Авторлық құқықтың обьектісі мен субьектісі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.Авторлық құқық туралы түсінік (тарихы)
1.1. Авторлық құқықтың обьектісі мен субьектісі
1.2. Қазақстан Республикасының аумағында авторлық құқықтың қолданылуы және шетел авторлары

2. Авторлық құқықты қорғау
2.1. Сабақтас құқықтар
2.2. Тең авторлар

3.Қазақстан авторлар қоғамының қызметі (қызметтік ерекшелігі)

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Маған берілген курстық жұмыстың тақырыбына арқау болып отырған негізгі мәселелердің бірі Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жалпы авторлық құқық және оны қолдану аясы, обьектілері мен субьектілерінің құқықтық жағдайын теориялық және құқықтық тұрғыдан қарастыру болып табылады. Бұл мәселені жалпы авторлық құқыққа қарасты тұрғыдан қарайтын болсақ, ол тіпті халықаралық (әлемдік) деңгейде әлі күнге дейін өзінің шешімін таппай келе жатқан үлкен бір өзекті мәселелердің бірі әрі бірегейі десек артық айтпағандық болар еді. Оған мысал, әлі күнге дейін осы салаға қатысты көптеген құқық бұзушылықтар мен даулы мәселелер орын алуда. Сонымен қатар, авторлық құқықта қарастырылатын мәселелердің өзектілігін мына мән жағдайлар арқылы байқауға болады: ХІХ ғасырдың басында жаңа ғылыми - техникалар өмірге келді. Сол ғылыми - техникалық прогресстің өте қарқынды, әрі тез ілгерілеп дамуы авторлық құқықтың жаңа обьектілері мен суьбектілерін өмірге әкелді,оған мысал ретінде бір ғана интернет желісін (жүйесін) алып қарауға болады. Интернет жүйесін ашып қарасақ әлі күнге дейін құқықтық тұрғыдан өз шешімін таппай отырған қаншама қыруар проблемалардың барына көз жеткізу мүлдем қиындық туғызбайды.
Маған берілген тақырыптың өзектілігіне келер болсақ, авторлық құқықты қорғаудың әлі күнге дейін әлемдік деңгейде біркелкі болмауы, әрі өз шешімін таппай келе жатқандығы. Бұл тұрғыда әлемдік қоғамдастықтар әлі күнге дейін авторлық құқық бойынша өзекті мәселелерді ортаға салып, талқылап, бәріне бірдей ыңғайлы (қолайлы) заңдар мен нормалар қабылдап, көптеген шарттар жасасып келеді. Сонымен қатар, еліміздің де авторлық құқық саласын біршама оңтайландыруды талап етеді. Тәуелсіз мемлекетіміз осы жылдар аралығында авторлық құқық саласын дамыту бойынша көптеген Халықарылық Конвенцияларға мүшелік етіп, халықарылық деңгейдегі шарттар жасасып келеді. Осы тұрғыдан алар болсақ, мемлекетімізде авторлық құқықты қорғау бойынша көптеген жұмыстар атқарылып келеді деуге негіз бар. Сонда да, бұл салада көптеген кемшіліктердің әлі күнге дейін бар екенін жоққа шығармау керек.
Жұмыстың негізгі мақсаты - авторлық құқық түсінігі және оның шығу тарихын ашып көрсету. Сәйкесінше, елімізде авторлық құқық туралы қабылданған заңдар мен нормаларға талдау жасау.
Мен өзімнің курстық жұмысымда ең алдымен авторлық құқық туралы, оның шығу тарихы мен қолдану аясын қарастыра келе авторлардың құқықтарын қорғау мәселесіне теориялық және құқықтық тұрғыдан барынша тереңірек қарастыруға тырысамын.Сонымен қатар, еліміздегі авторлық құқық қатынастарын реттейтін заңнамаларға теориялық тұрғыдан талдау жасап өткім келеді.

1. Авторлық құқық тарихы: Авторлық құқық туралы идеялардың саяси-құқықтық ілімдер тарихында қалыптасуы
Авторлық құқық түсінігін талдамас бұрын, ең алдымен Автор түсінігіне сипаттама беріп кеткен жөн. Сонымен, автор дегеніміз - латын тілінен аударғанда аuctor -- жасаушы, шығарушы деген мағынаны білдіреді. Яғни, көркем шығарманы, ғылыми публицистикалық туындыны,
сәулеткерлік дүниелерді, жобаларды, өнертабысты жазған, әдебиет, өнер, музыка, бейнелеу, мүсін, сәулет, графика, ғылым, техника саласында шығарма жазған (жоба жұмыстарын жасаған және т.б.) немесе соған қатысқан адам не ұжым (мекеме, ұйым).
Қазіргі өнертану, әдебиеттану ғылымдарында қалыптасқан түсінік бойынша автор өнер туындысын жасаушы, қаламгер, өз шығармасы арқылы өзінің дара, көркемдік танымын әйгілейтін (айқындайтын) шығармашылық тұлға. Автордың санаты шығармашылық қабілет, шығармашылық даралық, дара дүниетаным, этикалық, эстетикалық принцип, өмір тәжірибесі секілді ұғымдар ауқымында талданады. Бұл тұрғыда әлемдік өнертануда автор санаты туралы ортақ тұжырымның жоқ екенін де ескерген жөн.
Жалпы алғанда автор деп - белгілі бір жаңалық ашқан немесе шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындысын жасаған жеке тұлғаны айтамыз. Осы тұрғыдан кез - келген автордың шығарған туындылары Заңмен қорғалып отырады. Оны біз авторлық құқық деп атаймыз. Сонымен авторлық құқық дегеніміз не?
Авторлық құқық дегеніміз - адамның шығармашылық еңбек нәтижесінде пайда болған дүниесін (әдеби шығармаларын, жобаларын, музыкалық туындыларын және т.б.) заң жүзінде қорғауы. Яғни, автордың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары.
Авторлық құқық - цивилистік категориялардың бірі бола отырып, ғылым, əдебиет жəне өнер салаларындағы тұлғаның шығармашылық қызметінің нəтижесі болып табылатын туындыларды пайдалануды реттеуге жəне қорғауға бағытталған нормалар жиынтығы болып табылады. Əртүрлі құқық жүйелеріндегі оның түсінігі, ұғымдары түрлі өзіндік ерекшеліктерге ие жəне де оның мазмұны авторлық құқық (copyright) жəне автор құқықтары (droit d'ayter) терминдерімен сипатталады [1,345б].
Англо - американдық құқық жүйесі елдерінде авторлық қарым-қатынастарды реттеуде сот прецедентімен қатар маңызды рөлге заңнама ие болады. Тарихқа үңілетін болсақ, бұрын баспа ісі жоқ кезде қолжазбаны көбейту өте қиын болатын да, автор мүлкіне қол сұғу сирек кездесетін. Халықаралық деңгейде авторлық құқық туралы идея көптеген зерттеушілердің (отандық та, шетелдік те) айтуынша кітап басу ісімен жəне техниканың пайда болуымен тікелей байланысты XVI ғасырда пайда болды. Кейіннен, XVI ғасырда Иоганн Гутенберг жылжымалы литерді ойлап тауып, кітап басатын станок дүниеге келісімен кітап шығару күрт өсіп, шығарма иесіне пайда түсіре бастады. Шығармашылық еңбек саудаға айналды. Бұл авторлардың осындай туындыларды еркін пайдалануына тежеу бола тұрса да, осы туындыларды пайдалануды реттеуге байланысты сауалдар авторлардың құқықтарын қорғау негізінде емес, кəсіпкерлердің - баспашылар мен кітап сатушылардың мүдделерінің қозғалуымен пайда бола бастады. Яғни, жақсы кітапты ұрлап шығаратындар, біреудің шығармасын екіншілердің жөнсіз пайдаланып кетуі, кітап басу арқылы пайда табатындардың арасындағы бəсекелестік алғашқы əдебиет қарақшыларын тудырды. Баспа өнімдерінің экономикалық пайдасымен қоса, саяси жəне əлеуметтік күш-қуатын тани білген билік иегерлері XV ғасырдың аяқ шенінде ыңғайлы жеке баспагерлерге ғана ерекше мүмкіндік тудырып, қалғандарын патшалар мен корольдердің жарлығы арқылы тежеп реттеп, басқарып отырды, яғни Англия мен Францияда корольдермен, германдық князьдықтарда - князьдармен, т.б. берілетін құзіреттер жүйесі орнықтырылды.
Еуропадағы осы аядағы алғашқы Заң XVII ғасырда дүниеге келді. Ағылшын баспагерлері мен кітап саудагерлері компаниясының автор құқығын қорғауға байланысты талаптарына сəйкес əзірленген заң жобасы 1709 жылы талқыланып, ол 1710 жылдың сəуірінде Королева Аннаның Статуты деген атпен күшіне енді. Бұл заң, басында тек баспагерлердің ғана мүддесін қорғап, кейіннен басқа буржуазиялық мемлекеттермен қабылданып, туындыға айрықша құқықтарды қорғаудың фундаменталды қағидаларын бекітті. Қазіргі кезде Англияда 1956 жылғы заңның орнына келген 1988 жылғы Авторлық құқық туралы заң жүзеге асуда жəне бұл заңның күші алғашқысы сияқты бүкіл Ұлыбритания территориясында таралады. Ал суретшілердің авторлық құқығы туралы заң Англияда 1735 жылдың өзінде қабылданған еді. [2, 13-15б.]
Ал қазіргі кезде, Францияда жүзеге асып отырған авторлық құқық туралы негізгі заң 1957 жылы 11 наурызда қабылданған Əдебиет жəне көркемөнер меншігі туралы заң (соңғы өзгерістер 1985 жылы жасалған), ал ГФР-дегі авторлық құқық туралы негізгі заң болып 1965 жылы 9 қыркүйекте қабылданған Авторлық жəне сабақтас құқықтар туралы заң (соңғы басты өзгерістер 1972-1974 жылдары енгізілген) жəне осы заңмен қатар қабылданған Авторлық құқықтарға билік ету туралы (авторлық қоғамдар туралы) заң танылады [3, 366б.].
Ресейге келетін болсақ, əдеби туындыларды қайта шығару жəне таратумен байланысты қарым- қатынастарды реттеу баспашылар мен кітап сатушылар құқықтарын да, авторлар құқықтарын да қорғау үшін пайда болған жоқ. Ресей авторлық құқығының негізгі ерекшелігі оның цензуралық заңнамамен байланысы болып табылады. 1771 жылға дейін кітап шығарушылық қызмет Ресейде мемлекеттік монополиялар қатарына жатқызылып келді. 1771 жылы Петербургте шет тілдерінде кітап басып шығаруға байланысты құзіреттер енгізіліп, сол кезде шетел əдебиеттеріне цензура енгізілген еді. Орыс тіліндегі кітаптарды басуға мүмкіншілігі бар жеке типографияларға келетін болсақ, оларды құруға рұқсат тек 1783 жылғы 15 қаңтардағы жарлықпен ғана беріліп, ол 13 жылдан кейін өте либералды нормативтік акт ретінде күшін жойған еді. Мемлекеттің кітап шығару аясындағы үстем рөлі Ресейде XIX ғасырдың ортасына дейін сақталып келді. Ең бірінші авторлардың өз əдеби туындыларына құқықтарын бекітетін заң тек 1828 жылы Цензуралық жарғының арнайы бір тарауы ретінде пайда болды жəне оның бастау көзінде орыстың ұлы драматургтері А.Н. Островский, А.К. Толстой, И.С. Тургенев, Н.С. Лесков сияқты алыптар тұрды. 1875 жылы оған Н.А. Римский-Корсаков бастаған композиторлар келіп қосылды [4, 36-37б.]
Сонымен, Еуропа елдерінде де, Ресейде де авторлық құқық алғашында əдеби туындыларды пайдалану құқығы ретінде көрініс тапқан болатын. Кейіннен, авторлық құқықпен қорғалатын объектілер аясы кеңіп, өз қатарына музыкалық, көркемсурет жəне басқа да туындылар түрлерін қоса түсті.
Ал Тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы авторлық құқықты қорғау 1996 жылдың 10 маусымынан бастап Заң жүзінде қорғала бастады. Ал негізінен алып қарайтын болсақ, ел аумағында авторлық негіздері Әл - Фараби заманынан келе жатқандығын аңғаруға болады.
Авторлық құқық туралы ресми құжаттар Қазақстан аумағында тұңғыш рет ХІХ - шы ғасырдың аяғы мен ХХ - шы ғасырдың басындағы ғылыми - қоғамдық еңбектерде көрініс берген, ал содан кейін қолданыстағы бірқатар Заң ережелерінде, нақтырақ айтсақ,1928 жылғы Заң Кодексінде айқындала түскен. Дегенменде бұл заңдар жүйесі 1917 жылдың 29 желтоқсанында қабылданған Мемлекеттік баспа туралы дектреттен бастау алды. Бірақ, ол кездегі заң жобалары авторлық құқық саласындағы проблемаларды шешуге дәрменсіз еді.
Еліміздегі авторлық құқықты қорғаудың мемлекеттік негізі 1973 жылы Бүкілодақтық авторлық құқық жөніндегі Агенттіктің (яғни, ВААП) Қазақстан аумағындағы бөлімшесі жұмыс жасай бастаған күннен басталды.
Ел аумағындағы авторлық құқықты қорғаудың жаңа кезеңі еліміздің Тәуелсіздік алуымен тікелей байланысты. 1992 жылы Бүкілодақтық Агенттіктің қазақ бөлімшесінің негізінде Тәуелсіз Қазақстанның Авторлық құқық және сабақтас құқығы жөніндегі Мемлекеттік Агенттігі құрылды. Мемлекеттік агенттік 1999 жылдың басында Әділет министрлігінің құрамына кіріп, Авторлық құқық жөніндегі комитет деп атала басталды.
Жалпы алғанда тарихи түрде авторлық құқықтың жүзеге асуы - автордың азаматтығы немесе қай елге бағыныштылығына байланысты анықталып келген еді. Бұдан қазір де орын алып отырған авторлық құқықтың территориалдық қағидасын көруге болады. Уақыт өтісімен, бір мемлекет азаматтарының өз туындыларын пайдалануға байланысты құқықтарының басқа мемлекеттер аумағында да қорғалуы аса қажеттілік тудыра бастады. Бірақ, бұл мəселе терең түрдегі ізденіс пен шешімді қажет етті. Яғни, халықаралық байланыстың дамуы санаткерлік меншік иесін анықтап, оны тудырушы ел мен пайдаланушылар арасындағы қарым - қатынасты реттеудің, яғни, осы саланы бір жүйеге келтіретін халықаралық заңдарды қабылдаудың қажеттігін тудырды.
Бүгінгі таңда Қазақстан авторлық құқықтар жөніндегі мынандай халықаралық жəне аймақтық келісімдер мен конвенциялар талаптарын орындауға міндеттенуде:
бір ғасырдан астам тарихы бар Əдеби жəне көркем туындыларды қорғау туралы тұңғыш конвенция 1886 жылы 9 қыркүйекте Бернде қабылданған болатын. Берн Конвенциясына бірнеше рет толықтырулар, өзгертулер енгізілгенімен оның жалпы қағидалары толық сақталған жəне ол барлық қатысушы елдерге ортақ болып саналады. Республика Президенті Қазақстан Республикасының Əдеби жəне көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн Конвенциясына қосылу туралы Заңына 1998 жылдың қарашасында қол қойып, осы арқылы Қазақстан өзінің шығармашылық еркіндігін, санаткерлік потенциалды қорғау қағидаларының жолын берік ұстай отырып, əлемдік қауымдастыққа лайықты орын алуға ұмтылысын дəлелдей түсті.
Берн Конвениясына қосылған барлық мемлекеттер авторларының құқықтарының тең қорғалуы - осы құжаттың басты шарты. Яғни, əр тарап өз заңдарына сəйкес сол мемлекеттің азаматы болып табылатын авторлардың, сондай - ақ, басқа ел авторларының да құқықтарын тең дəрежеде қорғауды жүзеге асыруға міндеттеледі. Шығармашылық еркіндікке осылайша жол ашу конвенцияға қосылған барлық елдерге тəн сипат. Сонымен, Берн Конвенциясына қосылу бізге көп мүмкіндіктер ұсынады. Мысалыға айтар болсақ, осы Конвенцияға мүше болу арқылы Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіру мүмкіндігі артады. Ең бастысы, Берн Конвенциясына республиканың өзінде де, басқа елдерде де авторлық құқықты тиімді қорғауға сенімді алғышарт орнайды.
Берн Конвенциясындағы авторлар құқықтарын қорғаудағы қатаң талаптар мен тəртіптердің орын алуын, материалдық - құқықтық нормалар аздығын, ұлттық заңнамаларға сілтемелердің көптігін негізге ала отырып, дамушы елдердің мүдделерін ескеру мақсатында 1952 жылғы 6 қыркүйекте Женевада Дүниежүзілік авторлық құқық жөніндегі конвенциясының қабылданғандығын атап өтуге болады. Осы Конвенцияның кіріспесінде санаткерлік меншік саласындағы тұлғалардың құқықтарын сақтау, оларды сыйлау, əдебиет, ғылым жəне өнердің дамуына ықпал жасау - халықаралық өзара түсіністікке игі əсерін тигізетіндігі нық басып айтылған. КСРО аталмыш Конвенцияға тек 1973 жылы ғана қосылған болатын. Біздің мемлекетіміз егемендікке қол жеткізгеннен кейін, Одақтың құқықтық мирасқорларының бірі ретінде аталған Конвенцияның мүшесі болып қалды. Осы екі Конвенциялардың да соңғы мəтіні 1971 жылы Парижде қабылданды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы 1996 жылы 20 желтоқсанда Женевада қабылданған Туындылардың кейбір түрлеріне жекелеген құқықтарды қорғауға байланысты авторлық құқық туралы Дүниежүзiлiк Санаткерлiк Меншiк Ұйымының (ДСМҰ) келісім-шартына 2004 жылғы 16 сəуірдегі Заңымен қосылды. Бұл келісім-шарт авторлық жəне сабақтас құқықтар субьектілерінің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етудің бірден-бір қайнар көзі десек қателеспеспіз.
Конвенцияларға қосылу, Келісімдерге жəне Шарттарға қол қою біздің мемлекетке бірқатар жауапкершілік жүктейді, себебі, осы Келісімдер мен Шарттар арқылы белгілі міндеттемелер қабылданады. Бүгінгі таңда халықаралық ұйымдар, экономикасы дамыған өркениетті елдер Қазақстандағы санаткерлік меншік құқықтарын қорғау мəселелеріне түпкілікті назар аударып отыр. Олай дейтініміз, мысалға, Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы сауда қатынастары туралы 1992 жылдың 19 маусымында екі елдің Президенттері қол қойған Келісімдегі маңызды баптардың бірі - Тараптардың санаткерлік меншікті қорғау жөніндегі VII бабы болып табылады. Онда атап көрсетілгендей, тараптар əр елдің өз заңдарының ережелеріне сəйкес санаткерлік меншік құқығын қорғайды, соның ішінде əдеби, ғылыми жəне көркем туындылармен қоса -ға арналған мəліметтер жиынтығы да бар. Кез-келген елдегі заңның тəжірибелік құндылығы оның неғұрлым тиімді түрде жүзеге асуымен тікелей байланысты. Авторларға өз құқықтарын жеке дара жүзеге асыру қиын болған кезде авторлардың атынан олардың кейбір құқықтарын жүзеге асырушы арнайы ұйымдар құру тиімді тəсіл болатындығы сөзсіз.
Осы негізді басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасындағы авторлық жəне сабақтас құқықтарды реттеу үшін 1996 жылдың маусымында қабылданған тұңғыш Заң актісі болып табылатын Авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар туралы Заң негізінде 1997 жылы Қазақстан Авторлар Қоғамы (ҚазАҚ) құрылды. Оның басты міндеті əдебиет жəне өнер туындылары авторларының мүліктік құқығын қорғауды Қазақстан аумағында жəне шетелдерде қамтамасыз ету болып табылады.[5, 77б.].

Авторлық құқықтың обьектісі мен субьектісі
Әдебиет, ғылым, өнер туындылары, олардың тағайындалуына (кімге арналғанына), мазмұны мен лайықтылығына, баяндау тәсілі мен нысанына қатыссыз түрде авторлық құқық обьектілері болып саналады.
Авторлық құқық объектілері бағытының қадіріне және бейнелеу нысанынан тәуелсіз ғылым, әдебиет және мәдениет туындылары болып есептеледі.
Сонымен қатар, авторлық құқық объектілерін нақты белгілері болатынын атап кеткен жөн.
Авторлық құқық объектісінің бірінші белгісі - бұл оның жасалуының шығармашылық мінезі және екінші белгісі-бұл ойын білдірудің объективті нысаны. Бұл дегеніміз, авторлық құқық объектісі автордың шығармашылық еңбегінің нәтижесі болу тиіс, және материалдық жеткізушіде тіркелуі керек (жазбаша нысанда, бейнелеу нысанында, дыбыс немесе бейне жазбаларда, көлемді-кеңістік нысанында), сондай-ақ авторлық құқық көпшілік алдында орындалған ауызша формада болуы мүмкін.
Мыналар авторлық құқық обьектілері болып табылады:
Әдеби туындылар;
Драмалық және музыкалық - драмалық туындылар;
Сценарийлік туындылар;
Хореография және пантомима туындылары;
Мәтінді немесе мәтінсіз музыкалық туындылар;
Аудио - бейне туындылары, радио туындылары;
Кескіндеме, мүсін, графика туындылары мен басқа да бейнелеу өнерінің туындылары;
Қолданбалы өнер туындылары;
Сәулет, қала құрылысы, дизайн және бау - саябақ өнері туындылары;
Фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас әдістермен алынған туындылар;
Географияға, топографияға және басқа да ғылымдарға қатысты карталар, жоспарлар, эскиздер, безендірулер мен үш өлшемді туындылар;
ЭЕМ - ге арналған бағдарламалар;
Өзге де туындылар.
Туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар және т.б.);
Жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және басқа да іріктелу және (немесе) материалдардың орналасуы бойынша шығармашылық еңбек нәтижесі болып табылатын құрастырылған туындылар.
ЭЕМ - ге арналған бағдарламаларды қорға ЭЕМ - ге арналған бағдарламалардың (соның ішінде операциялық жүйелердің) бастапқы мәтін мен обьектілік кодты қоса алғанда, кез - келген тілде және кез - келген нысанда жасалуы мүмкін барлық түріне қолоданылады. (ҚР АК 972б)
Авторлық құқық болып табылмайтын туындылар:
Ресми құжаттар (заңдар, сот шешімдері, заң әкімшілік, сот сипатындағы және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтіндер), сонымен қатар, олардың ресми аудармалары;
Мемлекеттік нышандар мен белгілер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгілері және өзге де мемлекеттік рәміздер мен белгілер);
Халық шығармашылығының туындылары (құқық субьектілерінің жоқ болуына байланысты);
Ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактілер туралы хабарлар.
Оған авторлық құқықты қолдану мерзімі өткен туындылар. (ҚР АК 974б)
Авторлық құқықтың субьектісі автор болып табылады. Автор - туындыны шығармашылық еңбегімен жарыққа шығарған жеке тұлға Жоғарыда айтып өткендей автор - туындыны тудырушы тұлға.
Авторлық құқық субъектісі ретінде жеке тұлғалар мен бірге заңды тұлғалар да бола алады. Екіншісіне әдетте газеттер мен журналдар баспасы және басқа да кейбір құрамды шығармалар, аудиовизуальды шығармаларды дайындаушылар мен қызметтік шығарма авторына жұмыс берушілер жатады.
Қазақстан Республикасының Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы авторлық құқық субъектілерінің мынадай түрлерін көруге мүмкіндік береді:
- автор;
- аудиовизуальдық туындылардың авторлары;
- жұмыс беруші;
-мұрагерлер;
-авторладың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар;
- өзге тұлғалар.
Жекеленген авторлық құқықтың субъектілері сабақтас құқықтардың субъектілері болып табылуы мүмкін.Олар: орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлік және немесе кабельдік хабар таратушылар.
Авторлық құқық субъектісі пайда бола алмайтын фактілік құрамға 3 элемент жатады:
Туындыны (шығарманы) шығару барысындағы автордың щығармашылық еңбегі;
Шығарманы шығаратын нақты автордың немесе бірнеше тең авторлардың, немесе авторлық құқықта шартты түрде заңды тұлға түсінігіне біріктірілетін авторлар тобының бар болуы;
Бекітілген талаптарға жауап беретін субъектіде авторлық құқықтарды заңмен танудың бар болуы.
Осы айтылған элементтердің сәйкес келуі арқылы авторлық құқық субъектісі пайда болады.
Жалпы алғанда авторлық құқық субъектісі түсінігі автор түсінігіненде кең қолданылатынын көруге болады. Себебі, авторлық құқықты (туындыны пайдалану туралы айрыша құқықтар) автордан басқа өзге де тұлғалар иелік ете алады (ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Авторлық құқықтың түсінігі туралы
Авторлық құқықтың түсінігі
Авторлық құқық субъектілері
Авторлық құқық субъектілерінің түсінігі
Авторлық құқық жайлы
Авторлық құқық субъектілері, түрлері
Әдеби және көркем өнер туындыларына халықаралық құқықтық қорғау мәселелері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Авторлық құқықтың объектілері
Заңдық фактілердің мағынасына ие фактілерді анықтау
Пәндер