Сын есімнің категориялары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Е. А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫБЫ:
СЫН ЕСІМНІҢ ЗАТТАНУ ҮРДІСІ
КФ-21 тобының 2 курс студенті
Марсова А. Т.
Жетекшісі: ф. ғ. доценті Саменова С. Н.
Қарағанды, 2021
ЖОСПАРЫ
І КІРІСПЕ БӨЛІМ
- Сын есім ттуралы жалпы түсінік
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Сын есімнің категориялары. Сын есімнің заттану үртдісі
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
- Сын есімнің заттану үрдісіне қорытынды
ІV ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
І КІРІСПЕ БӨЛІМ
- Сын есім ттуралы жалпы түсінік
Сын есімдер есімдер тобында зат есімдерден кейін өз алдына жеке сөз табы ретінде қарастырылып, басқа сөз таптарынан мағыналық, тұлғалық, құрылымдық сипатымен ерекшеленеді. Түркі тілдерінде сын есімді алғаш сөз еткен - профессор Казем-Бек. Ол 4-1136 50 өзінің «Түрік-татар тілінің грамматикасы» еңбегінде сын есімнің шырай категориясын қарастырады.
Сын есім туралы деректер алтай тілі грамматикасында да кездеседі. Онда əрбір сапалық сөздің түбір күйінде əрі сын есім, əрі үстеу сөз болатыны, сол сияқты кейбір сөздер əрі зат есім, əрі сын есім ретінде қолданылатыны айтылады. Мұндай тілдік құбылыстар қазіргі қазақ тілінде де сақталған. Жалпы тіл білімінде сын есім мəселесін И. А. Батманов (Части речи в киргизском языке. - Фрунзе, 1936), Н. П. Дыренкова (Грамматика ойротского языка. -М-Л., 1940, Грамматика шорского языка. - М-Л., 1941), А. П. Кононов (Грамматика узбекского языка. -Ташкент, 1948), Н. А. Баскаков (Ногайский язык и его диалекты. -М-Л., 1940), Н. К. Дмитриев (Грамматика кумыкского языка. -М-Л., 1940, Грамматика башкирского языка. -М-Л., 1948) т. б. ғалымдар зерттеді. Қазақ тіліндегі сын есімді алғаш сөз еткендер - М. Терентьев (Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская. -СПБ, 1878), П. М. Мелиоранский (Краткая грамматика казахкиргизского языка. -СПБ, 1894), В. В. Катаринский (Грамматика киргизского языка, фонетика, этимология и синтаксис. -Оренбург, 1897) . П. М. Мелиоранский қазақ тіліндегі сын есімнің, сырт қарағанда, зат есімнен еш айырмашылығы жоқтығын айтқанымен, оның негізгі жəне туынды түрлері барлығын, туынды түрі жұрнақтар арқылы жасалатынын көрсетіп, олардың мағынасын ашуда біршама ізденістер жасаған. Ал В. В. Катаринский аталған еңбегінде сын есімдерді сапа жəне қатыстық сындары деп екі топқа бөліп қарастырады. Алайда сын есімдердің мағыналық түрлерін жіктеуде, олардың аражігі нақты көрсетілмейді, сондай-ақ қатыстық сын есімдерге тілдегі сын есімнің орнына қолданылатын зат есімдерді жатқызады (ағаш үй, алтын сағат, т. с. с. ) . Сын есім жөніндегі түрліше көзқарастар қазақ тілін зерттеуші түркітанушы ғалымдардың ғана емес, қазақ зерттеуші ғалымдарының еңбектерінде де айтылады. А. Байтұрсынов сын есімдерді тек сыны жəне сыр сыны деп екі түрге бөліп, тек сынына нəрсенің тегін көрсететін ағаш (аяқ), күміс (қасық), қағаз (ақша) т. с. с. сөздерді, ал нəрсенің ішкі, тысқы сырын, реңін, яғни түрін, түсін, тегін, тұлғасын, пішінін, жайын, күйін көрсететін биік, аласа, толық, олақ, көк, жасыл т. с. с. сөздерді сыр сынына жатқызады. Ғалым қатыстық сын есім туралы сөз етпегенімен, қатыстық сын есім жасаушы кейбір жұрнақтарды зат есім мен етістіктің ішінде қарастырған. Ал С. Аманжолов, І. Кеңесбаев анықтауыш қызметіндегі зат есімдерді 51 сын есімдер деп түсіндіріп, сын есімдерді мағыналық сипатына қарай тек сыны (ағаш үй, алтын жүзік), функционалдық сын (шай қасық, т. с. с. ) деп топтастырады. Қ. Жұбанов заттың не істің тұрақты белгісін сан белгі жəне сипат белгіге бөліп, «заттың не істің сипат белгісін көрсететін түбірді» сын есім деп атайды. Сондайақ тек сыны жөнінде «сөз таптарының бір-бірінен енші алысып болғандары да, болмағандары да бар: ағаш, темір сияқтылар тек зат есім, жақсы, ұзын тек сын есім болып, шекараларын түгел ашып болған топтар» деп, сын есімге жатқызылған кейбір зат есімдердің аражігін бөліп көрсетеді. Сын есім, оның мағыналық топтарының арақатынасы жөніндегі мəселе Н. Сауранбаевтың еңбегінде де қарастырылады. Ғалым сын есімдерді мағыналық сипатына қарай сыр сыны, қатыстық сын, өнер сыны жəне салыстырмалы сын деп 4 түрге бөліп, сыр сынына сапалық сындарды, қатыстық сынға заттың идеялық тегін, мекендік, мезгілдік белгісін, өзгешелік, ерекшелік қасиетін білдіретін сөздерді (саяси, мəдени, кешегі, жарамды), өнер сынына заттың (адамның, малдың) бір өнерге, қасиетке бейім екенін білдіретін сөздерді, ал салыстырмалы сынға заттың сапасын, белгісін басқа затпен салыстырып көрсететін -дай, -дей тұлғалы сөздерді жатқызады. Сын есімді өз алдына жеке сөз табы ретінде тануға Ғ. Мұсабаев, Ж. Шəкенов, т. б. ғалымдардың пікірлері де негіз болды. Ғ. Мұсабаев, біріншіден, сын есімді зат есімнен бөліп алуға негіз, онда форманттың жоқтығы, екіншіден, сын есімнің синтаксистік қызметі, негізінен, анықтауыш екендігін айта отырып, осы белгілер оны жеке сөз табы ретінде тануға негіз болатындығын көрсетеді. Ал Ж. Шəкенов сын есім мəселесінде бұрын-соңды айтылған пікірлерді қамти отырып, қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясын белгілі жүйеге түсіріп қарастырады. Тіл ғылымында сын есімдерге берілген ғылыми аныктамалар да əртүрлі. Мысалы, Ə. Төлеуов сын есімді «заттың сынын, сапасын, түсін, белгісін, көлемін, сипатын білдіретін сөз табы» десе, А. Ысқақов «заттың сапасын, сипатын, қасиетін, салмағын, түсін жəне басқа сол сияқты сыр-сипатын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын» сын есім деп атайды. Ал «Қазақ грамматикасында» сын есім «семантика-грамматикалык мағынасы, морфологиялық ерекшеліктері мен сөз тудыру, сөз өзгерту амалының жүйесі, синтаксистік қызметі мен қолданылуы жақтарынан қазіргі қазақ тіліндегі өзіне тəн ерекшелігі бар сөз табының бірі» деп сипатта- 52 лады. Бұл анықтамалардың ішінен сын есімнің сөз табы ретіндегі өзіндік ерекшелігін жан-жақты, толық көрсететін - соңғы анықтама. Онда сын есім тек заттың сындық белгісін білдіруімен ғана шектелмей, сол сияқты семантикалық сипаты, морфологиялық құрылымы, синтаксистік қызметімен де ерекшеленетін сөз табы ретінде анықталады. Сын есім - заттың салмағын, сапасын, сипатын, түр-түсін, көлемін, аумағын, басқа да түрлі сындық белгілерін білдіретін сөз табы. Осыған орай сын есімдер басқа сөз таптарынан мағынасы, морфологиялық белгілері жəне синтаксистік қызметі жағынан ерекшеленеді. Сын есімдер заттың əртүрлі сындық, сапалық белгісін тікелей немесе басқа заттардың қатысы арқылы сипаттайды. Заттың сынын білдіру ерекшеліктеріне қарай сын есімдер семантикалық жағынан сапалық жəне қатыстық сын есімдер болып екіге бөлінеді. Сапалық сын есімдер заттың сынын тікелей білдірсе, қатыстық сын есімдер екінші бір заттың, құбылыстың, амалдың қатысы арқылы білдіреді. Жалпы сын есімге тəн негізгі категориялық белгілер мен ерекшеліктер, атап айтқанда, сындық белгінің əртүрлі реңін білдіру, ұлғайту немесе кішірейту, заттану, негізінен, сапалық сын есімдерге тəн болады. А. Ысқақов сапалық сын есімдерді қатыстық сын есімдерден ажыратуда сапалық сын есімдерге тəн сөздердің шырай жұрнақтарымен түрленуі, сындық белгіні күшейтетін үстеме буындардың қосылуы жəне атрибуттық семантикалық ерекшелігіне қарай адвербиалдық қызмет атқаруы тəрізді белгілерін негіз етіп алады. Н. Оралбай сапалық сын есімдерді заттың тұрақты сындық белгісін басқа затқа қатыссыз тікелей білдіретін сөздер ретінде анықтайды. Ғалым сапалық сын есімдердің өзіне тəн мынадай белгілерін көрсетеді:
1) шырай категориясының парадигмасы бойынша толық түрленеді;
2) өзара антонимдік қатар құрайды;
3) синонимдік қасиетке ие;
4) туынды түбір жасау қабілеті күшті.
Бұл белгілер де сапалық сын есімдерді қатыстық сын есімдерден ерекшелендіреді. Қатыстық сын есімдер де сапалық сын есімдерден бірнеше белгілері арқылы ажыратылады. Ең басты ерекшелігі - қатыстық сын есімдердің шырай жұрнақтарымен түрленбеуі. Қатыстық сын есімдер, негізінен, сөз тудырушы жұрнақтар арқылы басқа сөз таптарынан жасалады. Бірақ бұдан қатыстық сын есімдер ғана туынды түбірлі болып келеді, ал сапалық сын есімдер тек негізгі түбірлерден жасалады деген ұғым тумауы керек. Сапалық сын есімдердің арасында да туынды түбірлі сөздер молынан кездеседі. Мысалы: ашық, жабық, көреген, сүзеген, қызыл, сары, ұзын, т. б. Бірақ мұндай сөздер тілдің тарихи дамуы барысында түбегейлі түрде сапалық мағынаға ауысып, өзінің бастапқы қалпынан (түбір жəне қосымша) мүлдем ажыраған. Ы. Маманов туынды сын есімдердің барлығын жаппай қатыстық деп танитын жалаң формалды көзқарасты сынға ала отырып, сапалық сынды қатыстық сыннан ажыратудың басты белгісі ретінде сын есімдердің шырай формаларымен түрлену-түрленбеуін ұсынады. Сондықтан шырай жұрнақтарын қабылдайтын негізгі жəне туынды сын есімдер сапалық, ал шырай жұрнақтарын қабылдамайтын сын есімдер қатыстық болып табылады. Сын есімнің мағыналық топтарының арасындағы айырмашылық сапалық сындардың заттың түрлі белгісімен қатар қимылды да анықтауы жəне түрленуі, ал қатыстық сындардың тек заттың ғана түрлі затқа не қимыл-əрекетке қатысты белгілерін анықтауымен сипатталады. Қатыстық сын есімдер басқа сөз таптарынан жасалатындықтан, олардың мағынасы сол сөздердің мағынасымен, яғни бастапқы мағынасымен байланысты болады. Мысалы: таулы - тауы бар жер, сулы - суы бар жер, жылжымалы - жылжу қимылына қатысты, ашушаң - тез ашуланатын, т. б. Сын есімдер морфологиялық құрамы жағынан жалаң жəне күрделі болып бөлінеді. Жалаң сын есімдер негізгі жəне туынды түбірлі болса, күрделі сын есімдер, кем дегенде, екі сөзден құралып, бір бүтін күрделі тілдік бірлік ретінде қолданылады.
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Сын есімнің категориялары. Сын есімнің заттану үрдісі
Қай тілде болмасын, сөз топтары арасында бір-біріне ауысу, алмасу процестері болып отыратындығына ғалымдар ертеден көңіл бөлген. А. Байтұрсыповтың “Тіл-кұралында” “сын есімнің кейбіреулері зат есімнің орнына жүреді, мәселен, арзан еттің сорпасы татымас” деғеннің орнына “арзанның сорпасы татымас” деп айтылады. “Арзан еттің” деген екі сөздің орнына “арзан” деген жалғыз сөз жарап тұр. Сондықтан мұндай зат пен сын орнына бірдей жүретін сөздерді зат-сын -деп атаған, әрі зат-сынның зат есім секілді түрленетіндігі айтылган.
Сын есімнің бұл ерекшелігі кейінгі окулықтарда да ескерілді. Өйткені сын есімдердің заттык ұғымда қолданылуы- тілімізде жиі кездесетің кұбылыс. Мысалы, Үлкен бастар, кіші қостар. Жақсының шарапаты тиер тар жерде, жаманның кесапаты тиер әр жерде.
Осы сәйлемдердегі үлкен, кіші сөздері үлкен адам, кіші адам дегеннің орнына, жаксының, жаманның сөздері жақсы адамның, жаман адамның дегеннің орнына колданылып, зат есім секілді түрленіп тұр.
Сын есімдердің осылайша заттық мағынада зат есімге ауысып қолданылуы ғылымда сын есімнің субстантивтену процесі деп аталады.
Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін), дәмін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.
Заттану (зат есімге айналу), немесе Субстантивтену (лат. substantivum - зат есім) - басқа сөз таптарына жататын сөздердің зат есімге айналуы. Субстантивтену көбінесе сын есімдер мен есімшелерге тән.
Сын есім әдетте көптелмейді, тәуелденбейді, септелмейді. Егер сын есімге көптік, я тәуелдік, я септік жалғауы жалғанса, онда сын есім зат есімнің орнына жүреді. Осындай сын есімнің сөйлемде зат есімнің орнына жұмсалып, зат есімнің қызметін атқаруын сын есімнің заттануы дейді. Мысалы: Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат (мақал) деген сөйлемде жақсыдан, жаманнан деген сын есімдер шығыс септік жалғауында тұрып, зат есімнің орнына яғни адамнан дегеннін орнына (жақсы адамнан, жаман адамнан) заттанып қолданылған. Заттанған сын есім атау септік тұлғасында тұрып бастауыш болады. Мысалы: Ұялшак, сы-бағасынан құр қалар (мәтел) . Баланың жақсысы - кызық, жаманы - күйік (А. ) деген сөйлемдерде ұялшак, (адам кім?), жақсысы (бала кімі?), жаманы (бала кімі?) атау септікте тұрып, заттанып, бастауыш қызметін атқарып тұр.
Сонымеи бірге грамматнкаларда сын есімдердің заттану процесі біркелкі емес, кейбіреулері бүтіндей заттанып, біржола субстантивтенетіндігі де корсетілген (31, 91) . Мысалы, сықпа, жайма, шайқор, жүлдегер т. б. Бұл сөздер сындык магынада да қолданылады: сықпа кұрт, жайма нан, шайқор адам, жүлдегер студент.
Осылайша сын есімдердің “эрі заттық, эрі сындык мағына білдіруінің негізгі себебі о бастағы зат есімнің атрибутивті қолданылуымен байланысты. Мұндай колданыс тілде анықтауыш деп аталатын синтаксистік қызметтегі сөйлем мушгсін қалыптастырган, ал бұл синтаксистік қатынастың тұрақгануы тілдің морфологиялық құрылымында сын есімнің дербес грамматикалық топ ретінде калыптасуына негіз қалады. Қазіргі казак тіліндегі жас, бала, кедей, бай, ауру, жүдеу т. б. сөздердің атрибутивтік мэнде орнығуы-осы синтаксистік колданыстың нәтижесі(32, 468), ”-деп түсіндіріледі.
СЫН ЕСІМНІҢ СИНТАКСИСТІК ҚЫЗМЕТІ
Сөздерді тапқа бөлудің үшінші ұстанымына сай эр сөз табы сөйлемде белгілі бір кызмет аткарады. Сын есім мағына жағынан заттың сынын, белгісін білдіретін сөздер болғандыктан, сөйлемде көбінесе анықтауыш мүше болады(65, 198) . Мысалы,
Когілдір көкте калқиды,
Кок ала бұлттар тек баяу.
Кокпецбек теңіз шалқиды,
Көп еді неткен көк бояу. (К. Ахметова)
Осы өлең жолдарындағы сын есімдер зат есім алдында тұрып, анықтауыш болып тұр. Сын есімнің зат есім алдында келіп тіркесуі- тілдегі калыптасқан заңдылық. Бірак сөйлемде зат есім түсіп қалып, сын есім орнына орнына коданылатын кездері де болады, яғни сын есім заттанып колданылатындығы жоғарыда айтылды. Мұндай жағдайда сын есім зат есімдер секілді түрленеді. Мысалы, Жаманга жақсы сөз өтпес (С. Сарайи) . Өнсрлінін капасы нақ, онсрсіздін өкініші жок (А. Иүгінеки) . Осы сөйлемдердегі жаманга, онсрлінін, онсрсіздіц сөздері заттанып, барыс және ілік септіктер тұлғасында тұр.
Сын есімдер заттанған кезде табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде келіп, толыктауыш кызметін аткарады. Мысалы, Жаксыға сұктан, жаманнан сақтан.
Сын есім сейлемде етістіктің алдында тұрып, кимыл, іс-эрекеттің сынын білдіріп, пысыктауыш болады. Мысалы, Дәрмен мен Мэкеннің колында тұрса, баска мінез өзінен шықпайтынын саналы эйел жақсы аңғарды (М. Әуезов) . Мына кып-кыска хаттан ана көңілінің алаңы анық сезіледі.
Сын есім заттанганда атау септікте тұрса, сөйлемде бастауыш болады. Мысалы, Жақсылар байкап сөйлер, білімсіздер шайқап сөйлер.
Сын есім жіктік тұлғада тұрып, сөйлемнің баяндауышы да болады. Мысалы, Толык айдың сүтіне шомылған түнгі айнала тып-тыныш (Қ. Қазиев) . Үйдің іші мұнтаздай тап-таза (С. Бақбергенов) .
Егер қасында зат есім болса, мына сөздер әрі зат есім, әрі сын есім қызметінде жұмсалады: ақ, қара, көк, салқын, суық, жақын т. б. . Мысалы:
Барса, тамда гүл тұр солқылдаған,
Басында үш жеміс бар былқылдаған.
Бірі - ақ, бірі - қызыл, бірі - сары.
Осындағы ақ, қызыл, сары сын есімдердің зат есімге айналып тұрғаны „жеміс” (бірі) - ақ жеміс, бірі - қызыл жеміс, бірі - сары жеміс деген зат есімнің түсіп қалып, ақ, сары, қызыл сөздерінің оның жүгін арқалып, зат есімге айналып тұруы. Егер сын есімдерге жалғаулар (көптік, тәуелдік, септік, жіктік) жалғанса болды, зат есімге айналады. Мысалы, ақтар, ағы, аққа, ақпен және т. б. . Кейде қосымшасыз-ақ сын есімге айналады.
Мысалы: Құлақасқа болмағанда, Баршагүлді жоғалтып ек. Ол оның тұңғышы . Мұндағы ғылым тілімен сын есімнің субстантивтенуі деп аталады.
Сын есім мағына жағынан заттың сынын, белгісін білдіретін сөз табы болғандықтан, сөйлемде негізінен анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, жіңішке ине мен жуан иненің аралығындағы жуантық инені бәсең ине дейді .
Сын есем зат есімге айналғанда және сөйлемдегі орындарына қарай сөйлем мүшесінің барлығының да қызметін атқарады. Мысалы, мен ағып тұрған жүйрікпін (баяндауыш) . Жақсы студент жақсы оқиды ( пысықтауыш) т. б.
Тіл білімінде бүгінгі таңда сын есім, олардың заттану жолдары туралы мәселеге ғылыми тұрғыдан көп көңіл бөлініп, айтарлықтай жолға қойылды деуге болады. Бір алуан ғалымдар бұл мәселенің теориялық жағын мұқият қадағаласа, бір алуан ғалымдар сын есімнің лексика-семантикасын зерттеп, оның маңызын, қажеттілігін айтады.
Профессор С. Аманжолов сын есімдер сын-сипатын, белгісін, бейнесін, көркін, көлемін, қасиетін т. б. білдіреді де, зат есімдердің қанша, қандай сыры, белгісі барлығында ғана емес, зат есімдердің әрбір тобына лайық сынның болатындай екенін анықтайды. (1, 14)
Қазақ тіл білімінде зерттеуді керек ететін көп мәселелердің бірі - сөз таптарының трансформациялау процесі. Соңғы жылдарда осы мәселе түркологияда да, қазақ тіл білімінде де арнайы тақырып етіліп, тексеріле бастады. Алайда, бұл салада түйіні шешілмеген уәж аз емес. Соның бірі - сын есімнің субстантивтену жолдары.
Профессор К. Аханов: «Сөз таптарының бір-біріне ауысу процесін түрлі тілдерден байқауға болады, субстантивтену, адъективтену, прономиалдану, адвербиалдану құбылыстары сөздердің лексикалық мағыналары мен грамматикалық мағыналарының өзгеруі нәтижесінде іске асады да, аталған құбылыстар бір сөз табының басқа сөз таптары зат есімге, адъективтену құбылысы бойынша - сын есімге, прономиналдану құбылысы бойынша - үстеуге, вербалдану құбылысы бойынша - етістікке ауысуын айтамыз. (2, 10)
Мақтым Шәбжантайқызы: «Сын есім басқа сөз таптарынан өзінің семантикалық жағынан ерекшеленеді, сын есімге заттанған мағынада септік, көптік, тәуелдік жалғауы жалғанады, сөйтіп кейде зат есім мағынасында келсе, кейде үстеудің қимылдық сынын білдіреді, бірақ сол басқа заттық, үстеулік қызметті атқарып тұрса да сын есімдік қасиетін жоймайды», - деген. (3, 15)
С. М. Исаев: «Сын есім әдетте көптелмейді, тәуелденбейді, септелмейді. Егер сын есімге көптік, я тәуелдік, я септік жалғауы жалғанса, онда сын есім зат есімнің орнына жұмсалып, зат есімнің қызметін атқарады». (4, 20)
Өзінің табиғатына, лексика-семантикалық ерекшеліктеріне қарағанда, сын есімнің заттың қасиетін, белгісін, сапасын білдіретіні мәлім. Сондықтан да, сын болатын сөздер зат есім болатын сөздермен тіркеседі. Сын есім мен зат есім қатар тұрғанда сөз таптарының бұл екеуі айқын ажыраталады. Тілімізде кей реттерде сын есім өзі анықтайтын зат есімсіз де қолданыла береді. Мұндайда белгілі дәрежеде заттық қасиетті білдіруге икемді болады да, зат есімдерше түрлене береді: септеледі, көптеледі, тәуелденеді т. с. с. Міне, осылайша сын есімнің зат есімге тән қасиетті өз бойына жинап, зат есімше өзгеруін сын есімнің субстантивтенуі деп атайды. Субстантивтенген сөздердің мағыналары кеңи түседі, әрі өзінің негізгі қызметін атқарып, әрі жаңа заттық мағына үстеледі. Жіптің ұзыны жақсы, сөздің қысқасы жақсы. Кішкентайдың да кішісі бар. Үйірсек үйірін табар. Сүзегеннің мүйізін қаққан-сауап. Батыл жеңеді, қорқақ өледі.
Сөйтіп, ұзын, қысқа, кіші, сүзеген, батыл, қорқақ сын есімдері субстантивтеніп тұр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz