Сот қаулыларына апелляциялық шағымданудың қағидалары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Ф 11. 01-2020

1-баспа 25. 06. 2020

Описание: logo_DU2.png

Қазақстан Республикасының білім жӘне ғылым министрлігі

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Заң факультеті

Азаматтық құқық және процесс кафедрасы

КУРСТЫҚ Жұмыс

ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы пәні бойынша

Тақырыбы: Апелляциялық сатыдағы іс жүргізудің процессуалдық тəртібі

Білімгер Сәрсебек Айдос Тобы: В18ЮП-5

/аты-жөні/ /қолы/

Жетекші: Тұрғынбек Гульнур Аға оқытушы

/аты-жөні/ /қызметі/

Қорғауға жіберілді «»20ж.

/қолы/

Жұмыс қорғалды «»20__ж. бағасы

/жазбаша/

Комиссия мүшелері:

/аты-жөні/ /қолы/

/аты-жөні/ /қолы/

/аты-жөні/ /қолы/

Тараз 2020

Курстық жұмыс

Ф 11. 01-2020

1-баспа 25. 06. 2020

Описание: logo_DU2.png
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Азаматтық құқық және процесс кафедрасы кафедрасы

В18ЮП-5 тобының білімгері Сәрсебек Айдос курстық жоба (жұмыс)

/аты-жөні/

ТАПСЫРМА ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы пән бойынша

1. Тақырыбы: Апелляциялық сатыдағы іс жүргізудің процессуалдық тəртібі

2. Тапсырманың арнайы нұсқауы: Мазмұны, екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): 3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары)
Орындау кестесі: Орындау кестесі
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): Көлемі, %
Орындау кестесі: Орындау уақыты
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): 1. 1 Апелляциялық институтының пайда болуы мен даму тарихы
Орындау кестесі: 10
02-16. 10. 2020ж
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): 1. 2 Қазіргі кездегі апелляциялық институтының қайта жаңаруы
Орындау кестесі: 25
19-20. 10. 2020ж.
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): 2. 1. Апелляциялық шағымдану және наразылық келтіру құқығы
Орындау кестесі: 15
23-27. 10. 2020ж.
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): 2. 2 Апелляциялық сатыдағы сотта істі қарау тәртібі мен мерзімдері
Орындау кестесі: 20
28-30. 10. 2020ж.
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): 2. 3 Аппеляциялық шағым беру құқығының субъектілері
Орындау кестесі: 15
01-05. 11. 2020ж.
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): 2. 4 Сот шешіміне шағым беру мерзімі
Орындау кестесі: 10
07-12. 11. 2020ж.
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): 4. Графикалық материалдарының тізімі (сызулардың масштабы келтіріледі)
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): 5. Жобаның (жұмысты) жинақтау мерзімі
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): 6. Қорғау
Орындау кестесі:

Кафедра мәжілісінде бекітілген «»20___ ж. хаттама №

Жетекшісі: Тұрғынбек Гульнур Аға оқытушы

/аты-жөні/ /қызметі/ /қолы/

Тапсырманы орындауға қабылдадым «»20___ж.

Жоспар

Кіріспе . . . 4

1 Апелляциялық іс жүргізу тарихы . . . 5

1. 1 Апелляциялық институтының пайда болуы мен даму тарихы . . . 5

1. 2 Қазіргі кездегі апелляциялық институтының қайта жаңаруы . . . 7

2. Апелляциялық іс жүргізудің мәні, маңызы . . . 12

2. 1. Апелляциялық шағымдану және наразылық келтіру құқығы . . . 12

2. 2 Апелляциялық сатыдағы сотта істі қарау тәртібі мен мерзімдері . . . 16

2. 3 Аппеляциялық шағым беру құқығының субъектілері . . . 19

2. 4 Сот шешіміне шағым беру мерзімі . . . 20

Қорытынды . . . 24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . … . . . 26

Кіріспе

Апелляциялық сатыда іс жүргізу тараптардың арасындағы құқықтық қатынастарды анықтаған сот барлық тұлғаларға жоғары инстанция сотына шағымдану мүмкіндігін береді, ол бірінші инстанция сотының ұйғарымдары мен шешімдері қайта қарауға негіз болады. Бұл заңмен бекітілген бірнеше әдістермен жүзеге асырылады. Аталған әдістердің біреуіне - апелляциялық өндіріс жатады.

Апелляция институты дегеніміз - заңды күшіне енбеген бірінші инстанция ұйғарымдары мен шешімнің заңдылығы мен негізділігін тексеру және істің мәні бойынша қайта қарау мен шешу бойынша апелляциялық соттың қызметін реттейтін азаматтық іс жүргізу нормаларының жиынтығы.

Апелляциялық шағымдану немесе наразылық келтіру құқығы дегеніміз - заңды күшіне енбеген бірінші инстанция сотының шешімдері мен ұйғарымдарын тексеру бойынша апелляциялық инстанция сотының қызметін қозғауға құқық. Іс апелляциялық сатыда ол бірінші сатыдағы соттан келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қаралуы тиіс.

Жұмыстың мақсаты: Аппеляциялық сатыдағы іс жүргізу тәртібін жан-жақты талдай отырып, зерттеулер жүргізу.

Жұмыстың міндеті:

Апелляциялық институтының пайда болуы мен даму тарихымен танысу;

Қазіргі кездегі апелляциялық институтының қайта жаңаруы туралы зерттеулер жүргізу;

Апелляциялық шағымдану және наразылық келтіру құқығын зерттеу;

Апелляциялық сатыдағы сотта істі қарау тәртібі мен мерзімдері туралы ақпарат беру;

Аппеляциялық шағым беру құқығының субъектілеріне талдау жасау;

Сот шешіміне шағым беру мерзімін анықтау.

Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, бірнеше бөлімшелерден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Апелляциялық іс жүргізу тарихы

1. 1 Апелляциялық институтының пайда болуы мен даму тарихы

Апелляция институты өзінің жалпы негіздерін Ежелгі Рим мемлекетінің дамуы мен Батыс Европа елдерінің мемлекет және құқық негіздерінен тапты.

Ежелгі Рим мемлекетінің ертерек дамуы негізінде, орталық үкіметтің даму сатысында, сот шешіміне шағымдану сот жүйесінде болмады. Римде іс жүргізудің 2 кезеңі болды: біріншісі - "injure", екіншісі - "injudiko". Бұл кезеңдердің өз айырмашылықтары болды. Жоғарыдағы кезеңдерді "legis actiones" жүйесіне енгізді.

Апелляцияның әрмен қарай дамуы және жетілдірілуі Петрдің патшалығы тұсында жүзеге асырылды[7] . Уақыт өте бұл жүйенің іс жүргізу өндірісінің ынғайсыз болуы, жаңа қоғамдық экономикалық қатынастардың дамуына сәйкес келмеді.

Ибуция заңы мен Юлия заңдарының нәтижесінде, Римде іс жүргізу өндірісінің жаңа реформасына шағымдану институтының жаңа формуласы енгізіліп, анықгалды. Ежелгі Римде сот шешіміне шағымдану өтінішін апелляция (appellatio-шақыру) деп атады. Дәл осы уақытта б. э. д. III ғасырда шағымдану институты апелляция түрінде пайда болды.

Сот шешімдерін қайта қарау институты - 1864 жылғы сст реформасы аясында сот реформасының негізгі ережесі, үш бөліктен тұрады. Олар - сот өндірісі, азаматтық және қылмыстық сот өндірісі. Реформаның нөтижесі ретінде II Александр патша қабылдағак мынандай зан актілерін атап өтуге болады.

- Сот анықтамаларын құру

- Азаматтық сот өндірісінің жарғысы

- Қылмыстық сот өндірісінің жарғысы

- Халықаралық судьялар қолданатын жазалар туралы жарғысы.

Император Августың билік ету кезінде сот шешіміне шағымданып, іс барлық инстанциялардан өткен жағдайда іс императордан шешімді дұрыс шығарылмағандығын тексеру үшін өтініш ретінде жіберді. Бұл кезеңде бір іс бойынша, шағымды бірнеше рет беруге рұқсат еді. Император Юстианның кезеңіндс, апелляцияны бір іс бойынша екі рет қолдануға рұқсат етілді. Сот шешіміне шағымдану апелляциялық институт ретінде, Император юстианның патшалық ету кезеңінде шағымданудың негізгі тәсілі ретінде толығымен заң жүзінде бекітіліп (527-565 жж. ) апелляцияның түрлерімен жоғарғы инстанцияға берілу мерзімдері анықталды.

Апелляциялық жүйе өзінің пайда болуымен көптеген мән-жайларды қиындатты. Мысалы: өндірістің тежелуін, шағымдануға баж салығы тағайындалып, оның қымбат болуы. Алайда бұл қиындықгар істің әділ шешілуіне кедергі жасай алмады. Ежелгі Рим мемлекетінде пайда болған апелляция институтының азаматтық іс жүргізу өндірісіндегі зандылықтары. Европа елдерінде де дамуға кең көлем алды.

1918 жыл 21 ақпанда жарияланған сот жөніндегі №2 декрет ең алдымен соттың атын - жергілікті халық соты деп өзгертті және бұл соттардың ауыр қылмыстық істерді немесе азаматтық істерді кең ауқымды қарау үшін олардың өкілеттігін кеңейтуді мақсат етіп қойды. Сатылы кезеңце негізделген сот инстанцияларын құрып, сот жүйесін мынадай құрылымға ыңғайлады:

- Жергілікті халық соты

- Аймақгық сот

- Облыстық сот

- Жоғарғы бақылайтын сот.

Германияда XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басында Рим құқығының нормалары ене бастады.

Апелляциялық іс жүргізудің тарихы сонау көне римдік құқықган бастау алады. Ол заңды құшіне енген сот шешімдерін қайта қарау сатысы ретінде жақсы таныс. С. И. Ожегов орыс тілі сөздігіне бұл терминге мынадай анықтама береді. "Апелляциялық істі қайта қарау мақсатымен жоғарғы сатыдағы сотқа шешім жөнінде шағымдану құқығы".

XIV ғасырдың өзінде дамушы қоғамды әдет-ғұрып құқықгары қанағаттандырмайды. Бұл жағдай соттық тәжірибеге Рим құқығынын толығымен енуіне мүмкіндік беріп, Германияда сот жүйесінде апелляция институты пайда болды.

Германияның 1877 ж. азаматтық іс жүргізу кодексінде апелляция сот шешіміне шағымданудың негізгі тәсілі болып қабылданды.

Францияда апелляция ұғымы XIII ғасырдың аяғында 1667 ж. шыкқан Ордоносовтың заңында апелляциялық шағымданудьі, судьялық өзіне емес, оның шығарған шешіміне шағым келтірілетіндігі бекітілді. Аппеляция инстанциясы 1664 жылғы Людовик указының негізі бойынша қүрылды. Сот шешіміне шағымдану тәсілінің Аппеляциялық (Француз тілінен kasser сөзі -бұзу) институты алғаш рет Францияда қолданылды. Осылайша Францияда сот шешіміне шағымдану тәсілінің Аппеляциялық және кейінгі апелляциялық институттары ұйымдастырылып, Францияның 1807 жылғы АІЖК-не заңды түрде енді.

Ресейдің құқықгық жүйесін қарастыратын болсақ, ол үзақ уақыт өзіндік үлттық ерекшелігімен ерекшеленеді. XVIII ғасырдың басында Петр І-нің Ресей құқық жүйесіндегі реформасына, Батыс Европа елдерінің крдықгық жүйелері әсер етті. Апелляциялық институтының даму сатысы Петр І-нің патшалық құру кезеңінде болды. 1864 жылғы сот реформасы бойынша АІЖ Уставында соттың үш инстанциясы бекітілді. Уставтың түсіндірме жазбаларында инстанциялардың бірі апелляция инстанциясының қажеттілігі ерекше атап өтіліп, жаңа заң жобасына еңгізілген.

1917 жылғы революциядан кейін, апелляция институты АІЖ өндірісінде өз тіршілігін тоқтатты. 1917 жылғы 22 қарашадағы "Соттар туралы" халық комиссар советінің декреті бойынша, жергілікті сот шешімдері ақырғы шешім болып, апелляциялық шағымдануға жатпайтындығы апелляциялық институттан бас тартуының себебі неде деген сүрақ туады[11] . Бұл сұраққа жауапты үкімет басының көзқарасымен жаңа қоғамдық талабынан көруге болады. Себептердің бірі болып. Совет Үкіметіндегі буржуазиялық сот апаратын бұзып, пролетарлық жаңа сот жүйсін құру, сот өндірісін жеңілдету, бірінші инстанция қызметінің сапасын арттыруда, апелляцияның кедергі болатындығын аттап айтып, сот өндірісіндегі маңызды институтардың бірі апелляция институтының жойлуына әкеліп соқгы. Апелляциялық институтының алынып тасталу себебінің бірі Советтер Үкіметіне комунистик қоғам орнату үшін, жекеменшікпен тауар ақша қатынастарының жойылуы көздедді. Бірақ, жалпы жекеменшік институт жойылып, мемлекеттік меншік негізділігімен колхоздық кооперативтік және азаматтардың жекеменшігі жойылған жоқ. Осыған байланысты тауар-ақша айналымы да өз қалпында қалды. 80 жылдардың аяғы мен 90 жылдардың басында совет одағындағы саяси Ікономикалық қайта құрулар Республикамыздың өз егемендігін алып, құқықтық мемлекет қүру кезінде кәсіпкерлік құқығы заңдарда жекеменшік формасы түрінде бекітіліп азаматтық құқықгық даулардың ауқымын кеңейтті. Осыған байланысты кәзіргі ТМД елдерінде апелляция институттары, сот қаулыларына шағымдану тәсілі ретінде заңдарында бекітілуде.

1. 2 Қазіргі кездегі апелляциялық институтының қайта жаңаруы

Азаматтық іс жүргізу өндерісіне апелляция институтының енуіне қажетті мынадай негізгі себептері бар:

- Біріншіден, апелляция институты істі негізінен екінші рет қайта қарайтындықтан апелляция институты соттық қорғауға толық кепіл бола алады.

- Екіншіден, апелляция институты әділдік орнату үшін белгілі бір жылдамдық пен дәлдікке кепіл. Бұған себеп апелляция институтының істі негізінен қарап, өз бетінше жаңа шешім шығаруға құқығының болуы. Ал, Аппеляция инстанциясы істі қарап шығып жаңа шешім шығару үшін бірінші инстанцияға қайта жібереді.

- Үшіншіден, соттық қаулыларына апелляциялық шағымданудың енуі соттық практиканы жалпы жүйеге жинақталуына ықпал етеді және бірінші инстанцияны" соттық қате жібермеуінің алдын алады.

Республикада округтік сот жүйесін құрудың жақгастары бір мезгілде солардың апелляциялық соттар ролінде қарауды үсынуды және олардың пікірінше, сол арқылы сотта іс қараудың аралығы едәуір қысқартылды, демек бұзылған құқықгар мен бостандықгар қалпына келтірілді.

Сот қаулыларына апелляциялық шағымданудың қағидалары; жарыспалы және диспозитивті және осы қағидалар жеке тұлғаның бостандығын қамтамасыз етеді.

Жарыспалы қағидаға - азаматтық іс жүргізудегі жақтардың автономиясының бастамалары енеді. Казіргі кезеңде бұл қағида "жарыспалы қағида деп аталып жүр, оған жақтар қажет болмаған жағдайда, соттық шындықты ашуға құқығының болмауы", деген түсінік бар.

Диспозитивті қағидаға - іске қатысушы жақгардың біріншіден, іске қатысты материалдарын қолдану, екіншіден процессуалдық құқықгарды қолданады. Бұл қағида процестің қозғалуын анықтап, бір сатыдан келесі сатыға өтуін қадағалап реттейді. Апелляциялық өнгдірістің қағидалары: ауызша, жариялылық, коллегиялдық, зандылық, жақтардың процессуалдық тең құқықтығы, сот эділдігін тек соттық жүзеге асыруы, соттардың егемендігі мен олардың тек заңға ғана бағыныштылығы.

Қ. Р. Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының Ішенарлық мәжілісінде "Сот шешімдерінің тұрақтылығы қажет. Бірақ оны қолдан жасауға болмайды. Аппеляциялық тәртіппен қаралған істермен салыстырғанда қадағалау өндірісінде қаралған істердің көптігі алғашқысының мүмкіндігі толық пайдаланылмай отырған жоқ па деген сүрақтың туындауына итермелейді", - деген болатын.

Апелляциянның мінездемелік сипатына мыналар жатады:

Апелляция заң қүшіне еңбеген барлық соттардың шешіміне келтіріледі.

- Апелляциялық іс, жоғарғы сотқа қаралуға жіберіледі.

- Апелляцияны беру бірінші сот инстанциясының шығарған шешімінің дұрыс еместігіне негізделіп, шешім шығаруда заңды дұрыс қолданбағандығы және жақтардың материалды толық үсынбауының негізінде болады.

- Апелляциялық сот, бірінші инстанциядағы сот қараған аумақгағыдай қайта қарау кезінде іске қатысты фактірлер мен құқықтарды және істің заңдылығын фактілік жақтарын қарастырады.

- Апелляцияға әр іс бойынша бір рет шағымдануға болады.

Апелляциялық шешім ең соңғы шешуші шешім болуы қажет және ол барлық құдік пен үмітке жол бермеуі керек.

- Апелляциялық өндіріске бірінші сот инстанциясының шешімінің мәні болмайтын жаңа талаптар үсынылмайды.

Азаматтық процессуалдық құқық теориясына апелляцияның екі түрі белгілі: толық апелляция және жартылай апелляция. Бірінші түрі: Франция, Италияда бекітілген, ал екіншісі Австрия, Германияда бекітілген.

Жартылай аппеляция дегеніміз - барлық бірінші инстанциядағы сот шешімдерінің, істегі жақтар ұсынған нақты мәліметтердің негізінде соттардың қайта қарауы. Жартылай аппеляциялық ережесі бойынша сот істі қарауда жаңа дөлелдемелермен фактілерге сүйенуге болмайды. Кейде маңызды фактілер ұсынылуы мүмкін. Заңда көрсетілген жағдайларда жаңа шешім шығару үшін соттық бірінші инстанциясына қайта жіберіледі.

Толық апелляция бойынша іске қатысушы жақтағы апелляциялық сотқа қаралған дәлелдерге жаңа іске маңызды қажетті дәлелдер ұсынылуы қажет. Апелляцияның мұндағы мақсаты, соттың жіберілген қателіктері мен жақтардың да ырқымен және ырқынсыз жіберген қателіктерін түзету ғана емес, толық апелляция ережесі бойынша әрекеттенетін апелляциялық соттар, апелляциялық шағымдануды сотта қарау кезінде, істі соттың бірінші инстанциясына жаңадан қарауға қайтаруға құқығы жоқ, апелляциялық сот өзі шешім шығару керек.

Апелляциялық шағымданудың объектісі болып, соттың бірінші инстанциясының шешімі табылады. Шешім заңды құшіне енбеген болуы керек және де жақтардың көзқарасы бойынша апелляциялық шағымданушының өзіне ыңғайсыз салдары көрсетілуі керек. Апелляциялық шағымданудың объектісі туралы айтылғанда, кем бағалы істер жайында сұрақгар туындайды. Оған: талап бағасы жогары емес мүліктін даулардың шешімдері, апелляциялық шағымдану істерінің категориясына кіре ме деген жағдайлар.

Мысалы: Франция, Германия АІЖК-де апелляциялық шағымдану үшін талап сомасының мөлшері заңда көрсетілген мөлшерден төмен болған жағдайда апелляциялық шағым қабылданбайды. Занда бұл жағдайды "мемет" деп атайды.

Заңда көрсетілген талап сомасының анықтауда мынадай жағдайларға сүйенеді: біріншіден бұл категориядағы істердің ереже бойынша жай істердің болуы, екіншіден: істің тез шешілуі, үшіншіден: қаржы қатынасы бойынша, апелляциялық сотта істің жүргізілуінің ауыр болуы, төртіншіден - шағымдану шығындардың өндіріп алу соммасына жоғары болуы, бесіншіден - кем бағалы істердің апелляциялық соттарда алынып тасталуы, үлкен талап сомасы бар істерді шешу үшін, көбірек мүмкіншіліктер туындайды.

Апелляциялық шағымдану құқығының субьектілеріне жақтар, яғни талапкер мен жауапкер. Апелляциялық шағымданудың басқа да субьектілері ретінде үшінші жақтар дау негізі бойынша талапкер коя алады (ҚРАІЖК-нің 332 бабы) . Үшінші жақтар соттың бірінші инстанциясының мәжілісіне қатыспаса да, шағымдана алады. Апелляциялық шағымның субьектісіне жақтардың жоғары да көрсетілген қатысушылар мен үшінші жақтардың құқық қолданушылары да жатады. Іске қатысу үшін құқық қолданушылардың ереже бойынша нақты құжаттары болуы қажет және ол заң жүзінде расталуы керек. Сонымен қатар сот шешіміне апелляциялық шағымдану құқығын сот өкілдері де иемденеді. Бұл кұқық арнайы сенімхат арқылы жүзеге асырылады және бұл талаптардың заңды өкілдерге қатысы жоқ. Олар арнайы сенімхатсыз-ақ процессуалдық әрекеттерді соның ішінде шағымданудың апелляциялық тәртібін қолдана алады.

Апелляциялық шағымдану толық немесе бір бөлігіне беріледі. Егер шағымдану бір бөлігіне ғана көрсетілетін болса, шағымды міндетті түрде қай бөлігіне берілетіндігі көрсетіледі. Апелляциялық шағымданудың соңғы сатысы болып мемлекеттік баж салығының төленуі. Осыған байланысты апелляциялық шағымдану кезінде мемлекеттік баж талап-арыз сомасынан жоғары немесе тең болуы керек.

Апелляциялық шағымданушы жоқ занда көрсетілген ретте сотқа депозит (кепіл) енгізу керек. Егер апелляциялық сот шағымды қанағаттандырса, кепіл енгізуші жақ қа қайтарылады. Егер шағым қанағаттандырылмаса, кепіл мемлекеттік қазынаға аударылады.

Жарыспалық қағидасына сәйкес дәлелдемелерді негізгі ауыртпалық жақтарда болуы қажет, өйткені мән-жайнын жақсы біледі. Сот сайыстану қағидасы бойынша дәлелдемелер жинамайды Егер апелляция толық болатын болса, онда апелляциялық сот инстанциясында соттың бірінші инстанциясында қаралған дәлелдемелерге қосымша жаңа дәлелдемелердің барлығы ұсынылады.

Соттың апелляциялық инстанциясының істерді қарау шегіне соттың бірінші инстанциясының шешімді тексеру жүргізетін аумағы жатады.

Апелляция инстанциясында іс қарау нысанасы- Апелляциялық шаєымдар, наразылықтар бойынша апелляциялық сатыдаєы сот істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша істің нақты мән-жайы анықталуының, материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын, сондай-ақ істі қарау мен шешу кезінде азаматтық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын тексереді (347 бап) Соттың апелляциялық инстанциясы соттың бірінші инстанциясының шешімін тексеруде тиісті процессуалдық өкілеттілікке ие болады. Апелляциялық сот инстанциясында істі қарауды коллегиялды үш кәсіби судьялардың қатысуымен, ал кейбір жағдайларда судьяның қатысуымен қаралатындығын айтуға болады.

Апелляция - мен Аппеляциялық айырмашылығы, яғни апелляциялық сотта істің қаралу кезінде дәлелдемелер зерттеліп жаңа шешім шығарылады. Ал Аппеляциялық инстанцияда іс қарау кезінде жаңа дәледдемелер мен жағдайлар пайда болса, шешім құші жойылып іс соттың бірінші инстанциясына жаңадан қаралуы үшін жіберіледі. Сот апелляциялық тәртіп бойынша істі қарап шығып, өзінің қаулысы арқылы мынадай құқықгары бар:

- шешімді өзгеріссіз қалдыруға шағымды қанағаттандырмауға;

- шешімнің немесе толық бір бөлігінің құшін жойып соттың бірінші инстанциясына жаңадан қайта қарауға жіберуге;

- шешімнің толық немесе бір бөлігінің құшін жойып, өндірісті іс бойынша тоқтатуға немесе арыздың қарастырмауға;

- іс бойынша жаңа шешім шығаруға құқығы өкілеттігі бар.

Сонымен апелляциялық сот инстанциясының қаулылары, шешім және ұйғарым түрінде шығарылады екен. Шешім түрінде тек істі негізінен қарап, жаңа шешім шығарғанда; ал ұйғарым түрінде аппеляциялық инстанция істі бірінші инстанцияға қайтарған кезде, істі тоқтатқанда, бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырған жағдайда жеке шағымды қарастыру нәтижесінде, ұйғарым түрінде толтырылады.

2. Апелляциялық іс жүргізудің мәні, маңызы

2. 1. Апелляциялық шағымдану және наразылық келтіру құқығы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Апелляциялық сатыдағы сотта істі қараудың екінші бөлімі - апелляциялық шағымды немесе наразылықты қарау
АППЕЛЯІЩЯЛЫК 1C ЖҮРГІЗУ
Апелляциялық сатыда іс жүргізу
Аппеляциялык шағым беру, наразылык білдіру кұқығы және тәртібі
Қылмыстық істің материалдарымен танысуға және сот шешіміне шағымдану құкығын беру
Апелляциялық іс жүргізу
АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ӨНДІРІС
Апелляциялық шағым наразылық беру
Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттігі
Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz