ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗИЯН ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Кафедра:

«Қорғауға жіберу»

Кафедра меңгерушісі

(Ф. И. О. )

« » 2021ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Экологиялық заңдарды бұзғандығы үшін жауапкершілік және экологиялық дауларды шешу»

5В030100 - «Құқықтану» мамандығы

Орындаған:
Орындаған:: Ғылыми жетекші:
:
:
Орындаған::
:
:
Орындаған::
:
:
Орындаған::
:
:
Орындаған::
:
:

Атырау, 20__

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢДАРДЫ БҰЗҒАНДЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК

1. 1 Экологиялық заңдарды бұзғандығы үшін құқықтық жауапкершілік ұғымы мен түсінігі 5
1. 2 Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері, экологиялық әкімшілік құқық бұзушылық, экологиялық қылмыстық құқық бұзушылық 8

1. 3 Экологиялық құқық бұзушылықтың құрамы 35

2. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗИЯН ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

2. 1 Экологиялық зиян және оны өтеудің мәселелері 40

2. 2 Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудан келтірілген залалды өтеудің міндеттілігі және зиянды өтеу тәртібі 44

2. 3 Экологиялық дауларды шешу тәртібі 45

ҚОРЫТЫНДЫ 47
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 48

АННОТАЦИЯ

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Экологиялық заңдарды бұзғандығы үшін жауапкершілік және экологиялық дауларды шешу».

Дипломдық жұмыстың сипаттамасы: Дипломдық жұмыс 2 бөлімнен тұрады:

1. Экологиялық заңдарды бұзғандығы үшін жауапкершілік бөлімі;

2. Экологиялық зиян және экологиялық дауларды шешу бөлімі;

Экологиялық заңдарды бұзғандығы үшін жауапкершілік бөлімінде экологиялық заңдарды бұзғандығы үшін құқықтық жауапкершілік ұғымы мен түсінігі, экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері, экологиялық әкімшілік құқық бұзушылық, экологиялық қылмыстық құқық бұзушылық, экологиялық құқық бұзушылықтың құрамы сипатталады.

Экологиялық зиян және экологиялық дауларды шешу бөлімінде экологиялық зиян және оны өтеудің мәселелері, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудан келтірілген залалды өтеудің міндеттілігі және зиянды өтеу тәртібі, экологиялық дауларды шешу тәртібі қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: экологиялық заң бұзушылықтың жолын кесу және болдырмау, экологияны, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстардың көздерін пайдалану, қолдану жөніндегі қатынастарды реттеуде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамаларын пайдалану.

Дипломдық жұмыстың әдіснамалық негізі: дипломдық жұмыстың әдіснамалық негізін белгілі қазақстандық және ресейлік ғалым заңгерлердің, экологиялық құқық жөніндегі мамандардың ғылыми еңбектері құрайды. Автор әдіснаманың ауқымды бөлігі етіп Қазақстан Республикасының экологиялық кодексін, әкімшілік құқық бұзушылық кодексін, қылмыстық кодексті басшылыққа алды.

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмысымның тақырыбы «Экологиялық заңдарды бұзғандығы үшін жауапкершілік және экологиялық дауларды шешу».

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: экологиялық заң бұзушылықтың жолын кесу және болдырмау, экологияны, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстардың көздерін пайдалану, қолдану жөніндегі қатынастарды реттеуде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамаларын пайдалану.

Экологиялық заңды орындамағаны үшін кінәлілер экологиялық құқық бұзудың түріне байланысты жауапкершілікке тартылады. Экологиялық құқық бұзушылық - бұл экологиялық заңдарды бұзу және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянын тигізетін құқыққа қарсы іс. Тұлғаның экологиялық заңдарға қайшы келетін әрекеттері экологиялық құқық бұзудың белгілері болып табылады.

Қазіргі кезде өндірістік кәсіпорындардың, зауыттардың көптеп салынуымен және дамуымен қатар елімізде экологиялық жағдай өршіп тұр және соған сәйкес экологиялық құқық бұзушылықтардың саны артуда. Оның себептері, біріншіден, өндірістік кәсіпорындарынан шығатын зиянды қалдықтардың, шығарындылардың көбеюі, олардың техникалық, экологиялық, санитарлық талаптарды орындамауы, экологиялық таза өнім шығаруда отандық кәсіпкерлеріміздің қызығушылығының болмауы, табиғи ресурстарды аямай пайдалануы, адамдардың экологиялық сана сезімінің төмендігі, келешек ұрпақтың денсаулығын ойламау және т. б.

Экологиялық заңды, құқықты бұзудың салдарынан тек экологиялық заң бұзушылық туындамайды, сонымен қатар табиғатымыз зардап шегіп, экологиялық зиян келеді. Экономикамызды көтереміз деп бар байлығымыз - шикізатты пайдалана берсек, оның сарқылу күні де туындайтынын ескеруіміз қажет. Сонымен қатар инвестиция тарту мақсатында бірнеше шетел өнеркәсіптері ашылып, олардың қазақстандық экологиялық заңнама талаптарына салғырттықпен қарауы да табиғатымыздың нашарлауына әкеліп соққанын жоққа шығара алмаймыз. Кезінде Совет өкіметінде «Барлығы - ортақ байлық» деген ұранды үлгі ету арқасында Арал өзенінің экологиялық қасіретке ұшырағанын білеміз, ал қазір шетел азаматарының, отандық өз басын ойлайтын ғана кәсіпкерлеріміздің жемі болып отырмыз. Қазақстанның пайдалы қазбаларға бай екенін білеміз, алайда табиғи ресурстарды ала бермей, басқа елдерден жеткізілетін табиғи ресурстарды өңдеумен айналысу уақыты да келді. Қазіргі таңда шикізатпен айналысатын зауыттардың көбеюіне байланысты олардан шығатын қалдықтар да көбеюде.

Бүгінгі таңда ғылымның бір ағымы, қоғам талабы, адамзаттың күн көрісі үшін табиғат байлығын пайдалануды кеңейтуді қажет деп тапса, келесі бір ағым қоғам талабына, адамзат қажеттілігіне қарама-қарсы, яғни табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы қажеттігін айтады. Демек өндірістік дамудың зиянды жерін азайта отырып, табиғатқа ешбір залал келтірмей, оның өзін-өзі реттеп отыру белсенділігін сақтау деген сөз.

Зерттеу жұмысында анықталғандай Қазақстанның бүкіл аумағының экологиялық жағдайы өте нашар. Бұл өз кезегінде азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіреді. Сондықтан да бүгін қоршаған ортаны, ондағы тіршілік иелерін оның залалынан қорғаудың мәселесі өткір тұр. Соған орай экология саласында құқықтық зерттеулерді жан-жақты жүргізу қажет.

Ата заңымыз негізінде азаматтардың қолайлы қоршаған ортада өмір сүруі құқығы танылған. Қоршаған ортаның қолайсыздығынан келтірілген залалдың орнын толтыру құқығы да негізделген. Бірақ бұл өте күрделі теориялық та, практикалық та маңызы зор мәселе. Осы күрделі мәселені шешу көптеген ғылымдардың атсалысуын қажет етеді. Соның ішінде құқық ғылымының рөлі зор. Құқық - бұл саладағы туындаған қоғамдық қатынастарды реттеп, олардың дамуын қамтамасыз етеді.

Дипломдық жұмысымды жазу барысында Ә. Стамқұлұлы, С. А. Боголюбов, Б. В. Ерофеев, М. М. Бринчук, Ғ. Сапарғалиев, Д. Л. Байдельдинов және тағы басқа ғалымдардың еңбектерін, оқулықтарын, заңдарды, кодекстерді және интернет желісін пайдаландым.

Дипломдық жұмыстың құрылымы, көлемі: дипломдық жұмысым кіріспеден, 6 тақырыпшаны құрайтын 2 бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢДАРДЫ БҰЗҒАНДЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК

1. 1 Экологиялық заңдарды бұзғандығы үшін құқықтық жауапкершілік ұғымы мен түсінігі

Экологиялық заңды бұзушылық - бұл экологиялық заңдарды бұзу және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянын тигізетін құқыққа қарсы іс. Экологиялық заңды орындамағаны үшін кінәлілер экологиялық құқық бұзудың түріне байланысты жауапкершілікке тартылады. Жеке және заңды тұлғаның экологиялық заңдарға қайшы келетін іс-әрекеттері экологиялық құқық бұзудың белгілері болып табылады.

Заңды тұлғалардың, сондай-ақ азаматтардың тарапынан экологиялық заңнаманы сақтаудың маңызды шарты экологиялық құқық бұзушылық жасағандығы үшін және экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауапкершіліктің мемлекеттік шараларын белгілеу болып табылады. Мысалы, бұл салада заңсыз аң аулау мен су кәсіпшіліктерімен заңсыз айналысу фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істердің елеулі саны байқалады. Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің деректері бойынша экологиялық заңды бұзғаны үшін жыл сайын кінәлі адамдардан экологиялық айыппұлдар мен төлемдер ретінде 600 млн астам теңге алынады. Сонымен бірге, жауапкершілік шараларын қолдану тиімді болмай отыр. Бұл экологиялық заңнаманы бұзғандығы үшін жауапкершілік институты теориясы әзірленуі деңгейінің жеткіліксіз болуымен түсіндіріледі. Экологиялық құқықтың ерекшелігі мынада болып табылады: ол құқықтық реттеудің дербес объектісімен кіші салаларды біріктіретін құқықтың кешенді, ықпалдасқан саласы ретінде сипатталады. Бұл экологиялық заңнаманы реттеудің жалпы объектісінің ерекшелігімен байланысты болады.

Адамды қоршаған табиғат ортасы өзінің құрамдас бөліктерін - жерді, суды, орманды, жер қойнауын, жануарлар дүниесі мен атмосфералық ауаны біріктіретін кешен болып табылады. Осыданда экологиялық жауапкершілік шараларын реттейтін нормалар да ерекше сипатқа ие болады. Табиғат объектісі туралы әрбір кодексте жер, су, орман, тау-кен заңнамалары және т. б. бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Жауапкершіліктің осы шараларын қолданатын мемлекеттік органдар да бар. Бұл арада да табиғат объектілері бойынша саралау болады.

2007 жылдың 9 қаңтарында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің қабылдануы нәтижесінде табиғаттың жекелеген объектілер үшін жауапкершілік мәселелері бір нормативтік актіге топтастырылған. Сөйтіп, табиғаттың жеке объектісін пайдалануды қорғаудың нормалары мен ережелерін бұзу барлық табиғат кешенін бұзу деп танылады.

2019 жылдың желтоқсан айында үкімет отырысы барысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев:

Экологиялық кодекс 7 негізгі принциптерден тұрады, оларды жүзеге асыру, министрдің айтуынша, қоршаған ортаның ахуалын жақсартады.

«Бірінші принцип - «ластаушы төлейді және түзетеді». Мемлекет табиғатты пайдаланушыға экологиялық айыппұл төлегенше, қоршаған ортаға зиян келтіруге жол бермейтін шаралар қолдану тиімді болатын жағдай жасауға тиіс. Бұдан бөлек, экологияға зиян келтірген ластаушы қоршаған ортаны бастапқы қалпына келтіруге міндетті», - деді министр.

Екінші принцип - қоршаған ортаға әсерді бағалауға жаңа тұрғыдан қарау. Осы принципке сәйкес, қоршаған ортаға әсерді бағалау процедурасынан өту талабы өз үлесіне шығарылатын зиянды заттардың 80% келетін «бірінші санаттағы» 2, 6 мың кәсіпорынға (бұрын мұндай талап 19 мың кәсіпорынға қолданған еді) қатысты болады. Атап айтарлығы, қоғам қоршаған ортаға әсерді бағалаудың барлық кезеңдеріне қатысатын болады.

Үшінші және төртінші принциптер эмиссиялар үшін төлемдерге қатысты болмақ. Жаңа ережелерге сәйкес, зиянды заттарды шығару көлемін азайтуға мүмкіндік беретін қолжетімді технологиялардың үздігін енгізген кәсіпорындар эмиссиялар төлемдерінен босатылады. Ал егер олар қолжетімді технологиялардың үздігіне көшпейтін болса, эмиссиялар көбейетін болады. Бұдан бөлек, енді эмиссия төлемдері 100% көлемінде экологиялық шараларға жұмсалатын болады.

«Бесінші принцип - зиянды заттардың шығарылуына мониторинг жасаудың автоматтандырылған жүйесін құру. Экологиялық кодекстің жобасында I-санаттағы нысандар үшін шығарылған және төгілген зиянды заттардың сандық және сапалық құрамы туралы уақтылы және анықталған ақпаратты алу мақсатында мәліметтерді өкілетті органға жіберетін өндірістік экологиялық мониторингтің міндетті түрде автоматтандырылуы қарастырылған», - деді Мырзағалиев.

Сонымен бірге, кодекске экологиялық бақылауды күшейту принципі енгізілген. Енді экологиялық құқық бұзушылық үшін әкімшілік айыппұлдар 10 есе артатын болады.

«Жетінші принцип - өндіріс пен тұтыну қалдықтарын басқаруды жетілдіру. Рұқсат берілмеген қоқыс орындарының санын қысқарту мақсатында қалдықтарды өңдеумен және ұқсатумен айналысатын кәсіпорындардың қызметін лицензиялау енгізіледі, ал қоқыс шығарумен айналысатын ұйымдардың қызметі хабарлау сипатында болады», - деп түйіндеді Мырзағалиев.

Экологиялық-құқықтық жауапкершілік - бұл нормалардың екі тобын және оларға тиісті құқық қатынастарын көздейтін құқық институтының кешенді салықаралық институты. Олар:

А) экологиялық заңнамалар нормаларының бұзылуы жөнінде туындайтын;

Б) құқықты бұзғаны үшін санкцияларды (қылмыстық, әкімшілік, азаматтық) қолданумен байланысты одан әрі жалғасатын құқық қатынастары.

Бұл анықтама құқықтың басқа салалары жауапкершілігінің шараларын қолдана отырып, экологиялық құқық нормаларының бұзылуы ретінде экологиялық жауапкершіліктің табиғатын ашады.

Б. В. Ерофеев мынаны атап көрсетеді: заңдық және экологиялық-құқықтық жауапкершілік «болмысын» үш әр алуан, бірақ өзара байланысты мәнінде қарастырған жөн:

1) мемлекеттік мәжбүрлеу және заңмен жазылған талаптарды орындау;

2) мемлекет пен құқық бұзушы арасында туындайтын қорғау қатынастары ауқымында іске асатын, ол әрекет қолайсыз құқықтық санкцияларға ұшырауына алып келетін құқықтық қатынастың туындауы;

3) мемлекет пен оның органдарының құқық бұзушыға ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолданудың түрлерін, құралдары мен тәртібін баянды ететін заңдық нормалардың жиынтығы болып табылады.

Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік белгілі бір мақсаттарды орындауға бағытталған, ол мақсаттардың негізгісі мемлекет белгілеген экологиялық тәртіпті қамтамасыз ету. Бұл құқық институты мына негізгі:

1) құқық нормаларын сақтауға, экологиялық-құқықтық нұсқамалықтарды орындауға ынталандыратын;

2) қоршаған ортадағы ысырапты өтеуге өтемдік және адам денсаулығын қалпына келтіру;

3) жаңадан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ететін ескерту;

4) экологиялық құқық бұзушылықты жасаған адамға жаза қолдануда орын алатын жазалау міндеттерін орындайды.

Сонымен, мынадай анықтаманы тұжырымдауға болады: экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік институты - кінәлі емес адамдардың заңда баянды етілген экологиялық құқық тәртібін сақтау мақсатында оларға мәжбүрлеу ықпалының мемлекеттік шаралары жүйесін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік туындауының негізі экологиялық құқық бұзушылықты жасау болып табылады, одан экологиялық құқықтың нормаларын реттеуді бұзатын құқыққа қарсы кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік, мемлекетке, табиғат пайдаланушыға және қоршаған ортаға зиян келтіретін, ал осы арқылы адамның денсаулығына не қоғамдық қауіпсіздікке зиян келтірудің нақты мазмұны болатын қоғамдық қатынастар түсініледі.

Бұл анықтамадан мынаны аңғаруға болады: экологиялық құқық бұзушылық бұл табиғат қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану ережелерін бұзатын құқыққа қарсы әрекет. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасында түрлі жауаптылық қолданылатыны жайлы білу және оның ауырлығына қарай бөлінетіні ескерілуі қажет.

Жауаптылық институты - біздің қоғамдық өміріміздің барлық аясынан өтеді. Экология мәселесі бойынша бұл - мемлекеттің, адамның, қоғамның болашақ ұрпақ және табиғи пайдаланушы алдындағы жауапкершілігі.

Экологиялық жауаптылық - бұл кешенді әлеуметтік-экономикалық және құқықтық институт. Экологиялық жауаптылықтың екі түрлі нысаны бар - экономикалық және заңды. Мұндай нысанға бөлу, оның қатынасының сипатымен реттеу әдістеріне байланысты. Экономикалық немесе эколого-экономикалық жауаптылық ластанушының материалдық мүддесінің құқықтық қызметіне негізделеді және экономикалық әдістермен реттелінеді. Ол қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастың «ластаушы - өтейді» деген қағидасынан шығады. Заңды жауапкершілік құқыққа қайшы әрекеттерден туындайды және әкімшіліқ құқықтық әдістермен реттеледі. Бұл нысандар қосылып, жалпы экологиялық жауапкершілік институтын құрайды. Заңды жауапкершілік бұл табиғатты құқықтық қорғаудағы маңызды құралы болып табылады, оның тағайындалуы табиғатты қорғауға байланысты заңдарды дұрыс орындауын қамтамасыз етуден тұрады. Құқықтық тәртіпті сақтаумен қатар заңды жауаптылық адамдарды табиғат ресустарына, жерді, суды, жер қойнауын, орманды, өсімдіктер әлемін, жануарлар дүниесін, ауаны қорғауға байланысты шаруашылық қатынасқа тәрбиелеуді мақсат тұтады. Заңдылық жауапкершілікті - құқықтық нормада көрсетілген негіздерді бұзғанда пайда болатын қолайсыз салдар деп анықтауға болады. Экологияға байланысты заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық заңды жауапкершіліктің жалпы қағидаларына сүйенеді. Бұндай қағидаларға, құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік үшін жауаптылық, кінәсі үшін жауаптылық, заңдылық, жауаптылықтан бас тарту принципі жатады.

1. 2 Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері, экологиялық әкімшілік құқық бұзушылық, экологиялық қылмыстық құқық бұзушылық

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 319 - бабында экологиялық құқық бұзушылықтардың тізбесі берілген. Осы нормаға сәйкес экологиялық құқық бұзушылықтардың түрлеріне:

1) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын мүліктік жауапкершілікке әкеп соғатын бұзушылық;

2) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;

3) экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар жатады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінде 21 тарау «қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» деп аталады. Ол тарауда 77-бап қамтылған. Ол тарауда мынадай экологиялық әкімшілік құқық бұзушылықтар қамтылған:

1. 324-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзу. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптардың нормаларын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қоршаған ортаға келтiрілген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Лауазымды адамдардың қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптардың белгіленген нормаларын арттыруға немесе төмендетуге нұсқаулар немесе рұқсаттар беруi - жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. 325-бап. Өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу талаптарын бұзу. Өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу талаптарын бұзу - жеке тұлғаларға - жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. 326-бап. Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат пайдалану шарттарын орындамау. Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат пайдалану шарттарын орындамау - лауазымды адамдарға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекеттер - лауазымды адамдарға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қоршаған ортаға аса ірі залал келтірумен, халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндірумен ұштасқан, көзделген дәл сол әрекеттер - экологиялық рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз, лауазымды адамдарға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. 327-бап. Ластаушы заттардың өндiрiстiк нормативтен тыс тасталуы мен шығарылуы, қалдықтардың орналастырылуы туралы хабарламау. Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық заңнаманың орындалуын мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарға ластаушы заттардың өндiрiстiк нормативтен тыс тасталуы мен шығарылуы, қалдықтарды орналастыру және қоршаған ортаға басқа да зиянды авариялық әсер етулерi туралы хабарламау немесе бұрмаланған ақпаратты хабарлау - жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. 328-бап. Экологиялық рұқсатта белгiленген, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi не экологиялық рұқсаттың болмауы. Жобалау құжаттамасында және экологиялық рұқсатта белгiленген, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi не экологиялық рұқсаттың болмауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса - жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне эмиссиялардың асырылған көлемi үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға төлемақы мөлшерлемесінің бiр мың пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. 329-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген және қосымша алынған көлемінен асып кету. Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген және қосымша алынған көлемінен асып кету - қондырғы операторларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сатып алынған квоталар бірліктерімен және жобаларды іске асыру нәтижесінде алынған көміртегі бірліктерімен өтелмеген, квотаның белгіленген көлемінен асатын әрбір бірлігі үшін бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. 330-бап. Валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың, аккредиттелген органдардың верификация және валидация туралы дұрыс емес деректерді ұсынуы. Валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың, аккредиттелген органдардың верификация және валидация туралы дұрыс емес деректерді ұсынуы - аккредиттеу туралы аттестаттың немесе аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. 331-бап. Атмосфераға шығарындыларды тазалауға және сарқынды суларды ағызуға арналған жабдықты пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ оны пайдаланбау. Атмосфераға шығарындыларды тазалауға және сарқынды суларды ағызуға арналған жабдықты пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ оны пайдаланбау - жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаға келтірілген экологиялық зиянды жою саласындағы халықаралық және ұлттық заңнама
Қоршаған ортаны құқықтық қорғау»
Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан халықаралық-құқықтық қорғау
«Экологиялық қолайсыз аймақтардың құқықтық режимі»
Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
Экологиялық қылмыстың түсінігі
Табиғат пайдалану құқығы
Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz