Электрондық оқулықтардың маңыздылығы


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

:
КІРІСПЕ: КІРІСПЕ
3: 3
: 1
КІРІСПЕ: ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТАР ТУРАЛЫ. . . . .
3: 6
: 1. 1
КІРІСПЕ: Электронды оқулықтардың негізгі түсініктері……. . . . .
3: 6
: 1. 2
КІРІСПЕ: Қашықтықтан оқыту жүйесін дамыту жолдары…. . . . .
3: 15
: 1. 3
КІРІСПЕ: Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары . . .
3: 20
: 1. 4
КІРІСПЕ: Компьютермен оқыту классификациясы және компьютрлік білім алудың түрлері. . . ……… . . .
3: 22
: 1. 5
КІРІСПЕ: Білім беру ұйымдарында қашықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесі және оқу материалдарына қойылатын дидактикалық шарттар мен оқыту тәсілдері ……. . . ……… . . .
3: 30
: 2
КІРІСПЕ: РАДИОТЕХНИКА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОТЕХНИКА КУРСЫНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҒЫН ЖАСАУ . . .
3: 39
: 2. 1
КІРІСПЕ: Радиотехника және электротехника жалпы курсы сұрақтары . ……… . . .
3: 39
: 2. 2
КІРІСПЕ: Электронды оқулықты құру кезінде қолданылған бағдарлама……… . . .
3: 42
: 2. 3
КІРІСПЕ: Қашықтықтан білім беруге арналған электронды оқулықты құру әдістемесі . . . ……… . . .
3: 50
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ. . . ……… . . .
3: 55
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . …… . . .
3: 60

КІРІСПЕ

Магистірлік диссертацияның өзектілігі. Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті ел ретінде даму стратегиясы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларында атап өтілгендей, қоғамымыздың басты міндеттерінің бірінің жүзеге асырылуы халықтың компьютерлік сауаттылығын қалыптастырумен байланысты.

Қоғамның ақпараттануы бүкіл дүние жүзінде шексіз ақпараттық кеңістік қалыптастыра отырып, өндірісті, білім беруді және адамдардың тұрмыс- тіршілігін түбегейлі өзгертуде. Бүгінде әлемнің 200-ден астам елі электрондық үкімет қалыптастырып отыр. Қазақстан Республикасында электрондық үкіметтің пайда болуы ашық құқықтық қоғамның, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы екі жақты қатынасты талап ететін интерактивті қызметтер көрсетудің тәжірибелік механизмі болып табылады.

Білім берудің кез келген саласында электронды оқулықтарды пайдалану студенттердің немесе оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлауын тереңдетуге шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды. Осы уақытқа дейін білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе тек оқулықты пайдалану заман талаптарына сай келмейді. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Бүгінгі таңда адамзат әртүрлі сферада жаңа ақпараттық технология кұралдарын қолданып, соның ішінде білім беру саласында көптеген өзекті маңыздылыққа қол жеткізуде. Отандық және шетелдік оқу процесіндегі компьютерлендіру туралы кез-келген басылымда, кез-келген пәнді оқытудың маңызды жақтарын қарастырған. Қазіргі қоғамда көріп отырғанымыздай ақпараттық технологияның дамуы, білім берудегі интеграциялық процесстің дамуы, ақпараттандырылған қоғамда қол жеткізілген нәтижесінің бірі болып білім беруде қашықтан (дистанциялық) оқыту формасының ортаға шығуы және оның дүниежүзіне жайылуын ортаға алып келіп отыр.

Еліміздің қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдайы оқу-ағарту жүйесінің алдына көпшілікті сапалы біліммен қаруландыруды икемді тұрғыда ұйымдастыру мәселесін алдыңғы шетке шығаруда. Ол қоғамның ақпараттандырылуы негізінде ең маңызды әрі ауқымды мәселе ретінде қашықтан оқытуды қолға алу арқылы шешіледі. Өйткені, Жоғары оқу орындарында арнайы білім алу мүмкіндігіне ие бола алмайтын кейбір ауыл тұрғындарына, спортпен шұғылданушыларға, вахталық жұмыс жасайтындарға, мүгедектер немесе үйден оқу мұқтаждықтағы адамдарға, пандемияға байланысты(Covid19), сондай-ақ біліктіліктерін арттырамын деушілер үшін оқытудың осы формасын қолдану тиімді болып табылады .

Қашықтан оқыту мәселесін зерттеумен көптеген ғалымдар мен мамандар, ғылыми зерттеу орталықтары айналысып, оны дамытуға, практикаға ендіруге өз үлестерін қосуда.

Жаңа ақпараттық технология арқылы білім беруде: ең жоғары университет және институттарға ғылыми жетістіктерді және тәжірибелі ұстаздардың білімін игеруге, жан-жақты білім алушылардың санын көбейтеді. Қазіргі таңда шетелдерде кез-келген тақырып бойынша мәліметтерді алу үшін Интернетті пайдалануда өте бай тәжірибеге қол жеткізген.

Қашықтықтан оқытудың жетістігі - оқытушының өзінің қатысуынсыз оқушылар назарын өзінен тыс қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты болады. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға шығарылған түрде қашықтықтан оқыту курсында электрондық түрде немесе электронды оқулық түрінде беріледі.

Электронды оқулық дегеніміз - мультимедиялық оқулық, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.

Бүгінгі күн мұғалімнің біліктілігін арттыpуды жалпы қоғамдық мәселе ретінде қарастыру қажеттігі туған кезең. Себебi білімді тереңдету, молайту, жетілдіру, арттыру жеке басы үшін ғана емес, қазiргі қоғамға қажет әрекет деп қабылдауымыз керек. Бұл мұғалімнің өз қызмeтінде табысқа жетуін ғана көздемейді, оның аясын одан әлдеқайда кeңірек қарастырған жөн.

Радиотехника және электротехника курсын электрондық оқулық арқылы қашықтықтан оқыту білімгерлер мен оқытушы үшін өте тиімді болып табылады. Курс қазіргі заман талабына сай оқыту жүйесіне негізделген. Электрондық оқулықпен қашықтықтан оқыту алдағы болашағымыздың нық қадамдардың бірі.

Магистірлік диссертацияның мақсаты: білімгерлерді қашықтықтан электрондық оқулық арқылы радиотехника және электротехника курсы бойынша оқыту, оқытудың мүмкiндіктерін айқындап, электрондық оқулық әзірлеу.

Магистірлік диссертацияның нысаны: радиотехника және электротехника курсын электрондық оқулық арқылы қашықтықтан оқыту үрдісі

Магистірлік диссертацияның пәні: қашықтықтан білім беру бойынша радиотехника және электротехника курсын білім сапасын арттыру мақсатында мүмкіндіктерін айқындау

Магистірлік диссертацияның болжамы: радиотехника және электротехника курсын электрондық оқу құралы арқылы оқыса, білімгерлердің қашықтықтан білім алу барысында біліктіліктері мен білімдері шыңдалып, пәнге деген қызығушылықтары артады және білім сапасы жоғарылайды. Егерде электрондық оқу құралын әр сабақта, сыныптан тыс жұмыстарда пайдаланса, интелектуалдық пәрменділігі артады.

Магистірлік диссертацияның міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының қашықтықтан оқыту бағдарламасы бойынша радиотехника курсына электрондық оқулықты жасау
  • Электрондық оқулықтың білім беру жүйесінде алатын орынын айқындау;
  • Электрондық оқулық арқылы білімгерлерге сапалы білім беру;
  • Қазақстан Республикасының қашықтықтан оқыту жүйесін дамыту;
  • Электрондық оқулықтың мүмкіндіктерін көрсету;
  • Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне педагогикалық инновация енгізу.

Магистірлік диссертацияның теориялық-әдіснамалық негіздері: радиотехника және электротехника курсын электрондық оқулық арқылы оқытудың мәні, мазмұны, қашықтықтан оқыту ұйымдастыру технологиялары, электрондық оқулық құрудың әдістемесі.

Магистірлік диссертацияның ғылыми жаңалығы:

  • Қазақстан Республикасының қашықтықтан оқыту бағдарламасы бойынша радиотехника курсына электрондық оқулығы жасалды
  • Электрондық оқулықтың білім беру жүйесінде алатын орыны айқындалды;
  • Электрондық оқулық арқылы білімгерлерге сапалы білім берілді;
  • Қазақстан Республикасының қашықтықтан оқыту жүйесі даматылды;
  • Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне педагогикалық инновация енгізілді.

Магистірлік диссертацияның практикалық маңыздылығы:

Зерттеу жұмысының нәтижелерін орта білімнен кейінгі білім алушыларға, жоғарғы оқу орындарының білімгерлеріне, радиотехника және электротехника пәнінен сабақ беретін мұғалімдеріне, білімді жоғарлату курстарының тыңдармандарына пайдалануға болады.

Магистірлік диссертацияның зерттеу әдістері: талдау, жинақтау, жалпылау, педагогикaлық, құрылымдық әдістерді теориялық тұрғыдан талдау, электрондық оқулықты қашықтықтан оқытуға дайындау

Магистірлік диссертацияның базасы: І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Магистірлік диссертацияның құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады

1 ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТАР ТУРАЛЫ

1. 1. Электронды оқулықтардың негізгі түсініктері

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсатының бірі «Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту». Қазіргі кезде жаһандық бәсекелестік тудыру үшін технологияларды кеңінен қолдануды енгізу керек. Соның негізгі бастамаларының бірі қашықтықтан электрондық оқулықтар арқылы оқыту.

Қай заманда да болмасын өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.

Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болуы керек. Бұл - өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болуы шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды, яғни этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. Ғаламдасуға байланысты интернет жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет. Осыған қарап, ХХІ ғасырда мұғалімге қойылатын талаптар зор екенін көреміз.

ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.

Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім - оқытушы, мұғалім - ұстаз, мұғалім - оқулық авторы, мұғалім - технолог, мұғалім - жаңалықты дәріптеуші, таратушы.

Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Жаңа ақпараттық технологияларға (ЖАТ) ғалымдар әр түрлі анықтама беріп отыр. Мысалы, Н. Макарова «ЖАТ - қысқаша компьютер негізіндегі технология» деп тұжырымдайды. М. И. Жильдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді. Ол «ЖАТ - адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы» дейді.

Біз жоғарыдағы анықтамаларды өз іс-тәжірибемізге қолдану бағытында оларды негізге ала отырып жұмыс істеп жатырмыз. Әсіресе ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісіне ерекше мән беріп отырамыз. Себебі әр түрлі зерттеулерге қарағанда дәстүрлі оқыту кезінде кез келген жақсы оқитын оқушы информатика заңдылықтарын тұжырымдайды, мысалдар келтіреді. Оқушылардың көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады. Бұл оқушылардың оқу материалын формальды жағынан да жақсы білетінін көрсетеді. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.

Электронды оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.

Компьютерлік оқыту үрдісінің құрылымдық сызбасын қарастырайық. (Сызба 1. )

I:\..\..\B52C~1\AppData\Local\Temp\FineReader10\media\image1.png

Сызба 1. Компьютерлік оқыту үрдісінің құрылымдық сызбасы

Оның құраушы элементтері мұғалім, оқушы, дидактикалық материалдар мен дербес компьютер (Сызба 1. ) . Осы элементтердің барлығы да бір-біріне өзара әсер ететін ақпараттар ағынымен байланысқан. Осы құрылымда алғашқы маңызды аспект ролін мұғалім мен оқушының компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуі, яғни олардың компьютермен және оның сыртқы құрылымдарымен жұмыс істей білу деңгейлері, компьютердің жалпы қызмет ету принциптерін түсінуі, осы жүйенің жалпы мүмкіндіктерін ұғынуы саналады.

Дәстүрлі оқыту меңгерудің 4 деңгейінің (репродуктивтік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) тек алғашқы екеуін ғана қамтиды, нәтижесінде материалдар жеткілікті дәреже меңгерілмейді, білімнің жүйелілігі, беріктілігі қалыптаспайды. Компьютердің көмегімен тақырыпты оқу, зерттеу негізінде меңгеруді эвристикалық және шығармашылық деңгейге жатқызуға болады. Оқушылар электронды оқулықтан оқығанын, көргенін елестете отырып тақырыпқа берілген тест сұрақтарын шешеді. Ал электронды оқулықта тест сұрақтары күрделенген тест және жеңілдетілген тест түрінде болады. Қорыта айтқанда, компьютерді сабақта қолдану барысында оқушылар:

  1. қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын терең түсінеді;
  2. оқушы жұмысты орындау барысында ғылыми зерттеу жұмысына тартылады, оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса бастайды.

Кез келген пән мұғалімін компьютерлік кабинетке тартып отырған не? Ең бірінші кезекте сабақты түрлендіру және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Компьютерлік сыныпта өткен сабақта үйреншікті тыныштық жоқ. Сабақ кезінде оқушылар проблемаларды талқылайды, сабақтың барысын қызығушылықпен бақылайды. Бұл кезде мұғалім - оқушы арақашықтығын ұстау болмайды.

Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарына тоқталайық(Кесте 1) :

Кесте 1. Электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтары.

Тиімді жақтары
Тиімсіз жақтары
Тиімді жақтары:
  • оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды;
  • оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады;
  • тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер, аудиохабарларды пайдаланады;
  • таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіндік бар;
  • сарамандық жұмыстар жылдам түсіндіріледі;
  • бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтарымен қамтамасыз етілген;
  • көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады;
  • мұғалімге әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады;
  • оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді;
  • зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады;
  • ҰБТ-ға даярлаудағы тиімділігі жоғары.
Тиімсіз жақтары:
  • психология-педагогикалық талаптардың жоқтығы;
  • пән аралық байланыстың аздығы;
  • көрнекілік материалдарда бірыңғай таңдау;
  • оқып үйренудегі мамандық бойынша бағыты ескерілмеген.
  • материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару;
  • оқушының жеке ерекшелігі, денсаулық жағдайы ескерілмеген;
  • берілген материалдағы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталмауы;
  • компьютердің графикалық мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі;
  • оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі, «тірі» қарым-қатынасқа түсе алмауы

Кесте 1 жалғасы

Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс жасауға болады:

  • компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану;
  • компьютерді пайдалану уақытын сақтау;
  • компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;
  • дәстүрлі және электронды оқытуды кірістіру арқылы жүргізу. Себебі электронды оқыту - оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т. б. бағдарламалар жиынтығы. Электронды оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:
  • кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;
  • жай оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды оқулықтардан қысқа уақытта табуға болады;
  • гипермәтінді түсіндірмелерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Кез келген пән бойынша ең бастысы электронды оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек.

Осыған байланысты электронды оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн:

  • белгілі бір пәнге байланысты дайындалған оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы;
  • электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі сарамандық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдарға анықтама, библиографиялық көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;
  • белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмау.

Түрлі сабақтарда электронды оқулықпен жұмыс нәтижелерін бағалау үшін түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар:

  • білім мониторингісі;
  • сауалнамалар;
  • түрліше тестілік бақылаулар;
  • жеке оқушылармен әңгіме, пікір алмасу т. б. ;
  • оқушыларды сырттай бақылау.

Электронды оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығын жоғарыда айттық. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алады.

Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электронды оқулықтарды информатика сабағында пайдалану - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу қажет деп ойлаймыз.

Электронды оқулықтың негізгі қасиеттері:

  • жинақтылық;
  • жүйелілік;
  • эстетикалық көркемділігі;
  • жылдамдылығы және т. б.

Электронды оқулықтың құрылымы:

  • материалдың мәтін, сурет, график, кескін, кесте және т. б. түрде баяндалуы. Ол оның дәстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді;
  • материалдың кескін түрінде баяндалуы - оқулық мазмұнының графиктік- мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі идеясын айқындайтын үзінділерін оқушының меңгеруіне ыңғайлы етіп, графиктік түрде бейнелеу;
  • өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.

Электронды оқулықтың құрылымдық элементтері:

  • сыртқы беті;
  • титулдық экран;
  • мазмұны;
  • аннотация;
  • оқу материалының толық баяндалуы;
  • оқу материалының қысқаша мазмұны;
  • қосымша әдебиеттер;
  • өзіндік білімді тексеру жүйесі;
  • өзіндік бақылау жүйесі;
  • мәтіндік үзінділерді іздеу функциясы;
  • авторлар тізімі;
  • терминдік сөздер;
  • оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық жүйе;
  • оқулықпен жұмысты басқару жүйесі.

Электронды оқулыққа қойылатын талаптар:

  • жан-жақтылығы;
  • ізгіліктілік;
  • бейімділігі;
  • модульдік;
  • экономикалық тиімділігі;
  • тұтынушыға бағдарлау.

Электронды оқулықты құрастыру алгоритмі:

  • оқу пәнінің мазмұндық көлемін бағалау;
  • үйренушінің білімділік, икемділік дағдыларын қалыптастыру;
  • оқу материалын өзіндік білім алу деңгейіне бөлу;
  • глоссарий дайындау;
  • лекциялар конспектісін дайындау;
  • тест материалын дайындау;
  • материалдарды электрондық түрде дайындау;
  • өзіндік және практикалық сабақтардың материалын дайындау.

Электронды оқулықтың құрамы:

  • аннотация;
  • пән туралы қысқаша ақпарат;
  • жұмыс бағдарламалары;
  • электрондық оқулықпен және оның бөліктерімен жұмыс жасау туралы әдістемелік нұсқаулар;
  • ұсынылатын білім беру бағдарламалары;
  • теориялық материалдар (лекция конспектілері) ;
  • теориялық материалдарға негізделген оқу құралы;
  • практикалық жұмыстарды орындауға негізделген әдістемелік құрал;
  • практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тізімі;
  • бақылау тапсырмалары;
  • лабораториялық жұмыстардың әдістемелік нұсқалары;
  • білімді бағалау критерийлерін айқындайтын тапсырмалар;
  • бақылау тестілерінің жинағы;
  • телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация

түрлері мен графигі;

  • глоссарий;
  • әдебиеттер тізімі және интернеттің ақпараттық ресурстарына сілтемелер;
  • озат мұғалімдердің жасақтаған қосымша авторлық материалдары;
  • үйренушінің жұмыс папкасы;
  • мұғалімнің жұмыс папкасы.

Электрондық оқулықтардың маңыздылығы

Бүгінгі таңда адамзат әртүрлі сферада жаңа ақпараттық технология кұралдарын қолданып, соның ішінде білім беру саласында көптеген өзекті маңыздылыққа қол жеткізуде. Отандық және шетелдік оқу процесіндегі компьютерлендіру туралы кез-келген басылымда, кез-келген пәнді оқытудың маңызды жақтарын қарастырған. Қазіргі қоғамда көріп отырғанымыздай ақпараттық технологияның дамуы, білім берудегі интеграциялық процесстің дамуы, ақпараттандырылған қоғамда қол жеткізілген нәтижесінің бірі болып білім беруде қашықтан (дистанциялық) оқыту формасының ортаға шығуы және оның дүниежүзіне жайылуын ортаға алып келіп отыр.

Жаңа ақпараттық технология арқылы білім беруде: ең жоғары университет және институттарға ғылыми жетістіктерді және тәжірибелі ұстаздардың білімін игеруге, жан-жақты білім алушылардың санын көбейтеді. Қазіргі таңда шетелдерде кез-келген тақырып бойынша мәліметтерді алу үшін Интернетті пайдалануда өте бай тәжірибеге қол жеткізген.

Білім беру мақсатындағы ақпаратты ресурстардың шарты белгілері мыналар:

  • Электронды (мулътимедиялыц) оқулық, қашықтан оқыту курсы;
  • Анықтама мәліметтері (сөздік, энциклопедия, карта, деректер

базасы) ;

  • Электронды кітапханалар: тексттік, графикалық, дыбыстық, және

бейне ақпараттары;

  • Виртуалдық мұражай, көрмелер және т. б. көрнекі материалдар;
  • Оқытушылар үшін методикалық мәліметтер.

Енді мультимедиа сөзіне тоқталсақ: мультимедиа ағылшын тілінде multimedia, латынша multum-көп және media, medium-жинақ құрал, яғни электрондық ақпаратты тасушы, құрамына бірнеше түрде текст, сурет, бейне, анимация және т. б. топтаушы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық оқулық ұғымы
Оқыту мен білім берудегі инновациялық технологиялардың қолдану мүмкіндіктері
Қазіргі кезеңдегі электрондық оқулық және оның өзіндік ерекшеліктері
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Электрондық оқулықтардың міндеттері
Электронды оқулықтар және бағдарламалар
Электрондық оқулыққа жүйелік талап
Бағдарламалау тілдері пәнінен жасалған электронды курсқа интерактивтілік кіргізу
Қазақ этнопедагогикасы пәнінің электронды оқулығын дайындау жайында
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz