Бата сөзінің зерттелуі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҒЫЛЫМИ ЖОБА
Тақырыбы:
Аталы сөз-баталы сөз
Секциясы: этномәдениет

Орындаған ... ... ... ... .. сынып оқушысы
Жетекшісі:

2020-2021 оқу жылы
Мазмұны
Кіріспе
I.Негізгі бөлім
Бата сөзінің зерттелуі
II.Зерттеу бөлімі
1.Батаның түрлері және қолданылуы
ІІІ. Тәжірибелік бөлім
IҮ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Аңдатпа

Бұл ғылыми жоба- ата-бабаларымыздан келе жатқан асыл қазына, салт-дәстүріміздің бірі - бата берудің халқымыздың тарихында алатын орны мен ұрпқ тәрбиесіндегі мән-маңызын ашуға арналған. Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі, сөз өнері- бата туралы айтылады. Бүгінгі жас ұрпақ халқымыздың бата беру дәстүрі туралы білуі керектігі, бата мен тілектің айырмашылығы, батаның адам өміріндегі маңызы мен алатын орны туралы білу, Бата беру дәстүрін ұмытпай, оны күнделікті өмірімізге енгізу қажеттілігін осы жұмыс арқылы дәлелдегім келеді.

Аnnotion
This project about our nation s oledest tradition a blessing and its importance of our nations usually life. A blessing is one of the important tradition of kazahs. Todays young people should know about this tradition and use it in their usually life. I want to show it s importance of among young people.

Аннотация
Этот научный проектпосвящен замечательной национальной традиции Бата (Благословение).
Бата занимает значительное место в истории казахского народа и играет большую роль в воспитании молодого поколения. Мы считеаем, что школьники должный знать как и кому даётся бата от пожелания, какое влияние оказывает и какое место занимает бата в жизни человека.
Мы хотим доказать, что Бата как сокровище национальной традиции средство воспитания детей, должна войти в нашу повседневную жизнь.

ПІКІР

-сынып оқушысы ... ... Аталы сөз-баталы сөз атты ғылыми жобасы ата-бабаларымыздан келе жатқан асыл қазына, салт-дәстүріміздің бірі - бата берудің халқымыздың тарихында алатын орны мен ұрпақ тәрбиесіндегі мән-маңызын ашуға арналған.
Батаның өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты сипаттап мәліметтер жинақтаған.Бата сөздердің мән-мағынасын жете түсініп, қасиетін пайымдап, ұлттық тәрбиеміздің ажырамас бір бөлігі, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыздың озық үлгісі екенін анықтап отыр. Бата сөздердің қыр-сырын терең ұғына отырып, олардың халқымыздың өміріндегі мән-маңызын ашып, ұрпақ тәрбиесіндегі алатын орны зор екенін мәлімдейді.
Бата жайлы баспасөз, энциклопедия, интернет материалдарымен жүйелі түрде танысып, оларды жүйелеп, жинақтап, ғылыми ізденіп, деректер жинақтаған.

Кіріспе
Қазақ халқының ұлттық мәдени игіліктерінің ішінде, елдің рухани қазынасында бата сөздердің мән-мағынасы, қадір-қасиеті айрықша бағалы. Өйткені, қанымызға сіңісті, жанымызға жұғымды, ой-санымызға нұрлы шуақ сыйлап, сілкіндіріп серпілтетін, марқайтып қанаттандыратын осынау ақыл, нақыл сөздер - тәрбиенің бастау бұлағы. Аталардың қасиетті өсиеті - ғасырлар бойы мысқалдап жиналып, ақыл елегінен өткізіліп тексерілген өмір тәжірибесінің, тарихи санасының даналық қорытындысы, адамгершіліктің ереже-қағидасы іспеттес.
Халқымыздың өзі Жаңбырменен жер көрегеді, батаменен ер көгереді деп тегін айтпаса керек. Жақсы сөз - жарым ырыс екеніне сенген халық батаны әрбір жақсылықтың бастауы деп есептейді. Оған терең мән береді.Бата сөздер біздің күнделікті өмірімізде ісіміздің алға басуына, тұрмысымыздың оңалуына игі әсерін тигізіп қана қоймай, ол ұрпақ тәрбиесінде де айрықша рол атқарып келеді. Ол - халықтық тәрбиенің қайнар көзі, ол - заман таңбасы, әр дәуірдегі тәрбиенің пәрменділігін арттыру үшін қолданылған тәсіл деуге тиіспіз.
Бүгінгі таңда біз бата сөздердің мән-мағынасын жете түсініп, қасиетін пайымдап, ұлттық тәрбиеміздің ажырамас бір бөлігі, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыздың озық үлгісі ретінде қабылдап отырмыз. Соңдықтан, өскелең ұрпақты бата сөздерге мен берумен бірге бата алуға тырысуға үйретуіміз, баулуымыз қажет. Бата алу бақыт пен жақсылыққа жетудің ең ізгі жолы екеніне көздерін жеткізуіміз керек. Бұл жұмыстағы менің көздеген басты мақсатым да осы.
Өзектілігі:Бұрынғы ата-бабаларымыз батаны тәрбиенің қайнар көзі деп танып, оған үлкен мән берген. Ал қазіргі кезде сол жақсы дәстүрдің қадір-қасиеті жете бағаланбай жүр. Оның үлкен тәрбие құралы екені ескерілмей барады. Сондықтан, мен сол дәстүрді қайта жаңғыртып, оны өз құрбыларымның түсінгенін қаладым. Екіншіден, елімізде Мәдени мұра бағдарламасы қабылданған. Сол бағдарламада және Тұңғыш Елбасымыздың Жолдауында халқымыздың мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін дамыту көзделген. Мен соған өз үлесімді қосу үшін осы тақырыпты таңдадым.
Мақсаты: Бата сөздердің қыр-сырын терең ұғына отырып, олардың халқымыздың өміріндегі мән-маңызын ашу, ұрпақ тәрбиесіндегі орнын айқындау.
Міндеттері:
1. Бата сөзінің шығу тарихына зер салу.
2. Бата түрлерін ажырата білу.
3. Адам өміріне батаның тигізер пайдасын түсіндіру.
4. Бала тәрбиесіндегі батаның атқарар маңызына баға беру.

Негізгі бөлім
Халық аузындағы тілек-бата сөздерінің жиналуы, жариялануы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қолға алына бастады. Орыс академигі
В.В.Радловтың Түркі халықтарының халық әдебиеті үлгілері деген он томдық еңбегінің 1870 жылы жарық көрген үшінші томында бата сөздері жайлы айтылған. Аталған еңбектің Бата сөз тарауында жетпіс алты жолдан тұратын көне үлгідегі бес бата сөз берілген 2; 54. Соның үлгісінің бірі:
Е, құдайым, оңдасын!
Мың саулығың қоздасын!
Сегіз түйең боталап,
Сегіз келін қомдасын.
Тіленшінің биесін берсін!
Үйсін, Қоңыраттың түйесін берсін!
Біткен аруақ бәріне тие берсін!
Аллаһу акпар!
немесе:
Құдайым жарылқасын!
Бай қылсын!
Төрт түлігін сай қылсын!
Кетпес дәулет берсін!
Кең бейіл берсін!
Құрмалдығың қабыл болсын!
Тілегің дұрыс болсын!
Мұратың асыл болсын!
Тілеген тілегіңді берсін!
Аллаһу акпар!
Бата сөз үлгілері шығыстанушы ғалым Г.Н.Потаниннің жазбаларында да кездеседі:
Сабаң жиылмасын, іркітің басылмасын,
Жанторсық жаныңнан кетпесін,
Қойың өрістен кетпесін,
Биең желіден кетпесін,
Сауғаның бие болсын,
Жиғаның торсық болсын. 3; 30
Бата сөздердің жинақталып, жарық көруінде аталатын бағалы еңбек - А.Васильевтің "Қазақтың халық ауыз әдебиеті үлгілері" бойынша 1905 жылы Орынборда жарық көрген "Бата сөз" деп аталатын жинағы. Бұл жинаққа бата сөздердің 43 нұсқасы енген. Соның бірі:
Е, патша құдайым, жарылқағанмен жандас ет,
Ораздымен оттас ет.
Кімді жарылқасаң, соның қасында ет,
Алдағым әзір, шүкір тәубе,
Астыр-тастыр,
Үзілістірмей ойластыр,
Жақсылармен жанастыр,
Жамандардан адастыр!
Дәулетің зияда болсын,
Дұшпаның қияда болсын.
Құдайым тілегіңді берсін,
Тұсауыңды алсын!
Ерлердің дұғасы,
Жарандардың батасы,
Болмағай менің бұл батамның қатасы!
Тағы да бір құдайым жарылқасын,
Басыңа Қыдыр дарысын,
Иманың мен жасыңа Қыдыр дарысын!
Ішіп жүрген асыңа Қыдыр дарысын! 3; 38
Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Б.Уахатов сынды ғалымдардың халық ауыз әдебиетіне қатысты еңбектерінде бата-тілек сөздері туралы жіктеулер, топтастырулар кездесіп отырады.
Бата сөзі фатиха деген араб сөзімен төркіндес екендігін С.Негимов, К.Оразалин сынды зерттеушілер өз еңбектерінде атап өтеді. Мағынасы - алғыс ақ ниет, тілек білдіру.
А.Байтұрсынов: Бата - біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз. Батаны ақсақал адамдар айтады. Батагөй шалдар - басы бар табақты тартуға алып келгенде де, ас жеп болғанда да бата кылады. Көбінесе бата тамақ жеп болған соң істеледі" десе 4;47, XX ғасырдың басындағы әдебиет тарихындағы көрнекті әдебиет зерттеушілерінің бірі, ғалым Х.Досмұхамедов "Казахская народная литература" атты қысқаша очерктерінде батаны екіге бөледі: біріншісі - атаққа немесе өмірге ыңғайлы, икемі барлардың "өз ісінің шеберлерінен, мәселен, би, ақын, зергер т.б. табиғат өзі сыйлаған дарын-өнерін өзіне мирас етіп қалдыру үшін тілейтін ақ батасы" деп, ал екіншісі - "ас-дәмге ризашылық білдіріп, рахмет айту" 5;21, үшін берілетін бата деп қарастырса, академик М.Әуезов "Мұсылманшылық дінімен байланысы бар өлең сөздің тағы бір түрі - бата беру өлендері. Бірақ бұл өлеңдердің туысын ғана мұсылманшылық негізінен шықты деу керек. Дін салтындағы тілек, дұға сияқты сөздермен ұқсасады. Арабша айтатын дұғалардың орнына елдің өзі шығарған, тақпақтаған өлең, жыры болады. Дін сөзімен ұқсастыратын осы жері. Осыдан басқа өлеңнің қалған сөздері мен мағына жағын білдіретін тілектерін алсақ, оның барлығы да халықтың өз заңына үйлесіп, өз тіршілігінің қалпынан шығады... батаның түрі ғана діннен алынған, бірақ мағынасы мен мақсаты, барлық сөздері ел әдебиеті мен ел тіршілігінің өз туындысы болады,- дейді 6;45, М.Ғабдуллин "Қазақ халқының ауыз әдебиеті" еңбегінде бата сөздерді ешбір жерде жанр ретінде атамай, тек діни ұғымдарға байланысты өлеңдер тобында жаңа туған айға қаратылып айтылатын тілек өлеңін келтіре келіп, адамдар "өздері сиынған жаратылыстың алуандаған құбылыстарына жалбарынып тіл қатқан, тілек тілеген, көмек-жәрдем сұраған. Ертедегі адамдардың осы секілді әр түрлі жағдайда жасаған әрекеттері олардың ауыз әдебиетінен орын алған. Осындай сиыну, жалбарыну әрекеттері қазақ арасында да қолданылған және олар соңғы кезге дейін тұрмыс-салттан орын алып келген. Бертін келе, казақ арасындағы ислам діні және оның шарттары тараған кезде ауыз әдебиетінде діни ұғымдарды көрсететін жаңа шығармалар туғызады" деп қана атап өткен 7;54. Бата - Құдай алдында берілген серт, айтылған уағда, сұрап алған үкім,- дейді С.Дәуітұлы 8;13. Зерттеуші Б. Уахатов Бата-тілек өлеңдері деп атап, Бұл да қазақтың ескілікті әдет-ғұрпынан туған, батагөй қариялар айтатын сөз өнерінің бір түрі. Адам бойына жабысқан әртүрлі ауру-сырқауды сиқырлы сөзбен қуып, аластауға болады деп сенген халық, бір замандарда, бақ пен дәулетті де, бас амандығы мен байлықты да ақ тілеу айтып, бата беру арқылы, дарытуға болады деп түсінген. Жарылқаймын десе де, жабырқаймын десе де Қыдыр атаның қолында, соның еркі біледі деп есептеген. Бата қалың нөпір ел бас қосқан жиындардың, тойлардың, астардың соңында айтылады - деп, батаның халық санасындағы қызметін, мән-мағынасын ашып береді 9;131. Бата сөздер қамтылған тағы бір еңбек - қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, бастырған Ә. Диваевтың Қазақ халық творчествосы атты еңбегі. Мұнда елу тоғыз жолдан тұратын бата үлгілері берілген 10;24. Ғалым Н.Төреқұлов алғыс, бата, тілек өлеңдерді өнегелік (дидактикалық) өлеңдер қатарына жатқызған 11;34.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде батаға төмендегідей анықтама берілген: Бата - зат. діни. 1. Өлген адамға бағыштап, тамақтың алды-артынан оқылатын дұға, құранның бірінші сүресінің аты. 2. Игі тілек, алғыс деген түсініктеме береді. Сонымен қатар, батаға байланысты тіркестерді де береді: Бата бұзды. Дұға оқып, уәделескен серттен тайды. Бата берді. Игі тілек білдірді. Бата қылды. Дұға етті. Бата оқыр. Діни ырым. Өлген адамға бағышталып оқылатын дұға. Ақ бата (оң бата). Жолың болсын, ісің сәтті болсын деген жақсы тілек. Теріс бата. Риза болмағанда қолының сыртын жайып, қарғыс айту. Батагөй - сын. Батагөйлік - ақыл берушілік, көпті көрген, әрдайым тілектес адам. Баталас - ет. Көне. Құдай, құран атымен анттасу, серттесу. 2. Екі жақтың игі жақсыларымен ризаласып, құда болысу. Баталастыр. Баталас етістігінен жасалған өзгелік етістігі. Баталасу - баталас етістігінің қимыл атауы. Баталы - бата алған. Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас. Берейін бата мен деді (Батырлар жыры). Баталасып айттырған 12;145-146.
Қазақ кеңес энциклопедиясында бата сөз жанрына мынадай сипаттама берілген: Бата - қазақ халқының ғұрпында адал ниет, жақсы тілек білдірудің бір түрі. Өте ерте заманнан салтқа енген бата беру кейде өлеңмен, кейде тақпақ, көркем сөзбен айтылып, ауыз әдебиетінің бір жанры болып қалыптасты. Баталарда күнделікті өмірдің пайдалы жағын салыстырумен қатар анимистік-магиялық наным-сенімдердің элементі кездеседі. Белгілі бір істі бастарда, жауға, жолға, аңға шығарда айтылатын ақ тілеу, әзіз ақсақалдан бата алу салтында осы екеуінің де ізі бар. Кейін баталарға ислам дінінің әсері тиген..." 13;194. Ал Қазақ ССР-ның қысқаша энциклопедиясынан бата жөнінде мынаны оқимыз: Бата, бата беру - түркі-монғол халықтарының фольклорында кеңінен тараған жанр. Адамзат дамуының көне дәуірлерінде туған ырымдар мен магиялық наным-сенімдермен тығыз байланысты. Белгілі бір адамның өмірлі, бақытты, абыройлы болуына тілек білдіру үшін айтылады... 14;171.
Бүгінде бата түрлері көбейіп, мазмұны күн көзіндей жылулық пен жарық, ай нұрындай сұлулық беріп, аспандағы жұлдыздардай үміт оттарын жағып, көңілге жылу, денеге демеу, арманға соқпақ болып, ұлы далада самал желдей сенім туғызып, әрі ұрпақтан-ұрпаққа жөн сілтейді. Қазақ халқының фольклорлық мұрасында бата-тілек сөздерінің бүгінгі күнге дейін жиналып, жарық көруіне біраз үлес қосылды. Атап айтқанда, ел аузында, сондай-ақ түрлі мұрағаттарда қолжазба күйінде сақталған бата сөздерді топтастырған ғалым С. Негимовтың Ақ бата жинағы 16, М. Есламжанұлының Баталар 17, Қ. Ысқақовтың Ақ бата 18, К.Ж.Оразалиннің Ақ тілек, ақ бата 19, ғалым Н. Уәлиұлының Бата-тілектер 20, жинақтары құрастырылып, жарық көрді. Сонымен бірге, З.Б. Үмбеталинаның осы бағыттағы зерттеулері 21, батаның әдеби жанрлық тұрғыдан қарастырылуына арналса, тілдік тұрғыдан қолданыс ерекшелігі туралы ғалымдар Г.Смағұлованың 22, алғыс, қарғыс мәнді фразеологизмдердің семантикалық ерекшеліктері С.Төлекованың 23, Г.Рысбаеваның 24, еңбектерінде көрініс тапқан. Қазақтың салт-дәстүр, көне әдет-ғұрып үлгілерін жинаушы С. Кенжеахметұлы 25, Н.Өсерұлы 26, А. Жүнісұлы 27, сынды этнограф ғалымдардың еңбектерінен бата мен қарғысқа қатысты сөздердің топтамасын көруге болады. Бұл еңбектердің біразы - жинау, құрастыру бағытында орындалған, ғылыми зерттеу, енді біразы түрлі көзқарастар мен тұжырымдарды қамтитын еңбектер.
Батаның түрлері
Ғұрыпқа байланысты бата сөздер:
а) отбасы ғұрпына байланысты бата сөздер (бесікке салғанда, тұсау кесерде, үйлену тойында, қыз ұзатқанда, баласы оқуға түскенде, қаралы үйге бата оқу кезінде берілетін баталар, дастарқан батасы);
ә) маусымдық ғұрыпқа байланысты бата сөздер (наурыз батасы, жарамазан батасы).
2. Тұрмыс, кәсіпке байланысты бата сөздер (бие байлағанда, қоныс
тойларында, сапар шеккенде, көшкенде, еркіндікке шыққанда, аңға
шыққанда берілетін баталар).
3. Ерік батасы (қазақтың би-шешендері, ақын-жазушыларының тілек-баталары, қазақ ақындарының бата-өлеңдері)
Енді ғұрыпқа байланысты бата сөздердің бірнеше түрін қарастырайық.
Отбасы ғұрпына байланысты бата сөздер ізгі тілек тілеу мақсатымен қоса, сол ғұрыптардың орындалу рәсімінің бір бөлігі ретінде бекітуші қызметін де атқарады. Мәселен, бала дүниеге келгенде, бала қырқынан шыққан соң жасалатын бесікке салу рәсімі кезінде, бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң қаз-қаз тұрып, қара табан бола бастағандағы тұсау кесу кезінде, атқа мінгізгенде, ашамайға отырғызғанда, ұл үйленіп, жеке шаңырақ көтергенде, қыз ұзатқанда, келін түскенде, қаралы үйге бата оқу кезінде берілетін бата үлгілерінің тақырыбы мен мазмұны, мақсат-мұраты түгелдей осы салттарды өткізуге қатысты болып келеді.
Қазақтың дәстүрлі баталарының қатарында баланың дүниеге келуі, балаға ат қою салтымен байланысты киелі сөзге айналған бата сөздің небір жауһар үлгілері баршылық. Мәселен, Найманның Мұрын руынан шыққан Жолымбет деген қариясы 135 жыл өмір сүріпті. Жолымбет тек өз кіндігінен 316 отаудың шаңырағын көтерген. Бір өзінде 71 немере болған екен. Сол қарияның 105 жасқа келгенде бәйбішесі қайтыс болып, ағайын-туысқандары бала-шаға мен келін-кепшіктің бағуына қарап қалмасын деп, Қалия деген жесір әйелді алып береді. Қалияның ақылдылығы үшін елі оны "Дана апа" деп атап кетіпті. Жолымбет кария осы Қалиядан 107 жасында бір ер бала көреді. Ел-жұрт осы ұлан-асыр тойға Матайдан Жақсыбай биді шақырады. Сонда баланың атын Қосмұрат деп қойып, Жақсыбай би былай деп бата берген:
Қосмұрат болсын бала аты,
Жетілсін, өссін қанаты.
Ат аспаннан дейтұғын,
Бұрынғының санаты.
Алланың берген баласы,
Пенде де болмас шарасы.
Жүз жаста адам алжиды
Жүруге келмей шамасы.
Асқанда жүзден ұл берген,
Айналайын Алланың
Құдіретіне қарашы!
Емес пе бізге ғибадат,
Асыл менен жасықтың
Жер мен көктей арасы,
Қуанышқа ортақпыз,
Қайырлы болсын, нағашы.
Бұқар жырау дүниеге келгенде Әнет бабаның берген батасы да оның болашағына жолдама болған киелі сөз ретінде халық жадында қалған:
Есімің Бұқар болсын,
Мінгенің тұлпар болсын.
Дауысың сұңқар болсын,
Ісіңе халқың іңкәр болсын.
Бұқар жырау он жасқа дейін тілі шықпай делқұлы болып жүріпті. Жұрт оны "мылқау бала" деп жүргенде, қияли адам сияқтанып жүрген "мылқау бала" өлеңдетіп, тақпақтай сөйлеп кетіп, жұртты таң-тамаша қалдырған екен. Ал он екі жасынан азамат боп ел билігіне араласқан. Халық нанымындағы дуалы ауыздан шыққан киелі сөздің құдіретіне иландырар даусыз дәйектің бірі, міне, осындай.
Қазақ халқы қашанда ұрпағымен мақтанады, марқаяды. Сондықтан да ұл-қыздарының тәрбиесіне көп көңіл бөлген:
Ұл балаға бата:
Күннің жылуын берсін,
Айдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз тіркесінің зерттелуі. «Суггестия» термині
Қожа Ахмет Яссауидің өмірі
Бата, тілек, алғысқа байланысты айтылатын фраземалар және олардың мағыналық – тұлғалық ерекшеліктері
Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысы
Бата сөздерінің ғұрыпқа байланысты жіктелуі
Фразеологизмдердің уәжділік тұрғысынан зерттелуі
Көркем шығармадағы лингвомәдени бірліктер (М.Дулатов шығармашылығы бойынша)
Алыс, жақын шетелдік қазақтар тілінің зерттелуі
Әлеуметтік лингвистика
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СЫПАЙЫ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС АМАЛДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Пәндер