Кезеңдеп оқыту технологиясы
Қазақстан Республиасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды Bolashaq жоғарғы колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән: Математика оқыту әдістемесі
Тақырыбы: Бастауыш мектептегі математика сабағында деңгейлік саралап оқыту технологиясын қолданудың маңызы
Орындаған: Кариева А.Е.
Ғылыми жетекші: Рахымжанова А.Қ.
Тіркеу нөмері:_______________
Баға:_______________________
Қолы:______________________
Қарағанды 2021 ж.
Мазмұны:
I. Кіріспе бөлім
II. Негізгі бөлім: Математика сабағында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану
II.1. Деңгейлеп оқытудың математика сабағында тиімділігі
II.2. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының ерекшелігі
II.3. Математика сабағында деңгейлік есептер шығару арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу
III. Қорытынды бөлім
Қосымша
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Әлемдік қауымдастықтың заманауи даму кезеңінде адамзат факторын жандандыру әлемдік прогрестің бір шарты ретінде талап етіледі. Қазіргі қоғамдағы білім берудің мақсаты - дүниетанымы кең, интеллектісі дамыған, білім деңгейі жоғары индивид қана емес, сонымен қатар, көп жағдайда қоғамның болашағы зияткерлік, саяси, мәдени деңгейінің дамуымен байланысты рухани, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Білім беру - оқыту мен тәрбиенің тығыз байланысы.
Бүгінгі күні біздің елімізде қоғам мен мемлекеттің заманауи сұранысына байланысты бағдарланған білім берудің тұтас жүйесі құрылған. Өскелең ұрпақ тәрбиесіне қойылатын талаптар Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 1997 жылғы Қазақстан - 2030 саяси стратегиялық бағдарламасында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жолдауында; Қазақстан Республикасының Білім туралы; Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы; Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы заңдарында көрініс тапқан. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар, білім және ғылым министрлігі қабылдаған Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы басшылыққа алынған. Қазақстандық білім беруді жаңғырту тәрбиені білім берудегі маңызды басымдық ретінде оқыту мен дамыту процесіне кіріктірілген педагогикалық іс-әрекет құрамдасы болуын талап етеді.
Педагогикалық процестегі оқыту теориясын дамытуға үлес қосқан ғалымдар, педагогтар бастауыш сыныпта дамыта оқыту жүйесінде өздерінің жазған көптеген еңбектеріне зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, көптеген тұжырымдамалар жасады. Сонымен қатар жеке адам өмірінде тәрбие мен оқыту процесінің жетіліп, дамуды артына салып отыратындығын дәлелдеді. Олардың идеяларының мәні төмендегідей көрсетіледі:
1. Таным қабілетінің дамуы - бұл барлық мұғалімдердің барлық пәндер бойынша оқыту процесіндегі мақсатты іс-әрекеті.
2. Оқушыларға білім беру және объективтік шындықты тану мәселелері жөніндегі оқулықтың рөлі.
3. Оқытудың әдістері мен формаларын жетілдіру.
4. Мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімге
қызығушылығы, оқудағы таным іс-әрекетін дамытудың шешуші, негізгі құралдарының бірі болып саналады.
Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.
Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:
І кезең: оқып-үйрену;
ІІ кезең: меңгеру;
ІІІ кезең: өмірге ендіру;
ІV кезең: дамыту.
Жаңа педагогикалық технологияның мақсаты - оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технологияның түрлері өте көп. Оларды пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты.
Жаңа педагогикалық технологияны қолдануда:
Мұғалім, нені білу керек?
1) Жаңа технологияның көмегімен шешілетін мәселені анықтау.
2) Жаңа технологияны қолану арқылы алынатын нәтижелерді.
3) Жаңа технологияны қолану арқылы алынатын нәтижелердің теориялық негізін.
4) Жаңа технологияда мұғалім барлық әдіс-тәсілдерді білуі керек
Не істей алу керек?
1) Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру;
2) Күнтізбелік тақырыптық жоспар құру;
3)Жаңа технология бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау;
4) Әр сабақты жоспарлау;
5) Оқу жоспары бойынша оқушыларға арналған тапсырмалар әзірлеу.
Қандай іс-әрекеттерді дұрыс әрі тиімді ұйымдастыруы қажет?
1) Әр түрлі типтегі сабақтарды өткізу;
2) Өткен сабақтарды талқылау, талдау, кемшіліктер мен оқушы түсіне алмаған тұстарды анықтау;
3) Оқушыларды жаңа технологияда қолданылатын әдістерге үйрету.
Жаңа технологиялар:
1. Ойын технологиясы
2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
3. Проблемалы оқыту технологиясы
4. Деңгейлік сараулау технологиясы
5. Жеке дара оқыту технологиясы
6. Компьютерлік оқыту технологиясы
7. Жобалар мен презентациялартехнологиясы
8. Кезеңдеп оқыту технологиясы
9. Альтернативті технологиялар
10. Жеке пәндік технология
11. Өзін-өзі дамыту технологиясы
12. Дамыта оқыту технологиясы
13. Педагогикалық технологиялар
14. Модульдік оқыту технологиялары
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді. Әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.
Зерттеу мақсаты: Оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық функцияларының сипатымен ерекшеліктерін сипаттау, оқыту барысында оқушылардың өзіндік шығармашылығын, іс-әрекеттін қалыптастыруда деңгейлік оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ашып көрсету.
Зерттеу міндеттері:
1.Оқушылардың өз беттерінше даму іс-әрекетін өалыптастыруда теориялық білімдер мен педагогикалық ғылыми еңбектерге тоқталып ,шолу жасау.
2.Оқытудың білімділік,тәрбиелік және дамытушылық сипаты мен ерекшеліктерін анықтау.
3.Оқушылардың өзіндік аму ерекшеліктерін қалыптастыруда озат педагогикалық тәжірибелерді талдау мәнін ашу,оны практикалық тұрғыдан қолдана білу.
Зерттеу болжамы:
Егер математика сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланып, балалардың пәнге қызығушылығын арттыруға бағытталған ойындар, дидактикалық материалдарды пайдаланса, онда балалардың танымдық ойлау қабілеті, қызығушылығы артады, білім игеру сапасының деңгейі жоғарылайды.
Зерттеу нысаны: бастауыш сынып оқушылары.
Зерттеу пәні: Математика
Зерттеу әдістері: Ғылыми - педагогикалық, бақылау, байқау, тәжірибе жүргізу.
Практикалық пайдасы: Оқушылардың қызығушылығын арттыруда, математикалық сауаттылығын жоғарылатуда, дамытушылық қабілеттерін арттыруда қосымша құрал ретінде қолдануға болады.
Зерттеу базасы: Қарағанды қаласы № 36 ЖББ орта мектеп КММ.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі: Математика сабағында деңгейлік тапсырмаларды қолдану арқылы оқушыларды дамыту негізінде теориялық тұрғыда сипатама беріледі; оқытудың тәрбиелік және дидактикалық мазмұнына теориялық тұрғыдан анықтама берілді; оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын арттырудың педагогикалық шарттары белгіленді; дидактикалық материалдардың түрлері көрсетілді.
Зерттеу мәселесі: Елдің болашағы білім беру ісіне тәуелді. Білім беру үрдісінде міндеттер жүктелгендігін ескеріп, жаңа қоғам мүддесіне сәйкес, жан - жақты дамыған болашақ ұрпақ, ертеңгі қоғам иелерін оқыту мектептің негізгі міндеті. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, танымдық белсенділіктерін қалыптастыру керек. Ол үшін білім беру үрдісінде дидактикалық материалдарды кеңінен қолдану керек.
Зерттеу құрылымы: Кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған тізімнен тұрады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді. Біріншіден, деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндігін пайдаланып білім алуына жағдай жасайды. Екіншіден, деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Үшіншіден, деңгейлеп саралап оқытуда оқытудың бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей.
Міндеттері:
1. Деңгейлеп және ақпараттық оқыту технологиясының тиімді әдістерін пайдалану арқылы білімге деген қызығушылығын арттырып, танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану нәтижесінде дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс істеу.
2. Оқушының жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәті қызықты, ұтымды өткізу. Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші, өз ойын еркін жеткізе алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушының жеке дара қабілетін дамытып, шығармашылыққа шыңдау. Оқушыларды
3. Оқудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушылардан өзін-өзі қадағалай алатын ізденімпаз тұлға қалыптастыру.
Ж.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясында төмендегідей 4 деңгейді көрсеткен:
І деңгей - үйренушілік. (Репродуктивтілік) Оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін бекітуге арналған. Өткен тақырыбын еске түсіріп, пысықтап, қайталау үшін және алған білімін практикада пайдалана білуге үйретеді.
Берілген тапсырмалар мен есептер өмірмен, қоршаған ортамен тығыз байланысты болуы керек. Басты назар таным дағдысына аударылады.
ІІ деңгей - алгоритмдік. Мұнда кері байланысқан функцияларды орындау үшін тексеру тапсырмалары, ірі материалдарды меңгеруге, реттеуге, мазмұны өзгертілген тапсырмалар беріледі. Мысал ретінде: ребустар, сөзжұмбақтар, логикалық ойландыратын тапсырмалар беруге болады.
ІІІ деңгей - эвристикалық. Оқушылар тақырып бойынша меңгергенін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ой қорытуға арналған, дағдыны жаттықтыратын тапсырмалар орындайды. Бұл деңгейде оқушы өзі ізденімпаз болуы керек.
IV деңгей - шығармашылық. Оқушының шығармашылық қабілеті шыңдалады. Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушының білім мен дағды деңгейі анықталады. Өз бетімен талдау, саралау жасап, шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізе алады. Осылау бір деңгейден екінші деңгейге өту үшін өз білімін, білік пен дағдысын толықтырып отырады. Нәтижесінде күрделі деңгейдегі тапсырманы орындау әр оқушының мақсатына айналады.
Жетістікке жету үшін ең алдымен оқушының ақыл-ойын, еңбекке деген құлшынысын, білім дәрежесін, жұмысқа деген жауапкершілігін ескерген жөн. Өйткені, баға, деңгейлік тапсырманы қандай дәрежеде орындағанына байланыссты қойылады. Сабақ барысында сыныптағы немесе топтағы барлық оқушылардың білім деңгейі анықталады. Бұл әдістің тағы бір тиімді жағы - оқушы нені оқу керектігін, өзінің білім деңгейін анықтап, ізденуге талпынады. Ал байқампаздық пен ізденушілік білім сапасына тікелей әсер етеді. Білім сапасы білім, біліктілік, дағды және тұлғаның қасиеттері мен қабілеттерімен бағаланады. Сонымен қатар сабақ уақытында оқушының ойына, олардың сабақты қорытындылап талдауына, айтуына көп көңіл бөлу қажет. Олар сол арқылы өздігінен еңбектенуге, шығармашылық ізденуге, қорытынды жасауға машықтанады. Тапсырманы уақытында орындап, уақытында талдау жасау керек. Жіберілген қателіктерді ескеріп, түзеті, түсіндіру жұмыстарын өткізу керек. Үлгерімі төмен оқушыларға көмек беріп, белсенділігін арттыру керек. Тақырыпты толық меңгере алмағаноқушыларға қосымша сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстан жүргізіледі.
II.Негізгі бөлім: Математика сабағында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану
Бүгінгі таңда білім беру саласындағы негізгі бағыт Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында атап көрсетілгендей, нәтижеге қарай білім беру болып табылады.
Білім беру жүйесінің басты - міндеті ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру.
Оқытудың қазіргі жаңа технологияларын меңгеру және оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне сай келтіріп, сабақ үрдісіне ендіру мол ізденушілікті талап етеді. Әрине, ұстаз әрбір сабағын мазмұнды құрып, жаңа технологиямен сабақ беріп отырса, оқушылардың терең әрі тиянақты білім алуына жол ашылады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында алдағы өз іс-тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын қолдана отырып сабақ жүргізгім келеді. Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат баланың қабілетін ашу, шығармашылығын дамыту, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырамын.
Деңгейлік тапсырманың арқасында әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар арқылы оқушылардың тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік бар.
Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі: оқушылар кезең-кезеңмен, жеңіл тапсырмадан күрделі тапсырмаға ауысып бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында. Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетінін, нені меңгергенін, нені меңгермегенін біледі, соның нәтижесінде оқушыларда намыс оты оянып, басқалардан қалып қоймауды ойлап өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды, әрі тырысады.
Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз - балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі.
Деңгейлік әдістің маңыздылығы - оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу - танымдық құзіреттілігі қалыптасады.
Бұл технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекше мән берілген. Оқу іс-әрекетінің негізгі түрі оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы болып табылады. Деңгейлеп оқыту технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға арналған. 1-деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарттық деңгей, оны орындауға барлығы міндетті. 2- 3 деңгей бірте-бірте күрделенеді және бұл тапсырманы орындауға оқушылар құқылы, ал 4-деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушылар орындайды. Әрине, барлық оқушы 4-деңгейді түгел орындап шығады деу алмаймыз. Өйткені, 1-2 деңгейді түгел жуық орындайды да, озат оқитындар алға кетеді.
Әрбір оқушы деңгейлеп оқыту технологиясының мақсатында өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін:
а) әр оқушыға жеке назар аударамын,
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,
в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әр түрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады. Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім - бақылаушы, кеңесші. Деңгейлік тапсырмаларды қолдануда оқушылардың ақыл-ой еңбегін жетілдіру талабы қойылады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар оны орындау әдістемелік кешенімен ұсынылады
Бұл технологияда жұмыс міндеті үш деңгейлік және қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.
1-деңгей: міндетті, оқушылық;
2-деңгей: алгоритмдік;
3-деңгей: эвристикалық материалды саналы түрде меңгеру;
4-деңгей: шығармашылық - өз бетімен ауқымды оқу материалын меңгеру.
1-деңгейдегі тапсырмаларға:
1) Жаттап алуға лайықталған, ыңғайлы болуы керек;
2) Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беру тиіс;
3) Тапсырмалар жаңа тақырып үшін тиімді және өмірмен байланысты болуы керек. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызығушылық жақтарына көңіл аударған жөн. Тапсырма неғұрлым қызықты болса, оқушының да тапсырманы орындауға деген қызығушылығы артады.
2-деңгейлі тапсырмаларға:
1) Алдынғы өткен материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар;
2) Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Бұлар: логикалық есептер, ребустер мен сөз жұмбақтар.
3-деңгейлік тапсырмаларға:
1) Танымдық - ізденім түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімділігін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Мұндай жұмыс - анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді.
2) Бірнеше әдіс-тәсілдермен шешілетін есептер.
3) Өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
4-деңгей шығармашылық деңгей тапсырмалары:
1) Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктердің қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару).
2) Олимпиада есептерін шығару
3) Берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, ғылыми жобалар қорғау.
Демек, бұл тапсырмалар - оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.
Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап әрқайсысы білім игерудегі өз қабілетіне қарай өз биігіне жетеді. Әр оқушының әр пәннен 100% үлгеріміне қол жеткізудің кепілі болады және әр оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті 1-деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. Әр деңгейдің барлық тапсырмаларын дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес 12-балдық жүйемен ерекше бағаланады. Бұл жағдайда оқушы мұғалімнің көмегінсіз өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айнала бастайды деп табылады.
Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу пәнге қызығушылығын арттыру. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі оқушыларға деңгейлік тапсырма беру.
Қорыта келгенде, оқушылардың қабілеттерін жоғарғы деңгейде қанағаттандыратындай білім беру, жаңа технологияларды пайдалану негізінде одан әрі дамытылуда. Оқыту жүйесіндегі жаңаша мазмұн жас ұрпақтың әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруінің басты нысаны. Тұлғаға бағытталған білім оның жан-жақты дамуына ықпал етеді. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік жеке жолы, темпі, даму динамикасы, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі. Әр оқушының ой өрісі кеңейе түседі. Оқушыларды бағалау да ерекше, ол рейтингтік (көпұпайлы) жүйе бойынша жүзеге асады. Математика пәнінен оқушының білім сапасын жетілдірудегі қажеттілігі туады. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушы үнемі тапсырма орындайды, үш кезең арқылы өздігінен үзіліссіз білім алуға ынталандырады.
II.1.Деңгейлеп оқытудың математика сабағында тиімділігі
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі:
* Топ оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы;
* Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы;
* Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы;
* Оқушылардың оқуға ынтасы мен мамандығына деген қызығушылығының артуы;
* Оқушының іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы;
* Оқушы белсенділігінің оянуы;
* Алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы, қиындықтарды жеңуге ұмтылуы;
* Оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы.
* Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқытушыларға тиімділігі
Деңгейлеп-саралап оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы;
* Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі;
* Білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі;
* Оқушылардың жұмыстары әділ бағалануы;
* Оқушы мен оқытушының шығармашылық қызметін белсенді түрде дамытуы;
* Дарынды оқушыларды анықтап, олармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің орнауы.
Сонымен, саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының принциптері-оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігімен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады.
Деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі білім берудің қазіргі жағдайында оқытудың жаңа мазмұны мен қалыптарын іздестіру - өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай әр түрлі педагогикалық технологиялар жасалып, мұғалімдердің тәжірибесіне енгізілуде. Ана тілімізді ұлттық құндылық ретінде дәріптеуде осы пәнді үйретуші әрбір ұстазды оқытудың жаңа үрдістері мен өзекті мәселелері ойландырмай қоймайды. Осыған орай, алдағы уақытта өз тәжірибемде Ж.А.Қараевтың саралап - деңгейлеп оқыту технологиясын қолданғым келеді. Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясы - нәтижеге бағытталған білім беру құралы. Саралап білім беру - қабілеті және мақсаты әр түрлі оқушылардың дамуына жағдай жасайды. Оқу пәні ретінде математика пәнін саралап оқытудың өзіндік ерекшелігі және маңызы бар. Себебі, обьективті түрде математикалық сауаттылыққа негізделген сабақтар оқушы үшін оқу пәндерінің ішіндегі қиындарының бірі болып табылады. Математика сабағын саралап оқыту - ол тек мықты оқушылардың ғана емес, бұл пән қиынға соғатын оқушылардың да мүмүкіндігін қанағаттандыруы тиіс. Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат - сынып оқушыларын қабілетті және қабілетсіз деп жасанды түрде әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны есепке алынып отырады. Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы оқитындығына қарамастан , жұмысын оқушылық, міндетті бірінші деңгейдің, ол үшін жеңіл болса да, тапсырмаларын орындаудан бастайды. Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап, әрқайсысы, білім игерудегі өз қабілетіне қарай , өз білігіне жетеді. Бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының талаптарына сай келеді. Нақтырақ айтсақ:
- барлық оқушылардың оқу мақсатына қол жеткізуінің кепілі болады және оқу пәндерінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті бірінші деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. Бұл өз кезегінде, мемлекеттік стандарттың орындалуына кепілдік береді. Нәтижесінде үлгерімі нашар оқушылар да, кем дегенде оқушылық деңгейге сәйкес білімді толық меңгеріп алатынын өткен тәжірибемде байқадым. Себебі ол осы деңгейдің тапсырмаларын толық және дұрыс орындап өткізбесе келесі деңгейге көшпейді. Міндетті деңгейді толық меңгергеннен кейін оқушы әрі қарай , өзіне өзінің сенімі артады. Оқушылардың әрқайсысы бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы. Осылайша бір деңгейден бір деңгейге, өз білімін біртіндеп толықтыра отырып , өз қабілетін де жетілдіреді. Бұл жағдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының күнделікті мақсатына айналады. Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты: жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып, оқушыны ізденіске, шығармашылыққа баулу;
- дарынды оқушылардың мүмкіндігін анықтау; әр оқушы өзін-өзі бағалайды, өз білімін жоғары деңгейге өзі жеткізе алады, материалды толық меңгереді. Бұл технологияның тағы да бір тиімділігі - оқушылар білімін бағалау мен бақылау жүйесі арасындағы байланыс оқушының әр сабақта жинаған ұпайларын "Даму мониторингі" кестесінде белгілеп отыру арқылы тарау бойынша оқушы біліміне талдау жасап отыруға мүмкіндік туады. Бірінші деңгей (оқытушылық деңгей) - білімнің минималдық шегі, жаттап алуға лайықталған болуы керек. Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс. Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек. Граммаикалық тапсырмалар, жазба жұмыстарын орындау, мәтінді түсініп оқу, жаңа сөздерді пысықтау, сұрақтарға түсініп жауап беру. Екінші деңгей (алгоритімдік деңгей) - өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыру күрделі материалдарды жүйелей алуы, алған білімдерін басқа тапсырмаларды орындағанда пайдалана алуы, сол тақырыпты еркін меңгергені ескеріледі. Үшінші деңгей (эвристикалық деңгей) - танымдық-іздену түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Өздігімен мысалдар құрастыру, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар. Материалды саналы түрде меңгеру. Бұл деңгейде оқытушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық ізденіс, әр - түрлі логикалық тапсырмаларды талдай, жинақтай алатын және салыстыра білуді қажет етеді. Төртінші деңгей (шығармашылық деңгей) - оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген. Олимпиадалық тапсырмалар, берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндамалар дайындау. Өз бетімен оқу материалдарын менгеру. Құбылысты өз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Әр деңгейдің барлық тапсырмаларын дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес ұпай алады.
II.2.Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының ерекшелігі
Деңгейлеп - саралап оқытудың басты мақсаты - сынып оқушыларын қабілетті, қабілетсіз деген жіктерге бөлуді болдырмау. Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы сабақтарында қандай оқушы болмасын, жақсы оқитына қарамастан, жұмысты І деңгейден бастап орындайды, І деңгей тапсырмаларын орындау Мемлекеттік стандарты талаптарының орындауына кепілдік береді. І деңгей тапсырмаларын орындаған оқушы сынақ - есепке алу жүйесіне сай білім сапасын көрсетіп, 5 балдық жүйесінде 3 бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы. Әдетте І деңгейлі орындаған оқушы одан жоғары деңгейлерді орындауға ұмтылады, өзіне-өзі сенім білдіріп бір деңгейден екінші деңгейге көтерілуге іздене талаптана отырып, өз білімін толықтырып жетілдіреді, себебі 4 және 5 бағаларын алу үшін неғұрлым жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындау қажет. Деңгейлеп - саралап оқыту деңгейлеп оқыту технологиясы екінші бір жағы - оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдынылатын рейтинг - ұпай жинау әдісіне баулу. Деңгейлік тапсырмалар рейтинг ұпай - балл жинау әдісімен бағаланады.
Мысалы:
І деңгейдегі 5 сұрақ х 2 ұпай - 10 ұпай; ІІ деңгейдегі 4 сұрақ х 3 ұпай - 12 ұпай; ІІІ деңгейдегі 3 сұрақ х 5 ұпай - 15 ұпай; ІV деңгейдегі 1 сұрақ х 10 ұпай - 10 ұпай;
Оқушылардың жинаған ұпайларына қарай төмендегідей баға мониторингі белгілінеді. Мысалы: І деңгейден 8 - 10 ұпай жинаса 3 баға; І-ІІ деңгейден 11-12 ұпай жинаса 4 баға; І-ІІ-ІІІ деңгейден 27-37 ұпай жинаса 5 баға; ІV- олимпиадалық деңгейде қосымша жұмыстың орындалу нәтежесіне қарай 4 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz