Шығармашылық жоба



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
52. Қышқыл-негіздік теория
53. Суды иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш
54. Ортаның көрсеткішіне байланысты есептеулер үлгілері
55. Буферлі ерітінділер
56. Қышқылдық-негіздік титрлеу
57. Қышқылдық-негіздік титрлеу
№4 практикалық жұмыс. Күшті негзді күшті қышқылмен титрлеу.
Жоба қорғауға баулу оқушыларды өздік жұмысына бағыттаудың бірден-бір тиімді жолы болып табылады. Жоба қорғау үшін ұсынылатын тақырыптар зерттеуге, ізденіске бағыттайтындай пән негізіндегі талдау түрлерін қамтитындай сипатта болу керек. Жоба тақырыбының бірнеше нұсқалығы оқушы таңдауына мүмкіндік туғызады және қандай түрде қорғайтыны оқушылардың өзінің қалауына қалдырылатын болғандықтан, қызығушылығын арттырады.
Жобалау әрекетін қолданудағы шешілетін негізгі талаптар:
1.Зерттеушілік, шығармашылық мағынада маңызы бар проблемалардың қарастырылуы;
2.Күтілетін нәтижелердің тәжірибелік, теориялық, танымдық маңыздылығы;
3.Оқушылардың өздік іс-әрекеті;
4.Жобаның мазмұндық бөлігін құрастыру;
5.Зерттеу әдістерін қолдану;
Жобалау әрекетінің тақырыбын таңдау жағдаяттарға байланысты түрліше болады. Дегенмен, жоба тақырыбы өмірлік өзектілігі бар және оны шешуге оқушының әр түрлі аумақтағы білімі мен шығармашылық ойлау қабілетін зерттеушілік дағдыларын қамтитын сұрақтарға құрылғаны дұрыс. Орындалған жоба нәтижелері (материалдар) тиісті деңгейде рәсімделуі тиіс.

Жобалау түрлері:
1.Жобалауда көбіне қолданылатын әдістер: зерттеу, шығармашылық, рөлдік-ойындық, таныстыру-бағыттау, т.б.
2.Жобаны бағыттау: тікелей, жасырын.
3.Қарым-қатынас: бір мектеп, бір сынып, қала, аймақ, халықаралық оқушылар арасында.
4.Жобаға қатысушылар саны.
5.Жоба уақыты: тақырып ауқымына сай.
Жобалау түрлері:
Зерттеу әдісті жоба: Мұндай жобалар құрылымы жан-жақты ойластырылған, мақсаты айқын, барлық қатысушылар үшін өзектілігі бірдей, әлеуметтік маңызы бар. Алынатын нәтижені өңдеу, жасалатын тәжірибелер мұқият қарастырылған. Зерттеу қисынына толықтай бағындырылып, нағыз ғылыми зерттеулерге мейлінше жақындастырылған.
Шығармашылық әдісті жоба: Бұл жоба түрінде құрылыс нақтыланбайды, тек жоспарланып, күтілетін нәтиженің жанрына бағына отырып дамиды. Бұл жағдайда күтілетін нәтижені ұсыну түріне қарай ойластыру керек.
Ойын, шытырман әдісті жоба: Мұндай жобада құрылым соңына дейін ашық күйінде қалады. Қатысушылар жоба түрі мен мазмұнына қарай өздеріне әр түрлі рөлдерді таңдап алады. Күтілетін нәтиже жоба басында анықталуы немесе соңында көрінуі мүмкін. Бұл жобада шығармашылық деңгей өте жоғары болады. Дегенмен, әрекет рөлдік, ойындық-шытырмандық болып қала береді.
Мұғалім әрекетінің жалпы жұмыс жүйесі төмендегідей болады: оқыту технологияларын кіріктіру және жобалау технологиясын қолдану.
Жобалау технологиясын күрделі тарауларды жинақтауда, модульдік оқыту технологиясының қорытындылау бөлімінде қолдану тиімді. Оқу бағдарламасын модульдік оқыту жүйесіне негіздей отырып, кіріспе бөлімдегі дәріс оқуда проблемалы оқыту әдісін басшылыққа алу; сөйлесу бөлімінде Сын тұрғысынан ойлау технологиясының (Жигсо-I, II ,
Проблемамен саудалас, Өзара оқыту, Әдебиет үйірмесі т.б.) стратегияларын, нақты жағдаяттармен оқыту әдісі технологиясын, қорытынды бөлімде жобалау технологиясын қолдану, яғни кіріктіре қолданудың оқу тиімділігін арттырудағы мәні зор.Қорытынды сабақта қарастырылатын жоба тақырыптары кіріспе бөлімдегі оқу модулінің құрылымымен таныстыру барысында ұсынылады.
Осы тұста айта кететіні оқушыдан тақырып негізінде жоба тақырыбының мақсат-міндетін анықтау, болжамын қоя білу талап етіледі. Жобаны әзірлеу барысындағы оқушының өзіндік ізденісі мен еңбектенуі аса маңызды. Бұл оқушылардың ғылыми ізденімпаздық қабілетін арттырады әрі шығармашылыққа баулиды. Ал жоба қорғау сабағында оқушылардың өз жұмысына және өзгенің жұмысына сараптама жасауы жауапкершіліктерін арттырады. Жобаға сарапшылар төмендегідей өлшемдер бойынша төрелік етіп, сараптама жасайды:
1. Тақырыпты мақсаты мен өзектілігіне сай аша білуі. Болжам қоя білуі.
2. Ғылыми ізденісі , жаңалығы, шығармашылығы.
3. Талдай білуі, көрнекілік қолдануы .
4. Сөйлеу мәдениеті және шешендік қабілеті.
Әзірленген жоба туралы пікір айтқанда оқушылардың басшылыққа алатыны:
1. Әзірленген жобаның маңыздылығы
2. Жобаның күшті жағы
3. Жобаның әлсіз жағы
Жоба қорғау барысында оқушылардың өзара қойған сұрақтары да, мұғалім тарапынан қойылған бағыттаушы сұрақтар да аса маңызды. Жобалау технологиясы негізінде өткізілген сабақтар оқушы тұлғасының іс-әрекет барысында қалыптасуына жағдай жасайды. Жобалау технологиясында төмендегідей іс-әрекеттер жүзеге асуы тиіс:
1.Ақпарат жинау
2.Ақпаратты алғашқы сұрыптау
3.Алғашқы күндердің нәтижесін қорыту
4.Кері байланыс
5.Нәтижені бағалау
Мұнан бөлек мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті жоба түрі мен нәтижеге сай күнделікті жоспарланып, жүзеге асып отырады. Оқушының әрекетке қатысын көрсететін оқушы күнделігін жүргізіп отыру абзал. Ол кезегінде түзету жұмыстарын енгізгенде, келешекте басқа жоба құрғанда қателіктерге жол бермеуге септігін тигізеді. Жалпы әрекеттердің өту барысы, әрекеттің оң және теріс ықпалдары, ескертпелер тіркеліп отыратын мұғалім күнделігінің орны да ерекше .
Зерттеушілік сипаттағы жобалауға оқушыларды баулу үшін мұғалім тарапынан жасалатын қадамдарға тоқталатын болсақ:
1)Кафедраларға пән негізінде кітаптарын тарату
2) Белгілі бір модульді таңдап алу ;
3) Сол модуль бойынша бірнеше жоба тақырыптарын түзу;
4) Тақырыптардың ішінен бір ғана маңызды деген тақырыпты таңдап алып, мақсат қою; Проблемалық тақырыптар болуы керек.
Жоба қорғау сабақтарына ұсынылатын, оқушыны мәтінді талдай оқу жұмыстарына бағыттайтын сипаттағы тапсырмалар негізі жоба тақырыптарынан бастау алады. Көлемді шығармаларды оқушының мақсат қоя оқуы жүзеге асырылады.
Жобалау технологиясы бойынша оқушылармен жұмысты ұйымдастыру тәжірибесінен
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі жаңа формация мектібінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған негізгі проблемалар бар:
Баланы оқи білуге үйрету.
Баланы ойлауға үйрету.
Баланың өзін өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.
Осыған сай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер болып жатыр.
Білім мазмұны да оқушылардан өз бетінше білім алуға, оны практикада қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған, яғни оқушыларды зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек.
Сондықтан да жобалау технологиясын ұйымдастыру тақырыбына арналған бұл жұмыстың өзектілігі осында.
Жұмыс зерттеу мақсаты: химия сабақтары барысында және сабақтан тыс уақытта оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру тәжірбиесін талдау, оның тиімділігін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Тақырып бойынша ғылыми жұмыстармен танысу.
2. Жұмыстың теориялық бөлімін жасау.
3. Оқушылардың жоба жұмыстарына талдау жасау.
4. Тақырып бойынша қорытынды жұмыстарды рәсімдеу.
Зерттеу әдістері:
1.Әдебиетке теориялық анализ жасау.
2. Сауалнама өткізу.
3. Жоспарлау.
4. Жеке оқушылармен және топ мүшелерімен сұхбат өткізу.
5. Модельдеу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың химияға деген қызығушылығының, ынтасының артуы.
Жасампаз және өнерпаз тұлғаның қалыптасуы.
Тілдік қорының кеңеюі.

2.3 Жобалау технологиясының оқыту кезеңдері

Жобалау технологиясы негізінде - білім алушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр. Білім алушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарғыда айтылғандай, оны жоспарлай білу қажет.
1. Жоба жұмысы кезеңдері. Жұмыстың мазмұны. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоба тапсырмасы
Бастауыш мектепте жобалап оқыту технологиясын қолданудағы ерекшеліктері
Ағылшын тілі сабағында жобалау әдісін қолдану
Жоба технологиясының теориялық негіздері
Оқушылардың жобаны орындауы
Оқушыларды шығармашылық жоба жұмыстарын орындау барысында инновациялық технологияларды пайдалану
Жобалау мен шығармашылық
Информатика пәнін оқытуда оқушылардың жобалық жұмыстарын ұйымдастыру
Бұйымды көркемдеп жобалау туралы түсінік
Бастауыш мектептегі оқушылар мен мұғалімдердің жобалық әрекеттері
Пәндер