КӨЛ ТАУАРЛЫ БАЛЫҚ ӨСІРУ КӨЛДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

КЕАҚ «Қазақ ұлттық аграрлық университеті»

УДК 639. 3+69. 25. 13+69. 25. 15 Қолжазба құқығында

АБИЛОВ БЕРДИБЕК ИБРАГИМОВИЧ

«Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағындағы көл-тауарлы балық шаруашылығында тұқытектес балықтарды өсірудің биотехникалық әдістерін жетілдіру»

6D080200 - Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

Философия докторы (PhD)

дәрежесін алу үшін дайындаған диссертация

Отандық ғылыми кеңесші:

б. ғ. к. қауым. профессор

Исбеков К. Б.

Шетелдік ғылыми кеңесші:

Доцент, доктор

Людмила Николова

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2021

мазмұны

:
: НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .
: 2
:
: АНЫҚТАМАЛАР . . .
: 4
:
: қысқартуЛАР және шартты белгіЛЕР . . .
: 5
: 1
: ЗЕРТТЕУ БАҒЫТЫ. . … . . .
: 6
:
: Тауарлы балық өсіру шаруашылығының даму тарихы
:
:
: Тауарлы балық өсірудің негізгі бағыттары
:
:
: Әлемдік аквакультураның қазіргі жағдайы
:
:
: Қазақстандағы балық шаруашылығының дамуы мен болашағы
:
: 1
: ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ТӘСІЛДЕРІ . . . …… . . .
: 7
: 2
: ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ . . .
: 11
:
: Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі кейбір резервтік көлдердегі балық түрлерінің алуантүрлілігі
:
: 2. 1
: Ворошилов суқоймасының морфометриялық мәліметтері және гидрохимиялық көрсеткіштері . . .
: 10
: 2. 2
: Суқоймадағы омыртқасыз организмдерді зерттеу . . .
: 11
: 2. 3
: Суқоймасындағы ихтиофаунаның түрлік құрамы . . .
: 14
: 3.
: Көл-тауарлы балық өсіру бағытында жоспарланған жұмыстар . . .
: 16
: 3. 1
: Көл-тауарлы балық өсіру үшін сазан және өсімдікқоректі балықтарды зауыттық әдіспен көбейту жұмыстары . . .
: 16
:
:
:
:
: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
: 25
: 3
: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
: 26

анықтама

Жергілікті түрлер - осы өлкеде бұрыннан бар түрлер;

Абсолютты жеке тұқымдылық (АЖТ) - биыл шашатын аналық дарақтарындағы осы жылғы уылдырық генерациясының саны;

Жерсіндірілген түрлер - экожүйеге арнайы мақсатпен жіберілген түрлер;

Балық түрлерінің ареалы - нақты балық түрлерінің кездейсоқ енуіне немесе кездейсоқ ену орнысыз оның тұрақты тіршілік етуіне қарамай географиялық таралу аймағы;

Биотоп - абиотикалық факторларының параметрі біртекті суқойма бөлімі;

Биоценоз - суқойманың бір жерінде орналасқан тірі организмдер жиынтығының өзара байланысы;

Биомасса (В) - үйір немесе оның қандай да болмасын бір бөлігінің салмағы;

Балықты өндіріп-өсіру - балықты табиғи (реттелетін немесе реттелмейтін) немесе жасанды түрде жаңарту процессі, оның үйір құрамында санын және сапасын қайта қалпына келтіру;

Енген - өзге туыс өкілі;

Трансшекаралық су тораптары - бірнеше мемлекет территориясы бойынша өтетін су тораптары;

Балықтың жасы (t) - балық өмірінің толық жасы. Араб санымен белгіленеді. Құртшабақ жасы - 0+;

Гидрография - жағдайы, режимі және жергілікті жағдайы сипатталатын нақты су нысанын зерттеумен және сипаттаумен айналысатын гидрологияның құрлық бөлігі;

Балықтың орташа ұзындығы (L) - аулауда немесе суқоймада, балықтың жастық тобында балықтың ұзындық өлшемін сипаттайтын көрсеткіш;

Қор бірлігі -қаралған уақыт аралығындағы (мысалы, тоқсан, жыл) сол аудандағы жеке кәсіптік мәні бар бір түрлік особътан тұратын тұрақты кәсіптік концентрация;

Қор - қолданыстағы немесе мүмкін ықтимал пайдалану жағдайын қарастыратын балық популяциясының бөлігі;

Кәсіптік қор - балық аулау ережесімен бекітілетін немесе өлшемдері кәсіптік болып саналатын балықтан тұратын қордың бөлігі (салмақ бірлігінде немесе дана түрінде) ;

Зоопланктон - су қабатындағы омыртқасыз жануарлар;

Жалпы ихтиомасса (В) - жалпы биомассаны қара;

Кәсіптік қордың ихтиомассасы - кәсіптік қор биомассасын қара;

Су биоресурстарының аулау квотасы - кәсіптің осы нысанын пайдалануға қатысатын, әрбәр өндіру мекемесі үшін бекітілетін жалпы аулау мүмкіндігінің үлесі;

қысқарту және шартты белгі

АЖТ - абсолютты жеке тұқымдылық

Уылд. - уылдырық

Мин - минимальді

Макс - максимальді

БЖм - Балтық жүйесінің метрі

Мг/м 3 , г/м 2 - жануарлар салмағының көлем және аудан бойынша бірлігі

МРД - максимальді - рұқсат етілетін деңгей

НҚД - нормальді құярлық деңгей

орт. - орташа

СЖТ - салыстырмалы жеке тұқымдылық

ЖАМ -жалпы аулау мүмкіндігі

ШАМ - шектеулі аулау мүмкіндігі

ПТ - популяциялық тұқымдылық

ҚР - Қазақстан Республикасы

а. ж. - ағымдағы жылы

M±m - ауытқу

N - саны

рН - судың активті реакциясы

Қоңд. - қоңдылық

Ф. - Фультон

Дана/м 3 , дана/м 2 - жануарлар санының көлем және аудан бойынша бірлігі

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. ОСы жерге жаңа мәліметтер керек. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасы тауарлы балық көлемін еліміздегі балық өсіру кәсіпорындарында 5000 тоннаға дейін арттыруды қарастырады. Статистикалық мәліметтер бойынша елімізде 694, 405 га қолайлы су айдындары бар, онда жылына 30-50 мың тонна балық өндіруге болады, ал қазіргі кезеңде тек 3754 тонна балық ауланады. Бүгінгі таңда табиғи су қоймаларындағы тауарлы балық шаруашылығын дамыту бағыты қысқа мерзімге арзан бағамен сатылатын балық өндірісін күрт арттыруға мүмкіндік беретін перспективті бағыттардың бірі болып саналады. Көл-тауарлы балық шаруашылығында (КТБШ) тауарлы балық шаруашылығының құрамдас бөлігі ретінде кеңінен дамуы, оның халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге қосқан үлесінің күшеюі, ең алдымен, оның биологиялық деңгейіне байланысты. Ол үшін жергілікті маңызы бар су айдындарына толықтай биологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Осындай зерттеулердің негізінде су объектілерінің шаруашылық мақсатқа жарамдылық деңгейі анықталып, балық өсіру, мелиорация және су объектілерін коммерциялық пайдалану режимдері жасалды. Зерттеу барысында көлдердің морфометриялық, гидрологиялық, гидрохимиялық және гидробиологиялық көрсеткіштері анықталып, көлдердің ихтиоценоздарының құрамы анықталды.

Көлдің табиғи қасиеттерінің жиынтығы, оның ішінде: климаттық жағдайлар, су айдынының табиғаты, морфометриялық көрсеткіштер, су балансының көрсеткіші, судың химиялық құрамы, бастапқы және қайталама биологиялық өнімдер деңгейлері, балық популяциясының құрамы эксплуатацияның белгілі бір нысандарындағы су қоймасының қазіргі және ықтимал маңыздылығын объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысының жаңалығы су объектілерін зерттеу мен бағалаудың жаңа, заманауи әдістерін қолдану болып табылады. Сонымен қатар, су қорының бұрын пайдаланылмаған балық обьектілерімен толықтыру, КТБШ режимінде су айдындарын пайдалануға ғылыми негізделген ұсыныстар жасау арқылы олардың балық өнімділігін арттыру болып табылады.

Зерттеу жұмысының нәтижесінде заманауи экономикалық жағдайда Қазақстанда КТБШ жүргізу әдістерін қолданудың теориялық және практикалық негіздері қаланады. Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтарының климаттық және экономикалық жағдайларына байланысты Қазақстанның көлдерде балық өсіру жағдайында балық өсіру технологияларын және тиісті нормативтік-технологиялық құжаттаманы жасауға негіз болады. Осылайша, балық аулаудың көлдерді пайдаланудың жоғары деңгейіне қол жеткізіледі, бұл қоршаған ортаға зиян тигізбестен өндіріс тиімділігін қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде Қазақстандағы балық өнеркәсібі, осы саланы басқарудың барлық буындары арасындағы нарықтық қатынастарды қалыптастыруға және басқару шарттары мен формаларының түбегейлі өзгеруіне бағытталған бірыңғай әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар кезеңінде, ұзақ уақыт бойы әзірленген еліміздегі балық шаруашылығы саласын дамыту тұжырымдамалары, ішкі су айдындарының биологиялық ресурстарын айтарлықтай жаңартуды және дамытуды көздейді. Қазіргі экономикалық жағдайда нақты мүмкіндіктерге негізделген іс-қимылдың тұтас стратегиясына қарсы тұру қажет.

Экономикалық өсудің аймақтық драйверлерін қалыптастыру маңызды және барлық инвестициялық жобалар тікелей аймақтарда жүзеге асырылатындығын ескере отырып, оны дамыту үшін еліміздің барлай аймақтарында макроөңірлер үшін тауарлы балық өсіруді дамытудың жекелеген бағдарламалары іске асырылуы тиіс. Аймақтық балық шаруашылығы кешендерінің бәсекеге қабілетті деңгейге шығуы өнеркәсіпті модернизациялаудың тиімділігіне, тауарлы балық өсіруді техникалық және технологиялық қайта жарақтандыруға тікелей байланысты. Бұл жоғары сапалы балық өнімдерін өндіруді және жеткізуді ұлғайтуға бағытталған тауарлық балық өсіруді арттыру және су биологиялық ресурстарының табиғи көбею тиімділігін арттыруға арналған іс-шаралар болып табылады. Сондай-ақ, құрылған көл-тауарлық балық өсіру зауыттарының экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір аймақтың жағдайына бейімделген көл-тауарлы балық өсірудің биотехникалық жоспарлары мен әдістерін жетілдіру қажет.

Тауарлы балық өсіру тәжірбиесі көрсеткендей, басқа елдерде және Қазақстанда бұрын жасалған биотехникалық жоспарлар мен аквамәдениет әдістері біздің елдің қазіргі экономикалық жағдайында әрдайым тиімді бола бермейді және кез келген жағдайда нақты су объектілерінің жағдайына бейімделуді қажет етеді. Бұл жағдайдағы шешім - тауарлық балық өсіруді дамыту, көлдің тауарлық балық өсіру шаруашылықтарын құрудың тиімді, ғылыми негізделген технологияларын енгізу арқылы өндірісті интенсивтендіру мүмкіндігі болып табылады.

Зерттеу нысаны мен пәні. Зерттеу нысаны Қазақстанның Оңтүстік Шығысында орналасқан Алматы облысы, Іле ауданында орналасқан «ИП Петров» жеке қожалығына қарасты Ворошилов суқоймасы және ондағы тұқы және өсімдікқоректі (ақ амур және ақ дөңмаңдай) балықтары болды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс аймағында тұқы және өсімдікқоректі (ақ амур және ақ дөңмаңдай) балықтарды тауарлы өсірудің биотехникасын жетілдіру және оны балық өсіру шаруашылықтарына енгізу.

Міндеттері:

- Көл-тауарлы балық шаруашылығы саласындағы отандық және әлемдік зерттеулер мен статистикалық мәліметтерге әдебиеттік шолу жасау;

- Зерттелетін суқойманың географиялық орналасуын, морфомертиялық және гидрологиялық көрсеткішін анықтау;

- Суқойманың гидрохимиялық жағдайын бағалау;

- Суқойманың ихтиофауналық түрлік құрамын анықтау;

- Бағалы балық түрлерінен түрлік құрамын қалыптастыру;

- Суқойманы типтік деңгейі бойынша анықтау жұмыстарын жүргізу;

- Тауарлы мақсатта өсірілетін аналық өндіруші балықтардан зауыттық әдіспен ұрпақ алу және дернәсілдерін шабақтық сатыға дейін өсіру;

- Балықтарды тауарлы сатыға дейін өсірудің биотехникалық тиімді тәсілдерін анықтау;

- Көлде тауарлы балық өсірудің тиімді технологияларды қолдану бойынша ұсыныстар жасап шығару.

Ғылыми жаңалығы. Алғаш рет модельдік нұсқа ретінде Қазақстанның Оңтүстік-шығысындағы табиғи көлде тауарлы балық өсірудің биотехникалық әдістері жасалады.

Бүгінде дүние жүзінде, соның ішінде Қазақстанда табиғи су алабтарындағы балық қорының азайып, ал сапалы балық өніміне сұраныстың артуына байланысты тауарлы балық өсірудің үлесінің артуы заңды құбылыс.

Сондықтан да еліміздегі игерілмей жатқан көптеген кішігірім табиғи көлдердегі балық өнімінділігін арттыруға жол ашады.

Зерттеу жұмысының қорғауға шығарылған негізгі нәтижелері.

- Көл-тауарлы балық шаруашылығы саласындағы отандық және әлемдік зерттеулер мен статистикалық мәліметтерге әдебиеттік шолу жасау;

- Зерттелетін суқойманың географиялық орналасуын, морфомертиялық және гидрологиялық көрсеткішін анықтау;

- Суқойманың гидрохимиялық жағдайын бағалау;

- Суқойманың ихтиофауналық түрлік құрамын анықтау;

- Бағалы балық түрлерінен түрлік құрамын қалыптастыру;

- Суқойманы типтік деңгейі бойынша анықтау жұмыстарын жүргізу;

- Тауарлы мақсатта өсірілетін аналық өндіруші балықтардан зауыттық әдіспен ұрпақ алу және дернәсілдерін шабақтық сатыға дейін өсіру;

- Балықтарды тауарлы сатыға дейін өсірудің биотехникалық тиімді тәсілдерін анықтау;

- көлде тауарлы балық өсірудің тиімді технологияларды қолдану бойынша ұсыныстар жасап шығару.

Жұмыстың теориялық құндылығы. Ғылыми диссертациялық жұмыстың теориялық құндылығы еліміздегі игерілмей жатқан табиғи көлдерді зерттеп, оларды балық өнімділігін көбейту арқылы тауарлы балық шаруашылығы саласына бейімдеу болып табылады.

Алынған нәтижелердің тәжірбиелік маңызы және нәтижелердің іске асуы. Аталмыш ғылыми жұмыс тіркеу номері: №0118РК01242, бағдарлама атауы: "Қазақстанның өңірлік жағдайларын ескере отырып, аквакультураны тиімді дамыту үшін балық шаруашылығының озық технологиялары мен бағалы объектілерін бейімдеу және қолданыстағы әдістерді жетілдіру"» және осы бағдарламаның бірден бір жобасы «Қазақстанның әр түрлі аймақтарында көл-тауарлы балық өсіру шаруашылықтарын ғылыми тұрғыда ұйымдастыру» аясында жүргізілді. Сондай-ақ ғылыми диссертациялық жұмыс Ворошилов суқоймасында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмысының материалдары негізінде дайындалды.

Жұмыс жоспарына сәйкес гидрохимиялық және гидробиологиялық сынамалар іріктеліп, талданды, балық өсіру және өсірілетін балықтардың биологиялық көрсеткіштері бойынша материалдар жиналды. Оңтүстік-шығыс Қазақстан аймағы үшін жасалған көл-тауарлық балық өсірудегі модельдік суқоймаға биотехникалық әдістерді енгізу туралы акт жасалды.

Жұмыстың сыннан өтуі. Ғылыми диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының» ғылыми кеңесінде тыңдалып ашық қорғауға жіберілген. Сонымен қатар, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің», «Технология және биоресурстар» факультетінде PhD докторлық есебінде тыңдалып, жақсы деген бағамен бағаланған және де «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» кафедрасының мәжілісінде тыңдалып ашық қорғауға жіберілді.

Ізденушінің жеке қосқан үлесі. Осы ғылыми жұмыстың бірден-бір жаңалығы болып саналатын тыран балығынан зауыттық әдіспен ұрпақ алып және оны бағалы балық ретінде поликультурада өсіруде ізденушінің жеке үлесі маңызды болып табылды.

Диссертация нәтижелерінің апробациядан өтуі. Ғылыми диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының» ғылыми кеңесінде тыңдалып ашық қорғауға жіберілген. Сонымен қатар, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің», «Технология және биоресурстар» факультетінде PhD докторлық есебінде тыңдалып, жақсы деген бағамен бағаланған және де «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» кафедрасының мәжілісінде тыңдалып ашық қорғауға жіберілді.

Зерттеу жұмысының жариялануы. Ғылыми зерттеу жұмысының басты нәтижелері болып саналатын 12 жарияланды, оның ішінде 3 мақала - Қазақстан Республикасы, Білім және Ғылым министрлігі жанындағы білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда, 1 мақала Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналда, 5 мақала отандық және шетелдік халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференцияларда жарияланған.

Сонымен қатар, зерттеу жұмысының нәтижелері ретінде келесідей ғылыми еңбектер жарияланды:

  • «Ізденістер, нәтижелер» ғылыми-тәжірбиелік журналы, Алматы 2018, №03 (079) 41-45 беттер,
  • научной конференции «Результаты современных научных исследований и разработок (Тhe results of modern scientific research and development), 2019 ж. 68-86 беттер,
  • «Ғылым және білім» ғылыми-тәжірбиелік журналы, 2019. - №3 (56) . - 61-166 беттер.
  • научной конференции студентов и молодых ученых «Фараби Əлемі». Алматы, Казахстан, 6-9 апреля 2020 г. - Алматы: Қазақ университеті. - 2020. - 6 бет.
  • «Ғылым және білім» ғылыми-тәжірбиелік журналы, 2020. - №2-2 (59) . - 112-118 беттер
  • «Ізденістер, нәтижелер» ғылыми-тәжірбиелік журналы, Алматы 2018, №02 (86) 98-106 беттер
  • «Ғылым және білім» ғылыми-тәжірбиелік журналы, 2021. - №1(56) . - 61-166 беттер.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы және көлемі. Диссертациялық жұмыс келесі бөлімдерді қамтиды: кіріспе, зерттеу бағыты, зерттеу бағыты, зерттеу материалдары мен әдістемелері, негізгі бөлім, зерттеу нәтижелері, зерттеу нәтижелерін талқылау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер және қосымшалар. Диссертациялық жұмыс 140 беттен, 52 кестеден, 20 суреттен, 189 әдебиеттен және 2 қосымшадан тұрады.

ЗЕРТТЕУ БАҒЫТЫ

Кәсіптік аквамәдениеттің барлық бағыттарының ішінде көл балықтарын өсіру белгілі бір аймақтың табиғи жағдайымен тығыз байланысты. Көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы көптеген артықшылықтарға ие:

- мұндай шаруашылықтар көлдер мен су қоймаларындағы табиғи қоректік қордың, сәйкесінше балықтарға азық болуымен ерекшеленеді;

- аквамәдениеттің осы технологиясының (КТБШ) арқасында көлдердің және су қоймаларының санитарлық жағдайы жақсарады, олардың ішіндегі балық өнімділігі өте төмен көлдер мен су қоймаларына жаңа серпін беріледі;

- көлдегі басқа да балықтарды азықтандыру үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Жайылымдық балық өсірудің көптеген артықшылықтары бар, сондықтан ол біздің елде қарқынды дами береді деп сеніммен айтуға болады.

Жасанды жағдайда балық өсіру - бұл күрделі материалдық салымдар мен еңбек шығындарын қажет ететін бағыт. Көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы - бұл балық өсірудің бюджетке тиімді әдісі.

Қазақстанға елдің әр түрлі аймақтарында аквамәдениетті ұйымдастыру мен жүргізудің ерекшеліктерін анықтайтын көптеген табиғи-климаттық аймақтар кіреді.

Солтүстік Қазақстанда көлдер мен су қоймаларының ең ірі қоры бар, яғни бізге бұл аймақта тауарлы балық өсіруді дамыту үшін өте перспективалы деп санауға мүмкіндік береді. Осы аймақтарда көлдерде тауарлық балық өсіруді жүргізу тәжірибесі жинақталған, алайда біздің көлдеріміздің үлкен аумағы және осы аймақтың көпшілігінде тұрғындардың аздығы бізге жайылымдық балық өсірудің дамуын болжауға нақты мүмкіндікті бере қоймайды. Сарапшылардың пікірінше, Солтүстік Қазақстан облысында облыстың табиғи, климаттық және гидрологиялық жағдайлары ықпал ететін ақсаха балық түрлерін өсіру басымдыққа ие болуы мүмкін. Бұған көрші ел - Ресейдің тәжірибесі дәлел. Аймақта қол жетімді ірі мегаполистер жоғары аквакультура өнімдерін сату кезінде ешқандай проблема болмайды деп болжауға мүмкіндік береді.

Қазақстанның Шығыс аймағында көлдің жері деп те атауға болады. Бұл аймақта да көлдерді тауарлы балық өсірудің белгілі бір тәжірибесі жинақталған деп айтуға болады. Жайылымдық балық өсіруді дамытудың басым бағыты ретінде суық және жылы суда тіршілік ететін балық түрлерін өсіре отырып дамытуды болжауға мүмкіндік береді. Табиғи-климаттық жағдайлардың әртүрлілігі және балық аулау су қоймаларының әр түрлі болуы Шығыс Қазақстан облысында суару және ауылшаруашылық мақсаттары үшін көлдер мен су қоймаларында жайылымдық балық өсіруді дамытуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның Оңтүстігіндегі Қызылорда облысында көл балықтарын өсіру үшін оңтайлы табиғи-климаттық жағдайлар бар. Бұл аймақты көл балықтарын өсіруді дамыту үшін ең перспективалы деп санауға болады. Аймақта балықтардың жылы сулы түрлерін өсіру (сазан және өсімдікқоректі балықтар) экономикалық жағынан тиімді етеді.

Сарапшылардың пікірінше, ең көп тұрғындар қоныстанған аймақтардың бірден-бірі Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Алматы облысы көлдер мен су қоймаларының саны солтүстік аймақпен салыстырмалы түрде аз болып табылады. Осыған байланысты аквамәдениетті дамыту, тоған балығын өсіру және энергетикалық нысандарда жылытылатын суларды пайдаланатын өндірістік аквамәдениет сияқты бағыттар басым болып табылады. Жердің, судың жоғары бағалануы және бағалы балық өнімдеріне деген сұраныстың жабық сумен жабдықтау циклі бар өндірістік қондырғыларда деликатесті балықтардың түрлері мен тұқымдарын өсіруді болжауға мүмкіндік береді. Осы аймақтағы көлдерде балық өсіру, экономиканы басқа қызмет түрлерімен үйлестіре отырып, неғұрлым қарқынды әдістермен жүргізілуі керек.

Аквакультура дегеніміз тұщы және теңіз суларын пайдалана отырып балық пен басқа да су организмдерін қолдан өсіру және өндіру технологиясы. Балық өсіру ауылшаруашылығы мен балық шаруашылығының қосымша саласы болып табылады. Сондықтан мал шаруашылығындағы секілді, Аквакультурате де су организмдерін қолдан өсірудің екі әдісі бар, яғни жайылымдық және балықтарды белгілі бір көлемде ұстап бағу.

Жайылымдық аквакультура дегеніміз - балықты және басқа су организмдерін оларды арнайы қоректендірусіз, яғни табиғи тамақтану негізінде өсіру. Өз кезегінде, балық өсіретін жерде, теңіздегі жайылымдық аквакультура немесе марикультура және тұщы су аквакультурасы деп бөлінеді.

Балықтарды белгілі бір көлемде өсіру аквакультурасы дегеніміз балық өндірісінде торларда, бассейндерде немесе науаларда, тоғандарда немесе басқа су айдындарында балықтарды белгілі бір тығыздықта қолдан азықтандыру арқылы өсіру.

ТАУАРЛЫ БАЛЫҚ ӨСІРУ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балық қорын құқықтық қорғау
Қопа көлінің қазіргі экологиялық жағдайына сипаттама беру
Тоған шаруашылығы
Қазақстанның балық шаруашылығы
Шығыс жағалауы жазық құмды
Тауарлы балықтарды өсіру
Қапшағай су қоймасында мекендейтін тыран балығының биологиялық сипаттамасы және кәсіпшілік маңызы
Қазақстан суларынан кәсіптік мақсатта ауланатын балықтар және оларды қолдан өсіру
Күміс мөнке балығының таралуы
Мөңке балығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz