Фразеологизмдердің еркін сөз тіркестерінен айырмашылығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі
Филология бөлімі
Бекітемін
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары _______Г.Б.Каментаева
___ ______ 2021 ж.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Фразеологизмдер аудармасының негізгі ерекшеліктері
Мамандығы: 0512000- "Аударма ісі"
Біліктілігі: 0512013-"Аудармашы"
Орындаған: 3(9)пк тобы студенті Темирханова М.
Жетекшісі: Ағылшын тілі пәні оқытушысы Бупежанова Ш.Б.
Атырау, 2021
МАЗМҰНЫ
I.КІРІСПЕ.
1. ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
1.1. Фразеологизмдердің басты белгілері және оларды аудару мәселесі.
1.2. Фразеологизмдерді аудару. Фразеологизмдерду аудару тәсілдері.
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2. ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР АУДАРМАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2.1. Фразеологизмдердің еркін сөз тіркестерінен айырмашылығы.
2.2. Аударма фразеологизмдердің түрлері. Аудармадағы тең баламалы фразеологизмдер.
2.3. Аударма нұсқалардағы фразеологизмдер. Сөзбе-сөз аударылған фразеологизмдер.
III.ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Влахов С.И., Флорин С.П. Непереводимое в переводе. Москва: Валент, 2006. - 370с;
2. Әуезов М. Абай жолы. Бірінші кітап. - Алматы: Жазушы, 2007. - 368 б;
3. Ауэзов М. Путь Абая. Книга первая (Перевод А.Кима) - Алматы: Жибек жолы, 2007. - 470 с;
4. Абай романының І-ІІ томдарының идиомдық сөз тіркестерінің орыс тіліне аударылуының картотекасы М.Әуезовтің әдеби-мемориалдық музей-үйінің мұрағаты. ЛММА. Кпр-1, папка №36. - 1-340 бб;
5. Казахско-русский фразеологический словарь. Сост. Кожахметова Ж., Жайсакова Р., Кожахметова Ш. - Алматы: Мектеп, 1988. - 224 с;
6. Ғылыми-әдістемелік журнал, Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері -5(35) 2007;
7. Ғылыми-әдістемелік журнал, Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері -4(52) 2010;
8. Шетел тілін оқыту әдістемесі, Меодика обучения иностранному языку -3(11) 2006;
9. І. Кеңесбаев Фразеологиялық сөздік - Алматы 2007;
10. Үрила Кеңесбаева Ағылшынша - қазақша фразеологиялық сөздік - Алматы, 2010;
11. В.С. Слепович Курс перевода (английский - русский язык).
12. П.П. Литвинов Фразеология - Москва, 2001;
13. Әуезов М. Абай жолы. 1,2 т. - Алматы: Жазушы, 1989. - Ауд. Соболева, Л. Т.1,2. - Алматы: Жазушы, 1988;
14. Пушкин А.С. Капитанская дочка, Капитан қызы Ауд. ТәжібаевӘ, Алматы: Жазушы, 1947;
15. Толстой Л.Н: Анна Каренина. Т. 1,2. Ауд. Орманов F. - Алматы:
Жазушы, 1977;
16. Толстой А. Хождение по мукам. Азапты сапарда Ауд. Ахтанов Т. Алматы: Қазмемкөркемәдебиет баспасы, 1952 - 1954 жж;
17. Бунин И. Избранные. - Балқарағай. Әңгімелер. (В поле. - Жапан түзде. Ауд. Ысқақов Қ.). Алматы: Жазушы, 1975;
18. Коллинз У. Лунный камень. - Ай сәулесі асыл тас. Ауд. Байлюханов Б. - Алматы: Жалын, 1978;
19. Куприн А.И. Гранатовый браслет. - Гауһар білезік. Ауд. Ысқақов Қ. Алматы: Жазушы, 1966;
20. Марков Г.М. Сибирь. Сібір. Ауд. Ахметов Қ., Сыздеқов Х. - Алматы: Жазушы, 1966;
21. Марков Г.М. Соль земи. - Жер құты. Ауд. Ғабдуллин Н. - Алматы: Қазмемкөркемәдебиет баспасы, 1964;
22.Пушкин А.С. Избранные. - Таңдамалы шығармалар. - Алматы:
Жазушы, 1970;
23. Дубровский. - Дубровский, Ауд. Оспанов F;
24. История села Горюхино. - Горюхино селосының тарихы. Ауд. Сағындықов Қ;
25. Пиковая дама. - Қарғаның мәткесі. - Ауд, Сағындықов Қ;
26. Тургенев И.С. Дворянское гнездо. Дворян ұясы. Ауд. Әуезов М.
алматы: Жазушы, 1968;
27. Тургенев И.С. Записки охотника. - Аңшының әңгімесі.
Алматы: Жазушы, 1965.
I.КІРІСПЕ.
Тілімізде қолданылатын жеке сөздермен бірге көптеген ерекше қалыптасқан сөз тіркестері және сөйлемшелер бар. Ол сөз тіркестерінің екі не одан да көп компонеттері болады, бірақ сөз тіркестері семантикалық бірлікте болып, тұтас бір ұғымды білдіреді. Мысалы: көз бояу, жүрегінің түбі бар,т.б. Мұндай тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы көптеген ғасырлар бойы қалыптасып, ел аузында көп айтылып, жалпы халыққа түсінікті болып кеткен.
Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау-қызғану: іші күю-өкіну,т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).
Тілдің лексикасында қаралатын лексикалық брліктерден (жеке сөздерден) басқа тіл бірліктерінің тұрақты сөз тіркестері деп аталатын неғұрлым ерекше түрі қалыптасқан. Бұларды тіл білімінің фразеология саласы зерттейді. Фразеология термині (грек. phrasis сөйлемше және logos сөз, ілім сөздерінен шыққан) қазіргі тіл білімінде екі мағынада қолданыс табады. Бірінші, тілдің фразеологиялық құрамын зерттейтін саласы, екінші, белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің жиынтығы деген мағынаны білдіреді.
Осы күнгі тіл білімінде фразеологизм деген ұғым кең мағынада қолданылады. 1990 ж. шыққан "Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте" фразеологизмге мынадай анықтама берілген: "Фразеологизм дегеніміз формасы жағынан синтаксистік құрылымдармен бірдей, алайда олар секілді жалпы заңдылыққа сай сөйлеу кезінде жасалмай, дайын қалпында қайталап қолданылатын, семантикалық және лексика-грамматикалық құрамы тұрақты сөз тіркестері мен сөйлемшелер". Осы анықтамаға қарағанда фразеологизмдерге кең мағынада тілдегі мағына бірлігін сақтаған тұрақты сөз тіркестерінің барлық түрі де жатады. Олар тұрақты сөз тіркестерінің түрлері мен сөйлемшелер, коммуникативтік тұрақты қолданыстағы әр түрлі номинативтік бірліктер, қос сөздер мен қосарлы тіркестер, ресми ісқұжаттарындағы даяр сөз орамдары т.б. түрінде болады.
Фразеологизмдерге идиома, фраза, мақал-мәтелдер жатады.
Фразеологизмдердің өзіне тән негізгі қасиеттері:
1.Дайын тілдік единица ретінде жұмсалады;
2.Жалпыға бірдей танылған қолдану заңы болады;
3.Мағына бірлігі сақталады;
4.Екі сөзден кем болмайды.
Қазақ фразеологиясы елінің құрылым, құрылысы мен мағынасы жағынан басқа тілдердегі тұрақты тіркестерден ерекшеленеді. Фразеологизмдер елінің бейнелілік, әсерлілік, көркемдік, экпрессивті-эмоциялық, стильдік қасиеттерімен көзге түседі. Ойдың нәрін кіргізетін тұрақты тіркестерді халқымыз кеңінен қолдана отырып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген. Сөйтіп, олар ұзақ уақыт бойы толығып, дами түседі. Қазақ фразеологизмдері қазіргі заманға ұлттық мәдени ұғымдарды жеткізіп қана қоймай, ежелгі қазақ реликтерін де жекізеді. Сонымен қатар, шығу тегі мен әрі этнолингвистикалық сипатына қарай фразеологизмдер өзінің семантикалық табиғатына қоса, абстрактылы және аусыпалы мағынада қолданылады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Қазақ тіліндегі фразеологизмдер аудармасының негізгі ерекшеліктері мен жасалу жолдарын айқындау бітіру жұмысының мақсаты болып табылады.
Осы мақсат негізінде жұмысқа мынандай міндеттер қойылады:
- аударма фразеологизмдердің түрлерін анықтау
- қазіргі қазақ тіліндегі аударма фразеологизмдердің жасалу жолдары мен атқаратын қызметтерін көрсету.
Курстық жұмыстың мазмұны: Кіріспеде фразеологизмдер мен фразеологизмдер аудармасының негізгі ерекшеліктері, сонымен қатар фразеологизмдерді аудару мәселесі туралы айтылған.
Негізгі бөлімде аударма нұсқалардағы фразеологизмдер, аударма фразеологизмдердің түрлері және сөзбе-сөз аударылған фразеологизмдер мәліметтерін келтіре отырып, жан-жақты қарастырылған.
Қорытындыда талдау жасау арқылы жасалған негізгі тұжырымдар түйінделген.
Фразеологизмдер - еркіндігі жоғалған, ажырамастай қалыпта кірігіп кеткен тіркестер (тұрақты тіркестер). Фразеологизм мен сөздің лексикалық мәнін ашқанда, олар біріне-бірі синоним болып келетінін байқау қиын емес. Мыс., қас пен көздің арасы - лезде, төбе шашы тік тұру - үрейлену, қорқу, үріп ауызға салғандай - сұлу, т.б.
Фразеологиялық бірліктер - екінші тілге аударуды талап ететін (көп ретте қалдырып кетуге немесе алмастыруға болмайтын ) функционалды қызметі басым элементтер. Фразеолозмдерді аудару мәселесін көптеген қазақстандық ғалымдар, жазушылар зерттеген (Қ.Сағындықов: 1960], М.Әлімбаев: 1967, 1976], Ө.Айтбаев: 1975], т.б.).
Аудармашы фразеологизмдерді фразеологизмдермен аударуға талпынысы арқылы,талпынуы керек, яғни аудармада түпнұсқадағы фразеологизмдерді құрудың тепе-теңдігі сақталуы тиіс. Бұл негізгі талап.
Дегенмен, кейде мұндай тәсіл мүмкін емес. Аударма тілінде оған сәйкес келетін фразеологизм болмауы мүмкін, болғанның өзінде стилистикалық жағынан сәйкес келмеуі ықтимал. Осы жағдайда:
· бірсөзді сәйкестікке,
· сипаттама аудармаға,
· калькаға (сөзбе-сөз аудармаға) сүйенеді.
Егер аударма тілінде сәйкес келетін тұрақты оралымдар болмаған кезде, фразеологизмдерді сөзбен аударуға болады немесе тілде аударма тіліне сәйкес келетін фразеологизмдер болғанның өзінде де олардың эмоционалды-экспрессивтік және стильдік құны түпнұсқадағы бірлікте барынша ерекшеленеді.
Кейде аудармашы қажетті фразеологиялық бірлікті есіне түсіре алмауы мүмкін. Мұндай сәйкестіктерде кейбір экспрессивтілік пен мағыналық бояулардың төмендігі көрінеді. Кейде бұл тиісті балама таппаған аудармашының қателігі.
Жоғарыда көрсетілген себептерге сәйкес фразеологизмдер сипаттама (түсіндірмелі) сипатқа ие болуы мүмкін, яғни еркін тіркестермен беріледі.
Сипаттама аударма толықтай алғанда аударманың көркем барабарлығына зиянын тигізбеуі мүмкін, бірақ жартылай стилистикалық нұқсан келтіретіні анық.
Фразеологизмдерді аудару кезінде калькалау тәсілі өте сирек қолданылады, өйткені аударма мәтінінде калька ерекше түсіндіруді қажет ететін басқа тілдік құрылым ретінде көрінеді. Егер түпнұсқадағы сөз ойынын беру қажеттілігі туындағанда, калькалау тиімді тәсіл болып табылуы мүмкін.
Нақты аудармалар талдауы көрсетіп отырғандай, аударма тілінде константты фразеологиялық баламалар бола тұра, аудармашылар жеке стилистикалық пайымдауларға бағыну арқылы, жиі бір сөздік немесе сипаттамалық сәйкестіктерге сүйенеді. Арнайы екітілді фразеологиялық сөздіктерді қолдану керек.
Фразеологиялық сәйкестіктер мынадай топтарға бөлінеді:
1. Фразеологиялық баламалар:
Как небо от земли - жер мен көктей,
Волосы встали дыбом - төбе шашы тік тұру,
Беречь как зеницу ока - көздің қарашығындай сақтау,
Strіke the іron whіle іt іs hot - куй железо, пока горячо.
2. Фразеологиялық аналогтер:
Бет пердесін ашу - вывести на чистую воду,
Жаны жәннәтте болғыр - царство ему (ей)небесное.
3. Фразеологиялық калькалар:
В мутной воде рыбу ловить - лай судан балық аулау,
В прятки играть - жасырынбақ ойнау,
Ни рыба ни мясо - балық та емес, ет те емес,
Как две капли воды - екі тамшы судай,
Черепаший шаг - тасбақа аяң.

Фразеология туралы еңбектерде фразеологизмдердің негізгі үш белгісі болатыны белгілі: мағына тұтастығы, құрылымының тұрақтылығы және қолданылу тиянақтылығы. Бұл белгілердің қатарында фразеологизмдердің бейнелілігі көрсетілмеген. Фразеологизмдердің тұтастығы жай ғана тұтастық емес, бейнелі, мәнерлі тұтастық. Бейнелілік, мәнерлілік фразеологизмдердің басқа белгілері сияқты маңызды белгісі болып саналады. Сөйтіп, фразеологизмдер басқа тіл бірліктерінен төрт түрлі белгі қасиетімен ерекшеленеді: 1) құрылым тұрақтылығы, 2) мағына тұтастығы, 3) даяр қалпында қолданылу тиянақтылығы, 4) бейнелілігі, мәнерлілігі. Осы белгілер фразеологизм атаулының бәріне тән, тек бірінде толық, бірінде солғын болуы ықтимал.
Фразеологизмдердің жоғарыда көрсетілген белгілерін құрылымы немесе мағына жағынан оларға ұқсас басқа тіл бірліктерімен (еркін сөз тіркестері, күрделі сөздер, сөйлемдермен) салыстырғанда анық байқауға болады.
Фразеологизмдерді аудару мәселесі көптеген ақауларды кездестіруге болады. Негізгі кемшіліктерді айтатын болсақ, олар, ағылшын тілінен қазақ тіліне аударғандағы тұрақты сөз тіркесінің мағынасының сай келмеуі, яғни машиналды аударма кезінде аударманың түсініксіз болуы. Бұл мағынадан ауытқу деген сөз. Екі тілде туыстас емес сөздердің аудармасы да қиындықтар туғызады.
Фразеологизмдердің тіл білімінде, оның арасында, қазақ және ағылшын тілдерінде әр тұрғыдан азды - көпті зерттеліп келгені анық. Ағылшын тіліндегі ұлттық болмыс және ұлттық таныммен тығыз байланысты тұрақты тіркестерді, фразеологизмдерді жан - жақты, түбегейлі зерттеген ғалымдар - Н.Барли, А.Дундэс, А.Крикман, М.Куузи, Г.Мильнер, А.Тэйлер, Г.Л.Апперсон, Линда және Роджер Флавэлдер.
Жұмыстың нысанын туыс емес қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдерді аударудағы тілдік ерекшеліктерді талдау құрайды.
1.2. Фразеологизмдерді аудару тәсілдері.
Фразеологизм - семантикалық (ішкі мағыналық) жағынан бір-бірімен байланысқан сөз тіркестерімен сөйлемдердің ортақ атауы.
Өздеріне формасы жағынан бірдей синтаксистік құрылымдардан ерекшелігі: сөздердің белгілі бір тұрақталған лексика грамматикалык құрылымдағана айтылатын ойға сәйкес келіп, сол сөздің бастапқы жеке мағынасының жалпы заңдылыктарына бағынбауында.
Фразеологизм термині әртүрлі типтегі бірнеше тіркестерді камтиды. Олар: атауыш қызметінде қолданылатын идиомалар (ізін суытпай, ақ қарға) ауыз әдебиетінде қалыптасқан мақалдар мен мәтелдер және жеке адамдардың авторлық немесе белгісіз әдеби шығармалардан алынған, немесе ауызша айтылған қысқа нұсқалы нақыл сөздер. Фразеологизмнің негізгі және әмбебаб қасиеттері сөз мағынасының басқа мазмұнда қабылдануы немесе лексика грамматикалық транспозиция, сөз тіркесіндегі тұрақтылығымен қайталануы. Көпшілігі мақалдар мен мәтелдер және қанатты сөздерге жататын фразеологизиялық сөйлемдер мен тұрақты тіркестердің коммуникативтік қызметі диктум және модус (логикалық бағыт) деген мазмұндарға бөлінеді, сонымен қатар семантикалық екі жақтылық арқылы айқындалады.
Сөздердің жалпы тіркесі және синтаксистік сөз тіркесі сөздердің бір-бірімен емін-еркін тіркеуінен құралады. Бірақ сөздер бір-бірімен жапа тармағай тіркесе бермейді, мағыналарының үйлесімділігі болғанда ғана, тіркесіп жұмсалады. Мағыналық үйлесімділік сөздердің бір-бірімен семантикалық жақтан үйлесуге бейімділігі дегенді білдіреді. Еркін сөз тіркесінде оны құрастырушы сыңарлар мағыналық үйлесімділік шеңберінде басқа сыңарлармен ауыса алады. Мысалы: оқушымен сөйлесу - мұғаліммен сөйлесу - қойшымен сөйлесу;оқушымен әңгімелесу - мұғаліммен әңгімелесу - қойшымен әңгімелесу; оқушымен кездесу - мұғаліммен кездесу - қойшымен кездесу және т.б. Осылар тәріздес еркін сөз тіркестерін және олардың түрлерін грамматикалық синтаксис саласы зертейді.
Фразеологиялық оралым тұрақты қасиетімен сипатталады. Оның тұрақтылық қасиеті мынадан көрінеді: фразеологиялық оралым бүтіннің бөлшектері ретінде ұғынылатын, өзара тығыз байланысты сыңарлардан құралады да, ол сыңарлар бірінен кейін бірі әбден қалыптасқан тәртіппен орналасады, басқа сөздермен ауыстырылмайды, қалыптасқан орын тәртібі өзгеріссіз қалады. Мысалы, сақалын сипап қалу деген тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын өзгертіп айтуға немесе оның ішіндегі бір сөздің орнына басқа бір сөзді алып, мысалы, мұртын сипап қалды деп айтуға болмайды.
Ал сөздердің еркін тіркесінде фразеологиялық оралымдардың тұрақтылық қасиеті тән емес. Фразеологиялым оралымның құрамының тұрақтылығы дегенде, әдетте, оның құрамына үнемі белгілі бір сөздердің енуі және олардың басқа сөздермен алмастырылмауы ескеріледі. Ал еркін сөз тіркесінің құрамында мұндай тұрақтылық болмайды, оның құрамына үнемі тұрақталған белгілі бір сөздер емес, әр түрлі сөздер тіркесіп келе береді. Мысалы, дәмді ас деген еркін тіркестің құрамындағы соңғы сыңарды тамақ деген сөзбен ауыстырып, дәмді тамақ деп өзгертуге немесе осы еркін еркін тіркестің құрамындағы дәмді дегеннің орнына ыстық тамақ деп өзгертуге болады. Мұнан аталған еркін сөз тіркесітерінің атрибутивті сөз тіркестері ретіндегі грамматикалық табиғаты өзгермейді.
Заман ағымына қарай ғылым да, зерттеу әдістері де түрлі бағыттарда даму үстінде. Сондықтан мақаламызда фразеологизмдерді аудару тәсілдеріне кеңінен тоқталмақпыз. Фразеологизмдерді ажырату және оларды аудару аудармашыға біршама қиындықтар тудырады. Мысалы, тұрақты сөз тіркестерінің көп компонентті мағыналарының құрамындағы сөздердің мағынасынан алшақ болуы, кейбіреулерінің тарихи деректерінің болуы да мүмкін. Түпнұсқа тілдің табиғатын толық білмегендіктен, аударма барысында фразеологизмдердің толыққанды мағынасы күңгірттеніп, мүлдем өзгеріп кетеді.
Фразеологиялық бірліктерді аудару тәсілдері жайында теориялық тұрғыдан талдау жасау үшін берілген тілдің барлық фразеологиялық қорын аудару тәсілдерін топтарға бөлу керек. Көптеген авторлар бастама ретінде фразеологизмдерді аударуға келетіндер не келмейтіндер, олардың құрамдас бөлшектерінің санына және метафоралық қасиетіне байланысты бөлінетін лингвистикалық классификацияға жүгінеді. Бізге белгілісі: кіріккен фразеологизмдер (идиомалар), біріккен фразеологизмдер (метафоралық бірліктер), сәйкестендірілген және фразеологиялық айтылымдар (Ш. Балли, В.В. Виноградов, Б.А. Ларин, Н.М. Шанский топтастырулары бойынша). Я.И.Рецкердің пайымдауынша, бұл классификация аударма теориясы мен тәжірибесінде ыңғайлы тәсіл болып табылады. Алайда ол тек кіріккен және біріккен фразеологизмдерді қарастырады. Кіріккен фразеологизмдерді аудару барысында толықтай өзгерту тәсілін, ал біріккен фразеологизмдерді аудару барысында образды аудару тәсілін қолдану керек деп пайымдайды.
С.Влахов пен С.Флорин фразеологизмдерді түпнұсқа тілден аударма тілге аударудың мынандай жолдары бар екендігін көрсетеді:
1) Фразеологизмнің аударма тілде кездескен эквивалентін (баламасын) беру арқылы аудару;
2) Аударма тілдегі вариантын (аналогын) беру арқылы;
3)Аударма тілде түпнұсқа тілдегі фразеологиялық тіркестің баламасы да, өзге нұсқасы да болмағандықтан, фразеологиялық емес тіл құралдарымен беру арқылы аудару.
Фразеологизмдерді аударуға арналған арнайы әдебиеттерді зерттеу барысында аударманың төмендегідей түрлерін қарастырдық. Олар: фразеологиялық аударма және фразеологиялық емес аударма. Фразеологиялық аударма деп бір тілдің тұрақты сөз тіркестерін екінші бір тілге сол тілдің фразеологизмдерімен аударуды және аударма тіл мен түпнұсқа тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің арасындағы мағыналық жақындықты іздеп, бір-біріне жақын фразеологиялық эквивалентті табу деп атаймыз. Яғни түпнұсқа тіліндегі фразеологизмдерді аударма тіліндегі фразеологизмдермен аудару немесе фразеологизмді фразеологизммен аударылуын айтамыз. Мұндай сәйкестік екі тілде де кездеседі. Мысалы: Қорықтан күн шыға атқа мінейік деп асыққан-ды. Бұны қаладан алып қайтқалы барған ағайыны Байтасты да таң атар-атпаста өзі оятып тұрғызып еді. Күнұзын аттан да түспей,өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған. Енді не болса да жанды. Аудармасы: Предстоял последний световой переход, и мальчик, школяр медресе, с первыми лучами солнца поднял своих спутников. Сели на коней и выехали из Корыка на рассвете, и далее весь остаток пути мальчик скакал впереди, на расстоянии полета ружейной пули. Аударма өте дәл жазылған.
Жартылай фразеологиялық эквивалент - түпнұсқа тілден аударма тілге алмастырылатын фразеологиялық бірліктің бірнеше вариатының ұшырасуы, яғни түпнұсқа тіліндегі фразеологизмдердің компоненттері аз болса, онда олардың аударма тіліндегі компоненттері көп болады, немесе керісінше компоненттері көп болатын жағдайда, аударма тілінде аз болып келуі мүмкін. Ауларманың бұл түрі аудармада өте көп кездеседі. Міәселен: - Байлауын байладың. Енді, түге, жат жиынның алдында жас балаларымның жақсы талабын жер қылмаңдар. Өліге еткен қызметтен бастарың кішіреймес. Араз-құразды ұмытыңдар, адам болсаң! Тірісінде алғыс алмасаң, енді, тым құрыса, өлі аруағынан қарғыс алма. Балаларым мен келіндерім, сендер де төбеңмен жүр!Отымен кір, күлімен шық қонағының! Ердің сыны шабуыл мен шаптығуда емес - кішіпейіл, мейірде! Шалдықсаң да қабақ шытпа!Қуанып, жарқырап жүріп күт! Дабырайып, желігіп те кетпеңдер! Жым-жырт, момын жүріп күтіңдер! Болмаса мынау ағайынның төрт көзі түгел отыр ғой, міне, өл де маған! Бірі қырт, бірі дарақ, мақтаншақ, бірі ұр да жық, даңғой атанғанда - осындай көп жиын үстінде масайып, оспадарлық қылам деп, сондай атақ алатын! - деді . Аудармасы: - Решение-то вы приняли. Теперь, мои дети, не ударьте лийом в грязь перед людьми, которые приедут издалека. Все сообща помогите тем из моих детей, которые стараются, хотят совершить это доброе дело как можно лучше. Будьте людьми, не теряйте своего достоинства, забудьте о ваших распрях, ссорах-раздорах, оказывая почести дорогому всем нам покойнику. Если при жизни не удалось вам сделать что-нибудь доброе для него, сделайте это теперь, по смерти его. Не навлекайте на себя проклятья души покойного. Дети мои, будьте внимательны и обходительны с гостями. Истиный арыс проявляет свою доблесть не только в сражениях с врагами, но и в благородном обращении с друзьями. Умирайте от усталости, но не хмурьтесь! Ухаживайте за гостями с веселым лицом, с улыбкой, бодро и расторопно. Но и нетеряйте своего достоинства при этом. Будьте доброжелательными, не будьте болтунами и пустомелями. Проявляйте скромность и благородство! А в противном случае - говорю перед всеми родственниками - лучше бы мне помереть.
Қатыстық фразеологиялық эквивалент дегеніміз - мағыналары сәйкес келгенімен синтаксистік құрамы, синонимдік компоненттері, морфологиялық құрылысы басқаша болады, бірақ мағынасы бірдей. Аудармада ол көп кездесе бермейді. Мысалы: - Шүкіман, еруліге қарулы бар еді ғой. Жаңа ана үйде айтылған Топайкөк мына Ербол екеуміз ұмытқамыз жоқ. Аударма: - А ведь долг платежем красен, милая! Теперь вы должны спеть. Мы с Ерболом просим вас исполнить Топайкок как вы спели в том доме.
Фразеологиялық аналог (үйлестік) - салыстырылып жатқан тілдегі фразеологизмнің мағынасына қарай негізгі тілдегі фразеологизмге барабар, бірақ одан өзінің бейнесінін біраз немесе толығымен өзгеше болатын фразеологизме айтамыз. Мысалы: Қадалып қалды - уставился на него, ақтарыла түсті - вывалился, жүректі, қайратты - смелый
Фразеологиялық емес аударма деп - фразеологиялық емес құралдар арқылы жасалынатын тәржіма түрін айтуға болады. Әдетте лексикалық балама, калька, сипаттама, түйдектелген (комбинированный перевод) аударма тәсілдері қолданылады. Аударманың мұндай түрі фразеологиялық сәйкестіктердің ешбір түрін таппаған кезде ғана қолданылады. Кемшіліктері - фразеологизмнің бейнелілігі, экспрессивтілігі жоғалып, мағыналық реңкі жоғалады. Сондай-ақ антонимдік аудару және сөзбе-сөз аудару тәсілдерін кездестіреміз.
Сонымен фразеологизмдердің бір тілден екінші тілге аударудың бірнеше тәсілдерін қарастырдық. Оларды аудару тәртібіне қарай бірнеше жікке бөлуге болады. Біріншісі - екі тілде де бар фразеологизмдер. Олар кейде мазмұны жағынан да, формасы жағынан да дәл келіп отырады. Екіншісі - қазақ тілінде ондай дайын үлгілері жоқ фразеологизмдер. Оларды мазмұны мен формасын дәл сақтай отырып, еркін аударуға тура келеді. Үшіншісі - фразеологиялық тіркестерді сөзбе-сөз аудару; төртіншісі - фразеологиялық тіркестерді балама (эквивалент, адекватты) етіп аудару; бесіншісі - фразеологиялық тіркестерді еркін аудару.
Фразеологизмдерді бір тілден екінші тілге аудару мәселесі аса қажет, әрі барынша қиын мәселе екені даусыз. Фразеологизмдерді аударуға болады және аудару керек деп ойлаймыз. Әрбір жазушының шығармасындағы фразеологизмдердің қолданылу өрісінің өзі аударуға қажет тәсілдерді барынша пайдалану керектігін көрсетеді. М.Әуезовтің Абай жолы эпопеясындағы фразеологизмдерді аударудың мынадай жолдары бар екендігін атап өтсек болады: біріншісі, фразеологизмдердің мазмұны мен формасы, экспрессивті-эмоциялық әсерін аудармашы толық беруге тырысқан; екіншісі: фразеологизмдердің мазмұны толық жеткізілгенмен лексико-грамматикалық құрылысында аздаған өзгерістер жасалады. Яғни мұның заттық-бейнелі мағынасы жартылай сақталады; үшіншісі, халықтар өміріндегі ұқсас тіршілік пен құбылыстар нәтижесінде жасалған фразеологизмдерді бір-біріне дайын балама ретінде пайдалануға болады. Мұндай лексико-семантикалық топтар қай халықта да жетерлік. Тек соны таба білу керек. Бұл тәсілдердің ешқайсына да салуға көне бермейтін біраз фразеологизмдер кездеседі. Олар ұлттық бояуы айқын фразеологизмдер. Бұлар аударылса ұлттық ажарынан айырылады, аудармауға тағы болмайды. Осындай өзгешелігі жағынан бұлар идиомдарға келетін тәрізді. А.Ким мұның да әр қилы амалын қарастырған. Негізінен қазақ тілінің небір қиын сөз орамдарын ол орыс тілінің материалы арқылы дәлелдеуге тырысады.
М.Әуезов шығармашылығына тән ерекшеліктерді саралағанымызда жазушының өзіндік өзгешелігін айрықша танытатын тілдік құбылыстары мол екенін, оларды орыс тіліне аударуда орыс тілінің де мүмкіндігі жетерлік екенін байқадық. Бұл жерде, тек, фразеологизмдердің шығармадағы стилистикалық қызметін айқындап алған жөн. Бұл аударма орыс тілінің мәдениетін арттыруда үлкен рөл атқарды.
Алайда аударманың бәрі бірдей үлгі тұтарлық дәрежеде емес. Біз тексеріп отырған нақты мәселенің өзін жеткізуде де толып жатқан олқылықтар кеткен. Сол себептен аударманы қайта қолға алып, бүгінгі талғам таразысына лайықты қайта жасау қажет.
Абай жолындағы фразеологизмдерді аудару үшін біріншіден, олардың қолданылу өрісін, көлемін, түрін, мақсатын анықтап алу керек. Себебі фразеологизмдер жазушының негізгі мақсатына орай стильдік қызмет атқарады. Ендеше жазушының стилистикалық мақсатына орай олардың аудармасын қарастырған дұрыс болып саналады.
М.Әуезов фразеологизмдерді кейіпкерлер образын дараландыру үшін қолданады. Бұл қолданыстың мынадай түрлерін атап көрсетеміз. Ол халықтың қарапайым нақыл сөздерін кейде өзгертпей сол күйінде алса, кейде кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқына байланысты неше саққа салып өзгертіп, құлпырта қолданады. Олардың лексико-грамматикалық құрылысына өзгерістер енгізеді. Ал енді бір сәтте автор кейіпкерлері халықтық фразеологизмдерге бергісіз мүлде жаңа айшықты сөз орамдарымен сөйлеп кетеді. Мұның бәрінің сыр-сипатын айырып, эмоциялық-эстетикалық әсерін білу оңай емес. Аудармадан байқауымызша мұндай тұстарды жеткізуге орыс тілінің мүмкіндігі кейде аз болып жатады. Пушкиннің айтуынша, автордың айтқанын аудармашы тарапынан қайта айтылуы керек, ал Гоголь аударма жайында түпнұсқаға жақын болу үшін түпнұсқа сөздерінен кейде ауытқып тұру керек десе, Толстой кейде сөздер мен мазмұнды аударып қана қоймай, сонымен бірге әсерді аудару керек деп тұжырымдаған, К.И. Чуковский болса күлкіні күлкімен, ал жымиысты жымиыспен аударуға шақырған. Соған қарамастан, бұлардың барлығы аударманың заңдылықтарына қайшы келмейді. Әр көркем туындының ішінде шартты түрде аударуға келмейтін мәтін бөліктері кездеседі. Менің шартты дейтінім, бұл шартты түрде аудару мүмкіншілігінің жоқ болғанында. Бұл аударылмайтын бөліктер жоғарыда аталған фразеологизмдер.

Бірінші айырмашылығы. Еркін сөз тіркестері сөйлеу кезінде сөздердің мағынасы жағынан өзара келісе отырып, кем дегенде екі сөздің грамматикалық жолмен еркін тіркесуінен жасалады, алайда, еркін сөз тіркестерінің құрамы тұрақты болмайды. Олардың құрамындағы сөздерді мағынасы, айтылуы жағынан солармен келісетін басқа сөздермен өзгертіге де, орнын ауыстыруға да болады. Мәселен: зәулім үй дегендегі зәулім сөзін биік сөзімен, асықпай сөйледі дегендегі асықпай сөзін баптап, жайлап сөздерімен ауыстырғаннан тіркестің мағынасы немесе грамматикалық сипаты өзгермейді.
Ал фразеологизмдерге келетін болсақ, олар да кем дегенде екі сөздің тіркесуінен жасалады, бірақ олардың құрамы тұрақты. Мысалы: қаншырдай қатқан, бықпырт тигендей, жігері құм болды, нарттай жанды, ұзында өші, қысқада кегі сияқты тіркестердің құрамын өзгертуге, басқа сөздермен өзгертуге болмайды. Олар өздерінің фразеологизмдік сипатын сақтау үшін, құрамының бір тұтастығын, тұрақтылығын өзгертуге керек. Ондай болмаған жағдайда фразеологизмдік қасиетінен айырылады.
Екінші айырмашылығы - фразеологизмдердің мағына тұтастығында. Фразеологизмдер мағына тұтастығын сақтайды, фразеологизмдердің мағыналық тұтастығы құрамындағы сөздердің жеке мағыналарына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz