ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫН ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Б.АХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Мамандығы: 0111000 - Негізгі орта білім беру
Пәні: Информатика оқыту әдістемесі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: HTML тілі бойынша электрондық оқу құралын жасау

Тобы: ИМ-41
Орындаған: Смагулов Р.Б.
Тексерген: Согумбаева А.Б.
______________
(қолы)

Павлодар қаласы, 2021 жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

I-ТАРАУ. ЭЛЕКТРОНЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫН ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... 4
Электронық оқу басылымына қойылатын жалпы талаптары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Электорндық оқу құралының мазмұны мен қолданылуы туралы ... ... ... ... ... .7

II ТАРАУ. HTML ТІЛІ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫН ЖАСАУ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 HTML гипермәтіндік белгілеу тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 HTML тілін оқытуға арналған электрондық құралдың құрылымы ... ... ... ... 21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

КІРІСПЕ
Соңғы жылдары білім беру үрісіне ақпаратты технологияларды енгізуге, оқу бағдарламаларын және электрондық кітапханаларды құруға, желілік құрылымның дамуына, сонымен қатар білім берудің жаңаша түрлеріне көп көңіл бөлінуде. Орта білім беру, орта кәсіптік білім беру, жоғары оқу орындарының ақпараттандыру үрдісіне білім беру ортасын құру, яғни базалық арнайы пәндерді оқыту және білімді бақылауу үдерісінің сапалы өзгерісі маңызды орын алады. Орта білім беру, орта кәсіптік білім беру, жоғары оқу орындарының ғылыми және оқу ақпараттық ресурстарын құру процесін автоматтандыру және дамыту нәтижесінде оқыту мүмкіндігін кеңейтуге болады. Барлық адамның жоғары білім алуын қамтамасыз ету қажет. Жоғары білім алу білімгердің қабілетін, мүмкіндігімен, табандылығымен, күшімен, табандылығымен анықталуы тиіс.
Білім берудегі оқыту үдерісін ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық және оқу әдістемелік база қажет. Соның ішінде ерекше атап өтіге болатын әдістемелік кешен-электронды оқулықтар болып табылады. Олар оқу үдерісін даралау мен дифференциялдауға, қатені тексеруді бақылау мен кері байланысты жүзеге асыруға, оқу барысында өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі түзетуді, әртүрлі жағдайда тиімді шешім қабылдай білу ептілігін қалыптастыруға, ойлаудың белгілі бір типін дамытуға (көрнекті-бейнелі, теориялық), оқуға ынтасын күшейтуге, танымдық іс-әрекетінің мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта электрондық оқулықтар мен оқу құралдырын жасау мәселесі өзекті болып табылады. Толық өңделген электронды оқулық лекция барысында-демонстрациялау құралы, компьютерлік сыныптрда өзіндік жұмыстарды орындау үшін - репетитор, компьютер, емтихан алушы алдында-тәжірибелі жұмыстарды орындауға арналған әдстемелік нұсқау ретінде қызмет атқара алады. Дегенмен, электрондық оқулық осы функциялардың барлығын орындау үшін оқулықты құрастырушы оқытушының педагогикалық шеберлігі, оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескертетін күрделі әдістемелік құрал болу қажет.
Электрондық оқулықтың оқу процесінде алатын орны оны жасаудың әдіснамасын өндеу қажеттілігі мен толық дамымағандығы арасында қарама-қайшылық тудырады, соның нәтижесінде зерттеу мәселесі айқындала түседі.

Құрстық жұмыстың мақсаты: қазіргі кездегі әр түрлі құралдарды, HTML тілін пайдалана отырып, HTML тілін оқытуға арналған көмекші электрондық оқу құралын жасау және пайдалану.
Аталған мақсатқа жету үшін қурстық жұмысты жасау барысында келесі міндеттерді орындау қажет: электрондық оқу басылымына қойылатын жалпы талаптары мен міндеттері; электрондық оқу құралының мазмұны мен қолданылуы туралы; HTML гипермәтіндік белгілеу тілі туралы қарастырып, HTML тілін оқытуға арналған электрондық құралын жасау.

I-ТАРАУ. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫН ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ

Электрондық оқу басылымына қойылатын жалпы талаптары мен міндеттері

Электрондық оқу басылымының (ЭОБ) обьектісі ғылыми негізделген фактілер, тұжырымдар мен ережелердің, сонымен қатар берілген оқу курсында оқытылатын обьектілерді, құбылыстар мен үрдістердің қатынастарды мен қасиеттерінің жиынтығы болып табылатын сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа оқыту ақпараты болуы керек.
ЭОБ оқу мақсаттарына тікелей сәйкес келмейтін, яғни оқу курсының мазмұнына жатпайтын және пайдаланушының назарын өзіне аударатын ақпаратты қамтымау керек.
ЭОБ-да интерфейс көрнекті, түсінікті, бірмәнді болуы мен қатар, пайдаланушы қате іс әрекеттер жібермеу үшін ЭОБ-ның және оның жеке бөліктерінің жұмыс істеу логикасын түсінуге көмектесетін түрде болу керек.
ЭОБ-да оқылатын обьектілер, үрдістер мен құбылыстардың құрылымын және параметрлерін беру және өзгерту үшін, сонымен қатар сыртқы әрекеттерді имитациялау үшін, сонымен қатар сыртқы әрекеттерді имитациялау үшін, имитациялық компьютерлік модельдер ыңғайлы құралдармен жабдықталуы керек. Компьютерлік моделдермен өзара-әрекет мәселелері оның көмегімен шешілетін дидактикалық есептердің мазмұнынан оқушының көңілін бөлмей, оларды меңгеру үшін интеллектуалды ынтаны елеулі азайтатындай болуы керек.
ЭОБ жабық та, ашық та ортада қолдану мүмкіндігіне ие болу керек.
Жабық ортада жылжымалы ақпаратты тасушыларда орналасуы және жеке алынған компьютерде немесе локалды компьютерлік желіде орыналушы программалар сияқты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болуы керек. ЭОБ ашық орта глобалды компьютерлік желілерде орналасады және жұмыс істеу үшін программа браузерлерді қолданады.
ЭОБ қосымша программалық құралдарды талап етпейтін операциялық жүйенің, соның ішінде ашық кодты операциялық жүйелердің, нұсқасын ескере отырып автоматты түрде орнатуының мүмкіндігіне ие болуы керек. Орнату комплектінде мемлекеттік немесе халықаралық стандарттарына сәйкес ЭОБ-ның тәуелсіз жұмысы үшін барлық қажет шрифтер, драйверлер және программалар пакеттері болуы керек.

ЭОБ қажетті өзгертуды енгізуді оңайлату және сынақтан кейін программаның алғашқы кодын өзгертпей ЭОБ-ның мазмұнын жетілдіру мүмкндіктері болуы керек, сонымен қатар оқу материалдары мен статистикалық деректерге рұқсатсыз болмалуы керек.
ЭОБ-ның құрамын: титул мазмұн, контент, утилиталар, көмекші және құжаттама енгізу керек.
Титулда ЭОБ-ның шығу мәліметтері орналасады. Шығу мәліметтеріне қойылатын талаптар осы стандартың сәйкес тарауында келтірілген.
Контентте ЭОБ-ның мақсаттары мен есептеріне қатысты, және білімді қорытынды бақылау өткізуге қажет, барлық оқу материалы берілуі керек. Оқу материалы ғылыми терминологияны пайдаланып түсінікті, дәл, толық және қарама қайшылықсыз жазылуы керек.
Утилиттер пайдаланушыларды тіркеу, статистикалық деректерді шығару, мазмүнды қарау, оқу траекториясын анықтау және сонымен оқыту, ағымдағы, аралық, белестік және қортынды тестілеуді жүргізу үшін арналған.
Көмекшіде ЭОБ-ның жұмысын басқару бойынша ақпарат және ЭОБ-ның іске қосылуы моментінен бастап қолжетпек болуы керек.
Ақпараттық қоғамның негізгі бағыттарының бірі - білім саласын ақпараттандыру болып саналады, яғни білім жүйесін жаңа ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану методологиясымен және оны жүзеге асыру практикасымен қамтамасыз ету процесі болып саналады.
Қазіргі кезде ашық және басқа да оқыту жүйесінде қолданылатын ақпараттық компьютерлік технологиялық (АКТ) құралдарға электронды оқыту басылымдары (ЭОБ) жатады. ЭОБ - ын жасау ҚР білім жүйесінің барлық түрлері мен деңгейлерін ақпараттындырудағы негізгі стратегиялық бағыты болып саналады. Электронды оқыту құралдарын жасау және пайдалану екі бағыт бойынша дамиды:
Әртүрлі оқыту пәндері бойынша автоматтандырылған оқыту жүйелері құралады. Автоматтандырылған оқыту құралдарының негізі ретінде педагог - құрушыларға өздерінің әдістемелік материалдарын мәліметтер қорына енгізіп, арнайы тіл немесе инструментальдық құралдар арқылы олардын оқытудың алгоритмін беруге болатын авторлық жүйелер жатады.
Адамзат жұмысының әртүрлу саласын ақпараттандырумен байланысты. Бұл бағытты компьютерлік оқыту программалары, программалар пакеті, көп еңбек етуді қажет ететін есептеулереді, оптимизациялауды,

математикалық модельдерді жеңілдету үшін автоматтандыру жүйелеріінің элеметтері дамыған.
Қазіргі заманғы ЭОБ оқушыға ыңғайлы индивидуалды қарқынмен теорияны оқуға, эксперементалды зерттеулер жүргізуге, практикалық дағдыларды қалыптастыруға, өзін-өзі тексеруге мүмкіндік береді.
Оқушының білім деңгейін, дағдысын және іскерлігін бақылауға және бағалауға арналған программалық құралдар.
Электронды жаттықтырушы
Математикалық және иммитациялық модельдеуге арналған программалық құралдар
Ақпараттық - іздеу анықтамалық жүйелері
Электронды оқулықтар
Интеллектуалды оқыту жүйлері
Мамандық бойынша автоматтандыру құралдары (өндірістік жұйелер немесе оларды оқыту аналогтары)

Ортақ қолдануға арналған сервистік программалық құралдар көп ойлануды қажет ететін есептеулерде, экспереметтік бақылаулардың берілгендерін өңдеуде автоматтандыру үшін қолданылады. Олар лабораториялық, практикалық сабақтарда, студенттік өзіндік жұмысын ұйымдастыруда қолданылады.
Жаттықтырушылар іскерлік пен дағдыны өңдеуге арналған. Бұдай құралдар өте қиын және төтенше жағдайларда апатқа қарсы жағдайды өңдеуді оқытуда әсіресе тиімді. Нақты құралдарды жаттығу үшін қолдану көптеген жағдайларға байланысты қолайсыз (тоқ берудегі үзіліс, авариялық жағдайлар туғызу қаупі, үлкен қауіптілік т.б.). Сондай - ақ электронды жаттықтырушыны есептеулерде іскерлік пен дағдыны қалыптастыру үшін қолданылады.
Математикалық модельдеуге арналған құралдар эксперименттік және теориялық зерттеулер шекараларын кеңейтуге, физикалық эксперементті есептеуге мүмкіндік береді. Бұндай құралдар қымбат лабораториялық құрылғыларды алуды шектеуге көмектеседі, зертханаларда жұмыс істеу қаупі азаяды.
Ақпараттық - іздеу анықтамалық жүйелері қолданушыға әртүрлі ақпаратты енгізуге, сақтауға және беруге арналған. Оларға әртүрлі белгілері бойынша ақпаратты тез-тез табуға көмектесетін иерархиялық ұйымдастырылған гиппертекстік және гипермедиялық программалар әртүрлі мәліметтер қорлары жатады.
Автоматтандырылған оқыту жүйелеріне, әдетте аз көлемді, оқушыға теориялық материалдармен танысуды, жаттығуды және білім деңгейін тексеруді ұйымастыратын оқыту программалары жатады.

Электронды оқыту құралдарын лекцияларда, лабораторияларда, лабораториялық жұмыстарда, өз бетімен оқуда немесе нәтижелік бақылау жүргізгенде пайдалана беруге болады. Негізіне оқушының білім деңгейін бақылауға және тестілеуге арналған программалық оқыту құралдары, сондай - ақ өзінде сондай құралдары бар ЭОБ кең тараған. Олар оқытушыны көп вариантты практикалық тапсырмалар жасаудан, бақылаудан және орынауын тексеруден босатады. Осындай жағдайдағы білімді жиі тексеру оқуға ынталануды көтереді. АКТ-ны пайдалану - оқыту және жетілдіру мақсаттарына тиімді түрдк қол жеткізуге болатын білім жүйесін құруға мүмкіндік береді. Мұндай тәсілдің артықшылығы:
оқытудың жоғары нәтижелілігі
әртүрлі білім мекемелері үшін икемділігі мен бейімделгіштігі
жүйенің жеңіл өзгертілуі мен толықтырылуы (тесттерді толықтыруға, файлдарды өзгертуге болады)

Электрондық оқу құралының мазмұны мен қолданылуы туралы

Электрондық оқу басылымының мазмұн құрылымына қойылатын талаптар

ЭОБ-ның контенті үш деңгейлі семантикалық оқыту бірліктеріне бөліну керек: 1 - модульдер, 2 - блоктар, 3 - сабақтар.
Модуль блоктан блокқа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы байланысқан блоктар тізбегінен тұратын электрондық оқу басылымындағы ірі синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту бірлігі.
Блок сабақтан сабаққа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалық байланысқан сабақтар тізбегінен тұратын электрондық оқу басылымындағы орташа синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту бірлігі.
Сабақ минималды синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту бірлігі жәнеол бірнеше оқыту элеметтеріне тұрады. Сабақтағы міндетті оқыту элементтері болып теориялық материал, мысалдар, тапсырмалар, сұрақ-жауаптар және тестілер есептелінеді, ал міндетті емес элементтерге оқыту ақпаратын меңгеру, түсіну және еске сақталған себебін тигізетін және ақпараттық тығыздық қамтамасыз ететін анықтамалық, графика, аудио және видео жатады.

Теориялық материал тандап алынған оқу курсы бойынша мазмұны түсінікті, нақты, толық және қарама-қайшылықсыз болатын көкейкесті ақпаратты қамтуы тиіс және бұрын өткен сабақта қабылданған білімді қайталамай өздігінен оқу, тапсырманы жасау және білімді бақылау үшін жеткілікті болуы керек. Теорияда мәтіндердің астын сызу және түсін өзгерту сияқты арнаулы дидактикалық құралдары қолдану керек.
Мысалдар теорияның жеке маңызды аспектерін жаттығуды орындау, есепті шешу, сұрақтарға жауаптар тағайындау және т.б. түрде деталды талдауын қамтамасыз етуі керек.
Тапсырмалар оқытылатын объекттер, үрдістер мен құбылыстарының ішкі байланысын анықтауға, оларың әртүрлі сыртқы әсерлер кезіндегі функционалдық қасиеттерін зерттеуге және жаттығуларды орындау мен есептерді шешудегі практикалық машықтарын қалыптастыруға бағытталу керек. Тапсырмалардың тұжырымдамасында атқарылатын іс-әрекеттердің реті мен күтілетін нәтижеге және олардың берілу формасына қойылатын талаптарға түсініктемелер болуы керек.
Сұрақ-жауаптар білімді меңгері үшін және практикалық жұмыстарды орындау машықтарын қалыптастыруға бағытталған болуы керек деңгейі, сипаты және жауаптардың берілу пішімі бойынша түрленуі керек.
Тестер сұрақтар мен олардың жауаптарының вариантарын қамтуы керек. Тестер дұрыс жауапты таңдау кезінде қарапайым табу әдісін қолданбау үшін мағынасын түсінбей жауап беретін сұрақтарды қамтымауы керек.Оқушы оқу материалын терең білгенде ғана дұрыс жауапты таңдап алу үшін дұрыс емес жауаптар өздерінің мазмұны бойынша дұрыс жауапқа жақын болуы керек. Тестер оқушылардың іс-әрекеттері мен жауаптарында болатын әдеттегі қателер туралы ескертулер мен сол қателерді жібермеу және түзету туралы түсініктемелерді қамтуы мүмкін.
Анықтамалық оқу материалына қатысты және жаттығуларды орындау, есептерді шешу мен тәжірибе өткізуге, курстық, дипломдық және т.б. жұмыстарды дайындау бойынша мәтіндік, кестелік, графикалық және басқа оқу-әдістемелік мәліметтер қамту керек.
Графика, аудио және видео оқу курсында оқытылатын объекттер, үрдістер мен құбылыстардың ең маңызды жақтары мен жағдайлары ашу және көрсету үшін қажетті қосымша дидактикалық материалдарды келтіруге арналған.
Тезаурус ЭОБ-ң пән аймағына байланысты терминдер және қысқартулар сөздігін қамту керек.

Соңғы уақытта компакт-дискідегі, флеш карта, сонымен қатар Интернет желісіндегі әртүрлі электрондық басылымдарды құру құрастырушылардың, мұғалімдердің және оқушылардың да көңілін аударуда.
Электронды оқулық мына жағдайларда өте тиімді:
Тез арадағы кері байланысты қамтамасыз етеді;
Кәдімгі оқулықтан іздегенде қиындық келтіретін керек ақпараттарды тез табуға көмектеседі;
Гипертексті анықтамаларға тоқталуда уақытты көп үнемдейді;
Қысқа мәтінмен қатар - көрсетеді, айтады, модельдейді және т.б.;
Белгілі бір бөлімге сәйкес білімдерін тез арада тексеруге мүмкіндік береді;

Электронды оқулықтардың әдеттегі құрылысы: оқу материалдарын ұсыну,іс-тәжірбие, тестілеу. Курстың әрбір мағыналы фрагменттері іс-тәжірбие және бақылау жұмыстары арқылы, ал әрбір үлкен бөлімдер - тест немесе сынақ арқылы аяқталады.
Жаңа буынның электронды оқулығы мынадай жүйлерді қамтуы тиіс:
Курс ядросы;
Иллюстрациялы оқу-анықтамалық комплексі;
Виртуалды лаборатория мен интерактивті модельдер комплексі;
Тестілік комплекс;
Іздеу комплексі;
Көмек жүйесі;
Методикалық көмек жүйесі;
Жоғарыда көрсетілген жүйе интеграциясы мына негізгі қасиеттерге сәйкес интерактивті оқу курсын құру керек:
Қазіргі белсенді-іскерлік оқыту тәсілдерінен хабарар ету: әр оқушыны оқу процесіне ынталандыру, оқушылардың өз бетілік жұмысын ұйымдастыру, т.б.;
Оқудың негізгі факторларын аралас қолдану;
Орта мектепте оқытылатын барлық тақырыптарға арналған оқу, анықтамалық және тестілік материалдардың ауқымды көлемі және осы материалдарды нәтижелі ұйымдастыру;
Оқу ақпараттарын берудегі көрнекіліктерді көбейті;
Оқушылардың өз бетілік шешім қабылдауына және оқу материалдарын шығармашылық игеруіне қажет ситуациялық сұрақтарды құру мүмкіндігі;
Оқушылардың өз бетілік жұмысынын қорытындысына бақылау жасау;

Оқытушылардың есептер жинағын толтыруға, сабақтарды, бақылау жұмыстарын, жекелеген есептерді құруға арналған құрал-жабдықтарды жасау;
Оқушылар мен оқытушылар арасында вируталды кеңес арқылы кері байланысты ұйымдастыру;
Оқытушыларға арналған методикалық материадық толық жиынын жасау;
Ақпараттық технологиялардың дамуы сабақты өткізудің жаңа мүмкіндігін қашықтан оқытуың енуін берді. Ол біріншіден, үйренушінің өзіне оқу уақыты мен орнын тағдауына, екіншіден, қандай да бір себептермен дәстүрлі білім алудан шеттетілген адамдарға білім алуға, үшіншіден, оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдануға, төртіншіден, оқытуға кететін шығынды белгілі бір мөлшерде азайтуға мүмкіндік береді. Басқа жағынан қашықтықтан оқыту білім беруді жекешеліндіру мүмкіндігін арттырады.
Қашықтан оқытуа электронды оқулықтар қолданылатыны белгілі. Электронды оқулықтарды құру ақпараттық материалдардың әркез жаңарып отыруына байланысты мәселені шешуге мүмкіндік береді. Оларда, сонымен қатар, жаттығулар мен мысалдардың мол болуы және ақпараттың әр түрінің көрнекі түрде берілуі мүмкін. Сонымен бірге электронды оқулықтар көмегімен білімді тексеру - компьютерлік тест орындалады.
Білім беру саласында "электронды оқулықтарды" пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Электронды оқулықтарды қолдану тәжірибесі студенттер мен оқушылардың берілген матераилды сапалы түрде меңгеретінін көрсетті. Бұған тестілеу қорытындылары куә. Олай болса ақпараттық технологияның дамуы білім беруде жаңа әдістер мен әдістемелерді ойлап табуға және сол арқылы оның сапасын арттыруға толық мүмкіндік береді.
Электрондық оқулықтың тиімділігі олардың қашықтықтан оқытудағы өз мүмкіндіктерін жетілдіріп, қазіргі жағдайда барлық білім алатын үйренушілерге ұсынылуында.
Электронды оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электронды оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін-өзі тексеру жүйесу бар. Осы электронды оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін-өі тексеру

жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады да, оларды ауылдық жерлерде, мұғалім жетіспейтін жерлерде көбіне қажет етеді.
Электронды оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалім айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Электронды оқулық мазмұны жағынан толық, жоғары деңгейде ақпараттанған және дарынды жазылуы қажет. Қашықтан білім алуда оқулықта барлық электронды-методикалық құралдары кіруі керек.
Дәл осындай оқулық кез-келген оқушыға ұсынуға болады және дәл осындай оқулықты студенттердің өзін-өзі дайындауда жақсы қөмек береді. Осымен қатар сынықтарға және әр пәннен өтетін емтихандарға дайындалуға көмектеседі.
Қазіргі уақытта оқу пәндерінің барлық бағыттары бойынша электронды оқулықтар құрылуда. Мұндай оқу көздеріне деген қызығушылықтың артуы мультимедиалық технологиялардың пайда болуымен және коммуникацилық құралдар. Интернет желісінің дамуымен байланысты.

Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар
Электронды оқулықтар жасаудың педагогикалық технологиясының құрылымы оқыту процесінің заңдылықтарына негізделіп, бір-бірімен байланысты 4 компоненттен тұрады: мотивациялық-мақсатты, мазмұндық, операциялық және бағалы-нәтижелік.
Электронды оқулықтың мотивациялық-мақсатты компоненті модульдер мен шағын модульдерді құрастырудан тұрады. Модуль - пән саласындағы жүйелік және қызметтік білімдердің жиынтығы. Ол электронды оқулық арқылы оқытуды ұйымдастырудың қызметтік түйіні болып табылады.
Электронды оқулықтың мазмұндық компоненті гипертекст арқылы жүзеге асырылады. Гипертекст - терминдерден, ұғымдардан, әртүрлі концепциялардан, кестелерден, графиктерден және диаграммалардан тұратын мәліметтер базасы ретінде берілетін ақпараттық оқыту ортасы. Мәтіндерді қазақ, орыс, ал кейбір ағылшын тіліндегі дыбыстар арқылы айтуға болады. Гипертекст бейне материалдарымен толықтырылған.

Электронды оқулықтың операциялық компоненті тест алу жолымен жүргізіледі. Электронды оқулықта тестердің екі түрі берілген: бір дұрыс жауабы бар. Тест соңында оқушы өзі қате жіберген сұрақтарды тексеріп көре алады, әрбір тесттен соң сұрақтарың реттік орны ауыстырылып отырады.
Мұғалім үшін электронды оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады. Сол себепті электронды оқулықтарды әзірлеп оны дамытудағы ұсыныстар мен пікірлер арқылы тиімділігін бірте-бірте арттыратынын көрсетеді.
Қазіргі кезде білім процесінің әртүрлі тұлғалар арасында қашықтықтан мәлімет алмасу ісі мүмкін болып, олар бір-бірімен ашық түрде компьютерлер көмегімен өз пәндері айналасында пікірлесе алатын болды. Мысалы, мұғалімдер - мұғалімдермен, мұғалім - ғылымдармен, мұғалімдер - оқушылармен, мұғалімдер - ата-аналармен, мұғалімдер - оқулық жазушыларымен және т.б.
Оқушылар үшін электронды оқулық - мектепте оқыған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты
«Adobe Photoshop» тақырыбына электрондық құрал
«Информатиканың теориялық негіздері» пәнін оқыту үрдісінде электронды оқу құралын қолдану
Оқытудағы ақпараттық технологиялар негіздері
Электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері жайында
Жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәнін кәсіптік оқыту
Электрондық оқулықтың құрылымы
Информатиканы оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕСІ
Электрондық оқулық ұғымы
Пәндер