Тәрбие үрдісі екі жақтылы


М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Жаратылыстану жоғары мектебі
Білім берудегі менеджмент кафедрасы
РЕФЕРАТ
Пән: Педагогика
Тақырыбы: «Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі »
Орындаған: Арыстанбекова Әсел
Қабылдаған: Сихаева Акгуль Мейрхановна
Тараз 2020
Мазмұны:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2. 1. Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
2. 2. Әлемдік және ұлттық мәдениет - тәрбие мақсатын анықтаудың әдіснамалық негізі.
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Тұтас педагогикалық үрдісте тәрбие ерекше орын алады. Жеке адамды қалыптастыруда осы үрдістің мәнін мына құрылым арқылы анықтауға болады.
Тәрбие жеке адамды мақсатты түрде қалыптастыру болып табылады.
Тәрбие үрдісі дегеніміз - мақсатты орындауға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушінің ынтымақтастығы.
Тәрбие үрдісінің бірқатар ерекшеліктері бар. Ең алдымен ол мақсатқа бағытталған мақсаты, ынтымақтастығы бірыңғай жағдайда ғана қазіргі тәрбие үрдісі дұрысталады. Тәрбие үрдісі - көп факторлы, онда объективтік және субъективтік факторлар орын алады. Егер де субъективтік фактор адамның ішкі қажеттілігінен көрініс берсе оған сәйкес объективтік жағдайда адам өмір сүреді және қалыптасады, белгіленген тәрбие міндеттері толық орындалады.
Тәрбие үрдісі қозғалмалы, үнемі өзгерісте болады.
Тәрбие үрдісі - узақтылығымен сипатталады. Ол өз мәнінде өмір бойы болуы мүмкін. К. Гельвеций жазған «… Менің барлық өмірім, ұзынан-ұзақ тәрбие». Мектептегі тәрбие адамдның өмірінде үлкен із қалдырады, себебі нерв жүйесі жас кезінде жоғары қабылдағыш және иілгіш келеді. Тәрбие үрдісі мектепте жақсы ұйымдастырылғанның өзінде тез жетістікке жетуге болмайды, себебі тәрбие үрдісіне тән нақтылы тәрбиенің әсерінен нәтиженің алшақтығы байқалады.
Тәрбие үрдісінің тағы бір ерекшелігі - үздіксіздігі.
Мектептегі тәрбие үрдісі ол тәрбиеші мен тәрбиеленушінің жүйелі, үздіксіз өзара әрекеті оқушының тәртібін бір ғана қызық жұмыс шара өзгертеді деп ойлайтын тәрбиешілер қателеседі. Белгілі мақсатқа негізделген жүйеге жұмыс қажет. Егерде тәрбие үрдісі кездейсоқ үнемі болмай отырса онда тәрбиешіге тұрақты әдет қалыптастыру үшін оқушының санасына жаңа із салып отыруға тура келеді,
Тәрбие үрдісі кешенді үрдіс кешенділік дегеніміз-мақсаты, міндеті, кешенділік нысанасы және әдістері бірыңғай адамды қалыптастыруға бағытталған біртұтас идея болып табылады.
Тәрбие үрдісінің кешенді сипаттамасы бірталай педагогикалық талаптарды орындауды, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс әрекетінің ұйымдастырылуының ұқыптылығын қажет етеді.
Тәрбие үрдісіне тән ерекшелік бұл мағынасыздық және нәтиженің белгісіздігі. Бір жағдайда олардың бір-бірінен айырмашылығы болуы мүмкін. Ол субъективтік факторға байланысты: тәрбиешілердің жеке басты өзгешеліктеріне, олардың әлеуметтік тәрбиесіне, тәрбиеге қатынасы.
Тәрбиешілердің кәсіби дайындық деңгейі, олардың шеберлігі, үрдісті басқару іскерлігі де үлкен әсер етеді және нәтижелігі жоғары болады.
Тәрбие үрдісі екі жақтылы. Оның ағымы екі бағытта жүреді: тәрбиешіден тәрбиеленушіге (тура байланыс), тәрбиеленушіден тәрбиешіге (кері байланыс) . Басқару үрдісі кері байланыстан пайда болады немесе тәрбиешіден түсетін хабарламадан туындайды. Тәрбиешінің қарамағында неғұрлым көбірек болса, соғұрлым тәрбиенің әсерлігі жоғары болады.
Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның алға дамуы, өркендеуі мүмкін емес.
Еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуын жеделдету кезеңінде адам факторы жаңа негізде қаралып жаңа адамды қалыптастыру барысында әрбір жас өспірімнің субъективтік талап-тілегін, бейім-қабілетін және тіршілік өмір сферасында белсенді саналы творчестволық қасиетін одан әрі дамытады. Өйткені, жеке адамның әлеуметтік белсенділігі артқан сайын, оның терең мағыналы қоғамдық мәселелерді шеше білуге құшына кірісіп, айналасын қоршаған адамдармен адамгершілік-психологиялық байланыстары күрделеніп, қоғамның саяси-экономикалық қарым-қатынастары жүйесінде әлеуметтік творчестволық көлемдері өрбіп, оның мәні арта түспек.
Жас ұрпақтарға аға буынның жинақтап берген әлеуметтік бай тәжірибесін беруде, қайта құру идеологиясын сана - сезімдеріне сіңіруге, мағыналы мінез-құлық нормалары мен жүріс-тұрыс, әдет-дағдыларын қалыптастыруда кешенді тәрбиені- қоғамдық функция атқарады. Осы орайда, тәрбиеге жүктелетін ең басты мақсат - қоғамға қажетті адамгершілік қасиеті жоғары, еңбексүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптасуы үстіндегі, эстетикалық талғам - сезімі мен дене күші мығым, белсенді өмірлік позициясы айқындалған жас өспірімді дамытып қалыптастыру.
Тәрбие үрдісінің мәнін ашуда П. П. Блонский, С. Т. Шацкий, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский және т. б. өз үлестерін қосты. Мысалы, А. С. Макаренко тәрбие үрдісінің мақсаты біздің қоғамдық қажетімізден туындайтынын дәлелдеген.
Тәрбие үрдісі арқылы жас өспірімдер халықтың материалдық және рухани байлықтарын, адамзат қауымының бай тәжірибесін игереді. Соның барысында жеке адамның және оқушылар ұжымының өмір тәжірибелерінен білім алуы, еңбектенуі мен бір-бірімен қарым-қатынас жасау салалары жүйесі молая береді.
Бұл проблеманың әлеуметтік-педагогикалық аспектісі Г. Л. Смирнов, Ю. Бабанский, Э. И. Моносзон, Г. И. Филонов, И. С. Марьенко, Ю. П. Сокольников т. б. педагогтардың жарық көрген еңбктерінде жан-жақты сөз болады.
Сонымен тәрбие үрдісі дегеніміз - жеке адам мен балалар ұжымын әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруда, оларды өмірге дайындап, қоғамда өз орнын таба білуге үйретіп, әрбір әрек етімен, қызметімен қоғамға пайда келтіруден, өз жеке басына қанағаттанған сезіммен қарауға тәрбиелеу.
Тәрбие үрдісінің құрылысы өз ерекшеліктеріне байланысты алдына айқын мақсаттар қойып, тәрбие мазмұнын соған негіздеп оларды іс жүзіне асыруда тәрбиенің формалары мен әдіс-тәсілдерін, объективтік мүмкіндіктерін, сонымен қатар ең соңында жеткен жетістіктердің қорытындысын белгілейді.
Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
Адамзат тарихының қай кезеңінде болмасын, тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келеді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттіліктеріне бағындырылады.
Тәрбие мақсаты - нақты тәрбие міндеттерінің жүйесі, ол педагогикалық процесс пен қоғам қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның әлеуметтік сұранысына байланысты және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби даярлығына байланысты, мұраттарға қол жеткізуге бағытталған. Тәрбие мақсаты - педагогиканың ең маңызды мәселесі.
Мақсат - тәрбиенің жалпы мақсаттылығынан, тәрбие жүйесінің сипатын айқындаушы ретінде көрінеді. Мақсат пен міндет бүтін және бөлшек ретіндегі арақатынаста, жүйе мен оның компоненттеріне тәуелді болады.
Тәрбие мақсаты жалпы және жеке болып келеді. Біріншісінде барлық азаматтардың сапалық құндылықтары қарастырылса, екіншісінде жеке тұлғаның қалыптасуы көзделеді. Тәрбие мақсатын тұжырымдауда табиғат, адам, қоғамның объективті даму заңдылықтары міндетті түрде есепке алынады.
Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердің қатарына жататындар - мақсатты құрастыру, оны белгілі бір заңдылыққа негіздеуді есепке алу. Тәрбие мақсатының ең алғашқы әлеуметтік негізі - әрбір даралықтың дамуы табиғаттың адамға генетикалық тұрғыдан берген мүмкіндіктерін дамыту, сол арқылы оның тұлғасын қалыптастыру. Өйткені тұлғаның дамуы белгілі бір әлеуметтік жағдайға байланысты жүзеге асады. Адам мен қоғамның өзара тәуелділігі тәрбие мақсатының екінші негізі болып табылады.
Тәрбие мақсатының негізгі компоненттерін философиялық категориялардың тізбегімен сипаттауға болады: мотив - қажеттілік - қызығушылық - мақсат.
Сонымен, мақсат - іс-әрекет нәтижесін күні бұрын ой-тұжырым арқылы болжау болып табылады.
Жалпыадамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты - тұлғаны жан-жақты және жарасымды, үйлесімді етіп тәрбиелеу. Тәрбие мақсатына байланысты балаларға білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары белгіленеді, тәрбиелік іс-әрекеттердің мазмұны анықталады, білім беру мен тәрбиелеудің нақты әдістері қарастырылады.
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсаты жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл-ой дамуының біртұтастығы ретінде түсіну керек.
Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді. Мектептегі тәрбиенің басты мндеттері - теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу, оларды политехникалық, экономикалық, экологиялық білімдермен қаруландыру, кәсіптік бағдар беру. Сондықтан әрбір азамат, тәрбиеге қатысы бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәнін, мақсаты мен міндеттерін жете түсінуі қажет. Осыған орай тәрбиенің негізгі мақсаттары: а) жастардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру; ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан-жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.
Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамдас бөліктері: ақыл-ой тәрбиесі, құқықтық тәрбие, эстетикалық, экономикалық тәрбие, дене тәрбиесі, т. б.
Тәрбиенің құрамдас бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне, жалпы дайындығына байланысты. Сондықтан ол өзін-өзі дамытып, барлық іскерліктері мен білімін баланың бойына қоғамда өмір сүру үшін және оның істерін басқару үшін қажетті адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге және қалыптастыруға әрқашан дайын болуы керек.
Әлемдік және ұлттық мәдениет - тәрбие мақсатын анықтаудың әдіснамалық негізі.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде тәрбие процесін ұйымдастырудың келесі әдіснамалықнегіздері анықталды:
Тұлғалық-бағдарлы көзқарас - өзара байланысты түсініктер, идеялар және іс-әрекет тәсілдері жүйесіне сүйену, тұлғаның өзін-өзі тану және өзін- өзі жетілдірупроцестеріне қолдаукөрсету, оның дербестігіндамыту.
Құндылықты (аксиологиялық) көзқарас - адамның әлемге, өзге адамдарға, өз-өзіне және т. б. қарым-қатынасын ұғынуымен және тұлғалық мағынасымен жәнеұлттық құндылықтар.
Қызметтік көзқарас - тұлғаның оның қызметімен бірлігі, ол тұлғаның құрылымдарына тікелей және жанама түрдеөзгерісжасауды жүзеге асырады.
Құзыреттілік көзқарас - тәрбие мақсаттарын анықтаудың, тәрбие процесін ұйымдастыру мен оның нәтижелерін бағалаудың, оқ ушыларда олардың табысты әлеуметтенуін қамтамасыз ететін құзыреттіліктер қалыптастырудың ортақпринциптерінің жиынтығы.
Әлеуметтік көзқарас - әлеуметтік ақиқаттың тұлға мақсаты мен міндеттеріне бүкіл өмір бойы ықпал етуі, осы ықпалдың адам және қоғам үшін .
Жүйелілікті көзқарас - нысанды онықұрайтын бөліктердің жиынтығына жатпайтын және иерархиялық құрылымы бар күрделі құрылыс ретінде қарастыруды көздейді. Жүйелі түрде қарастыру құрылымдық компоненттерді, олардың қызметін бөліп көрсетуді, қызметтік- орнатуды, жүйеқұраушы факторларды анықтауды, сыртқы байланыстарды талдаудықажет етеді. Тәрбие жүйелерін, тәрбие процесін талдауда және құруда қолданылады.
Антропологиялық көзқарас - адамды оның әлеммен жан -жақтыбайланыстарында және тіршілік әрекеті көріністерін ің алуан түрлілігінде қарастыруға мүмкіндік беретін бірін біріөзара толықтыратын компоненттер жиынтығы, ол педагог-оқытушы-тәрбиешіні абстрактілі емес, деректі оқушыны, студентті өмір сүрудің күнделікті формасында, соның ішінде білім беруде нақты адамзат қоғамында тәрбиелеуге бағдарлайды. Жаңа білім мазмұнына көшудегі тәрбие процесін ұйымдастыру келесі принциптер арқылы іске асырылады :
Гуманистік бағыт принципі - педагогтың тәрбиеленушіге өз дамуына жауапты және дербес субъект ретінде қараудағы жүйелі қары м-қатынасы, оның тәрбие процесінде адамгершілік қарым-қатынас негізінде тұлғамен жәнеұжыммен өзара әрекеттесустратегиясы.
Диалогтық принципі - бір мезгілде қоғамдық мүдделерді сақтауда және тұлғалық-құнды мақсатты іске асыруда балалардың түрлі бірлестіктері, соның ішінде педагогтер ұйымдастырған мүмкіндіктерді жетекшілердің тәжірибе қалыптастыру, міндеттемелер мен ынтымақтастықтарды орындау, өзіндік менеджменткеқабілетін дамыту, әлеуметтік ұтқырлықты байқаудан өткізуүшін пайдалануды көздейді.
Мәденисәйкестілік принципі - тәрбие мәдениеттің жалпыадамзаттық құндылықтарына негізделуі және жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениет нормаларына сәйкес құрылуы тиіс.
Үздіксіздік принципі - тұлғаның күші мен қабілеттерін, оның кәсіби және жалпымәдени өсуін барынша толық іске асыруда оны тіршілік әрекетінің барлық кезеңінде жан-жақты дамыту, шығармашылық әлеуеті мен мүмкіндіктерін арттыру.
Табиғисәйкестілік принципі - табиғат дамуының ортақ заңдарының басымдығы; табиғи және әлеуметтік процестердің өзара байланысы; тәрбие жұмысындабілім алушылардың жынысы менжасерекшеліктерін ескеру.
Тұтастық принципі оқу және оқудан тыс қызметтердің кірігуімен қамтамасыз етіледі: оқу қызметі қазақстандық сәйкестіліктің когнитивті құрамдасын қалыптастырады; сабақтан тыс қызметте эмоционалды- құндылықты мінез-құлық компоненті дамиды.
Этникалық принцип - жалпыұлттық мәдениеттің гүлденуіне ықпал ететін әдениетжасаушым орта ны этникалық мәдениеттердің бірігуі, азаматтық келісім мен үйлесімге, қоғамдық қатынастарға қол жеткізу негізінде қалыптастыру.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz