Орта мектеп оқушыларына биологияны оқытудың пәнаралық байланыс арқылы оқытудың барысы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Оқушылардың сабақтарында пәнаралық байланыстарды пайдалану жолдары

Курс: 3
Тобы: Б-18-1к
Пәні: Биологияны оқыту әдістемесі
Орындаған: Турсумбаева Лола
Қабылдаған: Шаймерденова Г
Мазмұны
Кіріспе. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Орта мектепте пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
0.1 Орта мектеп оқушыларын оқыту барысында пәнаралық байланысты іске асырудың педагогикалық мәселелері. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
0.2 Орта мектепте оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланыстарды пайдалану жолдары. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1 Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстың әдістемелік негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
0.1 Биология пәнін оқытудағы пәнаралық байланыстардың қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
0.2 Тіршілік тану курсында пәнаралық байланыстарды тиімді пайдалану жолдары. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Кіріспе

Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, оған жетудің бірден - бір жолы әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны тың арнаға, жаңа сапаға жеткізу қажеттілігін міндеттейді. Сондықтан да білім мазмұнын байыту, оқыту үрдісін жетілдіру, жан - жақты дамыған, рухани жетілген жас ұрпақты қалыптастыру - өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмейтін мәселе.
Осы орайда, Елбасы Н.Назарбаевтың: ...Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткісіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай етіу қажет деген сөзі Егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөліп отырғанын дәлелдейді.
Қазіргі кездегі білім беру ғылымының, мәдениеттің, ғылыми техникалық прогрестің даму деңгейіне сай болуы қажет. Білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы ықпал жасайды. Осыған байланысты қазіргі күрделі қайта жаңғыру кезінде бастауыш мектептегі оқыту үрдісінде пәнаралық байланыс ерекше педагогикалық маңызды мәнге ие болуда .
Биология сабағында пәнаралық байланыстың педагогика ғылымында қалыптасқан идеяларының өзіндік даму тарихында Батыс Еуропадағы педагогикалық идеялар мен тұжырымдардың бастауында атақты педагогтар Я.А.Коменский, Дж .Локк, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Пестолоцци, И.Ф.Гербарт пәнаралық байланысты педагогика ғылымының күрделі мәселелеріне жатқызады. Олар жас буынға, келешек ұрпаққа білім беруде табиғат құбылыстарының өзара байланысы жөніндегі көзқарастарын қалыптастыру керек екендігіне баса назар аударған .
Тақырыптың өзектілігі: Пәнаралық байланыс- оқытудың қазіргі кезеңдегі ең көп қолданылатын үрдістерінің бірі. Ол пәндер арасындағы заңды байланыстылықты реттейді, оқушылардың алған білімдерінің бір-бірімен сабақтастығын бір жүйеге келтіреді. Пәнаралық байланыс оқушының меңгерген білімін кешенді түрде пайдалана білуге жол ашады. Бұл мәселенің ең негізгі дидактикалық міндеті - оқыту үрдісінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты күшейте отырып, білім сапасын көтеру болып табылады.
Пәнаралық байланыстың алдына қоятын мақсаты сан алуан. Бірі пәнаралық байланыс бойынша білімнің теориялық негізін күшейтуді көздесе, екіншісі, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды, үшіншісі осы мәселе негізінде оқушылардың практикалық дағдылары мен шеберліктерін дамытуды тағы басқа сол сияқты түрлі- түрлі мақсаттарды көздейді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың оқу-танымдық қызметі мен оқытушының оқыту қызметінің өзара байланысын күшейту мәселесі де қарастырылуы мүмкін.
Оқытуда пәнаралық байланыс мәселесін жүзеге асыру арқылы білім беру үрдісінің пәндік құрылымына сүйене отырып, оқушы санасында қоршаған ортадағы нақты құбылыстар жөнінде білім жүйелерін беру, олардың дүниенің біртұтастығы туралы ұғымын қалыптастыру мақсаттары жүзеге асады.
Ендігі біздің мақсатымыз - келешек ұрпаққа жан - жақты сапалы білім беру. Соның ішінде математика пәнінен.
Биология сабақтарында пәнаралық байланыс арқылы берілетін білімнің салмағын арттыру. Бұл өзекжарды мәселелер қазіргі білім беру үрдісіндегі пәнаралық байланыстың орнын дәлелдейді.
Биологияны басқа пәндермен байланыстыра оқыту білім тұжырымдамасында айтылған басты қағидалардың орындалуына игі ықпалын тигізеді.
Зерттеу мақсаты: Биология сабағында пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстар арқылы қолданудың мүмкіндіктерін және жолдарын айқындау.
Зерттеу объектісі: Пәнаралық байланыс арқылы биологияны оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: Орта мектеп оқушыларына биологияны оқытудың пәнаралық байланыс арқылы оқытудың барысы.
Зерттеу міндеттері:
- биология пәнін пәнаралық байланыс арқылы оқытудың мазмұнын айқындау;
- білім беру үрдісін пәнаралық байланыс қағидаларын және биологияны пәнаралық байланыс арқылы оқыту мүмкіншіліктерінің негізін қалаушыларын сараптау;
- эксперимент жұмысын ұйымдастырып, оның нәтижесін жинақтау;
Зерттеу әдістері:
- зерттеу жұмысында педагогика, психология ғылымдарындағы теориялық, әдістемелік еңбектерді салыстырмалы талдау, сараптау, қорытындылау әдістері іске асырылады. Жаңашыл ізденістерді, ұстаздар іс - тәжірибесін зерттеп, олардың өнімді, тиімді жолдарын жинақтау; пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың білімін көтеру мақсатында тестер мен бақылау жұмыстарын, логикалық жаттығулар, дидактикалық ойындарды жүргізу;

1 Орта мектепте пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері.

1.1 Орта мектеп оқушыларын оқыту барысында пәнаралық байланысты іске асырудың педагогикалық мәселелері.

Дүние жүзіндегі ғылыми-техникалық прогресстің ілгерілеуі - әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім беру жүйесінің, оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісін дұрыс ұйымдастыру технологиясының жаңа сатыға көтерілуін талап етеді. Елбасымыз кезекті Жолдауында: Ғаламдану жағдайында қазақстандықтардың интеллектуалдық қабілеттері біздің жоспарларымыздың негізгі факторлары болып табылады. Кез келген ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен анықталады, - деп атап көрсетеді.
Сабақ өту - жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер, - дейді Ж.Аймауытов. Расымен де, мұғалім болып, бала оқыту - оңай шаруа емес. Кез келген педагог өз сабағының қызықты, әрі тартымды өтуі үшін өз сабағымен қатар, жалпы білім беретін басқа да пәндерге байланыс жасау арқылы білім беруі тиіс. Пәнаралық байланыс ең алдымен, жалпы оқу процесін, бір мектептің барлық жұмысын бір жолға салуға, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуына септігін тигізеді. Барлық мұғалімге бірыңғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерде ортақ мүддені шешуге жұмылдырады.
Сонымен қатар, оқушының интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзіңің де бірлігі, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екені туралы ғылыми көзқарастың қалыпты қалыптасуына мүмкіндік береді.
Әрбір мұғалімнің көздейтін мақсаты - оқушыларға берілетін ғылыми білім негіздерінің бірлігін, пәнаралық байланысын сақтап отыру. Пәнаралық байланыс кезінде, оқушылардың ойынығ тиянақталуына, қиялдауына, ұғымды меңгеруге, ойда сақтау мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасалады.
Пәнаралық байланыс - түрлі оқу пәндерінің арасындағы өзара байланысын айқындау шарты және білім беру мен оқыту талаптарының бірі. Пәнаралық байланыстың қазіргі оқыту-тәрбиелеу, білім беру жүйесінде оқушылардың дүниетанымын тереңдете отырып, оқытудың тиімділігін арттыруға көмектесуі ғылыми педагогикалық дәлелдеме ретінде танылады. Оқушылардың әртүрлі пәндер бойынша берілетін теорияларды түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін туғызып, танымдық іс-әрекеттеріне шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімін жүйелейді.
"Білімді ұрпақ - болашақтың кепілі", - демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі - мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер етуі үшін демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан ұстаз іс-әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Мұғалім өз білім-білігін, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеруі тиіс.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, егеменді ел болуына байланысты жалпы білім беретін мектептердің мемлекеттік базистік оқу жоспары жасалуда. Бұл білім беру жүйесінің жаңартуға бағытталған талпыныс. Базалық оқу жоспары бұрынғыларымен салыстырғанда құрылымы жағынан жетілдірген. Мұнда тек пәндер жиынтығы, сағат саны, оқу сатысы жөніне ғана мәліметтер беріліп қоймайды, сонымен қатар оқу мазмұнының (инварианттық) тұрақты және (варианттық) вариантивтік жылжымалы бөлігі туралы мәліметтер берілген. Жоспардың тұрақты бөлігінде барлық оқушылар оқуға міндетті, ал жылжымалы бөлігінде әр мектептің қалауы бойынша даярланып алынатын мектептікң құрамы кіреді. Оқу жоспарының жылжымалың бөлігінің ішкі құрылымы оқу сатысында балалардың жас ерекшеліктеріне, физиологиялық мүмкіндіктеріне қарай әртүрлі болады. бастауыш мектепте бұл қосымша сабақтар мөлшері әрбір сыныпта 2 - 3 сағат болуы мүмкін. Негізгі мектептің екінші сатысында оқу сатысының оқу мазмұнының жылжымалың бөлігіндегі қосымша сабақтар, факультативтік курстар оқу жүктемесінің 10 - 15%-тей мөлшерін қамтиды. Ал орта мектептің 3 - сатысында, яғни бағдарлы мектептің оқу мазмұнының жылжымалы бөлігінде барлық оқу жүктеменің үштен бір бөлігі беріледі.
Сонымен жалпыға білім беретін мектептердің оқу жоспарлары жан-жақты тәрбиенің барлық саласын қамтиды, оларға жалпы білім және ақыл-ой тәрбиесінің беретін пәндерімен бірге еңбек, білім дене шынықтыру және эстетикалық тәрбиеге қажетті пәндер (музыка, ән-күй, сурет) енгізіледі. Оқушылардың интелектілік қабілеттерін дамыту көзделеді.
Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселелердің бірі - біртұтас педагогикалық үрдіс кезіндегі сабақтарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық мәндеті - оқыту үрдісінде білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру.
Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы тарихи дамуда дәлелденіп,, қазіргі педагогика ғылымының, оның ішінде пәнді оқыту әдістемесінің басты мәслесіне айналып отыр. Сонымен қатар пәнаралық байланыс - қазіргі заманғы ғылымдардың кірігу тенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып табылады.
Қазіргі педагогика ғылымында дидактикалық ұстанымдар білім мазмұнының негізін құраушы құрылым бөлігі болып есептеледі. сол себепті оқыту үрдісіндегі пәнаралық және пәнішілік байланыстылық ұстанымының да өзіндік маңызы бар.
Жалпы білім беретін мектеп пән мұғалімдерінің пәнаралық білімдер мен іскерліктерді игеруі - оқу үрдісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру үшін алғы шарт.
Пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың икемділік пен дағылары анағұрлым күшті дамитындығын педагог-ғалымдар дәлелдеген.оқу үрдісі нәтижесіндегі игерілген икемділік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты берік екендігінің белгісі болып табылады. Оқу пәндерінің ерекшеліктеріне қарай оқушыларда түрлі икемділік пен дағды пайда болады. Профессор Т. Сабыров оларды бірнеше топқа бөледі.
1. Интелектік пен дағды (оқу, жазу, есептеу, кітаппен жұмыс істеу, т.б.);
2. Еңбекке икемділік пен дағды (сызба, оқи білу, еңбек құралдарымен жұмыс істей білу, т.б.);
3. Спорттық икемділік пен дағды;
4. Өнерге деген икемділік пен дағдылар, т.б.
Оқу үрдісінің барысында оқушылар танымдық, тәжірибелік мақсатты-бағдарлы іс-әрекеттермен шұғылданады. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде оқушыда пәнаралық байланыс іскерлігі қалыптасады.
А. Бейсенбаева Пәнаралық іскерлікң ұғымын былай тұжырымдайды: Пәнаралық іскерлік оқушылардың бір пәннен меңгерген білім, іскерлік, ептілік, дағдыларын екінші пәндерді меңгеруде пайдалана, қолдана білу қабілетін анықтайдың. Бұл пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларында орта, ал жоғарғы сынып оқушыларымен салыстырғанда өзінше қалыптасып дамиды. Яғни, пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес және олардың өзіндік даму сипатына орай жасалынады.
Пәнаралық байланыстың құрылымын іске асыру барысында педагогика ғылымындағы көптеген қозғаушы факторларды ескеру керек. оқыту үрдісінде пәнаралық байланысты іске асырудың құрылымдық белгілері мынадай:
oo пәнаралық байланысты анықтау мақсаты;
oo өзара байланысқа түсетін оқу пәндерін саралап, іріктеп алу;
oo байланыс бөлігі немесе бөлігі болған оқу пәндерінің әрқайсысының ерекшелігі;
oo пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру жолдары.
Сабақ беруде пәнаралық байланысқа мән бермеу оқу пәндері материалдарының бірін-бірі қайталауға, оқушылардың көптеген ұғымдар мен заңдылықтарды тар шеңберде түсінулеріне әкеп соғады. Білім мазмұнын меңгеру, пәнаралық байланысты ескермейінше мүмкін емес. Өйткені ол - өзара жақын пәндердің бағдарламасындағы оқу материалын үйлестірудің және іріктеудің маңызды көрсеткіштердің бірі.

1.2 Орта мектепте оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланыстарды пайдалану жолдары.

Оқушылардың пәнін оқытудағы ең бір тиімді дидактикалық ұстанымдардың бірі- пәнаралық байланыс. Бұл ғылыми- жаратылыстану пәндері мен қоғамдық- гумнитарлық циклдердің және жастарды еңбекке баулуда білім берудің арасындағы байланыстардың қамтамасыз етеді.
Пәнаралық байланыстың мақсаты: ҚР- ның жалпы білім беру қағидасына байланысты, оқушылардың жиған- түйген білімдерін пән мұғалімі ескере отырып, сол қажетті элементтерді тиімді пайдалану арқылы табиғат және тіршілік жайлы ұғымдарды яғни биологиялық түсініктерді ғылыми көзқарасқа негіздеп, кең мағынада оқушының санасында қалыптастыру болып табылады.
Биология пәнін оқытудағы пәнаралық байланыстарды тиімді қолданулардың алғы шарттары:
а) Бұрын оқылған биологияның басқа курстарынан таныс түсініктерге сүйеніп, олардың арасындағы байланыстарды анықтау;
ә) Биологиядан басқа пәндерден алынған таныс түсініктермен байланысын ашу;
б) Болашақта оқылатын биология және басқада пәндерде кездесетін түсініктермен байланыс жоспарын алдын ала жасау;
Биология сабақтарында пәнаралық байланыс негізінде халықтық педагогиканы пайдалану.
Биология пәнін оқытудағы ең бір маңызды дидактикалық ұстанымдардың бірі - пәнаралық байланыс. Бұл - ғылыми-жаратылыстану пәндері мен қоғамдық-гуманитарлық циклдердің және жастарды еңбекке баулуда білім берудің арасындағы байланыстарды қамтамасыз етеді.
Бірақ мектеп мұғалімдері күнделікті оқыту жұмыстарына пәнаралық байланасты іс жүзінде пайдалану кездерінде көптеген қиындыққа кездеседі. Оның негізгі себебі, пәнаралық байланыс жайлы керекті оқу-әдістемелік құралдарының жоқтығынан.
Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының көкейкесті мәселесі ретінде Қазақстанда, ТМД және шетел ғалымдарының еңбектерінде зерттеліп келеді. ТМД көлемінде В.В.Гузеев, Э.Ф.Зеер, М.В.Кларин, Г.К.Селевко, С.Я.Батышев, А.П.Беляева, Б.С. Гершунский, Н.И. Думченко, А.А. Кирсанов, И.Д.Клочков, М.И.Махмутов, И.Т.Сенченко, Н.С.Антонов, И.Ф.Борисенко, И.Д. Зверев, Д.М. Кирюшкин, К.П. Королева, П.Г. Кулагин, И.Я. Лернер, Н.А.Лошкарева, В.Н. Максимова, В.Н. Федорова т.б, Қазақстанда А.А.Бейсенбаева, Қ.А.Аймағамбетова, Ә.Мұханбетжанова, Ә.Түркменбаев, Р.Г.Лемберг, М.Ә.Құдайқұлов, Р.М.Қоянбаев, Т.С.Сабыров,Д.С.Байгожанова, О.В.Будникова, Н.А.Оразханова, Г.К.Шолпанқұлова және өзге де ғалымдардың еңбектерінің зерттеу нысаны болып табылады. Бұл ғалымдардың еңбектерінде пәнаралық байланысқа әр түрлі анықтамалар беріледі: оқу пәндері арасындағы байланыстарды жүзеге асыруға қажетті нақты деректерді негіздеген; пәнаралық байланыстардың дүниетанымдық функциясына ерекше көңіл бөлінген; түрлі пәндердің пәнаралық байланыстарының деңгейін көрсететін әдістемелік нұсқаулар ұсынылған.
Пәнаралық байланысты күнделікті сабақ өткізуде пайдалану биология пәні мұғалімнің теориялық білімінің тереңдігін, оның жан-жақтылығын, эрудициясын, ізденімпаздығын талап етеді. Биология пәніндегі әсіресе, адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасындағы көптеген заңдылықтар мен түсініктер басқа пәндермен, оның ішінде физика, химия, геогрофия, медицина және экология, математика, әдебиет т.б. өте тығыз байланысты.
Пәнаралық байланыстар болашақ мұғалімдерді ғылымның әртүрлі шеңберіндегі зерттеулерімен және оқу жұмыстарының, сол сияқты танымның жалпы әдістерімен қаруландыру, мектеп пәндерімен оған жақын (шектес) курстардың негізгі идеяларына, мектеп білімдерінің жиынтығына тұтас көзқарастарды қамтамасыз ету, математиканы оқытуда орта мектепте және педагогикалық жоғары оқу орындарында оқу процесінде пәнаралық байланыстар орнату, пәнді оқытуда теорияда алған білімдерін практикада жүзеге асыру, тәрбиелеу және дамыту функцияларын атқара отырып жалпы педагогикалық мәнге ие болу болып табылады.
Биологияны пәнаралық байланыста оқыту үрдісін жүзеге асыруда әдістемелік тұрғыдан оқытушының қызметі күрделеніп, төмендегідей кезеңдерді қамтиды:
:: биологияның оқу бағдарламасын талдап, оның пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудағы мүмкіндігін анықтау. Биологияның теориялық материалдарын тірек ете отырып, арнайы пәндердің бағдарламаларымен байланыстыруға болатын бөлімдерін анықтау. Осы байланыстар негізінде игерілетін білім, білік, дағдылар көлемін анықтау;
:: пәнаралық байланыстағы тақырыптық сабақ жоспарларын құру;
:: нақты тақырыптар бойынша пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудағы дидактикалық талаптарды ескере отырып, сабақта қолданылатын құралдарды, танымдық есептерді, тапсырмаларды тұжырымдап, қосымша әдебиеттерді анықтау, арнайы пәндер бойынша көрнекіліктер мен таратып берілетін материалдарды іріктеу;
:: оқытуды ұйымдастырудың кешенді түрлері мен жүргізу жолдарын саралау (пәнаралық байланыстағы қорытынды сабақтары, кешенді семинарлар т.б.);
:: пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру нәтижелерін бақылау мен бағалаудың түрлерін, құралдарын, әдіс-тәсілдерін анықтау (пәнаралық байланыстар бойынша алған білімдері мен біліктерін анықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар);
:: пәнаралық байланысты жүзеге асыруда қолданылатын белсенді технологияларды іріктеу.
Оқушыларды пәнаралық байланыстар негізінде оқытудың алғашқы кезеңдерінде түсіндірмелі-иллюстрациялы әдіс жиі қолданылады. Оның себебі, оқытушы пәнаралық мазмұндағы материалды түсіндіре отырып, білім алушылардың жұмыс түрлерін жүргізе білу дайындығын күшейту. Осы арқылы біртіндеп оқушыларда пәнаралық мазмұндағы материалмен жұмыс істеу білігі қалыптасады. Осыдан кейін барып, репродуктивті және ішінара ізденіс әдістерін қолданып және шығармашылық іс-әрекеттерін дамыту мүмкіндігі туады.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруда оқушылардың атқаратын жұмыстары мен орындайтын оқу әрекеттері де түрліше болады:
:: білім алушылардың биологиядан алған білімдерін қайта жаңғырту, еске түсіру және оларды жаңа материалды игеру кезінде қолдану;
:: арнайы пәндерден алған білімдерін іске қосатын, білім алуда белгілі бір танымдық мақсатты жүзеге асыратын пәнаралық міндеттерді орындауға көмектесетін тапсырмалар мен сұрақтарды орындау;
:: бағдарламалық материалдарды терең және тиянақты игеруге, құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтай білуге мүмкіндік туғызатын шығармашылық бағыттағы жұмыстар орындау арқылы әр пәннің мазмұндық сабақтастығына көз жеткізу;
:: пәнаралық сипаттағы хабарлама, рефераттар, көрнекі құралдар, кестелер, сызбалар дайындау;
:: пәнаралық байланыс бойынша алған білімдерін қолдану барысында биологиялық эксперимент жүргізу.
:: Бізге дейінгі пәнаралық байланыстар туралы берілген еңбектерде негізінен оқу пәндері арасындағы байланыстар екі түрлі жолмен жүзеге асады. Олар:
:: уақытша (хронологиялық);
:: мазмұндық.
Пәндердің хронологиялық жолмен байланыстары оның оқылу уақытын белгілеуді керек етеді. Мазмұндық - бұл негізінен ғылыми ұғымдарды байланыстырып түсіндіру.
Бұл пікірлерді біз де қолдаймыз. Дегенмен, біздің зерттеуімізде пәнаралық байланыс төрт түрлі жолмен жүзеге асырылды:
:: теориялық-мазмұндық байланыс. Мұнда пәндер бағдарламасындағы теориялық материалдардың сабақтастығын жүзеге асыру;
:: пәндер мазмұнына сәйкес жүргізілетін тәжірибе жұмыстарының байланысы;
:: біліктілікті қалыптастыратын сарамандық жұмыстардың байланысы;
:: пәндердің мазмұндық байланысын күшейтуге бағытталған сыныптан тыс жұмыстардың байланысы.
Пәнаралық байланыстар зерттеу әдістерінің ортақтығы бойынша да ашылады. Биология пәнін арнайы пәндермен байланыстырудың үш кезеңі бар: алдын ала, ілеспе, болашақта орындалатын. Алдыңғы пәнаралық байланыстар - биология курсы материалдарын оқыту кезінде кәсіптік пәндерден бұрын алған білімдеріне сүйенеді. Ілеспе пәнаралық байланыстар - бұл бірқатар теориялық мәселелер мен ұғымдар бір мезгілде биология бойынша да, арнайы пәндер бойынша да қатар жүзеге асып оқытылатын байланыстар. Болашақта орындалатын пәнаралық байланыстар арнайы пәндерде биология пәнінен бұрын алған білімдерін қолдану. Бұл жағдайда арнайы пәнді оқыту биологиядан берілген білімге негізделе жүргізіледі.
Биология пәнін оқытуда пәнаралық байланыстар бірнеше қызмет атқарады.
Бірінші - методологиялық қызметі. Осы қызметі оқушылардың табиғаттануға, оның біртұтастығы мен дамуына диалектикалық- материалистік көзқарасын қалыптастыруға үлкен әсерін тигізеді.
Екінші - оқушының білімдік ой-санасын қалыптастырып, оның бір жүйелілігін, тереңдігін, алғырлығын дамытады. Бұл ретте пәнаралық байланыс аралық байланыстарды игеруге мүмкіндік туғызады, биологиялық түсініктерді дамыту құралы есебінде пайдаланылады.
Үшінші - тәрбиелік қызметі. Пәнаралық байланыс білім берудегі политехникалық бағытты іске асыруға көмек көрсетеді.
Биология курстарынан сабақ беру үшін әрбір мұғалім пәнаралық байланысты іс жүзінде орындауы тиіс. Оның өзі бірнеше кезеңдерден тұрады.
а) биологиялық әрбір курсының және басқада пәндердің басты тақырыптарының арасындағы пәнаралық байланыстарды талдап, қосымша әдебиеттерді пайдалану;
ә) курстық және тақырыптық жоспарларды пайдаланып, пәнаралық байланысқа сәйкестеп, сабақтың жоспарын құру;
Пәннің әрбір тарауының мазмұнына талдау жасап бөлген жөн:
а) бұрын оқылған биологияның басқа курстарымен таныс түсініктерге сүйеніп, олардың арасындағы байланыстарды анықтау;
ә) биологиядан басқа пәндерден алынған таныс түсініктермен байланысын ашу;
Пәнаралық байланысты іс жүзінде орындауға қолданылатын әдістемелік тәсілдердің барлығыда оқушылардың өз бетімен ізденіс жұмыстарын арттыруға арналған. Адам және оның денсаулығы және Жалпы биология пәндерінің ішіндегі пәнаралық байланыстарға жеке-жеке тоқталайық.
Ғылымның әр саласындағы білімнің мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық процесс кезінде бір міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың танымдық қызығуының артуына тікелей байланысты. Орта білім беру мәселесі қоғамды дамытуда ұдайы өндірісте, ақыл-ой, шығармашылық қабілетті жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Жеке адамның дамытуының қозғаушы күші экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуде құбылыстар мен дәйектерді талдай білуде, шығармашылық түрде тез арада ойланып шешім қабылдауға үйрену өзекті мәселелердің бірі. Жалпы оқу - тәрбие жұмысын тиімді ету оқушылардың оқу-таным әрекеттерін белсендіру, оқуды ғылыми негізде ұйымдастырудың және оқушылар мен оқытушының ғылыми қызметінің ықпалды бірігуі, сондай-ақ жеке адамның белсенді қалыптасуы жоғарғы мектептің ғылыми әдістемелік негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.
Соған орай оқу үрдісінде пәнаралық байланыстар орнату - маңызды да күрделі міндет. Оның мәні оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге кешенді келу тұрғысында ерекше артады.
Жасушаның (клетканың) құрылысы мен қызметі, мүшелер (оргондар) жүйесі, олардың эвалюциялық дамуы, қызметтерін рефлекторлы реттеу, ағзаның (организмнің) біртұтастығы, олардың сыртқы ортамен байланысы жайлы түсініктерді дамыту үшін биологияның бұрынғы курстарымен байланыстыру керек. Мұғалім оқушылардың түсініктерін жинақтап, адам және оның денсаулығы курсын оқытқанда осы курсқа тән анатомиялық, физиологиялық және гигиеналық түсінікткерді шеберлікпен дамытады.
Сүйектің химиялық құрамы мен құрылысын оқыту кезінде оқушылардың химиядан алған органикалық заттар, сулармен тұздардың қасиеті туралы түсініктеріне сүйеніп, оны әрі қарай кеңітіп және тереңдете ұғынуға ықпал жасау керек. Ал буындар мен сүйектердің қозғалу механизмдерін әңгімелегенде оқушы физика пәнінен - механикалық жұмыс және үйкеліс күші, рычаг (иін) жайлы алған білімін пайдаланып, жаңа түсінікті тез игеріп кетеді.
Мұғалім тыныс алу және тыныс шығару механизмін, қанның қысымын оқушылардың физика пәнінен өткен газдардың, сұйықтардың ағу, қозғалу заңдылықтарының бас бөлігіндегі және аяқ бөліміндегі қысым айырмашылығы жайлы ережелерімен сүйеніп түсіндіреді.
Оқушылардың химия пәнінен алған - катализатор, қышқылдық, сілтілік және бейтарап реакциялар жайлы алған білімі биологияда энергетикалық және пластикалық зат алмасуды оңай да тез ұғынуына мүмкіндік береді.
Физикадағы энергияның сақталу және алмасу заңы биологияда адам ағзасындағы зат алмасу жайлы тақырыпты өткенде тірек білім болады, яғни оның тірі табиғат заңдылықтарымен жан-жақты, бірдей екенін оқушылар жақсы ұғынады және химиялық үрдістер мен биологиялық үрдістердің бір тұтастығын танып біледі.
Биологиядағы көру және есту мүшелерінің қызметі мен құрылысы тақырыбындағы оқушылар білімі болашақта физика курстарынан оптика және дыбыс жайлы әңгімелегенде тірек білім ретінде қолданылады.
Биология сабақтарында кең және жан-жақты пәнішілік және пән аралық бұрынғы, болашақ тура және кері байланыстарды пайдаланудың арқасында мұғалім оқушының материя қозғалысындағы адамның алатын орны, даму формасы жайлы білімін жетілдіреді.
Адам және оның денсаулығын курсындағы пәнаралық байланысты іскеасыруда ең бірінші-проблемалық жағдайларды тудыру, оларды талқылау, танымдық есептерді шығарудың маңызы зор.
Мысалы, Бұлшық еттердің жұмысы тақырыбында оқушылардың проблемалық мәселелерді шешуіне тура келеді. Неге адамның бұлшықеттері әртүрлі қимылдар жасаған кезде адам денесі қызып, жылу бөлінеді?. Бұл жердегі шешуі талап етілетін мәселенің бірі-химиялық экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар кезінде энергияның өзгеруі және физика пәніне энергияның бір түрінің екінші түріне ауысуы жайлы білімді пайдаланып жұмыс істеген еттен ағып шыққан көк тамыр (вена) қанының температурасы салатамыр ( артерия) арқылы сол етке келіп құятын қанның темпеатурасының жоғары болатынын түсіну. Ал оқушылардың бір тобы өсімдіктер мен жануарлар курсын өткендегі тыныс алудың нәтижесінде жасушадағы органикалық заттар тотығып, жылу бөлінетіні туралы білімін естеріне түсіріп жұмыс кезінде ет талшықтарындағы жаттығу үрдісінің нәтижесінен бөлінген жылу деп жауап беруі де мүмкін, ол жылу да экзотермиялық.
Неге ет жұмыс істегенде көп, ал тұқым тыныс алғанда аз энергия бөлінеді? деген сұраққа оқушылар физика курсынан алған білімін еске алып, жұмыс істеген еттерде механикалық эенергия жылу энергиясына айналады дейді. Ал бұл жерде Механикалық энергия қайдан пайда болды? деген сұрақты былай түсіндіруге болады: ет талшықтарындағы ақуыздармен көмірсулар ыдырауының және тотығуының химиялық байланыстардың түзілуіне энергия бөлінеді, қан плазмасы осының салдарынан жылуды сіңіреді, сөйтіп оның температурасы жоғарылайды. Адам денесінде пайда болған тер буланғанда артық жылуды қоса ала кетіп, адам денесіндегі жалпы температураны бір қалыпты денгейде ұстап тұрады.
Пәнаралық байланыстарды пайдалану арқылы проблемалық сұрақтарды шешудің мысалын келтірейік. Мысалы, Ағзаның ішкі ортасы тақырыбын түсіндіру кезінде оқушыларға мынандай сұрақ қоялық: Егер қан плазмасында судың мөлшері 80% -ға жақын болса, сол қанға суды құюға болама?. Бұл сұраққа жауап беру үшін тәжірибе көрсетуге болады.
Картоптың мөлшері бірдей үш кесіндісін алып, олардың біріншісін- дистилденген суға, екіншісін-0,9%- дық ас тұзы ертіндісіне, үшіншісін -10%-дық ас тұзы ертіндісіне салып, бірнеше уақытан кейін оларда қандай өзгерістер болатынын оқушылардың өздеріне бақылату керек, олар екінші кесіндіде ешқандай өзгеріс болмай, бірінші және үшінші картоп кесінділерінің мөлшерінің өзгергенін байқайды. Оларды дәлелдеу үшін оқушылар химиядан алған тұз ертіндісінің консентрацияларына байланысты, ал физикада сұйықтардың диффузиясы туралы тірек біліміне сүйене отырып, неліктен бір тәжірибелерде картоп кесіндісінің көлемі үлкейсе, екіншілерінде мөлшері азайып, жирылып кететініне жауап табады.
Осы мәліметтерге сүйеніп, қанға суды құюға болатын, болмайтынын дәлелдеп беруге болады. Осының нәтижесінде ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтайтын механизмін өз - өзімен реттеліп отыратынын, ал судың қозғалу бағыты қан плазмасындағы және эритроциттер құрамындағы тұздардың концентрациясының байланысты болатынына көзін жеткізу керек.
Адам ағзасындағы көптеген физиологиялық үрдістер физикалық заңдарға бағынады, қан тамырлары арқылы қанның ағысы гидродинамикалық заңдылығына, қан тамырларының серпімділік қасиеті механикалық тербелісінің белгісін байқатады, биопотенциялдың таралуы тоқтың химиялық электр қозғаушы күшіне ұқсас, тыныс алу - аэродинамика заңдылығына ұқсас.
Биология курсын оқытудың жоғары деңгейде болуының басты факторларының бірі - осы пәнаралық байланысты негізге алып, тазалық сақтау (гигиена) және табиғатты қорғау мақсатында тәрбиелік жұмысты күшейту тәсілдерін пайдаланып, өзара байланыстарды анықтап көрсеткен жөн. Осыған байланысты қорытынды сабақтардан басқа мазмұнына байланысты пәнаралық дәрістер, семинар, тіпті арнаулы конференциялар өткізуге болады.
Қазіргі кезде пәнаралық байлансты педагогика ғылымының басты мәселесі болып отырған жағдайда оны жан-жақты қарастыру барысында біздер көрнекі философ, психолог, педагог еңбектерінде талқылау жасадық. Мұнда философБ. М. Кедров адамның дүниетанымын қалыптастыруға әр түрлі пәндердің өзара әсерінің мәнін көз жеткізе баяндаған. М. Б. Кедров өзінің еңбектерінде ғылымда пәнаралық байланыс мәселесіне жаңа әдістемелік тұрғыдан қарауды талап етеді. пәнаралық байланыс проблемасы бүгінгі күнге дейін бір ғылымға бір пән, керісінше бір пәнге бір ғылым ғана бір-бірімен өзара байланысты болып шектеліп тәрбиеде қолданып келгенін көрсетіп, ол қазіргі кезде бір пәнді бірнеше ғылым өзара әрекеттесіп жан-жақты қарастыра бастағанын дәлелдейді. Сонымен ғылымның зерттеуінде бір ғылым тек өзінең тиісті пәнмен ғана емес, қайта көптеген басқа пәндермен бірлікте болуы қажеттігі айқындалған.
Біз ғалымдар пәнаралық байланыс негізінде білім-тәрбие беру проблемасын зерттегенде осы тірек бола алатын жаңа әдіснамалықты басшылыққа алдық.
Пәнаралық байланыстың педагогикалық жағы бір аса маңызды міндеті ғалымдардың бір-біріне бөлшектенбей ғылыми білімнің бір жүйеге топтасуын, басқаша айтқанда интеграциялану тенденциясын жоғары дәрежеге көтеру.
Соңғы кезде пәнаралық байланыс ұғымы ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде жаңа мәнімен енгізіле ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологияны оқыту әдістемесінің пәні
Биология сабағында пәнаралық байланыс
Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие жұмыстарын жүргізу
Биология мен экологияны оқытуда оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру
Оқушылар білімін тексеру
«Биологияны оқыту әдістемесі» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстардың қызметтері
Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие беру
Мұражайда 7-сынып биологиясын оқыту әдістемесі
Биологияны оқытуда тірі өсімдік объектілерін пайдалану әдістемесі
Пәндер