Деструктивті діни ағым түсінігінің мәні


Мазмұны
Кіріспе
- Деструктивті діни ағымдар түсінігі және әлеуметтік діни ағым түсінігінің мәніДеструктивті діни ағымға түсуінің себептері
- Деструктивті діни ағымнан жапа шеккен қыз-келіншектің психологиялық ерекшеліктеріҚазіргі Қазақстан қоғамына экстремистік ағымдардың рухани қауіпсіздігіне әсеріДіни ағымның құрбандарының психологиялық ерекшеліктерін зерттеудің нәтижелері“Жусан” операциясымен оралған әйелдерді оңалту және тұлғаның әлеуметтік бейімделуі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Деструктивті діни ағымнан талай адамды адастырды, талай жастарды шатастырды, қателікке ұрындырды. Солардың кесірінен өмірі қиындыққа, тағдыры тәлкекке ұшырады. Қазақстан Республикасындағы халық арасында ұлтаралық және конфессияаралық келісім орнығып, ел тұрғындары тату-тәтті өмір сүруде. Әрбір азаматқа Конституциямен сенім бостандығы беріліп, ар-ождан құқығы қорғалған. Осы құқықтың негізінде азаматтарымыз өз еркімен діни сенімге нанып, қалаған ғибадатын қылуға құқығы бар. Бірақ, сенім бостандығы құқығын желеу етіп, жұрттың сенімін алдайтын діни ағымдар да кездеседі. Біз бұл ағымдарды «деструктивті діни ағымдар» деп атаймыз. Деструктивті (бұл сөз «бүлдіргіш» деген мағынаны білдіреді) діни ағымдар - азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін діни ағымдар. Олардың ортақ сипаты - діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуынан көрінеді.
Тақырыптың өзектілігі: Деструктивті діни ағымдардың қызметі тек жеке азаматтардың өміріне ғана зардабын тигізіп қоймай, еліміздің ішкі тұрақтылығы мен ұлтаралық және конфессияаралық келісім саясатына да зардабын тигізуде. Адамның өздігінен ойлауын тоқтатуға, тәлімгеріне сөзсіз және мүлтіксіз бағынуға бағытталады. Кез-келген адамға оның еркінен тыс әрекет жасатып, қолшоқпарға айналдыруға болады. Жалған діни қауымда мұндай ықпалға түскен адам кінәлі, әлденеге мазасызданған, топқа тәуелді, сәби тәрізді қауқарсыз кейіпте болады. Мұндай тәуелділік адамның бойында есалаңдық, шизофрения, өзіне-өзі қол жұмсау тағы басқа қасиеттер пайда болады. Мұндай психикалық әсер ету немесе адамды мәңгүртке айналдыру, бағдарлау, адамдардың миын айналдыру, қоғамдық сананы басқарып, жетекшілік ету жаңа діни ұйымды басқарудың әдісі мен ұйымға билікті жүзеге асырудың тәсілі болып табылады. Түңілгендік, шарасыздық, мазасыздықты басынан кешірген кез-келген адам деструктивті культтің потенциалды құрбаны болуы мүмкін. Адасқан адамдар сектадан кәдуілгі өмірде өздері жоғалтып алған, айрылған нәрселерін тапқысы келеді: жақындары тарапынан түсіністік және қолдау, сенімділікке ие болып, перспективасының анықтығын білу, сонымен қатар бойындағы тәуелділік пен қорқыныш, сондай-ақ жауапкершілік және кінәлілік сезімінен арылуды жаңа діни қозғалыс мүшелері көп жағдайда ақиқаты тану ретінде, діни үйлесімділік ретінде қабылдайды.
Яғни, қазіргі кездегі деструктивті діни ағымнан құрбан болғандардың психологиялық профилін анықтап, оларға психологиялық тұрғыда көмек беру жолдарын қарастыру және психологиялық тұрғыдан жапа шектіру әдістерін зертеу.
Жұмыстың мақсаты: жалпы деструктивті діни ағымның қалыптасу жолдарын зерттеп, сол жолда зардап шеккен қыз-келіншектердің психологиялық профилін анықтау және оларды қайта қалпына келтірудің немесе ол жолға түспеуіне арналған психологиялық амалдарды жетілдіру.
Қойылған мақсатқа келесі міндеттерді орындағаннан кейін ғана жетуге әбден болады:
- деструктивті діни ағым түсінігі;
- деструктивті діни ағымға түсуінің себептерін зерттеу;
- адамның шынайылық тунелінің өзгеруінің негіздерін айқындау;
- деструктивті программалаудан қорғанудың амалдарын жетілдіру.
Зерттеу жұмысының пәні : қазіргі кездегі Қазақстанда таралған деструктивті діни ағымдардың адамдарға психологиялық әсерін зерттей келе, сол жолда зардап шеккен қыз-келіншектердің психологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу жұмысының гипотезасы:
- Деструктивті діни ағымдарға кіруге келесідей әлеуметтік-психологиялық жағдайлар әсер ететіні туралы болжам жасалынады: жеке-типтік бейімділік; аффиляцияның мотивінің жоғарғы деңгейі; жағымсыз әлеуметтік факторлар; кризистік жағдай; топтық қысымның әсері мен күші; тұлғаға деструктивті әсер берудің механизмдерін білетін адепттердің шеберлігі (сананы басқару, манипуляция, сананың күйінің өзгеру техникасы және т. б. ) ; «ақиқатқа жету», «бақытқа кенелу» иллюзиясымен қамтамасыз етуші топтың ішінде атмосфераның қалыптасуы; Мен-бейнесінің құрбанның бейнесіне, алданған және бақытсыз адамның күйіне деформациялануы. Құрбандыққа тез шалынатын қыз-келіншектердің психологиялық профиліннің ерекшеліктері.
- діни ағымдарда және дәстүрлі емес діни ұйымдарда болу тәжірибесі ауыр әлеуметтік-психологиялық бұзылыстарды туғызады, олар қарым-қатынаста және өмір қызметінде қиындықтарға алып келеді.
Зерттеу әдістері: Дипломдық жұмысты орындау барысында деструктивті діни ағымдардан құрбан болған адамдардың психологиялық профилін зерттеп қана қоймай, оларға жаңа психологиялық қорғану әдістерін ұсынамыз.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы : Бүгінгі күні Қазақстан азаматтарының бәрін бірдей толғандырып отырған деструктивті діни ағымдарға түсіп кетпеудің психологиялық жаңа амалдарын немесе сол жолда құрбан болғандардың психологиялық профилін қайта қалпына келтіру бүгінгі күннің назарына ілігіп, шешімін талап етеді.
Зерттеудің практикалық құндылығы: алынған мәліметтер жалпы дін саласындағы зерттеу жұмыстары, оқыту сабақтарында үшін қолданыла алынады, курстық, дипломдық, диссертациялық жұмыстарды жазу үшін де қолданыла алады. Сондай-ақ келтірілген жаңа психологиялық қорғаныс амалдары тәжірибе жүзінде психолог мамандармен толығымен қолданыла алады.
Жұмыстың құрылымы зерттеудің мақсаты мен міндеті арқылы анықталады. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.
- Деструктивті діни ағымдар түсінігі және әлеуметтік психология
1. 1 Деструктивті діни ағым түсінігінің мәні
Діннің тұтастығы - елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады.
Алдымен «Деструктив» ұғымына талдау жасай кетсек, терминдік мағынасы бойынша бұл сөз латын тілінен «destructio», яғни бүлдіргіштік, залал тигізуге ұмтылыс, нәтижесіздік деген мағыналарды береді [1] .
Деструктивті секта - дәстүрлі діндерден бөлінген оларды дін ретінде мойындамайтын, жеке көзқарастарымен діни догматикаларын қалыптастырған, мемлекеттің ішкі тұрақтылығы және қоғамдық құрылыстарға кері әсерін тигізуші тар шеңберлі көзқарастағы адамдардан құралған топ. В. И. Дальдің терминологиялық сөздігінде, «жеке қауымдастық, дәстүрлі және әлемдік діндерден бөлініп шыққан діни ілім» деп көрсетіледі. Ал, Д. Н. Ушаков құрастырған сөздікте: «Дәстүрлі діндерден өз дербестігін алған діни ілім немесе түрлі әлеуметтік топтардан құралған ұйым; Құқықтану саласынан да секталардың қоғамдағы әрекеттеріне қарай «деструктивті немесе тоталитарлы секта» деген терминдік атау берілген. Тоталитарлы секта - басшылары көбіне заңға қайшы келетін қылмыстық әрекеттерге барып, қарапайым топ мүшелерінің саналарын түрлі манипулияциялық амалдармен жаншып, тоталитарлық жолмен бағындыруға тырысады. Діндер дәстүрлі және дәстүрлі емес деп бөлінеді. Дәстүрлі діндер деп - бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі, діни әдет-ғұрыптары, отбасылық қарым-қатынасы және белгілі бір ұлттың дәстүрлі өмір сүру формасы мен мәдени құндылықтарын жоққа шығармай, өз ілімдері тұрғысынан қабылдап, оған қарсы келмей ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыратын ерекше құбылыс. Кейде дәстүрлі және дәстүрлі емес діндердің, деструктивті культтердің арасындағы нақты айырмашылықты көрсету қиынға түседі[2] . Сол себепті қоғамға қауіп төндіруі ықтимал ұйымдар негізгі қыз-келіншектерді былай бой ұсындырады:
- Харизмалық көшбасшысы немесе дәстүрлі емес дінді ұстанушы отағасы көбінесе өздерін Құдайдың атынан сөйлеп тұрғанын және басқаларды өмір сүру ережелеріне үйретуге құқылы деп есептеткізіп, бой ұсындырады;
- Тозақ отынына түсесін деп қорқытуы;
- Жабықтық және қоғамға қарсы тұрғызу арқылы;
- Адептерінің өмірлеріне бақылау жасау. Деструктивті культтерге мүшелерін қатаң бақылауға алу тән, ұйымның ілімдері мен көшбасшыларына деген сыни қатынасқа жол берілмейді. Жақтаушылардың отбасынан, қоғамнан оқшаулануы сияқты жағдайлар жиі кездеседі. Бұл көптеген отбасылардың бұзылуына, ұрпақаралық сабақтастықтың әлсіреуіне алып келеді. Егер туысқандары, жақындары қауымға мүше болғысы келмесе, олармен барлық қарым-қатынастарды үзуге итермелейді;
- Тез таңдау және тез үкім шығаруға дағдыландырады;
- Манипуляцияларды қолдану. Секта мүшелеріне бақылау жасау олардың іс-әрекеттерін манипуляциялау арқылы жүзеге асырылады. Олар айтқан өмірге психологиялық тәуелді етіп қояды;
- Жақын арада ақыр заманның болуын күту;
Деструктивті діни ағымдар - тұлғаның табиғи үйлесімді, рухани, психикалық (ішкі деструктивтілік) және физикалык жағдайына қауіпті болып келеді, сонымен катар қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен дәстүрлерді, мәдениетті жоятын (сыртқы деструктивтілік), жалпы қоғамға қауіпті ұйым. Деструктивгі ағымдарда жасырын психологиялық зорлық қолданылады. Мұның көрінісін жеке адамның (лидердің) немесе адамдар тобының (басқарушы топ) басқа адамдардың санасына, өміріне адамдардың саналы түрде келісімінсіз мақсатты түрде заңсыз әсер етуді орнатуынан байқауға болады.
Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар. Олардың ортақ сипаты - діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуынан көрінеді. «Жалған шахидтікті» дәріптеу арқылы өлімнің жарнамасы ерушілердің алдындағы өмірдің құндылығын едәуір төмендетеді және «қарғыс атқан дүниеден» құтылуға және оның қарбаласынан арылуға ықпал етеді. Радикалды діни ағымдарда осы негізгі түсініктерді - өмір мен өлімді - өлімге деген құштарлықты оятар терең психологиялық механизм арқылы қайта бағалау жүреді. Бұл механизм өлімді сакрализациялау, өлімді романтизациялау (жалған шахидизм) және жанқиярлық сияқты фанаттық құралдарды қолдануға негізделген. Нормалар мен өлім дискурсының өзгеруі нәтижесінде объектінің санасында қатерлі идеологиялық білім қалыптасады. Бұл процестер өмірін мағынасыз етеді, өлімге деген құштарлығын арттырады [ 3 ] . Өмірді құндылық ретінде түсіну - адамның туа біткен мотивациялық қасиеті. Бұл мотивациялық қасиет - психологиялық тепе-теңдікке, адамның ішкі және сыртқы мәселелерін шешуге, өмірлік қиын жағдайларға үмітсіздікті басып, армандауын тоқтатпай үміттендіріп, жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына көмектесуге жағдай жасай білуі. Деструктивті діни ағымдар адамның негізгі құндылықтарын бөлшектеу, оның өмірінің мағынасыздығы, сондай-ақ өлімді жүзеге асырумен байланысты табиғи қорқынышты ояту арқылы депрессияға және психологиялық ауытқуларға әкеледі. Мұндай ұйымдар тұлғаның табиғи үйлесімді, рухани, психикалық (ішкі деструктивтілік) және физикалык жағдайына қауіпті болып келеді, сонымен катар қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен дәстүрлерді, мәдениетті жоятын (сыртқы деструктивтілік), жалпы қоғамға қауіпті ұйым. Деструктивгі ағымдарда жасырын психологиялық зорлық қолданылады. Мұның көрінісін жеке адамның (лидердің) немесе адамдар тобының (басқарушы топ) басқа адамдардың санасына, өміріне адамдардың саналы түрде келісімінсіз мақсатты түрде заңсыз әсер етуді орнатуынан байқауға болады. Ол адамдардың табиғи емес және заңсыз лидерлер мен доктринаға мойынсұнушылық пен тәуелділіктің қалыптасуы мен сақталуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Олардың түпкілікті максаты - адамдарды бағындыру арқылы заңсыз байлық пен билікке кол жеткізу [ 4 ] . Күйзеліс қазіргі заманның бірден бір көрсеткіші болып тұр. Адамдар жұмыста да, мектепте де, отбасылық проблемалар туындаған жағдай да, денсаулығы күрт нашарлаған кезде де, тіпті жаңа жұмысқа ауысқан жағдайда да, тұрғылықты мекен-жайын өзгерткенде де, қаражатсыз қалған кезде де, жақын адамын жоғалтып және өмірде өз орнын таппаған жағдайда күйзеліске тап болады. Әдетте біздің қорғаныс механизміміз күйзеліспен күресуге көмкетеседі, бірақ сол кезде деструктивті діни ағымның құрығына ілінуіміз ғажап емес. Осындай кезде бізге айтылған әрбір құптаулар мен жақсы өмір сүруге деген итермелеушілік біздің алға қойған мақсатымызды жойып, жалған белестерге жетелейді.
Дін біздің қоғам дамуының негізгі бір факторына айналғанын ескеретін болсақ, адам баласының деструктивті діни ағымға ден қоюы да оған психологиялық тұрғыдан нақты әсер етудің арқасында іске асырылатынын естен шығармауымыз керекпіз. Ал бұл дегеніміз халық өмірінің, денсаулығы мен бақуаттылығының, саяси-құқықтық, рухани-танымдық және әлеуметтік қауіпсіздік болып табылады. Осыған орай, бүгінгі уақытта деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге психологиялық көмек беріп, оңалту жұмыстарын теологтармен бірігіп психологтар психологиялық консультативтік жұмыстарын жүргізіп келеді. Түрлі діни ағымдардан зардап шеккендерге және олардың жақын туыстарына әлеуметтік-психологиялық кеңес беру жұмыстарын және олардың реабилитациялау әрі қалыпты өмірге бейімдеу жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Қазіргі таңда зардап шеккен азаматтар мен олардың отбасы әрі жақын туыстары орталықтың көмегіне жүгінуде. Соның ішінде деструктивті діни ағымдардан жапа шеккен қыз-келіншектердің денсаулығына келтіретін қаупін, психикасына жасайтын ықпалы бар. Деструктивті діни ағымдардан жапа шеккен қыз-келіншектер әлденеге мазасызданған, өз шешімін нақты айта алмайтын қауқарсыз кейіпте болады. Өз бетінше шешім қабылдау және сыни пікірлер айтып, өз көзқарасын білдіру қабілетінен айыруға тырыстырады. Осылай психикалық әсер ету арқылы мәңгүртке айналдырып, бағдарлау, адамдардың миын айналдыру, қоғамдық сананы басқарып, жетекшілік ете отырып, дін атын жамылып деструктивті діни ағымдар потенциалды құрбанын дайындайды. Деструктивті ағымдардың мақсаты - адамды Жаратқанның құлы емес, өмір бойы өздерінің құлы жасағысы келеді.
1. 2 Деструктивті діни ағымға түсуінің себептері
Дін психологиясы - діни құбылыстарды зерттейтін гуманитарлық ғылым. Адамның ішкі жан дүниесі мен әрекеттері аясында діни қасиетке ие әрбір әрекеттері аясында діни қасиетке ие әрбір әрекетті өзінің негізгі зерттеу нысанасына алады. Дін адамның жан дүниесіне көп ықпал ететін ерекшелікке ие. Адамның дінге бет бұруы оны жан дүниесіне бағыттап, біртіндеп адамдық қабілетіне икемдеуі тұрғысынан дін психологиясы адамдық болмыстың барлық жағын қамтиды. Деструктивті діни ағым дінді өмірдегі кесдесетін қиындықтардан құтқаратын жол деп көрсете алады. Психологиялық кене сияқты әсер етеді. Бір жағынан ол күшті қысым жасайды, екінші жағынан күйзеліс, уайымдар көп әкеледі. Мысалы: топтық қатынастар шегі әрбір секта мүшесінің ұстануыннан талап ететін шарттары бар және ол шарттарды орындау күйзеліс тудырады. Өмірде топтасып өмір сүрсе эмоцияналдық жетістіктерге жетуге мүмкіндік бар деп сендіреді, тек шынайы болсаң күйзелістен оңай шығамыз деп сендіреді. Деструктивті діни ағымдағы мүшелерін тәрбиелі де тәртіпті топ мүшесіне айналдырады. Топтан алшақтаған сайын күйзеліс күшейіп, өздерін бақытсыздар санатына қосып, сол топсыз өмір сүре алмайтындай жағдайға жеткізеді. Психология іліміне өз еңбектерімен зор үлес қосқан Курт Левин топтық динамика бағытын зерттей келе, жеке тұлғалық өзгерістер адам жеке жүргенді емес, топтық қатынастарда орын алады деп шешім қабылдады. Ол топты динамикалық тұтастық «өз қосындысы мен олардың өздік қосындысынан тұратын ерекшеліктерінен» тұрады деп есептеді [5, б. 39] .
Күйзелісте жүрген кезінде ішкі ойын, пікірлерін тындап алаып, сосын өз мүддесін ойлаған ағым жетекшісі оның кемшіліктерін, проблемаларын бетіне басып, психикасына әсер етіп, ауыр психологиялық проблемаларға душар еткізіп, дінді соның ішінде «Алла разылығы үшін» деп өз мүддесін жүзеге асырады.
Топтық қағидалар адамдар туралы шынайы қамқорлықты болжайтындай болып көрінеді. Топтағы достары көрсеткен, бағыттан өмірдің мәні мен мағынасын тапқандай, сезім пайда болады. қорытындыға келуі үшін қажетті жаққа қарай, адамдарды ақырындап итермелеуге болады. Белсенді топтық ықпал ету жағдайында олар ең ерекше пікір қабылдауы мүмкін, ал олар терең сезімдік жақындықты сезінетін, топ бұл пікірлерді үнемі күшейтіп отырады. Бұл пікірлер априорлы дұрыс және күмәнсіз шынайы болып есептеледі, өйткені топтық жағдайда адамдардың санасының жағдайын белсенді түрде өзгертеді. Топ мүшелері «саңырауға» және «соқырға» айналады, себебі баламалы ақпарат болмаған кезде олар зиятты пайымдау және талдау мүмкіндігінен айрылады. Олар кез - келген қабылданған шешімді топпен ақтай отырып, соның ішінде «бөтендерге», топқа жатпайтындарға, стереотиптік көзқарасты игеріп, қандай қиыншылықтар болса да жеңеді.
Нәтижесінде адам өзі қалай түсіндіруді білмейтін, сол жағдайға орынды болып көрінетін, қол жеткізу оңай және шындыққа жанасатын түсіндірмеге бірнеше рет сүйенетін болады. Біз түсіндірме табуға тырысатын, өткенімізге үңіле отырып, екіұштылықты жеңеміз немесе бүгінгі жағдайдан ойға салатындарын іздейміз, содан кейін қолдағы барлық ақпаратты мұқият талдамай - ақ айқын қорытындыға келеміз. Атрибуцияның тұғырлы қателерінің бірі: біз себепті оларды іздеген жерден табамыз. Адамның кейде жан - жақты бақылаулар жүргізіп және оларды тексерудің орнына кездейсоқ және екінші кезектегі ойға салулардың ықпалына берілу ықтималдығы шынымен артатын, нақты жағдайлар бар. Көбіне бұл, егер 1) адам әлеуметтік қолдаудан мүлдем айрылған болса; 2) ондағы бар бұрынғы ақпарат жұтаң және мағынасыз болса; 3) күрделі мәселелерді шешу оның нақты мүмкіншіліктерінің деңгейінен жоғары болса; 4) үстірт немесе дұрыс болмағандықтан, оның көзқарастары расталмаған болса; 5) басынан өткен келеңсіз тәжірибе оның өзіндік бағалауын төмендеткен болса, орын алады.
Отбасындағы сезімдік жақындық - бұл да топтық ынтымақтастық көрінісі, өйткені отбасының барлық мүшелері өзін отбасымен теңдестіреді. Отбасында да және үлкен харизматикалық топтарда да мүшелердің барлығы бірі - біріне төтенше тәуелді болады, бірі - бірінен сезімдік қолдау табады, шешім қабылдауда бірі - біріне сенеді және ортақ жауларының алдында бірігеді.
Әлеуметтік ынтымақтастықтың осындай бұрмаланған көрінісі психотерапиялық топтардан байқалады. Топтық терапияның заманауи үлгісін жасаушылардың бірі - британиялық психологиялық талдаушы Уилфред Байон топтық мінез - құлық динамикасына, топтың мүшелері тіпті аңғармайтын, жасырын күштер ықпал етеді дейді. Сонымен бірге топты басқаратын, осы психологиялық күштердің ішіндегі бастысы мүшелердің жетекшіге тәуелді болуға және бір - біріне жақындықты сақтауға ынтызарлығы деп есептейді, ол.
Тұтастай алғанда қазір зерттеу ошағы тәжірибелік мәні бар, төрт бағытқа шоғырланған:
- тұлғаның психологиялық қыры (сипаттамалық келбеті және уәждеме) ;
- лаңкестер мен кепіл тұтқындардың өзара ықпалдасу психологиясы;
- лаңкестердің әрекетінің құрбандығы ретіндегі кепіл тұтқындардың психологиясы;
- лаңкестермен келіссөз жүргізу психологиясы.
Ғылыми - теориялық және эксперименталдық зерттеулерді талдаудың негізінде біз посткеңестік кеңістіктегі заманауи психологиялық ғылымда лаңкестің жеке басы психо- патологиялық, шектес және психодинамикалық сияқты үш негізгі тәсіл тұрғысынан түсіндіріледі деген қорытындыға келдік.
Психо - патологиялық тәсіл
Алдында берілген есептегі шетелдік психологиялық тұжырымдамалар талдамасының мәнмәтінінде лаңкестердің тәртібін сипаттайтын, жанкештілік, салқын қанды қатыгездік және басқалары сияқты айқын көріністер психологтарды психопатологияға жүгінуге мәжбүрледі деп көрсетілген. Бұл тәсіл, оны қолдайтындардың пікірі бойынша, лаңкестің жеке басын қалыптастыру тетігі ретінде қызмет атқаратын, әлеуметтік факторлар мен девиацияларды қамтуға мүмкіншілік береді. Осы жерде және төменде біз «бүлдіргіш» және «әумесер» мінез- құлық ұғымдарын синоним ретінде қолданамыз. Әумесер мінез-құлық қоғамда қабылданған нормалардан (этикалық қоса алғанда) ауытқуымен ерекшеленеді және тұлғаның әлеуметтік бейімсіздігін ілесе жүреді. Құқық тұрғысынан алғанда, әумесер мінез-құлықтың негізгі түрлерінің барлығын шын мәнінде алғанда, тек агрессиялық әрекеттердің бағыттылығы және нысаны бойынша ажыратылатын, бүлдіруші ретінде қарастыру қажет деп есептейді, Е. В. Змановская и Я. В. Гилинский. Осылар және басқа да авторлар мінез-құлықтық девиацияның ең түрлі нысандарында және түрлерінде қатысатын, агрессия да бүлдіргіштікпен(бүлдірумен) тығыз байланысты деп атап көрсетеді.
Балалық және жасөспірім шақтағы нақты қандай факторлардың неврологиялық девиацияға, яғни лаңкестіктің психологиялық негізі агрессияға, жеккөрушілікке әкелетіндігі сияқты бүлдіргіштік мінез-құлықтың себептері шетелдік зерттеушілермен әлеуметтендіру жағдайында қарастырылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz