Авторлық құқық тарихы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.Авторлық құқық туралы түсінік (тарихы)
1.1. Авторлық құқықтың обьектісі мен субьектісі
1.2. Авторлық құқықтың қолдану аясы
2. Авторлық құқықты қорғау
2.1. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы
2.2. Тең авторлар
3.Қазақстан авторлар қоғамының қызметі (қызметтік ерекшелігі)
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Маған берілген курстық жұмыстың тақырыбына арқау болып отырған негізгі мәселелердің бірі Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жалпы авторлық құқық және оны қолдану аясы, обьектілері мен субьектілерінің құқықтық жағдайын теориялық және құқықтық тұрғыдан қарастыру болып табылады. Бұл мәселені жалпы авторлық құқыққа қарасты тұрғыдан қарайтын болсақ, ол тіпті халықаралық (әлемдік) деңгейде әлі күнге дейін өзінің шешімін таппай келе жатқан үлкен бір өзекті мәселелердің бірі әрі бірегейі десек артық айтпағандық болар еді. Оған мысал, әлі күнге дейін осы салаға қатысты көптеген құқық бұзушылықтар мен даулы мәселелер орын алуда. Сонымен қатар, авторлық құқықта қарастырылатын мәселелердің өзектілігін мына мән жағдайлар арқылы байқауға болады: ХІХ ғасырдың басында жаңа ғылыми - техникалар өмірге келді. Сол ғылыми - техникалық прогресстің өте қарқынды, әрі тез ілгерілеп дамуы авторлық құқықтың жаңа обьектілері мен суьбектілерін өмірге әкелді,оған мысал ретінде бір ғана интернет желісін (жүйесін) алып қарауға болады. Интернет жүйесін ашып қарасақ әлі күнге дейін құқықтық тұрғыдан өз шешімін таппай отырған қаншама қыруар проблемалардың барына көз жеткізу мүлдем қиындық туғызбайды.
Маған берілген тақырыптың өзектілігіне келер болсақ, авторлық құқықты қорғаудың әлі күнге дейін әлемдік деңгейде біркелкі болмауы, әрі өз шешімін таппай келе жатқандығы. Бұл тұрғыда әлемдік қоғамдастықтар әлі күнге дейін авторлық құқық бойынша өзекті мәселелерді ортаға салып, талқылап, бәріне бірдей ыңғайлы (қолайлы) заңдар мен нормалар қабылдап, көптеген шарттар жасасып келеді. Сонымен қатар, еліміздің де авторлық құқық саласын біршама оңтайландыруды талап етеді. Тәуелсіз мемлекетіміз осы жылдар аралығында авторлық құқық саласын дамыту бойынша көптеген Халықарылық Конвенцияларға мүшелік етіп, халықарылық деңгейдегі шарттар жасасып келеді. Осы тұрғыдан алар болсақ, мемлекетімізде авторлық құқықты қорғау бойынша көптеген жұмыстар атқарылып келеді деуге негіз бар. Сонда да, бұл салада көптеген кемшіліктердің әлі күнге дейін бар екенін жоққа шығармау керек.
Жұмыстың негізгі мақсаты - авторлық құқық түсінігі және оның шығу тарихын ашып көрсету. Сәйкесінше, елімізде авторлық құқық туралы қабылданған заңдар мен нормаларға талдау жасау.
Мен өзімнің курстық жұмысымда ең алдымен авторлық құқық туралы, оның шығу тарихы мен қолдану аясын қарастыра келе авторлардың құқықтарын қорғау мәселесіне теориялық және құқықтық тұрғыдан барынша тереңірек қарастыруға тырысамын.Сонымен қатар, еліміздегі авторлық құқық қатынастарын реттейтін заңнамаларға теориялық тұрғыдан талдау жасап өткім келеді.
Қорытынды:
Егерде біз айтылған жағдайларға және одан да басқа мәселелерге жете мән берер болсақ, еліміздегі авторлық құқық саласын үздіксіз үнемі жетілдіру қажеттілігін тудырып отырғанын аңғаруға болады.
1. Авторлық құқық тарихы: Авторлық құқық туралы идеялардың саяси-құқықтық ілімдер тарихында қалыптасуы
Авторлық құқық түсінігін талдамас бұрын, ең алдымен Автор түсінігіне сипаттама беріп кеткен жөн. Сонымен, автор дегеніміз - латын тілінен аударғанда аuctor -- жасаушы, шығарушы деген мағынаны білдіреді. Яғни, көркем шығарманы, ғылыми публицистикалық туындыны,
сәулеткерлік дүниелерді, жобаларды, өнертабысты жазған, әдебиет, өнер, музыка, бейнелеу, мүсін, сәулет, графика, ғылым, техника саласында шығарма жазған (жоба жұмыстарын жасаған және т.б.) немесе соған қатысқан адам не ұжым (мекеме, ұйым).
Қазіргі өнертану, әдебиеттану ғылымдарында қалыптасқан түсінік бойынша автор өнер туындысын жасаушы, қаламгер, өз шығармасы арқылы өзінің дара, көркемдік танымын әйгілейтін (айқындайтын) шығармашылық тұлға. Автордың санаты шығармашылық қабілет, шығармашылық даралық, дара дүниетаным, этикалық, эстетикалық принцип, өмір тәжірибесі секілді ұғымдар ауқымында талданады. Бұл тұрғыда әлемдік өнертануда автор санаты туралы ортақ тұжырымның жоқ екенін де ескерген жөн.
Жалпы алғанда автор деп - белгілі бір жаңалық ашқан немесе шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындысын жасаған жеке тұлғаны айтамыз. Осы тұрғыдан кез - келген автордың шығарған туындылары Заңмен қорғалып отырады. Оны біз авторлық құқық деп атаймыз. Сонымен авторлық құқық дегеніміз не?
Авторлық құқық дегеніміз - адамның шығармашылық еңбек нәтижесінде пайда болған дүниесін (әдеби шығармаларын, жобаларын, музыкалық туындыларын және т.б.) заң жүзінде қорғауы. Яғни, автордың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары.
Авторлық құқық - цивилистік категориялардың бірі бола отырып, ғылым, əдебиет жəне өнер салаларындағы тұлғаның шығармашылық қызметінің нəтижесі болып табылатын туындыларды пайдалануды реттеуге жəне қорғауға бағытталған нормалар жиынтығы болып табылады. Əртүрлі құқық жүйелеріндегі оның түсінігі, ұғымдары түрлі өзіндік ерекшеліктерге ие жəне де оның мазмұны авторлық құқық (copyright) жəне автор құқықтары (droit d'ayter) терминдерімен сипатталады [1,345б].
Англо - американдық құқық жүйесі елдерінде авторлық қарым-қатынастарды реттеуде сот прецедентімен қатар маңызды рөлге заңнама ие болады. Тарихқа үңілетін болсақ, бұрын баспа ісі жоқ кезде қолжазбаны көбейту өте қиын болатын да, автор мүлкіне қол сұғу сирек кездесетін. Халықаралық деңгейде авторлық құқық туралы идея көптеген зерттеушілердің (отандық та, шетелдік те) айтуынша кітап басу ісімен жəне техниканың пайда болуымен тікелей байланысты XVI ғасырда пайда болды. Кейіннен, XVI ғасырда Иоганн Гутенберг жылжымалы литерді ойлап тауып, кітап басатын станок дүниеге келісімен кітап шығару күрт өсіп, шығарма иесіне пайда түсіре бастады. Шығармашылық еңбек саудаға айналды. Бұл авторлардың осындай туындыларды еркін пайдалануына тежеу бола тұрса да, осы туындыларды пайдалануды реттеуге байланысты сауалдар авторлардың құқықтарын қорғау негізінде емес, кəсіпкерлердің - баспашылар мен кітап сатушылардың мүдделерінің қозғалуымен пайда бола бастады. Яғни, жақсы кітапты ұрлап шығаратындар, біреудің шығармасын екіншілердің жөнсіз пайдаланып кетуі, кітап басу арқылы пайда табатындардың арасындағы бəсекелестік алғашқы əдебиет қарақшыларын тудырды. Баспа өнімдерінің экономикалық пайдасымен қоса, саяси жəне əлеуметтік күш-қуатын тани білген билік иегерлері XV ғасырдың аяқ шенінде ыңғайлы жеке баспагерлерге ғана ерекше мүмкіндік тудырып, қалғандарын патшалар мен корольдердің жарлығы арқылы тежеп реттеп, басқарып отырды, яғни Англия мен Францияда корольдермен, германдық князьдықтарда - князьдармен, т.б. берілетін құзіреттер жүйесі орнықтырылды.
Еуропадағы осы аядағы алғашқы Заң XVII ғасырда дүниеге келді. Ағылшын баспагерлері мен кітап саудагерлері компаниясының автор құқығын қорғауға байланысты талаптарына сəйкес əзірленген заң жобасы 1709 жылы талқыланып, ол 1710 жылдың сəуірінде Королева Аннаның Статуты деген атпен күшіне енді. Бұл заң, басында тек баспагерлердің ғана мүддесін қорғап, кейіннен басқа буржуазиялық мемлекеттермен қабылданып, туындыға айрықша құқықтарды қорғаудың фундаменталды қағидаларын бекітті. Қазіргі кезде Англияда 1956 жылғы заңның орнына келген 1988 жылғы Авторлық құқық туралы заң жүзеге асуда жəне бұл заңның күші алғашқысы сияқты бүкіл Ұлыбритания территориясында таралады. Ал суретшілердің авторлық құқығы туралы заң Англияда 1735 жылдың өзінде қабылданған еді. [2, 13-15б.]
Ал қазіргі кезде, Францияда жүзеге асып отырған авторлық құқық туралы негізгі заң 1957 жылы 11 наурызда қабылданған Əдебиет жəне көркемөнер меншігі туралы заң (соңғы өзгерістер 1985 жылы жасалған), ал ГФР-дегі авторлық құқық туралы негізгі заң болып 1965 жылы 9 қыркүйекте қабылданған Авторлық жəне сабақтас құқықтар туралы заң (соңғы басты өзгерістер 1972-1974 жылдары енгізілген) жəне осы заңмен қатар қабылданған Авторлық құқықтарға билік ету туралы (авторлық қоғамдар туралы) заң танылады [3, 366б.].
Ресейге келетін болсақ, əдеби туындыларды қайта шығару жəне таратумен байланысты қарым- қатынастарды реттеу баспашылар мен кітап сатушылар құқықтарын да, авторлар құқықтарын да қорғау үшін пайда болған жоқ. Ресей авторлық құқығының негізгі ерекшелігі оның цензуралық заңнамамен байланысы болып табылады. 1771 жылға дейін кітап шығарушылық қызмет Ресейде мемлекеттік монополиялар қатарына жатқызылып келді. 1771 жылы Петербургте шет тілдерінде кітап басып шығаруға байланысты құзіреттер енгізіліп, сол кезде шетел əдебиеттеріне цензура енгізілген еді. Орыс тіліндегі кітаптарды басуға мүмкіншілігі бар жеке типографияларға келетін болсақ, оларды құруға рұқсат тек 1783 жылғы 15 қаңтардағы жарлықпен ғана беріліп, ол 13 жылдан кейін өте либералды нормативтік акт ретінде күшін жойған еді. Мемлекеттің кітап шығару аясындағы үстем рөлі Ресейде XIX ғасырдың ортасына дейін сақталып келді. Ең бірінші авторлардың өз əдеби туындыларына құқықтарын бекітетін заң тек 1828 жылы Цензуралық жарғының арнайы бір тарауы ретінде пайда болды жəне оның бастау көзінде орыстың ұлы драматургтері А.Н. Островский, А.К. Толстой, И.С. Тургенев, Н.С. Лесков сияқты алыптар тұрды. 1875 жылы оған Н.А. Римский-Корсаков бастаған композиторлар келіп қосылды [4, 36-37б.]
Сонымен, Еуропа елдерінде де, Ресейде де авторлық құқық алғашында əдеби туындыларды пайдалану құқығы ретінде көрініс тапқан еді. Кейіннен, авторлық құқықпен қорғалатын объектілер шеңбері кеңіп, өз қатарына музыкалық, көркемсурет жəне басқа да туындылар түрлерін қоса түсті.
Ал Тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы авторлық құқықты қорғау 1996 жылдың 10 маусымынан бастап Заң жүзінде қорғала бастады. Ал негізінен алып қарайтын болсақ, ел аумағында авторлық негіздері Әл - Фараби заманынан келе жатқандығын аңғаруға болады.
Авторлық құқық туралды ресми құжаттар Қазақстан аумағында тұңғыш рет ХІХ - шы ғасырдың аяғы мен ХХ - шы ғасырдың басындағы ғылыми - қоғамдық еңбектерде көрініс берген, ал содан кейін қолданыстағы бірқатар Заң ережелерінде, нақтырақ айтсақ,1928 жылғы Заң Кодексінде айқындала түскен. Дегенменде бұл заңдар жүйесі 1917 жылдың 29 желтоқсанында қабылданған Мемлекеттік баспа туралы дектреттен бастау алды. Бірақ, ол кездегі заң жобалары авторлық құқық саласындағы проблемаларды шешуге дәрменсіз еді.
Еліміздегі авторлық құқықты қорғаудың мемлекеттік негізі 1973 жылы Бүкілодақтық авторлық құқық жөніндегі Агенттіктің (яғни, ВААП) Қазақстан аумағындағы бөлімшесі жұмыс жасай бастаған күннен басталды.
Ел аумағындағы авторлық құқықты қорғаудың жаңа кезеңі еліміздің Тәуелсіз алуымен тікелей байланысты. 1992 жылы Бүкілодақтық Агенттіктің қазақ бөлімшесінің негізінде Тәуелсіз Қазақстанның Авторлық құқық және сабақтас құқығы жөніндегі Мемлекеттік Агенттігі құрылды.Мемлекеттік агенттік 1999 жылдың басында Әділет министрлігінің құрамына кіріп, Авторлық құқық жөніндегі комитет деп атала басталды.
Жалпы алғанда тарихи түрде авторлық құқықтың жүзеге асуы - автордың азаматтығы немесе қай елге бағыныштылығына байланысты анықталып келген еді. Бұдан қазір де орын алып отырған авторлық құқықтың территориалдық қағидасын көруге болады. Уақыт өтісімен, бір мемлекет азаматтарының өз туындыларын пайдалануға байланысты құқықтарының басқа мемлекеттер территорияларында да қорғалуы аса қажет етіле бастады. Бірақ, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz