Қашықтықтан оқыту жүйесін дамыту жолдары
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
1
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
6
1.1
Электронды оқулықтардың негізгі түсініктері ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
1.2
Қашықтықтан оқыту жүйесін дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ..
15
1.3
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары ... ... ... ... ... ...
21
1.4
Компьютермен оқыту классификациясы және компьютрлік білім алудың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
23
1.5
Білім беру ұйымдарында қашықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесі және оқу материалдарына қойылатын дидактикалық шарттар мен оқыту тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
30
2
РАДИОТЕХНИКА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОТЕХНИКА КУРСЫНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҒЫН ЖАСАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
39
2.1
Радиотехника және электротехника жалпы курсы сұрақтары ... ... ... ...
39
2.2
Электронды оқулықты құру кезінде қолданылған бағдарлама ... ... ... ..
43
2.3
Қашықтықтан білім беруге арналған электронды оқулықты құру әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
49
2.4
Қашықтықтан оқытуға арналған Радиотехника негіздері курсының электрондық оқу құралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
53
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
67
КІРІСПЕ
Магистірлік диссертацияның өзектілігі. Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті ел ретінде даму стратегиясы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларында атап өтілгендей, қоғамымыздың басты міндеттерінің бірінің жүзеге асырылуы халықтың компьютерлік сауаттылығын қалыптастырумен байланысты.
Қоғамның ақпараттануы бүкіл дүние жүзінде шексіз ақпараттық кеңістік қалыптастыра отырып, өндірісті, білім беруді және адамдардың тұрмыс- тіршілігін түбегейлі өзгертуде. Бүгінде әлемнің 200-ден астам елі электрондық үкімет қалыптастырып отыр. Қазақстан Республикасында электрондық үкіметтің пайда болуы ашық құқықтық қоғамның, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы екі жақты қатынасты талап ететін интерактивті қызметтер көрсетудің тәжірибелік механизмі болып табылады.
Білім берудің кез келген саласында электронды оқулықтарды пайдалану студенттердің немесе оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлауын тереңдетуге шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды. Осы уақытқа дейін білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе тек оқулықты пайдалану заман талаптарына сай келмейді. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Бүгінгі таңда адамзат әртүрлі сферада жаңа ақпараттық технология кұралдарын қолданып, соның ішінде білім беру саласында көптеген өзекті маңыздылыққа қол жеткізуде. Отандық және шетелдік оқу процесіндегі компьютерлендіру туралы кез-келген басылымда, кез-келген пәнді оқытудың маңызды жақтарын қарастырған. Қазіргі қоғамда көріп отырғанымыздай ақпараттық технологияның дамуы, білім берудегі интеграциялық процесстің дамуы, ақпараттандырылған қоғамда қол жеткізілген нәтижесінің бірі болып білім беруде қашықтан (дистанциялық) оқыту формасының ортаға шығуы және оның дүниежүзіне жайылуын ортаға алып келіп отыр.
Еліміздің қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдайы оқу-ағарту жүйесінің алдына көпшілікті сапалы біліммен қаруландыруды икемді тұрғыда ұйымдастыру мәселесін алдыңғы шетке шығаруда. Ол қоғамның ақпараттандырылуы негізінде ең маңызды әрі ауқымды мәселе ретінде қашықтан оқытуды қолға алу арқылы шешіледі. Өйткені, Жоғары оқу орындарында арнайы білім алу мүмкіндігіне ие бола алмайтын кейбір ауыл тұрғындарына, спортпен шұғылданушыларға, вахталық жұмыс жасайтындарға, мүгедектер немесе үйден оқу мұқтаждықтағы адамдарға, пандемияға байланысты(Covid19), сондай-ақ біліктіліктерін арттырамын деушілер үшін оқытудың осы формасын қолдану тиімді болып табылады .
Қашықтан оқыту мәселесін зерттеумен көптеген ғалымдар мен мамандар, ғылыми зерттеу орталықтары айналысып, оны дамытуға, практикаға ендіруге өз үлестерін қосуда.
Жаңа ақпараттық технология арқылы білім беруде: ең жоғары университет және институттарға ғылыми жетістіктерді және тәжірибелі ұстаздардың білімін игеруге, жан-жақты білім алушылардың санын көбейтеді. Қазіргі таңда шетелдерде кез-келген тақырып бойынша мәліметтерді алу үшін Интернетті пайдалануда өте бай тәжірибеге қол жеткізген.
Қашықтықтан оқытудың жетістігі - оқытушының өзінің қатысуынсыз оқушылар назарын өзінен тыс қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты болады. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға шығарылған түрде қашықтықтан оқыту курсында электрондық түрде немесе электронды оқулық түрінде беріледі.
Электронды оқулық дегеніміз - мультимедиялық оқулық, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.
Бүгінгі күн мұғалімнің біліктілігін арттыpуды жалпы қоғамдық мәселе ретінде қарастыру қажеттігі туған кезең. Себебi білімді тереңдету, молайту, жетілдіру, арттыру жеке басы үшін ғана емес, қазiргі қоғамға қажет әрекет деп қабылдауымыз керек. Бұл мұғалімнің өз қызмeтінде табысқа жетуін ғана көздемейді, оның аясын одан әлдеқайда кeңірек қарастырған жөн.
Радиотехника және электротехника курсын электрондық оқулық арқылы қашықтықтан оқыту білімгерлер мен оқытушы үшін өте тиімді болып табылады. Курс қазіргі заман талабына сай оқыту жүйесіне негізделген. Электрондық оқулықпен қашықтықтан оқыту алдағы болашағымыздың нық қадамдардың бірі.
Магистірлік диссертацияның мақсаты: білімгерлерді қашықтықтан электрондық оқулық арқылы радиотехника және электротехника курсы бойынша оқыту, оқытудың мүмкiндіктерін айқындап, электрондық оқулық әзірлеу.
Магистірлік диссертацияның нысаны: радиотехника және электротехника курсын электрондық оқулық арқылы қашықтықтан оқыту үрдісі
Магистірлік диссертацияның пәні: қашықтықтан білім беру бойынша радиотехника және электротехника курсын білім сапасын арттыру мақсатында мүмкіндіктерін айқындау
Магистірлік диссертацияның болжамы: радиотехника және электротехника курсын электрондық оқу құралы арқылы оқыса, білімгерлердің қашықтықтан білім алу барысында біліктіліктері мен білімдері шыңдалып, пәнге деген қызығушылықтары артады және білім сапасы жоғарылайды. Егерде электрондық оқу құралын әр сабақта, сыныптан тыс жұмыстарда пайдаланса, интелектуалдық пәрменділігі артады.
Магистірлік диссертацияның міндеттері:
oo Қазақстан Республикасының қашықтықтан оқыту бағдарламасы бойынша радиотехника курсына электрондық оқулықты жасау
oo Электрондық оқулықтың білім беру жүйесінде алатын орынын айқындау;
oo Электрондық оқулық арқылы білімгерлерге сапалы білім беру;
oo Қазақстан Республикасының қашықтықтан оқыту жүйесін дамыту;
oo Электрондық оқулықтың мүмкіндіктерін көрсету;
oo Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне педагогикалық инновация енгізу.
Магистірлік диссертацияның теориялық-әдіснамалық негіздері: радиотехника және электротехника курсын электрондық оқулық арқылы оқытудың мәні, мазмұны, қашықтықтан оқыту ұйымдастыру технологиялары, электрондық оқулық құрудың әдістемесі.
Магистірлік диссертацияның ғылыми жаңалығы:
oo Қазақстан Республикасының қашықтықтан оқыту бағдарламасы бойынша радиотехника курсына электрондық оқулығы жасалды
oo Электрондық оқулықтың білім беру жүйесінде алатын орыны айқындалды;
oo Электрондық оқулық арқылы білімгерлерге сапалы білім берілді;
oo Қазақстан Республикасының қашықтықтан оқыту жүйесі даматылды;
oo Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне педагогикалық инновация енгізілді.
Магистірлік диссертацияның практикалық маңыздылығы:
Зерттеу жұмысының нәтижелерін орта білімнен кейінгі білім алушыларға, жоғарғы оқу орындарының білімгерлеріне, радиотехника және электротехника пәнінен сабақ беретін мұғалімдеріне, білімді жоғарлату курстарының тыңдармандарына пайдалануға болады.
Магистірлік диссертацияның зерттеу әдістері: талдау, жинақтау, жалпылау, педагогикaлық, құрылымдық әдістерді теориялық тұрғыдан талдау, электрондық оқулықты қашықтықтан оқытуға дайындау
Магистірлік диссертацияның базасы: І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
Магистірлік диссертацияның құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады
1 ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТАР ТУРАЛЫ
1.1 Электронды оқулықтардың негізгі түсініктері
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі деп атап көрсетті.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсатының бірі Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту. Қазіргі кезде жаһандық бәсекелестік тудыру үшін технологияларды кеңінен қолдануды енгізу керек. Соның негізгі бастамаларының бірі қашықтықтан электрондық оқулықтар арқылы оқыту.
Қай заманда да болмасын өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.
Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болуы керек. Бұл - өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болуы шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды, яғни этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. Ғаламдасуға байланысты интернет жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет. Осыған қарап, ХХІ ғасырда мұғалімге қойылатын талаптар зор екенін көреміз.
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.
Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім - оқытушы, мұғалім - ұстаз, мұғалім - оқулық авторы, мұғалім - технолог, мұғалім - жаңалықты дәріптеуші, таратушы.
Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Жаңа ақпараттық технологияларға (ЖАТ) ғалымдар әр түрлі анықтама беріп отыр. Мысалы, Н.Макарова ЖАТ - қысқаша компьютер негізіндегі технология деп тұжырымдайды. М.И.Жильдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді. Ол ЖАТ - адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы дейді.
Біз жоғарыдағы анықтамаларды өз іс-тәжірибемізге қолдану бағытында оларды негізге ала отырып жұмыс істеп жатырмыз. Әсіресе ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісіне ерекше мән беріп отырамыз. Себебі әр түрлі зерттеулерге қарағанда дәстүрлі оқыту кезінде кез келген жақсы оқитын оқушы информатика заңдылықтарын тұжырымдайды, мысалдар келтіреді. Оқушылардың көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады. Бұл оқушылардың оқу материалын формальды жағынан да жақсы білетінін көрсетеді. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.
Электронды оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.
Компьютерлік оқыту үрдісінің құрылымдық сызбасын қарастырайық.(Сызба 1.)
Сызба 1. Компьютерлік оқыту үрдісінің құрылымдық сызбасы
Оның құраушы элементтері мұғалім, оқушы, дидактикалық материалдар мен дербес компьютер. Осы элементтердің барлығы да бір-біріне өзара әсер ететін ақпараттар ағынымен байланысқан. Осы құрылымда алғашқы маңызды аспект ролін мұғалім мен оқушының компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуі, яғни олардың компьютермен және оның сыртқы құрылымдарымен жұмыс істей білу деңгейлері, компьютердің жалпы қызмет ету принциптерін түсінуі, осы жүйенің жалпы мүмкіндіктерін ұғынуы саналады.
Дәстүрлі оқыту меңгерудің 4 деңгейінің (репродуктивтік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) тек алғашқы екеуін ғана қамтиды, нәтижесінде материалдар жеткілікті дәреже меңгерілмейді, білімнің жүйелілігі, беріктілігі қалыптаспайды. Компьютердің көмегімен тақырыпты оқу, зерттеу негізінде меңгеруді эвристикалық және шығармашылық деңгейге жатқызуға болады. Оқушылар электронды оқулықтан оқығанын, көргенін елестете отырып тақырыпқа берілген тест сұрақтарын шешеді. Ал электронды оқулықта тест сұрақтары күрделенген тест және жеңілдетілген тест түрінде болады. Қорыта айтқанда, компьютерді сабақта қолдану барысында оқушылар:
қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын терең түсінеді;
оқушы жұмысты орындау барысында ғылыми зерттеу жұмысына тартылады, оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса бастайды.
Кез келген пән мұғалімін компьютерлік кабинетке тартып отырған не? Ең бірінші кезекте сабақты түрлендіру және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Компьютерлік сыныпта өткен сабақта үйреншікті тыныштық жоқ. Сабақ кезінде оқушылар проблемаларды талқылайды, сабақтың барысын қызығушылықпен бақылайды. Бұл кезде мұғалім - оқушы арақашықтығын ұстау болмайды. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар электрондық компьютерлермен жұмыс істеуге, компьютерді білім беруде қолдануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақталарды пайдалануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделген. Ақпараттық және әдістемелік материалдар коммуникация құралдарын қолдану арқылы білім беруді жетілдіруге бағытталған. Компьютерлік сыныптарда электрондық оқулық арқылы білімгерлер еркін сабақ өте береді, оқушылар мен мұғалім қашықтықтан байланыса отырып, тапсырмалар мен қателіктермен жұмыс жасау жеңілдей түседі. Пән мұғалімдерінің өз пәнін оқытуда оқу материалын құрғақ түрде ұсынуы, оқулықты пайдалану қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмейді. Сонымен, қазіргі ақпараттық қоғамда қызықты және әсерлі етіп, сонымен қатар визуалды түсіндіру үшін жасалған электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Электрондық оқулықтарды білім берудің кез-келген саласында қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін, шығармашылықпен жұмыс жасауды қалыптастырады.
Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарына тоқталайық(Кесте 1):
Кесте 1.
Электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтары.
Тиімді жақтары
Тиімсіз жақтары
оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды;
оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады;
тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер, аудиохабарларды пайдаланады;
таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіндік бар;
сарамандық жұмыстар жылдам түсіндіріледі;
бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтарымен қамтамасыз етілген;
көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады;
мұғалімге әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады;
оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді;
зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады;
ҰБТ-ға даярлаудағы тиімділігі жоғары.
психология-педагогикалық талаптардың жоқтығы;
пән аралық байланыстың аздығы;
көрнекілік материалдарда бірыңғай таңдау;
оқып үйренудегі мамандық бойынша бағыты ескерілмеген.
материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару;
оқушының жеке ерекшелігі, денсаулық жағдайы ескерілмеген;
берілген материалдағы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталмауы;
компьютердің графикалық мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі;
оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі, тірі қарым-қатынасқа түсе алмауы
Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс жасауға болады:
компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану;
компьютерді пайдалану уақытын сақтау;
компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;
дәстүрлі және электронды оқытуды кірістіру арқылы жүргізу. Себебі электронды оқыту - оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалар жиынтығы. Электронды оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:
кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;
жай оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды оқулықтардан қысқа уақытта табуға болады;
гипермәтінді түсіндірмелерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Кез келген пән бойынша ең бастысы электронды оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек.
Осыған байланысты электронды оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн:
белгілі бір пәнге байланысты дайындалған оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы;
электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі сарамандық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдарға анықтама, библиографиялық көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;
белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмау.
Түрлі сабақтарда электронды оқулықпен жұмыс нәтижелерін бағалау үшін түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар:
білім мониторингісі;
сауалнамалар;
түрліше тестілік бақылаулар;
жеке оқушылармен әңгіме, пікір алмасу т.б.;
оқушыларды сырттай бақылау.
Электронды оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығын жоғарыда айттық. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алады.
Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электронды оқулықтарды барлық пән сабақтарында пайдалану - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Соған байланысты мен радиотехника курсына арнап электрондық оқулық жасадым. Ой өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу қажет деп ойлаймыз.
Электронды оқулықтың негізгі қасиеттері:
жинақтылық;
жүйелілік;
эстетикалық көркемділігі;
жылдамдылығы және т.б.
Электронды оқулықтың құрылымы:
материалдың мәтін, сурет, график, кескін, кесте және т.б. түрде баяндалуы. Ол оның дәстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді;
материалдың кескін түрінде баяндалуы - оқулық мазмұнының графиктік- мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі идеясын айқындайтын үзінділерін оқушының меңгеруіне ыңғайлы етіп, графиктік түрде бейнелеу;
өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.
Электронды оқулықтың құрылымдық элементтері:
сыртқы беті;
титулдық экран;
мазмұны;
аннотация;
оқу материалының толық баяндалуы;
оқу материалының қысқаша мазмұны;
қосымша әдебиеттер;
өзіндік білімді тексеру жүйесі;
өзіндік бақылау жүйесі;
мәтіндік үзінділерді іздеу функциясы;
авторлар тізімі;
терминдік сөздер;
оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық жүйе;
оқулықпен жұмысты басқару жүйесі.
Электронды оқулыққа қойылатын талаптар:
жан-жақтылығы;
ізгіліктілік;
бейімділігі;
модульдік;
экономикалық тиімділігі;
тұтынушыға бағдарлау.
Электронды оқулықты құрастыру алгоритмі:
оқу пәнінің мазмұндық көлемін бағалау;
үйренушінің білімділік, икемділік дағдыларын қалыптастыру;
оқу материалын өзіндік білім алу деңгейіне бөлу;
глоссарий дайындау;
лекциялар конспектісін дайындау;
тест материалын дайындау;
материалдарды электрондық түрде дайындау;
өзіндік және практикалық сабақтардың материалын дайындау.
Электронды оқулықтың құрамы:
аннотация;
пән туралы қысқаша ақпарат;
жұмыс бағдарламалары;
электрондық оқулықпен және оның бөліктерімен жұмыс жасау туралы әдістемелік нұсқаулар;
ұсынылатын білім беру бағдарламалары;
теориялық материалдар (лекция конспектілері);
теориялық материалдарға негізделген оқу құралы;
практикалық жұмыстарды орындауға негізделген әдістемелік құрал;
практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тізімі;
бақылау тапсырмалары;
лабораториялық жұмыстардың әдістемелік нұсқалары;
білімді бағалау критерийлерін айқындайтын тапсырмалар;
бақылау тестілерінің жинағы;
телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация
түрлері мен графигі;
глоссарий;
әдебиеттер тізімі және интернеттің ақпараттық ресурстарына сілтемелер;
озат мұғалімдердің жасақтаған қосымша авторлық материалдары;
үйренушінің жұмыс папкасы;
мұғалімнің жұмыс папкасы.
Электрондық оқулықтардың маңыздылығы

Білім беру мақсатындағы ақпаратты ресурстардың шарты белгілері мыналар:
Электронды (мулътимедиялық) оқулық, қашықтан оқыту курсы;
Анықтама мәліметтері (сөздік, энциклопедия, карта, деректер
базасы);
Электронды кітапханалар: тексттік, графикалық, дыбыстық, және
бейне ақпараттары;
Виртуалдық мұражай, көрмелер және т. б. көрнекі материалдар;
Оқытушылар үшін методикалық мәліметтер.
Енді мультимедиа сөзіне тоқталсақ: мультимедиа ағылшын тілінде multimedia, латынша multum - көп және media, medium - жинақ құрал, яғни электрондық ақпаратты тасушы, құрамына бірнеше түрде текст, сурет, бейне, анимация және т. б. топтаушы.
Мультимедиа біздің түсінігіміз бойынша мыналарды білдіреді: компьютер технологиясы, ақпаратты ұсынуды қолдану тек қана текст емес, сонымен бірге графика, түс, дыбыс, анимация, бейне көріністер. Яғни мультимедиалық оқулық - компьютерлік мультимедиа технологиясын пайдалану арқылы берілетін дыбыс, графика, анимация және тағы басқа. Бұл анықтама оқыту бағдарламасы және электронды оқулық терминдерімен қарама- қарсылық тудырмайды. Бірақ электрондық оқулық мультимедиалық болмауы да мүмкін (бұл дегеніміз оқулық тек қана текстік тұрғыда болса).
Мультимедиялық оқулықтардың көпшілігі гипертексттік технологиясын қолдану арқылы ұйымдасқан (технология, тексттік массивте берілген тақырыпты іздеуді қамтамасыз етеді. Мұндағы іздеу текстердегі арнайы көрсеткіштер (гипертекстік сілтеме) құжаттағы сөз немесе сөйлем болып, оқушының таңдауымен басқа құжатқа өтіп оны экран бетіне шығару).
Мұндай гипертексті қолдану арқылы жасалған мультимедиалық оқулықтың дәстүрлі қағаз бетіндегі оқулыққа қарағанда артықшылығы басым болады.
Мулътимедиалық мүмкіншіліктерді қолдану: музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация, графикалық қойылым, бейне клиптер, слайд-шоу және тағы басқа.
Гиперсілтемелердің тармақталу құрылымы (анықтама, термин, атау, түсіндіру). Гиперсілтемелер түсіндірмелер алу, анықтамалар, оқу мәліметтеріне қосымша ақпараттар, сонымен бірге тез арада негізгі текстке қайтуға мүмкіндік береді.
Бұл жүйенің басқару құрылымы - оқытушы (өз ойын, көзқарасын), өз кезегінде материалдың ұсыныуын, әртүрлі аудиторияға бір ғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алады немесе анықтамалық жүйе ретінде де пайдалана алады.
Бұл жүйенің білімді бақылауымен тез арада нәтиже алуы, орындалған жаттығулардың бағалануы.
Сонымен қатар гипертекстік протокол (әдіс, компьютерлер арасындағы деректердің алмасуы) www стандарты арқылы (әлемдік тор) бұл оқулық жеңіл ғана глобалдық ақпараттық желіге (интернетке) және кеңінен қолданушылар тобына берілуі мүмкін.
Бүгінгі таңдағы жаратылыстану консепциясының тәртібі бойынша электрондық оқулықтардың компьютерлік әдістік нұсқауының негізгі бағыты бойынша 2-ге бөлінеді:
Интернет технология. Гипертекстік құжат болып есептелетін Интернет-технологиясы құрамының оқулығы болуымен қатар ол желімен НТМL немесе JAVA тілінің көмегімен таралады. (Интернет немесе интранет).
CSS-технология. Ал CSS-технологияның қолдануымен оқулық жеке бағдарлама ретінде және қарапайым бағдарламалау тілдерінде жазылады.
Оқулықтың тұтынушыға жеткізілуі.
Қолданушыға қандайда болмасын технологиямен дайындалған мультимедиалық оқулық жеткізілуі тиіс. Оқулықты дайындау технологиясы таңдалуымен қатар оның тұтынушыға жеткізілуі де үлкен роль ойнайды. Егер дайын болған оқулық авторы глобалдық желіге арқа сүйей алмаса, яғни оның белгілі ақпараттың ресурстары интернет желісіне жалғана алмаса, және де оқулықтың өзі ойға қонымды белгілі мегабайт көлемінде болса, онда оқулықтың тұтынушыға жеткізілуін лазерлі компакт дискілермен мүмкін болар еді. Егер де оқулықтың сілтемелер жүйесі білім беру сайтына орналасқан болып, ол мұражайда экскурсия жүргізуші секілді болса, онда мұндай оқулықтың нақты орны интернет болар еді. Жоғарыда айтып өткеніміз бойынша мультимедиалық оқулықтарды тұтынушы қолына жеткізілуі тиіс болды делік және бұл оқулық құралының өзінің пайдаланушысына жетер жолдың 3 түрі бар болады.
Оқулықтың жеткізілу жолдары:
CD (лазерлі диск)
Интернет сайтында
СD және оның Интернет сайтына да байланысы болу.
Қазіргі кезде заман талабына сай түрлі оқулықтар пайда болып, оларды тәжірибеде қолданылып жатыр десек артық айтпаған болар едік. Сонымен оқытушылар мен студенттер электрондық (мультимедиалық) оқулықтарға деген өздерінің ойларын түйіп, оң көзқарастар қалыптастыруда. Оқулықтардың түрлі тиімділігін пайдаланып, бұл күндері сапалы білім беруге деген құлшыныс жоғарылауда. Осылайша электрондық оқулықтарға деген түсініктерді төмендегіше тұжырымдауға болады:
Көрнекілік материалдардың ұсынылуы (мультимедиалық технология құжаттағы гиперсілтемелер, түсі, дыбыс, бейне т.б.)
Жылдам әрі тез арада қайта байланыс (құрылған тест тапсырмаларымен сол материалды қалай қабылдағанын бақылау).
Әрдайым оқулықтың жаңа деректердің шығуымен толықтырылуы (электронды оқулық бір жерде топтастырылады, оған көптеген адамдар қолданса болады. Егер бір файлды жаңартып немесе қосымша қосылса, онда жаңартылып толықтырылған оқулыққа рұқсаты бар барлық адамдар әп сәтте-ақ сол жаңартылған оқулықтарға қол жеткізіп отырады).
Мультимедиалық оқулықтың мүмкіншілігі:
тез арада қайта байланыс орнату;
қажетті ақпаратты табу;
текст қысқа әрі нұсқалы болса да, оны көрсетіп, айқындау;
схемалар, моделдеу;
анимациялармен безендіру және т.б.
Мультимедиялық оқулыққа қойылатын талаптар:
Курс бойынша ақпарат құрылымы өте жақсы болуы керек.
Текстік ақпарат бейне-лекциямен үндесуі керек.
Мультимедиялық оқулыққа көптерезелі интерфейс қолданылып, әр терезеде ақпараттар бір-біріне сілтемелермен байланыста болуы қажет.
Жай көріністе қиынға түсетін бөлімдер бейнекөріністер мен анимация арқылы толықтырылуы керек.
Яғни, жоғарыда айтылған сөздерге қарай отырып электрондық оқулықтар дайындау үшін мультимедианың барлық мүмкіндігін пайдалану қажет:
слайд-шоу;
мульти-анимация;
дыбыстық бейне фильмдер.
Мультимедианың негізгі ерекшелігі жаңа оқулық материалын тек қана көрумен ғана емес, сонымен бірге текстке, түске, статикалық бейне немесе көрініске, бейнефильмге және анимацияға, дыбысқа мән бере отырып материалдың жан-жақтылығы мен сапасын жоғарылатады. Осылайша электрондық оқулықтарға сипаттама беріледі.
1.2 Қашықтан оқыту жүйесін дамыту жолдары
Еліміздің қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдайы оқу-ағарту жүйесінің алдына көпшілікті сапалы біліммен қаруландыруды икемді тұрғыда ұйымдастыру мәселесін алдыңғы шетке шығаруда. Ол қоғамның ақпараттандырылуы негізінде ең маңызды әрі ауқымды мәселе ретінде қашықтан оқытуды қолға алу арқылы шешіледі. Өйткені, Жоғары оқу орындарында (ЖОО) арнайы білім алу мүмкіндігіне ие бола алмайтын кейбір ауыл тұрғындарына, спортпен шұғылданушыларға, вахталық жұмыс жасайтындарға, мүгедектер немесе үйден оқу мұқтаждықтағы адамдарға, пандемияға байланысты(Covid19), сондай-ақ біліктіліктерін арттырамын деушілер үшін оқытудың осы формасын қолдану тиімді болып табылады .

Зерттеулердің көптігіне қарамастан, қашықтан оқыту жүйесін дамыту қажеттілігі келесі аспектілерден байқалады:
нарық заманына сай жоғары оқу орнында білім алуды ашық, үздіксіз түрде ұйымдастыру, яғни қашықтан оқыту түрін жоғары оқу орнында міндетті түрде енгізу қажеттілігі;
қашықтан оқыту жүйесінің теориялық - әдіснамалық негізіне сүйенген қашықтан оқытуды жүзеге асыруға қажет бағдарламалық - әдістемелік қамтамасыздықтың жеткіліксіздігі;
қашықтан оқытуды икемді тұрғыда ұйымдастыру, яғни студентке жеке дара оқу бағдарламасын, оқу мерзімін таңдау мүмкіндігін беру;
студенттің танымдық іс-әрекеттерін қашықтан оқыту жүйесіне сай ұйымдастыру жолдары мен әдістерін көрсету және т.б.
Қашықтан оқыту - ақпараттық, компьютерлік телекоммуникациялық құралдар көмегімен ғылыми тұрғыда негізделген тәсілдер арқылы білім беру түрі.
Елімізде қашықтан оқытуды дамыту үшін білім саласын басқару жүйесінің ақпараттық инфоқұрылымын жасау ұсынылған. Ол құрылымның телекоммуникациялық жобасы республикалық білім беру саласының ақпараттық ғылыми-әдістемелік орталығының, 17 облыстық, 210 аймақтық және қалалық ақпарат орталықтарының ашылуына алып келді. Жалпы орта білім беретін мектептерді ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасына (2011-2020 жж.) сәйкес Республикалық білім беруді ақпараттандыру орталықтарының көмегімен орта мектептер компьютерлермен толық жабдықталып, олар бүгінгі таңда толығымен дерлік Интернет желісіне қосылды. Қазіргі таңда Қазақстанда 6 400 астам елді мекенде 18,8 млн халық тұрады, соның 17,5 млн адам бүгінде интернетпен қамтылған.
Қазақстан республикасының білім жүйесіне қатысты қабылданған бірнеше нормативті құқықтық құжаттар осы саладағы жұмыстың актуальды екендігін дәлелдейді. Ол құжаттарға Қазақстан республикасының конститутциясы, білім туралы заңы, республикамыздың 2050 жылдарға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары, Қазақстан республикасы Өкіметінің 2020-2025 жж. арналған бағдарламасы, Білім жүйесінің 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамалары (12-жылдық білім беруді енгізу, кредиттік оқыту жүйесіне өту, т.б.). Бұдан басқа да білім беру жүйесінің барлық деңгейіндегі түбегейлі өзгерістер оның реформалануының, ақпараттандырылуының дәлелі.
Білім беру процесі 5 элементтен: оқытудың мақсаты, мазмұны, оқыту әдістері, оқыту құралдары мен түрлерінен тұратын біртұтас педагогикалық жүйе түрінде қарастырылатыны белгілі. Қашықтан оқыту жүйесінде келтірілген элементтерге оқу-материалдық, идентификациялық-бақылау, нормативті-құқықтық, қаржылық-экономикалық және маркетингтік түріндегі ішкі жүйелер қосылды.
Оқушы қашықтан оқыту жүйесінде көбіне тыңдаушы делінеді. Жоғары оқу сатысындағы оқу уақытының бір бөлігінде тапсырмаларды өз компьютерлерінде, ноутбуктерінде, смартфондарында үйінде немесе ол болмаған жағдайда мектептің медиатекасында өздеріне ыңғайлы уақытта орындайтын болса, бұл олардың жұмысын едәуір жеңілдетеді. Оқушы қажет кезде пошталық қызметпен кеңестер алып, тапсырманың орындалуын желі арқылы жібере алады. Олар мектепке, өз топтарына лекцияларға, семинарларға, зертханалық және практикалық жұмыстарға, топтық жоба бойынша жұмыстың барысын талқылау үшін келетін болады, мұндай жағдайда қашықтан оқыту орталықтарындағы сабақтар кестесінде 2-3 пән ғана тұруы мүмкін.
Қашықтан оқытудағы оқытушының алатын орны ерекше. Оқытушыны қашықтан оқыту жүйесінде тьютор деп атау қалыптасқан. Тьютордың негізгі қызметі тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарын басқару, яғни пәнге деген қызығушылықты ояту; тыңдаушы алдына қол жеткізілетін мақсат пен шешілуі тиіс мәселені қоя білу; өз білімі мен тәжірибесін бере білу; ұйымдастырушылық іс-әрекеттерді орындау; тыңдаушылар арасындағы әрекеттестікті ұйымдастыру; оқыту процесін қадағалау функцияларын орындау болып табылады.
Қашықтан оқитын оқушының алған білімдері оның ішкі жан дүниесі мен ақыл-ойының дамуына, жеке басының өсуіне алып келеді. Сондықтан оқушылардың алған білімдерін, қорытынды нәтижелерді сырттан бақылау жүйесі олардың жеке басының білімінің өсуін үздіксіз диагностикалауды жүзеге асыру қажет.
Қазақстандағы қашықтан білім беру жүйесінің мақсаттары ЮНЕСКО - ның әлемдік қауымдастықтың алдына қойған ғаламдық мақсаттарымен сәйкес айқындалады. Олар:
жекеленген, икемді бағдарламалар бойынша оқу мүмкіндіктерін берудің есебінен білім алушылардың сапалық тұрғыда жаңа академиялық ұтқырлығын қамтамасыз етуге жағдай жасау;
отандық білім берудің дәстүрлеріне, әлемдік озық педагогикалық тәжірибе мен ақпараттық технологияларды пайдалануға негізделген кешенді білім беру бағдарламасының есебінен білім берудің жоғары сапасы мен стандарттарын сақтай отырып, дамыту;
Қазақстан жоғары мектептерінің білім қорларын жинақтауға, сақтауға және көбейтуге, телекоммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оларды өзгерту, жаңалау және тарату;
Қазақстанды әлемдік білім беру кеңістігінде орнықтыру;
дене кемістіктері бар немесе білім беру процесінің дәстүрлі нысандарының шеңберінде оқуға мүмкіндігі жоқ адамдардың білім алуына мүмкіндік жасау;
жоғары оқу орындарының Қазақстан территориясында біркелкі орналаспауына байланысты туындайтын әлеуметтік проблемаларды шеше отырып, азаматтарға тұрғылықты жерінде тұрып, өндірістен қол үзбей білім алу мүмкіндігін беру;
білім беру қызметін экспорттау есебінен дамыту;
экономиканың басым салаларын білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін мамандарды кең көлемде, әрі сапалы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік біліктіліктерін арттыруды жүзеге асыру.
Оқытудың мазмұнын әлеуметтік сұраныстың педагогикалық моделі түрінде анықтауға болады. Оқыту процесі, әдістері мен ұйымдастыру түрлері оқыту мазмұнына тәуелді. Қашықтан оқытудың мазмұнын сұрыптау қағидалары мен ұсыныстар бірнеше еңбектерде келтірілген.
И.Я.Лернер оқытудың жалпы дидактикалық әдістерінің бес түрін: проблемалық; эвристикалық; ақпаратты-рецептивті; репродуктивті; шығармашылық деп көрсетті. Біз қашықтан оқыту жүйесінде ақпараттық технологиялар қолданылған кез-келген тәсіл И.Я.Лернер анықтаған бес әдістің бірінің құрамына кіретінін байқадық және оқыту тәсілдерінің ішінен қашықтан оқыту жүйесінде жиі қолданылатын түрлері: демонстрация, иллюстрация, түсіндіру, әңгімелеу, тапсырмаларды орындау, есептер шығару, жазба жұмыстары, қайталау.
Қашықтан оқыту жүйесінде негізінен келесі оқыту құралдары қолданылады:
кітаптар (дәстүрлі және электронды нұсқадағы);
желілік оқу материалдары;
компьютерлік оқыту жүйелерінің қарапайым және мультимедиялық нұсқалары;
аудио оқу-ақпараттық материалдары;
видео оқу-ақпараттық материалдары;
қашықтағы лабораториялық практикумдар;
тренажерлар;
берілгендер және білім қорлары;
электронды кітапханалар;
эксперттік оқыту жүйелері негізіндегі дидактикалық материалдар;
геоақпараттық жүйелер негізіндегі дидактикалық материалдар.
Қашықтан оқыту процесінің ақпараттық - техникалық жабдықталуы
маңызды мәселенің бірі. Ол техникалық тұрғыда негізінен телекоммуникациялық технологиялар көмегімен шешілсе, бағдарламалық тұрғыда веб-сайттар мен электронды оқулықтардың болуын талап етеді.
Оқытудың әдістемелері және құралдары дидактикалық процестің негізгі қозғаушы күші. Олар, егер де бұл процес үшін материалдық- техникалық база болса, ал оқытушыға оқытуды ұйымдастыру жағынан, демек сабақ түрлерін анықтауда таңдау құқығын берсе, оқытуда көздеген мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге болады.
Қашықтан оқытуда білім беру процесі үздіксіз байланыстағы түрде және үздіксіз емес байланыста ұйымдастырыла береді. Байланыстағы қашықтан оқытуда байланысу уақыттары мен ұзақтығы әртүрлі болады. Кейбір сәттерде оқыту процесі кезінде байланысу тіпті аз болуы мүмкін.
Педогогикада лекция, семинар, лабораториялық сабақ, бақылау жұмысы, сынақ, емтихан, кеңес беру, өзіндік жұмыс және т.б. белгілі оқыту түрлері қалыптасқан. Қашықтан оқыту жүйелерінде олар үздіксіз байланыстағы және үздіксіз емес байланыстағы оқыту орталықтарында орындалады.
Қашықтан оқытудың ұйымдастыру-әдістемелік негізіне келсек, оның көпдеңгейлілігін техникалық жағынан да, әкімшілік ұйымдастыру бағытынан да көруге болады.
Маркетингтік ішкі жүйеге тоқталайық. Маркетинг - нарықтық қатынастағы кәсіпкердің стратегиясы мен тактикасы ретінде белгілі. Оқыту процесіндегі маркетингті білім беру қызметі, мемлекет қана емес, тапсырыс беруші мен тұтынушы да анықтайды. Қашықтан оқытудағы маркетингтік ішкі жүйе өндірістік мекемеге тән дәстүрлі маркетингтік функциялардың бәрін орындайды. Мысалы, өндірісті және сұранысқа сай өнімді өткізуді басқару жүйесінің функциялары. Бұл ішкі жүйедегі тауар - білім беру қызметі. Әрине, мұнда мемлекеттік стандарт талаптарына сай оқыту және нормативтік құжаттар дұрыс жолға қойылуы тиіс. Қашықтан оқытуға маркетингті қолдану біріншіден үлкен сұранысқа ие қызмет түрін көрсету үшін, екіншіден ЖОО арасындағы бәсекелестікті жеңу үшін қажет.
Оқу-материалдық ішкі жүйе. Оқытуда әдетте оқу- әдістемелік базаға оқыту құралдары, оқып-үйрену объектілері, яғни материалды және техникалық құралдар жиынтығы таңдалған мамандық бағытындағы бекітілген оқыту бағдарламасы қамтылады. Сонымен қатар оқу корпустарын жабдықтауда лабораториялық құралдар, оқытудың техникалық құралдары, оқулықтар, оқу құралдары мен басқа оқу-әдістемелік құралдар жиынтығы қамтылады.
Қашықтан оқытуда тыңдаушыға оқу-әдістемелік құралдар кешені беріледі (кейс). Кейс құрамына пәнге қатысты келесі материалдар жинақталады:
оқу бағдарламасы;
әдебиеттер тізімі;
курсты оқып-үйренудің әдістемелік нұсқауы;
оқу құралдары (тірек конспектілері, лекция конспектілерінің жоспары);
тестік сұрақтар (кіріс, аралық, иденфикациялық, қорытынды);
аудио кассеталар;
видео кассеталар (тағайындау немесе шолу лекциялары, т.б.);
қарапайым және мультимедиалық компьютерлік оқыту бағдармалары;
жұмыс дәптерлері (практикалық тапсырмаларды орындау үлгілері, өзіндік жұмыстар, т.б.);
Хрестоматиялар немесе оқу материалдарының ксерокөшірмелері;
Тыңдаушының өзіндік жұмыстары жоспарының кестесі, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға арналған нұсқаулар.
Жаратылыстану- ғылыми пәндер үшін виртуалды лабороториялар мен практикум материалдары қосылады.
Қаржылық-экономикалық ішкі жүйе. Техника араласқан кез-келген сала талдау және жобалау жұмыстарын талап етеді, сондықтан оны қаржылық- экономикалық тұрғыда бағалау қажет.
Қашықтан оқыту жүйесіндегі кез-келген пәнге қатысты техникалық- педагогикалық құралдарды құрастыру қанша уақыт алады және бұл оқытудың қаржылық шығыны қалай екендігін алдын-ала шешу тың мәселе.
Бұл жүйенің тиімділігін педагогикалық, әлеуметтік және экономикалық аспектілермен ашуға болады. Мысалы, адамның сұранысын қанағаттандыру, оның мүмкіндіктерін байыту мен шығармашылық потенциалын арттыру т.б. арқылы әлеуметтік және экономикалық өзгерістермен қамтамасыз ету.
Идентификациялық-бақылау ішкі жүйесі. Оқып- үйренуде тұлғаның өзбетінше тапсырмаларды орындауын, оқу - іс-әрекеттерін жүргізуін қадағалау үшін идентификациялау қолданылады. Ол оқу ұйымдастырудағы қауіпсіздік шаралардың бірі. Әсіресе тестерді тапсыру, рефератты орындау, басқа да іс- шаралардың орындалуын идентификациялау үшін әртүрлі техникалық құралдар қолданылады. Мысалы, емтихан тапсырушы тұлғаны идентификациялауды видеоконференция көмегімен жүзеге асыруға болады. Сондай - ақ қазіргі таңда egov.kz сайтының арнайы Digital ID идентификациялауы пайда болды және карантинге байланысты 2021 жылы ҰБТ онлайн болады, оны камера арқылы арнайы жасанды интелект бақылайтын болады.
Қорыта келе, соңғы жылдары Қазақстан қашықтықтан оқытуда үлкен прогресс жасады, оған дәлел ретінде 2020-2021 оқу жылын мектеп оқушылары мен Жоғарғы оқу орыныны студенттерінің 80% қашықтықтан оқытылуда, Қазақстанда қашықтан оқытуды дамыту жоғарыда келтірілген қашықтан оқыту элементтерін жүйелі тұрғыда, әрі мемлекет тарапынан қадағалау арқылы ұйымдастыру нәтижесінде дамуын жалғастыратынына сенімдіміз.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың теориялық негіздері
Қашықтықтан оқыту (ҚО) - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен студенттің территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.
Қашықтықтан оқыту технологиясының кейс және желілік технология деген түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады.
Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуына интернеттің әсерін бағалау қиын. Ол ара қашықтықтықты қысқартумен қатар, оқытушы мен студентке анағұрлым көп еркіндік береді. Енді тыңдаушы немесе студент тапсырмалар және тестпен өзіне ыңғайлы уақытта айналыса алады. Оқытушы материал мазмұнын жедел түрде өзгерте алады. Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы - біздің білім беру жүйесінің болашағы болып табылады. Шетелде күндізгі немесе қашықтықтан білім берудің қайсысының дұрыстығы жөнінде сөз де болмайды. Өйткені, басты орынды қашан да сапалы білім алады.
Қашықтықтан оқытуда өз бетінше жүргізілетін жұмысты сөзжұмбақтар, шарада немесе тапсырмалар арқылы ұйымдастыру, жаңа тақырыптарды меңгеру үшін өте ыңғайлы. Қашықтықтан оқытудың жетістігі - оқытушының өзінің қатысуынсыз оқушылар назарын өзінен тыс қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты болады. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға шығарылған түрде қашықтықтан оқыту курсында электрондық түрде немесе электронды оқулық түрінде беріледі. Жаңа тақырыпты бұлай баяндау кезінде сабақтың басты элементі форум немесе чат болып табылады. Мұндай баяндаулар алдын ала жоспарланып, алдын ала даярланған сценарий бойынша жүргізіледі. Қашықтықтан оқытуда жаңа материалды баяндаудың тағы бір нұсқасы виртуалды шебер. Әдетте оқу материалын баяндау және талқылау бір мезгілде жүргізіледі.
Қашықтықтан оқыту жүйесін әрқайсысы өз кезегінде бірнеше компоненттерден тұратын үш компоненттің жиыны ретінде қарастыруға болады. Олар:
дидактикалық жүйе;
технологиялық жүйе;
қамтамасыз ету жүйелері.
Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалық бес әдісін қолдануға болады:
ақпараттық-рецептивті;
репродуктивті;
мәселелік мазмұндау;
эвристикалық;
зерттеу;
1.3 Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары.
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz