Мұрагерлік құқық ұғымы және түрлері
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Тарих, экономика және құқық факультеті
Құқықтық пәндер кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
"Мұрагерлік құқық: жалпы ережелері, түрлері және мұраны қабылдау"
6В04201 Құқықтану мамандығы
"Азаматтық құқық" пәні бойынша
Орындаған: Юр-25 тобының студенті
Ахметова А.Я.
Ғылыми жетекшісі: "Құқықтық пәндер" кафедрасының
оқытушысы Өтеуова А.К.
Орал 2021 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Азаматтардың меншігін мұралаудың түсінігі және ережелері
1.1. Мұрагерлік құқық ұғымы және түрлері
1.2. Мұраның ашылу тәртібі
1.3. Мұраны қабылдау
2. Азаматтардың меншігін мұралаудың түрлері
2.1. Өсиет бойынша азаматтардың меншігін мұралаудың тәртібі
2.2. Өсиеттік бас тарту, жүктеу, өсиетті орындау
2.3. Заң бойынша мұрагерліктің түсінігі және мәні
3. Мұра алу
3.1. Мұрадағы міндетті үлес
3.2. Мұраға иелену
3.3. Мұраны бөлу
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Қоғамдық өмірдегі түбегейлі өзгерістер біздің елімізде көптеген салаларда құқықтық реттеуді дамытуды талап етеді. Одақтық және республикалық меншік туралы заңдар, сондай-ақ КСР Одағының азаматтық заңнамасының негіздері біздің азаматтық құқығымыздағы меншік институтының түбегейлі өзгерістерін бекітті, демек мұрагерлік институты да өзгерді. Мұрагерлік - бұл экономикалық мазмұны бар қатынастар.
Бүгінгі таңда мұрагерлік құқығы азаматтардың конституциялық құқықтарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 2-тармағына сәйкес меншікке, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің "Мұрагерлік құқық" атты бөлімінде бірнеше жаңа ережелер қабылданды. Айта кететін жағдай, егер Қазақ КСР-нің Азаматтық Кодексінің Мұрагерлік құқық VIII бөлімі 35 баптан тұрса, қазіргі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің VI бөлімі 48 бапты қамтиды. Яғни, мұрагерлік құқық ережелеріне жаңа заман талабына сәйкес бірнеше жаңа баптар енгізілді.
Мұрагерлік қатынастар Азаматтық Кодекстің 1038-1083 баптарымен реттеледі (ерекше бөлім). Мұрагерлік құқықтық қатынастар көптеген нормативті актілермен, мысалы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Азаматтық құқық негіздерімен, көптеген басқа да институттар мен шешімдермен реттеледі.
Мұрагерлік мәселелері соңғы уақытта барған сайын өзекті болуда. Бұл ел экономикасындағы өзгерістер, жеке меншік институтының дамуы, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға мүмкіндік алған азаматтардың әл-ауқатының жалпы өсуі аясында орын алады.
Бұл жұмыстың міндеті - мұралау құқығын, азаматтардың меншігін мұралау арқылы қабылдау тәртібі бойынша азаматтық заңнаманы, арнайы әдебиетті зерттеу.
Жұмыстың мақсаты - жұмыстың міндетін орындау арқылы азаматтардың меншігін мұралау тәртібін нақтылап тану, ерекшеліктерін білу, бұл институттың тәжірибеде жүзеге асуын зерттеу.
Осы мақсатқа сәйкес жұмыста келесі мәселелер қарастырылады:
* мұрагерлік туралы ұғымдар мен жалпы ережелерді анықтау;
* мұрагерлік негіздерін талдау;
* мұрагерлік мәселесін заң бойынша және өсиет бойынша зерттеу;
* мұраны алу мәселелерін, атап айтқанда: мұраны қабылдау орны, уақыты, тәсілдері, мұраны қабылдау мерзімдері, мұрадан бас тарту, мұраны қалпына келтіру шарттарын қарау.
Зерттеудің объектісі жекелеген меншік түрлері бойынша мұрагерлік қатынастарды реттейтін заңнаманы, мұрагерлік құқығы субъектілерінің құқықтық мәртебесін, сондай-ақ мұрагерліктің кейбір жалпы ережелерін зерттеу және талдау болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы мақсаттар мен міндеттерге байланысты кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды.
Бұл жұмыстың бірінші тарауында мұрагерлік құқықтың жалпы түсінігі, маңызы, ерекшеліктері, мұраның ашылу тәртібі көрсетілген. Екінші тарауда мұралаудың нысандары, яғни заң бойынша мұралаудың түсінігі және мәні, өсиет бойынша мұралаудың тәртібі, мұраны қабылдаудың заңды негіздері анықталған. Үшінші тарауда мұраны қабылдаудың заңды негіздері көрсетілген.
1. Азаматтардың меншігін мұралаудың түсінігі және мәні
1.1. Мұрагерлік құқық ұғымы және түрлері.
Мұрагерлік құқық - ол мұра қалдырушы мен мұрагер арасындағы мұраға қалған мүлік жөніндегі қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтың салашығы. Мұрагерлік құқықтың негізгі институты - мұраға ие болу, яғни қайтыс болған азаматтың мүлкінің, мүліктік құқықтары мен міндеттерінің өзге тұлғаға - оның мұрагерлеріне көшуі. Мұрагерлік өз кезегінен меншік құқығына ие болу негіздерінің бірі болады.
Мұрагерлік құқық азаматтық құқық жүйесіндегі ең үлкен салашықтарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде мұрагерлік құқыққа жеке бөлім арналған. Бұл бөлім төрт тараудан тұрады: мұрагерлік туралы жалпы ережелер, өсиет бойынша мұрагерлік, заңды мұрагерлік және мұра алу.
Ежелгі Рим құқығына көз жүгіртетін болсақ, онда мұрагерлік институты толықтай анықталған. Рим құқығы бойынша мұрагерлік деп қайтыс болған жеке тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің басқа тұлғаларға өтуін айтады. Мұрагерлік әмбебап тәртібінде құқықтың ауысуымен өтетін, яғни мұрагер мұраны қабылдай отырып, мұраға қатысты барлық құқықтар мен міндеттерге ие болып отырған. Әмбебап құқықтың ауысуы ерекшелігіне қарай сингулярлық құқық ауысуымен ажыратылған. Алдыңғысы бойынша құқықтар мен міндеттерге бөлінсе, екіншісінде арнайы құқықпен ғана шектелген.
Мұраға ие болу - ол әмбебаптық мирасқорлық болады. Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер заңнамадан өзгеше туындамаса, бiрыңғай тұтас нәрсе ретiнде және бiр-ақ мезгiлде ауысады.
Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы (1038-бап). Өсиет қалдырылмаған не бүкiл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ Азаматтық кодексте белгiленген өзге де жағдайларда мұрагерлiк заң бойынша орын алады.
Мұрагерлік құқық ұғымы объективті және субъективті мағынада қарастырылады.
Объективті мағынада мұрагерлік құқық - мүлікті әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен мұрагерден оның мұрагерлеріне және басқа адамдарға (алушыларға, несие берушілерге) беруге байланысты біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Мұрагерлік құқық дербес құқық саласы болып табылмайды, бұл азаматтық құқықтың ішкі саласы, оның мәні мынада: мұрагерлік құқыққа мемлекет кепілдік береді, бұл ретте жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, шығу тегіне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, нанымына, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, сондай-ақ басқа да мән-жайларға қарамастан, барлық азаматтар мұрагерлік құқық саласында тең құқықтарға ие болады.
Субъективті мағынада мұрагерлік құқық азаматтық қатынастардың белгілі бір субъектісінің, яғни белгілі бір қайтыс болған адамнан -- мұрагерден құқықтар мен міндеттерді алу мүмкіндігін білдіреді.
Объективтік мағынада:
Қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, мұра қалдырушының қайтыс болуына және мұраның ашылуына байланысты туындайды.
Субъективтік мағынада:
Азаматтық құқықтық қатынастар субъектісінің мұрагерлік мүмкіндігі, яғни нақты қайтыс болған адамнан -- мұра қалдырушыдан құқықтар мен міндеттерді қабылдау
Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесiлi мүлiк, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен мiндеттерi кiредi (1040-бап).
Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен мiндеттер:
1) егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;
2) өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу құқығы;
3) алименттiк мiндеттемелерден туындайтын құқықтар мен мiндеттер;
4) зейнетақы төлемдеріне, жәрдемақылар мен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңдарының негізінде басқа да төлемдер алу құқығы;
5) мүлiктiк құқықтармен байланысы жоқ жеке мүлiктiк емес құқықтар мұраның құрамына кiрмейдi.
Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игiлiктердi мұрагерлердiң жүзеге асыруы және қорғауы мүмкiн.
Мұраға ие болу екі негіз бойынша пайда болады: өсиет бойынша және заң бойынша.
Мұра қалдырушы тек жеке тұлға бола алады, ал мұрагерлер - азаматтар да, заңды тұлғалар да, және мемлекет те болуы мүмкін. Мұра жөнінде өсиет қалдырылмаған жағдайда мұраға ие болу заң бойынша орын алады.
Мұра қалдырушы ретінде, әрекет-қабілеттілігіне қарамастан, кез келген жеке тұлға болуы мүмкін. Ал өсиет қалдырушы ретінде тек қана толық әрекет қабілетті жеке тұлға бола алады.
Егер бірінен кейін бірі мұрагер болуға құқылы адамдар бір күнде қайтыс болса олар бір мезгілде қайтыс болған деп танылады және олардың әрқайсысынан кейін мұра ашылады және олардың әрқайсысының мұрагерлері мұрагерлікке шақырылады.
Ортақ бірлескен меншікке қатысушы жеке тұлға қайтыс болғанда оның мұрагерлеріне ауысатын мұралық мүліктің көлемі сол ортақ меншік құрамынан бөлініп шығару арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, жұбайлардың біреуі қайтыс болғанда мұралық мүлік ретінде ортақ бірлескен меншіктегі отбасылық мүліктің тек екіден бір бөлігі оның мұрагерлеріне ауысады, ал екінші жартысы тірі қалған жұбайына дара меншік құқығында тиесілі болады. Бұл жағдайда мұра қайтыс болған қатысушының ортақ мүліктегі үлесіне, ал мүлікті заттай бөлу болмаған кезде - үлестің құнына қатысты ашылады.
1.2. Мұраның ашылу тәртібі
Мұраның ашылу орны болып мұра қалдырушының соңғы тұрған жері, ал егер ол белгісіз болса - мүліктің немесе оның негізгі бөлігінің орналасқан жері табылады.
Мұрагерлерді қарастыратын болсақ, жеке тұлға санатындағы мұрагерлерге әрекет-қабілеттілік талаптары қойылмайды, яғни, мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған адам мұрагер бола алады.
Ал заңды тұлғалар мұрагер болу үшін мұра ашылған кезде бар болуы, яғни тіркелуде болуы қажет. Мемлекет атынан мұраны жергілікті салық органдары қабылдайды.
Азаматтық заңнамаларда лайықсыз мұрагерлер институты бекітілген. Бұл туралы нормаларға орай, мұра қалдырушыны немесе болашақ мұрагерлердің біреуін қасақана өлтірген немесе олардың өміріне қастандық жасаған адамдар өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.
Бұлардың қатарына өсиет қалдырушы оның өміріне қастандық жасалғаннан кейін өздеріне қатысты өсиет қалдырған адамдар кірмейді.
Сондай-ақ, мұра қалдырушының соңғы еркін жүзеге асыруға қасақана кедергі жасаған және сол арқылы олардың өздерін немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлікке шақыруға не мұраның оларға тиесілі үлесін көбейтуге ықпал жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.
Және де балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде бұл құқықтарын қалпына келтірмеген ата-аналардың балаларынан қалған мұраны, сондай-ақ мұра қалдырушыны күту жөнінде өздеріне заңмен жүктелген міндеттерді орындаудан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және кәмелетке толған (асырап алынған) балалардың заң бойынша мұраны алуға құқығы жоқ.
Мұраның ашылу уақыты болып мұра қалдырушының қайтыс болған күні, немесе ол қайтыс болды деп танылған күн, немесе сот шешімінің заңды күшіне енген күні саналады.
1.3. Мұраны қабылдау
Мұраны қабылдау (алу, иелену) заң жүзінде және нақтылы түрде болады. Заң жүзінде мұраны қабылдап алу - ол жөнінде мұраның ашылған жері бойынша нотариалдық кеңсеге өтініш жазу арқылы жасалады. Мұраны нақтылы түрде қабылдап алу дегеніміз - ол белгілі бір азамат қайтыс болғаннан кейін болашақ мұрагері оның борыштарын өтеуі немесе мұра қалдырушыға тиесiлi ақшаны үшiншi тұлғалардан алуы, оның мүлкін иеленіп, басқаруы, оны жөндеп, сақтауы, оны қол сұғудан немесе үшiншi тұлғалардың талаптарынан қорғау жөнiнде шаралар қабылдауы, мүлiктi ұстау шығындарын өз есебiнен жүргiзуі, тағы сондай әрекеттер жасауы арқылы дәлелденеді (1072-1-бабы).
Мұраны қабылдап алу үшін мұра ашылғаннан кейін алты айлық мерзім бекітілген.
Мұрагерлер мұра қалдырушының қарыздары бойынша өздеріне алған үлестері мөлшерінде мүліктік жауапкершілік көтереді.
Мұрагерлердің кез келгені мұраның ашылған жеріндегі нотариалдық кеңсеге ол жөнінде арыз жазу арқылы мұраны алудан бас тартуға құқылы болады. Мұрадан, мұрадағы үлесінен бас тарту: мұрагерлердің біреуінің, өзге мұрагерлердің барлығының, мемелекеттің немесе заңды тұлғаның пайдасына және ешкімнің пайдасына емес жасалуы мүмкін. Бұл қалғандардың үлесінің өсуіне әкелдіреді. Мұраның бір бөлігінен бас тартуға, мұрадан ескерту жасап немесе шарт қойып бас тартуға жол берілмейді.
Мұрадан бас тарту қайтарылмас болады яғни, басында мұрадан бас тартып, одан кейін ойланып, мұраны қабылдау жөнінде өтініш жасауға болмайды.
Өзге мұрагерлері болмаған жағдайда, мұраға қалдырылған мүлік иесіз деп танылып мемлекетке тиесілі болады.
2. Азаматтардың меншігін мұралаудың нысандары

Өсиет - міндетті түрде жазбаша нотариалдық нысанда жасалатын біртарапты мәміле. Өсиеттің түсінігі Азаматтық кодекстің 1046-бабында бекітілген, осыған сәйкес, өсиет дегеніміз - азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi.
Өсиет қалдырушы кез келген уақытта өсиет мазмұнын өзгертуге немесе оған өзгерістер, қосымшалар еңгізуге, одан толық бас тартуға құқылы болады. Өсиетті куәландыру кезінде нотариус өсиетте аталған мүлікке деген құқығын күәландыратын құжаттарды талап етуге міндетті емес.
Өсиет бойынша азамат өзінің барлық мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін де бір немесе бірнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке қалдыра алады.
Өсиетті мұра қалдырушы өзі жасауға тиіс, өкіл арқылы өсиет жасауға жол берілмейді. Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша оған нотариустың немесе өсиетті куәландырушы басқа адамның қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке өзі қол қоя алмауының себебін көрсете отырып, басқа азаматтың қол қоюы мүмкін. АК-тің ережелеріне сәйкес өсиетті жазу, оған қол қою немесе куәландыру кезінде куәлар қатысуға тиіс болған жағдайларда:
1) нотариус немесе өсиетті куәландыратын өзге лауазымды тұлға;
2) пайдасына өсиет жазылған немесе өсиет қалдырудан бас тартылған адам, оның зайыбы, оның балалары, ата-аналары, немерелері мен шөберелері, сондай-ақ өсиет қалдырушының заң бойынша мұрагерлері;
3) толық әрекет қабілеттілігі жоқ азаматтар;
4) сауатсыз және өсиетті оқуға қабілетсіз басқа да адамдар;
5) жалған жауап бергені үшін соттылығы бар адамдар куә бола алмайды, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоя алмайды.
Мұра қалдырушының өтініші бойынша өсиетті нотариус та жазуға құқылы, ол үшін мұра қалдырушы нотариусқа мұралық мүлік және өсиет бойынша мұрагерлер туралы өз қалауын толығымен түсіндіріп беру қажет. Нотариус мұндай жағдайда жалпы қолданыстағы техникалық құралдарды (жазу машинкасы, дербес компьютер және т. б.) пайдалануы мүмкін.
Нотариус өсиет қалдырушының айтуы бойынша жазған өсиетке қол қойылғанға дейін нотариус пен куәнің қатысуы арқылы өсиет қалдырушы оны толық оқып шығуға тиіс. Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетті өзі оқи алмайтын болса, ол үшін оның мәтінін нотариустың қатысуымен куә оқып береді, ол туралы өсиет қалдырушының өсиетті өзі оқи алмауының себептері көрсетіліп, өсиетте тиісті жазба жасалады.
Өсиетте куәнің тегі, аты және тұрақты тұратын жері көрсетілуге тиіс. Осындай мәліметтер өсиетке өсиет қалдырушының орнына қол қойған адамға қатысты да енгізілуі тиіс. Куә да, қол қоюшы азамат та толық әрекет қабілетті болуы қажет, олар өсиет құпиясын сақтау туралы жазбаша ескертіледі.
Сонымен қатар, қазіргі кезде Мұрагерлік құқықта құпия өсиет түрі бекітілген. Құпия өсиет деп өсиет қалдырушының тілегі бойынша нотариус өсиеттің мазмұнымен таныспай-ақ оны куәландыратын өсиетті атаймыз. Құпия өсиет, оның жарамсыз болып қалу қаупімен, өсиет қалдырушының өз қолымен жазылуға және қол қойылуға, екі куәның және нотариустың қатысуымен куәлар қол қоятын конвертке салынып, желімденуге тиіс. Куәлар қол қойған конверт куәлардың және нотариустың қатысуымен, нотариус куәландырып қол қоятын басқа конвертке салынып желімденеді. Нотариус жоқ елді мекендерде тұратын адамдардың өсиетін заң актілерінде нотариалдық әрекеттерін жасауға уәкілдік берілген лауазымды адамдар куәландырады.
Нотариуспен куәландырылған өсиеттерге келесі өсиеттер теңестіріледі:
1. ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерінде емделіп жатқан, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлерде тұратын азаматтардың осы ауруханалардың, санаторийлердің, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерінің бас дәрігерлері және кезекші дәрігерлері, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлердің директорлары, бас дәрігерлері куәландырған өсиеттері;
2. госпитальдарда, санаторийлерде және басқа да әскери-емдеу мекемелерінде емделіп жатқан әскери қызметшілер мен басқа адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлердің және басқа да әскери-емдеу мекемелерінің бастықтары, олардың медицина бөлімі жөніндегі орынбасарлары, аға және кезекші дәрігерлері куәландырған өсиеттері;
3. жүзу кезінде Қазақстан Республикасының жалауымен теңіз кемелерінде немесе ішкі жүзу кемелерінде жүрген азаматтардың осы кемелердің капитандары куәландырған өсиеттері;
4. барлау және басқа да экспедицияда жүрген азаматтардың осы экспедициялардың бастықтары куәландырған өсиеттері;
5. нотариустары және нотариат әрекеттерін жасуға уәкілдік берілген лауазымды адамдары жоқ әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің, әскери-оқу орындарының орналасқан мекендеріндегі әскери қызметшілердің өсиеттері, сондай-ақ осы бөлімдерде жұмыс істейтін жай адамдардың, олардың отбасы мүшелерінің және әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің де әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелер мен оқу орындарының командирлері (бастықтары) куәландырған өсиеттері;
6. бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған өсиеттері теңестіріледі.
Аталған лауазымды тұлғалар өсиетті рәсімдегеннен кейін оның бір данасын өсиет жазушыға беріп, ал екінші данасын 10 күннен кешіктірмей - өсиет қалдырушының тұрғылықты жері бойынша әділет департаментіне оны тиісті нотариусқа тапсыру үшін ресми түрде жіберу керек.
Өсиет қалдырушы себебін түсіндірместен заң бойынша мұрагерлердің біреуін, бірнешеуін немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагерді мұрадан айыру оның ұсынылу құқығы бойынша мұрагерлік етуші ұрпақтарына қолданылмайды.
Мұра қалдырушы кез келген мүлікке қатысты өсиет жасауға құқылы. Өсиет қалдырушы мұрагер мінез-құлқының сипатына қатысты мұра алуды белгілі бір талаппен байланыстыруға құқылы. Мұрагер тағайындау немесе мұра алу құқығынан айыру туралы өкімге енгізілген заңға қарсы талаптар жарамсыз болады.
Өсиетке енгізілген мұрагердің денсаулық жағдайы бойынша немесе өзге де объективті себептерге байланысты мұрагер үшін орындалмайтын талаптар мұрагердің талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Өсиет қалдырушы негізгі мұрагермен қатар қосымша мұрагер тағайындауға құқылы. Мысалы, өсиетте көрсетілген мұрагер мұра ашылғанға дейін қайтыс болса, мұраны қабылдамаған не одан бас тартқан болса, немесе лайықсыз мұрагер ретінде мұрагерліктен шеттетілген болса, сондай-ақ мұрагер мұра қалдырушының заңды талаптарын өсиет бойынша орындамаған жағдайда.
Өсиеттің күші келесі екі жолмен жойылуы мүмкін: нотариус кеңсесіне бұрын өзі жасаған өсиеттің толық күшін жою туралы өтініш беру немесе жаңа өсиет жасау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz