ТАРИХТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

ТАРИХТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ,

Жоспары : 1. Оқыту әдістеріне сипаттама

. 2. Сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер

. 3. Әдістемелік тәсілдер .

Қазірге дейін дидактикада оқыту әдістері толық жіктеліn cарапталып болған жоқ . Мәселен, тарихты оқыту әдістемесі туралы белгілі еңбектерде оқыту әдістері, негізінен, төмендегіше жікте ліп - сарапталады :. Тарихи материалды ауызша хабарлау әдістері, бұған мұға лімнің ауызша баяндауы, әңгімесі, түсіндіруі, мектептік дәріс оқушылармен әңгімелесуі жатқызылады .

2. Тарихты оқытқанда түрлі мәтіндермен жұмыс істеу әдістері қосылды . Оқыту әдістерін сараптауда мұғалім мен оқушының сабак үстінде атқарған жұмысы және сол жұмысты ұйымдастыруда пайдаланылған құрал ( тарихи құжат, көрнекі техникалық құрал, оқулық, т. б. ) шешуші рөл атқарады . Өткен ғасырдың екінші жартысында кеңестік педагогика ғылымы, оның ішінде дидактика саласы айтар лықтай дәрежеде дамыды . Сабаққа қатысты басты жаңалықтардың бірі - жаңа тақырыпты оқып үйренуге бүкіл сынып оқушыларын қатыстыру және осы қатысу барысында оны меңгеру үшін оқушылар өздері ой қызметімен шұғылдануы керек . Оқушылардың меңгерген білімі олардың өздерінің ойлау қызметінің іс - әрекетінің нәтижесі болуы керек, сонда ғана алған білім берік болады . Нәтижесінде сабақ барысында оқушылардың : таным, ойлау қызметін, іс - әрекетін дамыту бірінші кезекке басты міндет етіп қойылды . Соған сәйкес оқыту теориясы саласында еңбек етіп жүрген бірқатар ғалымдар барлық пәндерге ортак деп оқыту әдістерін төмендегіше жіктеді: Иллюстрациялап түсіндіру әдісі - мұғалімнің ауызша баяндауын және әңгімелеп тұрып, пайдаланылатын басқа құралдарды ( окулықпен, техникалык, көрнекі құралдар, көркем әдебиеттер, т. б. ) қамтиды . Иллюстрациялап түсіндіру әдісті қолдану барысында мұғалім де, оқушылар да қызмет етеді .

Репродуктивті әдіс оқушыларға қажетті біліктерді қалып тастыруды көздейді . Өйткені оқушылар иллюстрациялап түсіндіру кезінде меңгерген білімін қолдануға қажетті біліктерді меңгере алмайды . Олар осы екінші әдісті қолдану арқылы жүзеге асады . репродуктивті әдісін пайдалану кезінде оқушылар мұғалімнің басшылығымен ол оқытып үйреткен білімді өздігінше бірнеше рет және әртүрлі жағдайда еске түсіруге мүмкіндік беретін жұмыс түрін атқарады . Мысалы, бүгін өткен тарихи оқиғаны бұрын оқытылып кеткенге ұқас оқиғамен салыстырып, ұқсас белгілері мен ерекшеліктерін табады, өтіп кеткен материал бойынша жоспар жасайды, тарихи фактілерге өздігінше баға береді, теориялық қорытындыларға, тұжырымдарға тарихтан, өмірден өздігінше нақты мысалдар келтіреді, түрлі схемалар, кестелер сызады, т. б.

Проблемалық оқыту әдісі - мұның мәнісі мұғалім жаңа тақырыпты баяндар алдында немесе оның белгілі бір маңызды мәселесін түсіндіруге кіріскенде оқушылардың алдына проблема қояды оның шешілуі туралы ғылыми болжам жасайды, соған жетудің әртүрлі жолдарын, нұсқаларын ұсынады . Оқушылар мұғалімнің әңгімесін зер сала тыңдай отырып, проблеманы шешу логикасын қадағалайды, алдын ала жасалған ғылыми болжамдардан шығарылған қорытындыларын қайсысының қаншалықты дұрыстығын, дәлділігін аңғарады . Ішінара іздену немесе эвристикалық әдіс оқушыларды бірте - бірте белгілі бір проблемаларды өздігінше шеше алу дәрежесі не дейін жеткізуді көздейді, осыған қажетті бірліктерді біртіндеп қалыптастырады . Мәселен, бояулы суретке, құжатқа, түсінген мәселеге байланысты сұрақ қоя отырып, проблеманы шешуге үйретеді, естіген фактілер бойынша қорытынды жасауды немесе өздерінің болжамдарын айтуды ұсынады, т. б. Зерттеу әдісі шығармашылықпен жұмыс істеу тәсілін және білімді толык үйретіп, меңгеруді мақсат етеді . Зерттеу әдісін кенестік мектебі тәжірибесінде ұзак уакыт және кеңінен қолданды сонымен бірге өзінің тиімді екенін де көрсетті, , . Бұл әдіс ғылыми тұрғыда танып білудің тәсілдерін меңгеруге көмектеседі шығармашылықпен жұмыс істеудің бұған дейінгі айтылып өткен белгілерін қалыптастырады өздігінше зерттеу жұмысын, жүргізуге кызығатын оқушылардың ынтасын арттырады, оқушылар білімді толық әрі саналы түрде меңгереді және меңгерген білімді ұтым жүйелі қолдануға үйретеді. ды, . Сөйтіп, оқушылардың іс - әрекетін ойлау таным қызметін дамытуға бағытталған бұл әдістер белгілі жоспармен, жүйемен жүргізіледі, демек, белгілі бір сатыларға бөлінеді . Алғашқы әдіс - бірінші саты, екінші - төртінші әдістер-екінші, соңғы әдіс - үшінші саты. Белгілі дидактик ғалым И. Я. Лернер өз еңбегінде жоғарыдағы оқыту әдістері туралы ғылыми тұжырымдамаларын одан әрі жетілдіріп, ол әдістерді тарих пәні мысалы арқылы былай деп көрсетеді . Тарих пәнінің мұғалімі тарихи материалды оқып, танып, білу, оны меңгеру үшін көптеген тәсілдер мен құралдар қолданады . Бірақ олардың бәрі біз келтіріп отырған төмендегі оқыту әдістерінде қамтылады . Информациялық рецептивті ( дайын рецеппен ) ( 1 ) әдіс әңгіме, дәріс, экскурсия түрінде, оқулықтың натуралды немесе жазбаша тарихи кұжаттың, тарихи объектінің көшірмесі не суретінің көмегімен жүзеге асырылады .

Репродуктивті ( қайта еске түсіру ) ( 2 ) әдіс тарихты оқыту барысында мұғалім берген тапсырма бойынша оқушылардың белгілі бір мәтінмен ауызша, жазбаша жаттығуларды басқа да оқу қызметтерін өздігінше орындауы арқылы жүзеге асады . Бұл әдіс репродуктивті әңгімелесу - қайта еске түсіру арқылыда орындалады . Қолданылатын құралдар бірінші әдісте көрсетілгендер .

Проблемалық ( 3 ) информациялық - рецептивті әдісте қолданылған жұмыс түрлері мен құралдар пайдаланылады, бірақ айтылатын хабардың мазмұны басқаша болады . Эвристикалык ( тапсырмалык ) әдіс ( IV ) - эвристикалық әңгімелесуді, ізденуді: талап ететін тапсырмаларды мұғалімнін көмегімен орындауды ( киындык келтірген жағдайда ) , оқушылардың іс -әрекетіне дұрыс бағыт беру үшін мұғалімнің толыктырушы жағдайлар туғызуын да сол кұралдардың көмегімен жүзеге асады . Ол зерттеу сипаты бар тапсырмалар беру арқылы орындалады .

Тарих пәнін оқытуға арналған әдістер барлық кезде де нақты тәсілдер арқылы іске асырылады, ал оларды біріктіріп, тұтас және бір - бірімен ұштастырсак, оның бәрі жиылып окыту әдістемесін қарастырады . Жоғарыда келтірілген оқыту әдістері жүйесін толық басшылыққа алып, оларды түгелдей пайдаланып жүрген мұғалімдер әлі аз . Ал қазақ мектептері тарихшылардың тәжірбиесінде көбіне иллюстрациялап түсіндіру немесе информациялы - рецептивті және эвристикалық әдіс қолданылады, қалған әдістер көпшіліктің тәжірибесінде кездесе бермейді . Өйткені оларды қолдауға белгілі бір жағдай керек, ең алдымен, мұғалімнің де оқушылардың да қажетті дайындығы болуы тиіс . Мәселен, тарихтан жаңа сабакты окытып үйреткенде проблемалық баяндау әдісін қолдану үшін төмендегілерді ескеру қажет . Алдымен, проблеманы дұрыс таңдай білу керек . Оқушылардың алдына қойылатын проблема осы сыныптың шамасына лайык, яғни оқушылар оны дұрыс түсінетіндей және оларды қызықтыратындай болғаны дұрыс . Екіншіден, берілген прблеманы шешуге оқушылар белсене қатысуы немесе шешілу жолдарын толық аңғаруы үшін төмендегідей білім негіздерімен қамтамасыз етілуі тиіс . Олар : а ) проблеманы шешуге қажетті фактілер мен білімдер ; ә ) проблеманы шешуге қатысы бар жалпы қағидалар б ) проблеманы шешетін тәсілдерді меңгерту немесе оқушылардың сол тәсілдерді өздігінше табуына жағдай жасау ; в ) пролеманың шешілуін тексеруге, оның негізділігін, логикалық дұрыстылығын анықтауға немесе оның дұрыс шешілгендігін талдап дәлелдеуге қажет болған жағдайда өзгертулер енгізуге окушыларды белсене қатыстыру .

« ТАРИХТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

Жоспары : 1. Оқыту әдістерінің жіктелуі .

2. Тарихты көрнекіліктер арқылы оқытудың қызметі мен мағынасы .

3. Тарих сабағын бейнелі көрнекілік арқылы оқыту ( картина ) .

Оқыту әдістерінің жіктелуі . Тарихты оқыту әдістемесі туралы белгілі еңбектерде оқыту әдістерінің негіздері төмендегіше сарапталады:

1. Тарихи материалдарды ауызша хабарлау әдістері : бұған бояулы суреттер, оқулықтағы иллюстрациялармен жұмыс жүргізу әдістері және портрет құралдарды пайдалану .

2. Тарихи көрнекі құралдар көмегімен оқыту әдістері : бояулы суреттер, оқулықтағы иллюстрациялармен жұмыс жүргізу әдістері және портретті, карикатураны, картаны, экрандық және басқа да техникалық құралдарды пайдалану .

3. Тарихты оқытқанда түрлі мәтіндермен жұмыс істеу әдістері : оқулықпен, тарихи құжаттармен, көркем әдебиетпен жұмыс істеу әдістері . Оқыту әдістерін бұлайша сараптауда мұғалім мен оқушының сабақ үстінде атқарған жұмысы және сол жұмысты ұйымдастыруда пайдаланылған құрал ( тарихи құжат, көрнекі не техникалық құрал, оқулық, т. б. ) шешуші рөл атқарады . Оқушылардың ұғымдар мен түсініктерін, оқылатын құбылысты тікелей немесе оның бейнесінің көмегімен қабылдау арқылы қалыптастыратын оқыту түрі көрнекі оқыту деп аталады . Тарихи оқиғалар қайталанбайтын болғандықтан да оқушылардың өткен кезек құбылыстарымен тікелей танысуына мүмкіндігі болмайды . Сондыктан тарихи білім көзі ретінде түрлі көрнекі құралдар пайдаланылады . Көрнекі оқыту тарих сабағында ерекше маңызды . Оқушылардың өткен оқиғаларын тікелей бақылап көретін мүмкіндігі болғандықтан, тарих сабағындағы көрнекіліктер тарихи білімнің маңызды дерек көзіне айналып, оқушылардың тарихи оқиғаларды «өздері көру » арқылы қабылдауын қамтамасыз етеді .

Көрнекі оқыту бірнеше қызмет атқарады :

1. Оқушылардың санасында көрнекілік оқыту нәтижесінде тарихи өткеннің шынайы образы қалыптасады . Оқытудың көрнекі құралдары тарихи фактілерді нақтылайды .

2. Көрнекілік тарихи құбылыстардың мағынасын ашудың, негізгі тарихи түсініктер мен заңдылықтарды қалыптастырудың іргетасы болып есептеліп, оларды окушылар терең түсінуіне мүмкіндік береді ( мысалы, орта ғасыр қолөнершісі мен мануфактура суретін салыстыру ) .

Оқытудың көрнекі құралдары оқушыларға эмоциялық ықпал етіп, адамгершілік позициясын айқындауға көмектеседі . Көрнекі оқыту оқушылардың эстетикалық көзқарастарын, шеберлік және көркемдік деңгейге баға бере алу қабілетін дамытып, әсемдікке үйретуді үнемі ұйымдастырып отырады . Көрнекі оқыту оқушылардың бақылағыштығын, ой - қиялын, есте сақтау мен сөздік қорын дамытып, өткен тарихқа деген қызығушылығын үнемі жоғары деңгейде ұстап тұрады .

Тарихты көрнекіліктер арқылы оқытудың қызметі мен мағынасы .

Оқыту барысында көрнекіліктердің сан алуан түрлері пайдаланылады . Заттар мен құбылыстарды тікелей немесе бейнелеудің көрнекілік көмегімен қабылдауды басшылыққа алып, өткен тарих туралы түсініктер бейнелі ұғымдар қалыптастыратын көрнекілікті сыртқы белгілеріне қарай баспалық экрандык, дыбыстық оқу құралдары деп топтастырылады . Ал неғұрлым жалпы белгілеріне қарап оларды төменде көрсетілген 3 негізгі топқа бөлуге болады : 1 ) заттық көрнекілік ;

2 ) бейне суреттік ;

3 ) шартты - графикалық карта, схема, графика, диаграмма.

Заттың көрнекілік өз кезегінде :

а ) монеументалдық тарихи ескерткіштер, яғни Қ. А. Яссауиді кесенесі ортағасырлық тарихи -архитектуралық ескерткіш және, т. б . ;

ә ) тарихи оқиғалар орындары мысалы : үш жүздің басын қосқан-Ордабасы ; б ) еңбек құралдары, тұрмыс заттары, киімдер, көлік, қару - жарактар, т. б. болып бөлінеді . Оқу процесінде соңғыларды пайдалану мүмкіндігі неғұрлым жоғары, өйткені бұлар мұражайларға қойылады.

2. Бейне суреттік көрнекіліктер деп архитектуралық ескерткіштер мен еңбек және тұрмыс заттарының ғылыми негизделген үлгі макеттері қойылады . Олар түпнұсқаны толык, дәл қайталайтын көшірме болуы тиіс . Оған оқиға замандасының суреті, құжатталған фото суреттер, кино фильмдер кіреді. реті. Ал оку суреті, репродукциялар, бейнефильмдер бейнесуреттік оқу құралы болып табылады . Бейнеcуретті құралдар тарихты көрнекі оқытуда негізгі орын алады . Көркем суреттер сабағында нақты тарихи факті нақты бір дәуірдің ерекшелігінің қаламынан шыққан туынды ретінде мәдениет тарихымен пайдаланылады . Мысалы, Ә . Қастеевтің « Қазақ даласы » және т. б.

Оқу суреті сабақ барысында

1 ) білім берудің негізгі көзі ретінде ;

2 ) мұғалімнің әңгімесін жандандыруға ;

3 ) сабақ соңында барлық аталған материалдарды бекітуге қолданылады . Оку суретіне тарихтың мектеп курсының белгілі бір тақырыптарының арнайы шағын көрнекі құралдары жатады . Оқу су реттері оқиғалық және типтік болып бөлінеді . Оқиғалық суретті пайдалану мұғалімнің сюжеттік мазмұнды әңгімесін талап етеді . Оны мына тәсіл арқылы жүргізу керек . Суреттің жалпы мазмұнын анықтау . Суреттегі оқиғаның болған жері мен орнын атау . Маңызды және қосалқы мазмұнын сипаттау . Жалпы туынды жасау . Типтік суреттер оқытылып отырған дәуірге тән оқиғалар мен құбылыстарды бейнелейді . Бұл суреттер көбінесе экономикалык және әлеуметтік өмірді көрсетеді . Типтік суретпен танысқан мұғалім әңгімелеуді де диалогты да қолданады .

Тарих сабағын бейнелі көрнекілік арқылы оқыту ( картина ) Әңгімелесудің құрылымына драмалық элементтерді енгізуде нәтиже береді . Мұғалімнің суретпен жасайтын жұмыстарына төмендегі бірнеше талаптар қойылады, олар :

а ) бір сабақта көп сурет қолданбау керек ;

ә ) көрсетілген сурет барлық оқушыны көре алатындай үлкен болуы тиіс

б ) суретті сабақ тақырыбында дәл қажет кезінде ғана ілу керек ;

в ) суретті таңдау алдында онымен танысып алуға уақыт берілуі тиіс . Сабақ барысында тарихи қайраткерлер портреті де пайдаланылады . Портретпен жұмыс барысында мұғалім қоғам қайраткерінің өмір жолын айтып, мінездемесін береді . Бұл әңгімені қоғам қайраткерін тікелей білетін адамның естелігімен алмастыруға болады . Портреттер, негізінен, үлкен сыныптарда қолданылады . Портретті пайдаланған кезде онда берілген адам тұлғасын сомдау қажет . Тарих сабағында архитектура кең қолданылады . Карикатураның шарттылығы, оның бір айналымда ғана болуы тек бір немесе бірнеше сипатта берілгенін көрсетуі, оқушының нақты фактіні терең білуін, автордың ойын оқи алуын талап етеді . Карикатураны талдау барысында :

1 ) карикатурада кім немесе не салынған ?

2 ) адамдар, бейнелер, заттар, жануарлар, қандай құбылыстар бейнелейтінін ?

3 ) карикатура адамдардың немесе қоғамдық құбылыстардын қандай белгісін сипаттайтын және қандай баға беретінін ?

4 ) карикатураның жалпы айтпақ ойы не екенін анықтау керек.

Оку картиналары оқиғалық, типологиялық және мәдени - тарихи болып бөлінеді . Оқиғалық картиналар нақты жеке оқиғалар туралы түсінік береді . Олар тарихтағы шешуші кезеңді бейнелейді де, одан әрі мұғалімнің сюжеттік түсіндірмесін қажет етеді . Оқиғалық картиналар сюжетті, әңгіме түріндегі баяндауды қажет етеді. Мұғалімнің басшылығымен оқушылар оқиғаны, сюжетті картинаны мынадай бір ізділікпен оқып үйренеді .

ТАРИХ САБАҒЫНДА КАРТОГРАФИЯЛЫҚ КӨРНЕКІЛІК ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Жоспары : 1. Картографиялық көрнекілік құралдар .

2. Сабакта картографиялық көрнекілік құралдармен жұмыс істеу дағдысы .

3. Сабақта оқу картасын қолдану.

Тарихи карталарға жалпы сипаттама . Тарихи карталар географиялық негізде жасалады және тарихи оқиға немесе дәуірдің кішірейтілген, жинақталған бейнелі шартты көрінісін анықтайды . Карталарда тарихи оқиғалар мен құбылыстар және олардың байланыстары мен орналасуы шартты түрде беріледі . Ең ежелгі карталар б. д. д. II - I мың жылдықтарда Вавилон мен Египетте жасалған, ал Ресейде XVIII ғасырдың соңында арнайы оку карталары жасалды . Тарихи және географиялық карталар бір - бірінен ерекшеліктері арқылы ажыратылады . Географиялық картадағы үйреншікті түс тарихи картада басқа мағына береді . Тарихи картаның тағы бір ерекшелігі, онда оқиғалар мен процестердің қозғалысы ашылады . Географиялық картада тұрақты болып көрінген нысандар тарихи картадан өзгермелі сипаталады, мемлекеттердің қалыптасуы мен олардың аумағының өзгеруі, әскердің, сауда керуендерінің қозғалыстары, т. б. Картада тарихи қозғалыстар мынадай шартты белгілермен көрсетіледі : әскери соққы - жебе, шайқас алаңы - айқасқан қылыш, көтеріліс ошақ тары - алау . Тарихи карталар аумақтарды қамту мазмұны масштабы бойынша ерекшеленеді . Жинақтаушы картада мемлекеттік стандарт пен мемлекеттік оқу бағдарламасы бөлімінде қарастырылған негізгі оқиғалар мен құбылыстар белгілі орта мен уақыт шеңберінде бейнеленеді . Жинақтаушы карталарды тақырыптық карталар одан бері нақтыландыра түседі . Оқу тақырыбының оқиғалары мен құбылыстарын қамтығандықтан ол карталар такырыптық деп аталады . Карталарда тақырыпқа қатысы жок, белгілер бейнеленбейді . Оларда жинақтаушы карталардың маңызды оқиғалары мен құбылыстарының фрагменттері барынша егжей-тегжейлі, айқын және әсерлі етіп беріледі . Тақырыптық карталар, мысалы, « Сырым Датұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс. « 1812 жылы Отан соғысы » және т. б. Әдетте тақырыптық карталар жинақтаушы карталардың аясында қолданылып, бірін - бір толықтырып отырады. . Мысалы, « 1812 жылы Отан соғысы тақырыбында » « ХІХ ғасырдың басынан 1861 жылға дейінгі Ресей империясы » және « 1700 жылдан 1914 жылға дейінгі Ресей империясы аумағының өсуі » атты карталарды қосарлай пайдалануға болады . Көптеген тарихи оқиғалар кеңістікке қатысты шарттар мен байланысы арқылы түсінікті болады . Оқиғаны нақты кеңістікке теліп, оның өткен жерінің географиялық бейнеленуін оқшаулау деп атаймыз . Мысалы, ежелгі Ресейде өзендердің қатынас құралы ретіндегі маңызын оқушылар Шығыс Еуропа жазығы ну орман, ми батпақ екендігін түсінген соң аңғарады . Тарихи оқиғаларды оқшаулап, оқып үйренуде сұлбалық құралдар - жергілікті жердің жоспары, карта сұлбасы, тарихи картасы кеңінен қолданылады . Олардың бәрі тарихи оқиғалардың байланыстарын мәні мен даму қозғалысын анықтау үшін пайдаланылады . Сұлбалык құралдар тарихи білім көзі және оны жүйелеу құралы ретінде қолданылады . Басқа көрнекі құралдарға, мысалы, оку карталарына қарағанда карталар оқиғалар туралы нақты көрнекті ұғым қалыптастырмайды, тек дерексіз рәміздер тілін пайдаланып, оқиғаның кеңістікті - уақытты құрылымын жаңғыртады .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихты оқытудың әдістері және оларды топтастыру
Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәні
Мектепте тарихты оқытудың әдістемесі – педагогикалық пән
Тарихты оқыту әдістемесінің негізгі әдіс - тәсілдері
Тарихты оқытуда әңгімелеу және бейнелеу тәсілдерінің қолданылуы
Тарихты оқытуда әңгімелеу және бейнелеу тәсілдері
Тарихты оқыту әдістемесі пәні, оның мақсаты мен міндеттері
Педагогикалық пәндер жүйесіндегі тарихты оқыту әдістемесі
Тарихты оқыту барысындағы оқыту әдістері
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz