Ұрлық қылмыстарын криминалистикалық тергеу әдістемесі


Қазақстан Республикасының білім жӘне ғылым министрлігі
М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және Заң
__ факультеті
Қылмыстық құқық және процес
кафедрасы
КУРСТЫҚ Жұмыс
Криминалистика
пәні бойынша
Тақырыбы:
Ұрлық қылмыстарын криминалистикалық тергеу, әдістемесі
Білімгер Суттибаев Темирлан Тобы-В18ЮП9
/аты-жөні/ /қолы/
Жетекші Жумагулова Багира
/қызметі/ /аты-жөні/
Қорғауғажіберілді«»20ж. /қолы/
Жұмысқорғалды «»20__ж. бағасы жазбаша/
Комиссия мүшелері:
/аты-жөні//қолы/
/аты-жөні/ /қолы/
Тараз 2021
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
кафедрасы тобының білімгеріне курстық жоба ТАПСЫРМА Криминалистика пән бойынша1. Тақырыбы __Ұрлық қылмыстарын криминалистикалық тергеу әдістемесі
2. Тапсырманың арнайы нұсқауы
Кафедра мәжілісінде бекітілген «»20___ ж. хаттама №
Жетекшісі: Жумагулова Багира
/қызметі/ /қолы/ /аты-жөні/
Тапсырманы орындауға қабылдадым «»20
/білімгердің қолы/
КІРІСПЕ
I Ұрлықтың қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық сипаттамасы
- Бөтеннің мүлкін иемдену туралы қылмыс
ІІ ТАРАУ ҰРЛЫҚ БОЙЫНША ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДІ ҚАРАУДЫҢ ТАКТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1 Ұрлық қылмыстары бойынша оқиға болған жерді жалпы шолып қарау
2. 2 Ұрлық қылмыстары бойынша оқиға болған жерді егжей-тегжейліқарау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Бөтен адамның мүлкін жасырын ұрлау (ұрлық, ҚР ҚК 175-бап ) Қазақстанда кең тараған қылмыс болып табылады.
Соңғы жылдардың практика материалдарын жинап, қорыту адамдардың топ болып ұрлық жасау көлемінің өскенін көрсетеді.
Қылмыстық топтардың конспиративтік дәрежесінің жоғарылығы, ұрланғандарды өткізудің жолға қойылған жүйесі, әртүрлі техникалық және көліктік құралдарды қолданулары оларды ерекшелендіреді.
Қылмыскерлер мен қылмыстық топтардың көбісі ұрлық объектісін таңдауда ол туралы ақпарат жинайды, бақылау жүргізеді, арнайы құралдар дайындайды. Қылмыс жасау үшін ыңғайлы уақытты белгілейді.
Бөтен адамның мүлкін ұрлаудағы зор үлес салмақ және бір оның тенденциясы жағынан ішкі істер органдарының қызметінің әсіресе төменгі саптағы әлсіз ұйымдық, құқықтық және техникалық қамтамасыз етілуіне, ол екінші жағынан жыл сайын мыңдаған қылмыстық істердің тоқтатылуына алып келуде.
Жасалған қылмыстардың қатыгездігі күшеюде және олардың салдары да артуда, қылмыскерлердің әшкерелеуде өз өзін қорғау деңгейі өсуде, құқыққа қарсы жауапкершілікке тұрғындардың көп бөлігі тартылуда. Қазіргі заманғы қылмыстың жарқын бір тенденциясы ол қылмыстық құрылымдардың экономикада, саясатта, мемлекеттік билік және басқару жүйесінде беку талпынысы болып отыр. Халық шаруашылығы қызметінің пайдалы салаларымен ресурсқа бай территорияларды иелену үшін болатын қатты бәсеке кезінде қылмыстық орта ұйымдасады және қаруланады, өз қызметіне басқару аппаратын тартады және заң шығару, атқару органдарына енеді.
Бұған едәуір дәрежеде капиталдың, қаржы және материалдық ресурстардың пайда болуы мен қозғалысына мемлекет және бүкіл қоғам тарапынан тиімді бақылаудың жоқтығы септігін тигізуде.
Азаматтардың мүліктерімен меншік құқықтарының қозғалу деңгейі өте төмен болып отыр. Елдегі жүргізіліп отырған өзгерістердің әлеуметтік мәртебелерінің тез өзгеруі әлеуметтік қарама қайшылықтарды шешудің қылмыстық көш қолдану әрекеттерінің кеңінен таралуына әкеліп отыр.
Қылмысты ашудағы жұмыс деңгейін бағалай отыра, тергеушінің кәсіпқойлығы, осы тергеу әрекетін жүргізуге септігін тигізетін анықтау органы қызметкерлерінің де кәсіпқойлықтары нақты көрінбейді. Көптеген тергеуі жедел уәкіл қызметкерлері қылмысты жасыру әдістерін аз біледі, оларды болған жерді тауып алу мүмкіндігіне көңіл бөлмейді. Зерттеу көрсеткендей зерттелген істер бойынша қылмыскерлердің 30% қылмыс орнында із қалдырмаудың амалын жасағаны, ал 25, 6% қылмыс қаруларын, іздерін жойып отырған.
Тергеудің бастапқы кезеңінде қылмысты ашу жұмысын жақсартудың едәуір резерві тергеу мен анықтау (жауап алу) қызметкерлерінің шебері артуын қамтамасыз ету сонымен қоса ізді іздеп, таба білу болып табылады. Осыған байланысты осы дипломдық жұмыстың мақсаты оқиға болған қарау тиімді және нәтижелі жүргізуге қатысты практикалық ұсыныс ойлап табу.
Осы дипломдық жұмыста криминалистика жөніндегі оқулықтармен қосатергеулік іс әрекеттерді жүргізу тактикасы, қылмыстың кейбір түрлерін тергеу әдістемесі бойынша жұмыстар қолданылады. Терминдер мен ұғымдарды, анықтауда атақты ғалым Р. С. Белкиннің криминалистік сөздіктері пайдаланылды.
Ұрлықтармен байланысты қылмыстар жөніндегі оқиға болған жерді қарау- едәуір кең тақырып, оны бір дипломдық жұмыстың шегінде толық қарастыру мүмкін емес. Сондықтан келесі міндет жұмыстың шегінде қарастырып отырған тақырыпты кеңірек қамту болды.
Және тілек ретінде айтар болсам оқиға болған жерді қарауда өзіне «елемеушілікті» көтермейді, оны жүргізуге неғұрлым «ықтиятты» болсаңыз істі одан әрі тергеуде кедергі аз болады.
Осы жұмыстың мақсаты осы саладағы өте маңызды мәселелерді қойып қарауға деген талпыныс. Теориялық білім мен құқықтық қолданушылық практикалық аралық ұстанымын бір ізділікпен жүзеге асыру, жасалатын ұрлықтардың сипаты мен құрылымы туралы шынайы көзқарас қалыптастыруға, ашкөздік қылмыстың бүгінгі жағдайын талдауға, осы қылмысқа қарсы әрекеттердің формасын қалыптастыру мен жүзеге асыруға әсер ететін басты факторларды даралауға мүмкіндік береді.
I Ұрлықтың қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық сипаттамасы
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабына сәйкес ұрлық, яғни бөтен мүлікті жасырын ұрлау.
¥рлықтың объектісі болып меншік табылады. Қарастырылып отырған қылмыс заты ретінде шын мәнінде нақты құндылығы бар материалдық дүние заттары түріндегі бөтен мүліктер жүреді.
Ұрлықты сипаттайтын белгі - ұрлаудың жасырын тәсілі. Жасырын ұрлауды саралау үшін мүлікті алу зат иесімен қатар, оны күзететін немесе басқа да адамдарға белгісіз, көзге түспейтіндей болу керек. Аталмыш қылмыс түрі аяқталды деп кінәлі затты шын мәнінде иемденген кезде емес, ол затты алып білгенінше пайдалану мүмкіндігі болған мезеттен бастап саналады.
¥рлықтың субъективтік жағын сипаттайтын белгілер қатарына кінә түрткі (мотив) және қылмыс мақсатын жатқызуға болады. Субъективтік жағынан ұрлық тікелей қасақаналықпен жасалынатын іс-әрекет. Ұрлықты жасай отырып, кінәлі өз қимылдарының заңсыз екендігін және мүлікті жасырын иемденетіндігін сезінеді. Ұрлықтың қозғамы болып пайдакүнемдік табылады.
Жәбірленуші және басқа адамдарға білдіртпей қимылдауына сенімді болған кінәлі мен мүлікті жасырын қымқыру тәсілі - ұрлықты тонаудан және шабуыл жасап тонаудан ажыратады. Заңсыз біреудің үй-жайына, бөлмесіне немесе басқа да қоймасына кіре отырып ұрлық жасағаны үшін заңда ауырлататын жауаптылық көрсетілген. Осымен ол алаяқтықтан немесе қорқытып алушылықтан ажыратылады.
Бөтен мүлікті ұрлауды тергеу әдістемесіндегі анықтауға жататын жағдайлар:
- ұрлық фактісі болды ма;
- ұрлықты жасау тәсілі;
- ұрлықтың жағдайы (уақыты, орны және т. б. ) ;
- ұрланған зат нақты кімдікі;
- нақты не нәрсе ұрланды (заттарды және олардың белгілерін тыңғылықты түрде суреттеу) ;
- ұрланған заттың құны;
- ұрлыққа катысқан барлық түлғалардың жеке басы;
- егер ұрлық топпен жасалынған болса, онда әрбір топқа қатысушының рөлі;
- қылмыстан келген жалпы зиян мөлшері;
- ұрлық жасауға итермелеген жағдайлар.
Аталмыш қылмыс әртүрлі жерлерде жасалынады. Көбіне ұрлық жасалынатын жерлерге дүкендер қоймалар басқа да құнды және бағалы заттар сақталынатын әртүрлі орындар, азаматтардың пәтерлерінен және қора-аулаларынан сондай-ақ вокзалда поезда қол жүктерін адамдардың көп жиналған жерлерінде (базар, автобус жәрмеңке сияқты) қалтадан ұрлық жасау жатады.
Ұрлық затына ақша әшекей заттар күрделі тұрмыстық техника (телевизор үн және бейнетаспа компьютерлер, көлік құралдары, қымбат ыдыстар, коллекциялық заттар иконалар көне жазулар және антиквариат және басқаларды жатқызуға болады.
Ұрлық жасаудың негізгі тәсілдері
1) бөтен мүлікті үй-жайдан ұрлау
- бұзу арқылы
- бұзусыз
2) сенімділікті пайдалану арқылы жасалынатын ұрлықтар
- үй-жайға кіру арқылы
- үй-жайға кірмей
3) үй-жайға кірумен байланысты емес жасалынған ұрлықтар:
- қалтадан ұрлау (соның ішінде сумканы және қалтаны тілу арқылы жасалынғандар)
-маскүнемдердің қалтасынан алып қою
-чемодан, сумка, велосипед және заттарды ұрлау
- вокзалдағы жүк сақтау автоматты камераларынан ұрлау
- автокөліктерден ұрлық жасау [2, 225]
Ұрылар үй-жайға құлыпты, есікті, терезені бұзу немесе қабырғаны төбесін, еденін қирату арқылы енеді. Құлыптар қиратылады немесе желбезекті кілт (отмычка) не таңдалған кілтпен ашылады. Есіктің өзін көсігінен ұрып шығарады, есіктегі құлыптарды қылмыскерлер кесіп алады немесе жабу механизімін теседі; терезелерді сындырады немесе кесіп алады (пластырь көмегімен) ; кірпіштен жасалған қабырғаларды дөрекі балға (кувалда), шлямбурмен жарып кіреді. Қалтаға түсу екі тәсілмен жасалынады: қандай да бір затпен бүркемеленіп немесе ондай затсыз сығылысқан кезде.
Ұрылардың бүркемелеу заттары ретінде емшектегі баланы гүлшоқтарын кішкентай иттерді, мысықтарды пайдаланғандығын тәжірибе байқауға болады. Ұрлықтың жасалу тәсілін анықтау оны әшкерелеу үшін елеулі болып келеді.
Тергеуді жоспарлау
Осындай санаттағы істер бойынша типтік болжамдардың үш түрі болады: а) ұрлық шынында да болған; ә) ұрлық болмаған, арыз жасаушы арам ниетсіз жаңылысқан (құлыпты бүзақылар сындырып, мүлікті үй иелеріне айтпай, олардың туысқандары басқа жерге көшірген және т. б. ) ; б) ұрлықты жасағансу.
Қылмыстық іс қозғауға кажетті және тергеудің алғашқы кезеңін жоспарлау үшін керек түпнұсқалы мәліметтер мыналар жатады
- мемлекеттік, қоғамдық және басқа да жалпы мүлікті ұрлау жөнінде лауазымнан, объект басшысынан немесе ұрлық фактісін тікелей тапқан тұлғадан келіп түскен хабар. Арыз жасаушыдан жауап алу оқиға болған жерді қарау, куәлардан, соның ішінде объектінікүзеткен қызметкерлерден жауап алу жоспарланады. Кінәлілерді және ұрланған мүлікті іздеу және анықтауға қатысты жедел іздестірушілік шаралары да алдын-ала қарастырылады
- үй иесінің немесе басқа да тұлғалардың пәтерден ұрлық жасалғандығы туралы арыз жасауы. Арыз жасаушыдан (жәбірленушіден) жауап алу, оқиға болған жерді қарау куәлардан жауап алу, қылмыс және қылмыскер іздерін сараптамалық зерттеуден өткізу, іздеу салу шараларын жүргізу бойынша жоспар алдын-ала қарастырылады;
- сапар кезінде қол жүгі ұрланғандыгы жайлы жолаушыдан келіп түскен арыз. Арыз жасаушыдан жауап алу, куәларды анықтау және олардан жауап алу, көлік құралы қызметкерлерінен (жол серік автобус жүргізуші және басқалар) жауап алу, іздеу салу шараларын іске асыру жоспарланады;
- көлік құралы ұрланғандығы жайлы иесінен келіп түскен арыз. Ұрлықты анықтау жағдайлары, ұрланған көлік құралының белгілерін туралы арызданушыдан жауап алу, оқиға болған жерді қарау (тұрақ, гараж), куәгерлер мен куәлардан жауап алу жоспарланады;
- анықтаған сәттен бастап, қалтаға түсу жайлы арыз жасау. Ұрлық заты, оны анықтау жағдайлары бойынша арыз берушіден жауап алу, кінәліге іздеу салу, кейде жәбірленушінің өзінің қатысуымен;
- анықтау органының ынтасымен (оперативтік деректер негізінде) . Тергеу жоспары жедел іздестірушілік шараларымен ұштастырылады;
- қылмыскерді ұрлық үстінде немесе жасағаннан кейін бірден ұстау. ¥сталғаннан жауап алу, жеке басын және үй-жайын тінту жоспарланады.
«Үй жайға ену» сияқты біліктілік белгісінің және мұндай ұрлық үй- жайға ену арқылы жасалумен байланысты азаматтардың жеке мүліктерінұрлаудың біліктілігінің басқа мәселелерінің пайда болу тарихын қысқаша қараймыз.
- Басқа мемлекеттердің заңнамасының дамуының оң тәжірбиесін пайдалана отыра заң шығарушы жоғарыда керсетілген біліктілік белгісін басқаша қалыптастырады Біріншіден, «үй - жайға ену түсінігі» заңнамада қолданылып жүрген (бұрынғы кеңестік республикалардың заңнамасымен салыстырғанда) «үй - жайға ену» түсінігімен салыстырғанда кең ұғымды білдіреді. Екіншіден, осы біліктілік белгісінің орны өте жақсы шешілген: ол өте қауіпті рецидивистпен бір нормаға біріктірілмеген.
ҚР ҚК 175 - бабының бірінші тармағында ұрлық былай сипатталған: ұрлық бұл бөтен біреудің мүлкін жасырын ұрлау.
Заң ұрлықты «жасырын ұрлау» деп анықтайды. Ұрлықтың қымқырудың басқа нысандарынан басты ерекшелігі мүлікті алу және иелену әдісінде. Бұл ұрлық туралы көпшілік қабылдаған анықтамаға дәлірек келетін жасырын әдіс ретінде сипатталады.
«¥рлау» етістігі «жасырын», «тығым» қимылдау дегенді білдіреді.
Жасырын ұрлық мүлік тиесілі меншік иесінің келісімінсіз, одан тасалау арқылы мүлікті иемдену болып табылады.
Жай пәтер тонау немесе өндірістік ғимаратқа, кеңсеге, қоймаға заңға қарсы кіру соған мысал бола алады. ¥рлық иесінің көзінше де жасала береді, мысалы қалта тонау. ¥рлық жәбірленушіден оның дәрменсіздігін пайдалана отырып немесе ес - түссіз жатқандығын пайдалана отырып мүлкін иелену боп табылады.
Ұрлық бөтеп адамдардың көзінше де жасала береді, өйткені олар ұрының іс - әрекетінің заңсыздығын аңғармауы да мүмкін. ¥ры мүліктерге өзі ие екендігін көрсете білсе көпшілік сырт адамдар ешнәрсе сезбей қалады.
¥рлықты ашық түрде жасалатын тонаудан жекелеп алған дұрыс. Егер қылмыскер ұрлықты құпия жасадым деп қате есептесе, яғни онда қылмыс көпшіліктің көзінше жасалған, ал жәбірленуші бәрін көрсе, онда жасалған әрекет оны пиғылына орай ұрлық ретінде қабылдану керек.
¥рлық зорлықсыз жасалған қылмысқа жатады. Сондықтан оның әрекетін бақылау мүмкіндігінен күштеу арқылы айрылған (есінен танған, басқа бөлмеге қамалған) тұлғаның мүлкін иеленуді көрсетілген зорлықтың сипатына орай біліктеу (саралау) қажет.
Енді талан-тараждың не екенін қарастырайық. Жымқырудың астары ҚР ҚК баптары бойынша бөтен біреудің мүлкінің осы мүлік иесіне зиян келтіріле отырыла құқыққа карсы, қайтарымсыз ашкөздік мақсатпен алынуы түсіндіріледі.
Алу дегеніміз меншік иесінің немесе басқа заңды иесінің мүлігін кінәлі тараптың іс жүзінде иеленуі.
Бөтен мүлікті өз кәдесіне жарату дегеніміз кінәлінің заңсыз алған мүліктерді иеленіп, жұмсау болып табылады.
Қымқыраудың ең маңызды екі белгісін қарастырайық - бұл заңға қарсылық пен қайтарымсыздық.
Мүлікті қымқырған адам оны иемденсе де, пайдаланса да өз меншігі сияқты бәрібір зандық тұрғыдан меншік иесі боп табыла алмайды. Қымқыру, меншік иесінің қымқырылған мүлікке деген құқығының жоғалғанын білдірмейді. Заңдылығы субъектімен дауға түсіп жатқан мүлікті алу қымқырауды қалыптастырмайды. Мұндай іс - әрекеттер мысалы өз бетімен басқару сияқты басқа қылмыстар үшін жауапкершілікке тартқызуы мүмкін.
Әрі қарай ұрлық ұғымына кіретін «бөтен мүлік» сөз тіркесін қарастырамыз.
Қымқыруды жүзеге асырғанда бөтен мүлікті иемдену оны меншік иесінен (немесе басқа біреудің күзетіндегі мүлік) алуды білдіреді. Егер мүлік белгілі бір себептермен меншік иесінің қарамағынан шығып қалса ондай затты иемдену қымқыру болып есептелмейді. Тауып алғанды немесе кінәліде кездейсоқ болған мүлікті иелену кылмыс ретінде қарастырылмайды. Меншік иесінің қарамағындағы деп тек қана арнайы қозғалатын, жасырылған мүлік қана емес, оның шаруашылық аумағындағы уақытша қараусыз қалған меншік иесімен жоғалтылмаған мүлік саналады.
- Бөтеннің мүлкін иемдену туралы қылмыс
Пайдакүнемдік ниеттің бар немесе жоқтығына байланысты барлық қылмыстар пайдакүнемдік және пайдакүнемдік емес деп екіге бөлінеді. Өз кезегінде пайдакүнемдік қылмыстар екі топқа бөлінеді: бөтеннің мүлкін ұрлау және меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік қылмыстар. Ұрлықтың мынадай нысандары бар: ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету.
Бөтен мүлікті өз кәдесіне жарату дегеніміз кінәлінің заңсыз алған мүліктерді иеленіп, жұмсау болып табылады. Бөтен мүлікті алудың заңсыздығы мен өз пайдасына жаратуы, кінәлінің ол мүліктерді иесінің немесе заңды қожайынының келісімінсіз іс жүзінде иемденуі. Бөтен мүлікті алудың қайтарымсыздығын егерде кінәлі оны тегін иеленсе орнына ештеңе бермесе ( мысалы тауардың бағасын заңсыз төмендету) сонда байқауға болады.
Қымқыруды анықтаудағы басты түсініктердің бірі мүлік анықтамасы. Меншікке қатысты қылмыстық мүліктік қылмыстар қатарына жатқызылуы тегіннен тегін емес. Мүлік, қымқыру заты болып табылады, оны мүліктің қоғамдық қатынастар объектісінен айыра білген жөн. Қымқыру заты әркез материалдық әлемнің бөлшегі болып табылады, яғни заттық белгісіне ие. Идеялар, көзқарастар, адам зердесінің көріністері мүліктік қылмыстағыдай қышқыру заты болып табыла алмайды. Интеллектуалдық меншікті қымқырылуы туралы бейнелік мағынада ғана, мысалы авторлық құқықты бұзылуы сияқты айтуға болады [3, 225] .
Электр немесе жылу энергиялары (заттық белгісінің жоқтығынан қымқыру заты болып табыла алмайды. Қымқыру заты болып өзінің шынайы жағдайына байланысты табиғи байлықтар да бола алмайды.
ҚР ҚК 175-бабы ұрлықтың үш түрін қарастырады: қарапайым (негіз құрам, 175-бап, 1-тармақ), білікті (175-бап, 2-тармақ) және аса білікті (175-бап 3-тармақ) .
Ұрлықты сараптау көп жағдайда ұрлықтың бір түрін екінші түрінен ерекшелендіретін белгілерді дұрыс түсінуге байланысты, ол өз кезегінде ауырлататын мән-жайды дұрыс түсінуге әкеледі.
Ұрлықтың өлшемі - қылмыстың қоғамдық қаупінің дәрежесін анықтайтын негізгі және жазалаудың өлшемі мен сипатына әсер ететін критерии.
Ірі өлшемдер - ұрлықты аса ауырлататын үш жағдайдың біреуі. ¥йымдасқан топпен жасалған немесе бұрын екі немесе бірнеше рет ұрлық үшін сотталған тұлға мен жасалған ұрлықпен қоса ірі көлемдегі ұрлық ауыр қылмысқа жатады.
Ірі көлем деп қылмыс жасалған сәтте ҚР заңнамасымен белгіленген төменгі жалақыдан 500 рет жоғарғы мүлік құны мойындалады.
Сот-тергеу практикасы көрсеткендей білікті ұрлықтар ең кең таралғанда жатады. Мұндай ұрлықтарға: алдын ала келісім бойынша топпен жасалған ұрлық, азаматқа едәуір зиян тигізе отырып жасалған ұрлық, заңсыз ену арқылы жасалған ұрлықтар жатады.
Ауырлатпайтын мән-жайы бар ұрлықтарға бір тұлғамен ірі емес көлемде бірінші рет үй-жайға заңсыз ену арқылы жасалған ұрлықтар немесе бұрын ұрлық пен қорқытып-үркіту екі-үш рет сотталмаған тұлғамен жасалған ұрлықтар жатады. Мұндай ұрлықтар орта ауырлықты қылмыстарға жатады.
¥рлықтар мемлекеттік, ұжымдық, жеке меншіктегі құқықтағы азаматтар мен ұйымдардың мүлкіне қол сұғатын қылмыстың негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Өз сипатына сай ұрлықтар әр түрлі. Пәтерлерден, мемлекеттік объектілерден, дүкендерден, қоймалардан ұрлау, көлік қүралдарын ұрлау, қалтаға қол салу сияқты ұрлықтар бар. Аталғандардың ішінде пәтерлерден және әр түрлі ұйымдардан ұрлау кеңінен таралған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz