Мұрағат мекемелері соғыс жылдарында



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс 12. Қазақстан Республикалық мемлекеттік мұрағат құжаттары

1. Мұрағат туралы түсінік.
2. Революцияға дейінгі Қазақстандағы мұрағат ісі.
3. Кеңестік мұрағат жүйесінің қалыптасуы.
4. Мұрағат мекемелерінің жұмысының негізгі бағыттары.
5. Республикалық мемлекеттік мұрағаттардың жүйесі.
6. Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісі.

Мұрағат дегеніміз - архив. Ал Архив - грек сөзі. Оның мағынасы ескі деген ұғымды білдіреді. Түрлі халықтар тілдерінің сөздіктерін қарай отырып, архив сөзі оларда өз тілдеріндегі баламалармен жарыса қолданылатынын байқауға болады. Қазақ тіліндегі мұрағат атауы 1970 жылдарда баспасөзде қолданыла бастады. Ал, 1990-жылдардан бастап ол архив сөзінің баламасы ретінде архив сөзімен қабаттаса кеңінен қолданылып жүр. Мұрағат сөзі тарихи мұра, мәдени мәні бар зат немесе мұраны сақтау мағынасында тіліміздің сөз түзеу заңдылығына сәйкес жасалған. Бір сөзбен айтқанда, мұрағат атауын қолдану барлық тілдерге тән әр халықтың тіл байлығын барынша пайдалану терминологиялық принципіне қайшы келмейді.
Мұрағаттар бұл жеке өзіндік мекеме болып табылады. Мұрағаттарда құжаттық материалдар, баспасөз материалдары, дерек құжаттары, мемелекеттік мекемелердің іс-қағаздары сақталады. Мұрағаттың міндеті жалпы қоғамның ақпараттық талабына жауап беру. Басты міндет ұлттық бағалық құндылықтарды сақтау, тарихи сана ретінде қалыптастыру болып табылады.
Құжаттар ең аса маңызды ақпарат көзі болып есептеледі. Құжаттық материалдар қайталанбайтын ерекше болып келеді. Мұрағат, ол өмірдің бар саласын қамтитын мекемелер мен жеке адамның құжаттарын сақтап, тіркеп, қабылдайтын ғылыми зерттеуші мекеме болып саналады. Сақтау бірлігі дегеніміз ол, құжаттың түрі немесе тағы бір белгісі бойынша жеке нөмірмен белгіленген сақтауға алынған құжат.
Іс деп, бір фактіге немесе объектінің бір тақырып, мазмұны бойынша жинақталған құжаттар аталады. Іс басты инициативалық құжатпен ашылады, ал соңында аяқталу құжатымен жабылады. Іс, бірнеше құжаттан тұрады, олар хронологиялық кезеңділікте құрастырылады.
Кіріс құжаттардын келген уақытын белгілейді, ал шығыс құжаттары, қашан құрастырылған уақытын белгілейді. Істің бастаңқы және соңғы уақыты құжыттын шеткі мерзімі деп аталады. Ол бір күнді немесе бірнеше жылдарды қамтуы мүмкін.
Мұрағат қоры дегеніміз - мемлекетпен сақтауға алынған, бірнеше жылдар бойы құрастырылған құжаттардын кешені \ мекемелердін құжатары, жеке адамның өмірлік құжаттары, т.б. Мұрағат қорлары мекемелерде белгіленген жылдар бойы жинақталады, тура солай жанүялық құжаттар да, міне, сол құжаттарды жинақтағанда фонд құрастырушы деп аталады. Мұрағат мекемесі осы фондтарды арнайы тізіммен алып сақтауға, зерттеуге алады. Мұрағат көлемі, сақтауда тұрған сақтау бірліктерімен есептеледі, ол бір сақтау бірлігінен, бірнеше жүз , мың бірлікке жетуі мүмкін.
Мұрағат коллекциясы дегеніміз, тақырыптық, практикалық немесе мәдени тарихи маңыздылығына сай бір комплекске біріккен құжаттар жатады, олар фонд сыртында жинақталуы мүмкін.
2. Революцияға дейінгі Қазақстандағы мұрағат ісі.
Қазақстанға қатысты мұрағат деректерінің жүйелі қалыптасуы ХVІІІ ғасырдың бас кезінен, яғни қазақ өлкесінің Ресейге қосылуынан басталады. Патшалық Ресей үкіметі қазақ жерін округтерге бөліп билегені тарихтан мәлім. Округтік мұрағат құжаттары бекерден-бекер жойылуға жіберілгені туралы С.Байжанов еңбектерінде көрсетіледі. Ал, қалған қазан төңкерісіне дейінгі деректер Орынбор (1925 жылға дейін), содан соң Қызылорда (1929 жылға дейін) және Алматы (1929 жылдан бастап) қоныс тепкен қазіргі ҚРОММ-да сақталуда.
Қазан төңкерісіне дейін патшалық Ресейдің отарындағы Қазақстанда жергілікті халықтың көрнекті өкілдерінің құжаттарын жинақтауға көп көңіл бөлінбеді. Құжаттарды коллекционерлер, өлкетанушылар, негізінен, қазақ халқының салт-дәстүрін, фольклорлары мен этнографиясымен айналысқан патша шенеуліктері жинады. Өлкетанушылардың құжаттық мұраларын сақтауда Орынбор музейі, Жетісу музейі, Орыс географиялық қоғамның Жетісу бөлімі айтарлықтай рөл атқарды.
Тарих - уақытпен байланысты ұғым. Халық тағдырымен байланысты саналы үлкенді-кішілі саяси оқиғаларды тізіп, тізбектеп, замана жаңарып, уақыт өзгерген тұстардан қалған белгі ретінде жинақтап, сұрыптап, сақтап келген де сол тарих. Соларды танып-білу - әр кезеңдегі ұрпақ үшін таусылмас қазына. Олай болмаса, әр ұрпақ өз тарихын әркез жаңадан бастаған болар еді де, ұрпақ сабақтастығы деген ұғым мүлде ұмытылар еді. Өйткені бүгінгі күннің мазмұнды болуы кешеге байланысты. Өткеніне зер салмаған адам ұлттың рухын сезінбейді, елінің , жерінің қадір-қасиетін жете білмейді.
Тарихи фактілерді сақтау, тарату, жолдары баршылық. Бірі - жазба түрінде жүзеге асса, екіншісі-ұлы ғұламалардың зердесінде қатталып, ауызша тарих даналардың санасында жатталып, ауыз екі сөзбен тарихи деректер атадан балаға тарап келген. Ұлтымыздың тарихы, мәдениеті, дәстүрі, салт-санасы, тыныс-тіршілігі, мемлекетаралық мәмілегерлік құжаттарды сақтаудың қажеттігін алғашқы боп жүрегімен сезінген Бөкей хан еді. Қазақстан мұрағаттары өзінің қалыптасуы тарихын 1794 жылы Бөкей ордасының мұрағатымен бастайды, сол жылдан бастап мемлекет қарамағына алынды.
Сонымен Қазақстандағы мұрағат құрылысы 3 кезеңді бастан өткерді: Қазан төңкерісіне дейінгі, кеңес уақытындағы және тәуелсіздік алғаннан кейінгі. Әр кезек өзіне тән саяси ерекшеліктеріне қарай түрлі типтегі, мазмұндағы мұрағаттармен ерекшелінеді.
3. Кеңестік мұрағат жүйесінің қалыптасуы.
Қазақстанда мұрағат ісі мәселелерімен айналысатын орган ретінде 1919 жылы Орынборда, Халық ағарту комиссариаты қарамағында Бас мұрағат басқармасы құрылды.
1921 жылдың 5 сәуірінде Қазақ Өлкелік Бас архив үйымдастырылды. Ол 1922 жылдың күзінде Өлкелік орталық архив деп аталды.
Алғашқы республикалық мұрағат - Орталық өлкелік мұрағат құрылды. 1922 жылғы 24-қаңтарда Орталық өлкелік мұрағат туралы ереже бекітілді. Орталық мұрағаттың міндеттері бойынша Қазақстанда Бүкіл Ресейлік Бір архив Фондының болімшесі ашылды. 1925 жылы Орталық Өлкелік мұрағат Қызылордаға көшіп , оның қорына Торғай облыстық мұрағат қоры кірді, бұл қорда 1868 жылға дейінгі материалдар жинақталған болатын. Ал істердін бір бөлігі Орынбор бюросына беріліп; олар Ресейдін орталық мұрағатына түсті.
Тарихи зерттеулердің құжаттық базасы жасалды. Қазан төңкерісі мен Компартия тарихы бойынша материалдарды жиналды және зерттеу шаралары жүрді. Қырғыз облыстық комитеті қарамағында Қазан төңкерісі мен Компартия тарихы бойынша материалдар жиналды және зеррттеумен айналысатын арнайы комиссия (Истпарт) құрылған болатын.
4. Мұрағат мекемелерінің жұмысының негізгі бағыттары. Тарихи-революциялық маңызға ие түрлі құжаттар жүйеге келтіріліп, оларды Орталық өлкелік мұрағатқа өткізу мәселелері реттелген болатын. Шекаралас облыстар мен республикалардың мұрағаттарында Қазақстан тарихына қатысты сақтаулы құжаттық материалдары жинақталады.
Орталық мұрағат Қызыл Ордадан Алматыға көшіріледі. ХХ ғасырдың 30-жылдары мұрағаттары басқару органдары қайта ұйымдастырылды. Мұрағат мекемелерінің жүйесін жетілдіру барысында мұрағат бөлімшелерін ұйымдастыру қажеттілігі анықталды.. Қалалық және аудандық мемлекеттік мұрағаттарда мұрағат ісі жолға қойылды.
Мемлекеттік сақтауға жататын Мемлекеттік мұрағаттық қор (ММҚ) құжаттарының санаттарын белгілеу. Қазақстанның тарихына қатысты басқа республикалар мен облыстардың мұратттарында сақтаулы құжаттардың басым бөлігін республиканың мемлекеттік мұрағаттарында шоғырландыру ісінің аяқталуы. Мұрағаттық құжаттарды және істерді сипаттау. Ғылыми-зерттеу мекемелерімен байланысты күшейту. Мұрағаттардың басылымдық қызметі.
5. Республикалық мемлекеттік мұрағаттардың жүйесі.
1936 жылғы Конституция бойынша мемлекеттік аппаратта өзгерістер болды. Мұрағат мекемелері Ішкі істер халық комиссариатының қарамағына берілді. Қазақ КСР БМБ-ның Ішкі істер халық комиссариатының мемлекеттік мұрағаттар бөлімі болып өзгеруі. Мұрағаттар тоталитарлық режим аясында. Орталықтандыру принципі мен мұрағаттық қорлардың біртұтастығы принципі бұзылды. Арнайы мемлекеттік мұрағаттардың және партия мұрағаттары жүйесі құрылуы. Мемлекеттік мұрағаттар және бұрынғы КОКП мұрағаттарының жеке дербес әрекет етті.
Мұрағат мекемелері соғыс жылдарында. Ресейдің батыс аудандарынан мұрағаттарды Қазақстанға көшіру. Қазақ КСР Орталық фонофотокиноқұжаттарының мемлекеттік мұрағатын ұйымдастыру.
Мұрағаттардың ғылыми басылымдық жұмысы. Мұрағатты құжаттарды түрлі мақсаттарда пайдалану. Құжаттарды халық шаруашылығының мақсатына пайдалану үшін іздестіру. Қазақ КСР мұрағаттық басқару органдарына басшылық жасаудың жақсартылуы. Соғыстан кейінгі кезеңдегі мұрағат мекемелері. Республиканың министрліктер мен ведомстволарындағы мұрағаттық материалдардың сақталуын жақсарту шаралары. Ведомстволық қарасты мекемелерде құжаттармен жұмыс жасауды бақылау.
1950 жылдардың ортасына дейін мемлекеттік мұрағаттардағы жеке қорларды жинау жұмыстары төмен деңгейде жүргізілді. Өйткені ол кезде жеке адамдардың құжаттарын бағалап, қабылдау мен жинақтаудың жалпы әдістері жаңадан пайда бола бастап еді. 50-жылдардың аяғына таман еліміздің көптеген мемлекеттік мұрағаттарының жинақтау тәжірибесін байытатын еңбектер шықты. Сол кезден бастап аталған мәселе жаңа белеске көтерілді. Себебі бұл кезеңде құжаттардың құндылығын сұрыптау жұмыстарында қайта құру жүргізілді.
Республикалық мемлекеттік мұрағаттар және Алматы облыстық және Алматы қалалық мемлекеттік мұрағаттар біріктірілді. Республиканың мұрағат органдарының ведомствоға қарасты және құқықтық жағдайы өзгерілді. Қазақ КСР ІІМ-нің Мұрағат басқармасы қайта құрылды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мұрағат басқармасы туралы ереже бекітілді. 1960 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 24 шілдедегі (№667) Жарлығы бойынша Ішкі істер Министрлігі бөлімдерінің жойылуына байланысты қалалық, аудандық архивтер тиісінше атқару комитеттерінің қарауына берілді. Архив басқармасының құрылымына 1965, 1967 жылдары аздаған өзгерістер енді.
Соғыс жылдарында КСРО-ның мұрағаттық мекемелері мұрағаттарды реттеу, оларды сақтау, құжаттары жариялауы жалғаса берді. Соғыс жылдары басында батыстағы мұрағаттар Сібірге, Қазақстанға және т.б. республикаларға көшірілді.
Қазақстанға облыстық мемлекеттік архивқа жинақталған және кейбір қалаларды, қалалық архивтар бөлімінде жинақталған 16-ақ вагон енгізілді.
Документ сақтауға қолайлы жердің болмауынан дымқыл жерде тұрғандықтан құжаттардағы ақпаратты алу мүмкін болмай қалды. Соған қарамастан архивтік қызметтің барлық жақтарына бағытталған жұмыстар қиын жағдайға қарамастан жалғаса түсті. Соның ішінде соғыс жылдарында, нақтырақ айтқанда, 1943 жылдың қаңтарында киноқұжаттармен, дыбыс баспаларын шығарушы ортақ мемлекеттік Архив пайда болды. Соғыс жылдарынан кейінгі бастапқы кездерде архивтар көбіне Ұлы Отан соғысына қатысушылар туралы құжаттар жинаумен айналысты. 1950 жылдың басына Документалды материалдар жазылуының негізгі қағидалары шығарылды.
Соғыстан кейін жылдарда мұрағатшылар өздерінің практикалық қызметтерін мынадай бағыттардағы: археография, архивқа кіріспе, құжатқа кіріспе сияқты аумақтағы ғылыми ізденістермен байланыстырды.
Сонымен 1960 жылдың аяғы мен 1970 жылдың басында мұрағаттық мекемелер мұрағаттық жұмыстарды дамытуда, 5 жылдық жоспарды атқаруда маңызды жұмыс жасады. 1966 жылдың қаңтарында Қазақ КСР министрлер кеңесі мемлекеттегі мұрағатты жұмыстардың одан ары жақсаруына Қаулы қабылдады. Мұнда 5 жылға белгіленген тапсырмалар болды. Бұл қаулының шынайыландырылуы сол орындардағы мұрағатар жұмыстар күйінің терең талдануы мен анықталған бағытын талап етті.
Талқылауға тұспа-тұс келетін қабылдауға мұрағаттық ұйым ғана емес мекемелер де қатыстырылды. Жергілікті өзін-өзі басқару мүшеліктер: облыстық, қалалық, аудандық, т.б. жалпылап айтқанда қайсында жергілікті мұрағатары бар, барлығы түсті. Басқару үдерістерін жүзеге асыру мен басқару үдерістерінің нәтижелерін қабылдауын талқылау үшін әдіскерліке кіріспе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары
Орынбор ғылыми архив комиссиясы құрылу тарихы
Қазақстан Республикасында мұрағат ісін ұйымдастыру
Батыс Қазақстандағы Сталинград майданы тылының инфрақұрылымының, күштері мен құралдарының қызметі
Қазақстандағы мұрағат ісі
Павлодар облыстық мемлекеттік мұрағаты
Мұрағат ісін ұйымдастыруда іс –шараларды жүргізу
Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі
Ведомствалық мұрағат
Кеңестік Қазақстан тарихының деректемелері
Пәндер