Үлкен Мариновское көлі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Сәрсен Аманжолов атындағы
Шығыс Қазақстан университеті
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Шығыс Қазақстан облысы жергілікті маңызы бар су айдындарының ихтиофаунасы»
Өскемен қ., 2021 ж.
Мазмұны
Белгілеулер мен қысқартулар
Кіріспе
3
4
2 Шығыс Қазақстан облысының физикалық-географиялық орны, зерттелу тарихы
3 Жайсан көлінің гидрологиялық және гидрохимиялық тәртібінің жыл көлеміндегі серпіні мен көпжылдық талдауы
3. 1 Су денгейінің орташа жылдық серпіні
3. 2 Өзендердің орташа айлық және жылдық көлемі
3. 3 Жайсан көлінің гидрографиялық жүйесінің сипаттамасы мен балық шаруашылығындағы алқаптық су айдындарының қосалқы жүйесінің маңызы
3. 4 Жайсан көлі суындағы органикалық заттарының, минералдануының, биогенді қосылыстары мен еріген газдарының құрамы
4 Балықтың қорегі және жемдік қоры жағдайының сараптамасы
4. 1 Таксономиялық құрамы, саны мен биосалмағы, негізгі түрлері мен топтардың саны мен биосалмағы, зерттеу аймағы бойынша таралуы
4. 2 Балық қорегінің шоғырлануы, кездесу жиілігі, балық ішектерінің толысу көрсеткіштері
5 Кәсіптік балықтардың жеке түрі құрамының көп жылдық серпінінің сараптамасы
5. 1 Жайсан көлі балықтарының негізгі биологиялық көрсеткіштерінің (дене ұзындығы, салмағы, қонымдылық, ұзындық және салмағы бойынша өсу екпіні) талдауы
5. 2 Жайсан көлі балықтарының ұзындық және салмақтық өсу қарқыны, популяцияның орта жасының өзгеруін және балықтардың доминантты жас топтарының өзгеруінің талдауы мен популяцияның жас құрылымы
5. 3 Жайсан көлі балықтарының жынысының арақатынасы, жыныстық жетілуі мен жеке абсолюттік өнімділігі
6 Жайсан көлінің айдыны бойынша балық шабақтарының үлесі мен құрамын сараптау
6. 1 Түрлік құрамы, шабақтардың түрі бойынша жалпы саны
6. 2 Балық шабақтарының ұзындық және салмақ көрсеткіштері
6. 3 Шабақтардың өлшемдік мен салмақ көрсеткіштері
7 Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген балық түрлерінің жағдайы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша А. Ғылыми-зерттеу жұмысының фото материалдары
8
13
13
16
17
18
20
20
27
29
31
41
49
54
54
55
56
57
58
61
63
Белгілеулер мен қысқартулар
РМК - Республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
ШҚО - Шығыс Қазақстан облысы;
ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
қ. - қаласы;
МЕМСТ - Мемлекеттік стандарт;
м - метр;
жж. - жылдары;
БЖм - Балтық жүйесі метрі;
ТЖм - Техникалық жоба метрі;
СЭС - су электр станциясы;
км - километр;
ҚХР - Қытай Халық Республикасы;
т. б. - тағы басқа;
мг - милиграмм;
дм - дециметр;
С - саны;
Б - биосалмағы;
ЖАӨ - жеке абсалютті өнімділік;
г - грамм;
с - секунд;
б-ша - бойынша;
мин. - минималды;
макс. - максималды;
мм - миллиметр.
Кіріспе
Ғылыми жұмыстың өзектілігі: «Қазақстан-2050» Даму Стратегиясында Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаев экологиялық таза азық-түлік өндірісі саласында жаһандық ойыншы болу міндетін қойды. Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің балық саласын дамытуға ерекше назар аудару қажеттігі атап өтілді. Қазақстан ТМД елдерінің арасында ішкі суларының саны бойынша Ресейден кейін 2-ші орынды иемденеді, 8 балық шаруашылықтық бассейні бар. ХХ ғасырдың бірінші төртжылдығында республика ихтиофаунасында 100 түрі тіркелген. Кейіннен, 1930 жылдары балық түрлерінің саны үлкен масштабты жерсіндіру жұмыстарының әсерінен өзгерді. Қазіргі уақытта ихтиофаунада 150-ге жуық түр кездеседі, олардың кейбіреуі өндірістік бағалы түрлерге жатса, кейбіреулері - әр бассейннің эндемик түрлері болып табылады. ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 26 тамыздағы қаулысымен бекітілген Ұлттық экспорттық стратегияда Қытай Халық Республикасына балық және балық өнімдерін экспорттаудың үлкен мүмкіндіктері көрсетіледі. Бүгінгі таңда отандық балық және балық өнімдері өндірісінің көлемін 7-ден 600 мың тоннаға дейін ұлғайту әлеуеті бар, бұл көрші елдер мен әлемдік нарықтарға экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Шығыс Қазақстан облысында республиканың барлық су қорларының 40 пайыздан астамы шоғырланған; 800-ден астам өзен ағып жатыр, олардың жалпы ұзындығы 1 км-ден асады. Ертіс өзені негізгі су артериялары болып табылады (ірі салалары - Оба, Үлбі, Бұқтырма, Күршім, Шар, Қызылсу өзендері) . Шығыс Қазақстан облысында ауданы 1 га-дан 528 шаршы км-ге дейін 2000-ға жуық көл бар. Балық шаруашылығын дамытуда Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар су айдындарына кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын (физикалық-географиялық сипаттамасы, гидрохимиясы, балық қорегі, балықтардың түрлік құрамы мен қорын анықтау, балық шаруашылықтық пайдалану бойынша ұсыныстар беру және т. б. ) жүргізу өзекті мәселелердің бірі болып табылады, яғни бұл су айдындарына жан-жақты зерттеу жұмыстары жүргізілген соң, сол су айдынын спорттық-әуесқой балық аулауда, тауарлық балық өсіруде және тағы басқа мақсаттарда пайдалануға мүмкіншілік береді. Еліміздің балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын орындау үшін ірі және орта балық шаруашылығы су айдындарымен қатар резервтік қордың шағын су айдындарын ұтымды пайдалану балық өндірісі мен аулаудың ұлғаюына елеулі демеу бола алады.
Ғылыми жұмыстың мақсаты : 2019-2020 жылдары зерттелген Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар су айдындарына физикалық-географиялық сипаттама беру, гидрохимиясының балықтарға әсерін, қорегінің (зоопланктон, бентос) түрлік құрамын, саны мен биосалмағын айқындау, балықтарға биологиялық талдау (ұзындығы, салмағы, жынысы, жасы және т. б. ) жүргізіп, ихтиофаунасының түрлік құрамын анықтау.
Ғылыми жұмыстың міндеті: 2019-2020 жылдардағы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар су айдындарына физикалық-географиялық морфологиялық сипаттама беріліп, гидрохимиялық жағдайының ихтиофаунаға әсері талданып, балықтардың қорегі болып табылатын зоопланктон мен зообентостың түрлік құрамы, саны мен биосалмағы көрсетіліп, ғылыми-зерттеу аулау құралдарында кездескен балық түрлерінің саны, ұзындығы, салмағы, жасы және т. б. бойынша биологиялық талдау жүргізіліп ихтиофаунасына сипаттама беріледі.
Ғылыми жаңалығы: Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар су айдындарында 2019-2020 жылдардағы ғылыми-зерттеу жұмыстары алғаш рет жүргізілгендіктен ғылыми жұмыс нәтижелерінің барлығы ғылыми жаңалық болып табылады.
Ғылыми-зерттеу жұмысының нысаны: Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар су айдындары: Шемонайха ауданындағы Поперечный өзеніндегі тоған; Семей қаласы қалалық әкімшілігі аумағындағы Колхозный тоғаны мен Алимба көлі; Жарма ауданындағы Үлкен Мариновский көлі мен Бақыршық суқоймасы, Шар суқоймасы, Арқалық тоғаны; Бесқарағай ауданындағы Долонское көлі; Күршім ауданындағы Сарыөлең, Арасан және Батырханкөл көлдері; Тарбағатай ауданындағы Қандысу өзеніндегі суқойма; Ұлан ауданындағы Ұлан өзеніндегі №2 мен №3 су қоймалары, Шыбындыкөл көлі, Жартас өзенінің тоғаны.
Ғылыми-зерттеу жұмысы «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің Алтай бөлімшесі базасында атқарылды.
Ғылыми-зерттеу жұмысының тәжірибелік маңыздылығы: Шығыс Қазақстан обылысының жергілікті маңызы бар су айдындарында ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері, бұл су айдындарын әртүрлі санаттарға жатқызуға мүмкіндік береді: балықты тауарлық өсіруге немесе шаруашылықтық пайдаланудың өзге де мақсаттарына бейімделген балық шаруашылығы, спорттық-әуесқойлық балық аулау. Бұл су айдындарын зерттегеннен кейін олардың әрқайсысының мәртебесін анықтау және оларды кейіннен балық шаруашылығында пайдаланып тауарлық балық өндірісін ұлғайту үшін маңызды резерв болуы мүмкін.
1 Материалдар мен әдістемелер
2019-2020 жылдардағы ғылыми-зерттеу жұмысы Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар 16 су айдынында (2019 жылы - 8 дана, 2020 жылы - 8 дана) жүргізілді. Олар: Шыбындыкөл көлі, Поперечный өзеніндегі тоған, Колхозный тоғаны, Жартас өзеніндегі тоған, Үлкен Мариновский көлі, Бақыршық су қоймасы, Шар су қоймасы, Арқалық тоғаны, Алимба көлі, Долонское көлі, Сарыөлең көлі, Арасан көлі, Батырханкөл көлі, Қандысу өзеніндегі су қоймасы, Ұлан №2 өзеніндегі су қоймасы, Ұлан №3 өзеніндегі су қоймасы. 1 суретте 2019 жылы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар су айдындарының орналасуы көрсетілген.
1 сурет - 2019 жылы зерттелген Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар су айдындарының орналасуы
2 суретте 2020 жылы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар су айдындарының орналасуы көрсетілген.
2 сурет - 2020 жылы зерттелген Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар су айдындарының орналасуы
Гидрофизикалық және гидрохимиялық зерттеулер мен су сынамаларын алу жалпы қабылданған әдістемелер бойынша жүргізілді [1-3] . Су сынамалары арнайы сынама алу құрылғысының көмегімен судың беткі және төменгі қабаттарынан алынды. Гидрохимиялық талдаулар «Эколгиялық инновация және реинжиниринг орталығы» ЖШС (Тараз қ. ) талдау зертханасында жүргізілді. Гидрохимиялық талдау жұмыстары қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізілді [4-7] . Талдау нәтижелерінің балық шаруашылығы су айдындарына арналған шектеулі рұқсат етілген көрсеткіштерге сәйкестігі нормативтік құжат бойынша жүргізілді [8] .
Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша 2020 жылдың шілде-тамыз айларында далалық жұмыстар жүргізілді. Сынамаларды алу кезінде судың температурасы термометрмен өлшенді. Консервіленген түрдегі су сынамалары химиялық зертханаға кейіннен оның құрамына талдау жасау үшін жеткізілді:
- негізгі иондар (кальций, магний, калий-натрий, гидрокарбонаттар, хлоридтер, сульфаттар [1-3] ;
- биогендер (аммонийлі азот, нитраттар, нитриттер, фосфаттар) [1-3] ;
- органикалық заттар [1-3] .
Су қаттылығы бойынша су тобын анықтау МЕМСТ 264. 49. 1-85 [4], минералдануы және негізгі иондардың құрамы бойынша су санатына жатқызу О. А. Алекин бойынша жүргізілді [3] .
Зообентос пен зоопланктонның сандық сынама үлгілері «Қазақстан су айдындарының гидробиологиялық балық шаруашылық зерттеудегі әдістемелік құралына (планктон, зообентос) » [9] сәйкес: жағалаудағы (литораль) және жағадан алыстаған (пелагиаль) екі биотоптан алынды. Зоопланктон сынама үлгілері Джеди ауымен су түбінен бетіне қарай тік бағытта сүзіліп алынды. Консервіленген зоопланктонның сынама үлгілері «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің Алтай бөлімшесі зертханасына келесі өлшемдерді анықтау үшін жеткізілді:
- түрлік құрамы [10-15] ;
- бірлестіктің жалпы саны;
- жалпы биосалмағы [16] ;
- доминанттар құрамы (доминант топтар мен түрлер) ;
- негізгі топтар мен түрлердің саны;
- негізгі топтар мен түрлердің биосалмағы.
Макрозообентос сынама үлгілері Петерсен су түбін көсіп алатын құралымен (ашылу аумағы 0, 025 м ² ) алынды. Консервіленген сынама үлгілері «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің Алтай бөлімшесі зертханасына келесі өлшемдерді анықтау үшін жеткізілді:
- түрлік құрамы [11, 12, 17-19] ;
- бірлестіктің жалпы саны;
- жалпы биосалмағы;
- доминанттар құрамы (доминант топтар мен түрлер) ;
- негізгі топтар мен түрлердің саны;
- негізгі топтар мен түрлердің биосалмағы.
Балықтардың қорегін зерттеу үшін «Әдістемелік құрал…» [20] және «Әдістемелік ұсыныс . . . » [21] қолданылды.
Материалды өңдеу «Балықтарды зерттеу жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес жүзеге асырылды [22] . Ихтиологиялық материалды жинау жалпы қабылданған әдістер бойынша жүргізілді [23-26] . Материалдарды жинау ғылыми-зерттеу аулау құралдары арқылы іске асырылды.
Ихтиологиялық зерттеулер кезінде келесі сипаттамалар бойынша анықталды:
- балықтың түрлік құрамы және оның таралу аймағы;
- ихтиофаунаның сандық сипаттамалары (жалпы салмағы; іш құрлысынсыз салмағы; бас негізінен бастап қабыршақ аяқталуына дейінгі дене ұзындығы) ;
- бағалы кәсіптік және сирек кездесетін балықтар түрінің саны, олардың ауланған балықтар санының арақатынасы;
- ауланған балықтардың өлшемдік құрылымы;
- ауланған балықтардың жастық құрамы;
- ауланған балықтардың жыныстық құрамы және жыныстық жетілудің кезеңі;
- балық ауруларын тексеру - тыранды лигулаға, көксеркені дерматофибросаркомаға, ал аққайранды описторхозға;
- балықтардың санитарлық жағдайы.
2 Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар су айдындарының физикалық-географиялық және гидрологиялық сипаттамасы
Жарма ауданы Шығыс Қазақстан облысының орталық бөлігінде орналасқан. Батысында Абай ауданымен, солтүстік-батысында - Семей қаласына облыстық бағыныстағы қала аумағымен, солтүстік-шығысында - Ұлан ауданымен, шығысында - Көкпекті ауданымен, оңтүстік-шығысында - Тарбағатай ауданымен, оңтүстігінде - Аягөз ауданымен шектеседі.
Жері таулы және шоқылы болып келеді. Ауданның солтүстік-шығысында Қалба жотасы орналасқан. Абсолютiк биіктігі 500 - 865 м болатын Асқарлы, Сарыжал, Қарауылтөбе, Жуантөбе, Барақтықан, Ақбиік, Қарамұрын шоқылары бар. Оңтүстік-шығысында абсолютiк биіктігі 780 - 1090 м. Сарыжал, Қандығатай, Жұмағұл, Қарғалы, Желдіқара, Қаратақыр, Әулиешоқы, Семетей, Мұсасерек шоқылары орналасқан. Шар өзенінің жоғары алабын және аудан жерінің батысы мен солтүстік-батысын Еңірекей, Қызылбиік, Сабал, Белтерек, Қаратау, Қасымбел, Маятас, Арқат және Қарағайлы таулары қамтыған.
Климаты тым континенттік. Қаңтардағы орташа ауа температурасы -16 -18°С, шілдеде 20-21°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 200 - 300 мм. Жер беті суын ауданның шығыс жағында - Шар мен Қызылсу өзендері құраса, оңтүстігінде Шардың сол саласы - Жарма өзені мен Зайсан көліне құятын Көкпекті мен Ащысу өзендері құрайды. Көлдер ауданның тек батыс жағында кездеседі. Ірілері: Қазылжан, Балықшы көлдері, Шолақтерек, Ақсор, Тұздыкөл, Ащыкөл, Қарасор. Шар өзенінде Ақжол мен Бөке кенттерін сумен қамтамасыз ету үшін Шар бөгені салынған.
Арқалық тоғаны Жайма ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан (сурет 3) . Ағынды реттеу түрі бойынша маусымдық су айдыны болып табылады. Тоған түрі жасанды, арналық. Ұзындығы - 1, 4 км, ең ұзын ені - 0, 054 км, орташа ені - 0, 02 км, ауданы - 100 га, ең терең жері 2, 0 м, орташа тереңдігі - 1, 5 метр, көлемі - 15 м 3 . Жағалау сызығының ұзындығы 2, 76 км.
3 сурет - Арқалық тоғаны
Бақыршық суқоймасы Бақыршық кенішінен шығысқа қарай 7 км жерде орналасқан (сурет 4) . 1970 жылы пайдалануға берілді. Қызыл-Су өзені құяды және ағып шығады. Қызыл-Су өзені - реттелетін су ағыны. Ағынды реттеу түрі бойынша маусымдық су айдыны болып табылады.
Су қоймасы түрі бойынша жасанды, арналық. Қазіргі уақытта өнеркәсіптік және ауыз су мақсаттарында пайдаланылады. Ұзындығы - 2, 5 км, максималды ені - 0, 92 км, орташа ені - 0, 26 км, ауданы - 64 га, максималды тереңдігі - 8, 3 м, орташа тереңдігі - 2, 5 метр, тереңдігі 2 метрге дейінгі таяз сулардың ауданы (литораль аймағы) - 37 га, толық көлемі - 16 м 3 . Қызыл-Су өзенінің ағысы бойынша Шүлбі су қоймасымен қосылған.
4 сурет - Бақыршық суқоймасы
Үлкен Мариновское көлі Ади (Былқылдақ) ауылынан батысқа қарай 3 км жерде орналасқан (сурет 5) . Ағынсыз су айдыны болып табылады, басқа балық шаруашылығы су айдындарымен байланысы жоқ.
Су ағынын реттеу түрі бойынша табиғи-маусымдық су қоймасы болып табылады. Суқойма түрі бойынша табиғи. Ұзындығы - 0, 9 км, максималды ені - 0, 7 км, орташа ені - 0, 6 км, ауданы - 55 га, максималды тереңдігі - 6, 0 м, орташа тереңдігі - 3, 5 метр, тереңдігі 2 метрге дейінгі таяз сулардың (литораль аймағы) ауданы - 6, 0 га, толық көлемі - 1925000 м 3 . Жағалау сызығының ұзындығы 3, 5 км.
5 сурет - Үлкен Мариновское көлі
2019 жылы зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында Шар суқоймасындағы бөгетті жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуіне байланысты суқойма кептірілгендігі анықталды, яғни аталмыш су айдынында ихтиофаунаның тіршілік етуіне қажетті деңгейдегі су болмады.
Ұлан ауданы Шығыс Қазақстан облысының орталық бөлігінде орналасқан. Аудан аумағы Қалба тауларының тау бөктерінде орналасқан, ауданның барлық аумағына таулы жер бедері тән, ол абсолюттік биіктіктерге байланысты екі бөлікке бөлуге болады: орта таулар мен төменгі таулар.
Орта таулармен және төмен таулар аймағындағы аумақ негізінен жайылымдық алқаптардан тұрады. Тау бөктеріндегі дала аймағы орташа ылғалды және жылы, оңтүстік бөлігінде орташа ыстық климатпен сипатталады. Ең суық айдың орташа температурасы (қаңтар) -14 -18°C, ең жылы (шілде) 20-21°C құрайды.
Шыбындыкөл көлі Жоғарғы Тайынты ауылынан 8 км жерде орналасқан (сурет 6) . Ағынсыз су айдыны болып табылады, басқа балық шаруашылығы су айдындарымен байланысы жоқ.
Су ағынын реттеу түрі бойынша табиғи-маусымдық су айдыны болып табылады. Қазіргі уақытта рекреациялық мақсаттар мен спорттық-әуесқойлық балық аулау үшін пайдаланылады.
Ұзындығы - 1, 0 км, максималды ені - 0, 65 км, орташа ені - 0, 4 км, ауданы - 70 га, максималды тереңдігі - 6, 7 м, орташа тереңдігі - 3, 5 метр, тереңдігі 2 метрге дейінгі таяз сулардың (литораль аймағы) ауданы - 9, 0 га, толық көлемі - 245 м 3 . Жағалау сызығының ұзындығы 4, 8 км.
6 сурет - Шыбындыкөл көлі
Жартас өзеніндегі тоған Гагарино ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км жерде орналасқан (сурет 7) . Ағысты су айдыны болып табылады, Жартас өзені құяды және ағып шығады. Ағынды реттеу түрі бойынша маусымдық су айдыны болып табылады. Жасанды, арналық тоған. Қазіргі уақытта рекреациялық мақсаттар мен спорттық-әуесқойлық балық аулау үшін пайдаланылады. Ұзындығы - 1, 9 км, максималды ені - 0, 30 км, орташа ені - 0, 2 км, ауданы - 47 га, максималды тереңдігі - 6, 0 м, орташа тереңдігі - 2, 5 метр, көлемі - 1175000 м 3 . Жағалау сызығының ұзындығы 4, 6 км.
7 сурет - Жартас өзеніндегі тоған
Ұлан өзеніндегі №2 суқоймасы - Ұлан ауданы, Айыртау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2 км жерде орналасқан (сурет 8) . 2020 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында суқойманың су деңгейі бөгетке жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында төмендетілгені анықталды.
8 сурет - Ұлан өзеніндегі №2 суқойма
Ұлан өзеніндегі №3 суқоймасы Айыртау ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км жерде орналасқан (сурет 9) . Су қоймасының ауданы 152 га, максималды ұзындығы 1, 8 км, ені 1, 2 км құрайды. Су қоймасының орташа тереңдігі 2, 5 м, максималды тереңдігі 5 м құрады.
9 сурет - Ұлан өзеніндегі №3 су қоймасы
Шемонаиха ауданы Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде орналасқан. Шығысында Глубокое, батысында - Бородулиха, оңтүстігінде - Шығыс Қазақстан облысының Ұлан аудандарымен, солтүстігінде - Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен шектеседі.
Климаты күрт континентальды. Абсолюттік температура + 40 градус, абсолюттік минимум -48 градус. Солтүстік және оңтүстік бағыттағы желдер басым болып табылады, секундына 25-30 метр жылдамдыққа жетуі мүмкін, топырақтың қату тереңдігі 220 мм, қар жамылғысының биіктігі 115 мм, жыл ішіндегі жауын-шашынның орташа мөлшері 780 мм.
Поперечный өзеніндегі тоған Луговое ауылынан 1, 1 км қашықтықта орналасқан (сурет 10) . Ағынсыз су айдыны болып табылады, басқа балық шаруашылығы су айдындарымен байланысы жоқ. Су ағынын реттеу түрі бойынша табиғи-маусымдық су айдыны болып табылады. Тоған түрі бойынша жасанды, арналық. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы дақылдарын суару және спорттық-әуесқойлық балық аулау үшін пайдаланылады. Ұзындығы - 1, 5 км, максималды ені - 1, 4 км, орташа ені - 0, 30 км, ауданы - 56 га, максималды тереңдігі - 9, 0 м, орташа тереңдігі - 4, 0 метр, тереңдігі 2 метрге дейінгі таяз сулардың (литораль аймағы) ауданы - 20, 0 га, толық көлемі - 224 м 3 . Жағалау сызығының ұзындығы 4, 5 км.
10 сурет - Поперечный өзеніндегі тоған
Семей - Шығыс Қазақстан облысының батыс өңіріндегі екінші орындағы ірі қала болып табылады. Ол Ертіс өзенінің екі жағасына орналасқан. Аумағы - селолық округтерді қосқанда 27, 5 мың шаршы метр. Дегелең тауында Еуразия құрлығының географиялық орталығы анықталған. Өңір климаты ерекше географиялық орналасуымен ерекшеленеді, құрылықта, мұхиттардан барынша алыс орналасқан.
Колхозный тоғаны Озерки ауылының солтүстік-шығысына қарай 1, 5 км жерде орналасқан (сурет 11) . Ағынсыз су айдыны болып табылады, басқа балық шаруашылығы су айдындарымен байланысы жоқ. Ағынды реттеу түрі бойынша маусымдық су айдыны болып табылады. Су айдыны түрі бойынша жасанды, арналық. Негізгі қоректендіретін су көздері көптеген бұлақтар болып табылады. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы дақылдарын суару, балық өсіру және спорттық-әуесқойлық балық аулау үшін пайдаланылады. Ұзындығы - 1, 7 км, максималды ені - 0, 45 км, орташа ені - 0, 32 км, ауданы - 55 га, максималды тереңдігі - 3, 0 м, орташа тереңдігі - 2, 5 метр, тереңдігі 2 метрге дейінгі таяз сулардың (литоральдық аймағы) ауданы - 30, 0 га, толық көлемі - 1375000 м 3 . Жағалау сызығының ұзындығы 4, 0 км.
11 сурет - Колхозный тоғаны
Алимба көлі - Семей қалалық әкімшілігінің аумағында орналасқан. Семей қаласынан шығысқа қарай 5 км жерде, ұзындығы 2, 22 км, ені 0, 85 км, су айдынының ауданы 185 га, орташа тереңдігі 1, 5 м, максималды тереңдігі 3 м дейін жетеді (сурет 12) .
12 сурет - Алимба көлі
Бесқарағай ауданы - Шығыс Қазақстан облысының 19 аумақтық бірліктерінің бірі, облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан. Әкімшілік бірлік ретінде Павлодар облысының құрамында 1928 жылы құрылған.
Бесқарағай ауданы - Шығыс Қазақстан облысының солтүстік батысында орналасқан. Аудан орталығы Бесқарағай ауылы. Аудан 1959 жылға дейін Павлодар облысының құрамында болған, 1997 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының құрамында. Бесқарағай ауданы қазіргі уақытта солтүстіктен Ресей Федерациясы Алтай өлкесі Михайловка және Угловский аудандарымен, шекараның ұзындағы - 89 щақырым, батыстан Павлодар облысы Лебяжий ауданы, оңтүстік-батыстан Қазақстан Республикасының Курчатов қаласымен және оңтүстік-шығыстан - Семей қаласымен шекаралас.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz