавку чистого дохода на 5803 тенге больше чем при поливе речной водой.
Научная новизна:
* В этой зоне впервые выращивались мальва мелюка и мальва курчавая при поливе сточными водами.
* Разработана методика установления нормы нагрузок полей орошения, при поливе сточными водами.
Практическая значимость.
Использование сточных вод Талдыкоргана дает не только дополнительный урожай, но и обеспечивает экологическое равновесие вокруг города и полностью прекращается сброс сточных вод в реку Каратал. воды. Со сточными водами в почву во время поливов поступают многочисленные формы питательных элементов как азот, фосфор, калий и микроэлементы. Попадая в почву, они под действием физических, биологических и химических процессов разлагаются и становятся пищей растений. В результате повышается урожайность и плодородия почвы. Питательные элементы в жидком виде легкоусваиваются растениями.
Хозяйства избавятся от приобретении и внесении удобрений, что очень важно в рыночных условиях. Внесенные расходы по эксплуатации ситем сточных вод быстро окупаются. Все хозяйства используют сточные воды в соответствий с рекомендации работают рентабельно и выгодно.
Только надо соблюдать санитарные нормы и правила, рекомендуемые положения.
ABSTRACT
Keywords: waste water, chemical composition, irrigation assessment, irrigation, annual rate, the load, water consumption, product quality, productivity.
Volume and structure of the dissertation: thesis consists of an introduction, five chapters, conclusion, bibliographies, contains 70 pages of computer text, illustrated by three figures and 30 tables.
Publications:
1. Nabiollnia M. S., Turarova G. J. Basics of wastewater treatment through the soil. Іzdenіs number 3., 2013y. p 295-298.
2. Zubairov O., Nabiollnia M. S., Turarova G. J. Irrigation of corn silage with sewage. Іzdenіs number 1 (2), 2014 y. p. 152-155.
3. Nabiollnia M. S., Turarova G. J. Irrigation of the culture "Kulkaiyr" with sewage. Іzdenіs. Number 1, 2014 y. p. 182-186.
4. Nabiollina M. S., Turarova G. Zh. of research of cleaning ability of the soil at various norms of loading. International conference, Belarus, Minsk 06. 11. 2013.
Object of study: Waste water of the city Taldykorganand agricultural land of Uchkhoz.
Place of research. Kazakh National Agrarian University, Department of "Water resources and Reclamation"
Purpose of the work. Developing technology wastewater irrigation of forage crops as mallow and silage corn.
Results.
1. The literary review on use of sewage in CIS countries and abroad is carried out;
2. Revealed the chemical composition of wastewater of Taldykorgan and given their irrigation assessment of fitness for irrigation;
3 . The methodology of definition of norm of loading, irrigation fields is developed;
4. Selected and justified the species composition of fodder crops (corn silage and mallow) ;
5. Researched and developed irrigation regime of crops under irrigation by sewage from the established norms loads of irrigated fields;
6. Determined the total water consumption of crops and their payment data;
7. In this case the regime of irrigation of mallow is set by Danil'chenko N. V. and silage corn by water balance;
8. Revealed the effect of sewage irrigation on the growth and development of the mallow and corn silage on productivity and product quality;
9. In this case negative impact is not established, the quality of products meets the requirements for technical standards applicable to the rough use and waste feed;
10. Use of wastewater is a cost effective measure, gives an increase of sewage net income more than 5803 tenge under irrigation with river water.
Scientific novelty:
* In this zone, the first cultivated mallow and curly under irrigation wastewater.
* Developed a method of establishing norms of loads of irrigated fields.
The practical significance .
Using wastewater of Taldykorgan, not only provides additional yield, but also provides ecological balance around the city and stops completely discharge of sewage into the river Karatal. Appears additional sources of water.
With sewage to the soil during waterings numerous forms of nutritious elements as nitrogen, phosphorus, potassium and microcells arrive. Getting to the soil, they under the influence of physical, biological and chemical processes decay and become food of plants. As a result productivity and fertility of the soil increases. Nutritious elements in the liquid state легкоусваиваются plants.
Farms will get rid from acquisition and application of fertilizers that is very important in market conditions. The brought expenses on operation cityy sewage quickly pay off. All farms use sewage in compliances with the recommendation work is profitable and it is favorable.
Only it is necessary to observe sanitary standards and rules and recommended provisions.
1 КІРІСПЕ
1. 1 Тақырыптың өзектілігі
Елімізде жылдан жылға мал шаруашылығы дамып келеді. Осындай жағдайда жем шөп дайындау үлкен мәселе болып отыр. Жем шөп дайындауды судын алатын орны ерекше көп жағдайда су жетіспей тұрақты жем шөп қорын алалмай отырмыз. Әрине өзен сулары жылдан жылғаазаюда. Осы арайда қала манайында төғандарда сай салада жиналып жаткан алдын ала тазартылған төгінді суларды тиімді пайдалану жөн. Қазақстанның қалаларының жылына 6 млрд м 3 төгінді су пайда болады. Осы сулармен 600-700 мың га жерді суғаруға болады. Талдықорған қаласы жылына 80 млн м 3 төгінді су пайда болады. Ол сулар биологиялық тазартудан кейін Қаратал өзеніне құйылып-оны бұлғауда. Әрине оған жол бермеу керек.
Бұл сулар құрамында көптеген органо-минералды заттар бар және көптеген микроорганизмдер мен микроэлементер бар. Егерде оларды ауыл шаруашылықтарда тиімді пайдаланса келер пайдасы көп. Мұндай сумен топыраққа түскен элементер физикалық, химиялық және биологиялық процестердің арқасында өсімдік қорегіне айналады. Әлемде мұндай сулар суғаруға пайдалануда. ТМД елдерінде мұндай сулармен 500 мың гектар суғарылып, тынайтылып жатыр. Мұндай суларды егісітікті
Әдеби материалдар мен еліміздегі сондай-ақ шет елдердегі төгінді сумен суғару тәжірибелеріне сүйене отырып мол өнім беру мүмкіндігі бойынша көп жылдық шөптер (қылтықсыз арпабас, беде, ақ беде, жима тарғақ, сиыр жоңышқа, өлеңшөп, тимофей шалғыншөбі, жоңышқа), астық дақылдары (жүгері, асбұршақ, сұлы, арпа, бидай, қара бидай, қонақ жүгері), техникалық және майлы дақылдар (қант қызылшасы, кенеп, күнбағыс, мақта) ерекшеленеді. Сонымен қатар төгінді суда екпелі ағаштардың да өсу мүмкіндігі жоғары.
Авторлар өздерінің көп жылдық ғылыми - зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен қатар еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында төгінді суды пайдаланып келген шаруашылық тәжірибелеріне сүйене отырып осы аймақта жоңышқаны шөпке, арпаны дәнге, қант қызылшасын, ас бұршағын тұқым алу мақсатында егу ұсынады. Аталған дақылдар әдеттегі сумен суғаруға қарағанда төгінді сумен суғаруда 30-50%-ға жоғары, қалыпты сападағы өнім береді.
ТПСЖ алаңдарын дайындауда төгінді суды еш зиянсыз пайдалануға болатын екпе ағаштарын да жоспарға енгізген дұрыс.
Осы мақсатта Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірі жағдайында көп жыл Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінде еңбек еткен, профессор П. П. Бессчетнов шығарған «Казахстанский», «Қайрат», және «Қызыл Таң» теректерін ұсынуға болады. Оларға тән негізгі қасиет - белгілі жағдайға тез бейімделуі және тез өсіп жетілуі.
Алматы қаласы маңындағы «Сорбұлақ» су жинағышы орналасқан алқапта мал азықтық дақылдардың түрін көбейту, сол арқылы жем шөптің мол қорын жасау мақсатында әдеттен тыс мал азықтық дақылдарды (жер нәгі, күн нәгі, құлқайыр, гүл тәжі, никандра, сильфия) өндіріске енгізген абзал. Бұл дақылдар мол өнімділігімен, кейбір химиялық заттарды өз бойына сіңірңп алу қасиетімен ерекшеленеді.
Сүрлемдік жүгері. ТПСЖ жағдайында өте қолайлы әрі кең тараған дақыл - сүрлем дайындауға арналған жүгері. Бұл дақыл су жетіспеген жағдайда өсуін баяулатады. Суғару алдындағы топырақ ылғалдылығын 70-80% төменгі су сіңіру деңгейінде ұстаған жағдайда жүгері жапырағының ауданы 6500 шаршы см-ге, ал биіктігі - 300 см-ге дейін жетеді. Төгінді сумен суғару кезінде жүгерінің өсіп жетілу процессі оны жинап алғанға дейін жүреді, әрі осы кезеге дейін жасыл жапырақтар саны мол болады.
Республика жағдайында орташа ылғалды жылдары жүгеріні шамамен 4300-4400 м 3 суғару нормасымен 5 рет суғаруға болса, ал жауын-шашын аз жылдары гектарына 5000 м 3 суғару нормасымен кемі 6 рет суғару қажет болады. Алматы облысы жағдайында бұл дақыл 2300-2400 м 3 /га суғару нормасымен 3 рет суғарылады.
Еліміздің оңтүстік-шығыс жағдайында жүгерінің өсіп жетілу кезеңінде жүргізілетін суғару санын азайту мақсатында қыс айларында топырақ қабатын 1, 5-2, 0 м тереңдікке дейін ылғалдауға мүмкіндік болатын гектарына 1500-2000 м 3 мөлшерде 2 рет суғарады. Жүгері жапырақ бетінің жақсы өсіп жетілу кезеңі маусымның 15-нен тамыздың 1-і аралығында жүреді. Әдеттегі сумен салыстырғанда төгінді сумен суғару кезінде жүгері гектарына 110-130 центнерге мол өнім береді. Өсіру технологиясын толық сақтаған жағдайда бұл дақылдың өнімділігі гектарына 570 центнерден артады.
Суғарудың ең қолайлы тәсілі топырақ бетімен арықтар арқылы суғару. Арықтардың ұзындығы шамамен 200-250 м, су ағысы секундына 0, 4/0, 2 және 0, 6/0, 3 литр шамасында. Егер жер бетінің көлбеулігі қалыпты жағдайдан жоғары болса онда топырақтың беткі қабатының жуылуын болдырмау мақсатында, арықтың ұзына бойы, белгілі бір арақашықтықта (30-50 м) культиватордың көмегімен топырақ үйгіштер арқылы көлденең үйінділер жасау ұсынылады.
Республикамыздың оңтүстік-шығыс облыстары жағдайында «Днепр», «Фрегат» жаңбырлатқыш машиналарын пайдаланып суғару мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.
Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысы жер асты жабық суармалы жерлерінде суғару процессін жүргізу үшін көрсетілген сұлбада арнайы шлангтер жиынтығын пайдалану ұсынылады. Тасымалдаушы тұрбаларды жер еңісіне көлбеу бағытта әрбір 400 метр сайын гидрант - ұңғылар қалдыру арқылы орналастырылады. Жабық жер асты тұрбаларының арасы 400 метр шамасында болуы тиіс. Гидрант - ұңғылар су екі жаққа тарағанда 4 қолды, ал бір бағытта тарағанда 2 қолды болады. Әрбір ұңғыда суды ашуға және жабуға арналған қондырғылар болады да олар суғарғыш шланглерге жалғанады. Тасымалдағыш және суғарғыш шланглердің ұзындығы 200 м шамасында. Суғарғыш шланглерде арыққа берілетін су ағысына байланысты 8 - 12 мм-лік тесіктер болады. Бір суғарғыш шлангтің 0, 7 м-лік қатар аралықта 286 арыққа су беруге мүмкіндігі бар. Әрбір шлангтің диаметрі берілетін су мөлшеріне байланысты таңдап алынады. Барлық суғару шланглері бір уақытта іске қосылады. Гидрант - ұңғыдағы су шығымы секундына 150-200 литрден аспауы тиіс. Осындай суғару жиынтығы бір позицияда 16 гектар жерді суғарады.
Жоңышқа. Жоңышқа - басқа дақылдар суды қажет етпейтін кезеңдерде су пайдалану мүмкіндігі жоғары, ылғал сүйгіш өсімдік. Сонымен қатар ол топырақтың құрылымын қалыпқа келтіріп, мол тамыр жүйелерінің арқасында ондағы қоректік заттың мөлшерін арттырады.
Жоңышқаның тұзға төзімділігі өте жоғары. Ол су мөлшерінің шамадан тыс жоғары болуы кезеңдерінде төзімділік танытып, топырақты тұзданудан сақтайды, әрі топырақтағы тұздың біраз мөлшерін өніммен қоса алып шығады. Тамырдағы түйнек бактерияларының көмегімен азот түзу мүмкіндігіне ие. Жоңышқа дақылы интенсивті егілетін алқаптарда топырақтағы тұздың мөлшері азайғаны байқалып, сода түзілу процессі тежелген.
Таза сумен салыстырғанда қала төгінді суларымен суғару кезінде жоңышқадан гектарына 140-170 центнерге дейін қосымша өнім алынып, орташа өнімділік 500-700 ц/га болған. Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында жоңышқаны бір орында басқа дақылмен ауыстырмастан қатарынан 4 жыл егуге болса, ал Жамбыл, Алматы облыстарында - 3 жылдан артық егуге болмайды. Дақылды суғаруды топырақтың суғарар алдындағы ылғалдылығы 70 пайыз шамасында болғанда жүргізген дұрыс. Барлық жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда толық төрт орым жасауға болады. Әр орымның арасы шамамен 30 . . . 66 күнді құрайды. Алматы облысы жағдайында, егер қысқы суғару жүргізілген болса онда, бірінші орымды алғашқы суғаруды жүргізгенге дейін жасауға болады.
Жоңышқаның өсіп жетілу кезеңінде Оңтүстік Қазақстан облысында орта есеппен гектарына 6000-7000 м 3 суғару нормасымен 7 . . . 8 рет су берілсе, Жамбыл облысында бұл көрсеткіш 5400-7000 м 3 /га нормасымен 6 . . . 8 рет, Алматы облысында 4500-5600 м 3 /га нормасымен 5 . . . 6 рет жүргізіледі.
Бірінші жылдық жоңышқаның қыстап шығу мүмкіндігі төмен. Сондықтан жоңышқаның соңғы орымын қыстың алғашқы аязы басталғанша біршама өсіп жетілетіндей етіп жүргізеді.
Жоңышқаны жолақтап, алқапты жая суғарады. Жолақтың ұзындығы арықтың ұзындығындай етіп алынады. Суғаруды дұрыс ұйымдастыру мақсатында кейде жоңышқа себілген терең емес арықшалар арқылы да су жіберу ұсынылады. Еліміздің оңтүстік - шығыс аймақтарында барлық санитарлық талаптар сақталған жағдайда жаңбырлатып суғару тәсілін қолдануға болады.
Астық дақылдары. Астық дақылдары ауыспалы егістікте ерекше орын алады. Біздің елімізде дән алу мақсатында астық дақылдарын төгінді сумен суғару нашар зерттелген. Көптеген авторлардың мәліметтері бойынша ТПСЖ жағдайында астық дақылдары бір қалыпты пісіп жетілмейді, әрі жатаған келеді. Сондай-ақ төгінді су құрамындағы көп мөлшердегі азот сабан салмағының артып, дән өнімділігінің төмендеуіне әкеп соқтырады.
Күздік бидайға қарағанда жаздық бидайдың өнімділігі біршама төмен болғанымен құрамындағы протеиннің мөлшері бойынша (шамамен суғарылмайтын жерде 20, 1%, суғарылатын жерде - 20, 6%) жоғары. Сонымен қатар жаздық бидай күздікке қарағанда жатып қалуға, жапырақ татына төзімді. Мүмкіндігінше ауыспалы егістікке жаздық қара бидайды, арпаны, сұлыны кіргізген дұрыс. Бұл астық дақылдары төгінді суда жақсы нәтиже береді.
Астық дақылдарының ішінде жүгері дақылы ерекшеленуде. Бұл дақыл үшін топырақ құрамында қоректік заттардың мол болғаны абзал. Сол себепті суғару процессін жүгерінің өсіп жетілу кезеңінде жүргізеді. Осы кезеңде екі рет суғару жүргізу жүгері дәнінің шығымын гектарына 13, 7 центнерге арттырды. Сондай-ақ төгінді сумен муғарылған жүгерінің жапырақтары мен сабақтары жасыл, балауса күйінде қалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz