Ақберен Елгезек өлеңдеріндегі жалғыздық ұғымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Ақберен Елгезек өлеңдеріндегі жалғыздық ұғымы

Дайындаған: Ғалым Ж.Ғ.,КФ-31 тобы
Тексерген: Төлеубаева К.А.

Қарағанды-2021
МАЗМҰНЫ:
1 Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2,1 Жалғыздық мотиві ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2,2 Ақбереннің өлеңмен өрнектелген жалғыздығы ... ... ... ... ... . ... ..16
3 Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
4 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...25

1 КІРІСПЕ:
Тақырып өзектілігі: Курстық жұмыста тәуелсіздік жылдарында қазақ поэзиясына қадам басқан ақын Ақберен Елгезектің өміріндегі жалғыздығы шығармашылықпен үндестік табуына басты назар аударылады. Ақынның өлеңдеріндегі жалғыздық сарыны курстық жұмыстың өзекті мәселесі ретінде қарастырылады.
Жұмыстың мақсаты: Қазіргі қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Ақберен Елгезектің шығармашылығына тоқталып, өлеңдеріндегі жалғыздық ұғымын түсіндіру. Поэзияда жалғыздық күйін кешкен ақынның ішкі жан дүниесіндегі тартысты теориялық тұрғыдан зерттеу.
Жұмыстың міндеті: Ақберен Елгезек өлеңдеріндегі жалғыздық ұғымы жайлы нақты мәліметтер жинай отырып,жан-жақты зерттеу. Ақын өлеңдерін талдап, ондағы пайдаланылған көркемдегіш тәсілдерді қарастыру. Курстық жұмыс аясында жүйелі түрде жұмыс жасау арқылы нәтиже шығару.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Жалғыздық ұғымы. Оған берілген анықтамалар. Тақырыпты психиологиялық тұрғыдан қарастыру. Ақын шығармашылығы жайында айтылған пікірлер. Ақберен Елгезек поэзиясындағы жалғыздықтың жеткізілуі.
Курстық жұмыстағы қолданған әдіс: Талдау және сараптама жасау тәсілі.
Курстық жұмыстың жаңашылдығы: Ақын өлеңдеріндегі қазақ поэзиясында осы күнге дейін кездеспеген тіркестер мен жаңашыл сөздердің пайда болуын көрсету.

2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
2,1 Өлеңдегі жалғыздық мотиві:
Ақберен өлеңдеріндегі жалғыздыққа тоқталмас бұрын, ең алдымен өлең дегеннің не екеніне анықтама беріп алайық.
Көркем шығарма екі түрде кездеседі: қара сөз түрі- проза, өлең түрі- поэзия. Әдебиет зерттеушісі Зейнолла Қабдолов Сөз өнері еңбегінде мынадай анықтама береді: Поэзия- белгілі бір тәртіпке бағынған, тізбекке түскен тіл. Өлең- еркін сөйленетін жай сөздер тіркесі емес, ырғағы мен ұйқасы белгілі қалыпқа түскен, шумағы мен бунағына дейін белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі.
Өлең жайлы толғанған ақындар да жетерлік. Оның ішінде шыңынан асырып тұрып жырлаған қазақтың бас ақыны- Абай Құнанбаев.
Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасыс [1,245].
Абайдың осы өлеңі өлеңнің бар табиғатын ашып бергендей. Өлеңнің барлық қыр-сыры мен құдіретін шебер жеткізген.
Поэзия туралы өлеңдер де біздің әдебиет тарихымызда кездесіп жатады. Қазақтың біртуар ақыны Мұқағали Мақатаев Поэзия өлеңінде былай деп жырлайды:
Поэзия! Менімен егіз бе едің?
Сен мен сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім [2,87].
Осы өлең ақынның барлығы да дәл осылай поэзия үшін толғанатынынан хабар береді. Әр ақынның жүрегі поэзия дегенде ерекше соғады. Соның ішінде Ақберен Елгезек те бар. Ақберен Елгезек өлеңдерінің басым көпшілігінен жалғыздықтың желі есіп тұратыны оқырманға бірден сезіледі. Осы орайда жалғыздық деген түсінекке тоқталайық.
Поэзиядағы жалғыздық сарыны жанның жалғыздығынан туады. Ақын жалғыздығын арқау етіп, оны өлеңге қосады. Жалпы, қазақ поэзиясында бұл сарынды ұстанып, өлең жазған ақындар жетерлік. Олар Фариза Оңғарсынова, Тұрсын Жұмаш, Ақберен Елгезек, Мұқағали Мақатаев секілді тұлғалар.
Жалғыздық сарыны туралы Гүлзия Пірәлиева: Жалғыздық қашанда жеке адамның басындағы қайғы-қасіретке, ішкі ойға, емін-еркін егілуге де, ішкі құпия тіршілікке ерік беруге, өз сезімін қадағалауға да, қадағаламауға да құқысы бар мезет. Әрі бұл адамның ішкі табиғатынан, болмы-бітімінен сыр берер, оның харекетін ашуға да өзіндік үлес қоса алатын көркемдік қасиет. Өйткені адам жалғыз қалғанда ғана ішкі ой еркіндігіне бой алдырады. Жалғыздық- адамға өз ойымен болуға, еске алу, елестету, қайғыру, сүйсіну, белгілі бір шешім қабылдау, тағы басқа толып жатқан философиялық, психологиялық категориялар мен процестерді, сан алуан түрлі сезімдік құбылыстарды бастан кешетін кезең [3,10].
Ғылым тілінде жалғыздық сарынын экзистенциализм деп атайды. Экзистенциялық бағыт- адамзат ақыл-ойының адамды танудағы, оны жан-жақты барлаудағы логикалық бір белесі [4,53].
Ақберен ақын өз ішкі сезімдерін өлеңінде ашуы оның поэзияны лирика жанрында жазғанын көрсетеді. Лирикаға Зейнолла Қабдолов Сөз өнері кітабында: Лирика- әдебиетте Аристотель заманынан бepi келе жатқан дәстурлі үш тектің бipi, шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың бірі деген анықтама береді. Осы айтылғаннан-ақ лириканың құдіретін сезінуге болады. Лириканың құдіреті туралы Ә.Тәжібаев Өмір және поэзия еңбегінде В.Белинскийдің сөзін келтіреді: Лирика ол құбылысты өзі игеріп, өз ойына қабылдап қана қоймай, сол құбылыс пен қақтығысудан туған түйсік түрінде жан сырына айналдырады. Лирика тілсіз түйсіктерге сөз береді, оларды тар кеуденің қыспағынан көркемдік өмірдің таза самалына алып шығады да, ерекше өмір сүргізеді. Лириканың ерекшелігі де сонда ол өлеңге тыныс береді. Лириканың бас қаһарманы да- ақынның өзі. Себебі, ақын басқаның емес, өз ішкі жан-дүниесіндегі сезімдерді сыртқа шығарады және өз толғаныстары туралы ғана жырлайды деуге болады. Адамның сезімі бар жердің барлығында дерлік лирика бар[1,311]. Жоғарыда атап өткендей, лириканы психологиялық шығарма дедік, ендеше жалғыздық ұғымын психология тұрғысынан қарастырып көрейік:
Әр ақын өзінше бір психолог бола білуі керек. Себебі, өлеңді оқырман көңіліне толғандырып, тебірентетіндей жеткізу, оқырман жүрегіне өлең арқылы әсер ете алу соны талап етеді. Психологияда жалғыздыққа берілетін анықтама мынадай: Жалғыздық-бұл адамның ерекше эмоционалды жағдайы, онда ол өзінің пайдасыздығын сезінеді және өзін сезбейді. Жалғыз адам басқа адамдармен қарым-қатынастың жоқтығынан өзін-өзі сезінуді жоғалтады, ол жеке тұлға ретінде жоқ бос орынға айналады. Жалғыздық қайдан пайда болады? Жалғыздық адам бойында басқа адамдардан толық көңіл бөлуді сезінбеген кезде, адамдардан оң эмоциональды байланыс жағдайын сезінбеген немесе оларды жоғалтудан қорыққан кезде пайда болады.
Сондай-ақ, белгілі психолог Реана Психология человека от рождения до смерти еңбегінде жалғыздыққы мынадай анықтама берген: "Жалғыздық-бұл адамның өмірін бөлісетін және оған қамқорлық жасайтын адам болмаған кездегі жағдайы"[5,14]. Дәл осы жағдай біздің кейіпкеріміз Ақберен Елгезектен табылады.
Психологиядағы жалғыздықтың түрлерімен таныс болайық:
1.Психологиялық жалғыздық- адам адамдармен байланыс болмаған кезде немесе қарым-қатынас болған кезде сезінеді, бірақ нақты жақындық бұл жерде орын алмайды. Жалғыздықты сезінген адам өзін қажетсіз, жақындары бас тартқан, қабылдамайтындай сезінеді. Психологиялық жалғыздық қарым-қатынаста адам өзін түсінбейтін кезде де сезілуі мүмкін. "Олар мені түсінбейді"," олар мені естімейді", мұндай сөздерді жалғыздықты бастан кешіріп жатқан адамдардан естуге болады.
2.Физикалық жалғыздықты адам физикалық кеңістікте жалғыз болған кезде сезінеді. Физикалық жалғыздық міндетті түрде психологиялық тұрғыдан сезілмейді, өйткені сіз жалғыз бола аласыз, бірақ өзіңізді жалғыз сезінбейсіз.
3.Мәдени жалғыздық- бұл жалғыздықты адам туған жерінен жырақта болғанда немесе мәдениетті, салауатты өмір салтынан айырылғанда сезінеді.
4.Субъективті жалғыздық-бұл адамның өзін қаншалықты жалғыз сезінетінін көрсететін ішкі жалғыздық.
6.Қажетті жалғыздық-бұл оқшаулану уақыты, яғни қарым-қатынастың көптігін қажет етпейтін адамдарға керек.
7.Жеке адамның (өзінен) жалғыздығы, егер адам өзіне көңілі толмаса, өз қиындықтарынан қашса немесе өзіне сенбесе, өз қалауын жоққа шығарса пайда болады.
8.Тұлғааралық жалғыздық- адам басқа адамдармен қарым-қатынастан қашқан кезде пайда болады, бұл жеке ерекшеліктерге, жақын қарым-қатынастарды қалыптастыруға қабілетсіздігіне немесе, мысалы, адамның өміріне әсер ететін бұрынғы қарым-қатынастардың жағымсыз тәжірибесіне байланысты болып келеді.
9. Экзистенциалды жалғыздық (өмірден) адам жиі қашып кетуге тырысатын сағыныш пен қайғы-қасіреттің тәжірибесімен сипатталады. Бұл жағдайды адамдар (отбасы, достары) қоршап тұрса да, олар ешқашан оған толық түсінік пен шексіз, тұрақты махаббат бере алмайтындығын түсінген кезде әр адам бастан кешіреді. Туыстары өмірден кеткенде адам бұл қайғының орны толмайтынын түсінеді. Ешқандай адам табиғаттың заңына қарсы шыға алмайды[6]. Әрбір адам жақыны өмірден өткенде жалғыздықты сезінеді, сондықтан экзистенциалды жалғыздықты сезіну фактісі сөзсіз іске асады.
Бала өмірге жалғыздық сезімін сезінбей келеді, яғни жалғыздық адаммен бірге дүниеге келмейді. Психологиялық зерттеулерге сүйенсек, жалғыздық көп жағдайда бала кезде немесе өтпелі кезеңде пайда болады. Бұл туралы Роберт С.Вейс жалғыздық жасың үлкейгенде емес, балалық шақта және өтпелі кезеңде көп кездесетіні айдан анық дүние, -дейді. Барлық зерттеушілер жасөспірімдік кезеңді сана-сезімнің қалыптасу кезеңі дейді және дәл осы уақытта жалғыздықпен қақтығысады.
Сана-сезімнің пайда болуы- жасөспірімнің сыртқы келбетіндегі белгілі бір өзгерістер туралы хабардар болуының нәтижесі және соның салдарынан өзіне деген қызығушылықтың пайда болуы. Физикалық және психикалық көріністің жедел дисгармониясы қоршаған әлеммен байланысып, қызықсыз және жанжалды болып көрінеді. Жасөспірім өзін қоршаған адамдарды тез таниды және оңай көңілі қалады[7,47].
Адам үшін маңызды үш кезең бар:
1.Тұлғааралық қарым-қатынас деңгейі- бұл кезеңде жақын адамының жылулығы мен махаббатын сезіну өте қажет. Бұл кезеңде адам өз жанын түсінетін біреуді іздейді.
2.Көпшілікпен қарым-қатынас кезеңі- адамдар арасында мақтау сөз бен қошеметке бөленсе жалғыздықтан құтылады.
3.Мәдени және тарихи маңыздылық деңгейі- барлық қоғам жағдайында, әлеуметтік деңгейде белсенді болғанда осы деңгей орындалады.
Жасөспірім жаста бірінші және екінші жағдай таныс болып келеді.
Жалғыздық мағынасының үш түрі бар: созылмалы, ситуациялық және өтпелі.
1.Созылмалы жалғыздық- адамның өмірінде жақын адамымен дұрыс қарым-қатынас орната алмауы.
2.Ситуациялық жалғыздық- адам өмірінде қайғылы жағдай орын алғанда болады, мысалы жақын адамының дүниеден өтуі немесе жақын адамдарымен қарым-қатынасты тоқтатқанда, ажырасқанда. Уақыт өткеннен бұндай адамдар жалғыздықты жеңуі мүмкін.
3.Өтпелі жалғыздық- қысқа уақыт аралығында болатын жалғыздық, адам тыныштық қалпына тез оралады және кейін көңіл күйіне ешқандай әсер бермейді[7,59].
Ендігі кезекте ақын өлеңдерінің сарыны неге жалғыздық деген сұраққа жауап іздейік. Бұл сұрақтың жауабын мен ақынның Болмаған балалық шақ повесін оқығанда таптым. Ақын балалық шағында әкесі мен ағасынан айырылған. Кейін анасы тұрмысқа шығып, әкенің орнын өгей әкесі басқан. Сол күн- менің балалық шағымның тәтті дәурені таусылған күн еді,- дейді. Ақынның сол күн деп тұрғаны өгей әкесінің үйіне барған күн. Ақын ол кезде алты жаста болған. Яғни, алты жасында ол балалығымен қоштасқан. Өгей әкесінен көп қорлық көрген ақын бастан кешкен оқиғаларының ішінен біреуіне көңіл аударайық: Қыс кезі. Құдай атқан бір түні, Қалаң араққа сылқия тойып кеп, ауыз үйге кіре-міре құлады. Шешем мен қара кемпір хал үстінде жатқан нағашы апамның үйіне кеткен. Мені қолымнан жетектеп залға әкелді де, орындыққа отырғызды. Сосын жақындап келді де, белбеуін шешіп, қолдарымды орындықтың арқасына байлай бастады. Қалаң қиқалақтап барып, қабырғадағы серванттың есігін ашты. Мал соятын бірнеше сояудай-сояудай қанжарларының ішінен біреуін алып шықты. Қалаң маған дәріс оқи бастады.
-Ей, жетімек! Мен мына пышақты не үшін сатып алды деп ойлайсың?
-Мал сою үшін, ағатай!
-Жоқ, мен сені сою үшін сатып алғам мұны! Хахаххаха!
Жан тәтті, қолымды бостатып ап, атып тұрдым. Қалаң да тұра ұмтылды. Орындықты көтере-мөтере басынан салып қалдым. Қалаң бар денесімен еденге құлады. Есім шыққаны соншалық, есікке қарай жүгіргеннің орнына терезеден бір-ақ қарғыдым. Далада қыс[8,14]. Ақын өгей әкесінен осындай жауыздықтар көріп, жеті жыл сол шаңырақта тұрған. Кейін әкесінің туыстары келіп, оны өз туған жеріне, яғни Алматыға алып кеткен. Осы сәтте ақын ана мейірімінен де айырылған еді. Бірақ ақын анасын көп күтті. Келеді деп сенді. Ақан анасына деген өкпесінің өршей бастаған кезін өзі былай деп жеткізген: Әдеттегідей, қойдан кеш келіп, үйге кірдім. Босағада біздің үйдің емес, басқа бөтен әйелдің аяқ-киімі тұр. Сағыныштан сарғайып жүрген санамда Мама!- деген сөз найзағайдай жарқ ете қалып, көз алдыма мейірімді шешемнің бейнесін әкеле қалды. Ентіге үйге кірдім. Шешемді көрмегелі аттай үш жыл өтті. Сол! Келді! Сағынған екен ғой! Шешемді жек көре бастаған өзімді кінәлап, мені іздемейтін несі деп кінәлап жүрген әй, менде ақымақпын ғой деп қоям! Мен оған керекпін!
-Урәә, мамам келді!- деп әлгі шай ішіп отырған кісіні құшақтай кеттім.
- Бісмілла, ойбай, мынасы кім! Жібер, ойбай!- деп шешем басқа біреу деп ойлап қалған болуы керек, менің қолымды қайырып жатыр.
- Ақош, жібер, ойбай, ұят болады. Басыңнан күн өткеннен сау ма?- деп жеңгем маған айқай салды.
Мен осы кезде ғана көзімді аштым. Жүрегім дір етіп, тоқтап қалды. Бірнеше секундқа. Сөйтсем, әлгі әйел менің шешем емес, көрші ауылда тұратын біздің құдағиымыз. Сүріне-қабына сыртқа атыпшығып кеттім. Адамдардан, мына ауылдан, жеңгемнен, ана сары қарын құдағиымыздан, өмірден, өзімнен бәрінен безініп ақырып жылап келем. Қанша қорлық көрсем де, қайтпай, қайсарланып тұрушы едім. Бұл менің адам құсап алғашқы шер тарқатып жылаған күнім еді. Мен он алты жастағы ат жалын тартып мінетін жігітпін. Ұялғам жоқ. Өйткені жыламасам жүрегімнен ұят. Осы оқиғадан кейін, мен анамды күтуді доғардым. Ал, жүрегім сағынуды қоя алмады[8,56].Осыны оқып отырған әр адам ақынның ішкі сезімдеріне кіріп, аяушылық сезімі туындайтыны өтірік емес.
Ақынның өзі айтып берген осындай оқиғаларына сүйене отырып, біз психологиялық тұжырымдардың дұрыс екеніне көз жеткіземіз. Ақын жалғыздығы балалық шағында басталып, жасөспірім кезеңінде жалғасқан. Ақберен жалғыздығы ситуациялық жағдайдан басталған. Яғни, жақын адамынан айырылып, кейін өзін қоршаған адамдардан қатыгездік көруі, ата-ана махаббатын сезінбеуі, анасынан жырақта ер жетуі ақын психологиясына кері әсерін берген. Көп ғалымдардың пікірі бойынша, өтпелі кезеңде жалғыздықты сезіну табиғи нәрсе. Бірақ, бұл жағдайда ақын жанына заңдылық емес, тағдыры әсер еткен. Ақын дәл осы шағында ата-ана қамқорлығының жоқтығынан көп балалардан ерекшеленген және айналасын қоршаған адамдар бар болса да, олардан қажетті мейірімділік пен жылулықты сезіне алмаған. Ал мейірім мен жылулықтың болмауы бұл кезеңде бала психологиясына өте қатты әсер етеді. Бұл сөзімізге тұлғааралық қарым-қатынас деңгейі дәлел бола алады. Яғни, ситуациялық жағдайдан бастау алған жалғыздықты әрі қарай тұлғааралық қатынастың жоқтығы ушықтырған. Дәл сол кезеңде ақынның жанында оның ішкі жан-дүниесіне үңіліп, түсінуге тырысатын адам болмаған.
Курстық жұмыс барысында, ақын табиғатынан өз-өзін бағалау қасиетінің мүлде төмен екенін байқадым. Бұл жайдың орын алуын ақын өлеңдерінен де, берген сұқбаттарынан да көре аламыз. Ақберен Елгезек өзін белгілі ақын деп санамайды, ал бұл біз айтып отырғандай өз-өзін бағалаудың төмендігі. Осы жағдайдың екінші тұсы да бар. Зерттеушілер көрсеткендей жалғыздық пен өз-өзін бағалау қасиетінің төмендігі әсерінен, адам басқаларға үнемі өзін мойындатқысы келіп тұрады және өзін мақтағанын күтеді. Ақынның мұндай іс-әрекетін Асыл арна телеарнасындағы, Емен жарқын бағдарламасында берген сұқбатында байқаймыз:
- Сіз мемлекеттік қызметте біршама жыл жұмыс жасадыңыз. Сіз неліктен депутат болдыңыз?
- Мені адамдар байқағанын қаладым. Басқалардың мені мойындағанын өз ауыздарынан естігім келді.
Тағы бір сұқбатында ақынның айтқан сөзіне мән берейік: Әдебиет менің ішкі әлеміме өте жақын, туыс бір ғалам болатын. Жоқшылық пен жетімдіктің біраз тауқыметін көрген соң ба, осы иттің баласы адам болса, мұрнымызды кесіп береміз!,- деген сөздерге тойғандықтан ба, мен алдыма болашақта қайткен күнде де бір биікке өрмелеп шығуым керек деп мақсат қойдым.
Мұны психология қалай түсіндіретініне көз жүгіртейік:
Бұл туралы Американың атақты әлеуметтік психологтары Энн Пепло мен Дэниел Перлман зерттеуінде сөз қозғалған. Олар жалғыздық пен өзін-өзі бағалау қасиетінің арасындағы байланысты эксперименталды түрде дәлелдейді. Өзін-өзі бағалау- адамның өзін бағалау қасиеті. Жалғыздықты сезінген адам өзін басқа адамдар қалай бағалайтыны мен қабылдайтынына үнемі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Характер мен жағдайдың байланысы
Қазіргі қазақ поэзиясындағы жалғыздық концепциясының көрініс табуы
ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жас ақындар поэзиясы
Махамбет батырдың Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзі
Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұйқас тәсілдері
А.КЕМЕЛБАЕВА ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПОСТМОДЕРНИЗМ
Қазіргі қазақ лирикасындағы ұлттық дүниетаным
Төлеген сөз жоқ талант
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПОСТМОДЕРНИСТІК БАҒЫТ
Пәндер