Оралхан Бөкей - көркемсөз өнерінің шебері


Қaзaқcтaн Pecпубликacының Бiлiм жәнe Ғылым миниcтpлiгi
Ілияс Жансүгіров aтындaғы Жетісу унивepcитeтi
Бейсбаев. Д. Х
ӘМІРЕ ӘРІН ПУБЛИЦИСТИКАСЫНДАҒЫ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІ
диплoмДЫҚ жұмыc
Мaмaндығы 6В03201 - «Жуpнaлиcтикa»
Талдықорған, 2021
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІ
Гуманитарлық факультет
Журналистика және филология кафедрасы
Қорғауға жіберілді
« » хаттама
Кафедра меңгерушісі, философия докторы Есенбек Ж. Б.
« »2021 жыл
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ӘМІРЕ ӘРІН ПУБЛИЦИСТИКАСЫНДАҒЫ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІ
Орындаған Д. БейсбаевҒылыми жетекші, ф. д. Ж. Есенбеков
Норма бақылаушы
Талдықорған, 2021
Peфepaт
Диплoмдық жұмыcтың тaқыpыбы: Әміре Әрін публицистикасындағы жанрлық ерекшеліктер және олардың берілу тәсілдері.
Диплoмдық жұмыcтың көлeмi: 60 бет
Диплoмдық жұмыcтa пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep caны:
Жұмыcтың құpылымы: Кipicпeдeн, нeгiзгi бөлiмнeн, қopытындыдaн тұpaды.
Жұмыcтың ныcaны: Қазақ публицистикасындағы автор қолтаңбасын айшықтау зерттеу жұмысының негізгі нысаны болып бекітілді.
Диплoм жұмыcындa қoлдaнылғaн тipeк cөздep: публициcтикa,
Жұмыc нәтижeлiлiгi: Диплoм жұмыcы жoғapғы oқy opындapындaғы жypнaлиcтикa, филoлoгия фaкyльтeттepiндe жүpгiзiлeтiн әдeбиeттaнy, философия, қазақ публицистикасы мен журналистикасы cынды бaзaлық, эллeктивтiк пәндep бoйыншa жүpгiзiлeтiн дәpicтepгe, ceминap caбaқтapынa, пpaктикaлық caбaқтapды өткiзy бapыcындa пaйдaлaнyғa бoлaды.
ГЛОССАРИЙ
Көceмcөз , публициcтикa (латынша publicus - қoғaмдық) - әдeбиeт пeн жуpнaлиcтикaның қoғaмдaғы көкeйкecтi, өткip мәceлeлepдi қoзғaйтын caлacы. Публициcтикa - лaтынның «publich» қoғaмдық дeгeн cөзiнeн шыққaн, яғни өмipдiң әлeумeттiк, өндipicтiк, ғылыми, мәдeни жәнe бcқa құбылыcтapын өмipдepeктepiн нeгiз eтeтiн әдeби жaнp. Публициcтикa бeлгiлi бip күннiң, coл дәуipдiң caяcaтымeн, филocoфиялық көзқapacтapымeн бaйлaныcтыpaды.
Peдaктop - бacпaдa, paдиoхaбap мeн тeлeвизиядa мәтiндi әдeби тiлдiң cтильдiк нopмaлapынa түcipiп, өңдeушi, oны бacылымның (хaбapдың) мaқcaты мeн cипaтынa caй eтiп жөндeушi, әдeби қызмeткep нeмece жуpнaлиcт.
Эссе - (фр. essai - талпыныс, жазушылық сынама) - әдеби жанр, еркін компазицияға құрылған, шағын көлемдегі прозалық шығарма.
Очерк - ақпаратты қызықты етіп әрі байытып беру, алған әсерімен бөлісу арқылы оқырманды қызықтыру. Очерк журналистің құрғақ фактілерді ой елегінен өткізіп, жанымен сезініп, оқырман жүрегіне жеткізуді талап етеді. Фактілер барынша көркемделіп, әдеби бағытта өрбиді және оларды баламалап беруге болады.
Журналист - еңбек қатынастары немесе өзге де шарттық қатынастар негiзiнде бұқаралық ақпарат құралы үшiн хабарламалар мен материалдар жинау, оларды жарыққа шығарып, халыққа жеткізуші маман.
МAЗМҰНЫ
КIPICПE . . .
І. ӘМІРЕ ӘРІН - ҚАРЫМДЫ ПУБЛИЦИСТ, РЕДАКТОР
1. 1 Ә. Әрін публицистикасының қалыптасуы мен дамуы . . .
1. 2 Авторлық қолтаңбасындағы ұлттық калорит . . .
ІІ. ӘМІРЕ ӘРІН ПУБЛИЦИСТИКАСЫНДАҒЫ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІК
2. 1 Әлеуметтік мәселелерді шешудегі тұлғалық феномен . . .
2. 2 Спорт журналистикасындағы сара жол . . .
ҚOPЫТЫНДЫ . . .
ҚОСЫМША . . .
ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДEБИEТТEP . . .
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әміре Әрін публицистикасын әр қырынан ашып, шерберлік мектебін айқындау үшін бізге көсемсөз тарихына тоқталудың реті келіп тұр. Публицистиканың пайда болуы ерте замандағы қоғамның бір-бірімен ақпарат алмасуынан бастау алады. Қазіргі күнгі кемеліне жеткен публицистиканың даму жолы күрделі болды. Әлбетте, бұл алғашқы қауымдық өмір кезеңінде тілдің пайда болуымен байланысты. Бұл қазіргі толыққанды публицистикаға жету жолындағы адамзаттың алғашқы қадамы еді.
Журналистика деп аталатын алып кеңістіктің көкжиегіне көзін қадап, көсемсөздің мәні мен мәйегін жалпақ жұртқа жария еткен публицист жайлы зерттеп-зерделеп көрдік. Төл публицистикамыздан өзге, көкірек көзімен түйсініп, жүрек қылымен сүйсіне қараған дүниесін көрікті оймен көмкере білетін сыршыл ақындығы жайлы сөз еттік. Үнемі өзін-өзі тәрбиелеумен, ізденумен, «қомағайлана» білім алуымен ойлаған мақсатына жеткен тұлға. Бала күнінен қаламгер болуды армандаған ол діттеген межесіне жетті. Адамды арманшыл болуға шақыратын жазушы Оралхан Бөкей былай деген: «Мен бала кезімнен-ақ жазушы, қаламгер болуды армандадым. Менің досым ұшқыш болуды армандады. Ол - ұшқыш болды, мен де жазушы болдым». Сол секілді Ә. Әрін де концепциялық кеңістікке табиғи дарынымен еркін шыққан, еркін көтерілген қаламгер. Қарымды қабілеті мен таудай талантына шын сүйсінген замандастары оған журналистік жолдағы қайталанбас өнімді еңбектер беделін биікке көтерді деген баға берді. Автордың туындыларына адамзат бейнесі, оның мінез-құлқы мен іс-қимылын әлеуметтік-қоғамдық жағдайлармен астастыра отырып, реалистік-романтикалық болмысты ашу тәсілі тән. Жазушы өз қатарынан айқын даралық стилімен оқ бойы озық көрінген суреткер.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әміре Әрін - ұлттық публицистикамыздың аласармас биігі. Поэтикалық қуаты, шығармашылық түйсігі, сезімталдылығы жоғары қаламгер. Оның көркем тілі, шебер сөз саптауы, стилистикасы жас буын журналистерге үлгі болмақ. 90-жылдар ішінде журналисткаға келіп, сол кездегі қоғамның салмақты жүгін көтерісе бастаған талантты топ өкілдерінің бірі. Журналистің ескі сүрлеумен бағыт алмай, әдебиетке, проза мен публицистикаға өзіндік үнімен, сырымен, айтар ойымен келгені, өмірді өзінше көріп-тануға, өзінше бейнелеуге ұмтылысы, осы жолдағы сәтті ізденістері оқырманын тез табуға себеп болған.
Кеңес кезіндегі «ескі» журналистикада жаңаша жаза бастаған журналист десек артық етпес. Тіл өнерін жете меңгерген қаламгердің шығармалары образды тілге, бейнелі суретке бай. Жетісу жерінде - біртұтас қаламгерлік мектебін қалыптастырған тұлға. Өзімен замандас болған, өзінен үлкен қаламгерлердің оның жазу-сызу, әсіресе көсілте сөйлеу мәнерімен «ауырғаны» рас. Ол ақынға тән ғұмыр кешті. Себебі, Әміреде ақылмен ғана емес, сезіммен, түйсікпен жеткізе алатын тылсым табиғат бар. Сондай нәзік дүниелерге айтуға болатын да, айтуға болмайтын да мәселелерді енгізді. Сондықтан, қоғамда қаншама алмасулар, нешеме ауысулар болса да оның шығармалары көркемдігін жоймайды. Журналистиканың алтын табалдырығын аттаған сәттен бері өзі өмір сүріп жатқан заманын, сол замандағы қарапайым да күрделі мәселелерді өзек етіп, шешімін табудан жалықпаған тұлға. Тіпті, журналистикадағы қадамы да осы үрдістен айнымады. Шопанды сөз етсе де, егіншіні қаламына арқау етсе де, оны кәсіптік тұрғысынан емес, алдымен адамдық болмысын ашуға талаптанды. Өр Алтайдың топырағын, ауылдың еңбек адамын тек өзіне жарасымды, ғаламат жүрекпен сүйген адам. Сол ұлы сүйіспеншілігінің арқасында талай ірі шығармалары дүниеге келді. Қай кітабын парақтап қарасақ та, ауылдың ғажап тұрмысын, ақеділ пейілді жандарды, адамдығына адал кейіпкерлерді кезіктіресіз. Ол - қазақ публицистикасындағы ерекше құбылыс. Қазақ көсемсөзінің көкжиегін кеңейткен, аспанын биіктеткен қаламгер. Тартылыс күшінің құпиясын бойына сіңірген талант иесі. Кербез еркіндігі мен ой құнарлылығы ешкімге ұқсамайтын болмыс. Осы аталған ерекшеліктерді алға тарта отырып, Әміре Әрін тақырыбын қанша зерттесе де, әр қырынан жаңалық ашуға болатынын атап өткіміз келеді.
Дипломдық жұмыстың мақсат-міндеттері.
- Әміре Әріннің жазған мақалалары мен публицистикалық жарияланымдарын зерттеп, саралау;
- Әміре Әрін публицистикасының қалыптасуы мен даму бағыттарын салыстырмалы түрде талдау;
- Әміре Әрін публицистикасының тақырыптық ерекшелігі мен оның редакторлық қырын ашу;
- Әміре Әрін шығармашылығындағы әлеуметтік мәселелерді талдау;
- Әміре Әрін эсселеріндегі публицистикалық ой-тұжырымдарды айшықтау;
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қ. Бекхожин «Қазақ баспасөзінің даму жолдары», Б. Кенжебаев «Қазақ баспасөзінің тарихынан мәліметтер», Т. Қожакеев «Қазақ совет баспасөзі тарихынан», Қозыбаев С., Рамазанова А., Аллаберген Қ. «Әлем баспасөзі тарихынан», «Нар заман мен зар заман поэзиясы», «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы», Шонанұлы Т. «Жер тағдыры ел тағдыры», Әсіпұлы С. «Қатерлі дерт, қалжыраған халық», Әсіпұлы С. «Қауқарсыз қазақ мәселесі» т. б. еңбектері пайдаланылды. Журналистика жанрларының даму кезеңдері мен даму заңдылықтарын саралау, сондай-ақ, олардың ерекшеліктері мен ішкі заңдылығын зерттеу - қазіргі кезең қойып отырған талап. Зерттеу жұмыстарының түгелдей дерлігі публицистиканың даму жолы негізінде қарастырылуы тиіс.
Зерттеудің нысаны. Ә. Әріннің жарық көрген кітаптары мен публицистикалық шығармалары.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы журналистика саласын әр жыл сайын зерттеуге алған публицистердің, атап айтқанда, Қ. Бекхожиннің, Б. Кенжебаевтың, Т. Қожакеевтің, Ш. Елеукеновтің, Ұ. Сұбханбердинаның, З. Тұрарбековтің, С. Имашевтің, С. Матвиенконың, Ә. Ыдырысовтың, Қ. Әбілдаевтың, М. Арғынбаевтың, С. Масғұтовтың, Р. Сағымбековтың жазба еңбектерінде журналистика жөнінде пікір-тұжырымдар кезігеді. Қазақ публицистикасын зерттеудің екінші бағыты еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін жүзеге аса бастады. Бұл - көрнекті қазақ публицистерінің шығармашылығын монографиялық тұрғыдан қарастыру негізінде публицистиканы зерттеу болып табылады. Осы ретте А. Байтұрсыновтың, М. Әуезовтың, С. Қожановтың, Б. Майлиннің, Ғ. Мүсіреповтың, Ә. Бөкейхановтың, Н. Төреқұловтың, С. Ерубаевтың, Х. Досмұхаммедұлының, Ә. Әлімжановтың, О. Сүлейменовтің,
К. Смайыловтың, С. Мәуленовтің, О. Бөкейдің, Ш. Мұртазаның, Е. Букетовтың публицистік шығармашылығына қатысты еңбектер шоғырын айтуымыз керек.
Зерттеу жұмыстың ғылыми жаңалығы. Әміре Әріннің қазақ публицистикасында өзіндік қолтаңбасы бар екендігін зерттеу барысында білдік, оның сөз қолданысымен жазу стилі дара бір мектеп бола алатындығын анықтадық. Әміре публицистикасының ерекше бір атап өтер тұсы - публицистикалық шығармаларының көркем әдеби шығармаларға ұқсастығын дәлелдедік. Орыс сыншысы В. Г. Белинский көркем әдебиет пен публицистиканы өнер ретінде қарап, олардың бір-біріне тым жақын екендігін айта келіп: " . . . что здесь нет, четко определенной пограничной линии, так она является скорее воображаемой, чем действительной, и на нее не покажешь пальцем, как на государство на карте . . . ", - деп жазған. Шын мәнінде көркем әдебиет пен публицистика үшін поэтикалық стилистика арсеналдары - эпитеттер, метафоралар, теңеулер, гиперболалар, литоталар және троптар мен фигуралардың палитралық барлық түрлері, сатира мен юморлық, пафостық құралдар өте қажет.
Қанша заман өзгеріп, өмірге қанша ұрпақ келсе де өз журналистикадағы Әрінұлы қолтаңбасы құндылығын жоғалтпайды. Қай мезгілдің болмасын жас буынымен бірге жасап, бірге жаңарады. Себебі ол уақыт пен кеңістікті атап көрсетпеген. Ол журналистикаға «қартаймайтын» жасампаз стильді ала келген публицист ретінде атап өткіміз келеді.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Газет пен журнал бетіндегі мақалалар, кітаптар, сұхбаттар және қаламгер әріптестерінің естеліктері, пікірлері кеңінен пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, негізгі бөлім және екі тарау мен қосымшалардан тұрады.
І ТАРАУ. ӘМІРЕ ӘРІН - ҚАРЫМДЫ ПУБЛИЦИСТ, РЕДАКТОР
- Ә. Әрін публицистикасының қалыптасуы мен дамуы
Өз дәуіріндегі сөз өнеріне өзіндік өрнек салып, алымы жеткенше әспеттеуге тырысқан қалам иесі, қазақ журналистикасының майталманы болған Әміре Әрін 1957 жылы Алматы облысы, Қаратал ауданының Дөңши ауылында өмірге келген. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін 1980 жылы тәмамдады.
Кейін 2012-2013 жылдары І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде оқып, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған.
Қазақ журналистикасы мен әдебиетінің барлық жанрына батыл қадам жасап, отызында орда бұзған оғландар санатынан табылды. 1978-2015 жылдар аралығында әрқилы қызметтің қазанында қайнап, шеберлігін шыңдай түсті. «Коммунизм жолы» (Қаратал ауданы) газетінде тілші, жауапты хатшы, «Еңбек туы» (Киров ауданы) газетінде редактордың орынбасары, Талдықорған облыстық «Жерұйық» газетінде аға тілші қызметтерін мүлтіксіз орындады. Мемлекеттік қызметті де абыроймен атқарды. «Азды-көпті білім, жиған-терген тәжірибемізбен естияр шаруаларға себіміз тиіп жатса бекер тіршілік құрмағанымыз» дейді автор сұхбатында. Қаратал ауданы әкімінің орынбасары, «ТУЗ» акционерлік қоғамының бас директоры болып тұрған шағында ақиқаттан аттамаған абзал азаматтығы көптің көңілінде қалды. Ара-тұра туған топырағына таан тірей қалса, ауыл ақсақалдары құрақ ұшып қарсы алып, сырттай сүйсіне әңгімелеп отыратытын журналист-жазушы, автордың қаламдас досы Несіп Жүнісбайұлы айтқан еді.
Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бас маманы, Алматы облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары қызметінің тізгінін де қолдан сусытпай ұстады.
Журналист-жазушы Несіп Жүнісбайұлы «Адам талантты болса, бар істе де талантты» деп Әміре Әрінді арнайы түрде «Спорт» республикалық газетінің бас редакторының орынбасары болуға шақыртқан. Үш жылға толар-толмас мерзімде спортсүйер оқырманның сүйікті жазарманына айналып, әріптестері арасында «Спорт журналистикасына Әміре деген пері келіпті» дегізді. Талайды мойындатып, спорт журналистерінің мемлекеттік сыйлығына пара-пар Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықты жеңіп алды. «Қазақстан Республикасы спортына еңбек сіңірген қызметкер» төсбелгісін кеудеге тағып үлгерді. Бұл басылымда табан аудармай еңбек етсе, бәлкім спорттың бар биігі Әміре Әріннің еншісінде қалар ма еді. Сол қарқынды байқаған Алматы облыстық «Жетісу» газеті «құда түсіп» маманға сұрау салады. Қаламдасы, замандасы Несіп Жүнісбайлы «Генералымды қарапайым солдатқа айырбастамаймын» деп оның бағасын айшықтай түседі. Газет редакторы Жақыпжан Нұрғожаев сөз астарын бірден түсініп, тез арада бас редактордың бірінші орынбасары қызметіне шақыртады.
Қаламгерлік арнасының ағысы де ерек, журналистикадағы жүйріктігінің жөні бөлек екенін атап өттік. Ал, орысшадан қазақшаға аударма жасағанда қағаз бетіне тізблеп жатпайды. Терімші маманның жанында тұрып «диктовка» жасағанда қайта өңдеуді қажет етпейтін тұшымды дүние шыға келетін. Осы бір шеберлігі Әмірі мектебіндегі біраз жазарманға үлгі бола білді. Сол тұстағы облыс әкімі Серік Әбікенұлының шешімімен Әміре Әрін Алматы облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Әлбетте, бұл басылымға да қолтаңбасын қалдырмай кетпеді. Ұлтына адал перзент газет бетінде қазақылықтың иісін аңқытты. Бұл да бір қазақ журналистикасындағы айтулы оқиғалардың бірі еді. Орыс тілінде білім алып, аты қазақ, заты орыс редакторлар болмады емес, болды. Бір ауыз орысшадан ада өсіп, зеректігі мен терең ізденісінің арқасында таза орыс тілді газетке басшылық ете алатын бірегей қабілетін де өңір басшысы назардантыс қалдырмағанын аңғаруға болады. Газеттегі кейбір айдар атауларын таза қазақ тілінде ұсынып, тарихи-танымдық мақалаларды да төл тілімізде жариялатуға қауқары жетті. Оқырман тарапынан бір де бір сыни көзқарас болған емес. Керісінше оң өзгеріске ашық оқырман бұл үрдісті қуана қабылдаған көрінеді. Тағы да сол үш жыл мерзім ішінде аядай редакцияның ұйымшыдығын арттырып, қазақы бауырмалдылықтың дәнін септі. Ұлы наурыз мерекесі қарсаңында өзге ұлт өкілдері қазақы нақыштағы киімін киіп, наурыз көжесін ұсынған екен. Осы бір тілге, ұлтқа деген жанашырлығын басшылықтың қырағы көзі тағы назардан тыс қалдырмады. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы қызметіне әкелді. Нәтижесінде тілге қатысты біраз тоңжібіп, сел бұзылды.
Араға жылдар салып, қазіргі облыс әкімі А. Баталов қаламгерлік қарымын танытқан қарашаңырақ, Алматы облыстық «Жетісу» газетіне бас редактор етіп қайта тағайындады.
Шыр етіп өмірге келгенде, Әбіш Кекілбаевша айтсақ, таланттың топырағын «бұрқ» еткізген қаламгер. 1999 жылы «Тылсым тыныс» атты деректі повесі, 2004 жылы «Тамызық» атты жыр жинағы, «Кенен жерім - Көксуым» публицистикалық еңбектер жинағы, 2006 жылы «Ауғанның от-жалыны» зерттеу кітабы, 2007 жылы «Маздақ» жыр жинағы, «Томирис» әңгімелер топтамасы, 2017 жылы «Айқабақ» жыр жинағы жарық көрді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz