Компьютерлік және телекомуникациялық желілер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Зертханалық жұмыс №1

Такырыбы: Компьютерлік және телекомуникациялық желілер. Локальды есептеу желілерін құру негіздері. Жергілікті программалық қамтама Windows XP арқылы ЖЕЖде жұмыс істеу

(тапсырма атауы)

Мақсаты: Wіndows- XP арқылы бір рангілі желі тәртібінде және белгіленген файлды-сервер тәртібіндегі жұмысы.

Келесі сұрақтарға жауап беру және тапсырмаларды орындау:

1. Желілік қосудың қасиеттері терезесін қалай шақыруға болады?

2. Желіге қосылу үшін қандай құрылғылар пайдаланылады?

3. Таңдалған қосылуды орындау үшін қандай программалық компоненттер орнатылған? Олардың қызметтері қандай?

4. Желелік адаптерді баптауды қалай жүргізу керек?

5. Желі адаптерінің драйверін қалай қайта орнатуға немесе жаңа версиясын орнатуға болады?

6. Компьютеріңіздің желідегі атауын, компьютер тиісті домен атын немесе жұмыс тобының атын қалай анықтайды?

7. Компьютердің IP-адресін қалай анықтаймыз?

8. Желінің барлық құрылымдық схемасын қалай қарап шығуға болады?

9. Басқа дербес компьютердің желілік ресурстарын қалай қарап шығуға болады

10. Сіздің дербес компьютеріңіздің жергілікті ресурстарын қалай желілік жасаймыз?

11. Басқа қолданушының желілік қапшығын қалай қосу керек?

12. Пуск менюінің орындау командасын желілік ресурсқа қол жеткізу, басқа ДК ақпарат беру үшін қалай пайдалану керек?

13. Сізде бөлінген принтерге қатынас бар ма қалай анықтауға болады?

Орындау әдісі

1. Желілік қосу қасиеті терезесінде компьютеріңізде қандай желілік плата орналасқаның анықтаңыз. Желілік қосу қасиеті терезесін шақыру үшін Желілік қамтама белгісіне тышқанның оң батырмасын басу және ашылған тізімде Қасиет пунктін таңдаңыз. Желілік қосу терезесінде (Network Connection) Локалды желі арқылы қосу (Local Area Connection) белгісін таңдаңыз (егер желілік қосу бірнеше болса, онда белгілер де бірнеше болуы мүмкін) және оған тышқанның оң батырмасын басып тағы да Қасиет терезесіне өтіңіз (Properties) . Осыдан кейін Желілік қосу терезесінің қасиеті сұхбат терезесі (Local Area Connection Properties) ашылуы керек, осы жерде қосуды ұйымдастыру үшін қандай құрылғы

пайдаланылғаны (мысалы, Realtek RTL8139/810X Family PCI Fast Ethernet NIC арқылы қосылу) және таңдалған қосылуда қандай компоненттер пайдаланылатыны көрсетіледі. Сіздің компьютеріңізде орнатылған қызметтер және хаттамалар тізімін қарап шығып, олардың жұмыстарымен танысыңыз.

MS жүйесінің клиенті Берілген компьютерге желі ресурстарына қатынас құруға мүмкіндік беретін арнайы программалық қамтама

MS жүйесінің

файлдары мен

принтерлеріне қосу

қызметі Басқа да компьютерлерге берілген компьютердің файлдары мен принтеріне желі көмегімен қатынас құруды қамтамасыз ететін желелік программалық қамтаманың ішкі жүйесі

TCP/IP Локалді желі және әртүрлі арақатынастағы желілер арқылы байланысқан компьютерлер арасында қатынасты қамтамасыз ететін Желілік хаттама

Желілік қосу терезесінде желілік адаптердің драйверін қайта орнатуға немесе драйвердің жаңа версиясын орнатуға болады. Ол үшін Баптау (Configure) батырмасын басыңыз. Желілік адаптер қасиетінің жаңа сұхбат терезесінде Драйвер вкладкасына өтіңіз және Жаңарту (Update Driver) батырмасын басыңыз. Осы кезде Жаңа драйверді орнату шебері іске қосылады. Драйверлері бар директорияға көрсетілген жолды пайдалана отырып орнату шебері желілік

адаптердің драйверін инсталяциялайды. Құрылғыларды жаңарту шебері терезесінде болдырмау батырмасын басыңыз.

Желілік адаптердің қасиеті сұхбат терезесі драйверді қайта орнату мен қатар адаптердің өзін де баптауға мүмкіндік береді (Қосымша вкладкасы) . Бірақ желілік адаптердің сипаттарын өзгертудің қажеті жоқ. Үндемес режимінде орнатылған барлық орнатулар оптимальді болып табылады. Барлық терезелерді жабыңыз.

TCP/IP Желілік хаттамасы желідегі әрбір компьютерге бірегей ат және IP-адрес берілуін талап етеді. Сіздің компьютеріңіздің желідегі атын білу үшін Басқару панелінен (Control Panel) Жүйе (System) сұхбат терезесін ашыңыз және Компьютердің аты вкладкасында компьютердің атын (Толық аты), компьютер жататын домен атын немесе жұмыс тобының атын анықтаңыз. Барлық терезелерді жабыңыз.

5 Компьютеріңіздің ІР-адресін анықтау үшін Желілік қосу қасиеті (Local Area Connection Properties) сұхбат терезесін ашыңыз. Жалпы (General) вкладкасында Internet Protocol (TCP/IP) хаттамасын белгілеңіз және Қасиет (Properties) батырмасын басыңыз. Сіздің алдыңызда компьютердің 192. 168. x. х диапазонында орналасу керек ІР-адресін және (255. 255. 255. 0) ішкі желі маскасын, компьютер орналасқан желі сегментін анықтауға мүмкіндік беретін сұхбат терезесі ашылады. Барлық терезелерді жабыңыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауқымды желілер. Интернет
Білімді ақпараттандырудың техникалық құралдары
Fast Ethernet стандартындағы жоғары жылдамдықты жергілікті есептеуіш желісін жобалау
Ақпараттық желілер құрудағы дамыған елдердің тәжірибесі, даму мәселелері мен негізгі бет алысы
Компьютердің негізгі блоктарының элементтерінің негіздерін ұымдастыру
Информатиканың теориялық негіздері
Бағдарламалау тілдері пәнінен жасалған электронды курсқа интерактивтілік кіргізу
Құжаттарды бір-бірімен ұқсастығы
Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларына информатиканы проблемалық оқыту
Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz