Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастырудың моделі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ- ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Мектеп оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастырудың тарихи - педагогикалық алғышарттары . . . 7
- Бастауыш мектептегі білім мазмұнының оқушылардың ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру үдерісін ғылыми- әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуі . . . 31
- Бастауыш мектептің оқу- тәрбие үдерісінде оқушылардың ұлттық құндылық бағдарын қалыптастырудың теориялық моделі . . . 51
- БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
БАҒДАРЫН ОҚУ- ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ҚАЛАПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
- Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын оқу үдерісі барысында қалыптастыру . . . 53
- Бастауыш сыныптардағы тәрбие үдерісінде оқушылардың ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру . . . 67
- Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын оқу - тәрбие үдерісінде қалыптастыру динамикасы . . . 109
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 116
Пайдаланылған ДЕРЕКТер тізімі . . . 118
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдар аралығында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім беру жүйесінің барлық сатысында білімнің жетілдірілген үлгілерін енгізу және ұлт мектебінің жаңа моделін жасау бағытындағы жұмыстар жүзеге асырылуда [1] .
Осыған орай, қазіргі кезде жаhандану және қазақ халқының рухани қайта өркендеуі жағдайында жас ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық құндылықтары арқылы тәрбиелейтін ғылыми теориялық негіздерді жетік меңгеру, практикалық жағынан жетілдіре түсу қажеттілігі айқындалып отыр. Егемен елдің болашақ азаматтары - бүгінгі оқушылардың қандай құндылықтарға бағытталғандығы, нені қадірлеп, қастерлейтіні, қоғамда қандай әлеуметтік қызметті атқаруға даяр екендігі мемлекеттің өсіп- өркендеуіне әсер етуші факторлардың бірі ретінде маңызды орын алады.
12 жылдық білім беруге көшу де алғашқы саты - бастауыш білімнің орны ерекше. Бала өзінің отбасынан және балабақшадан меңгеріп келген алғашқы құндылық бастауларын мектепте жүйелі түрде жүргізілетін оқу- тәрбие үдерісінде толықтыра түсуі тиіс. Сондықтан білім беру жүйесінің бастауыш сатысында оқушыларды ұлттық құндылықтарға бейімдеп, бағдарлауға ерекше көңіл бөлінуі қоғам қажеттілігінен туындап отыр [2] .
Құндылықтар мәселесі қай кезеңде де өзінің өзектілігін жоймай, философия, әлеуметтану, педагогика, психология ғылымдарының зерттеу нысаны болып келеді. Философтар мен мәдениеттанушылар Т. Парсонс, Р. Б. Перри, Т. Ғабитов, Б. Ерасов, Ғ. Есім, Д. Кішібеков, Қ. Әбішов, С. Нұрмұратов т. б құндылықтардың әлеуметтік - философиялық мәнін айқындаған.
Ұлттық құндылықтарды танып білу, меңгеру және ұлттық мәдениеттің қалыптасу негіздері ғұлама ағартушылар Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев еңбектерінен, сондай-ақ, ХХ ғасырдың 1-жартысындағы педагог- ағартушылар М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов, А. Байтұрсыновтың рухани мұраларынан бастау алады.
Құндылық бағдардың қалыптасуының теориялық алыс және жақын шетел ғалымдары А. В. Кирьякова, Н. Г. Казакина, А. И. Титаренко, Л. С. Рубинштейн, В. Н. Мясищев, Д. Н. Узнадзе қарастырса, оқушылардың адамгершілік құндылықтарының жалпы сипаттамасы мен түрлері Л. И. Рувинский, Н. Е. Шуркова еңбектерінде зерттелген. Рухани- адамгершілік құндылықтар этнопедагогикалық тұрғыдан Қ. Б. Жарықбаев, С. К. Қалиев, С. А. Ұзақбаева, К. Ж. Қожахметова, Р. К. Төлеубекова, Р. Қ. Дүйсембінова, Қ. Бөлеев, Ш. И. Джанзакова т. б ғалымдардың еңбектерінде қамтылған.
Қазақстандық ғалымдар Г. Қ. Нұрғалиева, Б. К. Құдышева, М. И. Кикина, К. Найманбаева жеке тұлғаның әлеуметтік даму құндылықтарын айқындау және құндылық ретінде еңбекке бағдарлау мәселелерін жан - жақты қарастырған. С. С. Тілеуова, Д. А. Нұрғалиева, К. А. Исмаилова еңбектерінде құндылық бағдар қалыптастырудың пеагогикалық негіздері мен тиімді жолдары анықталған.
Сондай - ақ ұлттық құндылықтарға негіздеп тәрбиелеуді ғылыми- әдістемелік тұрғыдан С. Қ. Мұхамбетова, Ш. А. Қирабаева, А. Қ. Қаплиева, Н. А. Мұхамединова, Г. А. Аңламасова, Ж. Н. Қалиев, Б. Қ. Игенбаева, З. Ж. Айджанова саралап талдаған. Жоғарыда аталған еңбектер оқушыларды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу мәселесінің біркелкі зерттелгенін айқындайды. Дей тұрғанмен, бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастырудың тиімді жолдарын зерттеу қажеттігі анықталды.
Сол себепті бастауыш мектептің оқу- тәрбие үдерісінде оқушылардың ұлттық құндылық бағдарын қалыптастырудың қазіргі таңдағы қажеттілігі мен оның ғылыми - педагогикалық, алып отырғандығы байқалады. Осы аталған қайшылықтың тиімді шешімін іздестіру зерттеу проблемасы мен тақырыбын «Бастауыш мектептің оқу- тәрбие үдерісінде оқушылардың ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру» деп белгілеуімізге негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру үдерісін теориялық тұрғыдан негіздеу және ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету
Зерттеу нысыны: Бастауыш мектептің оқу- тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш мектептің оқу- тәрбие үдерісінде оқушылардың ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер бастауыш мектептің білім мазмұнындағы ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыруға негіз болатын оқу материалдары ақпараттық технологияны қолдану мен жүйелілік негізінде берілсе, онда бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдары қалыптасады, өйткені оқу - тәрбие үдерісі тиімді әдіс - тәсілдермен қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің міндеттері:
- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдар қалыптастыру үдерісін теориялық тұрғыдан негіздеп, «ұлттық құндылық бағдар» ұғымын нақтылау;
- бастауыш мектептің пәндік және тәрбие бағдарламаларының оқушылардың ұлттық құндылық бағдарын қалыптастырудағы әлеулетін анықтау;
- бастауыш мектептің оқу - тәрбие үдерісінде оқушылардың ұлттық құндылық бағдарын қалыптастырудың теориялық моделін жасау;
- бастауыш мектептің оқу - тәрбие үдерісінде оқушылардың ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру әдістемесін даярлап, тәжірибелік- педагогикалық жұмыстары барысында тиімділігін тексеру.
Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың, әлеуметтанушылардың, мәдениеттанушылардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері, ҚР «Білім туралы» Заңы (2007ж. ), ҚР 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, бастауыш білім беруге байланысты нормативті құжаттар, оқулықтар, тәрбие бағдарламалары, педагогикалық баспасөз материалдары, бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыруға бағытталған мұғалімдердің озық тәжірибелері.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философиялық таным теориясы және диалектикалық принциптер, жеке тұлғаның дамуы жөніндегі психологиялық- педагогикалық теориялар, құндылықтар туралы әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық тұжырымдамалар, құндылық бағдар теориялары.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық, ғылыми- әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, бастауыш мектептегі оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұнына талдау жасау бастауыш мектептегі оқу - тәрбие үрдісін бақылау, талдау, модельдеу, оқушылармен педагогикалық- тәжірибелік жұмыс ұйымдастыру, алынған мәлеметтерді өңдеу, қортындылау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
- бастауыш мектептің оқу - тәрбие үрдісінде оқушылардың ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру теориялық тұрғыдан негізделді;
- «ұлттық құндылық бағдар» ұғымы нақтыланды;
- Бастауыш мектептегі оқу пәндерінің оқушылардың ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыратын әлеуеті анықталды;
- Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастырудың теориялық моделі жасалды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- Бастауыш мектеп оқушыларының ұлттық құндылық бағдарының мәні мен мазмұндық сипаты баланың дүниетанымы мен сенімдеріне, ұстанымдары мен мінез-құлқына, оның жас ерекшелігіне сәйкес әлеуметтік тәжірибесіне, өзіндік санасы мен сезімдік толғаныстарына негіделеді. Ал ұлттық құндылықтарға қатынасын көрсететін сенімі, көзқарасы, ұмтылыстары түріндегі ерекше тұлғалық құрылым;
- Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастырудың моделі;
- Бастауыш мектептің оқу - тәрбие үдерісінде оқушылардың ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыруға арналған әдістемелік кешеннің жүзеге асырылуы ұлттық тұлға қалыптасуының өзегі болып табылады.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңі мәселенің теориялық тұрғыда мәнінін түсінуге, ұғынуға арналаады. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты айқындалды. Құндылық жіне құндылық бағдар мәселелеріне арналған философиялық, әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық және этнопедагогикалық әдебиеттерге талдау жасалды. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың даму ерекшеліктері жөніндегі зерттеу жұмыстары қарастырылды. Оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқу пәндерінің мазмұндары талданды.
Екінші кезең бастауыш мектеп жасындағы балалардың ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыруды жүзеге асырудың теориялық моделі жасақталды. Ұлттық құндылық бағдар қалыптастыруға арналған әдістеменің тиімділігі тексерілді.
Үшінші кезеңде ұлттық құндылық құндылық бағдар қалыптастыруға байланысты педагогикалық- тәжірибелік жұмыстары бойынша педагогикалық тұжырымдар жүйеге келтірілді, нәтижелері диплом жұмыс мазмұнына енгізілді, зерттеу қортындылары негізінде әдістемелік ұсыныстар берілді, дипломның рәсімделуі аяқталды.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: зерттеудің логикалық құрлымымен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестігімен, зерттеудің мақсат- міндеттеріне сәйкес зерттеу әдістерін таңдаумен, алынған нәтижелерді өңдеудің математикалық әдістерін қолданумен және олардың тиімділігін бастауыш мектепте тексеріп, пайдаланумен қамтамасыз етіледі.
Практикалық базасы: Педагогикалық- тәжірибелік жұмыстар Қызылқоға ауданы, Жасқайрат селосындағы Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектепте және Миялы селосындағы Х. Досмұхамедов атындағы орта мектебінде жүргізілді.
Дипломның құрлымы: диплом кіріспеден, екі тараудан, тұжырымдар мен қортындыдан, пайдаланылған ғылыми әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейтестілігі, нысаны, пәні, мақсаты, ғылыми болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық негіздері, дерек көздері, зерттеудің әдістері мен негізгі кезеңдері, ғылыми жаңалықтары, практикалық мәні және қорғауға ұсынылатын қағидалары баяндалды.
«Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың ұлттық құндылық бағдарын қалыптастырудың теориялық негіздері» деп аталатын бірінші бөлімде оқу- тәрбие үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастырудың бастауыш білім беру сатысындағы өзіндік ерекшеліктері, бастауыш мектептегі оқу пәндерінің оқушылардың ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру әлеуеті анықталды, ұлттық құндылық бағдар қалыптастырудың теориялық моделі жасалып, оның өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері берілді.
«Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын оқу- тәрбие үдерісінде қалыптастыруға арналған тәжірибелік- педагогикалық жұмыстарының нәтижесі» атты екінші бөлімде бастауыш сынып оқу- тәрбие үдеріснде ұлттық құндылық бағдар қалыптастыру жұмысының мазмұны мен әдістемесі сипатталады. Педагогикалық- тәжірибелік жұмыстарының нәтижесі, әдістемені іске асырудың тиімділігі негізделіп, ұсыныстар берілді.
Қортындыда дипломдық жұмыстың нәтижелері негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.
Қосымшада зерттеу мазмұнына қатысты жұмыстардың үлгілері көрсетіледі.
1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Мектеп оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастырудың тарихи-педагогикалық алғышарттары
Қоғамдағы жаңа әлеуметтік-эканомикалық жағдайлар білім беру мәні мен
оның түпкі нәтижесін қайта қарауды талап етуде. Бүгінгі азаматтың білімділігі, шығармашылық ізденіске қабілеттілігі сияқты тұлғалық сапалары елдегі саясаттың, мәдени дамудың түпкі негізіне айналып отырған кезде барлық білім беру мекемелерінің басты назарында оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру болары сөзсіз.
Сонымен бірге, 12 жылдық білім беруге көшу Қазақстандық білім беру жүйесін реформалауды, шығармашылықпен дамыған, ұлттық ділі жетілген, бүгінгі қоғамдық қатынастарға еркін араласа алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды қамтамасыз етеді. Осыған орай жалпы орта білім беру мақсаттары шығармашылық әрекетінің, намысының жетілуін қарастырады. Аталған қасиеттердің дамуында қазіргі мектептегі тұлғалық бағдарлы білім берудің мынадай қызметтерінің де ерекше маңызы бар:
- құндылықтары мен өмір салтын таңдауын қалыптастыру;
- сырттан ұсынылатын ережелер мен құндылық негіздеріне сыни тұрғыдан
қарауға уйрету.
Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында бұл жөнінде былай делінген: « . . . жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік - адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады» [3] .
Педагог ғалым К. Ж. Қожахметова мектеп қабырғасынан бастап оқушылардың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиені ұлттық салт пен дәстүрге негіздеп ұйымдастыру және ұлттық құндылықтарға сәйкес мінез- құлық қалыптастыруды көздейтін этноәлеуметтік рольдерге баулуды ұсынады.
Осы жағдайларды ескере отырып, зерттеу жұмысымызда мектеп табалдырығын жаңа аттаған ақ ниетті, балғын бүлдіршіндердің өз халқының ұлттық құндылықтарын саналы түрде түсініп, қабылдауына, сөйтіп, ата -бабасын, ата- анасын сүйіп, қастерлейтін, бауырмал, мирасқор, мұрагер, намысқой, сат. Дәстүрлерін қадір тұтатын, елін сүйетін, рухы жоғары, ұлттық құндылық бағдары анықталған азамат тәрбиелеу көзделіп отыр.
Жалпы орта білім беру мемлекеттік құжаттарға сәйкес бастауыш және негізгі (орта), кәсіптік бағдар беру сатысы ретінде бөлінеді. Ал, жеке тұлғаның өзіндік қасиеттерге қалыптасуы бастауыш мектепте қуатты жүреді. Бастауыш мектеп- кіші мектеп жасындағы балаларға бастауыш білім беретін оқу- тәрбие ордасы. Бастауыш білім тұжырымдамасында бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасының рухани өзегі қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталады [4] . Бастауыш мектептің өзінде баланың танымдық және психикалық мүмкіндіктері жетіліп, адамның күнделікті өмірінде білім алудың қаншалықты маңызды екеніне көзі жете бастайды. Сонымен қатар осы жас кезеңінде оқушы өзіндік сананың жаңа сатысына көтеріледі.
Болашақ ұрпақты жас кезінен сан ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік тарихы бар құндылықтар негізінде тәрбиелейтін мазмұнды ақпараттар өте мол. Олар ғұлама ойшылдардың, педагогтар мен психологтардың құндылық сезім ниеттер, ұмтылыстар, тұлғаның бағыттылығын анықтайтын ізгі қасиеттерді қамтиды. Бұл өз кезегінде ғылым әлеміндегі құндылықтар ұғымына байланысты алуан түрлі тұжырымдар мен айқындалып, нақтыланып отырады. Әрбір ғылым саласы өзінің зерттеу бағытына сәйкес құндылықтарды түрліше деңгейде қарастырады. Қазіргі кезде құндылық термині философия, әлеуметтану, мәдениеттану этика, эстетика, психология, педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылуда. Біз құндылық мәселесіне арналған еңбектерден өз зерттеуімізге қатысты «құндылық» ұғымының философиялық, педагогикалық мәніне баса назар аудара отырып, оларды өз зерттеуіміздің алғышарттары ретінде жүйелі түрде қарастырамыз.
Адам құндылығының өзегін құрайтын және оны зерттейтін саланы аксиология дейді (грек тілінде axis-бағалы, «құндылық», logos-ілім, ғылым) .
Аксиология - құндылықтар жаратылысы туралы, оның объективті орны мен құндылық әлемдегі құрлымы туралы, яғни әлеуметтік және мәдени факторлар мен тұлға құрлымы арасындағы әр түрлі құндылықтар байланысы туралы ілім.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «құндылық- нарқы жоғарылық, қымбаттылық, бағалылық. Құндылық арқылы сол заттың маңызын, мәнділігін, пайдалылығын, қажеттігін білуге болады» - деп сипаттаған [5, 122-б. ] .
Қазақ энциклопедиясында «құндылық» объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық- әлеуметтік ұғым деген анықтама берілген. Ежелгі философиялық көзқарастарда құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын табиғи, қоғамдық құбылыстар, адамның іс- әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылады. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. Құндылық өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне т. б. баға беру қатынасынан тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар мен мән- мағыналар қызметін өзіне бағындырады, реттейді [6] .
Философиялық сөздікте: «құндылық - бұл танымның, белгілі бір объектінің адам үшін, топ үшін, қоғам үшін қасиетті деп танылуы. Құндылыққа ешқандай күмән келтіруге болмайды, ол барлық адамдар үшін идеал, эталон қызметін атқарады» - деген анықтама беріледі [7, 156- б. ] .
Шетелдік философия және әлеуметтану ғалымдары құндылық мәселелерін әр жақты қарастырып келеді. Т. Парсонс [8], Р. Б. Перри [9] т. б да ғалымдар құндылықты тұлға қызығушылығының ұмтылысы мен бағытталуының объектісі ретінде қарастырады және ол ұсынылып отырған бірнеше объектіден біреуіне таңдау жасауға негіз болады деп атап көрсетеді. Р. Б. Перри ХХ ғасырда өзінің «Құндылықтардың жалпы теориясы» атты еңбегінде «құндылық» ұғымына жан - жақты түсініктеме бере келе рухани құндылықтарға мейлінше мән береді және материалдық құндылықтар емес, неғұрлым әлеуметтенген және эмоциялық тұрақтылығымен ерекшеленетін идеялар ғана мәдениет пен өркениеттің негізін құрайды деген тұжырым жасайды. Перри өз еңбектерінде құндылықтарды қарапайым күрделі, жағымды, жағымсыз деп топтастырады [9] .
А. Г. Здравомыслов [10], В. П. Тугаринов [11] сынды филофтар құндылықты белгілі бір құбылыстың немесе заттың нақты бір адамға не қоғамға маңыздылығы, мәнділігі түріндегі категория ретінде қарастырады. Мәселен, В. П. Тугаринов құндылық ұғымына мынадай анықтама береді: «Құндылық- адамдардың қажеттіліктері мен мақсаты, қызығушылығы жағынан алып қарағандағы пайдалы, қажетті және жағымды деп есептелінетін құбылыстар немесе құбылыстардың қасиеті».
Ғалым құндылықтардың төмендегідей топтарын бөліп көрсетеді:
- Өмірдің құндылықтары: өмір, денсаулық, отбасы, өмірдегі қуаныш,
адамдармен қарым-қатынас т. б.
- Материалдық құндылықтар: баспана, тамақ, киім, техника т. б.
- Әлеуметтік- саяси құндылықтар: қоғамдық тәртіп, қоршаған әлем,
бостандық, қауіпсіздік т. б.
- Рухани құндылықтар: білім, ғылым, өнер.
Сондай-ақ Б. И. Додоновтың [12] зерттеулерінде құндылықтар нақты бар
құндылықтар және танылып, қабылданған құндылықтар деп екі топқа бөліп қарастырылған. Оның тұжырымдауы бойынша, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени міндеттерді шешуі әрбір тұлғаның қоғамдағы құндылықтарды түсінуіне және әлеуметтік нормаларды сақтауына байланысты болады. Тек мойындалған, жағымды құндылықтар ғана адамның дұрыс мінез- құлқының қалыптасуына бағыт бере алатындығын атап көрсетеді. Құндылықтар идеалды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып ақыл -ой, сана арқылы белгіленеді.
Ал Отандық философ Т. Қ. Ғабитов [13, 291-б. ] «құндылықтар-қасиеттер»
дей отырып, бұл қасиеттердің бала кезден, ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет- ғұрыптары мен салт - дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығатындығын ерекше бағалайды. Ол құндылық қатынас әрқашан да субъектінің бойында белгілі бір эмоцияларды- қуану, сүйсіну, таңдану, табыну т. б. туғызатындығын айта келе, мынадай құндылықтарды анықтайды: адам өмірі, еркіндік, адамгершілік, отбасы, қарым- қатынас, жеке бақыт, ұрпақ көбейту, күнкөріс көзі және әрекет мәні ретіндегі жұмыс, игілік, беделділік, заңдылық, мейірімділік, тәуелсіздік. Құндылықтар өмір сүріп қана қоймайды, сонымен қатар бір- бірімен салыстырыла отырып, өзіндік құндылық қатарды, құндылықтық сатыны құрайтындығын айтады.
Әлеуметтанушылар құндылықтарды белгілі бір ереже немесе іс- әрекеттің
реттегіші түрінде қарастырады. Олар үшін құндылық- әлеуметтік объекті, қажеттілігі бар, маңыздылығы айқындалған норма. Сондықтан олардың айқындаған басты құндылықтары:
- Жалпы адамзаттық құндылықтар: адам өмірі, бостандық, отбасы,
адам бақыты, ұрпақ жалғастыру, еңбек ету, табыс, ынтымақтастық, белсенділік, мәдениет денсаулық, заңдылық.
- Рухани- адамгершілік, ұлттық құндылықтар: мәдениет, әдебиет,
тарих, тіл, дін, діл, ар, ұят, намыс, абырой, дәстүр, әдет-ғұрып, салт, ұлттық дүниетаным, туыстық қарым - қатынастар, Отан, Ана, Жер т. б. Мәдениеттің ішкі құрлымнан, жалпы адамзаттық құндылық арқылы адам алдына қойған мақсатына жету жолында өмір сүру негізін құрайтын «мәнділік», «еркіндік», «игілік», «жақсылық» сияқты құндылықтарға ұмтылу қажет екендігін атап көрсетеді.
Әлеуметтанушы Б. Ерасов - «құндылықтың пайда болуы, адамның қажеттілігін қанағаттандыратын іс- әрекет, бұл белгілі бір мақсатта жүреді», - дейді. Сөйтіп, әлеуметтану ғылымында әлеуметтік-мәдени құндылықтардың мынадай түрлерін ажыратады: саяси мұраттар, мемлекет тарихы, мемлекет мәдениеті, мемлекеттік шекара, дәстүрлері, тіл т. б. [14] .
Жоғарыда қарастырылған зерттеулер бойынша біз «құндылық» ұғымында екі түрлі түсініктің ұштасатындығын анықтадық:
- құндылық қатынастың объектісі болып табылатын заттардың сыртқы
қасиеттерінің сипаттамалары (заттық) ;
- осы қатынастың субъектісі болып табылатын адамның психологиялық
сапалары (саналық) ;
Заттық құндылықтарға заттардың табиғи қажеттілігі, еңбектен шыққан өнімнің өзіндік құны, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мұра, табиғи және қоғамдық объектілердің эстетикалық қасиеті жатады.
Ал, санадағы құндылыққа - қоғамдық ой, мақсат, баға беру, түрлі нормалар жатады. Қарастырылған тұжырымдарға сүйене отырып біз, төмендегідей өз анықтамамызды береміз:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz