Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік баланс баптарына әсері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖІНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«БАСҚАРУ ЖӘНЕ БИЗНЕС» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

«ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» КАФЕДРАСЫ

БАӨЖ

Тақырыбы: Бухгалтерлік баланс. Баланстық теңдеу.

Орындаған: Ережеп А. Б.

Тобы: ЭФ-19-7к2

Қабылдаған: Атенова К. А.

Шымкент, 2020 жыл

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

I тарау Ұзақ мерзімді активтер: негізгі құралдар, материалды емес активтер, ұзақ мерзімді инвестициялар және оның эквиваленттері.

II тарау Қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелердің құрамы және сипаттамасы.

III тарау Меншікті капиталдың құрамы және сипатттамасы.

IV тарау Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік баланс баптарына әсері.

V тарау Бухгалтерлік баланстың түрлері.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Бухгалтерлік баланс (французша balanсе - таразы) - шаруашылық жүргізуші заңды тұлғаның белгілі бір күнгі, көбіне күнтізбелік кезеңнің (айдың, тоқсанның, жылдың) басындағы не аяғындағы қаржы-шаруашылық жай-күйін ақшалай түрінде жинақтап сипаттайтын бухгалтерлік есеп құжаты. Өзара байланысты екі жақты кесте нысанында әзірленетін Бухгалтерлік баланстың сол жағы (актив) шаруашылық құрал-жабдықтарының құрамы мен орналасуын, оң жағы (пассив) солардың құралу көздері мен нысаналы мақсатын көрсетеді. Актив пен пассив қорытындылары бір-бірімен тепе-тең болады. Бухгалтерлік баланс мүліктің, міндеттемелердің нақты түріне, мүліктің құралу көзіне сай келетін баптарға бөлінеді. Баптар экономикалық мазмұнына қарай топтарға не бөлімдерге біріктіріледі. Баланстың әрбір жолының (бабының) реттік нөмірі болады, бұл әр бапты табуға және оған сілтеме жасауға мүмкіндік береді. Баланс кестесінің активі мен пассивіндегі әр баптың тұсында сомаларды көрсететін ашық орындар қарастырылған. Оларға заңды тұлғаның есеп беріп отырған кезеңнің басындағы (әдетте жыл басындағы) және аяғындағы сол бапқа қатысты қаражатының (құрамы мен көздері бойынша) қалдықтары жазылады. Бухгалтерлік баланс - қаржылық жағдайды талдаудың басты құралы. Талдау жасау арқылы сол заңды тұлғаның төлем қабілеттілігі, алған несиелерді қайтару мүмкіндігі анықталады. Бухгалтерлік баланстың кіріспелік, мерзімдік (ағымдағы), жылдық, жиынтық, т. б. түрлері болады.

Ұзақ мерзімді активтер: негізгі құралдар, материалды емес активтер, ұзақ мерзімді инвестициялар және оның эквиваленттері.

Ұзақ мерзімді активтердің мәнділігі. Айналымынан тыс активтер: негізгі құралдар, материалдық емес активтер және ұзақ мерзімді инвестициялар.

Ұзақ мерзімді активтер шаруашылық субьектінің өндірістік процессіне бірнеше рет немесе ұзақ уақыт бойы қолданылуымен ерекшеленеді. Негізгі құралдар -ұзақ уақыт мерзім ішінде еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс сферасында және матералдық емес сферада пайдаланылатын материалдық активтер болып активтер болып табылады. Негізгі құралдарға келесілер жатады: жылжымайтын мүлік (жер учаскелері, ғимарат, құрылымдар), көлік құралдары, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық инвентар, арнайы құралдар және басқа да негізгі құралдар.

Материалдық емес активтер түсінігіне физикалық үлгісі жоқ, ұзақ мерзімді қолдану объектісіне жататын құндық бағасы жоқ бірақ табыс әкелетін қабілеті бар объектілер жатады. Материалдық емес активтер өндірістік - шаруашылық қызметіне, белгілеуіне және қызметіне қарамастан топтарға бөлінеді: фирма құны, тауарлық белгісі, «Ноу-хау», «Авторлық құқық». Мүлік құқығына келесілер жатады: жерді қолдаеу құқығы, қайнаулар, су ресурстары және т. б. Өзге материалдық емес активтерге жатады: ұйымдастыру шығындары, ғылыми-зерттеулік өңдеулер, білікті конструкторлық өңдеулер.

Қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелердің құрамы және сипаттамасы.

Міндеттеме - бұл реттеу экономикалық табыстарды құрайтын ресурстардың шығуына әкелетін бұрынғы оқиғалардан туындайтын дара кәсіпкердің немесе ұйымның қолданыстағы міндеті.

Баланстың пассив бөлігінде міндеттемелер деп аталынатын тарауымыз екі бөлімнен тұрады

1. Қысқа мерзімді міндеттемелер

2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер . .

Қысқа мерзімді міндеттемелер -бұл:

- ұйымның жай операциялық циклі жүру барысында жабылатын міндеттемелер;

- сату операциясы үшін ұсынылатын міндеттемер;

- баланс күшінен кейін 12 ай ішінде орындалуға жататын міндеттемелр;

- баланс күшінен кейін 12 ай ішінде жабу мерзімін ұзартуға бұлтарыссыз қызығы жоқ ұйым үшін міндеттемелер;

Кейбір қысқа мерзімді міндеттемелр мысалы, кредиторлық берешек жабдықтаушыларға, есептелген шығындар (мысалы, еңбекақы төлеу бойынша немесе басқада шығындар операциясы) қарапайым операциялық цикл шегінде қолданылатын айналым капиталының бөлігі болып табылады. Бұндай тауарлар баланс күшінен кейін 12 айдан асса, егер олар уақытында жабуға жатса, осы жағдайда міндеттемелр қысқа мерзімді болып топтастырылады. Активтер мен міндеттемелерді топтастыру үшін сондай -ақ қарапайцым операцияолық цикл қолданылады.

Қысқа мерзімді міндеттемер мысал болып қаржылық міндеттемелер, сату операциясы үшін ұсталынатын, банктік овердрафтар табылады, сонымен қатар ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерді құрайтын қысқа мерзімді, есептелінген дивиденттер, пайдаға салықтар және басқа да кредиторлық берешектер болып табылады.

Жабу уақыты баланс күшінен кейін 12 ішінде басталмайтын ұзақ мерзімді негізінде қаржыландыруға қамтамасыздандырлған (яғни, айналым капиталының бөлігі болып табылмайтын) қаржылық міндеттемелер ұзақ мерзімді міндеттемелер болып табылады.

Субъект міндеттемені мынадай жағдайларда қысқа мерзімді ретінде сыныптайды:

1) субъект оны кәсіпорынның қалыпты операциялық циклі барысында өтеуді болжайды;

2) субъект міндеттемені негізінен сауда мақсаты үшін ұстап тұрады;

3) субъект міндеттемені есепті кезеңнің аяғынан бастап он екі ай ішінде өтеуді болжайды; немесе

4) субъектінің осы міндеттемені өтеуді есепті кезеңнен кейін кемінде 12 айға қалдыруға сөзсіз құқығы жоқ.

Барлық өзге міндеттемелерді ұзақ мерзімді ретінде сыныптауға тиіс.

Меншікті капиталдың құрамы және сипатттамасы.

Меншікті капитал - бұл барлықміндеттемелер шегеріліп тастағаннан кейінгі кәсіпорын активтері. Бұл анықтама баланстың теңдеуден келіп шығады.

Актив = Капитал +Міндеттеме, нәтижесінде

Меншікті капитал = Актив - Міндеттеме.

Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:

- жарғылық капитал;

- резервтік капитал;

- бөлінбеген пайда;

Кәсіпорындар өздерінің қызымет атқару барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.

Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызыметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.

Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді:

Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.

Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері) .

Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.

Қосымша төленген капитал - қоғамның өзінің акцияларын олардың атауы (номиналдық) құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.

Қосымша төленбеген капитал - кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.

Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал - келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік (сақтық, сақтаулы) капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның (қоғамның) жарғысында қаралады (көрсетіледі) .

Бөлінбеген пайда (табыс) - кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған

Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік баланс әсері.

Кәсіпорын қызметінің процесінде туындайтын көптеген шаруашылық әрекеттері актив пен пассив жиынтықтарының теңдіктерін бұзбайды, сонымен бірге жеке баптардың сомалары мен баланс нәтижелері өзгеріске ұшырауы мүмкін. Бұл әрбір әрекеттің баланстың екі бабына әсер етуімен түсіндіріледі:шаруашылық құралдарының құрамы мен олардың құрылу көздерінің мөлшері. Сөйтіп, олар баланстың активінде және пассивінде немесе бір уақытта актите де, пассивте де болуы мүмкін.

Сонымен, шаруашылық әрекеттерінің нәтижесінде баланс баптарындағы өзгерістердің сипатына байланысты шаруашылық әрекеттерін төрт топқа (типке) бөлуге болады. (1- сызба) .

Актив
Пассив
Актив: Көбеюі
Пассив: Азаюы
Көбеюі
Азаюы
Актив: 1
Пассив:
Актив: 2
Пассив:
Актив: 3
Пассив:
Актив: 4
Пассив:

Сызба 1- Баланс баптарындағы өзгерістер типтері

Шаруашылық әрекеттерінің бірінші типінде активтегі бір бап көбейеді, ал екінші осы сомаға азаяды. Баланс валютасы өзгермейді. А+Х-Х=П

Мысалы, Кәсіпорын қызметшілеріне төлемақы беру үшін есеп айырысушотынан кассаға 178 000 теңге сомасында ақша қаражаты алынады. Осы әрекетке сәйкес баланс активінің екі бабы өзгеріске ұшырайды:“Есеп айырысу шоты ” және “Касса”. “Касса” шоты бойынша сома артады, ал“Есеп айырысу шоты”бойынша сома тең сомаға кемиді.

Шаруашылық әрекеттерінің екінші типі бойынша пассивтің бір бабы көбейеді де, екіншісі сол сомаға азаяды. Баланс валютасы өзгермейді. П+Х-Х=F

Мысалы, Құрылтайшылар жиналысы хаттамасының негізінде кәсіпорын қарамағында қалған таза табыстың 54 000 теңге сомасындағы бөлігі резервтік капиталды арттыруға бағытталады. Осы әрекетке сәйкес баланстың пассивінде екі бабы: “Тартылмаған табыс” азаю жағына және “Резервтік капитал” көбею жағына өзгеріске ұшырайды.

Шаруашылық әрекеттерінің үшінші типі бойынша активтегі де, пассивтегі де баптар бірдей сомаға көбейеді. Баланс валютасы да сол сомаға көбейеді. А+Х =П+Х

Мысалы, Жабдықтаушылардан кәсіпорын қоймасына 120 000теңге сомасына материалдар алынып, кірістелді. Очы әрекетке сәйкес баланстың активіндегі “Материалдар” бабы мен баланстың пассивіндегі “Жабдықтаушылар мен мердігерлер бабы” көбейеді. Баланс валютасы да осы сомаға артады.

Шаруашылық әрекеттерінің төртінші типінде активтегі де, пассивтегі де баптар бірдей сомаға азаяды. Баланс валютасы сол сомаға азаяды. А-Х=П-Х

Мысалы, Кәсіпорын қызметшілеріне 137 000теңге сомасында төлемақы берілді. Осы шаруашылық әрекетінің нәтижесінде баланс активінің “Касса” шоты мен баланс пассивінің “Жұмысшылармен төлемақы бойынша есеп айырысу” щоты кемиді. Баланс валютасы да осы сомаға азаяды.

Бухгалтерлік баланстың түрлері.

Бухгалтерлік есептің негізгі және басты міндеттерінің атқаратын қызметі мен функциясының бірі -пайдаланушыға кәсіпорынның мүлігі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәлімімдемелерді дер кезінде жеткізіп беріп отыру. Мұндай ақпараттық мәліметтің қайнар көзі болып -бухгалтерлік баланс табылады. Баланс «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді. Баланс «актив» және «пассив» деп аталатын екі бөлімнен тұрады. Активте кәсіпорын қаржылары, заттай және ақшалай түрдегі мүліктері мен шығындары көрсетілсе, оң жағында, пассивте осы ұйымның қорлану көздері қарастырылады. Актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі мүліктері қарастырылады.

Бухгалтерлік баланстар мынадай белгілері бойынша жіктеледі:

1. Құру уақыты бойынша;

2. Құрудың қайнар көздері бойынша;

3. Ақпараттар көлеміне байланысты;

4. Қызметінің сипатына байланысты;

5. Меншік нысандарына бойынша;

6. Бейнелену көлемі бойынша;

7. Тазарту тәсілдері бойынша.

1. Бухгалтерлік баланстар құру уақыты бойынша мынадай болуы мүмкін:

а) кіріспе; б) ағымдағы; в) таратылу; г) бөлу; д) қосылу.

Кіріспе балансты кәсіпорын алғаш рет құрылған кезде жасайды. Ол кәсіпорынның өз қызметін бастаған тұстағы құндылықтарын анықтайды.

Ағымдағы баланстар кәсіпорынның барлық қызмет ету уақыты бойында жасалады. Олар өз кезегінде бастапқы, аралық және соңғы (қорытынды) болып бөлінеді.

Бастапқы баланс есепті кезеңнің басына, ал соңғы балансы келесі жылдың бастапқы балансы болып саналады.

Аралық баланстар жылдың басы мен аяғы арасындағы межеге құрылады. Олардың соңғы баланстан айырмашылығы, біріншіден, соңғы балансқа баланстың қандайда бір баптарын ашатын есеп беру нысандарының көпшілік бөлігі қоса тіркеледі; екіншіден, аралық баланстар, тәртіп бойынша, ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтерінің негізінде ғана құрылады, ол кезде соңғы балансты құрардың алдында баланстың барлық баптарына міндетті түрде түгендеу жасалуы керек.

Таратылу балансы кәсіпорын таратылған және жабылған кезде жасалады.

Бөлу балансы ірі кәсіпорынның бірнеше шағын құрылымдық бірліктерге немесе құрылымдық бөлімшелерді басқа бір кәсіпорынға берген кезде жасалатын баланс, бұл жағдайда балансты беру балансы деп те атауымызға болады.

Біріктіру балансын бірнеше кәсіпорындарды біріктірген кезде жасайды.

2. Балансты оны жасаудың қайнар көздері бойынша былай бөлуге болады:

а) инвентарлық; б) кітаптық; в) бас.

Инвентарлық баланстар шаруашылық құралдарының тізімі негізінде ғана құрылады. Мұндай баланстар бұрынғы қызмет еткен мүлік негізінде кәсіпорынның құрылу кезінде немесе кәсіпорынның өз нысанын өзгертуі кезінде (мемлекеттік нысаннан акционерлік, біріккен нысандарға ауысуы) талап етіледі.

Кітаптық баланс тек мәліметтерінің және түгендеу жүргізу жолымен жасалады.

Бас балансты есеп мәліметтерінің және түгендеу жүргізу деректерінің негізінде жасайды.

3. Баланстар ақпараттар көлеміне байланысты былай бөлінеді: а) біртекті; б) жинақ.

Біртекті баланс тек бір ғана кәсіпорынның қызметін көрсетеді және ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтерінің негізінде жасалады.

Жинақ баланстарын бірнеше біртекті баланс баптарында есепте тұрған сомаларды механикалық түрде қосу жолымен алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы, түрлері, өзгерісі
Бухгалтерлік баланс туралы
Бухгалтерлік баланс есебі
Екі жақты жазу есебі
Бухгалтерлік есеп шоттар
Есеп циклі және қаржылық есепті дайындау
Бухгалтерлік есеп және аудит туралы ақпарат
Бухгалтерлік есептің шоттар жүйесі және екі жақты жазу
Бухгалтерлік есеп беру
Бухгалтерлік есептің мәні мен әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz