Қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ

Қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиелерін қалыптастыру жолдары тақырыбына
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Ак-31 тобының
студенті Аимбетова Аида орындады
Жетекші: Сандыбаева А.Б.
Қостанай, 2021
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-5

І. Қазақ халық ертегілерін қолдану арқылы адамгершілік қасиетін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1.Қазақ халық ертегілерінің өзіндік ерекшеліктері мен адамгершілік тәрбиені қалыптастырудағы ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6-9
1.2. Қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9-17
ІІ. Бастауыш мектептің ана тілі пәндерінде халық ертегілерін оқытудың әдістемелік негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Бастауыш мектептерде әдебиеттік оқу пәні сабақтарында қазақ халық ертегілерін пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17-27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28-30
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31-32
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33-40

Кіріспе
ХХІ ғасырға aяқ басқан Қaзaқстaн күрделі тaрихи бетбұрыстaр мен қоғaмдық жaңaртулaр тұсындa дaмып келеді. Бұл кезеңде рухaни aдaмгершілік дaмудың жaңa бaғытын aйқындaу көзделіп отыр. Сондықтaн да бүгінгі тaңдa бaрлық әлемде, сонымен қaтaр біздің елімізде де жеке тұлғa дaмуының қaлыптасуына жaңaша көзқaрaспен қaрaу aйқындaлудa.
Республикa білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде Елбaсы Н.Ә. Нaзaрбaев білім және ғылым сaлaсында түйінді мәселелерді шешудің төте жолдaрын ұсынып, тәрбиенің үш өзекті бaғытын aйқындaйды:
- Бүгінгі жaстар осы зaмaнның сыншысы да, тарихшысы да болaтындықтан жастaрмен жүйелі жұмыс жүргізуіне бaса нaзaр aудaрды;
- Қaзaқстaндa жүріп жaтқaн осы aуқымды өзгерістерге бaйлaнысты педaгогикaлық кaдрлaр дaйындaу жүйесін құру қaжеттігін көрсетті, ең aлдымен бүгінгі мұғaлім кәсіби білімімен, шеберлігімен қaтaр, жaстaрғa өзінің бойындaғы адaлдық, aдaмдық, тaзaлық, гумaнистік және өз Отaнын сүйе білу, ең жоғaрғы aдaмгершілік қасиет сaпалaрымен ықпaл жaсaй отырып тәрбиелеуі керектігіне мән беру қaжеттігін aйтты;
- Жaстaрды aдaмгершілікке тәрбиелеу сaпaсын көтеруге негіз болатын проблема - ол білім және тәрбие беру саласындағы ғылымның дамуымен байланысты. Бүгінгі таңда реформаның тиянақты жедел жүзеге асырылуы мұғалім, тәрбиеші, оқушылардың адамгершілік тәрбиесі туралы ғылыми - теориялық білімі болу керектігін және өзін-өзі дамытудың субъектісіне айналу қажеттігіне назар аударды.
Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Адамгершілік тақырыбы мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілікті сіңіру ертегі арқылы беріледі. Адамгершіліктің қайнар бұлағы-қазақ ертегілерінде десем артық айтпаған едім.Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.Ұрпақ тәрбиесі - келешек қоғам тәрбиесі. Қазақ халық ертегілері -- ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі болып табылады. Қазақ халық ертегілері - қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра. Қазақ халық ертегілерінің асылдық қасиеті, оның дүниеге келуі сонау ерте заман болса да, бүгінгі біздің дәуірімізде қажеттілігі күшейіп мән -- мағынасының артып отырғандығында. Ертегілер халқымыздың тарихын, дүниетанымын, тұрмысы мен салтын, әдет-ғұрпын, нанымы мен сенімін білдіреді. Ертегілер қоғам дамыған сайын адамның да ой-санасын өскен, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Қазіргі заманның жетістіктерін көре отырып, ертегі оқиғаларындағы халық арманының іске асқаның байқаймыз.
Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда көп көңіл бөлінетін мәселе - адамгершілік тәрбиені күшейту. Халық ауыз әдебиетінің ішіндегі ең жақыны балаларға ол ертегі. Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілері сан алуан. Ертегі арқылы айнала қоршалған ортаны барлай алады, табиғаттың сиқырлы сырларын сезіне біледі, халықтың әдемілік және әдептілік жайлы ұғымдарын бойына сіңіреді, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінік алып, адамгершілік тәрбиесінің бастауларына ден қояды.
Зерттеудің мақсаты: Қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Зерттеудің міндеттері: 1) Педагогикалық тұрғысында жазылған ғылыми еңбектерге теориялық мәліметтерді жинап, талдаулар жасау.
2) Бастауыш мектептің оқу процесінде халық ертегілерін қолданудың маңызы мен мәнін анықтау.
3) Қазақ тілі, әдебиеттік оқу сабақтарында халық ертегілерін пайдалану арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің тиімді жолдарын көрсету.
4)Машықтану барысында сабақ жоспарларының үлгілерін көрсету
Зерттеу нысаны: Оқу - тәрбие процесінде адамгершілікті тәрбиелеу жолында халық ертегілерінің орны.
Зерттеу болжамы: Егер бастауыш сынып оқушыларының тәрбие үдерісінде қазақ халық ертегілері жүйелі түрде қолданылса, онда олардың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына оң ықпал етеді.
Курстық жұмыстың құрылымы: менің курстық жұмысым кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайданылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.

І. Қазақ халық ертегілерін қолдану арқылы адамгершілік қасиетін қалыптастыру
1.1.Қазақ халық ертегілерінің пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері мен адамгершілік тәрбиені қалыптастырудағы ықпалы
Адамгершілік сезім адамгершілік іс-әрекеттің басты көзі. Сондықтан адамгершілік тәрбиесіне А.С.Макаренко ерекше мән берген. Жастарды нағыз мінез-құлыққа тәрбиелеу дегеніміз - олардың адамгершілік сезімін тәрбиелеу деп атап айтқан болатын. Қазақ халық ертегілері бастауыш сынып оқушыларына өмір сырларын образ арқылы танытып, олардың адамгершілік түсінігін қалыптасуына, баланың бойына жоғары адамгершілік сапаларының берік қалыптасуына ықпал етеді. Бастауыш сынып оқушыларына қазақ халық ертегілерін оқуға ынталандыру оларды адамгершілікке тәрбиелеу жұмысының маңызды буыны болып саналады. Қазақ халық ертегілерінің басты ұғымының бірі - дамыту. Бала сыртқы әсерлерді бірден қабылдай бермейді, оған өзінің бейімділігін, болмаса қарсылығын білдіреді яғни жүйке жүйесінің көмегімен сыртқы әсерлерге іштей елең етіп, қажетіне қарай жауап береді. Міне, қазақ халық ертегілерінің тәрбиенің біртекті жағдайының өзінде де, мектеп қабырғасында сапалық қасиеті әр түрлі балалармен бірге есейіп бірге дамиды. Адамгершілік жағынан болатын өзгеріс - баланың жақсы мен жаманды ажыратып, оған лайықты жауап беруі, бойындағы имандылық белгілерін дамытуы. Адамгершілік тәрбиесі қазақ халық ертегілерінің, оқу-тәрбие үрдісінің барлық саналарына, яғни оқыту, білім беру барысында және еңбек үрдісінде жүзеге асырылады. Тәрбиелі болу үшін адамгершілік нормаларын құр жаттап алу жеткіліксіз, оны терең ой елегінен өткізуді, бастан кешіруді және толғануды мінез-құлыққа бекіту керек.Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы оның өмірге келген күнінен басталады. Мектепке дейінгі жаста балалардың бастапқы адамгершілік сезімдері мен ұғымдары, мінез-құлықтың ең қарапайым дағдылары қалыптасады.баланың мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінез-құлықтары келешекте ересек адамдармен және құрбы-құрдастармен қарым-қатынастарда көзге түседі, мінез-құлықтың, сезім мен сананың жаңа түрлері қазақ халық ертегілері арқылы одан әрі дамытылады. Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу ең алдымен оқыту үрдісі барысында жүзеге асады. Үлкенді сыйлауға, ата-аналарды құрметтеуге, еңбектенуге, ізеттілік сақтауға үйренеді. Бұл жаста балалар сапалы тәртіпке, жолдастық өзара қарым-қатынасқао, адамның көңіл-күйін түсінуге дағдыланады. Олар мектепте оқу -әрекетіне өзінің қатынасын, жанұяда, қоғамдық орында өзін-өзі ұстауды біледі. Соның нәтижесінде қазақ халық ертегілері бастауыш сынып оқушыларының дербес және қоғамдық мінез-құлқы және адамгершілік қарым-қатынасы арқылы қалыптасатыны да байқалады. Адамгершілік тәрбиесі - үзіліссіз жүргізілетін үрдіс, ол адамның өмірге келген күннен бастап өмір бойы жалғаса береді. Оның мазмұны оқушының жеке бас қасиеттерінің кең шеңберлерінде қамтиды. Сондықтан оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін ескеру негізі орын алмақ.Қандай халық болса да оның ұлттық үрдісі, өзіндік әуені ілікті қасиеті, ұлттық менталитеті болуы арқылы болашақ ұрпақтың төл келбетін қалыптастырады. Сондықтан сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып өмір сынынан ерекшеленіп өткен бүгінгі өмірге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді саралауда педагогикалық әдебиеттерге сүйенген дұрыс. Халқымызда қай тақырыпта да табылатын, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиерлік ертегілері қаншама?! Ол ертегілер арқылы бала өз халқының тілін, мәдениетін, дәстүрін біледі және ой-өрісі, қиялы дамиды және адамгершілікке тәрбиеленеді. Мысалы: Жақсымен жолдас болсаң - жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа деген мақалды, Жаман дос жолдасын жолда қалдырар деген мақалдарды Екі дос, Кедей мен бай атты ертегі желісінен оқуға болады.
Бай баласы мен жарлы баласы атты қызықты ертегі арқылы еңбек адамның кез келген қиыншылықты жеңуге үйрететінін және өмірлік тәжірибесі арқылы жеңіске жететінін көреміз және Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей деген мақалды дәлелдей түседі.
Мақта қыз бен мысық ертегісі балалар үшін өте тартымды және қызықты ертегілердің бірі. Бұл ертегіде мақта қыздың досы мысық мақта қыздың тілін алмай қатығын төгеді де, оны қайтарып беру үшін көптеген сынаққа жолығып, көп қиыншылық көріп барып, қатықты төлей алады. Бұл жерде адамды әрбір іс қимылына жауап беруге, үйренуге өзінің жіберген қателігі тәрбиелейді.
Бес ешкі ертегісі хайуанаттар жайлы ертегіге жатады. Мұнда кедейдің бес ешкісі қарлы боранда далада қалады да, қасқырға жолығады. Сол кезде бәрі бірігіп, береке - бірлік танытып, қасқырдан аман қалады. Бұл ертегі балаларды бір - біріне көмектесуге, береке бірлікке, бауырмалдыққа үйретеді.
Жыл басына таласқан хайуанаттар ертегісі аңғалдықтың кесірін, шапшандықтың пайдасын айтады. Онда аңқау түйе жыл басынан құр қалады, шапшан тышқан жыл басы атанады.
Шық бермес Шығайбай ертегісі сараң, қайырымсыз байларды қарапайым кедей Алдардың ақылмен алдап кетуін баяндайды.
Жақсымен жолдас болсаң-жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң-қаларсың ұятқа, Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға деген мақалды осы ертегі желісінен оқуға болады.
Зеректік ертегісіндегі үш жолаушының жол бойында кездескен нәрселерге зер салғандарын баяндайды. Яғни,балаларды қағілездікке, зеректікке тәрбиелейді.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы-өзінің ісіне, өміріне жауап бере алатын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі - келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше, ақпараттық технологилар дамыған кезеңдегі балалардың ой-қиялдарын ертегілері арқылы жеткізу мүмкіндігі бар.
Қазақ халқы салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін талантымен, дарындылығымен, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрсеткен. Қасиетті ертегілер арқылы тәрбие берген, салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалған. Сонымен қатар еліміз егемендік алғалы мемлекеттік тілде сөйлеуіне, бұл қасиетті ертегілердің халық ауыз әдебиетінде ең маңызды орын алатыны сөзсіз екенін салыстырып көрсету.
Халқымызда Ізденген жетер мұратқа деген сөз бар. Яғни, әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау-дамуды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады. Дүние жүзі балалары Ол кім?, Бұл не?, Неліктен?, Қайда?, Қашан? деген сұрақтарға жауап іздеп, бір тыным таппайды. Олардың осылайша ізденімпаздық танытуы табиғи заңдылық.
Қазақ халық ертегілері - тәрбиенің айнымас көмекші құралы, олар бізге түсінікті тілде өмір туралы, қиын жағдайлардан шығу жолдарын көрсетеді. Ертегілер өмір бойғы тәртібімізді, қарым-қатынасымызды қалыптастырады,шыдамдыққа, қайсарлыққа, болашаққа міндеттер қойып, соған жетуге үйретеді. Ертегі ойлау қабілетін, қиялдауға да көп септігін тигізеді.
1.2. Қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары
Өзіміз көп үміт күтіп отырған жас ұрпақ ата-бабамыздан қалған мәдени мұра халық ауыз әдебиетінің өн бойындағы мәнділігі мен маңыздылығынан, ойшылдығы мен қиялшылдығынан, тапқырлығы мен шешендігінен, әсемдігі мен алғырлығынан тәлім-тәрбиесі мен үлгі - өнегесінен нәр алары анық.
Сан ғасырлар бойы ауыз әдебиетіндегі ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келген халықтық тәрбиенің өнеге-үлгілері осы уақытқа дейін өзінің педагогикалық мүмкіндіктерінің мәні зор екендігін дәлелдеп келеді.
Ертегі арқылы айнала қоршалған ортаны барлай алады, табиғаттың сиқырлы сырларын сезіне біледі, халықтың әдемілік және әдептілік жайлы ұғымдарын бойына сіңіреді, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінік алып, адамгершілік тәрбиесінің бастауларына ден қояды.
Өскелең ұрпақты жан-жақты жетілген адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуде ертегінің алатын орны ерекше. Ертегі адамның қиялына қанат бітіреді, білмегенді білгенге сүйрейді. Кімдерден, қай кейіпкерлерден аулақ болуды насихаттайды. Бұл өшпес зор туындылар бала болашағының мәнді мақсатты көзқарасын тудырары сөзсіз
Ертегі әрбір баланың жеке-дара ой дүниесінің ең нәзік белгілерін жанып тегістейтін жанғыш болып табылады, ал сонымен бірге ол балалардың бірінің жүрегін біріне айқара ашады, балалар ұжымында нәзік интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды тудырады. Ертегі шығары бұл менің балалармен рухани қатынас жасауымның ең бақытты сәттері, ал балалар үшін теңдесі жоқ ойлану шаттығы.
Ертегі - бұл ой бесігі, бала тәрбиесін жолға қойғанда, ол осы бесік жөніндегі естеліктерді өмір бойы сақтайтындай ету керек.
Ертегі - бұл ойлау ләззаты, ал ертегі шығара отырып, баланың ойлауға өз қабілетін ,өзінің ар-намыс сезімін орнықтырады.
Қазақ халық ертегілерінің не үшін қажет екенін әдебиет зерттеушісі ғалым А. Байтұрсынов "Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керектігіне қарай жауап беріледі. Ертегінің керек орындары:
1. Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе.
2. Бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор кедергі бар нәрсе. Баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді.
3. Бұрынғылардың сана - саңлау, қалып-салты жағынан дерек беруші үшін керегі бар нәрсе"- деп айтқан болатын. Қазақ халық ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттікке, еңбек сүйгіштікке, тазалыққа, достыққа, әдептілікке үйретеді. Жамандықтан, қулықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелеу жолын алға қояды. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді.
Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі - қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық достық пен қастың адамгершілік қасиетінің екі түрлі белгісі ретінде егіздің сыңарындай қатар салыстыра суреттеген.
Жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу - жоғарыда айтылған мінез- құлықтың дағдыларын ережелеріне үйретеді. Адамгершілікке үйретудің негізгі жолы - оқу процесі мен оқушылардың күнделікті өмірін, іс-әрекетін тиімді тәрбие шараларын ұйымдастыру. Оқушылардың адамгершілік туралы түсінігі мол болғанымен тәжірибеде іс-әрекеті, тәртібі біліміне сәйкес келмейтін жағдайлар кездеседі. Олар жақсы, жаман әдеттерді білгенімен, оны өз өміріне сәйкестендіре, тәртібінде іске асыра алмайды. Өйткені, ережені есте сақтау оңай да, оны іске асыру қиын.
Сондықтан адамгершілік жайында түсінік білім берумен қатар дұрыс тәртібін, іс-әрекетін ұйымдастыруды көздейді. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына үлкенді сыйлау, беделін мойындау, еңбек адамдарын құрметтеу, қамқорлық жасау, адалдыққа, шыншылдыққа, қарапайымдылыққа, мақсаттылыққа, шешімділікке, табандылыққа, белсенділікке, батылдыққа, ұстамдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу де жатады.
К.Д. Ушинский: "... шығармада келтірілген адамгершілік іс-әрекеті, адамгершілік сезімді, адамгершілік ойды сүюге баланы итермелейтін әдеби шығарма өнегелі шығарма" деп жазған. Сонымен адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілеріндегі кейіпкерлер бейнесі көбіне қарапайым адамдар болып келеді. Ертегі - ауыз әдебиетінің ықылым заманнан келе жатқан көне де мол мұрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің "Бұрынғы өткен заманда", "Баяғы өткен заманда", "Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде" деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес.
Қазақ халық ертегілерінде халық басынан кешкен ғасырлар ізі жатыр. Олардың еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, елдік тарихы, қилы-қилы қиын қыстаулары, халықтың мұң-шері, арман-мұраты бейнеленген.
Қазақ халық ертегілерін академик М. Әуезов үш жанрға бөледі; қиял-ғажайып ертегілері, хайуанаттар жайлы ертегілер, шыншыл ертегілер. Солардың ішіндегі ең көнесі, әрі ертегілердің мол саласы - қиял-ғажайып ертегілері. Бұл ертегілерде табиғаттың немен тұңғиық сырларын әлі танымаған адам ойының сәбилік шақтары, соны білсем деген халық арманы, әлемді шарласам, жеті қат жер асты құпиясына үңілсем, тіршілік өмірін жеңілдетсем деп армандаған халық қиялы бейнеленген.
Сол дүниеде жаңалық пен жамандық, әділдік пен жауыздық, адалдық пен қаскөйлік бітіспес арпалыста болады. Ертегілерде тартыс осы қарама-қарсы күштер арасында әділдік пен жауыздық, арасында өрбиді.
Қиял-ғажайып ертегілердің оқиғасы қиялға, фантазияға құрылады, өмірде болмайтын нәрселер туралы баяндалады. Кейіпкерлері қиялдан туған жалмауыз, жезтырнақ, мыстан кемпір, алып дәу және солармен күрескен батырлар болып келеді. Сонымен қатар адамға көмектесетін қанатты тұлпарлар, құстар да қиялдан туған бейнелер. Қиял-ғажайып ертегілері адамдардың арманы мен қиялын танытады, болашаққа деген сенімін білдіреді. Ертегінің қарапайым кейіпкері арманына жету үшін жолында кездескен барлық кедергілерді ақылмен, айласымен, достарының көмегімен жеңіп отырады. Қиял ғажайып ертегілер: Ер Төстік, Керқұла атты Кендебай, Ыста тас, Алтын сақа, Тас болған шаһар.
Қазақ қиял-ғажайып ертегілерінің кейіпкерлері ай десе-аузы, күн десе-көзі бар сұлу, не алтын шашты қыз, солармен қатар айдаһар, жеті басты жылан, алып қара құс, тұлпар ат, басы алтын, арты күміс киік сияқтылар араласып отырады. Бұлардың бір тобы ертегі кейіпкерінің досы болса, бір тобы қас жауы болып әрекет етеді. Бұл кейіпкерлердің арасында кейде дос, кейде қас болып кездесетіндері де бар. Оларға таусоғар, көлжұтар, көреген, желаяқ, саққұлақ, жұмбақ жар, жылан патшасы, басы алтын киәк жатады.
Қиял ғажайып ертегілерінде зұлымдықты жеңетін күш-адам. Ол не әлсіз бала жігіт, не кедейдің жалғызы, не адал еңбекпен күнін көрген аңшы мен мерген ер болып келеді. Қиял-ғажайып ертегілеріндегі адамға дос күштерден адамзаттың арманын тануға болады. Мысалы, алты айлық жерді алты аттайтын тұлпар, өзі ұшатын кілем, көреген батыр, саққұлақ, желаяқ адам-адамның ұлы армандарын білдіреді. Адам аяғы баспаған жерді көрсем, танысам, табиғат құпиясын ашсам деген арманынан туған дүниелер қиял ертегілерде кеңінен орын алған.
Қиял-ғажайып ертегілердегі мекен жайлар да сиқырлы, жұмбақ әлемі. Адам тек түсінде ғана көрерлік қиял сарайлары. Олар таңғажайып жиһазға толы. Қиял-ғажайып ертегілеріндегі кейіпкерлердің ішіндегі адамға жағымсыз, сұм кейіпкерлер-мыстан кемпір, жезтырнақ, айдаһар, жалғыз көзді дию сияқты талай басқа да сиқырлы күштер бар.
Солармен қатар адамдарға дос, қиын-қыстау кезде жол табар, ажал
аузынан алып қалар, адамның қаскөй күштерді жеңуіне көмектесер жанды тіршіліктер, жансыз заттар да көп кездеседі.
Көп ертегілерде суреттелген әділдік пен жауыздық арасындағы күрес халықтың әділдікті аңсау арманынан туған. Әділдік пен адалдық жолындағы халық ортасынан шыққан қаһарман жалпы адам бақыты үшін ешбір қауіп қатерден тайынбай, үрейлі алып күштерге қарсы айқасқа түседі. Әділеттіктің жақтаушысы ретінде мерген, батыр, айлалы, ақылды адамдар бейнеленген. Олар қарапайым адамдар. Бірақ алдына қойған мақсатты биік, сондықтан да ертегілер көбіне жақсылықпен аяқталады, әділдік жақтаушысы адамның мерейі үстем болумен тынады.
Ертегінің тағы бір саласы - тұрмыс-салт ертегілері және хайуанаттар туралы ертегілер. Бұл ертегілерде көбінесе елдің тұрмыс-тіршіліктері суреттеледі. "Түлкі мен ешкі" ертегісінде айлакер түлкі ешкіні құрығына оп-оңай түсіре қояды. Апанға абайсызда түсіп, шыға алмай шарасызданған түлкі су іздеп шөліркеп жүрген ешкіні сол апанға алдап түсіреді. Қу түлкі "ешкі мүйізіне шығып " зытады, аңқау ешкіні алдап ұрады. Осы арқылы халық керемет ойын кемеңгерлік түйін жасаған: "Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар",- деп аңқау жандарды сақтандырған. Ертегілерде түлкі қу, айлакер. Оқушылар ертегілердегі әрбір кейіпкерлердің жаман әдетінен аулақ болуға, жақсы кейіпкерлерге қарап қайырымды, мейірімді болуға талпынады.
Сонымен қазақ халық ертегілерінің ең мол тараған түрі - шыншыл ертегілер. Халық өзінің дүниетанудағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы іс-әрекетін, күрес-тартысын, талап-тілегін осы шыншыл ертегіге жиып түйген. Бұл ертегідегі кейіпкерлер күнделікті өмірдегі еңбек адамдары. Шыншыл ертегілерде жауыздық иелері де көбіне нақтылы адамдар: хан, бай, молда. Шыншыл ертегілерде таптық сипат айқын. "Айлалы тазша" ертегісінде тазша бала айла-амалмен, тапқырлық, ақылдылығымен ханнан да, оның баласынан да кек алады. Тазша жайындағы ертегілерде жауыздық иелері күлкі-ақуа етіледі, олардың зұлымдықтары әшкереленіп отырады. Тапқыр да алғыр, ақылды да айлакер тазша халықтың сүйікті қаһарманы. Халықтың сүйікті қаһарманы арқылы жауыздыққа қарсы тұрады.
Бастауыш сынып жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілеріндегі ұнамды кейіпкерлердің жақсы қасиеттерін балалар бойына сіңіру, ұнамсыз кейіпкерлердің жасаған зұлымдықтарынан аулақ болуға үйретеді.
Бастауыш сынып жасындағы оқушыларды қазақ халық ертегілер арқылы тәрбиелеудің маңызы зор. Бастауыш сынып жасындағы оқушыларды қазақ халық ертегілерін тәрбие жұмыстарында пайдалану арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Оқу пәндерінде ертегілердің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнесіне тіркестерге бай болып келеді. Бала санасына жастай тәрбиелік ерекше ықпал етуде ертегілер үлкен орын алады.
Ертегілер өз кейіпкерлерін өмір мұратына, адам бақытының ең биік шыңына жетумен аяқталады. Ертегі балалардың ой-өрісін дамытып, тіл байлығын арттырады.
Қазақ ертегілеріндегі ақылдылықтың тағы бір көрінісі - көрегендік алдын ала болжай білу. Мысалы, "Ер Төстік" ертегісі көп ертегілермен салыстырғанда, мазмұны, сюжеті, сөйлем құрылысы, тілі жағынан ерте заманда шыққан ертегі екендігін аңғартады. Ертегіден қазақ халқының ескі мал шаруашылық өмірін және олардың дүниетану көзқарасын көреміз.
Ертегінің оқиға желісін алсақ, табиғаттың асау күштерімен алысып, малды аман сақтап қалу жолында, елінен, жерінен адасып кеткен ағаларын іздеп тапқан Ер Төстіктің ерлігін суреттесе, екінші жағынан, әр түрлі дию, пірілерімен күресі баян етіледі.
"Ер Төстік"ертегісінде жалпы ертегілердің қаһармандарына тән іс-әрекеттер толық сақталады. Ер Төстіктің өзі - асқан күш иесі емес, жүректі жігіт. Ертегінің алға қойған негізгі мақсаты - табиғаттың сыры мәлімсіз күштерін жеңу. Адамға зиян ойлайтын Бектөре, Темірхан, Шойынқұлақ тәрізді жауыздың иелерінен үстем шығып, оларды қалай да өздеріне бағындыру болғандықтан, ер Төстікке көмекші әр түрлі жолдастар, серіктер береді. Әр түрлі жауыздықтардың ұясы болған адам баласына қастық қана ойлайтын кейіпкерлер Бектөре, Шойынқұлақ, Темірхан, пері, жын, дию, мыстан кемпірлер қаншама күшті, айлакер болса да, Ер Төстіктен жеңіледі. Халық жақсылықты алдан күтеді, болашаққа сенеді. Ертегідегі оқиғаның шарықтау шегі - Ер Төстіктің жер бетіне шығып, шойынқұлақпен күресуі, ал оны жеңіп, үйіне келуі оқиғаның шешуі болып саналады. Қандай ертегі болса да аяғы жақсылықпен бітеді. "Ер Төстік" ертегісі де осыны дәлелдейді. Ер Төстікке сандаған бөгет, қиындықтар кездеседі. Оның әрқайсысы - жеңуге болмастай қиындықтар. Әйтсе де әр түрлі себептермен бас қаһарман сол бөгеттепрдің бәрін жеңіп шығады да, "барша мұратына жетеді". Бқл барлық ертегілерге тән шешу және халықтың өмірге оптимистік көзқарасын көрсететін тұрақты шешім. Халықтың аңыздан - аңызға тараған ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында ақылдылық пен ақымақтық, әділеттілік пен әділетсіздік қатар бейнеленеді. Арамдық пен жауыздық апатқа ұшырап, жеңіліп, жақсылықтың үнемі жеңіске жетуі халықтың бақытты бейбіт өмір аңсағанын көрсетеді. Ертегіні оқыту барысында қандай қиыншылық болса да, қарсы тұра білу, еңбек адамының қадірлеу биік адамгершілік қасиеттер дәріптеледі. Ана тілі сабағында ертегілерді оқыту барысында "бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді" деудің қажеті жоқ, жан-жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, бірақ ертегіде кездесетіндерді қиялдау оларды көңілдендіреді, армандауға үйретеді. Оқушыларға кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйретуде ертегілердің берер пайдасы мол. Ертегі кейіпкерлеріне берілетін мінездеме әдетте айқын белгілерді көрсететін, анық, түсінікті болып келеді. Қара сөзбен жазылған ертегілер мәтінге жақын үлгімен жазылады, мазмұндалады.кейде ертегіні оқымай-ақ, мұғалім оның мазмұнын қызықты етіп айтып береді. Егер әртістердің орындауында фонохрестоматияны пайдаланса тіпті жақсы. Ертегі балаларды жоспар жасауға үйрету үшін өте қолайлы. Оны бөлімдерге бөлу, ат қою, қандай суреттер салуға болатынын анықтау, өз беттерінше бақылау жасатып үйрету керек. Кейбір ертегілерді сахналап, қуыршақ жасатып сыныптан тыс жұмыстарды орындауға болады. Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын бір оқығанда-ақ игереді. Тәрбиенің кілті халық педагогикасында деуге толық негізі бар. Өйткені халқымыздың тәлім тәрбиелік мұрасы адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандылықты дәріптейді. Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген, ешқандай жоғары білімсіз-ақ дана халқымыз тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін бесіктен бастаған. Әңгімелер, ертегілер баламен қатынасының ең нәтижелі құралы болып табылады. Атақты педагог Ы.Алтынсарин: Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады,- деп атап айтқан.
II. Бастауыш мектептің әдебиеттік оқу пәндерінде халық ертегілерін оқытудың әдістемелік негізі
2.1 Бастауыш мектептерде әдебиеттік оқу пәні сабақтарында қазақ халық ертегілерін пайдалану
Ертегіге бай елдердің бірі - қазақ халқы. Ертегінің ертеңі бар екендігі сөзсіз. Ертегіні тыңдай отыра біз кейіпкерлермен бірге қуанамыз, ренжиміз. Мысалға алсақ бұрынғы ауыз әдебиеті қиял ғажайып ертегілерде батырларды ержүрек ақылды парасатты етіп көрсетсе, жан - жануарлардың бейнесін әр түрлі образбен сомдап көрсеткен. Қазіргі таңда жаңа технология дамыған заманда балалардың қиялынан тек қана робот машиналар туралы қиял ғана туады. Олай дейтін себебім телеарналардан көбінесе шетелдік ертегілер көрсетіліп жұр.Ал қазақ ертегілері - тәрбиенің айнымас көмекші құралы, олар бастауыш сынып оқушыларына түсінікті тілде өмір туралы, қиын жағдайлардан шығу жолдарын көрсетеді. Ертегілерді оқи отыра, оқушылар өздерінің ішкі әлемімің дамытып,шығармашылыққа машықтанады. Ертегілер өмір барысында тәртіпті, қарым-қатынасты қалыптастырады,шыдамдыққа, қайсарлыққа, болашаққа міндеттер қойып, соған жетуге үйретеді. Қазақ ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттілікке үйретеді. Жамандықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелейді. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді .
Қазақ халық ертегілерін пайдалану арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие қалыптастыруда әдебиеттік оқу пәнінің өзіндік ерекшелік мәні зор. Әдебиеттік оқу сабағында ертегіні пайдаланар алдында жас ерекшелігіне қарай сынып оқушыларын бір тақырып бойынша үш топқа бөліп, бірінші топқа сол ертегі бойынша диалог - монологтық түрде мәтінді дұрыс оқу, екінші топқа сол ертегігің ішіндегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді табу және атап түсіндіру, үшінші топқа сахналық қойылым ұйымдастыру.
Сол ертегідегі адамгершілік тұстарына ерекше тоқталу қажет. Адамгершілік тәрбиесіне қандай қосымша процестер (кішіпейілділік, ақылдылық, кешірімділік) т.б. жатады, ол қай тұстарда баяндалады, тұспалдап айтқызу, мазмұнын қызықты етіп айтып беру жұмыстары өткізіледі.
Сөзді кейде морфологиялық құрамына қарай талдау арқылы сөздерді талдай отырып түсіндіргенде пайдалы; деректі ұғымдарды түсіндіру үшін тұрмыстан мысалдар келтіру, фактілер келтіру, әңгіме айту; сөз мағынасын түсіндіруде техникалық құралдар қолдану, бірақ мұнда диафильмдерді бастан аяқ көрсетудің қажеті жоқ үзінді ғана алу керек; сөздерге анықтама беру арқылы жиі түсіндіріледі.
Ертегі балаларды жоспар жасауға үйрету үшін өте қолайлы. Оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерін пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларына әдеби оқу сабақтарында рухани - адамгершілік тәрбие беру
Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық ертегілерін оқыту процесіндегі ролі
Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық ертегілерін оқыту процесінің рөлі
Әдеби туындыны бастауыш мектептің оқу - тәрбие процесінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің теориялық және әдістемелік негізін жасау
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісі
Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктері
Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру (сыныптан тыс жұмыс арқылы)
М. Дулатов шығармаларындағы елдік рух
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері туралы ақпарат
Пәндер