Дарындылықтың қалыптасу дәрежелері критериі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Зерттеу өзектілігі: Қазақстан - 2030 стратегиясы анықтап берген және республиканың ғылым мен білім жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі - мемлекет үшін Қазақстанның гүлденуіне, егеменді еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосар білімді, мәдениетті жастарды тәрбиелеу. Осы жолдауда айтылғандай ХХІ ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі күш - адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі. Бұл мақсатты орындау үшін республиканың ақыл-ойлы, шығармашыл әлеуетін өсіру қажет, дарынды балаларды анықтау мен дамыту үшін өркениетті жағдайлар жасау керек. Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар. Сондықтан қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. [1]
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет Әр баланың жеке қабілеттілігіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. [2]
Дарынды балаларға бүгінгі қамқорлық − бұл Қазақстан Республикасы ғылымының, мәдениетінің және әлеуметтік өмірінің болашақ дамуына деген қамқорлық. Жоғары деңгейдегі жеке жетістіктер әдетте тұлғаны өзін-өзі қолға алуға ықпал ететін және қоғамды алға жылжытатын қозғаушы күш. Бала дарындылығын дамыту жүйесі мұқият ойластырылуы, шынайы дараланып және оны жүзеге асыру қолайлы жас кезеңдеріне сай болуы тиіс. Дарындылықты дамытудың осындай қолайлы кезеңі мектепке дейінгі балалық шақ болып табылады. Заманауи білім беру тәжірибесі көрсеткендей балалар арасында айтарлықтай айырмашылықтар болады.
Дарындылықты тұңғыш рет ағылшын антропологы Френсис Гальтон зерттеген болатын.Ол дарындылық психологиясы тарихында үлкен еңбек сіңірді.Ф. Гальтон дарындылық − тұқым қуалайтын факторлардың нәтижесі екендігін алғаш рет дәлелдеуге тырысты. Оның Таланттың тұқым қуалауы − оның заңдары мен нәтижелері атты кітабы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кең таралған психологиялық еңбектердің бірі болды. Дарынды балалардың психологиясын зерттеуде француз ғалымы Альфред Биннің орны ерекше, ол тұлғаның танымдық әрекетіне сынақ жүргізген.
Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қасиетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу - тәрбиешінің парызы. Ұстаз болу жауапты да қиын мамандық. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы.
Бала дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбіне тәрбиешінің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Көбіне Дарынды бала - бұл жақсы оқитын бала деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологы П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің педагогтар арасында да жиі кездесетінін анықтайды. Оларға оқуға қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын балалар көбірек ұнайды. [3]
Дарынды баламен жұмыстың негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және баланың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Мектепке дейінгі ұйымда білімнің сапасын арттыруда балалардың дарындылығын дамыту жаңашыл педагогтар өз тәжірибесінде дәлелдеп оның нәтижелігін айқындаған. Бірнеше жылғы жүргізілген ғылыми зерттеулер педагогика ғылымының құнды дүниелері болып есептелінеді. Алайда бүгінгі таңдағы білім беру саласындағы өзгерістер оқытудың саласын жаңарту мен соған сәйкес теориялық мәселелерді жаңа тұрғыдан қарастыру қажеттілігін тудырады.
Зерттеу обьектісі: мектепке дейінгі дарынды балалар.
Зерттеу пәні: педагогика.
Зерттеу мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдағы дарынды балалармен жұмыс жасаудың ерекшеліктерін теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
-дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін қарастыру.
-алдыңғы қатарлы педагогтардың балалар дарындылығын дамыту жөніндегі ғылыми тәжірибелерімен жұмыс жасау арқылы қарастыру.
-дарынды балаларды айқындау тәсілі және сол дарынды балалармен жұмыс жасау жолдарын зерттеу.
Зерттеу әдістері: ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді оқып-үйрену және талдау. Педагогикалық бақылау. Озат тәжірибелерге талдау жасау.
Зерттеу көздері: тақырып аясындағы ғылыми-педагогикалық әдебиеттер, озат педагогтардың ғылыми тұрғыда негізделген еңбектері, әлемдік ғаламтор желісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер мектепке дейінгі балаларда дарындылық негіздерін анықтай алсақ және олармен тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жұмыс жасай білсек, онда дарынды балалардың болашағы жарқын болмақ. Сонымен қатар бұл ғылыми жұмысты болашақ мамандарға, тәрбиешіліреге қосымша оқытушы құрал негізінде қолдануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

І Мектепке дейінгі ұйымдағы дарынды балалармен жұмыс жасаудың теориялық мәліметтері.
1.1.Ғылыми-педагогикалық, психологиялық, философиялық әдебиеттердегі дарындылықты дамыту мәселелері.

Әрбір адам бала кезден өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды. Көпшілігі ерте кезден бастап белгілі бір іс- әрекеттке қабілеттілік байқатады (сурет салады, билейді, өлең айтады, белгілі бір музыкалық аспапта ойнайды, мүсін салады). Бірақ бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте - бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт - бағдар бере алмайды.
Дарындылық ұғымы сый деген сөзден шыққан, дамудың қолайлы алғышарттарын білдіреді. Дарындылық - белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі болып табылады.
Дарындылықты тұңғыш рет ағылшын антропологы Френсис Гальтон зерттеген болатын. Ол дарындылық психологиясы тарихында үлкен еңбек сіңірді. Ф. Гальтон дарындылық − тұқым қуалайтын факторлардың нәтижесі екендігін алғаш рет дәлелдеуге тырысты. Оның Таланттың тұқым қуалауы − оның заңдары мен нәтижелері атты кітабы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кең таралған психологиялық еңбектердің бірі болды.
Дарынды балалардың психологиясын зерттеуде француз ғалымы Альфред Биннің орны ерекше, ол тұлғаның танымдық әрекетіне сынақ жүргізген. Сонымен қатар, өте ұзақ зерттеу жүргізген АҚШ ғалымы Льюис Тердің еңбектері дарындылық психологиясында үлкен рөл атқарды.
Заманауи психологияда ең кең таралғаны американдық ғалым Джозеф Рензуллидің адамның зияткерлік қабілеті, креативтілікті туралы зерттеуге арналған көптеген сынақтамаларынан тұратын тұжырымдамасы. Ғалымдардың ерте заманнан бастап жинақталаған дарындылық мәселелері туралы тәжірибелері қазіргі кезеңге дейін қолданылуда. Дарынды баланы табу оңай емес, осы күнге дейін дарындылар санатына жататын балаларды анықтайтын бірыңғай диагностикалау тетігі әзірленген жоқ. Дарындылық ұғымы − бұл жүйелі, бір немесе бірнеше әрекет түрі бойынша адамның басқа адамдармен салыстырғанда жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайтын, өмір бойы дамитын психикасының сапасы.
Дарынды бала − белгілі бір әрекет түрлерінде табыстарымен жарқырап көрінетін, өресі биік бала. Дарындылық − орта деңгейден жоғары зияткерлік қабілеттер, креативтілік және қайсарлылық тоғысқан үш мінездеме.
Қазіргі әлеуметтік - экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады. Сондықтан ата-аналардың, тәрбиешілердің алдына жаңа міндет; балалардың жеке қабілеттілігін, бейімділігін анықтау және оны дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру тұр. Осы аталған мәселенің өзектілігі соншалық, жеке тұлғаның дарындылығын дер кезінде анықтап, оны қолдап отыру қажеттілігі дәлелдеуді қажет етпейді. [4]
Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңдігінде жатқаны да белгілі.
Таланттылық пен данышпандық туралы құнды пікірлер ерте грек философтарының еңбектерінде көптеп кездеседі.
Ерте кезде, XIV ғасырда қабілеттілік, дарындылық тек өнер адамдарында байқалады деп есептеген. Үкімет қызметкерлеріне, әскери адамдарға, ғалымдарға қатысты дарындылықты жат деп санаған. Дегенмен, бұл ойды жоққа шығаруға әрекет жасағандар да болды. Аристотель көркем өнер туындысының интеллектуалдық іс-әрекетпен байланыстылығын айтты.
Ерте грек философтары дарындылықты құдайдың құдіретінен дей келе оны дамытуда білім мен тәрбие берудің маңызын жоққа шығармады. Қайта өрлеу дәуірінде дарындылық табиғатын танып білу мәселесімен испандық дәрігер Хуан Уарте айналысты. Ол Испан империясының қайта өрлеуінің болашағы мемлекеттік қызметке аса дарынды азаматтарды тарту деп есептеді. Оның зерттеулерінің негізгі мақсаты адамдардың жеке басындағы қабілеттілікті анықтай отырып, болашақта кәсіби маман таңдауда ескеру болып табылады.
Х. Уартенің пікірінше, талант адам табиғатына байланысты, дегенмен, оның дамуына тәрбие мен еңбек қажет. Ол таланттылық мәселесімен айналысатын мемлекеттік жүйе құру жөнінде пікір қозғаған және жас жеткіншектердің қабілеттіліктерін дамыту үшін арнайы жұмыс жүргізу керектігі, сондай - ақ бұндай жұмысты ақылы мен білімі өте жоғары ұлы адамдар жүргізу керек деп есептейді.
Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі- Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе. Араб сөз бостандығының негізін қалаушылар (Әл-Хорезми, Фердауси, Әл-Фараби, Ибн Сина және т.б) философия, логика, химия, астраномия, география, медицина, психология ғылымдарымен бірге жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселелеріне көп еңбектер арнаған.
Неміс психологі және педагогі Э. Мейман дарындылық мәселесін зерттеуді теориялық тұрғыдан жалғастырып соның негізінде дарындылық белгілерінің типтерін белгіледі. Сонымен қатар, туа біткен дарындылық пен кейіннен игерілген дарындылықты бірлікте қарауға тырысты. Э. Мейман дарындылықтың педагогикалық аспектілерін; оқу мен тәрбиенің дарындылықтың дамуына әсерін, дарындылық, қабілеттілік, жетістікке жетушілік, арасалмағын қарастырады.
XIX ғасырда қазақ халық ағартушылары да халықты сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін дамыту мәселелерін көтере бастады. Ағартушы Ыбырай Алтынсарин Табиғи ақыл өзін қоршағанда ғана құшағына ала алса, оны дамытып, өз көрмегендіде танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін озық білім дейді. [5]
Шоқан Уалиханов шығармаларында жеке тұлға тәрбиесіндегі білім мен тәрбиенің шешуші ролі көрсетілген.
Абай Құнанбаев адамды қоршаған орта - табиғаттың бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы - туылғаннан бастап білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді.
Дарындылық теориясының негізі кешегі кеңес психологтарының еңбектерінде көрініс тапқан.
Дарындылық мәселесі туралы зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән - мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қойған жоқ. Сондықтан біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білімді игеру деңгейінің жоғарлығы мен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
Соңғы уақытта өмірдің жылдам өзгеруіне байланысты маманға деген жоғарғы талаптардың қойылуы бұл ұғымдарға жиі жүгінуді қажет етуде. Н. Лейтес дарындылық ұғымына мынандай анықтама берген: Дарындылық - баланың өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білімді игеру деңгейінің жоғарлығы мен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы. Бұл ой тұжырымдарды дарындылық тек педагогикалық қана емес, әлеуметтік те мәні бар құбылыс деуге болады. Осы бағыттағы зерттелген ғылыми еңбектерге талдау жасай келе, дарындылық ұғымына төмендегіше анықтама береміз:
Дарындылық- адамның бір немесе бірнеше іс - әрекет саласында жоғары, қатардағылардан ерекше нәтижеге жету мүмкіншілігін анықтайтын көп өлшемді, ықпалдастырылған құрылым.
Н. Ожеговтың сөздігінде дарындылық табиғаттан берілетін ерекше қабілет деп түсіндіріледі. Адами ойлау, ізденімпаздық-табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Дегенмен, табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық. [6]
Көптеген ғалымдар дарындылықты генетикалық нәрсе деп қарастырып, оны белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі деп түсіндірді. Кезінде Платонның өзі ақындықты өнер мен білімнің арқасында емес, құдайдың анықтауы мен кернеген сезімінен туындайды деген болатын. Әлбетте, дарындылықтың тұқым қуалайтындығы, ұрпақтан ұрпаққа берілетіндігі сөзсіз.
Д. Хеббтің және басқа гендік дарындылықты жақтаушылардың тұжырымдарды практик-ғалымдар мен білім қызметкерлері тарапынан қатты сынға алынды. Олардың бірінші қарсылығы қатып қалған интеллектіні жоққа шығарудан басталды. Сегіз бен он алты жас арасындағы сынақтан өткен оқушылардың 50 пайызы ғылымның әр түрлі саласынан әр дәрежеде ой- өріс деңгейін көрсете білген.
Ата-ана мен тәрбиеші тарапынан дарынды баланың өз бабын таба білудің қажеттілігі:
1. Оның жеке психологиялық өзгешелігін ескеру оқыту мен тәрбиелеудегі маңызды шарт. Оның аса сезімтал, өзіне-өзі сыншыл әрі кінаратшыл екендігі. Зейінділік, жинақылық, еңбек сүйгіштік күрделі ақыл - ой жұмысына әрқашанда әзір тұру. Оның уақытпен есептеспей, қажымай-талмай еңбектенетіндігі. Бойкүйездік пен жалқаулыққа бой алдырмай, қолайсыз жағдайда да жұмыс істей алуы. Әрбір істі соңына дейін жеткізуге ұмтылу, ауыр еңбектен ләззат алу. Ойлау процесінің тездігі, оралымдылығы мен дәйектілігі талдай мен жинақтай алуының жоғары тұратындығы. Таным аясының кеңдігі, ойлау белсенділігінің тұрақтылығы.
2. Техникалық қабілеті. Жалпы схема мен бөлшектердің құрылымдарын тез байқай алу ондағы істен шыққан нәрсенің себеп салдарын тез таба алушылық. Байқағыштық, яғни техникаға қырағылық кеңістікті елестету деңгейінің жоғарылығы. Қол, дене қозғалыстарындағы икемділік, іс-әрекетінің мақсатқа сәйкестігі мен дәлдігі. Түрлі агрегаттардың бөлшектерін ойдағыдай құрастыра алу мүмкіндігі. Техникалық құралдармен, компьютерлермен жұмыс істеуге бейімділік пен ынталылық және т.б
3. Математикалық қабілет. Есептеу саласына құмарлық. Бұған қажетті әдет дағдыларды жеңіл меңгеруі, математикалық даму деңгейінің жоғарлығы. Есеп шығаруға үнемі әзір тұру, ақыл-ой әрекетінің бірінен екіншісіне тез ауыса алу қабілеті. Тапқырлық, зеректік, пікірдің қисынды, әрі дәлелді келетіндігі, математикалық ассоцияциялардың байлығы, есте сақтау беріктігі.
4. Дарынды балалар жеке тұлғаның ерекшелігінде зейіннің алатын орны зор. Зейін туралы орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушинский былай дейді: "Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын адам жанының жалғыс есігі болып табылады, егер ол есікке ілімнің бірде-бір сөзі с оқпай өтсе, онда баланың санасында еш нәрсе қалмайды. Демек, зейін - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс.
Бала әрекетінің кез - келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Дарынды балаларда ырықты зейін басым болады. Оқу жұмысында үйреншікті зейіннің маңызы зор. Бұл зейін түрі құбылыстар мен заттардың, мазмұндық материалдық санада тез бейнеленуін, сөйтіп қабылдау процесінің тез, оңай болуын қамтамасыз етеді. Үйреншікті зейін көпшілік жағдайда оқушының өз зейінін өзі басқарумен көрінеді.
5. Әдеби қабілет. Өлең, тақпақ, ұйқас әуенді үнге ерекше құштарлығы
мен қызығатындығы. Поэтикалық шеберліктің үздік үлгілерінен мол хабардар келетіндігі, айналадағы әсемдікті дұрыс бағалай білуі, әдеби көркем тілдің байлығын барынша пайдалана білетіндігі, эстетикалық талғамы мен поэтикалық көруінің ерекше өткірлігі. Қиял мен елестің шарықтауы. Әдеби қабілет - шәкірттің жалпы эстетикалы дамуының ең жоғарғы нәтижесі, әсемдік сезімі қалыптасуының көрсеткіші екендігі.
Дарынды баланы көре біліп оны 3-7 жас аралығында оқыту, тәрбиелей бастаудың басты міндеті. Ақыл-ой мөлшерін өлшеудің стандартты әдістер (бала дамуының танымдық және сөздік деңгейін анықтаудың дербес тесті). Жалпы ақыл-ой шкаласын өлшейтін Бекслер шкаласы. Дарынды баланың әр түрлі жазбаларын талдау. Түрлі әлеуметтік топтарда шығатын дарынды балалардың болатындығын ескеру. Дарынды талантты балаға оның ата-анасына берілетін ақыл кеңестер. Дарындылықты айқындаудың әр түрлі тәсілдерін психологиялық, жеке диагностикалық, әлеуметтік психологиялық әдістерін пайдалану болып табылады. [7]
Сонымен жоғарыда қарастырып отырған мәселе бойынша ойымызды қортындыласақ, дарындылық - тұлғаның жалпы, интегралды қасиеті екендігі анық көрініп тұр. Тек қана бір салада ерекше қабілетті болып, ал өмірдің басқа жақтарынан дәрменсіз болу табиғатта сирек кездесетін құбылыс. Атақты суретшілердің көбісі өлең жазған және керісінше ақындардың біразы сурет, қолөнермен, қосымша шұғылданып, туындыларымен халқын тамсандырған.
Дарындылықты немесе ерекше қабілеттілікті балалық шақта жалпы универсалдық тұрғыдан қарастырған жөн. Ал уақыт өтісімен, тұлғаның есеюімен бұл қабілет өзінің арнаулы қырларын көрсетеді, пәндік дәрежеге, мазмұнға ие болады.

1.2. Дарындылықтың қалыптасу дәрежелері критериі.

Дарынды бала ұғымына, ондай балаларды табуға, олармен жұмыстың ерекшеліктеріне, олардың психологиялық мәселелеріне (Л.А. Венгер, Ю.З. Гильбух, Н.С. Лейтес, Г.В. Бурменская) көптеген еңбектер арналды. Соңғы жылдары балалар арасындағы дарындылық мәселесі көлеңкеден шықты және бұл үлкен қызығушылық тудыруда. Бұл мәселелердің күмәнсіз шынайылығы мен маңыздылығынан болып отыр. Дарындылық түрлерінің ерекшелігін төмендегі кестеде қарастыруға болады.
Кесте 1.

Түрлері
Сипаттамасы

Көкейтесті дарындылық
Психикалық даму көрсеткіштері бойынша жас ерекшелігі және әлеуметтік нормамен салыстырғанда нақты пәндік сала бойынша ең жоғары деңгейде орындалған қызметтерден байқалатын баланың психологиялық мінездемесі.

Әлеуетті дарындылық
Қандай да бір әрекеттерде жоғары жетістіктерге жететін, белгілі бір психикалық мүмкіндіктері (қабілет) болады, бірақ функционалдық жетіспеушіліктерінен өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыруға шамасы келмейтін баланың психологиялық мінездемесі.

Айқын дарындылық
Айқындалу формасы критериі бойынша дарындылық бала әрекеттерінде анық және нақты көрінеді (өзінен өзі сияқты), оның ішінде қолайсыздық жағдайларда байқалады. Бала жетістігі өте айқын оның дарындылығы күмән келтірмейді.

Жасырын дарындылық
Бала әрекеттерінде шамалы байқалып, жасырын формада білінеді. Ғалым педагог Л. В. Поповтың ойынша, өз жасынан жылдам жетілген балаларда, жасының және жеке өзіндік белгілері өте айқын, тіпті драмалық жағдайда байқалады. Жасына сай дамитын ақыл ойының ерекше артуынан үміт 8 етіп, ерте табысқа жетумен келісу оңайға соқпайды. Жас ерекшеліктеріне сай өзіне лайықты назар аудартудың ұзақ мерзімді мағынасы болмайды.

Дарынды балалар ұғымы кең ауқымда қолданылады. Егер бала өзінің қатарының арасында шығармашылық жаттығулар да ерекше табысты болса оны дарынды бала деп атауға болады. [8,9] Дарынды бала − әртүрлі әрекет түрлерінде ішкі бастамалары бар, өзінің жарқын, кейде айырықша жетістіктерімен ерекшеленетін бала ұғымының анықтамасы болады.
Кесте 2.

Дарындылықтың типтері
зияткерлік

академиялық (жоғары зайырлылық)

көркемдік

креативтілік

көшбасшылық

спорттық

Балалардың дарындылығы саласындағы арнайы маман Н. Лейтес балаларды үш санатқа бөліп, әр түрлі педагогикалық тәсілдермен жіктейді, олардың ішінде кейбір қабылданған дарындылық атаулары: IQ зор балалар; қандайда бір әрекет түрлерінде жетістікке жеткен балалар; жоғары креативті балалар. Әртүрлі саладағы дарындылықты тану анықталған жас ерекшелігі арқылы жүзеге асырылады. Әсіресе, музыкаға, содан соң суретке деген дарындылықты ерте байқауға болады; жалпы ғылымға деген дарындылықтан гөрі өнерге деген дарындылық ерте байқалады; ал ғылымда математикаға деген дарындылық ерте байқалады. [10]
Жалпылама зияткерлік дарындылық жоғары деңгейдегі зияткерлік даму мен ақыл әрекетінің сапалы ерекшелігінен байқалуы мүмкін. Кейде дарынды балалардың өз құрбыларынан ешқандай айырмашылығы болмайды. Дегенмен, дарындылықты кең ауқымды жеке-психологиялық қабілеттерінен аңғаруға болады. Көбінесе дарынды балаларды құрбыларынан ерекше келбетінен де айыруға болады. Әдеттегідей, дарынды балаларда зерттеу белсенділігі мен білуге құмарлығы ерекше байқалады.
Психофизиологиялық зерттеу мұндай балалардың миында биохимиялық және электр белсенділігі жоғары болатындығын көрсетті. Дарынды балалар игерген және өңделген ақпараттардың жетіспеушілігінен күйзеле қабылдауы мүмкін. Сондықтан олардың белсенділігі шектелуі, неврологиялық сипатымен көрінуі ықтимал. Дарынды балалар өте жақсы жадының арқасында абстрактілі ойлау мен сөйлеуді ерте игереді. Сондай-ақ, дарынды балалар сұрақ қоюды, күрделі синтаксистік құрылымды біледі. Көптеген дарынды балалар қызығушылықпен энциклопедиялар мен сөздіктерді оқиды, сөздер шығарады, олардың ойы бойынша өздерінің түсініктері мен оқиғаны елестету арқылы сана сезім қабілетінің белсенділігін талап ететін ойындарын ойнауды жөн санайды.
ең алдымен, жалпы ақыл-ой қабілеті байқалады және қандай да бір мамандану болмайды;
қандай да бір арнайы білім саласында жоғары қабілеттілігі көрінеді[12,13].
Бұл тип тармақтарының басты айырмашылықтары уақыт еншісіндегі мәселе - басында жоғары қабілеттілік "барлық спектр" бойынша көрінеді, ал уақыт келе қабілеттердің мамандандануы және қызығушылығы айқындалады. Акселераттар ретінде танылатын дарындылықтың осы ақылдырақ типтерін, тіпті вундеркинд деп атау қабылданған.
"Академиялық" деп аталатын типтің дарындылықтың интеллектуалдық типінен біраз айырмашылығы бар. Осы дарындылық типіндегі аса жоғары интеллектіліктің орны ерекше, үйренуге деген айырықша қабілеттілік алдыңғы орынға шығады. Дарындылықтың бұл типіндегі балалар, ең алдымен материалды тамаша игереді, яғни оқиды. Олардың танымдық саласының ерекшеліктері (ойлауы, жады, назары), кейбір ынталарының мынадай ерекшеліктері бар, оларға оқу өте жеңіл, әрі жағымды.
Көркемдік тип - дарындылықтың бұл түрі жоғары табыстарға жеткен көркем өнер қызметтерінде − музыкада, биде, көркем сурет өнерінде, мүсіндеуде, сахналық әрекеттерде айқындалады. Жоғарыда көрсетілген дарындылықтың үш белгісін педагогтардың өздері салыстыра отырып оңай анықтай алады. Көптеген жағдайларда оларды диагностикалау да психологтардың арнайы көмегін қажет етпейді. Дарындылығы дау тудырмайтын және дарыны айқын көрініп тұрған дарындылықтың екі түрі бар, алайда баланы педагогтар осал, болашағы жоқ деп санаған кезде бұл түрлерге қатысты жағдай біршама күрделене түседі. Әдетте, көп жағдайда бұл креативтілікпен немесе шығармашылық дарындылықпен байланысты болып жатады.
Креативті тип. Бұл типтің негізгі ерекшелігі өзгеше ойлауынан, өзгелерге ұқсайматын әлемге айырықша көзқарасынан байқалады. Дарындылықтың осы типін практикада анықтау үлкен күшті қажет етеді. Себебі, стандартты бағдарламалар осындай балаларға өзін көрсетуге мүмкіндік бермейді. Негізінен барлық шығармашылық қабілетке ие балалар мінезінде айқын көрінетін кемшіліктер кездейсоқ болып табылмайды. Бұл дәйек олардың өздерін жайсыз сезінуінен, яғни өзге құрбыларымен бірге аяқ басуға құлықсыздығынан, тіпті икемсіздігінен, олардың дарындылық тұлғасының негізі, сондай-ақ, әлемді стандартты емес жағдайда басқаша қабылдауынан болатын жағдай.
Шығармашылық дарындылықтың көптеген әртүрлі нұсқалары бар: кез келген қызметті, қай істі қолға алса да алапат шығармашылық мүмкіндіктерді көрсететін балалар және бір ғана салада дарындылығымен ерекшеленетін балалар кездеседі. Салыстырмалы түрде жеңіл көруге болатын, алайда нақты дарындылықтың түрі ретінде қабылдауға қиын дарындылықтың бір типі − көшбасшылық немесе әлеуметтік дарындылық деп аталады. Мұндай дарындылық өзге адамдарды түсіне білу, олармен конструктивті қарымқатынастарды құру, сол адамдарды басқара білу қабілеттерімен сипатталады. [14]
Көшбасшылық дарындылық көптеген зерттеушілердің пікірінше, интеллектінің жоғарғы деңгейін қажет етеді. Бірақ, бұған қоса жақсы дамыған түйсік, өзге адамдардың сезімдерін және қажеттіліктерін түсіне білу, жаңашыр бола алу қабілеттері де керек. Көп жағдайларда бұл қабілеттер шешуші рөл атқарады. Әрекеттедің көшбасшылары болады. Олар көп адамдарға маңызды шешімдерді қабылдай алады, қозғалыстың мақсаттары мен бағыттарын белгілейді, өздерінің соңынан адамдарды ерте алады. Сондай-ақ, дарынды балалар жіті назар салуымен, өздерін қызықтыратын салада нәтижеге жету үшін табандылық танытуымен ерекшеленеді. Алайда, олардың көбіне тән әралуан қызығушылықтар кейде дарындыларды бірнеше істі қатар атқаруға, өте күрделі мәселелерді шешуге талпынуға әкеледі. [15]
Дарынды балалар құрдастарының алдында біршама басымдықтарға ие. Олар өз ерекшелігі бар қиындықтарға да ұрынып жатады. Біріншіден, бұл балаларының дарындылығына деген ата-аналардың көзқарасымен байланысты. Кейбіреулер өз баласының бойынан ерте көрінген дарындылықты байқағанда, тәрбиелеудің мақсат-міндеттерін өз түсініктеріне сәйкестендіріп, барлық күшін сол баланың қабілеттерінің дамуына салады. Осы жерде мынаны айтып өткен жөн: академик А.В. Петровский өз баласын вундеркинд санап, бұл сөздің алғашқы бөліміне ғана назар аударып, баланың әлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Физика сабағында дарынды балаларды оқытудың ерекшеліктері
Дарынды баланы дамытудағы мектеп пен отбасының ынтымақтастығы
Оқушының оқу қабілеттерінің дамуы мен құрылымы
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру туралы ақпарат
ДАРЫНДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Дарынды балалармен жұмыс жасау жолдары
Физика сабақтарында оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту мүмкіндіктері
Дарындылық негізгі түрлері
Балалардың дарындылығын бақылау
Пәндер