Жүсіп - Зылиха дастанының қазақша нұсқасы хақында



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
М. Жұмабаев атындағы жоғарғы колледж

Реферат

Тақырыбы: Жүсіп-Зылиха дастанының қазақша нұсқасы хақында

Орындаған: Манглибаева К.Ш
Тексерген: Искакова Л.Қ
Пәні: Ежелгі дәуір әдебиеті

Жүсіп-Зылиха дастанының қазақша нұсқасы хақында
Ғасырлар бойы халық даналығы ауызша айтылып келді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысынан бастап ғашықтық жырлар қағаз бетіне түсіріліп, оның алғашқы қолжазбалары пайда болды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ әдебиетінің Орта Азия, татар мен азербайжан халықтарының және басқа Шығыс елдерінің әдебиетімен байланысы тереңдеп, кең өріс алғандығы мәлім. Осындай байланыстың тағы да бір көрінісін тікелей қазақ және шығыс оқығандарының бірге жүріп, бірге шәкірт болғандығы деп атауымыз керек. Бұхарада 1896 жылы Мирараб медресесінде қазақтың дарынды ақыны Тұрмағамбет Ізтілеуов пен тәжік әдебиетінің классигі Садриддин Айнидің бірге оқығандығы, Жүсіпбек Шайхулисламұлының да, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің де Бұхара медресесінде оқуы сияқты жайттар бұл пікірімізді растайды. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Санкт-Петербург, Қазан, Уфа, Ташкент, Омбы қалаларында көптеген қисса, хикая-дастандар кітап болып шықты. Мұндай қисса-дастандардың жарыққа шығуында кітаби ақындардың үлкен үлесі болды. Олар халық ауыз әдебиеті үлгілерін өздерінің шабыт-шалымына сай қайта өңдеуден өткізіп, кітап етіп бастырды. Бұл топтағы ақындар көбіне белгілі сюжетті пайдалана отырып, оны қайта жырлады, яғни өздерінің нұсқасын жасады. Осындай кітаби ақындардың ішінен Жүсіпбек Шайхулисламұлы бұл кезеңде қазақтың халықтық шығармаларымен қатар, шығыс сюжеттері желісіне құрылған Жүсіп-Зылиха, Шәкір-Шәкірат, Дариға қыз, Кербаланың шөлі, Зарқұм сынды туындыларды кітап етіп бастырды. Жастайынан талапты, сауатты, Шығыс елдерінің біраз тілдерін жетік меңгерген Жүсіпбек Шайхулисламұлы ел арасындағы ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырды. Шығыстық дастандары мен классикалық әдебиеті үлгілерін қазақ тіліне аударды, өзі де шығармалар жазды. Оның 1897 жылы Қазан қаласында баспадан шыққан Жүсіп-Зылиха дастаны - осындай туындының бірі. Ақын Жүсіп пен Зылиха оқиғасының араб, парсы, татар, өзбек, түрікмен тілдеріндегі нұсқаларымен танысып, Жүсіп-Зылиха дастанының қазақша нұсқасын жасады. Әрине, Жүсіпбек Шайхулисламұлы өзгелердің шығармасын қайталап қана қойған жоқ, оларды шығармашылықпен өңдей отырып, дастанға өзіндік өзгешеліктер мен тың эпизодтар енгізді. Жүсіпбек Шайхулисламұлының жазған Жүсіп-Зылихасы 1898 жылдан 1918 жылдар арасында бірнеше рет түрлі баспалардан шықты. Қазақ тілінде жарық көрген Жүсіп-Зылиха да басқа қиссалар сияқты халықтың қызығып оқитын кітаптарының біріне айналды. Жүсіпбек Шайхулисламұлының Жүсіп-Зылихасы қазақ әдебиеттану ғылымы мен фольклортануында өз алдына зерттеу нысаны етіп алынбаса да, ғалымдарымыздың мақала-зерттеулерінде оған көңіл аударылып, оны сюжетті лирикалық поэма, халық романы, ғашықтық-салт романы, дастан, жыр, поэма, ғашықтық жыр деп атағаны белгілі. Біздіңше, Жүсіпбек Шайхулисламұлының қазақша шығарып бастырған Жүсіп-Зылиха шығармасын халық кітабы деп атау орынды сияқты. Оның көркемдік тәсілдерінде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің элементтері астасып жүреді. Әрине, қай елдің болса да өз топырағында Жүсіп-Зылиха хатқа түскенге дейін ел арасында ауызша айтылып жүргені ақиқат. Сондықтан да ұзақ уақыттар бойы бұл тақырыптағы аңыз-әңгімелер қазақ арасында дәуірмен бірге сан өзгерістерге ұшырап фольклорлық дәстүр бойынша XIX ғасырдың екінші жартысына жетті. Бұл жайында әдебиеттің алыбы Мұхтар Әуезов те ХІХ ғасырдың 60-жылдарында қазақ ертегілерінің барлық түрлеріне тұрмыс-болмысқа кірген жаңалықтардың неше алуан ықпалы, әсері араласқандығын айта отырып былай деген еді: Қиял-ғажайып ертегілерінің тобына кіретін алуан әңгімелер, ертектер, аңыздар қазіргі советтік Шығыс елдерінің ерте замандағы классик ақындары қалдырған ұлы мұралардың ауызша қайталамасы боп та келеді. Бұл ретте парсы, тәжік елінің классигі Әбілқасым Фердаусидің Шахнамасынан ертегі боп тараған Рүстем батыр әңгімесін айтуға болады. Көне дәуірде, яғни түркі тектес халықтардың әрқайсысы өз алдына жеке ұлт болып бөлініп шыққанға дейін туған жазба ескерткіштерге, әдеби мұраларға қазіргі күнгі түркі тілдес елдердің бәрі де ортақ. Көне дәуірдің ескерткіші - Орхон-Енисей жазбалары (VІІ - VІІІ ғғ.) Жүсіп Баласағұнидің Құтадғұ біліг поэмасы (1069), Махмұд Қашқаридің Девани лұғат-ат түрк сөздігі (1072 - 1074), Оғыз наме (ХІІІ ғ.), Мұхаббат наме (ХІV ғ.) сияқты дастандар мен Құл Әлінің Қисса-и Жүсіп поэмасы (1233), Рабғұзидің Қисса-сул әнбия (1309 - 1310) атты шығармасын осы топқа жатқызсақ болады. ХІІІ ғасырдың бастапқы шенінде Орта Азия мен Қазақстан жері монғол шапқыншыларының қол астында қалған кезде түркі халықтары әдебиетінің дамуы Алтын Ордамен тығыз байланысқа түсті. Сол дәуірде Құл Әлінің Қисса-и Жүсіп поэмасы (1233 ж.) дүниеге келді. Қисса-и Жүсіп поэмасы, қазіргі қолдағы бар мәліметтерімізге қарағанда, бұл тақырыпқа жазылған түркі тіліндегі тұңғыш шығарма, сонымен бірге Құл Әлі Шығыс әдебиетінде алғаш рет Жүсіп туралы аңыз сюжетін қайта жырлауда елді басқару мен оның басшысы, ел бірлігі мәселесін негізгі нысана етіп қойды. Сондықтан да ақынның монғол жаугершілігі кезінде халықтың қатты күйзелісін, ел азаматтарының тұтқынға түсіп, басы құлға айналған қиыншылығын сезіне отырып, өз оқушысын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ жазба әдебиетін дәуірлеу мәселесі
Қазақ кітаптары мен қисса-дастандардың көрнекті зерттеушісі
Алтын Орда әдебиетінің көрнекті ақыны Хорезмидің Махаббатнаме дастаны
Қазақ тілінде тарихи хикая
Қазақ әдебиеті тарихы пәні
«Жүсіп – Зылиха» дастаны
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі нәзиралық шығармалар
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚИССА МЕН ДАСТАН ЖАНРЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ
Шығыстық ақын - шайырлардың қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы
Ж.Баласағұн. "Құдатғу біліг" шығармасына тақырыптық-идеялық, мазмұндық талдау. Насреддин Рабгузи "Рабғузи қиссалары", Х.Дулати "Тарих и Рашиди", Ш.Жәңгірұлы нәзира дәстүрі
Пәндер