Қолданылатын әдіс тәсілдер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ»
«ҚОСТАНАЙ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ.
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу қабілетін дамытуға қолданылатын əдіс- тəсілдер тақырыбына.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
АК-31 тобының
Студенті Джамбулұлы Данияз орындады
Жетекші: Боханова А. Б.
Қостанай, 2020
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 2-5
I Қоғамдағы тіл дамыту мәселелері . . . 5-6
1. 1 Сөйлеудің жалпы түсінігі . . . 5-6
1. 2 Сөйлеудің психология жағынан көзқарасы . . . 6-7
1. 3 Оқушының тіл байлығын дамытудағы әдіс - тәсілдер . . . 7-10
1. 4 Баланың тілін жетілдірудегі мұғалімнің рөлі мен оқушының тілін дамытудағы негізгі объектілер . . . 10-14
1. 5 Бастауыш оқушыларының сөйлеу қабілетін дамытуға қойылатын талаптар14-20
II Оқушының сөздік қорын дамыту жолдары . . . 20-27
2. 1 Қолданылатын әдіс тәсілдер. 20-27
2. 2 Сөзді өзгерту және сөз жасау дағдылары мен байланыстырып сөйлеу
қабілетін дамыту. . 27-35
Қорытынды. . 35-37
Пайдаланған әдебиеттер . . . 37
Қосымша 138-44
Қосымша 2 . . . 44-50
Кіріспе:
Сөйлеу әрекетінің жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттелуі тіл білімінде ХХ ғасырдан бастау алады. Тіл білімі үшін сөйлеу әрекетін зерттеу үлкен мәселелердің бірі екендігін швед лингвисі Фердинанд де Соссюр алғаш болып көрсеткен. Қазақстандық ғалымдар: Т. А. Аяпова, Э. Д. Сүлейменова, Ф. Ш. Оразбаева. т. б. Л. Щерба: «Сөйлеу әрекеті дегеніміз-үзіксіз үрдіс және ол сөйлеу үрдісі мен тыңдаудан тұрады», деген, ал Т. Аяпова «Адам баласының сөйлеуі-баланың алғашқы сөйлеуі және тілдік ортада түсінуі, белгілі бір жағдаятқа байланысты, мақсатты, қажетті болып табылатындығын айқындайды», - деді.
Тілдің қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар алысатын саналы әрекет түрінде жүзеге асатыны белгілі. Сондықтан тілдің әртүрлі деңгейіндегі тілдік бірліктердің ерекшеліктері, сөйлеудің коммуникативті түрлері, сөйлесімдер мен мәтіндердің коммуникативтілігіне негіз болып отыр. Қоғам талабына сай қазақ тілін оқытуда берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңалау қажет ететіндігі айқындалды. Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізіп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектеп білімнің негізгі мақсаты оқушының сөйлеу қабілетін жетілдіру. Соңғы жылдардағы тілші, әдіскер ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйенсек, мектеп оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін (топик) құрауда дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде жеткізе алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады деген пікірді тілге тиек етіп отыр. Қазіргі кезде оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру- бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады
Жұмыстың өзектілігі: Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңыздағы мәселе - мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл - бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Әнұран секілді дәл сондай нышан. Және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс», - деп оның қоғам өміріндегі орны мен рөлін, қадір-қасиетін айрықша атап көрсетті.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу қабілетін дамытуға қолданылатын əдіс- тəсілдер арқылы сапалы білім беру.
Зерттеу міндеті:
- Зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша әдебиеттер тізімін жинақтау, іріктеу;
- сөйлеу қабілетін дамытуға қолданылатын əдіс- тəсілдер анықтау;
- Қазіргі жаңартылған білім жүйесіне сәйкес сөйлеу қабілетін дамытуға қолданылатын əдіс- тəсілдер жіктеу;
- Алған ақпарат бойынша оқушыларға қандай ықпалын тигізетің анықтау;
Зерттеу нысаны: Сөйлеу қабілет үрдесінде жаңа әдіс - тәсілдер; жаңартылған білім жүйесі.
Зерттеу субъектісі: Бастауыш сынып оқушылары.
Зерттеудің болжамы: егер қазіргі жаңартылған білім беру жүйесіне сай жаңа әдіс-тәсілдерді зерттеп тауып сонымен қатар сабақта ұтымды пайдалана білсем, оқушылардың сөйлеу қабілетін деңгейін жетілдіре аламын.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: жаңартылған білім беру жүйесіне сай әдіс-тәсілдер және сөйлеудегі жаңа әдіс тәсілдердің тиімділігі қамтылған.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Зерттеудің базасы:
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден; қорытындыдан; пайдаланған әдебиеттерден; қосымшадан тұрады.
I Қоғамдағы тіл дамыту мәселелері.
1. 1 Сөйлеудің жалпы түсінігі
Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, өз қимыл - қозғалыстарын басқару, реттестіру үшін басқалармен қарым - қатынасқа түседі. Бұл үшін ол белгілі бір ұлттың, ана тілінің грамматикалық ерекшелігіне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады.
Ойымызды басқа біреуге жеткізуде көрінетін жеке адамның дербес әрекетін сөйлеу деп атайды. Сөйлеу - бұл пікір алысу процесінде адамның белгілі тіл- дә өзінше пайдалануы. Бір тілдің өзіне сөйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін екінші біреуді танып - білу, оған әсер ету үшін қызмет етеді. Сөйлеу процесі арқылы кісі өзінің білімін іс тәжірибесінде байытып қана қоймай, со- нымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады.
Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір - бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдау, оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бір - бірінсіз іске аспайды. Ал интонацияны қабылдау, артикуляциялық аппа- ратпен де адамның мәнерлі қозғалыстарында түрліше реакция тудырады.
Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сөйлеу өз қызметін дұрыс атқара алмайды. Мұның біріншісі - сөйлеудің мазмұндылығы, екінші оның мәнерлілігі. Сөй - лейтін сөзде мазмұны болмаса, ол өзінің сөздік мәнін жояды. Сөздің мағына- лылығы дегеніміз - екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы. Ойы саяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.
Сөздік сигналдарды дұрыс талдай алу адам психикасы дамуының түрлі кезеңдерінде әр қилы көрінеді. Жас баланың алғашқы кезде дыбыстарға қайтаратын жауап реакциясы жалпылама түрде болады. Мысалы, ол «сағат» деген сөзді айтқанда немесе сағатқа қарап сөйлегенде, сол затқа ұқсас дыбыстардың қалай айтылуын дұрыс айыра алмайды. Бұл жағдай баланың ми қабығындағы талдау мен жинақтау әрекеті әлі де жөнді жетілмегендігін, яғни онда сөзді дұрыс қабылдау, оны түсіну мардымсыз екендігін көрсетеді. Сөз - дерді жалпылай алу, адам ойлауы мен сөйлеуінің басты ерекшелігі. Бала мұндай қабілетке тілі шығып, жүре бастағаннан кейін біртіндеп ие болады.
1. 2 Сөйлеудің психология жағынан көзқарасы
Алғаш рет жалпы сөйлеу тілінің дамымауын ХХ ғасырдың 50-60 жылдары Р. Е. Левина және Ресей дефектологиялық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлер ұжымы (Н. А. Никашина, Г. А. Каше, Л. Ф. Спирова, Г. И. Жаренкова және т. б. ) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді жан-жақты зерттеудің қорытындысы нәтижесінде ғылыми тұрғыдан негіздеді.
Жалпы сөйлеу тілінің құрылымын, оның себептерін, бірінші және екінші кемшіліктердің сәйкестігін дұрыс түсіну балаларды арнайы мекемелерге бағыттауда, кемшілікті түзету тәсілдерін дұрыс, әрі тиімді таңдай білу маңыздылық танытады. Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы кезінде дыбыстарды дұрыс айтпау, фонемаларды қабылдаудың бұзылуы, сөздік қордың артта қалуы, сөздің грамматикалық құрылымының бұзылуы байқалады.
Сөйлеу тілі дамымаған балалардың ана тілін меңгеруі ұзаққа созылады, балалардың лексикалық мағынадағы сөздерді игеруі нақты емес. Көбінесе сөз мағыналарын өзара кең түрде ауыстырады, абстрактілі лексиканы меңгеру кезінде қателер кездеседі.
Мәселен Н. С. Жукованың зерттеулерінде тіл дизонтогенезі кезіндегі сөздердің морфологиялық түсініксіздігі көрсетіледі. Онда өзара грамматикалық байланыстағы сөздердің байланысы көрінбейді. Грамматикалық мағынасы жағынан дұрыс және бұрыс құрастырылған сөйлемдер ұзақ уақыт бойы сөздік қорда сақталып қалады.
Сөйлеу тілі дамымаған балалардың тілінің дамуы біркелкі және баяу өтеді. Соның салдарынан сөйлеу жүйесінің әртүрлі қатарлары қалыптаспай қалады. Тіл дамуының баяулауы, сөздік қорды меңгеруінің қиындықтары және грамматикалық құрылыстарын қабылдауы баланың үлкендермен және құрдастарымен сөйлесуіне шектеу жасап, тілдік қарым-қатынасқа түсуге бөгет жасайды.
1. 3 Оқушының тіл байлығын дамытудағы әдіс - тәсілдер
Оқушы қалпына түскен баланың айналадағы дүниетаным өрісінің аумағы артып, тілінің дамуына, осының салдарынан жеке тұлғасының жан-жақты қалыптасуына әсер ететін бастауышта жүретін «Әдебиеттік оқу» пәнінің орны ерекше. Пән - бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Адамның ішкі рухани жан дүниесімен байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді.
Н. Уәлиев: «Тіл мәдениеті дегеніміз - сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық», - дейді. Жалпы, әдебиеттік оқу сабағы арқылы жазу мен сөйлеу мәдениетінің алғы шарты қаланады.
Пәннің мақсаты - дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, оқушыны шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу, көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық пен рухани-адамгершілік тәрбие беру.
Тіл байлығы - сөз байлығы. Лингвист - ғалым М. Балақаевтың: «Ана тілін жақсы білу - әркімнің азаматтық борышы. Егер әрбір сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанаға дәл тиетіндей ұғымды шығып, тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болса, ана тілінің құдіреті сонда ғана сезілер еді. Ал мұндай шеберлік тек тіл мәдениеті жоғары адамдардың ғана қолынан келер жайт», - деген пікірімен келіспеске болмайды.
Бастауыш мектепте сөздік қорды дамыту жұмыстары түрлі жаңа әдіс - тәсілдер арқылы жүзеге асады:
- сұрақ - жауап;
- әңгімелесу;
- әңгімелеу;
- түсіндіру;
- зерттеу;
түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындату арқылы баланың тіл байлығын арттырып, оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіруде мәтіндермен жұмыс жүргізу аса маңызды болып келеді. Көркем мәтінге тақырыптық талдау жасап, негізгі ойын анықтау, кейіпкерлердің іс - әрекетіне баға беру, сол арқылы оқушы танымын кеңейтіп, тәрбиелік жағына көңіл бөлу бастауыш сынып мұғалімдерінің шеберлігі. Алайда, көркем мәтінді оқыған соң, талдаған тұста сөздік жұмысын жүргізу одан әрі оқушының барынша дұрыс түсініп, барлық талдауларға еркін қатысуын қадағалап отыру керек.
Сөйлеу қабілетін дамыту жұмыстары жүйелі жүріп, оны дұрыс меңгеруі үшін сөздік жұмысы жүргізілуі керек. Мұғалім оқушылардың дәптеріне жаңа сөздерді жазғызып талдап отыру керек. Жаңа сөздің мағынасы синонимі антонимі түсіндіріледі.
Тек дәптерге жазғызып қою жеткіліксіз. Енді танысқан сөзді санада тұрақтандыру үшін жаңа сөзбен түрлі жұмыстар жүргізіледі:
мүмкіндік болса, заттың өзін көрсету; суретін көрсету;
- синониммен түсіндіру;
- антонимдері арқылы түсіндіру;
- мұғалімнің жалпы түсініктеме беруі т. б.
Мақал - мәтелдер, жұмбақ, жаңылпаштар мен тұрақты тіркестерді үйрету барысында да оқушының тіл байлығы артады. Оқулықта берілген және басқа да мақал - мәтелдерді, жұмбақ, жаңылпаштарды тұрақты тіркестерді ұдайы үйретіп отыру - біздің күнделікті жұмысымыздың бір түрі. Үйренгендерін ұмытып қалмауы үшін оқушылар өздері мақал-мәтел кітапшаларын арнап, соған жазып отырады.
Мақал - мәтелдерді, жұмбақ, жаңылпаштарды қаншалықты білетінін анықтау үшін әрі мейлінше көп меңгерулері үшін осы бағытта сайыс сабақтар ұйымдастырып отырамыз. «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ», «жаңылтпаштан жаңылма», «Жұмбақ, жұмбақ, жұтылдым», «Тазшаның тапқырлығы» тәрізді сайыстар оқушының тіл байлығының артуына ғана емес, ой - өрісінің, танымының артуына ықпал етпек.
1. 4 Баланың тілін жетілдірудегі мұғалімнің рөлі мен оқушының тілін дамытудағы негізгі объектілер.
Оқушының тілін байыту жұмыстары тіл мәдениетімен тығыз байланысты екені белгілі. Тіл мәдениеті бойынша бастауыш сынып оқушыларына мына талаптар қойылады:
- сөздерді лексикалық, фонетикалық нормаға сай орынды қолдана алу;
- орфография, орфоэпия нормаларын сақтай білу;
- ауызша, жазбаша тілде сөздерді талғап қолдана білу;
- шамасы жеткенше ертегі, әңгіме жаза білу т. б.
Тіл дамытудағы өнімді тәсілдердің бірі - шығармашылық тапсырмалар. Мұндай тапсырмалар - тіл мәдениеті талаптарын жүзеге асыруда аса тиімді.
Оның түрлері:
- шығарма, әңгіме жазу;
- сурет бойынша әңгіме жазу;
- ертегі жазу;
- көркем шығарма оқу;
- сайыс, рөлдік ойындарға қатыстыру;
- әркімнің қабілетіне қарай деңгейлік жеке тапсырмалар беру;
- сөзжұмбақтар құрастыру;
- газет - журнал шығарту;
- балаларға арналған басылымдардағы сөзжұмбақ, ребустарды шешкізу;
- жұмбақтар құрастырту;
- хат жаздыру;
- белгілі бір шығармаға қысқаша пікір жаздыру т. б.
Мұғалім баланың тілдік қабілеттерді дамыту барасында осындай жұмыстарды атқарту арқылы оқушылардың өздігінен кітап оқуына бағыт береді. Көркем шығармамен жұмыс - оқушының тілін байытудың ең тиімді жолы. Көркем шығарманы көп оқу арқылы оқушының танымы артып қана қоймайды, ойын жүйелі жеткізуді, байланыстырып сөйлеуді, тілдің орфоэпиялық, орфографиялық нормаларын дұрыс меңгеруді үйренеді. Алайда, көркем шығармамен жұмыс істеу барысында есте ұстайтын жайт: шығарманың оқушының жас ерекшелігіне сай болуы, мазмұнының қызықты болуы, тәрбиелік мәнінің зор болуы, оқушыны жалықтыратындай тым көлемді болмауы.
Сонымен бірге әдебиеттік оқу сабағында өтілген материалды бекіту үшін оқушының ауызша сөйлеу мүмкіндігін арттыруға назар аударған дұрыс. Мұның жолы - түрлі рөлдік ойындар. Ондай ойындар оқушының тілін, еске сақтау қабілеттерін арттырады, зейінін шоғырландыруға көмек көрсетеді. Ойын барысында өзіне бекітіліп берілген рөлді ойнау үшін оқушы ізденеді, талаптанады, жинақталады, айтатын сөзін салмақтайды. Белгілі бір жағдаятқа өзі кіріп, өз басынан өткереді. Нәтижесінде сөйлеу тілінің дұрыс қалыптасуына осы ойынның жәрдемі тиетінін түсінеді.
Оқушы тілін дамытудың негізгі объектісі - шығарма жаздыру. Оқушыға шығарма жазғызудағы мақсат - оның ойын, сауатты жаза білуге және шығармашылық ізденіске баулу, логикалық ой - өрісін кеңейтуге машықтандыру болып табылады.
Оқылған шығарманы тексеріп, сараптаудың жолдары көп:
- түсінгенін әңгімелету;
- сұрақтарға жауап бергізу;
- кейбір үзінділерді жатқа айтқызу;
- оқыған кітабы бойынша таныс емес сөздерін есте сақтап дәптеріне жазып отыруға дағдыландыру;
- кейіпкерлер іс - әрекетіне баға бергізу;
- әңгімелердің ұқсастығын салыстыру;
- ең соңында сол шығармаға ұқсатып әңгіме жаздыртып көру т. б.
Сөйлеу қабілетің дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне, сондай - ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады. Мұндай жұмыстар оқушының білімін ғана жетілдіріп қоймайды, жеке дара шығармашылық қабілетінің ашылуына негіз болады.
Сабақ үдерісінде мұғалімнің басшылығымен мұндай жұмыстар жүзеге асырылып, жүйелі орындалып отырса:
- оқушының сөздік қоры мен тілін байытуға ықпал етеді;
- ауызша және жазбаша тіл мәдениеті талаптарын меңгереді;
- сауатты жазуға үйретеді;
- оқушы өз бетімен шығармашылықпен айналысуға үйренеді.
Түйіндеме: Осындай жұмыстар жүйелі жүргізіліп отырса, кез келген мұғалімнің мақсатына жететіні даусыз.
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту күн тәртібінен ешуақытта түсіп көрген емес.
Сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру. Жаңашыл әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді, баланың теренде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлетуге пікірін айтып оны дәлелдей алуға үйретеді.
Әдебиеттік оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық (ішінара іздендіруші) әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, мәнерлеп оқудың орны ерекше.
1. 6 Бастауыш оқушыларының сөйлеу қабілетін дамытуға қойылатын талаптар
Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңыздағы мәселе - мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл - бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Әнұран секілді дәл сондай нышан. Және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс», - деп оның қоғам өміріндегі орны мен рөлін, қадір-қасиетін айрықша атап көрсетті.
Жалпы бүгінгі таңда қазақ мектептерінің өзекті мәселелерінің бірі - оқушылардың тіл мәдениетін көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тәрбиелеу.
Мектепте тілді оқыту ісінде сауат ашу пәнінің үлесі орасан зор. Бұл үлес түпкі мақсатына, мазмұнына, ерекшелігіне тікелей байланысты. Сауат ашу пәні бойынша оқушыларды өмірге баулу жөніндегі міндеттер тілдің негізгі қоғамдық қызметіне, атап айтсақ, түпкілікті коммуникативтік байланыс, қатынас құралы ретінде және экспрессивтік (әсер, ықпал етуге, дәнекер болу) қызметіне орай жүзеге асырылады. Олай болса, сауат ашу пәні балаларды ауызша да жазбаша да толық сауатты, тілді еркін пайдалана білетіндей етіп шығаруды түпкілікті нысаны етіп ұсынуы қажет.
Бұл мәселе туралы көптен айтылып та, жазылып та жатыр. Мысалы, педагогика ғылымының докторы Иманмәлік Нұғыманов пен 3ағира Қашқынбаева «Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, сөйлеу мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кездегі көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады» - дейді.
Жас ұрпақты өзінің ана тілінде еркін, мүдірмей сөйлетіп үйрету үшін оқыту әдістемесін жетілдіре түсу − бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі. Бүгінгі күннің тілек - талабы тұрғысынан білім мазмұнын жаңғырту, өмір талабына орай дамыта оқыту, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолданып заман ағымына жауап беруі мұғалімдерге жауапты істерді жүктейді.
Бастауыш сынып оқушылары үшін тіл - білім алудың көзі болып саналады. Сондықтан да ата-аналар мен мұғалімдер баланың тілін дамытудың маңызын түсінуі тиіс. Оқушының тілінің дамуы жоғары болса, ол оның өмір жолында, сыныптастарымен қарым-қатынасына, сонымен қатар мектепте нәтижелі оқуына әсер етеді.
Сөйлеу тіліне ең алдымен, анықтама бере кетсек. «Сөйлеу тілі - күнделікті қарым-қатынаста пайдаланылатын әдеби тілдің бір түрі. Сөйлеу тілі белгілі бір жағдайда ауызба-ауыз тікілей жалғанатын қатынас тілі болғандықтан, ол сөйлеудің ауызша формасымен тығыз байланысты болады. Ал ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді, яғни үйреншікті жағдайда адамдар емін-еркін сөйлейді. Сонымен бірге сөйлеу тілі жазбаша түрде де қолданылады.
Оқушылардың сөйлеу тілінің қабілеттерінің қалыптасуы және дамуының нәтижелі шарттары қандай?
Ең бірінші шарт ол - қарым-қатынастың қажеттілігі. Демек, өз пікірімен немесе ақпаратпен бөлісу тілегі мен қызығушылығын туғызатын, сөйлеу тілінің ынтасын айқындайтын жағдайларды қалыптастыру керек.
Екінші шарт ол - қарым-қатынас ортасын құру. Қарым-қатынас ортасы - бұл ата-аналардың, жақындардың, достардың әңгімелері, көркем әдебиет, бұқаралық ақпарат құралдары, мұғалімнің сөйлеу тілі, оқулықтардың тілі. Сөйлеу тілі оқушыға қарым-қатынасқа түсуге және дүниені танып білуге көмектеседі.
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеуге үйретуде психологияға сүйенбей болмайды. Сөйлеу тілін дамыту процесінде адамның еркі, есте сақтау қабілеті, ой-өрісінің дамуы, сезімі, қиялдай білу ерекшеліктері негізгі рөл атқарады.
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілінің дамуы әрдайым педагогикалық басшылықты қажет етеді. Сөйлеу тілін дамыту мен байытуда жүйелі жұмыс қажет.
Жас балалардың тілін дамытудың бір жолы ол - көрнекілік пен ойын. Ойын арқылы түрлі тілдік жағдай туғызып, балалардың түрлі тақырыпта сөйлеуіне жағдай жасауға болады. Ойын кезінде баланың сөйлеуге ынтасы артады, көңіл-күйі өседі, сөйлеуге белсенді қатысады. Ойын баланың сана-сезіміне де әсер етіп, тәрбиелік мақсатын да орындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz