Үстірт мемлекеттік қорығының жорғалаушылары
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі
Биология кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Үстірт мемлекеттік қорығының жорғалаушылары
Курс 2
Тобы: ХБ 19-1
Пәні: Зоология
Орындаған: Өмірзақова Нұрсұлу
Қабылдаған: Шолпанкулова Гаухар
Тараз 2020
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Систематикалық орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
І тарау ... ... ... ... ... ... биологиясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... биологиялық ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... 5
1.2 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 ... ... ... ... ...түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.1 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...21
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Кіріспе
Біз жұмыр жер бетінде өзге де алуан түрлі тіршілік иелерімен қатар мекендеп, өмір сүріп жатырмыз. Әрқайсысы өзінше бағалы саналатын олар адамзат игілігін құрайды. Қазақстанда жабайы табиғаттың аса ғажайып өңірлері - шаруашылық қызметінің кез келген түріне тыйым салынған қорықтар бар. Көрік келбеті уыз қалпында сақталған мұндай табиғат алыптары сиреп, құрып кетуге айналған жан-жануарлар мен өсімдіктердің аса маңызды тіршілік ортасы болып табылады, сондай-ақ медициналық және басқа да ғылыми зерттеулер үшін генетикалық қор, ‹‹тірі лаборатория›› іспеттес. Биологиялық және ландшафттық орасан мол алуантүрлілік пен әсем табиғат көркі үйлесім тапқан бұл жерлер рухани және дене күш қуатының қайнар көзі ретінде адамға қызмет етеді. Қазақстан Республикасының ‹‹Ерекше қорғауға алынған табиғат территориялар туралы›› заңы бойынша елімізде ерекше қорғалатын 13 табиғи территория анықталған. Қазіргі кезде Қазақстанда 10 қорық пен 5 мемлекеттік ұлттық табиғи парк, 66 қорықша, республикалық маңызы бар 26 табиғат ескерткіштері, 3 зоопарк, 5 ботаникалық бақ, бірнеше дендропарк, халықаралық маңызы зор 2 сулы-батпақты алқап, ерекше мемлекеттік мәні бар, ғылыми құндылығы айрықша 150 су көздері құрылып жұмыс істеуде. Қорықтар, қорықшалар, ұлттық парк және табиғат ескерткіштері алқаптары мемлекет территориясының 2,8%-ін алып жатыр. Барлық 10 қорық ғылыми және табиғат қорғау мекемесі мәртебесіне және республикада ерекше қорғауға алынған жоғары дәрежелі табиғи территория болып саналады. Олар дәл сол өңірге тән бірегей табиғат кешендерін қаз қалпында сақтау мақсатына қызмет етеді. Бұлардың ішінде біз қарастыратын қорық ─ Маңғыстау облысындағы Үстірт табиғи қорығы. Ол 1984 жылдың 12 шілдесінде Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің №294 қаулысымен ұйымдастырылды. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы Маңғыстау облысының Қарақия ауданында 223,342 гектар аумақты алып жатыр. Өзінің құқықтық қорғау режиміне сәйкес, қорықтық және күзетілетін өңірлерге бөлінеді.Үстірт қорығы Қарақия ауданының шығыс бетінде, Батыс Үстірт жонының Қараған босаға, Көкесем, Кендірлі, Елшібек сияқты ұшпа шыңдары мен жарқабақты таулары және Қарынжарық құмымен Сақсорқа құмын жағалай орналасқан. Қорық аумағында биік тау да, жазық та, тік құлама жарлар мен шыңдар да, тақтайдай тегіс айдын сорлар, сарқырап аққан бұлақтар, ғажайып тылсым сырларға толы үңгірлер мен араңдар да кездеседі. Үстірт қорығының негізгі ашылу мақсаты ─ Қазақстан шөл зонасының эталондарының бірі ретінде Оңтүстік - Батыс Үстірттің сирек кездесетін жануарлары мен алуан түрлі өсімдіктер дүниесін, табиғаттың қайталанбайтын көне дәуір ескерткіштерін сақтай отырып, тамаша табиғатын қорғау, өсімдіктер мен жан-жануарлардың табиғи түрде өсіп - өнуіне қажет жағдай жасау, ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізу, табиғатты қорғау шараларының негіздерін әзірлеу және оны іс жүзіне асыру болып табылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы 1984 жылы 12 шілдеде Қазақ СРО Министрлер Кеңесі қаулысымен заңды түрде ұйымдастырылды, ол Маңғыстау облысының оңтүстігінде Ералы ауданында орналасқан. Көлемі ─ 223300 га.. Қорықтың негізгі орталығы ─ Кендірлісор соры, оның көлемі 50 мың га. Жел және су әселерінен ерекше қорғандар, еш жерде болмайтын ескерткіштер пайда болған. Аймақтың ауа райы өте қатаң. Қатаң ауа райына қарамай, қорықтың жануарлар әлемі бай және алуан түрлі. Көптеген авторлардың мәліметтері бойынша, мұнда сүтқоректілердің 50-ден астам түрі тіршілік етеді. Сирек кездесетін сүтқоректілер беті жабысқақ сордан басқа, барлық биотоптарда кездеседі.Үстірт қорығы биологиялық алуантүрлілігінің ғажайып әлемі ежелден әртүрлі мамандықтағы ғалымдардың назарын өзіне аударып келеді. Бұл қорық ғылыми зерттеулердің ұзақтығы және нәтижелілігі жағынан Қазақстанда алдыңғы орында. Көптеген ғылыми көпшілік мақалалар жарық көрген. Соңғы жылдары қорық өзінің территориясын, материалдық - техникалық базасын бекітіп қана қойған жоқ, бүкіл әлемдік экологиялық саяхатшылар мен ғалымдар арасында танымалдылығын одан әрі арттырып, белсенді жұмыстар жүргізілуде. Болашақта барлық биологиялық және табиғи- ландшафты нысандарға инвентеризация жүргізу өсімдіктер мен жануарларға мониторингтік бақылау жасау тұрақты шараға айналуда.
Жұмыстың мақсаты: Үстірт мемлекеттік қорығының физикалық-географиялық ерекшелігін, ол жерде кездесетін жорғалаушылардың биологиялық ерекшелігімен танысу
Жұмыстың міндеттері:
1. Үстірт табиғи қорығында кездесетін жорғалаушылардың биологиялық ерекшелігін зерттеу.
2. Үстірт қорығын мекендейтін жануарларға әсер ететін экологиялық факторларды анықтау.
3. Жорғалаушылардың түрлерін қарастыру, табиғаттағы тіршілігін бақылау.
Зерттеу нысаны: ... ...
Зерттеу әдісі: Салыстыру, анықтау.
Жұмыстың практикалық маңызы:
Кіріспе 1 бет
Систематикалық орны
Патшалық: Жануарлар - Animalia
Тип: Хордалылар - Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар немесе Бассүйектілер - Vertebrata seu Craniota
Бөлімі: Жақтылар - Gnathostomata
Класс:
Отрядүсті:
Отряды:
Тұқымдасы:
Туыс:
Түрлері:
Егер бірнеше отряд немесе бірнеше түр туралы жазсаңыздар бәрінің систематикалық орынын көрсетіңіздер
І. Әдебиеттерге шолу биологиясы
1.1 .Үстірт табиғи қорығының тарихы биологиялық ерекшелігі
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы 1984 жылдың 12 шілдесінде Қазақ
ССР Министрлер Кеңесінің №294 қаулысымен ұйымдастырылды.
Қорық аумағы Маңғыстау облысы, Қарақия ауданының шығыс бетінде,
ал әкімшілік ғимараты Жаңаөзен қаласында орналасқан. Қорықтың қорғалатын аумағы Жаңаөзен қаласынан 150-160 шақырым жерде, жер көлемі 223 342 гектар. Қорық аумағы Батыс Үстірт жонының Қараған Босаға, Көкесем, Кендірлі, Елшібек сияқты ұшпа шыңдары мен жарқабақты тауларын жағалай орналасқан. Қорық аумағында биік тау да, жазық та, тік құлама жарлар мен шыңдар да, тақтайдай тегіс айдын сорлар, сарқырап аққан бұлақтар, ғажайып тылсым сырларға толы үңгірлер мен араңдар да кездеседі.
56000 га. жерді алып жатқан Кендірлі соры оған жалғасып жатқан
төбелі- адырлы Қарынжарық құмымен бірге Қарынжарық ойпатын түзеді.
Үстірт қорығының негізгі ашылу мақсаты ─ Қазақстан шөл зонасының
эталондарының бірі ретінде Оңтүстік - Батыс Үстірттің сирек кездесетін
жануарлары мен алуан түрлі өсімдіктер дүниесін, табиғаттың қайталанбайтын көне дәуір ескерткіштерін сақтай отырып, тамаша табиғатын қорғау, өсімдіктер мен жан-жануарлардың табиғи түрде өсіп өнуіне қажетті жағдай жасау, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, табиғатты қорғау шараларының негіздерін әзірлеу және оны іс жүзіне асыру болып табылады.
Қорық аумағында табиғи - тарихи ескерткіштер көп кездеседі.
Географиялық орналасуына, геологиялық құрылымына қарай ерекше
жаратылған Қарамая тауы мен Көкесем шатқалдары - басқа еш жерде
қайталанбайтын құбылыстар.
Қарамая - түсіне және орналасу пішініне қарай аталған, шығыстан
батысқа қарай созылып жатқан тау жоталарының атауы. Зерттеушілердің
пікірінше ежелгі мұхит түбіндегі вулкандық жарылыстардың әсерінен түзілген. Тау жыныстары мен топырақ жамылғысының айналасынан өзгешелігі - бұл пікірді растай түседі.
Алуан түсті Көкесем шатқалдары - қорық аумағындағы тұщы су көздері
бар, табиғаты әсем, ерекше түзілімді мекен атауы. Үстірт жонының батысқа
еңкіштей құлаған, қатты тілімденген шатқал сайлары - тау табиғатын
ажарландырып тұр. Шың етегінде Көкесем тұщы су бұлағы және шың басында Көкесем құдығы бар.Суының дәмділігіне байланысты Ойда талақ, қырда Көкесем деп айтылатын аңыз ауыз екі тілде ұмытылмай келеді.
Тарихи ескерткіштерден - Балуанияз, Көкесем қорымы және әлі
зерттелмеген Табан - Ата деп аталып жүрген ескі қорым тіркелген.
Балуанияз - Х1Х ғ. Маңғыстау адайлары мен түркмен тайпалары,
Хиуалықтардың арасындағы соғыстарда ерекше көзге түскен, Балықшы руының батыр атағын алған тұлға. Ескі атаулары Қалмақ үйген, Қараоба
(Қалмақ үйген Қараоба болуы да мүмкін) деп аталатын төбенің басына
жерленген. Қазір бұл төбе батыр атымен аталады.
Көкесем қорымы - Көкесем құдығынан шығысқа қарай 1км жердегі төбе
басында орналасқан. Х ғ. ескерткіштерінен басталатын 200 - ге тарта нысандар тіркелген. Мемлекеттік қорғауға алынған, зерттеуді қажет етеді.
2007 жылы қорық аумағының үш жерінен (Мәмекқазған, Кендірлі, Өнере) кордондар салынды.
1.2 Үстірт қорығының физикалық-географиялық жағдайына сипаттама
Үстірт ─ батыста Маңғыстау түбегі мен Қарабұғазкөл шығанағы,
шығыста Арал теңізі мен Әмудария атырауы аралығын алып жатқан дөңесті
аймақ. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытта 550-600 км-ге созылған, ені 300-400 км. Ауданы 200 мың км2. Үстірттің орташа биіктігі 150-200 м, оңтүстік-батысындағы ең биік жері 341 м (Мұзбел жоны). Тұран ойпатында орналасқан, геологиялық құрылымы ұқсас. Үстірттің солтүстіктегі бөлігі мен шығыс бойлықтың 56 0- қа дейінгі батыс бөлігі Қазақстан аумағына кіреді (Маңғыстау облысы), қалғаны Өзбекстан жерінде. Үстірт төңірегіндегі жазықтан тік жарлы кемер бойынша көтерілген және үсті жалпақ, жазық дөң күйінде. Үстірт жазығында аласа жондар және оларды бір-бірінен бөліп жатқан ойыс, ойпаттар кездеседі. Үстірттің орталығы бөлігінде Қарабауыр жоны бар. Ең ойыс жерлерін сор басқан, мысалы, солтүстігіндегі Қаратүлей, Жауынқұдық, Асмантай-Матай, Қосбұлақ ойыстарында, оңтүстігіндегі Ассеке-Аудан ойысында сор басқан ойпаттар көп. Орталық шығыс, оңтүстігінде әктас, гипстің суда еруінен пайда болған ұзындығы 5-25, тереңдігі 1-2 м үңгірлер (Балаұйық үңгірі), қазаншұңқырлар кездеседі. Тұран ойпатының батыс бөлігін құрылымдық-денудациялық Үстірт алып жатыр. Маңғыстаудың қазіргі жер бедерінің қалыптасуы ерте плиоценнің соңынан басталды. Тұран плитасының неотектоникалық қозғалысының әсерінен көтерілуінің нәтижесінде Маңғыстау тұғырлы жазыққа айналды. Таулы бөліктерінің қазіргі бедерінің қалыптасуы плиоценнің соңында жекелеген денудациялық үрдістердің әсерінен жүрді, бұл кезеңге дейін Маңғыстау мен Үстірттің кемерлері түзілген. Ерте төрттік дәуірде оңтүстік Маңғыстаудың ірі тұйық ағынсыз ойыстары пайда болып, онда көлдік режим сақталды. Уақыт өте келе көл түбіне шөккен шөгінді тау жыныстары жел әрекетінен өңделді. Төрттік дәуірдің соңындағы екі хвалын трангрессиясының әсерінен бүкіл Каспий жағалауында жер бедерінің екі аккумулятивтік және абразиялық пішіндерін қалыптастырды. 22 метр абсолют биіктіктің белгісінде жаңа Каспий теңіз абразиялы жағалауы бойлай созылып
жатыр. Маңғыстау үстіртінде аридті континентті климат жағдайы жоғарғы
плиоценнен бастап сақталғандықтан содан бері ежелгі өзен торларының іздері жоқ болғанымен Ақтау, Қаратау тауларының беткейлері мен Қарақия, Өзен Қарынжарық ойыстарында уақытша ағынсулардың әсерінен түзілген ескі арналармен жайылма үсті текшелерінің іздері байқалады. Тұран жазығының оңтүстік-батыс бөлігін қарақұм алып жатыр, Қарақұм түрік тілінде қара түсті құм немесе құмды жер мағынасын білдіреді. Жер бедерінің ерекшелігіне сай екі үлкен бөлікке бөлінеді. Солтүстік шағын бөлігін Зангуз қарақұмы немесе Зангуз үстірті биіктігі 60-80 метрге жететін тік беткейлі кемер арқылы сорлы унгуза ойысына ұласады. Ол тектоникалық қозғалысының әсерінен өзгеріске ұшырап шөлдік континентті климат жағдайында өңделген ежелгі құрғап қалған өзен арнасы болып саналады Өзен аңғарының барлық морфологиялық элементтері жақсы сақталған Амударияның Каспийге құйған ескі арнасы Узбой қарақұмның солтүстік батыс шеті арқылы өтеді. Унгуздың оңтүстігіндегі орталық, оңтүстік шығыс және оңтүстік қарақұм орналасқан зангуз қарақұмына қарағанда аласа болғандықтан орталық Қарақұмды - ойпатты Қарақұм деп атайды. Оның оңтүстігімен оңтүстік шығысы біртіндеп көтеріледі. Оңтүстік және оңтүстік шығыс қарақұм зангуз қарақұмына қарағанда теңіз деңгейінен биік. Екеуінде беті тегіс әрі біртіндеп батысқа қарай аласарады. Оңтүстік- шығыс қарақұмында ежелгі өзен арнасы кемф узбойы бар. Оның көп бөлігін қазір қарақұм каналы алып жатыр. Зангуз үстіртінің беткі қабатын плеоценде
мен плеоценде аққан плео Амударияның құмды және құмды - сазды
шөгінділері жауып жатыр. Қарақұмның оңтүстік бөлігінің беткі қабаты Теджен, Мургаб өзендерінің сағасында шөккен алювиальды шөгінділерден тұрады. Ең басым бөлігін қарақұм шөлі жел әрекетінен түзілген құм жолдары алып жатыр. Ол оңтүстігінде аласа белесті - белді сусымалы құмдарда ұласады .
Олардың аралығындағы кеңістікте тегіс сазды тақырлар кездеседі.
Құмның басым бөлігі өсімдіктермен бекіген. Сусымалы құлаш құм жолдары
барқандардың негізгі бөлігі оңтүстік шығыс Қарақұмда тараған .
Географиялық координаты: С - 4302350.5048" 5403500.802"; О -
4203413.7283" 5401051.7198"; Ш - 4300602.4614" 5500014.5116" ; Б- 4204128.7882"
5400941.1603".
Климаты. Құрлық шетінен шалғайлығы және жайыла жазылған жер
бетінің тегістігі аймақта тым континенттік климатты қалыптастырған. Ол өзінің жауын -шашын тапшылығымен, мол булануымен, тұрақты желімен,
температурасының жыл бойында және тәулік ішінде күрт өзгеріп
тұратындығымен ерекшеленеді. Ауа массасының бағыты және түйдектеле
көшуі климаттық қалыптасуында ерекше рөл атқарады. Желі - өте жиі, оның
жылдық орташа жылдамдығы 4-5 мсек. Ақпан, наурыз айларында жел аса
қатты болады. (5-7,4 мсек: кейбір жылдары - 15мсек дейін); оңтүстікте
негізінен жел шығыстан, солтүстік -шығыстан және солтүстік - батыстан
соғады. Солтүстіктен суықтың кеулеуі және оңтүстіктен жылудың шарпуы
термикалық жағдайдың түрленуіне ықпал жасайды. Ең төменгі температура
қаңтар - ақпан айларында орта есеппен солтүстікте минус 14,0-15,5 градус,
оңтүстікте минус 8-10,2 градус болады. Ал абсолютті минимум тиісінше - 43
және 34 градусқа жетеді. Ең ыстық айдың орташа айлық температурасы
солтүстікте 25 градус, оңтүстікте 28,6 градустан кем түспейді, ал абсолюттік максимумы 40-45 градус шамасында. Бұл ыстық аймақтың өзінде кейбір
жылдар жаз мүлдем ыстық қапырық әрі құрғақ болатын кездері болады, ал жел өзі аздаған ылғал мен самалды кейде бұл өңірден қайта қуып әкетеді, барлық көкті күйдіріп, ащы құрғақ үгілме ұнтаққа айналдырады. Мұндай кездерде бір тамшы судың өзіне зар болып қалатындықтан Маңғыстаудағы ылғалды , су тамшылап тұратын құз тастарды ел ырзалықпен шықты, тамшалы деп атайды. Байқап отырғандарыңыздай, температураның жылдық ауытқуы өте жоғары, ол солтүстіктен оңтүстікке 43-тен 28 градусқа дейін кемиді. Атмосфералық ылғал көбінесе жауын түрінде түседі. Оның жылдық орташа мөлшері аса көп емес солтүстікте солтүстіктен оңтүстікке қарай 250 мм-ден оңтүстікке 130 мм-ге дейін азаяды. Кейбір ылғалды не құрғақшылық жылдары көпжылдық орташаның жалпы мөлшерден ауытқуы 1,4-1,8 есеге жетеді. Аз ғана уақытта түсетін қарқынды ылғал (бір жылғының 20-30%) солтүстік пен солтүстік шығыста - 30-35см, ал оңтүстікте 8-10 см жұқа қар жамылғысына айналады. Қиыр оңтүстікте және оңтүстік батыста әдетте үнемі қар жатпайды. Қар жамылғысындағы судың ең жоғарғы қоры оңтүстіктегі 15-20 мм-ден солтүстік шығыстағы 80-100 мм-ге дейін өзгертеді. Үстірт қорығында метеорологиялық бақылаулар жүргізуге материалдық база жоқ, штат бойынша маман да қарастырылмаған. Ауа райының ықтимал мәліметтері Маңғыстау гидрометеорологиялық обсерваториясының Аққұдық метеостанциясынан алынып келеді. Метеостанция қорық аумағының батыс бөлігінің орталығында, Қарынжарық құмды массивінің ішінде орналасқан. Мұндағы мәліметтер қорық аумағының ауа райының дәл көрсеткіші бола алмайды, себебі қорықтың шығыс бөлігі таулы аймақтарға жатады.
2005-2007 жылдардағы ауаның орташа температурасы 15,70С. Ауаның
жылы кезең (сәуірден қазанға дейін) 214 күнге, қыстың ұзақтығы 80 күнге
созылды. Ең суық кезең қаңтар, ақпан айларында, абсолюттік минимум -
24,80С, жазғы максимум +42,30С шілде айында тіркелді. Амплитуда 67,10С.
Жауын шашынның орташа жылдық мөлшері 114мм, ауаның ылғалдылығы
48,90С.
Жер бедері. Геологиялық құрылымы және беткі жамылғысының құрамы
бойынша қорық аумағы екі геоморфологиялық ауданның: Маңғыстау жазығы
және Үстірт жонының түйіскен жерінде орналасқан. Қорықтың жер бедері
аласа жалдар мен ойыстар кезектесіп келетін толқынды жазықтық. Негізінен
құрғақ алаптар мен тақырлар, жұмырлана біткен сүйір төбешіктер мен
төрткүлдер тәрізді мезо-микрорельеф түрлері анық байқалады. Абсолютті
биіктіктері 100-120 метрден 180-300 метрге дейін ауытқып отырады. Ең биік
нүкте Көкесем құдығының маңында - 341 м.
Қарынжарық ойысы - Каспий трансгрессиясының құмды- саздауытты,
тұзды жамылғысы қалдықтарынан құралған ірі алқап. Теңіз қалдықтарының
ертедегі және қазіргі заманғы өзгерістерге ұшырауы алқаптың беткі қабатының енсіздеу, ұзындығы 100 км төбелі - құмды массивтердің және сор ойыстарының түзілуіне жағдай жасады. Ойыстың көлемді аумағын Кендірлі соры алып жатыр, ең ойыс жері - 52м. Төбешіктердің төменгі және жоғарғы нүктелерінің биіктік амплитудасы 1-3 м-ден 10-15 м дейін.
Солтүстігінде Мәмекқазған таулары шығыстан батысқа қарай созылып
жатыр. Мәмектің солтүстік беткейі ежелгі су ағыстарымен тілімденген Қараған Босаға, Қаражар тауларымен жалғасады. Батыс беті Қадырберді құмдарына құлап, шығысында Көкесем шатқалдарымен бірігіп кетеді. Оңтүстік беткейі ерекше геологиялық түзілімді, теңіз асты вулкандық көтерулердің нәтижесінде пайда болған Қарамая тау жоталарымен шектеседі. Қарамаяның ұзындығы 15, ені- 3,5 шақырымдай, орташа биіктігі 100 м тау түзілімі.
Шығысы Мұзбел жоталарынан басталып, батыс беткейі ағыстармен қатты
тілімденген, оңтүстікке қарай сыпыра шың болып отыратын Көкесем, Кендірлі, Елшібек сияқты адырлы жазықтықты алқап, оңтүстікте Өнере құмды сазды аймағына тіреледі. Бұл жерде сор жиегінен бастау алып, солтүстікке қарай 6,5-7 шақырымдай жерде Кендірлі сорына құятын Өнере бұлағы ағып жатыр. Өнереден солтүстікке қарай сортаңды, тақырлы жазықтықтарымен кезектесе орналасқан Сақсорқа, Ұялы, Қарынжарық, Қадырберді құмдары Мәмекқазғанның тауларына барып шектеседі. Құмды төбелердің биіктігі кейбір жерлерде 50 метрге дейін жетеді .
Геологиялық құрылымы. Қорық аумағын төрт ірі табиғат кешеніне
бөлуге болады:
1. Шың - құздар ─ Үстірт жонының шегі.
2. Үстірт жоны ─ шың үсті жазықтығы.
3. Құмды шөл ─ Қарынжарық массивінің бөліктері.
4. Ағынсыз ойыстар(сазды сор) ─ Кендірлі соры.
a) Шың - құздар ─ Үстірт жонының шегі. Үстірт жонының шегі болып
табылатын шың - құздар негізгі тау жыныстары анық көрініп тұрған биік (150-300м.), қатты тілімделген жарлар. Қорық аумағында ең көп кездесетін тау жыныстарының бірі - бор кезеңінің қалдықтары. Мәмек таулары, Кендірлі, Елшібек шыңдарының негізгі құрамы бор, әктас, ақмергель тастардан тұрады. Көкесем тау шатқалдары юра дәуірінің қалдықтарынан түзілген. Жасыл-сұр түсті қалың сазды қабаттарда теңіз шөгінділерінің қалдықтары көптеп кездеседі. Сазды қабат - эоцен және төменгі олигоцендік тау жыныстарынан, ал құмды саздауытты қабат - орта және жоғарғы олигоцен тау жыныстарынан түзілген. Оның үстінде орта миоценнің қызғылт сазды жынысы төменгі миоценнің жасыл саздығымен араласа орналасқан. Кейбір жерлерде сарғыш топырақтар мен жасыл саздар көрініп жатады. Орта миоцендік сазды тау жыныстар жоғарғы бөлігінде қызғылт - қоңыр түске енеді, құрамында карбонатты қосылыстары мол, мергельді болып келеді. Ең жоғарғы қабат сармат кезеңінің мергельді әктастан тұратын қалың қабық, ол кейінгі төрттік дәуірдің әлсіз жамылғысымен көмкеріледі. Шыңдар арасында сулы қабат альбтік жиек көрініп қалады, мысалы, Көкесем құдығы мен бұлағы осы қабатта орналасқан.
Құмды шөл ─ Қарынжарық массивінің бөліктері. Қарынжарық массиві
қайыр топырақты, Өсімдік жамылғысы жұтаң, көшпелі шағылдар мен өсімдік тамырымен бекінген бостан құмдар араласа орналасқан құм төбелі ойыс.
Құмдар гипсті. Көпіршікті субстратта құм және гипсті қабыршақтар мен
кристалдар араласып жатады. Салыстырмалы түрде құмның ылғалы мол. Олар жоғарғы бетінде борлы - мергельден тығыз сазданып көрініп жатады. Массивте сарматтық әктастардан құралған төрткүл төбелер мен шоқалақтар көптеп кездеседі. Төрткүлдер көбіне ойыс айналасында орналасады, уақыт өте өзгерістерге ұшырап отырады. Шоқалақтар ─ биіктігі 2-5 м домалақ немесе созылыңқы төбешіктер. Уақ қиыршықты, құмды, тұз араласқан топырақты болып келеді .
Ағынсыз ойыстар (сазды сор) ─ Кендірлі соры. Кендірлі соры - ежелгі
Каспий теңізінің шығанағы болған, Каспий трансгрессиясының сазды топырақты жамылғысының шөгуінің нәтижесінде пайда болған ойыс.
Топырағы. Үстірт шыңдарының үсті сұр қоңыр топырақты, кебіртеңдеу
келеді. Бос топырақ сортаң тартып, соған сәйкес шөбі де бұталы күйректеу
келеді. Тастақты, жалаңаш беткейлерде тасжарған, тастікен, қаттықара тәрізді шөлге шыдамды, ұсақ жапырақты бұташықтар ғана өседі. Қарынжарық ойысының тау сілемдері төбелі құмдар мен сортаң тақырлардың кезектесе орналасуымен ерекшеленеді. Құм арасындағы кебіртең тақырлы ойыстарға жаңбыр суы жиналып, саздақты топырақ түзеді. Қарынжарықтың құм жалдары мен Үстірттің ұшпа шыңдарының арасын тұзды, карбонатты саздан түзілген Кендірлі соры алып жатыр. Аймақтың солтүстік бөлігін шөлейт зонадағы жусанды өсімдіктер өсетін ашық қоңыр топырақ, оңтүстігін шөл зонадағы сораңды жусанды қоңырқай және сұрғылт қоңыр топырақ алып жатыр. Бұл аймаққа тән басты ерекшелік- олар азды-көпті тұзды, қарашірігі аз (1-3%) және жоғары карбонатты. Қарашіріктік заттар арасында ашық түсті қосылымдар көп. Бұл топырақтың қарашіріктік қабаты ақшыл келеді. Әйткенмен топырақ беті жаппай жамылғы түзеді және ол өзінше құнарлы. Бірақ мұны өңдеу үшін жасанды суландыру жүйесі қажет, ең бастысы шөл және шөлейт топырақты іске жаратуға олардың тез тұздануы кедергі жасайды. Аймақ территориясында мынадай топырақ түрлері бар:
Ашық қоңыр топырақ ─ Атырау облысының солтүстік батыс бөлігін (480
солтүстік ендікке дейін) қамтып, Ойыл мен Сағыз өзендерінің төменгі алабына ұштасады.
Қоңырқай қуаң топырақ аймақтың солтүстігі мен орталық бөлігін алып
жатыр және Үстірттің солтүстік шеті (45 0солтүстік ендік) мен Маңғыстау
жазығына (43040, солтүстік ендік) дейінгі терістік өңірге созылады.
Сұрғылт - қоңырқай топырақ ─ шөлейттің оңтүстік шеткі аймағын
кеңінен қамтиды, Үстіртті және Маңғыстау жазығының оңтүстік бөлігін алып жатыр. Қалыпты, тұздылау, шайылған құнарсыз қалыптаспаған сұрғылт қоңырқай топырақтар ұшырасады. Көбіне олар басқа топырақ қабаттарымен
түрлі құрылымдар мен үйлесімдер құрайды.
Шалғынды топырақ ─ Жайық, Ойыл және Жем өзендерінің ежелгі
сағалары жайылмасының биік кемерлерінде қалыптасады. Маңғыстау түбегі
мен Үстіртте шалғындық қоңырқай топырақ қабаттары тауаралық аңғарларды сор, сортаң және тақыр аралас шағын - шағын учаскелер түрінде ұшырасады. Олардың аумағы аймақтық жалпы территориясының жүзден бірінен де аз. Минералданған топырақ асты сулары 3-6 метр тереңдікте жатады.
Сортаңдар ─ барша аймақ территориясында , әсіресе қоңырқай қуаң
топырақ зонасында таралған. Каспий теңізі жағасын бойлай белдеуленіп, теңіз маңының аласа кемерлерінде байқалады. Топырақ асты сулары таяу, қатты минералданған жерлерде немесе тұзды сулардың жер бетіне шыққан
тұстарында кездеседі. Сортаңдардың ірі-ірі учаскелері Маңғыстау таулары
аралығындағы аңғарларда, Үстірттің ағынсыз ойысында және Маңғыстау
үстіртінде ұшырасады. Сортаңдар аймақтар территориясының 3,5 млн.га жерін, яғни барлық аумағының 12% - ін алып жатыр.
Тақырлар (өсімдіксіз, тегіс шағын жазық ) ─ құрғап қалған бұрынғы
көлдердің орнында қалыптасады. Негізінен шөл-шөлейттің тегіс жазығында
(ұзындығы 3-5 км, аумағы ондаған шаршы км-ге дейін) басым байқалады. Бет жағы сазды және құмды - сазды жыныстардан құралған, жауын-шашын сулары ағынсыздық пен саздану салдарынан уақытша иіріліп, тұрып қалады, одан әрі тақырлардың бетінде бірте-бірте балдырлар мен мүктер пайда болады, олар тек жарықшаларға орнығады, негізінен тақырларға ешқандай өсімдік өспейді. Сілтілігі басым орта жағдайындағы ылғалдану мен оның артынша тез кебу қарапайым қабатсыз топырақтың қалыптасуына әкеліп соғады. Содан кейін тақырдың бетін қабыршақты (2-3 см) алты қырлы пішіндес (тереңдігі 2-5см-ге дейін) жарықшақтар тілімдейді, одан төмен көбінесе қабыршақ астындағы горизонт (5-10 см) жатады. Тақырдың құнарлы қарашірігі 0,2-0,5% -тен аспайды, яғни беткі қабаты құнарсыз келеді.
Сор ─ саязы құрғақ ойыс, суы таяз тұзды көл шарасы немесе беткі
горизонттарындағы тез ерігіш тұздармен байытылған, әдетте сазды еспесі барқуаң шөлейттердегі тұйық ойпаңдар. Көбінесе беткі еспе сулардың тез
булануы, кебе келе тұздануы салдарынан пайда болады және желдің сусыма
беткі қабаты бората ұшырауына ұшыраған шағын еңістер орны болып
табылады. Көп ретте сор Каспий маңының солтүстік - шығысындағы төбешік
ойдым-ойдым жал құмдарының араларында кездеседі. Сордың өсімдік
жамылғысы өте жүдеу, айналасында бұйырғын, жусан тектес шөптесіндер
белең алады.
Құм алабы ─ біршама шағындау құмдар Үстіртте (Сам), Маңғыстау
жазығында және бозшы түбегінде орналасқан. Құмды алқаптар негізінен
қысқы жайылым ретінде кеңінен пайдаланылады .
Қорық аумағының топырағына сараптамалық зерттеу жүргізілмегендіктен
химиялық құрамы мен РН жөніндегі мәліметтер жоқ.
Гидрология. Қорық шөл зонасында орналасқандықтан су көздері тапшы.
Негізгі көз -бұлақтар болып табылады. Бұлардың көпшілігі шың тегіндегі ыза бұлақтар, яғни суы жылымшылап ағып жататын су көздері. Қорық аумағындағы ең ірі су көздері - Кендірлі бұлағы, Өнере бұлағы. Кендірлі
бұлағы - Кендірлі шыңдарының алқабында орналасқан, ұзындығы 6-7
шақырым жылға. Қорегі - жер асты суы, дәмі кермек, мұздайлай ішуге жарамды, аз минералданған. Жылға бойынан аумағы 12 метрлік, тереңдігі 6-8
метрдей тоған жасалған. Лабораториялық зерттеу нәтижесі (16.04.2006 ж.)
Тығыздығы ─ 1,005 гсм3; компоненттері: Са-452 мгл; Mg-248 мгл; Na, K-
1963 мгл; CL-1585 мгл; SO4-3246 мгл; HCO3-122 мгл; күкіртті сутегі - 8,5
мгл; механикалық қоспалар- 0,09 мгл; минералдануы 7590,6 мгл. Бұлақты
бойлай жыңғыл тоғайы өседі. Суға жақын арна жиегінде және тоғанды қоршай қалың ши өскен. Кебіртең, тұзды топырақта кермек, сарсазан, судан қашықтау жерлерде қараған, сексеуіл және басқа дала өсімдіктері кездеседі. Бұлақ осы маңайда мекендейтін шөл жануарларының негізгі тіршілік көзі.
Өнере бұлағы ─ бұл қорықтың ең оңтүстік шекарасында орналасқан,
ұзындығы 6-6,5 шақырым, арнасының кеңдігі 1-105 метрдей, басы сор
жиегіндегі жер асты суынан басталатын кішкене өзен. Суының ащылығы теңіз суымен бірдей. Лабораториялық зерттеу нәтижесі (05.10.2006 ж.) Тығыздығы -1,010 гсм3; компоненттері: Са -524 мгл; Mg -582 мгл; Na, K -4536 мгл; СL -6381 мгл; SO4 -1083 мгл; HCO3 -78 мгл; механикалық қоспалар - 390 мгл; минералдануы 13,18 мгл. Жағалауында қалың қамыс пен ши, жыңғыл араласа, ұйыса өскен. Топырағы сортаң, қабыршақтанып жатады. Аңғар жиектері тұзды - топырақтың күн сәулесімен кварц тану әсерінен болған жыныстармен көмкерілген. Бұлақ басынан басқа жерде өсімдік дүниесі жұтаң.
Көкесем құдығы мен бұлағы қорық аумағындағы бірден-бір тұщы су
көзі. Құдық шың жиегінен, шатқалдың басынан қазылған. Тереңдігі қазіргі
есеппен 25 метрдей. Көкесем суының лабораториялық зерттелуі жіргізілмеген.
Көкесем бұлағы ─ сор жиегінен екінші қабатта, шатқал ішінде, тас
арасынан сыздықтап шығып, тамшылап ағатын көз. Түсіп шығуы қиын,
аса қауіпті құздардың арасындағы көкмайса мекен жан-жануарлардың жан
сақтар панасы.
Үстірт қорығында мекендейтін жануарлар. Қатты климат жағдайына
қарамастан қорықтағы жануарлар әлемі алуантүрлі. Бұл қорықта
сүтқоректілердің 50 түрінен астамы мекендейді, соның ішінде сирек кездесетін, қызыл кітапқа енген - итаю, барқыт мысық, манул және қарақал. Осылардан бөлек жойылу қаупінде тұрған - қабылан, құланның Қазақстандық және Түрікмендік түрлері еліміздің жабайы табиғатында жарты ғасырдай кездеспеді. А.А. Слудскийдің пікірі бойынша жабайы түрлер бұл қорықта XIX ғасырдың аяғында жоғалған. Қазақстан Қызыл кітабына - қара кірпі, ала жертесер, шұбар күзен және қарақұйрық енген, сонымен қатар қорықта аз кездесетін, саны жыл сайын азайып бара жатқан - үстірт арқары. Сонымен, 1963-1965 жылдары Үстірттің Батыс жағалауындағы Көкесім құдығынан Шожық құдығына дейін 250-300кв. км алаңында 1300-1500 арқарлар кездессе, 20 жылдан кейін 1984 жылы желтоқсанда О.В. Белялов Көкесім құдығы аумағында 10 км көлік маршрутымен жүріп 70 арқарды санады. 5 жылдан кейін 1993 жылы күзде К.Н. Плахов ұзақ күндік көлік маршрутымен Кендірлі, Көкесім және Шожық құдығы жағалауынан арқарды белгіледі, соның ішінде: 57 еркегін, 45 ұрғашысы, 8 төлі белгіленді [5]. Сирек кездесетін сүтқоректілер барлық биотопта кездеседі десек болады, тек сор беткейлерде кездеспейді. Сонымен, ала жертесер құм алқабында кездессе, шұбар күзен - топ кемірушілер жерінде, қара кірпі көбінесе қаралмай қалған құрылыстарда, яғни бейіттер мен молаларда кездеседі. Көп түрлері Қарамай тау беткейінде және сайда, бұлақтар мен құдықтар маңайында кездеседі .
Қызыл кітапқа енген түрлерден басқа, қорықта кәдімгі саршұнақ (үлкен
және қызылқұйрықты), соқыртышқан, қосаяқтар (кіші, Северцов қосаяғы,
секіргіш қосаяқ, улкен қосаяқ, тақылдағыш қосаяқ), сусликтер (кішкентай
және сары), ақ бөкен, қоян және басқа да жануарлар кездеседі. Қорықтағы
жабайы жартқыштардан - қасқыр, түлкі, қарсақ кездеседі .
Қорықта әр жыл мезгілінде болсақ құстардың 200 түрін кездестіруге
болады, ұя салатындары аз - бары 52 түр. Ерекше қызықтыратыны қызыл
кітапқа енген сирек және жойылу қаупі бар түрлері. Көбінесе жыртқыштар,
өздерінің ұя салуына ыңғайлы сай құзынан және Қарамай тауынан мекен
тапқандар: бүркіт, дала қыраны, там, қарақұс, қырғи және үкі. Осы сатыдағы
үш түрі - джек, қарабауыр бұлдырық және ұбақ - ашық кеңістікті қалайды.
Джек немесе дуадақ - сұлулықтық - шөлді, құмды жерде мекендеуге тән,
Қарынжарық құмының шет бөлігінде тегіс тас беткейінде өмір сүреді. Үстірт
қорығында джектің саны өте төмен және оларды көбейту үшін қорықтың жер
аумағын үлкейту қажет. Ұбақ және бұлдырықтар негізінен броконьердің
жемтігіне айналмайтын суат жағалауына ұшып келеді .
Қорықта саны жағынан ең көбі бозторғайлар, негізінен екі түрі - сұр және
кіші бозторғайлар. Күндіз кейде балшықшы құсты көруге болады, ал кешкісін жәндіктерге шабуыл жасап жүрген шегірткешілерді кездестіруге болады. Қорықта көбінесе кекликтер және көгершін, құзғын және гриф кездеседі. Қарынжарықтың құм жиынында негізінен бұта тектес түрі - шөлді сұр сорокопут, сарғалдақ торғай, міңгірлек құс және т.б. мекендейді. Құстардың алуантүрлілігін ең жоғарғы деңгейін көктемдік және күздік миграция кезінде көруге болады. Ұя салатын құстарға 170-дей ұшып келетін құстар қосылады. Қорыққа құстардың бар жоғы 7 түрі қыстайды. Қорықта бауырымен жорғалаушылардың 24 түрі бар, оның ішінде 12 түрі кесірткелер. Сайдың қыртыс жартасында және Қарынжарық құмында негізінен жармасқылар кездеседі. Жалтырауық және тарақсаусақты жармасқы құмдарда мекен етеді, ал сұр, каспий геккондары және шиқылдақ жармасқы - сайдың тас қыртыстарында және Қарамай тауында кездеседі. Кесірткелерге (жылдам, орташа және әр түрлі түсті) қатты жер бедері тән. Дала ешкіемері құмды жер тән және сонымен қатар ұсақ - тасты жерлерде. Агама туысы ішіндегі тағы бір түр - төрт түсті батбат. Қазақстандағы дөңгелек бастылардан ең ірісі - салпаң құлақ батбаты, сонымен қатар көлемі жағынан орташа құм батбаты құм ортасында өмір сүреді, ал тақыр және торлы батбаты - қорықтың ұсақ тасты - сазды жерінде кездеседі. Құмдақ жері төмен қорықта жыландардың түрлі түсті жолақты, улы жылан, қалқан тұмсық және т.б. түрін кездестіруге болады. Құмды айдаhаршаның денесінің ерекше түсі таң қалдырады. Олардың басын немесе құйрығын жақыннан да айыру өте қиын, себебі денесінің бұл бөлімі жуандығымен де және түсіменде бірдей болып келеді. Бұлақтар мен құдықтардың маңынан су жыландарды кездестіруге болады. Төрт жолақты қара шұбар жылан Қазақстанның Қызыл кітабына енген Арал - Каспий айрығы мен Солтүстік Приаралья эндемигі. Олар негізгі қорегі майтышқандар отарына жақын жерде жүреді. Бұл түр күндіз және ала көлеңкеде белсенді болып келеді. Оның мінезінің ерекшелігі - пайда болған ұрпаған күзетеді, жауларынан қорғайды .
Қорықтың барлық жерінде тасбақа кездеседі десекте болады, олар
дымқылды жерлерде кездесетін қосмекенділердің бір түрі ( жасыл құрбақа ) ,
жылғаларда - балықтың бір түрі кездеседі.
Үстірт қорығының өсімдік жамылғысы. Жер бедері мен топырағының әр
түрлі болуына байланысты, қорықтың өсімдіктер дүниесі де сан алуан болып
келген. Қорықта өсетін өсімдіктердің ішінде сәндік, дәрілік, тағамдық, бояу
беретін, жемшөптер мен улы шөптер өседі. Қорық аумағында 48 тұқымдас, 196 туыстан тұратын өсімдіктердің 332 түрі кездеседі. Олардың 5 түрі Қызыл
кітапқа енген. Бор рияны, берік сүттіген, майда қатыран, хиуа сораңы, кәдімгі
жұмсақ жеміс. Бор рияны (Rubia cretacea pojark) дәрілік өсімдік. Берік сүттіген (Euphorbia scierocyathium) улы өсімдік мал жемейді. Майда қатырын (Chambe ebentula fisch) таулы жерлерде кездеседі. Кәдімгі жұмсақ жеміс (malacocarpus crithmitolius) ерекше әдемі ұзын төселіп өсетін бұта, үлкен жастық тәрізді шөмеле түседі. Көкесем, Атжол тауында кездеседі. Хиуа сораңы (Salsosa Chiwensis) нақты жойылып кету қаупі төніп тұр. Шырынды толық жапырақтары мен әдемі гүл сияқты жиналған сары қанатты жемісі бар бұтақ. Сораңдар шөлге қиналмай маусым, шілде, тамыз айларында гүлдей береді. Мүмкін мұнда сабақтың дініндегі ылғал мөлшерін жеткілікті сақтап қалатын жуандығы (суккуленттілігі) үлкен роль атқарады.
Дәрілік өсімдіктердің арасында жантақ, қылша, ақтікен, жусан, изен,
керме, мия, адыраспан, татар рауғашы, киікоты кездеседі. Киікоты өзінің әдемі исімен және емдік қасиетімен өте құнды болып есептеледі. Қорықта сәндік өсімдіктерде жетеді. Қызғалдақтар, сарғалдақтар, құртқашаш, қойжелкектер гүлдеген кезде қорық табиғаты шығыстың кілеміндей жайнай түседі. Қорық жерінде Үстіртке тән ландшафт пен өсімдік түрлерінің алуан түрлері кездеседі. Мұнда жонның сазды-тасты жерлерінде бұйырған ақ жусанмен (төменгі жерлерде ), сонымен қатар тікенді түйесіңір мен бұташықты шырмауық араласып өскен. Тақырлы сораңдар да бұйырғынға араласып өскен. Тақырлы сортаңдарда бұйырғынға мортық пен Гмелин кермегі араласқан. Үстірт алдындағы ізбестің жалаңаштанған жерінде түйесіңір мен шырмауықтан басқа, қараған мен итсигек, ал жусанды-сораңды жағында бір жылдық астық тұқымдастар- шығыс мортығы мен арпаған өседі.
Ылғалдығы жоғары сазды жерлерде ылғал сүйгіш шалғын астық
тұқымдастарынан сортаң ажырығы, казоты, қамыс өседі. Кей жерлерде кәдімгі жантақ бүдір кендір, қара сексеуіл ағашының нағыз тоғайлары көзге түседі .
Тәжірибелік бөлім
2.1 тақырыбы
Жұмыстың мақсаты: .
Құрал - жабдықтар: ноутбук, интернет көздерінен алынған мәліметтер, дәптер, қалам, камера, видео таспалар.
Зерттеу нысаны:
Зерттеу әдісі: Танысу, салыстыру, талдау, бақылау
Тапсырмалар:
1)
2)
2.1 Бауырмен жорғалаушылар классына кіріспе
Бауырымен жорғалаушылар жер бетінде тіршілік ететін, жоғарғы сатыдағы омыртқалылар. Дөңгелек ауыздылар, балықтар, амфибилер көбіне тіршілігі сумен тығыз байланысты, төменгі сатыдағы омыртқалылар болса, рептилилер, құстар және сүт қоректі жануарлар құрлықта тіршілік ететін жоғарғы сатыдағы омыртқалылар. Бұлардың ішінде тіршілігінің көп уақыты суда өтетін түрлері де бар, бірақ ол су ортасында тіршілік етуге бейімделген екінші белгі болып саналады. Оны палеонтологияның, эмбрнологияның және экологияның көптеген мәліметтері дәлелдеп отыр.
Барлық жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұрықтануы іште болады. Көбеюі кұрылықта, кейбір тірі туатын түрлері (мысалы, кит тәрізділер) суда көбейеді. Жоғары сатыдағы омыртқалылардың эмбриональдық дамуындағы бір ерекшелігі ерекше ұрық қабының пайда болуы. Жоғарғы сатыдағы сүт қоректілерде ұрық қабы бала жататын орынды немесе плацента құрауға катысады. Оның өзі өсіп келе жатқан эмбрион мен аналық организмнің арасындағы органикалық байланысты түзеді.
Бір ұрық қабының амниотикалық деп аталуына сәйкес жоғары сатыдағы омыртқалылар амниота деп аталған. Ал төменгі сатыдағы омыртқалыларда ұрық қабы пайда болмайды, сондықтан оларды анамниялар деп атайды.
Жер бетінде тіршілік ететін барлық жоғарғы сатыдағы омыртқалыларға тән белгілер бауырымен жорғалаушылардан айқын байқалады. Олардың миы әлде кайда жақсы жетілген. Сондықтан бауырымен жорғалаушылардың рефлекторлық әрекеті күрделі болады. Құрлықта тіршілік етуіне байлднысты бұлардың денесі амфибилер мен балықтарға қарағанда жаксы жіктелген. Әсіресе, басын әр түрлі бағытта қозғауына мүмкіндік беретін мойын бөлімінің болуы. Денесін құрғап кетуден сақтайтын терісінде мүйізді эпидермис қабаты мен мүйізді қабыршақтарының болуы. Өкпе арқылы тыныс алады. Жүрегі мен артериялық доғасы жақсы жіктелген. Оң және сол қарыншаның арасында перде болады, осы қарыншадан үш артерия қан тамыры шығады.
Әйткенмен рептилилер жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ішінде нашар ұйымдасқан организм болып саналады. Аортаның екі системалы доғасына байланысты, олардың тұлға бөлімінің артерия қаны аралас болады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz