Оқыту технологиясы мен әдістері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Жоғары колледжі

Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: «Педагогика»

Тақырыбы: « Оқыту технологиясы мен әдістері »

Орындаған: А. Ж. Бисенбай

Тобы: ШМ-405

Жетекшісі: Н. Е. Ауезханова

Ақтөбе 2021 ж

Мазмұны:

Кіріспе . . . 3
І тарау. Оқыту технологиясы

1. 1 Оқыту технологиясы және білім сапасы . . . 4-5

1. 2. Оқытудың педагогикалық технологиясы және ерекшелігі . . . 6-9

II тарау. Оқытудың қазіргі заманғы технологиялары

2. 1 Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы . . . 10-13

2. 2 Модульдік оқыту технологиясы . . . 14-16

2. 3 Қашықтықтан (дистанционды) оқыту технологиясы . . . 17-20

2. 4 Инновациялық технология . . . 21-23

III тарау. Оқыту әдісі

3. 1 Оқыту әдістері, тәсілдері мен құралдары . . . 24-26

Қорытынды . . . 27-29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Кіріспе

Технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан -жақты ойластырылған үлгісі -Академик В. М. Монахов.

Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.

Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?

Оқыту технологиясы - мектепте жалпы білім беру бағдарына, оқытудың мақсаты мен мазмұнына негізделген, жақсы нәтижелерге жету кепілдігін беретін оқыту жүйесін құрастыру.

Білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялардың алатын орны, мектепте оқушылардың ауызекі сөйлесу әрекеттерін белсендіру мен қарқынды дамытудың, сапалы әрі тиімді жолы ретінде қазіргі заманғы оқыту технологияларын ағылшын тілі сабағында қолдану жолдары ғылыми-теориялық тұрғыдан баяндалған.

2. Мақсаты

- Менің мақсатым шет тілі сабақтарында, тиімді технологияларды қолдану арқылы, оқушылардың іскерлік белсенділігін, дербестік әрекетін және шығармашылық потенциалын нығайту үшін, жағдайлар жасау:

- Оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу:

- «Білім» заңына сәйкес басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсарту:

-Оқытудың қазіргі заманғы технологиясын жан-жақты меңгеру арқылы оқушының жеке тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ету:

3. Міндеттері

-Талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу жолдарын қарастыру, оларды өсіру, әр оқушының қабілетін танып білу:

І тарау. Оқыту технологиясы

1. 1 Оқыту технологиясы және білім сапасы

Білім мазмұнын, оқыту процесін, оқу бағдарламалары мен жоспарларын және оқу құрылымын бүгінгі күннің талабына сай жаңалалау республика бойынша жоғары оқу орындарында мамандық бойынша жоғары кәсіптік білім беру жаңаша сипатқа ие болды. Жаңа оқыту технологиясының оқу процесіне енуіне байланысты ЖОО-да арнайы пәндер ӛзгеріске ұшырап, білім мазмұнына ӛзгерістер әкелді. Оқыту технологиясы - бір жағынан оқу ақпаратын ӛңдеуге, бейнелеуге және ӛлшеуге арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы, екінші жағынан оқытушының оқыту процесіне қажетті техникалық немесе ақпараттық құралдарды пайдаланып студентке әсер ету әдістері туралы ілім. :

Оқыту технологиясының анықтамасына тереңірек үңілетін болсақ: - білімнің, ғылыми жетістіктердің, техниканың белгілі бір аймағында туындаған мәселелерді шешу бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы күйде тұрақты жүзеге асырылатын білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеру; - оқыту, ӛздігінен білім алу және ӛзін ӛзі бақылау процестерін қажет етіп, соларды жүзеге асыратын шарттарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін әдістер, тәсілдер, құралдар жиынтығы. Оқыту технологиясының басты мақсаты - техникалық ресурстарды, адам ресурстарын және олардың ӛзара әрекеттесуін ескеріп, білім берудің үдерісін оңтайландыру. Жалпы «оқыту технологиясы» мен «педагогикалық технологияны» тығыз баланысты алып қарастыру керек. Бірақ бұл екі технология тепе-тең емес. Оқыту технологиясы кӛпшілікті оқыту мен кәсіби дайындау жүйесін құрастыршы, ал педагогикалық технологияны білім беру кеңістігінің қағидаларын және оңтайландыру тәсілдерін анықтаушы ұғым ретінде қабылдауымызға болады.

Оқыту технологиясы - жүйелік категория, ол ғылыми білімді дидактикалық пайдалануға, оқу процесін ғылыми жолмен ұйымдастыруға және талдауға бағытталған. Мұнда оқытушылардың ізденістері және студенттердің жеке тұлға ретінде дамуында жоғары нәтижелерге жетуге бағытталуы да ескеріліеді. Кейбір педагок ғалымдар [1] оқыту технологиясын әр түрлі сапалы дидактикалық, жалпы педагогикалық, психологиялық т. б. процедуралардың біртұтас жиынтығы ретінде алып қарастырады. Бұл жиынтық сәйкес мақсаттар мен оқыту мазмұнына байланысты студенттердің іс-әрекет түрлерінің қажетті ӛзгерістерін іске асыруы қажет. Осы анықтама бойынша оқыту технологиясы біртұтас дидактикалық жүйені құрайтын амалдар мен процедуралардың тізбегі болып табылады. Бұл тізбекті педагогикалық практикада жүзеге асыру нәтижесінде оқыту мен тәрбиелеудің нақтылы мақсаттарына жетеміз. Осы тенденциялардың негізінде қазіргі заманғы жоғары оқу орындарындағы оқыту технологияларына қойылатын талаптарды тұжырымдайық: 1) оқытудың негізгі түрі ретінде фронтальды оқытудың негізінде әрбір студенттің тиімді жеке бағдарлама бойынша оқуын қамтамасыз ету; 2) педагогикалық ортадағы оқыту процесін тиімділігін арттыруға мүмкіншілік жасау; 3) оқытудың қызықтыру, іс-әрекетті меңгеру мақсатын меншіктеу, ісәрекетті бағдарламалау, іс-әрекетті меңгеру деңгейін бақылау, белсенділік. ӛзіндік танымдық әреке принциптерін жүзеге асыуды қамтамасыз ету; 4) дәстүрлі педагогикалық принциптер мен заңдылықтардан бас тартпау, олардан үйрену, жетілдіру, жаңаша кӛз қараста пайдалану. Оқыту технологиясы әдістеме ғылымымен тығыз байланысты. Оқыту технологиясы мен әдістеменің мақсаты бір, екеуі де оқытудың тиімді жолдарын қарастырады. Оқыту технологиясы үздік ғылыми әдістемелерге сүйенеді. Оқыту технологиясы мен педагогикалық технологияның ара қатынасын былайша тұжырымдауға болады: - педагогикалық технология мен оқыту технологиясы жалпы жәнеарнаулы ара қатынаста болады;

Қазіргі заманауи оқыту технологияснда ақпараттық оқыту технологиясы маңызды орын иеленеді . Ол білім, ғылым туралы, оның оқыту технологиясына қатысты ақпараттың кез келген кӛлемін орналастырудың, сақтаудың, ӛңдеудің және кез келген қашықтықтарға тасымалдаудың шексіз мүмкіндіктерін береді.

Ақпараттық технологиялар аса қарқынды дамып келеді. Ақпараттық технологиясыз әлемде болып жатқан жаңалықтардан тез арада хабардар болу мүмкін емес. Ақпараттық технология білім саласында да кеңінен қолданыс Ақпараттық оқыту технологиялары Компьютерлік технология интерактивті режим мультимедиялық технология Қашықтан оқыту технологиясы Ақпаратты бейнелеу, сақтау, тасымалдау, жинақтау, студенттің танымдық әрекетін бақылау, басқару міндетін атқарады. Білім берудегі субъекті мен объекті ге қатысты шығармашылықты дамытуға мүмкіндік береді. Бұл-командалар мен жауаптар алмасу арқылы атқарылатын тұтынушы мен жүйенің жұмыс істеу режімі. Онда бағдарламаларды түзетуге, дисплейдегі бейнелерді қадағалауға, толықтыруға, өзгертуге мүмкіндік береді. . Компьютерлік технология оқыту құралының міндетін атқарады. . Әр түрлі оқыту, бақылау, оқытушы қызметін атқара алатын, оқытудың диалоктық жұмыс режімі Бейнелік және аудиоэффектілік, әртүрлі мультибағдарламалық мүмкіндіктерді интерактивті програмалық жабдықтардың басқаруымен орындай алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілі. Тұтынушының компьютермен әрекет ертін жүзеге асыратын ақпараттық және бағдарламалық кешені. Ақпараттық коммуникациялық технологиялық құралдары және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алудың экстернат формасы Бұл технология сырттай оқу жүйесіне балама, ӛздік білім алуды дамыту құралы. Негізінде интернет арқылы жүзеге асады. Интернет технологиясы табуда. Білім саласында ақпараттық технологияны қолдану барысында кӛптеген жаңа атаулар мен түсініктер пайда болуда.

1. 2 Оқытудың педагогикалық технологиясы және ерекшелігі

Қазіргі білім берудің оқу-тәрбие үрдісінде оқыту технологияларының алуан түрлерін ұтымды қолдана, жастардың үйлесімді әлеуметтенуіне жаңаша қарым-қатынастарды жүзеге асырып отыру үздіксіз педагогикалық процестің мақсатты құбылысына бет алады. Педагогикалық технология әр түрлі жағдайлардағы нақты өзара іс-қимылдарды, жүйеленген, бағдарланған, оқыту және тәрбиелеу стандарттарына сай тәсілдер негізінде компьютер мен техникалық құралдар қолдану арқылы да ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің құрылымдарында оқытудың айқындалған көптеген технологияларын пайдаланып жатқандығы белгілі. Болашақ маманға тәжірибе беруде ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, жаңа білімдерді құру әдістеріне, ең маңыздысы - әлемнің дамуы туралы білімдердің қажетті деңгейін қалыптастыратын әдістерге үйрету. Сондықтан әрбір оқытушыға және оқушыға "оқыту" мен "үйрену" процестерін игеру үшін 3 тілді меңгеруі қажет: ана тілін, ғылым тілін және технология тілін. Сонымен технология көмегімен білімдерді, іскерлікті, дағдыларды игеру процесінде тұлғалық қасиеттің дамуында нәтижелі шешімге жету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. "Педагогикалық технология" оның ішінде "оқыту технологиясы" ұғымын анықтауда, басым көпшілік мамандар оларды үш маңызды жағдайлармен біріктіреді: - іс-әрекетінің жиынтығы түріндегі қажет ететін үлгіні дәл анықтау негізінде оқытуды жоспарлау; - оқытуды талап ететін әрекетті қалыптастыруды іріктеген қатаң тізбекті әрекеті түріндегі оқытудың барлық процесін "бағдарламалау". - алғашқы белгіленген эталонмен оқытудың нәтижесін салыстыру. М. Чошанов оқыту технологиясы негізінен педагогикалық процестегі «Қалай нәтижелі етіп оқыту керек?» мәселесін шешуге бағытталатынын айтады. Оқыту технологиясы жөніндегі ой-пікірлерді саралай келе, біздер оны: біріншіден, оқытудың мақсатқа сәйкес нәтижесіне қол жеткізудегі нақты қадамдарды және олардың үйлесімділігін зерделейтін ғылым саласы; екіншіден, оқытудың нақты жағдайда нәтижелі жүзеге асырылуын белгілейтін жобалау немесе модельдеу; нақты оқыту процесін нәтижелі етіп оқытудағы процес деп білеміз. Жалпы "Педагогикалық технология" түсінігі қаншалықты қолданыста болғанымен, ол жөніндегі түсінік ұғыныңқы болмаған. Білім берудің қазіргі кездегі практикасында бұл ұғым стандартты емес ғылыми көріністерде ереже ретінде қолданылып, педагог жұмыстарының өндірілген әдіс-тәсілдерін, құралдарын білдіреді. В. П. Беспалько технологияны түсіну үшін ең алдымен педагогикалық іс-әрекеттің өндірушілік белгісіне көңіл аудару қажеттігіне зейін аударады, әлеуметтік тұрғыдан бұл белгі, технологияның басқа белгілерінен оның жалпылық сипатымен байланыстылығын сипаттайды. Қазіргі білім беру технологияларын Г. К. Селевко технологияның классификациялық параметрлері тұрғысынан: қолдану деңгейі, негізгі дамыту факторы, меңгеру тұжырымы, жеке тұлғаның құрылымына бағдарлау, мазмұн сипаты, басқару типі, ұйымдастыру формалары, балаға ықпал ету тәсілдері, әдістердің басымдылығы, жетілдіру бағыттары, оқушылар категориялары бойынша нақтылап көрсетеді . Ш. Т. Таубаева оқытудың қазіргі технологияларының аттарын атап көрсетіп, олардың мақсаттарын, тұжырымының және мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Жұмыста педагог-ғалымның зерттеулері басшылыққа алынған . Сонымен педагогикалық технологиялардан төмендегілерін бөле жарып көрсетуге болады: - ойын арқылы оқыту технологиясы; - проблемалық оқыту технологиясы; - тірек сигналдары арқылы оқыту; - деңгейлік саралап оқыту; -міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік оқыту технологиясы; бағдарламалап оқыту технологиясы оқытудың компьютерлік технологиясы; - дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы дамыта оқыту технологиясы; - модульдік оқыту.

Сондай-ақ Қазақстандық ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде білім беру жүйесінде қолданылуда. Бұл технологиялардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Мәселен, В. Ф. Шаталовтың тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшелігі: - үнемі қайталау; - ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану; - жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал; - ізгілік; - зорлықсыз, еркімен оқыту; - әр оқушының табысының жариялылығын түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау; - оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру. Сондай-ақ әрбір педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың негізгі қарастыратыны оқытуды нәтижелі ету. Оқытудың ақпараттық технологиясы - бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер) . Оқытудың ақпараттық технологиясы - білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады. Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады. Тұтынушының қолдану сапасында; Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды жасаушы сапасында. Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына - ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады . Оқытудың ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз етуді бірнеше категорияға бөлуге болады: Оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер; Ақпарат іздеу жүйесі; Модельдеу бағдарламалары, микромирлер; Танымдық сипаттағы инструменттік құралдар; Әмбебап сипаттағы инструменттік құралдар; Коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған инструменттік құралдар. Модельдеу бағдарламалары мен микромирлер - бұл ерекше аз мамандандырылған бағдарламалар, оларды компьютерде арнайы қолдану және оның кейбір мәселелерін зерттеуге тура келеді. Инструменттік құралдар деп - жаңа электрондық ресурстар жасауды қамтамасыз ететін бағдарламаларды атайды: әр түрлі форматты файлдар; мәліметтер қоры; бағдарламалық модульдер; жекелеген бағдарламалар мен бағдарламалар жиыны. Мұндай құралдар пәндік-бағытта болуы мүмкін, сол секілді нақты міндеттер ерекшелігі мен қолдану саласына тәуелді болмауы да мүмкін. Білім үрдісінде қолдануға негізделетін бағдарламалық құралдарда сақталатын негізгі талаптар - бұл жеңілдік пен табиғилық, оқушының оқу материалымен жеңіл танысуына мүмкіндік жасау. Бағдарламаларға сай келетін талаптар мен сипаттамаларды HCI (ағылшын тілінде “Human - Computer Interface” - «Интерфейс-адам-компьютер») аббревиатурасымен белгілеу қабылданған. Бұл сөзбе-сөз аударуды «адаммен сұхбаттасуға арналған компьютерлік бағдарламалар» деп түсінуге болады. Білімді ақпараттандыру жағдайында болып жатқан кемшіліктерге қарамастан, оны «ақпараттық революция» деп атауға болады, өйткені қол жетерлік табыстар мыналар: ақпаратты ұсынудың жаңа формасы. Қызықты, жанды немесе алдын ала жазылған мультимедиалық ақпарат тек текстен емес, графикалық бейнелерден, анимациядан, дыбыстан және видеоүзінділерден құралып, Internet желісі арқылы беріледі немесе басқа телекоммуникациялық құралдар арқылы компакт-дискілерге жазылады; жаңа кітапханалар.

Интеллектуальдық ресурстар көлемі және табыстары өседі. Internet злектрондық кітапхана каталогтарымен бірігіп, жер қашықтығы мен уақыт айырмашылығына қарамастан, зор ақпараттар көлемін жинауға қол жеткізеді. Әрине, мұндай кітапханалар онда сақталатын ақпараттарға толық жол аша бермейді; оқу сабақтарының жаңа формалары. Студенттер мен оқытушылардың виртуальды семинарлар және лабораториялар режімінде бірігіп жұмыс жасауы, сонымен бірге жаңа синхрондық мүмкіндік пайда болды. Бірқатар студенттер үшін мұндай жұмыс формалары анағұрлым ыңғайлы, өйткені дәстүрлі оқытуға қарағанда, оларға өз мүмкіндіктеріне қарай, өздеріне қолайлы графикпен жұмыс жасау және артық ескертулермен кездеспей отырып ашу қызықты; білімнің жаңа құрылымы. Бүгінгі күні білім жүйесіне жаңа құрылым беру үшін телекоммуникация жүйелерімен толықтырылуы қажет, сонымен қатар білім үрдісіне ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізуде жоғары біліктілікке ие мамандар керек. Көбінесе қашықтан оқыту бағдарламалары оған барынша мол қол жеткізуге мақсатталған және оқыту сапасына аса анық емес талаптар қояды. Мұндай бағдарламаның білім сапасын жетілдіруі үшін орындауы міндетті талаптар қатарын құрастыруға болады : сапасы мен мүмкіндігі жоғары білім кеңістігін құру, кәдімгі оқу орындары ұсынатын мүмкіндіктерден жоғары білім ортасын жасау; Internet желісінде әмбебап компьютерлік кітапхана құру, кез келген уақытта қолданушыға қол жеткізерлік және кәдімгі кітапханаға көлемді ақпарат беруі тиіс; желі бойынша педагогтармен қарым-қатынас ұйымдастыру; оқытушының да, оқушының да білімін компьютермен тексеру жүйесін жасау. Төмендегідей базалық шарттар сақталған жағдайда сапалы білімге қол жеткізуге болады: қымбат тұратын технологиялар мен бағдарлама өнімдерін қолдану; іштей және қашықтан оқыту түрлерін біріктіру; қажетті ақпараттық ресурстарды табуды жеңілдететін толық каталогтар жасау.

II тарау. Оқытудың қазіргі заманғы технологиялары

2. 1 Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы

Технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан -жақты ойластырылған үлгісі -Академик В. М. Монахов.

Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.

Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?

Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен жаңа білім беру парадигмасы іске асатын құрал ретінде қарастырылады. Білім беру технологияларының даму тенденциялары тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін-өзі дамуына мүмкіндік беретін гуманитарлық білім берумен тікелей байланысты. "Білім беру технологиялары", "педагогикалық технология" терминіменқатар ''оқытутехнологиялары” терминіқолданылады. Оныңбіріншісі көлемдіболыпкеледі. Өйткені, білім беру бар.

“Оқыту технологиясы - белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге асырылады”, - деп С. Әбенбаев айта келіп, оның құрылымын төмендегідей етіп көрсетеді

Сонымен қатар, С. Әбенбаев нақтылы педагогикалық процесті талдап жүзеге асыруды “ . . . оқыту технологиясын жобалау процесі деп атауға болады” деп айта келіп, оның құрылымын төмендегідей анықтайды:

- оқу жоспары және бағдарламасына сай оқытудың мазмұнын таңдау;

- оқытушы бағдарлай алатын оқытудың басымды мақсатын таңдау, яғни жобалау барысында білім алушыларда қандай кәсіптік және тұлғалық сапа қалыптасады, міне соны анықтау;

- мақсаттарға немесе басымды бір мақсатқа негізделіп оқыту технологиясын таңдау;

- оқыту технологиясын талдап жасау.

Педагогикалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес білім берудің қазіргі заманғы технологиясының нұсқауы, төмендегі принциптердің қатысуымен жасалуы тиістігі анықталуда:

-дидактикалық жүйені көрсететін технологияның бүтіндік принципі;

-қойылған мақсатқа жету үшін нақты педагогикалық ортада технологияларды қайта өндіру принципі;

-сәйкес келетін педагогикалық жүйелердің өзін-өзі дайындау механизміне әсер ететін факторлардың приоритеті және педагогикалық құрылымдарының сызықтық емес принципі;

-оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына және оның танымдық қабілеттілігіне оқыту процесінің бейімделу принципі;

-біріктірілген білімдерді құру үшін оптимальді жағдай жасайтын оқу ақпараттарының потенциалды көп болу (артық болу) принципі.

Педагогикалық технологияның міндеттері:

- әр түрлі қызмет саласындағы іскерлік пен дағдылардың шыңдау, білімнің тереңдігін, беріктігін арттыру;

- мінез - құлықтағы әлеуметтік құнды әдеттер мен формаларды нығайту және арттыру;

- технологиялыққұрал-

- ;

- оқу міндеттері мен қоғамдықпайдалы еңбек ұйымдастыру датехнологиялық тәртіпке сай нақты әдеттерді тәрбиелеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқыту технологиясы
Педагогикалық технологиялардың дамуы
Оқыту технологиясын топтастыру
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқытудың бірыңғай технологиясын жүзеге асыруға даярлау
Бөлшектердің сызбасын орындаудың тәжірибелік жұмыстары
Жаңашыл педагогтардың тәжірибесін оқу – тәрбие үдерісінде пайдалану
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамаларын талдау
Сызуды оқыту әдістемесі
Оқыту нәтижелері
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz