Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару мәселелері


ӘОЖ 631. 15 (574. 5) Қолжазба құқығында
НҰРМАНОВ АБДИАЛИ АЛДАБЕРГЕНҰЛЫ
Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару мәселелері
08. 00. 05 - Экономика және халық шаруашылығын басқару
(қызмет салалары бойынша)
Экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
Жұмыс Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде орындалды
Ғылыми кеңесші: экономика ғылымдарының докторы,
Е. Байбарақов
Ресми оппоненттер: - экономика ғылымдарының докторы
Апсалямов Н.
- экономика ғылымдарының докторы
Молдашев А. Б.
- экономика ғылымдарының докторы
Саханова А. Н.
Жетекші ұйым - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Қорғау 2009 жылдың «27» наурыз сағат 14 00 Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін іздену үшін құрылған Д. 14. 02. 01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде өтеді, мекен-жайы: 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55, 144 бөлме.
Диссертациямен Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің кітапханасында танысуға болады.
Автореферат «» ақпан 2009 ж. таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, э. ғ. д. Темирбекова А. Б.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Көп салалы экономика қалыптастыру және нарықтық қатынастарды дамыту аграрлық өндірістің тиімділігін арттыруда, елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуде, халықтың тамақ азық-түлігіне деген қажеттілігін қамтамасыз етуде және ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуде маңызды.
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндіру бойынша оның экономикасын дамытуға басым бағыттардың бірі болып саналады.
Дегенмен, ауыл шаруашылықты жүргізудегі экономикалық механизмнің жетілдірмегенінен ең алдымен, ауыл шаруашылық құрылымдарының басқа да шаруашылық субъектерімен экономикалық өзара қарым-қатынастарының жолға қойылмағанынан агроөнеркәсіптік өндірістік әлеуеті жеткілікті деңгейде пайдаланылмай келеді.
Ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындарды, қайта өңдеу және рыноктың басқа да шаруашылық жүргізу субъектерін қайта қалыптастыру бұрыннан келе жатқан агроөнеркәсіптік интеграция мен шаруашылық жүргізудің кооперативтік формаларын өзгертіп жіберді. Шағын жеке шаруашылыққа бағдарлану басқа тиімдірек ұйымдық құрылымдарды қалыптастыруды тоқтатып тастады.
Жекеменшік пен шаруашылық жүргізудің жаңа формаларының өсуі баға теңсіздігінің, мемлекеттің басқару атқарымдарынан өзінен-өзі кетіп қалғанының ауыл шаруашылығына әкелген теріс әсерлерін осы күнге дейін азайта алмай отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне қазіргі қалыптасқан бағалар жұмсалған шығындарды қайтаруды және кеңейтілген ұдайы өндіріс үшін пайда алуды қамтамасыз етпейді.
Баға және несие-қаржы механизмін сәйкестендірмеу аграрлық саладағы капитал айналымын тежеп тастады және бүкіл агроөнеркәсіптік кешенінің қаржылық жағдайын нашарлатып жіберді, тауар өндірушілердің біршама бөлігін рыноктан ығыстырды, өнімдерді бөлу атқарымын делдалдарға өткізді және, ең бастысы өндіріс тиімділігін төмендетіп жіберді.
Осының нәтижесінде өндіріс көлемі, ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлері, тамақтық азық-түліктер, ең алдымен мал шаруашылығы өнімдері өте қысқарып кетті.
Қазақстанның жан басына шаққандағы ет тұтынуы 2006 ж. 1990 жылмен салыстырғанда 1, 9 есеге, ал сүт пайдалану - 1, 6 есеге қысқарды.
Халықтың төлем қабілеті бар сұранысының төмендеуі азық-түлікті тұтыну құрылымын өзгертті және, соған тиісінше, өндіріс көлемі мен құрылымын (ауыл шаруашылығы өнімдер көлемін ұлғайтудың орнына қысқарту пайдалы болып қалды) да өзгертті. Соның салдарынан қайта өңдеу өнеркәсібінде жаңа проблемалар пайда болды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы шикізаттары жетіспейтін болды, қазіргі заманға сай технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету нашарлады. Соның арқасында әлемдік стандарттарға сәйкес, бәсекеге қабілетті, арзан және сапалы өнім өндіру төмендеді. Осыған байланысты ет және етті-майлы консервілермен қамтамасыз ету 34%-ға дейін, шұжық заттарымен - 50, 2%-ға, ірімшіктермен - 85%-ға дейін, отандық жеміс-көкөніс консервілерімен - 81, 2%-ға дейін төмендеді.
Қазақстанның әлемдік экономика жүйесіне ғаламдануы мен интеграциялану қарқыны экономиканың тұрақты негіздерін қалыптастыруды талап етеді. Ол үшін басым бағыттарды таңдау барысында қолданылатын тұрақты даму индикаторларын, және қоғамдық дамуды қамтамасыз ететін стратегия (немесе тұжырымдама) дайындап, оны өмірге енгізу керек.
Қазақстанда тұрақты даму стандарттарына бірнеше алғышарттар бар; ғылыми-техникалық, білім, интеллектуалды, көп компонентті табиғи және экономикалық әлеуеттер. Оларды тиімді пайдалану әлемдік процестерде бірігуге және тұрақты даму жолына шығуға мүмкіндік береді.
Бәсекелестік қабілетіне қарай орналастыруға (ранжирования) байланысты (жалпы ішкі өнім өндіру) Қазақстан әлемдегі жақсы дамыған елдер қатарына кіреді. Бәсекеге қабілеттілік экономикалық өсу қарқынын, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін қолдауы тиіс.
Бәсекеге қабілетті өндіріс үшін негізгі талаптар мына төмендегідей: прогрессивті технологияларды пайдалану, басқарудың қазіргі заманға сай әдістері, өндірістің икемділігін, ондағы процестердің тепе-теңдігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету.
Бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешенді дамыту АӨК-дегі экономикалық механизмдердің теориялық-әдіснамалық көзқарастарын талап етеді және соның негізінде бәсекеге қабілетті саланың да дамуын, аграрлық саланың экономикасын мемлекеттік басқаруды қарастырады. Әрине, мұның бәрі қаржылық қамтамасыз ету, салық салу және басқа да мемлекеттік экономикалық басқару әдістерін ескере отырып жүргізіледі, олар кешенді түрде жүргізілуі тиіс.
Агроөнеркәсіптік кешеннің осы және басқа да міндеттері біз қарастырып отырған проблеманың өзектілігін және оның ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілетті өндіріс қалыптастырудағы практикалық мәнін көрсетеді.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Шетелдік және отандық экономикалық әдебиеттерде экономика ауыл шаруашылықты басқару және агроөндірістік қатынастардың жиынтығы деген дәрежеде сипатталады.
Экономикалық механизмдерді іс жүзіне асыруда мемлекеттің экономикалық қызметі ерекше маңызға ие. Біз қарастырып отырған проблема А. Г. Аганбегян, А. Арыстанбаев, Г. В. Атапчук, А. Бачурин, Е. Байбараков, И. Бенке, Л. Брю, Д. Валовой, В. И. Вадяпин, А. С. Гаврилов, И. Голышев, Г. И. Ломакин, А. Б. Молдашев, А. В. Писулин, Г. Х. Попов, П. Самуэльсон, И. С. Санду, А. А. Сатыбалдин, М. И. Сигарев, М. Д. Тинасилов, Ф. Шаповалов, Л. Эрдхард, Н. Н. Янжула және басқа ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Дегенмен, агроөнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік экономикалық реттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері экономиканың жаһандану жағдайында және ДСҰ-на ену кезіндегі экономикалық механизмдер қалыптастыру барысында толық ашылған емес, бәсекеге қабілетті аграрлық саланы қалыптастыруда кешенді көзқарастар ойластырылмаған. Қазақстанның аграрлық сала экономикасын басқару механизмдерін жетілдіру керек.
Зерттеудің мақсаты және міндеттері.
Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан аграрлық саласында басқарудың экономикалық механизмдерін қалыптастыру бойынша әдіснамалық тәсілдемелер, тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу, ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінде анықтау болып табылады.
Осы мақсатты орындау үшін мына төмендегідей міндеттерді алға қойдық:
- аграрлық саланың экономикасын басқаруды қалыптастырудың теориялық және методологиялық (әдіснамалық) негіздерін зерттеу;
- агроөнеркәсіптік өндірісті басқару стартегиясын негіздеу;
- аграрлық өнімдер өндірісінің бәсекелестік қабілетін қалыптастыру;
- нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық жүргізу механизмінің экономикалық тиімділік критерийлерін анықтау;
- Қазақстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бәсекеге қабілетті өндіріс қалыптастыруды талдау;
- өнім және азық-түлік өндіруде аграрлық саланы басқаруды болжау және бәсекеге қабілетті экономика қалыптастырудың әдістемелік көзқарастарын дайындау;
- экономиканың жаһандануы жағдайында аграрлық өндірісті мемлекеттік басқарудың экономикалық әдістерін дайындау;
- бәсекелестік қабілеті бар азық-түлік тауарларын өндіруде қаржылық менеджменттің стартегиясын негіздеу және ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндіруде кластерлік жүйе қалыптастырудың баға және сақтандыру әдістерін жетілдіру.
Зерттеудің пәні және объектісі - Зерттеудің пәні әлемдік экономиканың барысында Қазақстанда экономиканың ғаламдануы жағдайында бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндірісін басқару проблемалары болып саналады. Зерттеудің объектісі - ауыл шаруашылығы қайта өңдеу кәсіпорындары және агроөнеркәсіп өндірісі экономикасын басқарудың барлық жүйесі.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздеріне әлемдік және қазақстандық ғалымдардың экономикалық теория бойынша іргелі еңбектері, ғылыми идеялары мен тұжырымдары алынды. Әлемдік экономиканың дамуы және ДСҰ-ға кіру жағдайында Қазақстанның агроөнеркәсіптік өндірісінің экономикасын басқарумен байланысты институциональдық қайта өзгертулер проблемалары да жұмысқа негіз етіп алынды. Бұл мәселелер ұлттық және азық-түлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Диссертациялық жұмыста республиканың заңдық және нормативтік актілері, әлемдік рынокта бәсекелестік қабілеті бар өнім өндіріп отырған елдерде жинақталған тәжірибелер пайдаланылды.
Зерттеудің ақпарттық базасы - ҚР статистика бойынша Агенттігі, министрліктер мен ведомстволардың, академиялық және салалық ҒЗИ мәліметтері, тұжырымдамалар мен экономиканы дамыту бағдарламалар және, ең алдымен агроөнеркәсіптік кешені мен оның кәсіпорындарының ұйымдарын дамыту бағдарламалары, шетелдік және республикадағы мерзімді баспа материалдары, сондай-ақ ізденушінің көп жылдық экономикалық зерттеулер нәтижелері.
Зерттеу жұмысы талдау жүйесі мен экономикалық азық-түлік секторының жұмыс жасауын, оның субъектерінің интеграциялық өзара іс-әрекеттерін, бағалаудың сандық және сапалық әдістерін үйлестіре алатын синтездеуге негізделген.
Экономикалық зерттеулердің жалпы-ғылыми әдістері мен тәсілдері қолданылды: монографиялық, экономико-статистикалық, баланстық, есепті-конструктивтік, болжау, эксперттік және басқалар.
Зерттеу республика агроөнеркәсіптік кешенінің экономикасы деңгейінде жүргізілді.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы
Жүргізілген зерттеулер экономикалық ғылымға үлес қосатын ғылыми нәтижелер алуға мүмкіндік берді:
Экономиканың жаһандануы барысында бәсекеге қабілетті аграрлық өндіріс қалыптастырудың теориялық-методологиялық негіздері анықталды:
- бәсекелестік қабілеті бар аграрлық өнім өндіруге жағдай туғызатын экономиканы басқарудың жалпы принциптері;
- агроөнеркәсіптік кешенінің даму стратегиясының бағыттары;
- ДСҰ жағдайында бәсекеге қабілетті аграрлық өнім өндірісін қалыптастыруға методикалық тәсілдеме ұсынылған.
Ресурстық әлеуетті тиімді пайдалануды, экономикалық қатынастарды жетілдіруді ескере отырып, Қазақстан агроөнеркәсіптік өндірісін дамытуға болжам берілген:
- ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндіруде бәсекелестік ортаны дамытудың негізгі факторлары анықталған;
- агроөнеркәсіптік өндірістің ресурстық әлеуетін талдау негізінде алдағы болашаққа азық-түлік тауарларын көбейту бойынша ұсыныстар берілген;
- ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындары арасында кластерлік жүйе негізінде экономикалық өзара қатынастарды жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындалған.
Халықты, әлемдік сапа стандарттарына сәйкес келетін тағамдық азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар:
- бәсекелестік қабілеті бар аграрлық өндіріс қалыптастыру бойынша мемлекеттік реттеудің экономикалық әдістері анықталған;
бәсекеге қабілетті, ДСҰ-дың талаптарына жауап бере алатын ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндіруге бағытталған мемлекеттік қаржылық қолдауды жетілдіру бойынша рекомендациялар.
Өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған салықтық жүйені жетілдіруді ескере отырып, аграрлық саланы жүйелі мемлекеттік басқарудың принциптері құрастырылған:
- экономиканы мемлекеттік басқарудың негізгі бағыты ретінде салық жүйесін қалыптастырудың теориялық-методикалық тәсілдемесі берілген;
- өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында және экономикалық қауіпсіздікті нығайту үшін аграрлық өндірістегі салық салудың тәжірибесі және оның шет елдердегі үлгілері жинақталған;
Бәсекеге қабілетті аграрлық сала жағдайында шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмдерін жетілдіру бойынша мынадай ұсыныстар негізделген:
- баға механизмін қалыптастыру;
- басқарудағы сақтандыру;
- негізгі ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік түрлерін өндіруде кластерлік жүйені енгізу.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
Бәсекеге қабілетті басқарудың теориясын, методикасы мен тәжірибесін кешенді зерттеу негізінде экономиканың жаһандануы барысында бәсекелестік қабілеті бар өндірісті қалыптастырудың тұжырымдамасы;
- жаһандану жағдайында бәсекелестік қабілеті бар өндірісті басқарудың теориясын, методикасы мен практикасын және аграрлық өндірісті басқару жүйесін ұйымдастырудың негізгі проблемаларын шешу бағыттарын, агроөнеркәсіптік кешенінің жұмыс жасауына шығындардың тиімділігін анықтайтын критерийлер;
- аграрлық экономиканың ресурстық әлеуетін тиімді пайдалануды ескере отырып, қалыптастырудың методикасын жетілдіру әдістемесі;
- АӨК-нің кәсіпорындары мен ұйымдары және экономиканың басқа да салалары арасындағы экономикалық өзара қатынастарды өндірістің бәсекелстік қабілетін арттыруға бағытталған кластерлік жүйе негізінде жетілдіру бойынша қаржылық-экономикалық индикаторлар;
- тамақтық азық-түліктердің бәсекелестік қабілетінің әлемдік стандарттар талабын ескере отырып, Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенін мемлекеттік қаржылық қолдауға кешенді тәсілдемелер;
- ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекелестік қабілеті бар өнімдер мен азық-түліктер өндірудегі қаржы-несие механизм стратегиясы;
- өнімдер мен азық-түліктерге салық салуды жетілдіру мен бәсекеге қабілетті аграрлық өндірістің баға механизмін қалыптастыруға қаржылық ресурстардың тиімділігі;
Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңызы:
Жүргізілген зерттеу нәтижелері:
- аграрлық өнімнің бәсекелестік қабілеті жоғары өндіріс қалыптастыру бойынша әдістемелік көздерін тартуға;
- заң шығарушылық және нормативтік басқару органдары бәсекеге қабілетті аграрлық өндірісін бағалауға;
- ДСҰ талаптарын және халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетінін ескере отырып дамытудың басым бағыттарын анықтауға;
- Инвестициялық баға, салық және сақтандыру механизмдерін арттыруға;
- ауыл шаруашылығы өндірісі экономикасын басқарудағы сақтандыруды жетілдірудің басым бағыттарын анықтауға;
- ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндірісін басқару
жауапкершілігін нығайтуға және тиімділігін арттыруға жағдай
жасайды.
Осы нәтижелердің практикада жүзеге асырылуы елдің экономикалық қарқынының өсуі мен ауыл шаруашылығы саласының дамуына әрі тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижелерін іске асыру.
Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері халықаралық ғылыми- практикалық конференцияларда талқыланды және мерзімдік басылымдарда (6 мақала шетелдік басылымдарда Москва, Бішкек ққ. ) жалпы көлемі 38, 9 б. т. 31 ғылыми мақала жарияланды. Ізденуші: Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндірісін басқарудың озық үлгілеріне талдау жасап, әрі ауыл шаруашылығы өндірісін басқаруды жетілдіру механизмдері бағытында ұсыныстар әзірледі.
Диссертацияның нәтижелері ғылыми - практикалық конференцияларда талқыланып, мақалалар баспасөз бетінде жарық көрді. Автордың жеке ұсыныстары мен маңызды пікірлері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің АӨК дамыту стратегиясы және аграрлық ғылым департаментінде, Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасында, Алматы облыстық ауыл шаруашылық департаментінде, Алматы облысы Қарасай ауданында, Қазақ Агроөнеркәсіп кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми зерттеу институтында, Алматы Технологиялық Университетінде, Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқарудың озық үлгілерінің жобасына енгізіп өндірісте қолдау тапты, әрі қолдануға болатын негіз жетерлік.
Жұмыстың негізгі ережелерін сынақтан өткізу. Диссертациялық жұмыс «Елдің азық-түлік қауіпсіздігін және ауыл халқының өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін агроөнеркәсіптік өндірістің экономикалық даму механизмін дайындау» бағдарламасымен байланыста жүргізілген. Зерттеу нәтижелері халықаралық, республикалық жоғарғы оқу орындарында өткізілген ғылыми практикалық конференцияларда, соның ішінде: «Қазақстанның экономикасындағы аграрлық секторды мемлекеттік қаржылық қолдаудың ерекшелігі. Государственная независимость РК: вопросы политического, правового и социально-экономического обеспечения» ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы, 2006),
«Совершенствование страхования в аграрном секторе экономики Казахстана» (Алматы, 2007), «Экономические методы управления в сельскохозяйственном производстве»(Алматы, 2005) баяндалды.
Зерттеу нәтижелерінің жарияланымы. Диссертация тақырыбы бойынша 1 монография, 31 ғылыми мақала жарияланды, оның жалпы көлемі - 38, 9 баспа табақты құрады.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, 5 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және 41 кесте, 17 сүрет, 3 сызба-нұсқадан (тәсімдерден) тұрады.
Негізгі бөлім
Агроөнеркәсіптік кешенді экономикалық басқару қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері.
Жалпы ауыл шаруашылығы өндірісін басқару дегенде қаржылық-экономикалық жағдайды тұрақтандыру, салаларды үйлесімді дамыту, халықтың әл-ауқатын жоғарылатуды түсіну керек.
Оларға Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына әр жылғы дәстүрлі Жолдауларында көп көңіл бөліп келеді. Атап айтсақ, Жолдауында (06. 02. 2008 жыл) ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы өсіп келе жатқанына қарамастан, бұл саланың өте пайдалы екеніне, сондықтан оған инвестиция тарту керек екеніне тоқталды. Үкіметке ауыл шаруашылығына барлық деңгейлерде қолдау көрсетіп, оның тиімділігін жоғарылатуға одан әрі шаралар қабылдауды тапсырды.
Тиімділік - адамдардың мұқтаждары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоғамның ресурстарын барынша жақсы пайдалану, яғни экономика бір адамның экономикалық жағдайын жақсарту екінші біреудің жағдайын нашарлатпай жүргізгенде ғана тиімді болады.
Қандай да болсын өндірісті үш құрамдас бөліктен тұратын жүйе ретінде қарастыруға болады: ресурстар, өндіріс процесі және өнімдер.
Өндірістік жүйелерді қарастырғанда олардың екі жақтылық сипатын есте ұстау керек: материалдық өндірістік жүйе (объект) үшін оның ақпараттық жүйесін көрсететінін құруға болады және керісінше, ақпараттық жүйе тек белгілі бір жақты жүйеде ғана іске асады. Ақпараттық жүйе ол көрсететін өндірістік объектке толық бағалы (сәйкес) емес және онымен салыстырылмауы керек (бірдей деп қарауға болмайды) . Ол зерттеудің субъективті инструменті болып табылады.
Ресурстар құрамында материалдық, энергетикалық және еңбек ресурстарын бөліп көрсетуге болады. Осыдан барып өндіріс жүйесін мына төмендегі 1-сурет арқылы ұсынамыз.
1-сурет - Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс процесінің сызбанұсқасы
Ескерту - зерттеу негізінде автор құрастырған
Басқару тұрғысынан алғанда басқарылатын жүйенің элементтерінің ең сапалы белгісі (нышаны) оның «қозғалғыштығы», өзгергіштік дәрежесі және әсер етуге болатын қабілеті. Соның арқасында жүйеде негізгі және айналым (матариалдар, еңбек заттары, дайын өнімдер) қорларын бөліп көрсетеді.
Негізгі қорлар өндірістік жүйенің бір бөлігі ретінде тұрақтылыққа ие, басқаратын іс-әрекеттерге азырақ көнеді: олардың жүктелімі мен пайдалануы үлкен немесе төмен дәрежеде болуы мүмкін.
Айналым қорлары, керісінше, өндірістік жүйенің ең жылжымалы бөлігі және адамдармен біріге отырып өндірісті оперативті басқарудың негізгі объектісі болып саналады. Олар өздерінің жағдайын кеңістікте де және уақыт аралығында да өзгерте алады, өндірістің қозғалғыш элементін құрады.
Экономиканы ұйымдастыруда принципті екі көзқарасты бөліп көрсету керк: көптеген экономикалық шешімдер мемлекеттік деңгейде қабылданып, сатылы түрде төменгі жаққа беріледі, шешімдер нарықтық категориялармен анықталады. Нарықтық экономика - өндіріс және тұтыну шешімдердің көпшілігі жеке адамдармен және жеке компаниялармен қабылданатын экономика. Ресурстар - бұл өндіріс процесінде пайдаланылатын тауарлар мен қызметтер, жер олардың факторы, кеңейтіп айтатын болсақ табиғи ресурстар, еңбек пен капиталдар да өндіріс факторлары болып саналады.
Өндірісті басқарудың негізгі мақсаты - кәсіпорындардың міндеттерін іс жүзіне асыру үшін және нақтылы мақсаттарға қол жеткізуге ұйымдық, техникалық, әлеуметтік және басқа да жағдайлар құру. Сондықтан басқару - ең алдымен, еңбек қызметі, ол басқаратын іс-әрекет объекті болып қызмет етеді және тікелей әр түрлі ақпараттар түрінде бой көрсетеді, шығармашылық, техникалық операцияларды (оны өңдеумен байланысты) үйлестіреді.
Осы заманға сәйкес нарықтық экономиканы ұйымдастыру барысында мемлекет қызметіне өте қажетті көңіл бөлінеді, ол мемлекеттік шығындардың өсуімен, коғамның экономикалық өмірін мемлекеттің тікелей реттеуінің елеулі кеңейіп отырғанымен көрініс тауып отыр. Өндіріс құралдарын қоғамдастыру процесінің тереңдеуімен мемлекеттің экономиканы реттеу жұмыстарына араласу қажеттілігі туындайды. Сондықтан, мемлекет ел экономикасын басқару атқарымын орындаушы ұйымға айналады. Мемлекеттің экономикалық ролі оның шаруашылық-ұйымдық қызметінде іске асады:
- кеңейтілген ұдайы өндіріс процесін реттеуде;
- материалдық өндірістің, күрделі салымдардың және тауар айналымының, стратегиялық және индикативтік жоспарлаудың көлемі мен құрылымын болжауда;
- экономика салаларының даму бағыттарын және өсу қарқындарын реттеуде, өндірістік тапсырмалар мен шарттарды орындауды ұйымдастыруда;
- ұлттық табысты мемлекеттік бюджет арқылы бөлуде, қайта бөлуде және пайдалануда;
- елдің халықаралық экономикалық ынтымақтастыққа қатынасуын қамтамасыз етуде, соның ішінде экономикалық бірігу процестерінде;
- сыртқы сауда мен валюталық қатынастарын реттеуде, кеден бажын реттеуде;
- қажетті кадр саясатын жүргізуде және жұмыс күші рыногын реттеуде;
- еңбек, технологиялық және шарт тәртіптерінің орындалуын бақылауда.
Аралас экономиканың жұмыс істеуі мемлекеттік, нарықтық реттеулермен іске асырылады. Оның ішкі мазмұны мемлекеттік араласу болып табылады, ол өндірістік емес сипатта бола алмайды. Бәсекелік қабілеті бар рынок мемлекеттің іс-әрекеттеріне өзінің талаптарын қоя алады, мемлекет әрекетін шектеп отырады. Мемлекеттің араласуы заңды түрде рәсімделген және логикалық тәртіпке келтірілген, елдің дамуына белсенді әсер ете алатын жүйе болып саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz