СҰЙЫҚТАРДЫҢ ҚАСИЕТІН ОҚЫТУ


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
«Қорғауға жіберілді»
«»2021 ж
«Физика» кафедрасының
меңгерушісіГ. С. Бектасова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Орта мектептің оқу процесінде электрондық оқулықтарды пайдалана отырып, «Сұйықтық» бөлімін зерделеу әдістемесі
5В011000-«Физика» білім беру бағдарламасы бойынша
Орындаған іштей оқыту бөлімінің
4 курс студенті Сайбек А. Р.
Ғылыми жетекшісі:
«» 2021 ж. Рахадилов Б. К.
Нормабақылаушы:
«» 2021 ж.
Өскемен қ., 2021 ж.
Мазмұны
КІРІСПЕ
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1. 1 Оқулықтар-жаңа буын оқулықтары
1. 2 Журналдар- «Математика және физика қазақстан мектебінде», «математика және физика», «физика және астрономия», «физика».
2. СҰЙЫҚТАРДЫҢ ҚАСИЕТІН ОҚЫТУ
2. 1 Жоспармен жұмыс
2. 1. 1 Күнтізбелік жоспар
2. 1. 2 Сабақ жоспары
2. 2 Сыныптан тыс жұмыс
2. 2. 1 Сайыс
2. 2. 2 Конференция
3. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫН ҚОЛДАНУ
3. 1 Электрондық оқу құралын құрудың тиімділігі
3. 2 Электрондық оқу құралын құрудың қиындығы
3. 3 Электрондық оқу құралының кемшілігі
4. Әдебиеттер
Қосымша А
Қосымша Б
ҚОРЫТЫНДЫ
Кіріспе
Бітіру жұмысының тақырыбы: Орта мектептің оқу процесінде электрондық оқулықтарды пайдалана отырып "сұйықтық" бөлімін зерделеу әдістемесі.
Мақсаты: жалпы білім беретін мектептер үшін физика пәнін оқытуда ақпараттандыру технологияларын қолдану арқылы оқушыларға жана білім негізін қалыптастыру. Оқушыларды ЭЕМ көмегімен физика есептерін шығаруға, өз білімдерін тест тапсырмаларын шешу арқылы тексеруге, зертханалық жұмыстар нәтижелерін есептеуге, электрондық кесте көмегімен эксперимент нәтижелерінің диаграммалары тұрғызуға машықтандыру. Олардың тиімділігі, кемшіліктерін ашып көрсету болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі: сұйықтар тақырыбын оқытуда электрондық оқулықты қолдану арқылы оқушыларға сұйыктардың қасиеттерін және олардың табиғаттағы техникадағы қолданылуын, және осы құбылыстарды қарапайым мысалдар келтіре отырып қарастыруға, есептерді дұрыс шешуге дағдыландыру . Вisual Basic бағдарламалау тілінде есептер шығаруға, басқа оқу пәндерімен пәнаралық байланысты сақтай отырып, тақырыпты жан- жақты меңгеруіне мүмкіндік береді.
Мектеп физика курсында электрондық оқу құралдарын құрастыру технологияларының бірнеше түрлері қарастырылады. Электрондық оқу құралдарын қолдана отырып оқушылардың өз бетімен іздену қабілеттерін дамыту әдістемелерін жолға қою негізделген.
Оқу үрдісінде жаңа технологиялардың енгізілуі жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану қажеттігін тудыруда. Сондықтан бүгінгі күн талабында оқу үрдісінде электрондық оқу құралдарын қолдану арқылы оқушыларда ғылыми ойлау қабілетін қалыптастыру.
Компьютер көмегімен түрлі физикалық құбылыстарға есептер шешу ақпараттандыру технологияларын оқу үрдісінде қолдану ең қарапайым түрі десек те болады. Сондықтан оқушыларға біз қарастырып отырған молекулалық физика тарауының сұйықтар бөлімін оқытуда оқушылардың уақыт үнемдей отырып мол мағлұмат алуына және уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді [6] .
Мектептің әлемдік білім беру кеңістігіне ену үрдісі дамуды, ал сонымен қатар ақпараттық-компьютерлік құраушылардың негізгі бағытын қажет етеді. ХХ ғасырдың екінші жартысы ақпараттық қоғамға өту кезеңі болды. Адам өмірінің барлық саласында ақпараттың қарқынды өсуі, ақпараттық жарылыс сипатын алды. Ақпараттық жарылыс көптеген мәселелер туындатты, олардың ішінде ең негізгісі білім беру мәселесі болып табылады. Техникалық құрылғыларды қолданусыз оқыту мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігінен білім беруді автоматтандыруға байланысты сұрақтарға ерекше назар аударылады. Білім беруді автоматтандырудың ең тиімді түрі бұл, оқушылардың білімдерін бақылау сұрақтарын өңдеу және білім беру үшін ЭЕМ-ді қолдану болып табылады. Компьютерлердің кеңінен қолданылуы автоматтандыруды, сонымен қатар мұғалімдердің әдістемелік жұмыстарын құру үшін қолданылатын күрделі процедураларды жеңілдету мүмкіндігін береді. Сондай-ақ компьютердегі әр түрлі электрондық оқулықтар, әдістемелік жұмыстар жайлы түсінік бірқатар артықшылықтарға ие. Біріншіден, бұл автоматтандыру. [17]
Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық оқыту қызметінде барлық республикалық оқу орындарында қолданылады. Электрондық оқулық, көмекші құралдар, компьютерлік тапсырмалар, лабораториялық жұмыстар, педагогикалық программалық шаралар бұларды оқытушылар өздері құрады және пайдаланады.
Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандыру процесінің жүргізілуіне байланысты осы процесті жүзеге асырудағы өзекті мәселелердің бірі- электрондық оқулықтар дайындау болып отыр. Ал оларды оқыту процесінде қолдану-сапалы білім берудің бірден-бір құралы болып табылады. Себебі тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Оқулық негізгі бес бөлімнен тұрады: теориялық, практикалық және лабораториялық жұмыстар бөлімі, сонымен қатар оқушылардың білім деңгейін бақылау жұмысы бөлімі. Презентациялар технологиясы: Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға жаңа материалдарды көрнекі түрде көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді.
Үлгерімді тексеру оқушылардың білімін жетілдіру: компьютерлік технологияларды осы мақсатта пайдалану, біріншіден, оқытушының жұмыс өнімділігін арттырып, оқу нәтижелерін тексеруге көбірек уақыт бөлуге көмектеседі; екіншіден, обьективті түрде қадағалай отырып, балалардың алған білімін бағалауды жүзеге асырады.
Қазіргі ғылымның барлық салалары өзара тығыз байланысты. Осыған байланысты мектептегі оқу пәндері де бір-бірінен ажыратылуы да мүмкін емес. Пәнаралық байланыс мектептегі ғылым негіздерінің жан-жақты және терең меңгерілуінің дидактикалық шарты және құралы болып табылады. Пәнаралық байланыстарды белгілеу терең білім алуға, ғылыми түсініктер мен заңдылықтардың қалыптасуына, оқу-тәрбие процесінің жетілдірілуіне, ғылыми көзқарастың қалыптасуына, материалдық әлемнің бірлігі жөнінде түсінік алуға, табиғат пен қоғамдағы құбылыстардың өзара байланысын білуге мүмкіндік жасайды. Бұдан басқа, пәнаралық байланыстар оқушылардың ғылыми білім деңгейінің жоғарылауына, логикалық ойлау қабілетінің, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді.
Ғылым мен техниканың үздіксіз дамуы оқушы назарынан тыс қалмауы керек. Сондықтан біздің басты мақсатымыз-логикалық байланыс негізінде өтілетін материалды «тақырыптар мен бөлімдерді» оқушылар жедел ұғынатындай етіп түсіндіру. Мұның өзі сайып келгенде, ой сананың, оның ішінде шығармашылықты дамытудың өзіндік бір негізгі бағыты . Тақырыпты оқып үйренуге арналған сабақтың бас кезінде заттардың көптеген физикалық қасиеттері олардың ішкі құрылысына байланысты болатыны неліктен екенін көрсеткен жөн. Бұл құбылысты көрсету кезінде компьютерді қолданған қолайлы. Бұл мәселені қарастырған кезде оқушылардың назарын заттың әртүрлі күйінде молекулалардың құрылысы мен қозғалыс сипатындағы айырмашылыққа аудару қажет.
Оқушыларға сұйықтың құрылысын компьютерде көрсетуге болады. Сұйықта молекулалар ретсіз, бірақ тығызырақ орналасқан сондықтан молекулалардың өзара әсерлесуі, газдардағыдан гөрі күштірек болады. Әрбір молекула көршілес молекулалардың қоршауында бола тұра, бір орында тыпыршып тұрғандай болып, сұйықтың ішінде баяу орын ауыстыратынын оқушылар өздері дисплейден көре алады.
Қазіргі кезде ақпараттық технологияның өмірімізге терең енуіне байланысты жекелеген пән сабақтарында компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін толық пайдаланып, оқушыларға терең де тиянақты білім беруге жағдай туып отыр. Оқушыларды «компьютер әлеміне» баулу арқылы тек қана информатика сабағын емес басқа сабақтарды да арнайы компьютерлік бағдарламалар мен электрондық оқулықтар арқылы зерттеп, кез-келген тақырыпты оқушы өзі меңгеруі қажет [19] .
Мысалы, физика пәнінің сабақтарында компьютерлік техниканы пайдалануға мүмкіндік мол. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, олардың ой танымын кеңейтуге, өз бетінше шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
І ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
- Оқулықтар - жаңа буын оқулықтары
Ғылымның негізі білімде болса, білімнің іргетасы орта мектепте қаланады. Сондықтан біз елдің келешегін, мемлекетіміздің дамып гүлденуін ойлар болсақ ең алдымен «орта мектепте білім беру жайы қандай деңгейде?» деген сұрақты алға тартуымыз қажет. Ал білімнің қайнар көзі оқулықта екенін әсте естен шығаруға болмайды. Кез-келген оқулықтың құндылығын оның дүниетанымының мазмұны анықтайды.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші білім беру саласында Жаратылыстану ғылымдарының өзіндік орны ерекше екенін ескеріп, оқушыларды сол бағытқа қызықтыруға барша ұстаздар қауымы атсалысқаны абзал. Бұл ғылымды меңгерту-жаңа буын оқулықтарын оларға қойылатын талаптар деңгейінен шығарудың басты шарты десек, екінші үлкен талап - білім мазмұнының нақтылығы. Оқулықтың мазмұнын сөз еткенде кейінгі жылдары білім беру стандартын басшылыққа алып жүрміз. Білім беруді стандарттаудың негізгі нысандары оның, кұрылымы, мазмұны, оқу жүктемесінің көлемі және оқушылардың даярлығының деңгейі болып табылады.
Жаңа оқулықты ұстаздар қауымы жақсы қабылдап жатыр десек, асыра айтқандық бола қоймас. Әрине аз уақыттың ішінде бұрынғы қалыптасып кеткен оқулықтарды тастап, жаңа буын оқулықтарын меңгертуге көшу оңай шаруа емес.
Оқулық дегеніміз-оқытудың кешендік сипаты бар, маңызды құрал. Оқытудың барлық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған. Мектеп оқулығына қойылатын талаптарға білім мазмұнының түгелдей жүзеге асырылуы, пән бойынша білім стандартының мазмұнына сәйкестігі, материал мазмұнын іріктеудің негізгі ұстанымдары мен тәсілдері, материал мазмұнын баяндаудың ғылымилығы, түсініктілігі сияқты ерекшеліктері жатады. [30. 31]
Оқулықтың құрылымына да үлкен мән берілетінін ұмытуға болмайды. Оқулықтың білім беру, дамытушы, тәрбиелеуші қызметтері айқын көрініп тұруы шарт. Жоғарыда айтылған қасиеттердің бірі жетіспей жататын болса, ондай оқулық білім беру стандартының талаптарына сай келе бермейді. Біздің авторларымыздың жазған физика және астрономия оқулықтарын алатын болсақ, оларда бұрынғы кеңес дәуіріндегі оқулықтардан гөрі мүлде жаңа үрдістердің орын алғанын байқар едік. Қазіргі оқулықтардың дәстүрлі аударма оқулықтармен салыстырып қарағанда бірнеше айырмашылықтар бар. Бұларда жаңа тақырыптар берілген, кейбір түсініктер мен тақырыпшалар қысқартылып кеткен. Мүмкіндігінше оқулықтардың мазмұнын ықшамдау процесіне ерекше мән берілген. Материалдарды мейілінше ықшамдап, әрі түсінікті етіп беру мәселесі-физика және астрономия оқулықтарына да қойылып отырған талаптардың бірі.
Енді бір назар аударатын жай, ата-аналардың кейбір ұстаздар мен оқушылардың арасында жаңадан шығарылып жатқан оқулықтардың мазмұны күрделі, тілі ауыр деген пікірлердің айтылып қалатындығы. Ғылым дамыған сайын сол ғылымның жетістіктерін түсіндіру де күрделене беруі заңды. Әр ғылымның өзіне тән басты теориялары мен кағидалары бар. Пәнді оқыту барысында оларды айтпай кетуге болмайды.
Түрлі формулалар, өрнектер, есеп-қисаптар тақырыпты игерудің кілті болып табылады. Бүгінгі замандағы қоғам сұранысын ескере отырып, адам баласының өмір тіршілігіндегі ең маңызды мәселелерді былайша іріктеп алуға болады: алдымен денсаулық, тіл, содан кейін қоғам, техника, табиғат, математика, көркем мәдениет.
Тек гуманитарлық бағыттағы оқулықтар ғана емес, ғылыми-жаратылыстану бағытындағы оқулықтар да жаңаша жасауды қажет еткенін атап өткен жөн.
Жаңа буын оқулықтары бұрынғы оқулыктардан мазмұнының дамушылық сипаты мен ерекшеленеді. Оқу пәндерінің мазмұндары да еліміздің этно-мәдениеттік ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік экономикалық және ұлттық белгілердің өзгешеліктерін де қамтиды. Қазіргі ғылым мен қоғамның жағдайы мектептің физика мазмұнына кейбір түсініктерді енгізудің қажеттілігін көрсетіп отыр.
Жаратылыстану-математика тобындағы пәндерді орта мектепте оқып үйрену барысында оқушылар осы пәндердің негізгі мәселелері бойынша білім
мен біліктер қорын меңгеруі қажет. Бұл білім қоры ұғымдар және сәйкес шамалардың жүйесі, ережелер мен заңдар, принциптер, теориялық қағидалар және практикалық біліктілер жиынтығынан құралады.
Жаратылыстану-математика тобындағы пәндерді тереңдетіп оқыту білікті мамандар және сәйкес оқу-материалдық базасы бар мектептерде оқушылардың қалауы бойынша 8-сыныптан басталады. Maтематика және жаратылыстану пәндерін оқыту келесі үш деңгейде білім алуды қамтамасыз ететіндей болып оқытылады:
1. Оқушылардың жалпы мәдени дамуын қамтамасыз ету, математика және жаратылыстану пәндерінен терең білімді қажет етпейтін гуманитарлық бағдардағы оқуды және мамандықтарды таңдап алған оқушылар үшін оқыту «Типтік оқу жоспарының» тұрақты жүктемесі бойынша жүргізіледі;
2. Оқушыны дамыту. Жаратылыс және техникалық пәндерге қызығушылық танытып және инженерлік-техникалық, жаратылыстану бағдарындағы жоғары оқу орындарына түсуге бейімделген оқушылар үшін аптасына физика пәнінен 3 сағатқа дейін, ал информатика пәнінен 3-4 сағатқа дейін уақыт бөлу ұсынылады;
3. Оқушының шығармашылық қабілетін тиімді дамыту. Ол математика және физика немесе химия мен биология, география, экономика аумағындағы пәндерге бейімділік танытады және оларға сәйкес жоғарғы оқу орындарына тусуге даярланады. Осы топтағы оқушылар үшін аптасына математика пәнінен 4-9 сағатқа дейін, физика, химия, биология және география пәндерінен 3-8 сағатқа дейін уақыт беру ұсынылады. 2006-2007 оқу жылында оқу процесіне 10-сыныпқа арналған жаңа буын оқулықтары енгізілді.
Кронгарт Б. Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану- математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. Кронгарт Б., Кем В., Қойшыбаев Н. -Алматы Мектеп 2006
10-сыныпқа арналған физика пәні оқулығы қоғамдық-гуманитарлық бағыт үшін аптасына 1 сағат, ал жаратылыстану-гуманитарлық бағыт үшін аптасына 3 сағаттан берілген. Бұл оқулықта механика, молекулалық физика, электродинамика тарауы кеңінен қарастырылған. Жалпы оқулық бүгінгі заман талабына сай құрастырылған. Бұл оқулық-көп жыл оқушымен тікелей байланыста болған ұстаздың еңбегі. Мұнда оқушының жас ерекшелігіне байланысты оның логикалық ойлау, түсіну, алған мәліметтерді қабылдау қабілеті ескерілген. Екіншіден, сабақты жоспарлау жүйесі, деңгейлік тапсырмаларға бөлу тәртібі көңілге қонымды. Оқулықтың сапасы, көркемделуі, ішкі мазмұны баланы дамыта оқыту принципімен жазылған. Баланы ойлантуға, тапсырмаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік тудырады. Есептердің мазмұнын және оларды құрастыру ретін айқындау барысында пәнаралық байланыс ескерілгенін де айта кеткен орынды [31] .
Осындай пәнаралық байланыста ұлттық және аймақтық дәрежеде берілген есептер баршылық. Олар оқушыларды білім мазмұнына терендету, ынталандыру, әсемдік әлеміне бойлату, оқушының жан-дүниесіне әсер ету мақсатында берілген.
Жаратылыстану ғылымдары пәндерінің жаңа мазмұны және оны жаңа буын оқулықтарында жүзеге асыру жақсы деңгейде қойылып, іске асырылуда.
1. 2 Журналдар - «Математика және физика қазақстан мектебінде»,
«Математика және физика», «Физика және астрономия», «Физика» .
Нұрашев Х. Физика пәнін оқытуда компьютерді қолдану әдістемесі . : Нұрашев Х., Әжібеков Қ. // Математика және физика № 6, 2007 Б-10
Оқушылар информациялық технологияның жаңа формасымен жеке адамға, қоғамға, экономикаға, өндіріске және бизнеске ықпалымен қазіргі мектеп қабырғасында танысуы. Компьютерлік оқыту кезінде оқыту техникасының көмегінсіз білім, білік, дағдысын жүзеге асыру мүмкін емес. Жүргізілген теориялық зерттеулер мен эксперименттік жұмыстар физика сабағын компьютерлік оқыту кезінде ҚПП жасау және оны қолданудың қажеттілігін көрсетіп берді. Компьютерлік оқыту басқа процестермен бірігу арқылы біртұтас педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылады. Бұл мақалада физика пәнін оқытуда компьютерлік технологияларды қолданудың негізгі аспектілері қарастырылған.
Елубаева Ғ. Физика сабағында компьютерді пайдалану: Елубаева Ғ// Математика және физика. №6, 2007 Б. -33
Физика сабағында дербес компьютерді пайдалану:/Рысжанова А. // Математика және физика . №3, 2007 Б. -8
Мақалада физика сабақтарында дербес компьютерді тиімді пайдаланудың әдістері қарастырлады. Дербес компьютер мүмкіндіктерінің бүгінгі таңда физика пәнін оқытуда жаңа мүмкіндіктерді ашатыны жайлы баяндалған.
Физика сабағында электрондық оқулықтарды қолдану:/Акашева Л. // Математика жәнe физика №3, 2007. Б. -53
Мақалада физика пәнін оқыту үрдісінде электрондық оқулықтарды тиімді қолдану және оқушылардың танымдық қабілеттерін өзіндік іздену жұмыстарын дамыту қарастырылған. Физикадан пәнаралық мазмұнды есептерді шығару әдістемесі: /Акитай Б. , Қуандықова М. // Математика және физика №1, 2007 Б. -54
Физикадан пәнаралық байланысты қолдана отырып есептер шығару тәсілдері қарастырылған . Нақты мысалдар келтірілген. Оқушылардың жан- жақты даму, ойлау қабілеттерін дамыту көзделген.
Усатова О. Г. Интегрированный урок по физике и информатике:/Усатова О. Г. Заика В. М. //Физика и Казахстанской школе №1, 2006. -С. 11-12. Физика және информатикадан байланыстырылған сабақтар жүргізу әдістемелері қарастырылған. Пән мұғалімі үшін көптеген кұнды мәліметтер беріледі.
2. СҰЙЫҚТАРДЫҢ ҚАСИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСІ
Сұйық күй ерекшелігі молекулаларының орташа ара қашықтығы газдарға қарағанда біршама аз. Бұдан біз біртекті ортада сұйықтың тығыздығы 1000 есе артық болатынын көреміз. Мысалы 100 ° С температурада және атмосфералық қысымда судың тығыздығы буынан 1800 есе артық. Сонымен қатар сұйық қасиеттері молекулалалар қозғалысымен қатар олардың арасындағы өзара әсер күштерімен де сипатталады. Молекулалық физиканың қарастырылып отырған бөлімін оқыту барысында молекулалық күштер, олардың әсерлесу радиусы жайында түсінік қалыптасады, сонымен қатар молекулалық күштердің әртүрлі техника өндірісінде және қолданбалы ғылымдар қатарында қолданылу аясымен танысады. Техниканың әртүрлі салаларында беттік құбылыстар жан-жақты кеңінен қолданылады. Бұл тақырыптың политехникалық мәні осымен сипатталады.
Бақылаулар молекулалық күштер әсерінде сұйық беті өздігінен кемитінін көрсетеді. Мұны келесі түрде қарастыруға болады: өсімдіктер жапырағындағы тамшыларының шар тәрізді форма алуы, екі тамшының бiрігуі т. с. с. сұйықтың беткі және ішкі қабаттарындағы молекулалар әр түрлі жағдайда болады [1. 2]
ЭЕМ физиканы оқытудың дидактикалық және әдістемелік маңызды құралына жатады. Олар мектепте кездесетін есептеу жұмыстарының барлық түрлерін орындауға мүмкіндік береді. Олардың көмегімен мектептегі физика курсының политехникалық бағыты кеңейеді, әрі тереңдейді, оқытуға проблемалылықты енгізуге қосымша мүмкіндіктер пайда болатындықтан
оқушылардың есептеу мәдениетінің, алгоритмдік және эвристикалык ойлауының дамуы нәтижесінде жалпы ақыл-ой деңгейі арта түседі.
Іргетасы физика болып табылатын есептеу техникасы физиканы оқытуда есептеуді жылдамдататын құрал ретінде ғана емес, физикалык үрдістер мен құбылыстарды математикалық модельдеу құралы ретінде, абстрактілік- логикалық жағы пәндік-бейнелік жағымен үйлескен тың көрнекі құрал ретінде, демонстрациялык эксперимент пен зертханалық жұмыстардың нәтижелерін математикалык өндеу, оқушылардың білімін бақылау мен өзін- өзі бақылау құралы ретінде де кеңінен қолданыс табады.
Есептеу техникасымен жұмыс кезінде оқушылардың алгоритмдік ойлауы қалыптасады: өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды, құбылыстардың үлгілерін құрады. Бағдарламалауға оқыту логикалық қабілетті дамытады, бақылау мен өзін-өзі бақылауға саналы көзқарас қалыптастырады, оқушыларды көптеген әрекет түрлеріне тән және жалпы ойлау мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайтын жиынтық еңбек білім-дағдыларымен қаруландырады.
Оқу үрдісін компьютерлік техниканы енгізе отырып жүзеге асыруға төмендегі екі жағдай барынша тән болады.
Біріншіден оқушы ЭЕМ-мен қандай режимде жұмыс істесе де, ол компьютерлік білім беру жағдайында тікелей емес, аралық түрде болуы мүмкін мұғалім ықпалында болуы тиіс.
Екіншіден, «компьютер-адам» жүйесі өзінің «гибридтік ойлау стилімен» не «жасанды», не тек «табиғи» зерденің шамасы келмейтін тапсырмаларды ғана орындай алады.
Үшіншіден ЭЕМ-нің есептеу мүмкіндіктерін ғана пайдаланатын және педагогикалық мақсаттарды көздейтін көмекші сипаттағы, нәтижелерді өңдеу бағдарламалары. Олар өлшемдердің деректерін статистикалық талдауды пайдалануға мүмкіндік береді. Физиканың оқу үрдісіне қосылған ДАЕМ мынадай дидактикалық міндеттер атқарады: ол оқып-үйрену обьектісі, оқыту құралы, сонымен бірге мұғалім еңбегін ұйымдастыру құралы болады.
Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Мектеп оқушыларының өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карталар және схемалар мен жұмыс жасауға дағдыланады.
Электрондық оқулық: 1. Алған білімін, өзін тексереді; 2. Көрнекілік, сурет, сызбалар компьютермен іске асырылады; 3. Тест тапсырмаларын орындайды; 4. Түрлі ақпараттық анықтамалар алады; 5. Пәнге қызығушылығы артады; 6. Сарамандық тапсырмалар орындайды; 7. Дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі артады; 8. Ойлау қабілетін дамытады.
Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz